Балғабек мырзаев


Сұрақ: Жоғары оқу орындарында «Дінтану» мамандарын кімдер



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет103/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
Сұрақ: Жоғары оқу орындарында «Дінтану» мамандарын кімдер 

дайындайды? 

Жауап: 1) Дінтану саласындағы кадрларды даярлау республиканың 6 

жоғары  оқу  орнында  (әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ,  Л.Н.  Гумилев 



атындағы  ЕҰУ,  Е.  Бөкетов  атындағы  ҚарМУ,  «Нұр-Мүбарак»  Египет 

ислам  мәдениеті  университеті,  Х.Ясауи  атындағы  ХҚТУ,  Шет  тілдер 

және іскерлік карьера университеті) «Дінтану», «Исламтану», «Теология» 

мамандықтары бойынша жүргізіледі. Осының ішінде 5 ЖОО (Е.А. Бөкетов 



атындағы  ҚарМУ  басқа)  дінтанушы-мамандарды  –  магистратура 

деңгейінде,  2  ЖОО  (Әл-Фараби  ат.  ҚазҰУ  мен  «Нұр-Мүбәрак» 

университеті) –  PhD докторларын даярлайды. 

Осылардың ішінде 3 ЖОО-да оқу-әдістемелік бөлімі бар. Әл-Фараби 

ат.  ҚазҰУ  –  «Дінтану»  мамандығы  бойынша,  «Нұр-Мүбәрак» 

университетінде – «Исламтану» мамандығы бойынша, Х.Ясауи ат. ХҚТУ – 

«Теология»  мамандығы  бойынша  мемлекеттік  стандартқа  сәйкес  қажетті 

оқу жоспарларын даярлайды.  

Дін және қоғам

80



іскерлік  карьера  университеті  сияқты  6  жоғары  оқу  орнында  жүзеге 

асырылады.  

Сонымен қатар, 2015 жылғы «тарих-дінтану» мамандығын Қазақстан 

Республикасының 

жоғары 

және 

жоғарыдан 

кейінгі 

білім 

мамандықтарының  классификаторына  енгізу  туралы  шешім  қабылданды. 

Бұл  мамандық  республикадағы  жалпы  білім  беретін  мектептер  үшін 

кадрлар даярлауға бағытталады.  

2017-2018 оқу жылында аталмыш мамандыққа 25 грант бөлінді. Білім 

берушілер  қабылданған  соң  осы  мамандық  бойынша  мамандарды  тарта 

отырып, дінтану кафедрасын ашу мәселесі қаралатын болады.  

Қазіргі  уақытта  Қ.  Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  аймақтық 

университетінің базасында «5В013000» - тарих-дінтану» мамандығын ашу 

бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан 

аталмыш  салалас  мамандықты  ашуға  лицензия  алу  үшін  Ақтөбелік  оқу 

орны  ұсынған  құжаттар  пакетінің  квалификациялық  талаптарға  сәйкес 

келуі қаралуда.  

Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  білім  беру  және  тәрбиелеу 

жүйесі зайырлы сипатқа ие және діни білім беру жүйесінен бөлінген. 

Осыған орай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан 

дінтанулық  мамандықтарға  бөлінетін  білім  гранттарын  арттыру  және 

олардың  оқу  бағдарламаларының  мазмұнын  еліміздің  зайырлылық 

сипатын  сақтауға  бағытталып  жетілдіру  жұмыстары  жалғасын  табатын 

болады. 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет