БАСПАҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КОМИТЕТІНІҢ
САРАПТАМА БӨЛІМІ ҰСЫНҒАН
Жинаққа теология және философия ғылымдарының докторы, профессор
Д.Кенжетай пікірін білдірді
Дін және қоғам (мақалалар мен сұхбаттар жинағы). Құжаттар жинағының сериясы. Қазақ
тілінде. / Б.Мырзаев. – Шымкент, 2018.
Кітап дін қызметкерлеріне арналған маңызды деректерді жинақтаған алғашқы ақпараттық-
анықтамалық басылым болғандығымен құнды. Жинаққа енген ақпараттар мен мағлұматтар, деректер
оқырмандардың зайырлылық қағидаттары жайлы толыққанды хабардар болуына мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта еліміздегі діни тұрақтылық пен конфессияаралық татулықты дамытуда дін саласы
мамандарының еңбегі орасан. Сондықтан бұл салада еңбек етіп жүрген мамандарға жүктелген міндет
оңай емесі анық. Аталмыш жинақ дін саласында көптеген жылдар еңбек етіп келе жатқан кәсіби маман,
ҚР Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының
орынбасары Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлының еліміздегі діни ахуалдың қыр-сыры мен мәселелері
жайында жазған мақалалары мен тілшілерге берген сұхбаттары кіреді.
Еңбек, дінге қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.
©Б.Мырзаев
©Шымкент дін зерттеу орталығы