Балғабек мырзаев



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет12/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
 

 

Араб, түрік тілдерін үйрену орыс тілін үйренуден оңай болды 

 

Мен  мектепті  бітірген  соң,  алғашында  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ 



ұлттық университетіне тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға 

түстім.  Алайда  кейін,  оқып  жатқан  тобымды  орыс  тобына 

ауыстырғандықтан,  біраз  қиыншылықты  көрдім.  Жасыратыны  жоқ, 

орысшаға  шорқақ  едім.  Туған  жерім  қазақ  ауылы  болғандықтан,  бала 

кезімізде  тек  қана  қазақ  тілінде  білім  алдық.  Бала  кезімде  ауылдың 

үлкендерінен  араб  тілінің  әріптерін  үйрене  бастағам.  Кейін  Түркияға 

барғанымда  түрік  тілін  меңгердім.  Шынымды  айтсам,  маған  араб,  түрік 

тілдерін үйрену орыс тілін үйренуден оңай болды. 

  

  

Анкара  университетінің  докторантурасына  оқуда  қалу  жөнінде 



ұсыныс  келіп  түсті.  Бірден  келістім...  Түркияда  түрік,  араб  тілдерін 

үйрендім. 

  

Жалындаған жастықтың айбыны болар, оқуды тастап, әскерге кетуге 



тура  келді.  Екі  жыл  әскери  борышымды  абыроймен  атқарып  келгеннен 

кейін, сол кезде жаңадан ашылған Түркістан мемлекеттік университетінің 

«Заң  факультетіне  құжаттарымды  тапсырдым.  Емтихандардан  аман-есен 

өткеніммен жинаған балым орташадан сәл жоғары еді. Конукурс болардан 

3  күн  бұрын  университетке  келдім.  Қабылдау  комиссиясының 

хатшылығына  барып  жағдайды  сұрап  жатқанымда  Жұмабай  Ізтайұлы 

деген  белгілі  шығыстанушы  ғалымды  кезіктірдім.  Ағамызбен  таныстық, 

еркін  әңгімелестік.  Сол  уақытта  студенттерді  оқуға  қабылдап  жатқан 

науқан  еді.  Жұмабай  ағамыз  менің  мектепті  үздік  бітірген  аттестатымды 

қарап,  «сен  бауырым,  темекі  тартпайсың  ба?,  ішімдік  ішпейсің  бе»  -  деп 

сұрады.  Мен  «жаман  әдеттерден  аулақпын»  -  деп  жауап  бердім.  Сонда 

ғалым  маған  өзі  негізін  қалап  жатқан  университеттегі  «Шығыстану» 

факультетіне  оқуға  түсуді  ұсынды.  Мен  ойланып,  келісімімді  бердім. 

Дін және қоғам

13



Жұмабай Ізтайұлы оқу орнының хатшысын дереу шақыртып, Мырзаевтың 

құжаттарын  «Заң»  факультетінен  алып  «Шығыстану»  факультетіне 

ауыстыруды сұрады. Онда «Дін және еркін ой» мамандығы бойынша білім 

алдым. 


 

 

Анкара мемлекеттік университетінің түлегімін 

 

1995  жылы  Түркияның  Анкара  мемлекеттік  университетіне 



«магистратураға»  оқуға  түстім.  Сол  жерде  білікті  дін  саласындағы 

мамандармен  кездесіп,  діни  ахуал  жөнінде  зерттеу  жұмыстарымен 

айналыса  бастадым.  Көптеген  акамедиктер  мен  профессорлардан  білім 

алдым.  Дін  саласының  негізін  түсіндім.  Магистратураны  бітірген  соң, 

Анкара  университетінің  «докторантурасына»  оқуда  қалу  жөнінде  ұсыныс 

түсті.  Бірден  келістім. Себебі осы  саланы  жете  түсінгім келді. Осылайша 

Түркияда  жүріп,  түрік,  ағылшын  тілдерін  үйрендім.  Анкара 

университетінде  жат  діни  ағымдар  жайында,  атап  айтқанда  «салафизм», 

«экстремизм» түсініктерін зерттей бастадым.  

 «Діни  білім  алған  білікті  маман  ғой  деп  мені  «Дінтану» 




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет