Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 145-бабына сәйкес,
кемелетке толмағандарды діни ұйымдарға еліктіру, олардың және ата-
анасының және жбасқа да жауаптылардың еркінен тыс оларға дінді оқыту,
50-ден 75-ке дейін жалақының минималды мөлшері, айыппұлмен
жазаланады немесе 2 жылдан 3 жылға дейін түзеу жұмыстарымен немесе 3
жылға дейін бас бостандығынан айырылумен жазаланады.
ӘР «Діни сенім бостандығы» Заңына сәйкес әркім жеке-дара, немсе
топпен дінді ұстана алады, өз дінінің таралуына септігін тигізе алады. Ата-
ана немесе оларды алмастырушы адамдар тек келісім негізінде балаларын
өз діни бойынша тәрбиелей алады. ӘР Қылмыстық кодекснің 167.1-бабына
сәйкес көрсетіледі, кемелетке толмаған жасты қандай да бір дінге(діни
ағымға) еліктіру, сондай-ақ оның еркінен тыс діни рәсімдер мен
ғұрыптарға еліктіру, діни ұйымдарға қатысуға еліктіру немесе ерушілер
қатарынан шығару 7-ден 9 мың манатқа дейін айыппұл салынады немес 2
жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Сұрақ: Бүгінгі күні ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс
жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған намазханалардың саны
қанша?
Жауап:
Елімізде ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-
шараларды өткізуге арналған 194 намазхана тіркелген. Намазханалар
Дін және қоғам
85
негізінен Сауда үйлері, Бизнес-орталықтар және автовокзал, аэропорт,
теміржол вокзалдары мен порттарда орналасқан.
Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында
намазханалар тіркелмеген. Оның себебі қажеттіліктің болмауынан деп
көрсетіледі.
Сонымен қатар, елімізде ислам дінімен қатар басқа діни
конфессиялардың да (христиандықтың православие) құлшылық бөлмелері
ашылғанын атап өткім келеді.
Поделитесь с Вашими друзьями: |