Балғабек мырзаев


ҚАДІР ТҮНІ – ДҰҒА МЕН ҚҰЛШЫЛЫҚ ТҮНІ



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет40/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
ҚАДІР ТҮНІ – ДҰҒА МЕН ҚҰЛШЫЛЫҚ ТҮНІ 

 

Биыл  Рамазан  айының  қасиетті  түнін,  мың  айдан  да  қайырлы 

Қадір  түнін  Қазақстан  мұсылмандары  шілденің  1-інен  2-іне  қараған 

түні күтеді. Бұл түн тағдыр түні деп аталады. Себебі ‒ дәл осы түнде 

Алла  белгілі  бір  періштелерге  алдағы  жылда  (келесі  тағдыр  түніне 

дейін)  не  болатыны  жайлы  білім  береді.  Жалпы  бұл  мүбәрак  түн 

қашан басталады? Қалай өткізген дұрыс? Қандай дұғаларды көбірек 

оқыған  абзал?  Осы  және  өзге  де  сұрақтар  төңірегінде  белгілі 

исламтанушы 

Балғабек 

Мырзаевпен 

аз-кем 

сұхбаттасқан 

болатынбыз. 

 

Мұсылман  үмбетіне  түсірілген  қасиетті  осы  түн  туралы  Құран 



Кәрімнің Қадір сүресінде айтылады. Осы сүреде Құранның Қадір түнінде 

түсірілгендігі,  оның  мың  айдан  қайырлы  екендігі,  бұл  түнде  Жәбірейіл 

періште  Алланың  әмірімен  жер  бетіне  түсіп,  адамдарға  қызмет  ететіндігі 

және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. 

Қадір  түнінің  қасиеттілігі  сол  –  бұл  түнде  жасалған  құлшылықты 

Жаратушы  Иеміз  мың  айда  жасалған  ғибадаттан  артық  деп  қабылдайды. 

Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш 

жыл  және  төрт  айға  пара-пар  келеді.  Сонда,  Қадір  түні  оқылған  намаз, 

жасалған  дұға,  құлшылық-ғибадат  –  бір  қарияның  ғұмырында  жасаған 

құлшылықтан  артық  түсетін  түн.  Ал,  кейбір  ғалымдар  мың  деген  санды 

араб  халқы  негізінен  «өте  көп»  деген  мағынада  қолданады.  Сондықтан 

Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі 

де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. 

Қадір  түні  періштелер  мұсылмандарға  дұға  оқып,  тілеулес  болады. 

Жасалған  ғибадаттың  мың  айға  тең  болатындығына  байланысты 

мұсылмандар  Қадір  түнін  құлшылықпен  өткізуге  тырысады.  Кейбір 

риуаяттарға  қарағанда  Қадір  түні  Рамазан  айының  27-ші  түні  деп 

айтылады. Дегенмен  Қадір  түнінің дәл  қай  түн  екені белгісіз. Сондықтан 

тақуа  кісілер  Рамазан  айының  соңғы  он  түнін  түгелдей  құлшылықпен 

өткізеді. 

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағала қадір түнін үмбетіме сый 

ретінде  тарту  етті,  бұл  бұрынғы  үмбеттерге  берілмеген» деп,  бұл 

сыйдың қадірін білуге шақырады. Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім сауабын 



тек қана Алладан күтіп, ықыласпен сол түнді ғибадат жасаумен өткізсе, 

күнәлары  кешіріледі» дейді.  Сондықтан  мүмкіндігінше,  әрбір  пенде  қадір 

түнінде берілетін сыйдан мақұрым қалмауға тырысуы керек. Ол түнді бос 

өткізбей,  Алла  Тағаланың  шексіз  мейірімінен  шын  жүректен  сұрап,  дұға 

еткен жөн. 

Дін және қоғам

40




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет