Балғабек мырзаев


– Шариғатта ерлі-зайыптылардың ажырасуына қандай жағдайда



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет28/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
– Шариғатта ерлі-зайыптылардың ажырасуына қандай жағдайда 

рұқсат  етіледі?  Тек  діни  рәсіммен  неке  қиғандардың  заңдық 

тұрғыдағы құқылары қалай болмақ? 

–  Исламда  ерлі-зайыптылардың  бірге  өмір  сүруі  мүлдем  мүмкін 

болмаған жағдайда ғана ажырасуға рұқсат беріледі. Онда да бірден талақ 

айтып,  ажыраса  салмайды.  Әйел  белгілі  ғиддет  мерзімін  күтеді.  Бұл 

мерзімді  олардың  келісіп,  татуласуы  үшін  қарастырылған  жағдай  деп 

бағалауға  болады. Бұл  мезгіл өтіп, екі  жақтың  жарасуы  мүмкін болмаған 

жағдайда ғана түпкілікті ажырасады. Яғни, талақ үкімі жанұяны бұзу үшін 

емес,  керісінше  жанұяның  беріктігі  үшін  қолданылады.  Енді  заң 

талаптарына  сәйкес  киылған  некенің  қажеттілігіне  тоқталсақ.  Құқықтық 

нормаларға жүгіну отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Егер АХАТ 

органдарында 

мемлекеттік 

тіркеуден 

өткен 


ерлі-зайыптылар 

айырылысатын  болса  кәмелетке  толмаған  балалары  және  ол  балалардың 

кіммен қалатындығы жөніндегі мәселені сот шешеді. Сот арқылы қорғау – 

отбасы  құқығын  қорғаудың  бір  түрі  болып  табылады.  Бұл  істе 

прокуратура,  ішкі  істер  органдары,  АХАТ  органдары,  тәрбиелік 

мекемелер,  атқарушы  органдар  орындайды.  Атап  айтқанда,  ата  – 

аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерін  қорғау,  сондай-ақ  алимент  төлетуді  өз  еркімен  немесе  заң 

талаптарымен мәжбүрлеп қамтамасыз ету шаралары болып табылады. 

Ал, тек қана діни неке болған жағдайда, әртүрлі себептермен немесе 

белгісіз  қандай  да  бір  жағдайлармен  отбасылар  ажырасып  жатқан 

жағдайларда  әйел  адам  мен  олардан  туылған  балалардың  құқықтарын 

заңмен  қорғайтын  тетіктер  жоқ  болып  шығады.  Нәтижесінде,  қорғаусыз 

жандар  көшеде  қалып,  қиындық  көріп  жатады.  Құқығы  заңмен 

қорғалмайтындықтан бұл жерде де зардап шегушілер аналар мен балалар 

болары  анық.  Еліміздің  заңнамаларына  сәйкес  отау  тігетін  екі  жас 

азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  бөліміне  тіркелуі  тиіс.  Бұл  қандай  да  бір 

қиын жағдай туған жағдайда азаматтардың құқықтарының қорғалуы үшін 

өте  маңызды.  Қазір  еліміздегі  мешіттерде  неке  қияр  алдында  АХАТ 

органдарының  неке  куәлігі  талап  етілетіндігі  де  ең  алдымен  болашақ 

отбасының  бүтіндігін  қамдағандықтан  туындап  отыр.  Осындай  ресми 

некеден соң діни неке қиылады. 




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет