Сұрақ: Жаңа Заң жобасындағы өзгерістер еліміздегі
діндарлардың құқығын шектемей ме?
Жауап: Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеп жатқан
Заң жобасы дінге де діндарларға да қарсы емес. Бүгінгі күні қоғам
арасында ең көп талқыланып жатқан мәселе Дін істері және азаматтық
қоғам министрлігінің бастамасымен әзірленіп жатқан, Қазақстан
Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы кейбір
заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» тақырып
болып отыр.
Ең алдымен қоғамдық ортада заң жобасына қызығушылық танытып,
белсенділік танытып отырғаны қуанттарлық жағдай екенін атап өткім
келеді. Дегенмен, әлеуметтік желіде болсын, бұқаралық ақпарат
құралдарында болсын кейде Заң жобасындағы кейбір баптарды бұрмалап
көрсету арқылы елдің арасында дүрбелең туғызатын жағдайлар кездесіп
жатқаны да жасырын емес.
Жаңа заң жобасы еліміздегі ресми тіркеуден өткен ешқандай діннің
құқығын шектемейді. Кез-келген діндар өзінің құлшылығын емін еркін
орындай алады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |