– Мұндай тәртіп тәжірибеде бар ма? Заң нормасының нәтижелі
болатынына қалай көз жеткіземіз?
– Ұқсас тәжірибе шет елдерде қолданылады. Мысалы, британдық
«Counter-Terrorism and Security Act 2015» террористік қызметке тартылу
қаупі бар тұлғаларды есепке алу құқығын береді. Мұндай есепке алу осы
тұлғаларды қорғау мақсатында жүргізіледі және профилактикалық болып
табылады.
Бүгінгі күні қазақстандықтардың басым көпшілігі діни көзқарастары
бойынша сабырлы болып саналады. Дегенмен соған қарамастан кейбір
тұлғалардың мемлекеттің зайырлы заңдарын бұзуға ниетті болуы секілді
қатерлердің бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, 2017 жылдың
басынан республика бойынша деструктивті діни ағымдардың қылмыс
жасаған 744 мүшесі анықталды және аталған санаттың әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған 11 145 адамы тіркелді. Осылайша, тек осы жылы
деструктивті діни ағымдардың 50 пайыздан көбі (жалпы саны – 22 945)
қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттеріне барған.
Поделитесь с Вашими друзьями: