Балғабек мырзаев


отырғандардың шынайы көксегені не?



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет33/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
отырғандардың шынайы көксегені не? 

– Бұл,  біріншіден,  ислам  дінінің  шынайы  құндылықтарын  дұрыс 

түсіне  алмаған  мұсылмандардың  қателігінен  дегім  келеді.  Екіншіден, 

ислам  мен  мұсылмандарға  деген  жеккөрушілік  және  мұсылмандық 

мәдениетті прогрессивті емес, "тоқырауда қалған, фундаменталистік және 

басқа мәдениеттерге қауіп төндіретін мәдениет" деп мұсылмандарға қарсы 

жаулық  көзқарас  қалыптасып  отырған  әлемдегі  астыртын  күштердің 

ықпалынан деп түсінуіміз керек. 

Таразының бір жағында ислам елдеріндегі «Араб көктемі», Ирактағы 

сунниттер  мен  шииттердің  билікке  таласып  бірін  бірі  қырып-жоюы, 

Кувейт-Ирак  текетіресі,  Пәкістан  мен  Ауғанстандағы  үздіксіз  терактілер, 

Сириядағы  төңкеріс,  Ливиядағы  жағдай,  Мысырдағы  «Жасыл  кітап» 

авторына  жасалған  озбырлық,  Сауд  Арабиясы  Корольдігі  мен  Иеменнің 

арасындағы  саяси  шиеленіс,  «аль-Кайда»  және  басқа  да  лаңкестік 

ұйымдардың 

әр 

жерде 


жойқын 

жарылыстар 

ұйымдастыруы, 

Ауғанстандағы  Талибан, өзін өзі  құрбандыққа  шалатын  жанкештілер  мен 

«Халифат  құру»  мақсатын  көздеген,  жаппай  жихадқа  шақырған 

содырлар   өздерін  мұсылман  ретінде  көрсетіп,  исламға  деген  үрейдің 

көрігін  үрлеп  отыр.  Яғни,  білімі  таяз  мұсылмандар  ислам  тарихында 

болмаған  жағымсыз  әрекеттерімен  исламофобияға  қызмет  етіп  жатыр. 

Ислам  дінінің  негізінде  экстремистік,  оның  ішінде  діни  танымдарды 

жамылатын  лаңкестік  құрылымдармен  ешқандай  байланысы  жоқ. 

Лаңкестіктің  салдарынан  ең  бірінші  ислам  мемлекеттерінің  азаматтары 

зардап  шегіп  отырғандарын  бүкіл  әлем  көріп  отыр.  Мұхаммед 

пайғамбардың  хадистерінде  былай  делінеді:  «Дін  –  зорлық-зомбылықтан 

бас  тарту.  Ешқандай  мұсылман  баласы  зорлық-зомбылықты  қолдауға 

тиісті емес». Таразының екінші жағында, христиан әлемінде 2001жылдың 

11 қыркүйегіндегі АҚШ-тағы терактіден кейін исламофобияның күрт өсуі 

тұр.  Сонымен  қатар,  мұсылмандардың  христиандық  дамыған 

мемлекеттерге,  оның  ішінде  Еуропаға  жүйесіз  миграциясы  да 

исламофобияның  өршуіне  себеп  болды.  Еуропалықтар  мұсылмандарды 

жалқаулар  мен  жатыпішерлер,  білім  алуға  ынтасыз,  өркениеттің  көшінен 

қалып  кеткен  сауатсыздар  деп  айыптағанымен,  негізгі  үрейлері 

мешіттердің  көбеюі, жұма  және  айт  намаздарында  мұсылмандардың 

мешітке сыймай, көшелерге шығуы, оның қасында шіркеулердің қаңырап 

бос  тұруы  екенін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Құранды  өртегісі  келген 

пастор  Терри  Джонс,  Рим  папасы  Бенедикт  XVI  2006  жылғы  Регенсбурк 

қаласында исламға қатысты айтқан сыни сөздері, Франциядағы «хиджаб» 

киюге тыйым салу, Швейцарияда мешіт мұнараларын салуға тыйым салу, 

Франциядағы,  Даниядағы  Ислам  пайғамбарының  каррикатурасын 

жарнамалауы, 

Норвегиядағы 

Брейвиктің 

жасаған 


терактысы 

исламофобияның шоғын қоздатты. 




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет