Балғабек мырзаев



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет53/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
 

 

 

Дін және қоғам

45



Алла жолында мал мүліктерін уақыфқа бергендер 

таусылмайтын сауапқа кенеледі 

  

Анас б. Маликтен жеткен риуаят бойынша, Мұхаммед Пайғамбар 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  былай  деп  бұйырады:  «Бір 

мұсылман  бір  ағаш  отырғызады  және  оның  жемісін  бір  адам  немесе 

жан-жнуарлар  пайдаланатын  болса,  міндетті  түрде  ол  желінген 

жемістің сауабы ағашты отырғызған адам үшін бір садақа болады».  

 

Ислам,  өзіне  бағынғандарды  үздіксіз  жақсылық  жасауға  бұйырады 

және  қоғамдағы  әлсіз  және  шамасы  жоқтарды  қолдарынан  ұстап  демеу 

көрсетулерін  қалайды. Өйткені, бір  мұсылман, рухани  көмектерімен  қоса 

сондай-ақ материалдық тұрғыдан да мұсылман бауырларын ойлап, оларға 

қолдау көрсетулері қажет. Осы тақырып, Алла тағаланың разылығына ие 

болған  бір  қоғам  құруда  соншалықты  маңызды  болғандықтан,  Құран 

Кәрімнің көптеген аяттарында шамасы жеткен мұсылмандарға   кедейлерге 

көмектесулерін  қалайды  және  ардақты  Пайғамбарымыз  да  әрбір 

мүмкіндігінде  мұсылмандарға  осыны  жеткізіп  отырды.  Атап  айтқанда, 

«Сүйген  нәрселеріңді  Алла  жолында  жұмсамайынша,  әсте  жақсылыққа 

жете  алмайсыңдар.  Не  берсеңдер  де  Алла  (Т.)  оны  толық  біледі.»  аяты 

қайырмалдықтарға  қатысты  мұсылмандарды  ынталандырады.  Мысалы, 

Әнас  б.  Мәликтің  өгей  әкесі  Әбу  Талха,  аты  аталған  аятты  естіген  кезде 

Бейруха  есімді  бақшасын  дереу  Алла  жолында  бағыштады.  Абу  Талха, 

ансарлардың ең байларындан болатын. Бейруха есімді бақшасы да оның ең 

сүйікті  бақшасы  болды.  Бұл  бақша  мешітке  қарама-қарсы  жерде 

орналасқан еді. Анда-санда Алланың Елшісі  осында келіп оның ішіндегі  

құдықтан  су  ішіп  жүруші  еді.  «Сүйген  нәрселеріңді  Алла  жолында 

жұмсамайынша,  әсте  жақсылыққа  жете  алмайсыңдар...»  деген  аят 

түскеннен  кейін  Әбу  Талха  да  сүйікті  бақшасын  Алланың  жолында 

бағыштағанын  жариялады.  Пайғамбарымыз,  «бұл,  пайда  келтіретін  бір 

мүлік!»  деп  ризашылығын  білдірген  және  бұл  бақшаны  Абу  Талханын 

өзінің туғандары мен туыстары арасында үлестіріп беруін қалады.  

Дін және қоғам

46




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет