Балғабек мырзаев



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет26/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
Дәстүрлі емес дін өкілдері некені ойыншыққа айналдырды 

 

«Мұсылмандық  кімде  жоқ,  тілде  бар  да,  ділде  жоқ»  деген  ілгергі 



замандағы баба сөзінің бүгінгі күнде де өзектілігі өшпей келеді. Ислам діні 

қазақ  халқының  қазыналы  тарихымен  тамырлас  болса  да,  қазір  дін 

«пәлсапасын» соғып, өздігімен «пәтуа» бергіштер қарасы азаяр емес.  

Отбасы мемлекетті құраушы фактор екені белгілі. Содан болса керек, 

«Отан  отбасынан  басталады»  дейтін  қанатты  сөз  халық  арасында  кең 

тараған. Ал, отбасын құру үшін ең алдымен некеге тұру талап етіледі. 

Некеге  тұру  дегеніміз  кәмелет  жасына  жеткен  ер  азамат  пен  қыз 

баланың  ғұмырлық,  яғни  белгілі  бір  мерзім  көрсетілмей  некеге  тұрып, 

ерлі-зайыпты болып өмірлерін бірлестіруі деген мағынаны білдіреді. 

Біздің  заңымызға  сәйкес  неке  жасы  –  18  жас.  Одан  төмен  жаста 

некелесуге  дәлелді  себептері  болған  жағдайда  заңнамаларда  көрсетілген 

тәртіппен реттеледі және мұндай жағдайларда адамдардың некеге тұруына 

ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. 

Қазақстанда мемлекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана неке 

деп танылады. Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе 

оны  бұзу  үшін  тараптардың  өзара  ерікті  келісімі  қажет.  Некеде  ерлі-

зайыптылардың  құқықтары  мен  міндеттері  тең,  әйелдердің  құқығын 

шектеуге  жол  берілмейді.  Неке  қию  ерлі-зайыптылардың  одағына  ізгілік, 

тұрақтылық,  беріктік,  татулықты  орнатуға  міндеттейтін,  олардың 

отбасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, өмірге ұрпақ әкеліп, 

балаларын мейірімділікпен тәрбиелеуге бағыттайтын ізгі шара. 

Қазақтар арасында ертеден келе жатқан некелесудің шарттары болды. 

Неке қиюшы мен некелесушілер арасында келіссөз жүргізушілер есебінде 

«куәгерлер»  жүреді.  Некеқияр  кезде  eкi  арада  жүретін  eкi  куәнің  (кей 

деректер  де  үш  адам),  күйеу  мен  қыздың  ырзалығын  сұраған  уақытта 

айтатын  сөздерін  «неке  қияр  сөз»  немесе  «куәлік  сөз»  деп  айтады. 

Қалыңдық құрбыларымен шымылдық артында отырады, ал күйеу жігіт екі 

куә,  өкілдермен бірге  киіз үйдің ортасында отырады. Неке  қиюшы  күйеу 

Дін және қоғам

24



Заң  жобасы  талқыланды,  өзгерістер  мен  ұсыныстар  енгізіліп 

жетілдірілді. Осының барысында қоғамның мүддесі ескеріле отырып, екпе 

алуға қатысты бап заң жобасынан алынып тасталды. 

Дегенмен,  екпе  тақырыбы  алдағы  уақытта  да  терең  талдауды  қажет 

ететіні сөзсіз. 

Денсаулық  сақтау  министрлігі  мүдделі  мекемелер  және  ұйымдармен 

бірлесе отырып осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру тетіктерін жасауға 

назар аударғаны орынды болады. 

 

Дәстүрлі емес дін өкілдері некені ойыншыққа айналдырды 

 

«Мұсылмандық  кімде  жоқ,  тілде  бар  да,  ділде  жоқ»  деген  ілгергі 



замандағы баба сөзінің бүгінгі күнде де өзектілігі өшпей келеді. Ислам діні 

қазақ  халқының  қазыналы  тарихымен  тамырлас  болса  да,  қазір  дін 

«пәлсапасын» соғып, өздігімен «пәтуа» бергіштер қарасы азаяр емес.  

Отбасы мемлекетті құраушы фактор екені белгілі. Содан болса керек, 

«Отан  отбасынан  басталады»  дейтін  қанатты  сөз  халық  арасында  кең 

тараған. Ал, отбасын құру үшін ең алдымен некеге тұру талап етіледі. 

Некеге  тұру  дегеніміз  кәмелет  жасына  жеткен  ер  азамат  пен  қыз 

баланың  ғұмырлық,  яғни  белгілі  бір  мерзім  көрсетілмей  некеге  тұрып, 

ерлі-зайыпты болып өмірлерін бірлестіруі деген мағынаны білдіреді. 

Біздің  заңымызға  сәйкес  неке  жасы  –  18  жас.  Одан  төмен  жаста 

некелесуге  дәлелді  себептері  болған  жағдайда  заңнамаларда  көрсетілген 

тәртіппен реттеледі және мұндай жағдайларда адамдардың некеге тұруына 

ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. 

Қазақстанда мемлекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана неке 

деп танылады. Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе 

оны  бұзу  үшін  тараптардың  өзара  ерікті  келісімі  қажет.  Некеде  ерлі-

зайыптылардың  құқықтары  мен  міндеттері  тең,  әйелдердің  құқығын 

шектеуге  жол  берілмейді.  Неке  қию  ерлі-зайыптылардың  одағына  ізгілік, 

тұрақтылық,  беріктік,  татулықты  орнатуға  міндеттейтін,  олардың 

отбасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, өмірге ұрпақ әкеліп, 

балаларын мейірімділікпен тәрбиелеуге бағыттайтын ізгі шара. 

Қазақтар арасында ертеден келе жатқан некелесудің шарттары болды. 

Неке қиюшы мен некелесушілер арасында келіссөз жүргізушілер есебінде 

«куәгерлер»  жүреді.  Некеқияр  кезде  eкi  арада  жүретін  eкi  куәнің  (кей 

деректер  де  үш  адам),  күйеу  мен  қыздың  ырзалығын  сұраған  уақытта 

айтатын  сөздерін  «неке  қияр  сөз»  немесе  «куәлік  сөз»  деп  айтады. 

Қалыңдық құрбыларымен шымылдық артында отырады, ал күйеу жігіт екі 

куә,  өкілдермен бірге  киіз үйдің ортасында отырады. Неке  қиюшы  күйеу 

жігіттен  қалыңдықтың  және  оның  әке-шешесінің  атын  айтып  (бәленше 

қызы түгеншені) «өзіңе жұп қылып алуға келісесіз бе» деп сұрайды. Күйеу 

жігіт  «қабыл  қылдым,  қабыл  тұттым»  деп  жауап  береді.  Осы  сұрақты 

қалыңдыққа да қойып, осындай жауап алады. Әр сұраққа жауап алғаннан 

кейін олар міндетті түрде «куә жырын» айтып отырады. Ізінше, ақсақалды 

ата бата жасап, дұға оқиды, қосылатындардан ризашылығын сұраған соң, 

неке  суы  құйылған  ыдыстан  су  ішкізеді,  содан  кейін  некеге  куә 

болғандардың  бәріне  ішкізеді.  Осындай  жолмен  некені  қиюдағы  мақсат 

«екі жасты бақытты қыла гөр» деген көптің тілегін алу және неке одағын 

«неке  суын»  ішкізу  арқылы  бекіту.  Бұл  олардың  ендігі  жерде  бір 

шаңырақтың  астында  бірге  болатындықтарын  білдіреді.  Осылайша  неке 

сертінің берік болуын меңзейді. 




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет