Сұрақ: Жоғары оқу орындарында «Дінтану» мамандарын кімдер
дайындайды?
Жауап: 1) Дінтану саласындағы кадрларды даярлау республиканың 6
жоғары оқу орнында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҰУ, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Нұр-Мүбарак» Египет
ислам мәдениеті университеті, Х.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шет тілдер
және іскерлік карьера университеті) «Дінтану», «Исламтану», «Теология»
мамандықтары бойынша жүргізіледі. Осының ішінде 5 ЖОО (Е.А. Бөкетов
атындағы ҚарМУ басқа) дінтанушы-мамандарды – магистратура
деңгейінде, 2 ЖОО (Әл-Фараби ат. ҚазҰУ мен «Нұр-Мүбәрак»
университеті) – PhD докторларын даярлайды.
Осылардың ішінде 3 ЖОО-да оқу-әдістемелік бөлімі бар. Әл-Фараби
ат. ҚазҰУ – «Дінтану» мамандығы бойынша, «Нұр-Мүбәрак»
университетінде – «Исламтану» мамандығы бойынша, Х.Ясауи ат. ХҚТУ –
«Теология» мамандығы бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкес қажетті
оқу жоспарларын даярлайды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |