оқып, тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға
ешбір үммет жұмаққа кірмейді» деп сүйіншілеген еді. Олай болса, бұл
түнде қадірлі үмметтің қадірлі пайғамбарына қасиетті Құран түсті.
Құран Кәрім – мұсылмандар өміріне басшылық ететін, пайда мен
зиянның, жақсы мен жаманның, тура жол мен адасудың ара жігін
ажыратып беретін баға жетпес құнды кітап. Олай болса, мүминдер үшін
бұл кітап түскен түннің қадірі аса жоғары екендігі сөзсіз.
Қадір түнінде Жәбрейіл мен бүкіл періштелер жер бетіне түседі. Бұл
туралы Құран Кәрімде: «Періштелер мен Рух түсіріледі» деген аят
келтірілген.
Бұл түннің шығу тарихы жөнінде мынадай мәлімет бар:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла Тағалаға: «Уа, Раббым, менің үмметімнің
өмірлері қысқа, амалдары аз» – деп дұға еткен. Сонда Алла Тағала
пайғамбарымызға Қадір түнін сыйлады және былай деді: «Қадір түні
Поделитесь с Вашими друзьями: