Балғабек мырзаев


ЕКПЕ – ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МӘСЕЛЕ немесе екпе алуды



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет21/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
ЕКПЕ – ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МӘСЕЛЕ немесе екпе алуды 

міндеттеу керек пе? 

 

Бүгінде  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне  діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  мәселелері  бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заң  жобасы  кеңінен 

талқылануда.  Аталмыш  заң  жобасы  13  заңнамаларға  енгізілетін  47 

өзгерістерден құралады. 

Осы  заң  жобасының  бастапқы  нұсқасында  2009  жылғы  18 

қыркүйектегі  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі 

туралы» Кодексіне енгізу қарастырылып отырған екпе (вакцинация) 

мәселесі енгізілген болатын. 

Екпе  мәселесінің  қоғамның  талқылауына  ұсынылуының  астарында 

бірөатар негізді себептер бар екені анық. 

Халықтың 

санитарлық-эпидемиологиялық 

саламаттылығы 

саласындағы  құзыретті  мемлекеттік  органмен  және  оның  аймақтық 

органдарымен екпеден бас тарту себептері мен оның динамикасы жөнінде 

мониторинг жүргізіліп тұрады. 

2016  жылы  Қазақстан  Республикасында  екпеден  бас  тартқан  9685 

адам  тіркелген,  2015  жылға  қарағанда  бұл  көрсеткіш  13,4%  (8383)  өсіп 

отыр.  Бас  тартудың  себептерін  тарқатсақ,  екпеден  бас  тартқан 

азаматтардың  жеке  ұстаным  –  45%  (4360)  және  діни  ұстаным  –  42,9% 

(4151),  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  БАҚ)  (ғаламтор  ресурстары, 

баспасөз, ТВ) негативті ақпараттарының әсерінен 6,2% (600) тұлға екпеден 

бас тартса, екпеге сенімсіздік таныту себебінен 6,1% (589) бас тартқан. 

Діни  ұстаным  себебінен  бас  тарту  басымдылығы  Қазақстанның 

батыс  өңірлерінде  өзекті  болып  отыр.  Бұл  өңірлерде  діни  ұстанымына 

байланысты  екпеден  бас  тарту  көрсеткіші  80%-ға  жоғары.  Соның  ішінде 

Атырау облысында – 88,9%, Ақтөбе облысында – 87,9%, Батыс Қазақстан 

облысында – 89,3%. Осы көрсеткіштер Қазақстанда азаматтардың екпеден 

бас  тартуы  дәстүрлі  емес  діни  ұстанымдар  салдарынан  өзекті  мәселеге 

айналғаны байқалады. 

Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы  Заңнама  жобасының 

әзірленуі  барысында  екпеге  қатысты  тақырып  қоғам  тарапынан  үлкен 

талқылауға ие болды. 

Дін және қоғам

21



Арнайы құрылған жұмыс тобына азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, 

мемлекеттік  органдардың,  сарапшылар  қауымдастығының  өкілдері 

қатысып,  олардың  пікірлері  мен  ұсыныстары  қарастырылды.  Сонымен 

қатар, халықаралық тәжірибе зерттеліп, оның қолдану жолдары зерделенді. 

Бір байқағанымыз, жұмыс тобының отырысына қатысушылардың барлығы 

да  діннің  деструктивтік  іс-әрекеттерде  қолданылуын  азайту  мақсатында 

құқық  нормаларын  орнату  қажет  екеніне  ерекше  маңыз  берді.  Көптеген 

талқылаулардан  кейін  жұмыс  тобымен  қолданыстағы  Қазақстан 

Республикасының  2009  жылғы  18  қыркүйектегі«Халық  денсаулығы  және 

денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  кодексінің  156-бабының  1-бөлігіне 

келесідей мазмұнда толықтыру енгізу ұсынылды: 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет