Балғабек мырзаев


кафедрасына меңгеруші болуды ұсынды»



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет14/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
кафедрасына меңгеруші болуды ұсынды» 

 Алғашқы  еңбек  жолымды  Қожа  Ахмет  Иасауи  атындағы 

халықаралық  қазақ-түрік  университетінен  бастадым.  Онда  жұмысқа 

келуіме университет ректоры Сәбденов Оразалы себепші болды. Бұл оқиға 

былай басталған еді.  

2001  жылы  Түркияда  оқып  жүргенде  Анкара  қаласына  ректор 

Сәбденов  Оразалы  ағамыз  халықаралық  конференцияға  қатысу  үшін 

жұмыс сапарымен келген болатын. 

Сол  шарада  қазақ  тілінен  түрік  тіліне  еркін  сөйлейтін  аудармашы 

керек  болды.  Мұндағы  қазақ  студенттерінің  бәрі  түрік  тілін  жетік 

меңгерген.  Алайда  аудармашы  болу  жағына  келгенде,  олардың  бәрі 

үндемей қалды. Бәлкім маңызды жиын болғандықтан қателесіп кетеміз бе 

деп қорыққан болар. 

Мен  түрік  тілін  айтарлықтай жоғары дәрежеде  білмесем де  ректорға 

аудармашы болуға келістім. Осылайша конференция жұмысы өткен 2 сағат 

ішінде  қазақтың  сөздерін  түрік  аудиториясына  барынша  мән-мағыналы 

түрде жеткізуге тырыстым. Жиналғандарға ұнаса керек, Сәбденов Оразалы 

ағамыз баяндамасын оқып болғаннан кейін, барлығы қол шапалақтады. 

Жиын  соңында  ректор  мырза  маған  алғысын  білдіріп,  оқуымды 

аяқтаған соң өзінің университетіне жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Анкара 

университетін  бітіріп,  елге  оралған  соң,  ректордың  қабылдауына 

жазылдым.  Оразалы  ағамыз  мені  бірден  танып,  өзінің  көмекшісі  етіп 

тағайындады.  Осылайша  университеттің  жұмысымен  танысып,  білім 

саласының  мәселелерімен  таныс  бола  бастадым.  Кейін  халықаралық 

қатынастар  бөлімін  басқардым.  Университет  Түркиямен  тығыз  жұмыс 

істегендіктен, осы елмен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырдық.  

Бірде  университетте  бірге  қызмет  ететін  Досай  Кенжетай,  Сержан 

Оразбай  ағаларымыз  осы  Балғабек  Мырзаев  Түркияда  діни  білім  алып 

келген  білікті  маман  ғой  деп,  «Дінтану»  кафедрасына  меңгеруші  қылып 

тағайындау  жөнінде  ректорға  ұсыныс  жасады.  Осылайша,  ректор  менің 

кандидатурамды бірауыздан мақұлдады. Мен кафедра меңгерушісі болып 

3 жыл қызмет еттім. 

 

 

 



Түркістаннан Астанаға жол

 

Түркістанда  жұмыс  істеп  жүргенде  Астана  қаласына  үнемі  көңілім 



ауып жүретін. Астана еліміздің жас елордасы болғандықтан ба білмеймін, 

менің де Астанаға барып жұмыс істегім келіп тұрды.  

  

Біздің  алдымызда  мемлекеттің  зайырлылық  құндылықтарын  дамыту 



бойынша нақты әрі маңызды тапсырмалар бар. 

  

Бір күні газет бетін ақтарып отырып, Астанада Дін істері комитетінің 



құрылғанын  оқыдым.  Әріптес  достарым  да  мемлекеттің  мүддесіне  алған 

білімді жұмсау керек деп демеу берді. Көлігіме міндім де Астанаға жолға 

шығып  кеттім.  Елордаға  келген  бетте  сол  кездегі  комитеттің  төрағасы 

Ералы  Тоғжановтың  қабылдауына  жазылдым.  Кездесуде  өзімді 

таныстырып,  еліміздің  дін  саясатын  жүзеге  асыруда  өз  үлесімді  қосқым 

келеді  деп  айттым.  Төраға  еш  қарсылығым  жоқ,  маған  діни  ағымдар 

туралы  материал  жазып  кел  деп  тапсырма  берді.  Сондай-ақ,  мемлекеттік 

қызметке  орналасу  тест  тапсыру  арқылы  және  де  конкурстық  негізде 

жүзеге  асатынын  атап  өтті.  Ертеңгісін  берілген  тапсырма  негізінде 

еліміздегі діни ахуалға шолу жасап, ислам мазхабтарының таралуы туралы 

төрт  беттік  сараптамалық  материал  дайындап  әкелдім.  Ералы  ағамызға 

ұнаған  болу  керек,  жазған  материалымды  оқығаннан  кейін  өзінің 

таңданысын жасырмады. Еліміздің дін саласына өзіңдей білікті мамандар 

керек  деп  иығымнан  қақты.  Осылайша,  Дін  комитетіне  жұмысқа 

қабылдандым. 

 

 



Дін және қоғам

15



 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет