– Қадір түнін қалай өткізген жөн?
– Қияметте Алла Тағала хикметімен емес құдіретімен амал етеді. Сол
сияқты Қадір түнінде де Алла Тағаланың құдіреті үстем болады. Ол түннің
қадірін білгендерге Алланың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр
қалмау адамның рухани сергектігіне байланысты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
үйреткендей, мұсылман баласы әрбір ісіне өзіне берілген ең соңғы
мүмкіндік секілді қарай білуі керек. Сол себепті Қадір түнін енді көрем бе,
көрмеймін бе, дегендей өте бір мұқияттылықпен өткізгені жөн.
Сондай-ақ бұл түнді рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар
оқып, діни сауаттылығымызды арттыруға бағытталатын бейнефильмдер
мен бағдарламаларды көрумен өткізуге де болады.
Қадір түнін өткізуде түні бойы дастархан жайып қою шарт емес.
Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер, тым болмаса, түннің
бір бөлігін құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуіне болады. Қадір түнінің
нақты датасының белгісіз болуының даналығы, мұсылмандар Рамазан
айының тек сол түнімен ғана шектелмей, соңғы он күнді түгелдей
құлшылықпен өткізсін дегенінде де болуы мүмкін. Себебі, Алла елшісінің
(с.ғ.с.) өзі соңғы он түннің бәрінде де құлшылықпен өткерген екен. Бұл
туралы Айша анамыз: «Рамазанның соңғы он күні келгенде, Алла елшісі
(с.ғ.с) түндерін намазбен өткізген, отбасы мүшелерін оятқан және
құлшылықтарында ерекше ынта танытқан», – деген (Бұхари, Мүслим).
Сондықтан тақуалар ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен
өткізетін болған.
Поделитесь с Вашими друзьями: |