саған және сенің үмметіңе мың айдан артық»
Қадір түніне қатысты мынадай бірнеше маңызды деректер айтылып
жүр:
1- Құран Кәрім толық күйінде «Ләухул Махфуздан» дүние көгіне,
Бәйтул Иззәтқа қадір түні түскен. Бұл – адамзат үшін өте маңызды оқиға.
2- Бұл түнгі ғибадат – құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан
артық.
3-Алла Тағала адамдардың тағдырындағы келесі жылы болатын
жазмыштарды періштелеріне бұйырады.
Абдулла ибн Аббас (р.а.) және имам Әбул-Хаттаб әл-Басридің
айтуынша, бұл түні келесі жылға дейін болатын әр түрлі маңызды оқиғалар
туралы Алла тағаланың тағдыры періштелеріне аян болады.»
4- Имам Сәһл ибн Абдулла: «Алла Тағала бұл түні мүмін құлдарына
рахымын төгіп, кешірім сыйлайды» дейді.
5- Бұл түні Рух (Жәбірейіл періште) пен көптеген періштелер жер
бетіне түседі. Имам Хамд ибн Ахмад: «Бұл түні жер бетіне түскен
періштелердің көптігі сонша – жер беті періштелерге сыймай кетеді» деп
көрсеткен.
Поделитесь с Вашими друзьями: |