ДІН ЖӘНЕ ЗАҢ
ДІНДАРЛАР ЕСЕПКЕ АЛЫНСА ДА, КҮДІККЕ ІЛІНБЕЙДІ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни
қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірнеше айдан бері түрлі
талқылаулардан, сүзгіден, екшеуден өтуде. Осы орайда, қоғам
тарапынан әлі де түсініспеушілік тудырып жатқан тұстар бар ма?
– Бұл ретте аталған жоба шеңберінде қарастырылып отырған үш жаңа
нормаға назар аударғым келіп отыр. Біріншісі, жобада «Құқық бұзушылық
профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңның 26-1-бабына
мынадай мазмұндағы толықтыру енгізу көзделген: «Ресми алдын ала
ескертуді жазбаша нысанда жариялау туралы шешімді ішкі істер
органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан кейін және тергеп-
тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік
және террористік қылмыстарды, сондай-ақ, діни қызмет саласындағы
әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын жеке
тұлғаның әрекеттері туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін
қабылдайды. Ресми алдын алу ескертуге Ішкі істер министрі немесе оның
орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл
департаментінің бастығы, ішкі істер аумақтық органдарының бастықтары
қол қояды.
Ресми алдын ала ескерту тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының
құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды,
сондай-ақ, діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды
жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге жол бермеу туралы және оны
жасаған жағдайда жауаптылық туралы нақты жеке тұлғаға жолдануы тиіс.
Ішкі істер органдары жарияланған ресми алдын ала ескертулердің есебін
жүргізеді».
Осы толықтырудан заң талаптарын сақтап жүрген діндарларға келіп-
кетер ешқандай кедергі жоқ. Біріншіден, бұл норма кез келген адам
ұсталып, оған ескерту беріледі дегенді білдірмейді. Екіншіден, аталған
норманың ерекшелігі, ол – теріс пиғылда жүрген азаматтардың қылмысқа
баруын алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, діни қызметпен
байланысты құқықбұзушылықтарды алдын алу бойынша полицейлер
күдікті адамдардың артынан заңды түрде бақылау орнату арқылы
қылмысты жасауға жол бермейді. Яғни, күдікті адамдардың әрекеті
әкімшілік құқықбұзушылық жасау оқиғасын тудыратын жағдайда оларға
ресми ескерту беріледі. Егер күдіктінің әрекеті одан да ауыр
құқықбұзушылықтарды тудыратын болса, полиция оларды криминалдық
есепке қоя алады және оған қажетті тергеу амалдарын жүргізеді.
Дін және қоғам
55
Поделитесь с Вашими друзьями: