Балғабек мырзаев


ДАИШ-тен келер қауiп қандай?



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет38/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
ДАИШ-тен келер қауiп қандай? 

 

Ислам атын жамылып жер бетінде халифатын орнатамыз деп жаһанды 

дүрліктірген  «Ислам  мемлекеті»  және  «ан-Нусра  фронты»  ұйымдары 

елімізде террористік деп танылды. Себебі, оның идеологиясы мен мақсаты 

Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық келісімдер мен еліміздің 

заңнамаларына  қайшы  келеді  және  Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздігіне 

тікелей  қауіп  төндіреді.  Сонымен  қатар,  осы  ұйымдардың  «әлКаидамен» 

байланысы бар екені және лаңкестік әрекетерге араласқаны да анықталды. 

ДАИШ жер бетінде Ислам халифатын орнатамыз деген ұранмен бірқатар 

мемлекеттерден жиналған заңсыз қарулы топтар арқылы Ирак және Шам 

елдерінде діни дүрдараздық пен бүлік тудыруда. Исламдағы «жиһад» сөзін 

пайдаланып,  адамдарды  мұсылман  елдері  арасында  болып  жатқан 

қақтығысқа  қатысуға  шақыруда.  «Халифатшылардың»  ғаламтор  бетінде 

дүние  жүзінің  мұсылмандарын  жиһадқа  шақыратын  аудио  және 

видеоматериалдар  күн  санап  көбеюде.  Ал  енді  ДАИШ  содырларының 

ғаламторда толып жүрген бейнероликтеріне назар салсаңыз, онда олардың 

қатыгездігі  мен  қанішерлігін  сөзбен  айтып  жеткізу  мүмкін  емес.  Мұнда 

мұсылман немесе кәпір деп айырмастан жазықсыз жандар аяусыз атылып, 

асылып, бастары кесіліп, қойша бауыздалып жатады. Исламда адам өмірі, 

оның  құқығы  қасиетті.  Адамның  жаны  –  Алланың  оған  берген  аманаты. 

Адамның  жанын  алуға  Алладан  басқа  ешкімнің  құқы  жоқ:«Өлтірілуіне 

Алла тыйым салған кісіні нақақтан өлтірмеңдер…» (Әнғам: 151). ДАИШ-

тіктер – зорлау, өлтіру, жаппай жазаға тартып дарға асу, ұрлау, мешіттер 

мен  шіркеулерді  қирату,  әйелдерді  жыныстық  құлдыққа  салу,  балаларға 

зорлық-зомбылық көрсету және оларды ұрыс іс-қимылдарына тарту сынды 

қылмыстар». Сонымен қатар ДАИШ Ирактағы шиит, христиан, түркімен, 

күрд,  езид  сынды  этникалық  әрі  діни  азшылық  өкілдеріне  жүйелі  түрде 

шабуыл жасап, қан төгуде. Сондықтан, мүшелері қолына Құран ұстамаған 

ДАИШ  содырлардан  құралған  лаңкестік  ұйымнан  басқа  ештеңе  де  емес. 

Олардың шектен шыққан әрекеттерін, ДАИШ-тің басшысы Әбу Бәкір әл-

Бағдади  мен  оның  жақтаушыларын  айыптаған  мұсылман  әлемінің  жүз 

жиырмадан  астам  белгілі  ислам  ғұламалары  мен  мүфтилерінің  қолдары 

қойылған  ашық  хат  жарияланғаны  белгілі.  Ашық  хатта  ғалымдар 

содырлардың  жасап  жатқан  әрекеттері  мен  декларацияларына  талдау 

жасап,  олардың  ислам  ұстанымдарына  мүлдем  сәйкес  келмейтінін 

баяндайды. Олардың тәубеге келіп, қайырымдылық пен мейірімділік дініне 

қайтуларын  және  террористік  әрекеттерін  тоқтатуға  шақырады.  Мысыр 

пәтуа шығару басқармасы такфир ағымы деп танылған ДАИШ террористік 

ұйымының  өзін-өзі  жарып  жіберуге  арналған  қаруды  қолдануына  қарсы 

пәтуа  шығарды.  Пәтуада:  «Мұндай  қарулар  арнайы  жасалады.  Бүгінде 

лаңкестер өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін қарудың әйелдерге арналған 

түрін  ойлап  шығаруда.  Мұндай  қару  террористік  қақтығыстарда  өзін-өзі 

жару  үшін  жасалған.  Қазіргі  таңда  лаңкестер  өзін-өзі  жарып  жіберу 

әрекеттерінде әйелдерді құрал етіп алды. Лаңкестер ол үшін алдымен бір 

әйелді таңдап алып, оның санасына психологиялық шабуыл жасайды. Әлгі 

әйелге өлім туралы әбден насихат айтылады. Қажет болған жағдайда өзін 

өлтіруге итермелейтін арнайы миға  әсер ететін шөптер ішкізеді. Біршама 

уақыттан  кейін  әлгі  әйел  дайын  әскер  болып  шығады»  делінген.  Осы 

әлемдегі  беделді  ислам  елдерінің  ғалымдарының  ислам  атын  жамылған 

«Ислам  мемлекеті»  террористік  ұйымын  айыптағанын  ескере  отырып, 

Астана  қаласы  Есіл  аудандық  сотының  «Ислам  мемлекеті»  (олардың 

«ДАИШ»,  «ИГИЛ»  деген  де  атаулары  бар)  және  «ан-Нусра  фронты» 

ұйымдарын  террористік  деп  танып,  оның  Қазақстанның  аумағында 

қызметіне тыйым салуы дер кезінде қабылданданған шешім екені анық. 

 

 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет