Балғабек мырзаев


–  Қазіргі  уақытта  дін  саласының  бағыт-бағдары  қаншалықты



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет5/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
–  Қазіргі  уақытта  дін  саласының  бағыт-бағдары  қаншалықты 

қадағаланады? Елімізде ресми тіркелген неше бірлестік бар? Сондай-

ақ, министрлік діни саланы реттеуде қандай қағидаттар ұстанады? 

–  Сандарды  сөйлетсек,  бүгінде  елімізде  18  конфессия  өкілдерінің 

ресми  түрде  3715  діни  бірлестігі    тіркелген.  Олар  елімізде  белгіленген 

заңның  аясында,  бейбіт  қатар  өмір  сүріп,  қоғамымыздың  саяси 

тұрақтылығына үлес қосып, өзара келісім мен бірлікті сақтай отырып даму 

үстінде. Жалпы Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен 

діндердің тоғысқан мекені болғаны жасырын емес. Ел аумағында бірнеше 

ғасырлар  бойы  тәңіршілдік,  зороастризм,  манихейлік,  буддизм,  христиан 

және  ислам  сияқты  әртүрлі  нанымдар  бейбіт  қатар  өмір  сүріп,  яғни 

конфессияаралық келісім ісінде ата-бабаларымыздан аманат боп қалған игі 

дәстүрлердің  әу  бастан-ақ  болғандығын  байқаймыз.  Бүгінде  елдегі 

қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар 

мен  діни  топтардың  тең  құқықтығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған. 

Сондықтан Қазақстан конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен 

Дін және қоғам

6



өзара  төзімділік  құндылықтарын  насихаттау  арқылы  әлемдік  саясатта 

жоғары құрмет пен беделге ие болып, жаһандық алаңда көптеген елдердің 

сенімді әріптесіне айналып отыр.  

Халық  арасында  жүргізілген  әлеуметтік  зерттеу  қортындысына 

сүйенсек,  республика  тұрғындарының  басым  бөлігін  яғни  84,9  пайызын 

дінге  сенушілер  құрайды.  Ал  14,5  пайызын  дінге  сенбейтіндер  мен 

агностиктер  құрайды.  Дінге  сенетіндердің  16,7  пайызы  дінге  сеніп  қана 

қоймай діни рәсімдерді толықтай ұстанатындар екенін айта кеткен жөн.  

Бүгінде  зайырлылық  принциптерін  қамтамасыз  ету  және  діни 

тұрақтылықты  сақтау  стратегиялық  мақсаты  аясында  көптеген  жұмыстар 

қолға  алынып,  шешімін  тапты.  Атап  айтқанда,  қазіргі  уақытта 

министрліктің 

үйлестіруімен 

экстремизм 

мен 

терроризмнің 



профилактикасы 

бойынша 


жүйелі 

жұмыс 


жолға 

қойылды. 

Ведомствоаралық  өзара  іс-қимылдың  бірқатар  маңызды  нәтижесі  ретінде 

ғибадат орындарының маңайында қауіпсіздіктің күшейтілгенін атап өтуге 

болады.  Халық  арасында  кеңейтілген  түрде  ақпараттық  түсіндіру 

жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда дін саласындағы мәселелелерді 

түсіндіру бойынша 211 өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істеп, 

60 мыңнан  астам  түрлі  форматтағы іс-шараларды өткізгені  белгілі  болып 

отыр.  

БАҚ  көздерінде  дін  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  насихаттау, 

дәстүрлі  құндылықтарымызды  насихаттау  және  діннің  өзекті  мәселелері 

бойынша  ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары  да  уақыттылы  жүргізілуде. 

2017  жылы  осы  бағытта  42  мыңнан  астам  мақала  жарық  көріп, 

республикалық телеарналарда 110-ға жуық бағдарлама көрсетілген. 

  


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет