іскерлік карьера университеті сияқты 6 жоғары оқу орнында жүзеге
асырылады.
Сонымен қатар, 2015 жылғы «тарих-дінтану» мамандығын Қазақстан
Республикасының
жоғары
және
жоғарыдан
кейінгі
білім
мамандықтарының классификаторына енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұл мамандық республикадағы жалпы білім беретін мектептер үшін
кадрлар даярлауға бағытталады.
2017-2018 оқу жылында аталмыш мамандыққа 25 грант бөлінді. Білім
берушілер қабылданған соң осы мамандық бойынша мамандарды тарта
отырып, дінтану кафедрасын ашу мәселесі қаралатын болады.
Қазіргі уақытта Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық
университетінің базасында «5В013000» - тарих-дінтану» мамандығын ашу
бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан
аталмыш салалас мамандықты ашуға лицензия алу үшін Ақтөбелік оқу
орны ұсынған құжаттар пакетінің квалификациялық талаптарға сәйкес
келуі қаралуда.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім беру және тәрбиелеу
жүйесі зайырлы сипатқа ие және діни білім беру жүйесінен бөлінген.
Осыған орай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан
дінтанулық мамандықтарға бөлінетін білім гранттарын арттыру және
олардың оқу бағдарламаларының мазмұнын еліміздің зайырлылық
сипатын сақтауға бағытталып жетілдіру жұмыстары жалғасын табатын
болады.
Поделитесь с Вашими друзьями: