Балғабек мырзаев



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет52/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
 

Ораза айт туралы 

 

Мұсылман қауымы үшін ең қуанышты ең ұлық екі мереке бар. Олар 



Ораза  айт  және  Құрбан  айт  күндері  мерекесі.  Осы  мерекелерде  айт 

намаздары оқылады. Барша мұсылмандар мешітте жамағатпен бірге намаз 

оқып,  қуаныштарын  бөліседі.  Осылайша  адамдар  арасындағы  бірлік  пен 

ынтымақтастық  жарқын  көрінісіне  куә  боламыз.  Яғни,  айт  намаздары 

адамдарды  бір-бірлеріне  жақындадатын,  бауырмылдық  пен  достықты 

күшейтетін  маңызды  әлеуметтік  шара  екенін  көруге  болады.  Жалпы 

айтқанда,  айт  намаздары  Алла  тағаланың  мұсылман  пенделеріне  берген 

үлкен  сыйы  деп  қабылдауға  болады.  Алла  жазса  еліміздің  мұсылман 

қауымы  рамазан  айындағы  ұстаған  оразаларыгн  тамамдап,  2017  жылдың 

25 маусымында айт намазын оқуға мешітке ағылады. 

Енді осы Ораза айт намазының қалай оқылатына назар аударайық. 

Жұма намазын оқу парыз болған пенделерге айт намазын оқу уәжіп. 

Айт  намазының  уақыты  күн  найза  бойы  көтерілгеннен  бастап  тас  төбеге 

келгенше  болып  бекітілген.    Сонымен  қатар,  Айт  намазы  екі  рәкағаттан 

тұрады және жамағатпен оқылады. Айт намазы үшін азан шақырылмайды, 

қамат түсірілмейді. Айт намазда хұтба оқу сүннет болып саналады және ол 

айт  намазынан  кейін  оқылады.  Айт  намазының  басқа  намаздан 

айырмашылығы  айт  намазының  бірінші  рәкағатынан  кейін  үш,  екінші 

рәкағатынан кейін үш мәрте, барлығы алты тәкпір артық алынады. Бұлар 

«Зауаид» тәкпірлері деп аталады. Намаз басталу үшін алдымен Имам мен 

жамағат айт намазын оқу ниетімен үшін мешітке жиналады. Жамағат сапқа 

тұрып,  имаммен  екі  рәкәғат  намаз  оқиды  бірінші  тәкбір  тәхримені 

жасайды.  Сонан  соң  Сәнә  дұғасын  оқып,  одан  кейін  үш  рет  дауыстап 

тәкбір айтады. Үшеуіне де қолдарын көтереді. Сонан кейін имам «Ағузу» 

мен  «Бисмилланы»  іштей  айтып,  содан  соң  Фатиха  мен  бір  сүрені 

дауыстап оқиды. Әрі қарай бұл рәкәғатты әдеттегі басқа намаздардағыдай 

етіп  орындайды.  Сосын  имам  екінші  рәкәғатқа  тұрып,  «Бисмилланы» 

іштей,  Фатиха  мен  бір  сүрені  дауыстап  оқиды.  Оқып  болған  соң  үш  рет 

қолын  көтеріп,  тәкбір  айтады.  Бұл  үшеуін  айтып  болған  соң  қолын 

көтермей,  жәй  тәкбір  айтып,  рукуғқа  еңкейеді.  Бұл  рәкәғатты  әдеттегі 

басқа 

рәкәғаттардағыдай 



етіп 

аяқтайды. 

Тәшәһһуд 

оқып, 


Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтып, сәлем береді. Намаз оқу аяқталған 

соң  «Аллһу  Әкбар!  Аллаһу  Әкбар!  Лә  иләһә  иллаллаһ  уаллаһу  Әкбар! 

Аллаһу Әкбар! Уа лиллаһи хамд!» деген  ташриқ тәкбірлері айтылады. Бұл 

тәкбірді  имам  мен  жамағат  дауыстап  айтады.  Тек  әйелдер  дауыстап 

айтпайды.  Осыдан  кейін  Имам  мінберге  шығып,  хұтпа  айтады.  Хұтбада 

негізінен айттың үкімдері, рамазан айында берілетін пітір садақасы туралы 

айтылады. 

Осыдан  кейін,  рамазан  айы  бойынша  отыз  күн  ораза  ұстаған,  бір  ай 

бойы  өздерін  таң  сәресінен  күн  батқанға  дейін  ішіп-жеуден  тыйған 

мұсылмандар  Алла  тағаланың  парызын  аман-есен  орындап,  шүкіршілік 

жасап  өздерінің  қуанышын  бөлісу  үшін  дастархан  жайып,  бір-бірлеріне 

зиярат жасап дұға-тілектерін жеткізіп  айт мерекесімен құттықтайды.  

Ұстаған оразаларыңыз қабыл, айт мерекесі құтты болсын! 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет