«Балдә Мен №42 «Ақ ниет» гимназиясының 2 «з» сынып оқушысымын. Маған тәлім



жүктеу 0.56 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата12.01.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жәния ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,

Д.Нұрпейісова орта мектебінің 7-сынып оқушысы.

                «Қаламұш» үйірмесінің мүшесі

Жаңақала ауданы

Аралды қорғау азаматтық 

парыз ағаларға

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 

1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Арал теңізі қазіргі 

кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын 

зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге 

болады.  Арал  теңізі  -  Қазақстанның  інжу-маржаны,  шөл  белде-

міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға 

дейінгі  көлемі  -  1066  км,  тереңдігі  -  30-60  метр,  тұздылығы  -  10-

12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға 

мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық 

ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. 

Арал теңізі ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша 

дамыды.  Өзен  бойлары  игеріліп,  суды  ысырапсыз  пайдалану 

жүзеге асты. Барлығымыз Арал теңізін қорғаумыз керек.

                                     Аймырза ТҰРАРБЕКОВ

Қараөзен мектеп-лицейінің 7 «ә» сынып   

Казталов ауданы 

Менің жазғы 

демалысым

  

Мен  жазғы  демалысты  өте  қызықты  өткіздім. 



Лагерьге  бардым.  Онда  түрлі  қызықтар  болды.    Лагерьдегі 

ұстаздарымыз  біздерге    көптеген    қызықты  тапсырмалар 

беріп,    түрлі  ойындарды  ойнатты.    Лагерь    аяқталған  соң, 

жанұямызбен   Шалқар өзеніне бардық.   Суға шомылып, күнге 

қыздырындық.   Үйде бос   кезімде  қызықты   кітаптар оқыдым.   

Осылайша жазғы демалыста аяқталып қалды.   Алдағы  оқу 

жылын  көп  күш-қайратпен  сабағымды бастадым. 

Аяулым ЕРЕШЕВА

 № 42 «Ақ ниет» гимназиясының   2 «в» сынып оқушысы

  Маған қымбат 

жандар


      Менің анам ардақты, мейірімді жан. Ол 

ақылды,  жақсы  адам.  Ал  ұстазым  екінші  анам 

болады.  Анам  тәрбиелеп,  мені  өсірді.  Ұстазым 

болса  көп  білім  берді.  Ұстазым  сізге  рахмет! 

Ананың сүті балдай, алақаны жұмсақ. Менің анам 

ақкөңіл, мейірімді жан. Анам өлең шығарғанды 

өте жақсы көреді. Менің анам осындай.

Қадыр ТҰРСЫНҒАЛИЕВ

Қызылтал орта мектебінің

3 «б» сынып оқушысы

Бөрлі ауданы                                                                      

Алтын күз

 

  Асыға  күткен  күз  мезгілі  де  келіп  жетті.  Жапырақтар 



сарғайып  айналаның  бәрі  сап-сары  түске  боялды.  Күз  адам 

баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Күзде жеміс-жидек, 

дәнді  дақылдар  піседі.  Сол  жеміс-жидектердің,  көкөністердің 

пісіп  жетілуіне  үлес  қосатын  –  адамдар.    Жердегі  жапырақтар 

алтындай  болып,  көздің  жауын  алады.  Ал,  алтын  байлықтың 

белгісі - күз мезгілі адамды шаттыққа бөлеп, қуаныш пен береке 

сыйлайды. 

Мадина МАРКСҚЫЗЫ

Т.Жароков атындағы орта мектептің 

3 «б» сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

1. Құйрығы айыр құс

2. Қабат-қабат қаптама,  

ақылың болса аттама

3. Шаңырақ пен керегені  

байланыстыратын зат

4. Қыздың көркі

5. Қыстың көркі

6. Ас атасы - ...



АРУЖАН МЕЙРХАН

№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының 3 «в» сынып оқушысы

 

Сөзжұмбақ 

«Қарбыз»

Төмендегідей сұрақтарға дұрыс жауап берсеңіз, «қарбыз» 

сөзі шығады.

«Қ» әрпінен басталатын жеміс атауы.

1. 

Сұлулығыңды жыр етіп, көрсететін зат.



2. 

Тынымсыз бал жинайтын жәндік.

3. 

Кішкентай ұлды тағы басқа қалай атауға болады?



4. 

Кесе, шәйнек, тәрелкенің жалпы  атауы

5. 

Трактор, кеме шығарылатын жер.



6. 

1. Жақсы нәрсе істесең қандай адам боласың?

2. Сені туған адам

3. Бәріненде жылдам не?

4. Әкеңнің әкесі

5. Көкөніс түрі

6. Уақыт көрсететін зат

7. Ештеңемен бұза алмайсың

8. Бізді не шағады

9. Нан пісіретін жер



ФАТИМА МЕРЕКЕЕВА

№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының 3 «в» сынып оқушысы



Толегенова Алина

№44 ЖОББМ-ның 

1 “г” сынып 

оқушысы


ЖАНАТ РЫСБЕК

М.Б.Ықсанов атындағы

№36 орта жалпы білім беретін 

мектептің

2 «Б» сынып оқушысы

Өздерің жазған хаттардан


№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

14

Отбасынан артық не бар?!.



Өздерің жазған хаттардан

Анамның ауылы 

Отан  отбасынан  басталады..  Ата-ана  балаларын,  сәби    кезден  тәрбиелеп  аялап  өсіреді.  Жақсы 

азамат  болуға,  елін,  жерін  қорғауға,  мейірімді  болуға  тәрбиелейді.  Мен  де  осы  бағытта  тәрбиеленіп 

келемін. Менің отбасымда әжем, ата анам, өзім және үш інім бар. Мен інілерімнің қамқоршысымын. 

Сабақтарына көмектесемін, Кішкентай інім - Жігер үш жаста. Тұңғыштары қыз болған жанұя бақытты 

болады дейді. Себебі қыз бала тілекші болып келеді. Мен ата

-анамның тұңғышы болғаныма қуанамын. 

Ата 


- анамыз біздің жақсы оқуымызға мол мүмкіндік жасауда. Біз тату - тәтті жанұямыз. Ата - анасыз 

өскен балалар болмасын деп сәби жүрегімізбен тілейміз!



Айсұлу БИСЕНБАЙ

Харкин ЖОББМ-нің 7- сынып моқушысы

Ақжайық ауданы

Туған жер

«Туған  жердің  түтіні  де  ыстық»  дегендей,  әркімге  өз  туған  жері  қымбат.  Байлығы  тұнған  Орал 

өңірінің шұрайлы жері Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы мен үшін өте қымбат. Мен сол ауылда өсіп 

өндім,  балалық  бал  күндерімді,  балғын  достарыммен  бірге  көңілді  өткіздім.  Демалыс  уақытында  өз 

туған жеріме барып емін-еркін ойнап, жусан иісі аңқыған ауасымен демалып келдім. Менің туған жерім 

жылдан-жылға көркейіп келеді. Жаңадан балабақша, мектеп салынғалы жатыр, әрбір үйге ауыз су кіріп 

тұр, көгілдір оты да жоспарда бар. Мен өскенде туған жеріме барып қызмет етемін. Өзге елде сұлтан 

болғанша, өз елімде ұлтан боламын.

ПЕРИЗАТ ТУКЕСОВА

№ 10 орта мектептің 4 «е» сынып оқушысы



 

  МЕН ДОСЫМДЫ 

МАҚТАН  ЕТЕМІН

 

Менің  досымның  аты  –  АРУЖАН. 



Ол туралы   көп айтуға, көп жаза беруге 

болады.    АРУЖАН  қиялы  ұшқыр,    өте 

алғыр,  тәртіпті,  ұқыпты  ақылды,  әрі  бес 

дүркін  мәнерлеп  сырғанау  жеңімпазы. 

Біз екеуміз екінші жыл доспыз. 1-сыныпта 

«Алтын  сақа»  байқауына  қатыстық.  Мен 

қанша тырыссам да, АРУЖАН бас жүлдені 

ж е ң і п 

алды.  Бірақ  мен  жеңілгеніме  өкінген 

емеспін.  Мектепішілік    мәнерлеп  оқу 

байқауының  жүлдегері.    Аружан  сабақты 

жақсы  айтады.  Күнделігі  түгел  «5»  деген 

баға. Маған ол қатты ұнайды. Мен осындай 

досымның болғанын мақтан етемін.



   ГҮЛІМ СЫХОВА 

     М.Б.Ықсанов атындағы  

    №36 орта жалпы білім 

беретін мектептің

    2 «Б» сынып оқушысы

Менің 


сыныбым

   


Мен бірінші сыныпты бітірдім. 

Алғашқы ұстазым-Үміт Жұмақұлқызы. 

Ол кісіден менің әкемде білім алған. 

Ағам Қуандықты да осы кісі оқытты. 

Қуандық  та,мен  де  оқу  озатымыз. 

Сыныбымыздағы  барлығымыз  татумыз.  Бір  жылдың 

ішінде мектепішілік көптеген шараларға қатысып алдыңғы 

қатардан  көрініп  жүрміз.  Сыныбымыздың  жетістіктері 

көп. Біздің сыныптағы оқушылардың барлығы оқу озаты 

мен оқу екпіндісі. Бұның бәрі Үміт апайымыздың ерінбей 

ізденуінің арқасы деп білеміз. Қазір жазғы демалыстамыз. 

Барлығымыз  жан-жаққа  кеттік.  Мектепке  барғанша 

асығып жүрміз. 

Армат  ҚҰРМАНБАЙ

      И.Тайманов ЖББНМ-нің 1-сынып оқушысы,

Битілеу ауылы,Ақжайық ауданы

Менің анам

Дүниеге  келгенде    ең  бірінші  көретініміз-ол  ана.  Анамыз  

бізді кішкентай кезімізден бастап аялап  бағып-қағып өсіреді. 

Менің анамның есімі - Ғалия. Ол мен үшін менің өмірімде  ең 

жақын  адам.  Ол  өте  керемет  және  мейірімді  жан.  Ананың  

ыстық  алақаны  мен    мейірімін  ешбір  нәрсе  айырбастай 

алмайды.  Менің  анам  мектепте  ұстаз  болып  жұмыс  істейді.  

Оның  шәкірттері  өте    көп.  Бәрі  анамды  сыйлайды.  Мен  

анамды өте жақсы  көремін. Ол барлық адамға көмектеседі.

Бізге  үнемі  ақыл  айтып  отырады.  Мен    анамның  айтқанын 

тыңдап  өсемін.



 Талант  ТАБЫЛДИЕВ

Тінәлі  НЖББМ-нің 3-сынып оқушысы.

 Тінәлі ауылы, Ақжайық ауданы

                                                         

АРДАҚТЫЛАРЫМ 

МЕНІҢ

Әкем, анам ардағым,

Құс боп ұшу арманым.

Күнде бестік аламын,

Мен бақытты баламын.

Карина АМАНГЕЛДІ

Қызылтал орта мектебінің 

3 «в» сынып оқушысы  Бөрлі ауданы 

      

 Мен өзіме сенемін!..

      «Арман алысқа жетелейді» демекші, менің 

де өз арманым бар. Менің арманым-әнші болу. 

Әншілікті жаным сүйеді. Мен Айгерім Қалаубаева 

апамның  әндерін  сүйіп  орындаймын,  себебі 

Айгул  апай    әдемі,  әр  әні  өзіне  жарасымды, 

сүйкімді әндерімен мені қатты қызықтырады. 

      Қазіргі арманым анама үлгілі қыз болып, 

сабақты  жақсы  оқып,  Айгүл  ападай  үлкен 

сахналарға  шығып,  анам  мен  інімді    қуантқым 

келеді.  Мен  сонымен  қатар  өнер  мектебінің 

қобыз  класының  2-ші  сыныбында  оқимын,  әрі 

мектепте  би  үйірмесіне  қатысамын.  Сабақ 

оқуға да үлгіремін. Мектепте оқу озатымын.

 Зор  ықылас, шабытпен  

істелген іс  биігіне  жеткізетін  қанат. Мен өзімнің қалаған маман иесі 

боламын! Мен өзіме сенемін!...



Мадина ИБАТОВА

Қ.И.Сәтбаев атындағы ЖОББ 

мектебінің 4-сынып оқушысы

Тасқала ауданы,Тасқала ауылы

Менің отбасым

Менің отбасым бар. Тату-

тәтті  өмір  сүреміз.  Менің 

отбасымда  ағам,  көкем, 

мамам,  папам  бар.  Мен 

оларды  өте  қатты  жақсы 

көремін.  Теміржан  ағамды 

ерекше.  Өйткені,  ол  маған 

көп нәрсені үйретті

Сейілхан  НӘСІПҚАЛИЕВ

Қызылтал орта мектебінің 

3 «в» сынып оқушысы  

Бөрлі ауданы  

Балалардың  атасы  болған  қандай 

керемет.  Біздің  ініміз  екеуміздің  атамыз 

барына сондай қуанамын. Менің атамның 

есімі – Биғали. Ол - өте таза адам. Бәрін 

өз  қолымен  жасағанды  жақсы  көреді. 

Бізді  де  соған  үйретеді.  Мен  атамды 

жанымдай  жақсы  көремін.  Ол  менің 

талабымды  орындауға  әрдайым  дайын. 

Нені  алам  десем,  бәрін  алып  береді.  Біз 

де оны ренжітпей, оның айтқанын жасауға 

тырысамыз.

Атам менің әңгімешіл адам. Мен оның 

әңгімелерін  қызыға  тыңдаймын.  Оның 

туып өскен жері Шыңғырлау ауданы, Лубен 

ауылы.  Ондағы  әсіресе  Торатбас  тауы, 

Сарқырама,  Жұмбақ  көл,  Қыземшек  тауы 

туралы әңгімелері қатты ұнайды. Бірде ол 

бізді  өз  ауылына  апарды.  Біз  атамыздан 

әңгімелеген,  Қыземшек  тауына  апаруды 

сұрадық.  Бұл  бір  ғажап  серуен  болып 

шықты. Інім екеумізге қатты ұнады. 

Сонымен  қатар,  менің  атам  балықшы. 

Балық  аулауды  жақсы  көреді.  Ауылдағы 

балық  аулаған  Қайыңды  өзенін  көрсетті. 

Тіпті  бізді  де  балық  аулауға  үйретпек 

болды. Бірақ менің шыдамым жетпеді.

Менің  атам  әлі  де  жұмыс  істейді.  Ол 

өзінің жұмысында өте сыйлы адам. Оның 

айтқанына құлақ асады. Мен оның мақтан 

тұтамын.  Бізде  оған  қарап,  жақсы  адам 

болып өсуге тырысамыз. Менің жүрегімде 

атамның орны бөлек. 



ГҮЛНАЗ БИГАЛИ

№ 44 орта мектептің 

3 «а» сынып оқушысы


№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

15

Жайық мұңы

Жүрекке мұң толды ма, толады ма?

Елді көріп сенде бір жыладың ба?

Самғап жүрген аспандағы тәтті шақтар

Жоғалды ма, ғайыптан жоғалды ма?

Жағаңа қоқыс толып былғандың ба?

Ай жүзіңе қаяу салып қынжылдың ба?

Қынжылсаңда сезбегеннің күйін кешіп

Іштей өзің жыладың ба, жыладың ба?

Күлкің қайда, мөлдір таза пәктігің?

Әнің қайда елжіреткен халқыңды?

Ашуыңды баса тұр, ызаланба,

Жаз келіп, оралтасың ақтығыңды.

Қоя тұр, қапаланба, Жайығым

Басылады бір күндері ашуың.

Еркелікке басатын әсем сазым

Өзіңменен соғады жүрегім бір.

 

    Эльдар ТОҚТАСЫНОВ

№20 жалпы орта білім беретін 

мектептің 

5 сынып оқушысы 

Ақынға тілек (Ақұштап 

Бақтыгерееваға)

Батыста туған,

Ақындардың бірісіз.

Ерке қызы Жайықтың

70-ке келіп қалыпсыз.

Құтты болсын қадам  басқан жасыңыз,

Ден сау болып жүзден әрмен асыңыз.

Біле білсек өнер  жолы ауыр жол.

Өрге қарай домаласын тасыңыз.



    Гүлден СҮЙЕУ

Сарытоғай ОЖББ мектебінің 

5-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

Туған тілім – кеудемдегі жүрегім,

Перзентің боп,  дамуыңды тіледім.

Қазақ атым, ғаламаты халқымның

Бір өзіңмен байланысты, білемін.

Тілім менің маңдайдағы жұлдызым,

Жарқын болсың, бар әлемге нұр жүзің.

Сен арқылы білім алып, ер жетіп,

Бақытыңды жандырады ұл-қызың.



ҚҰРМАНҒАЗЫ 

САҒЫРБАЙҰЛЫНА

Көптеген күйшілер бар өмірде,

Соның бәрін білгің келе ме?

Ең күштісі күйшілердің Құрманғазы

Сол күйшіні қазіргі ұрпақ біле ме?

Бұл күйшінің күйшілері маған ұнайды,

Бұл күйші домбырасын сатқындыққа қимайды,

«Көбік шашқан», «Сарыарқасы» күйлерін,

Маған қатты, өте жақсы жігерлі.

Темірлан ТЕМІРБОЛАТОВ

Талдыбұлақ ЖОББМ-нің 6-сынып оқушысы

Талдыбұлақ ауылы, Сырым ауданы

  Туған тілім ақ 

сүтіндей анамның

        Туған тілім ақ сүтіндей анамның,

        Сені ғана сезетіні санамның. 

        Тыңдап көрші саған деген өлеңін, 

        Саған ғана бас иетін балаңның. 

        Ең бірінші өзіңмен «ана» дедім, 

        Туған тілім, сен екінші анам менің. 

        Туған тілде сөйлесем өмірге кеп, 

        Қабірге де сол тілмен барам дедім. 

 

 Еламан  ШҮКІРҒАЛИЕВ



                   Бітік ОЖББМБ-ның 

  9-класс оқушысы, Ақжайық ауданы

 Тілім менің

Тілім менің ардақты,

Әдептілік белгісі.

Тілім менің бақытты,

Балалардың күлкісі.

Нағыз қазақ қазақша,

Сөйлейді ол ұялмай.

Ал қазақша білмеген,

Жүреді ол күле алмай.

Ана тілін білейік.

Бірге ойнап күлейік.

Ана тілін құрметтеп,

Бақытты боп жүрейік. 

 Қарақат СҮЙІНДІКОВА

         О.Исаев атындағы ЖОББМ-нің 

5-сынып оқушысы Ақжайық ауданы, 

Көнеккеткен ауылы

  Ана тілім – 

намысым


Ана тілім- ар – ұятым, намысым,

Өмір – өзеннің күшейтеді ағысын.

Ана тілге арта түссе құрмет,

Халқым – тұлпар, үдетеді шабысын.

 

Ана тілін білмейтіндер азайсын,



Жатқа білсең ақын сөзін - жарайсың!

Бағы жанып ұлттың артса айбары

Тілім менің бағындырар талай шың.

Бақтияр ҚҰЛМАҚ

Еңбекші НМ-нің  5-сынып оқушысы

Қызылжар   ауылы, Ақжайық ауданы,

Анашым


Махаббаты шексіз, шетсіз, кіршіксіз пәк арайлым,

Сол махаббат бар әлемге шуақ боп тарайтын.

Бесік тербеп, оған қоса әлемді де тербеген,

Ұлы ананы ұлы дала кеңдігіне балаймын.

Сен менің жарық күнімсің, жан анашым, мәңгілік,

 Мен өзіңді жаза берем жүрегімде ән қылып.

Сенің маған махаббатың шеті жоқ қиыр кең дала,

Есейсем де өз қасыңда баяғы сол бал қылық.

Сағынасың, білем оны бір күн жүрсем мен қашық,

Кей адамдар жүр ғой әне сәбиінен бек қашып.

Сол адамдар ақыретте тозаққа жанар, оңбайды,

Баласын тастап, бақытым деп, тозақтың кілтін өзі ашып.

Анашым, ұзақ жасай бер мәңгі, жасай бер мәңгі, мәңгілік,

Оянған сайын жанымда болсаң, жанады тағы таңғы үміт.

Рахмет саған, рахмет ана, аман болшы, ауырма,

Сен аман болсаң, атады әлі арайлы, нұрлы таң күліп.



                                              Айымгүл БАЗАРБАЕВА

Кеңсуат ОЖББМ-нің 8-сынып оқушысы

                        Кеңсуат ауылы, Ақжайық ауданы

 Жеттім калай он 

үшке?

Құрсағында жатып біраз анамның

Әлдилеумен көзі ашылып санамның

Аяқ басып келдім мына өмірге

Ендігісі бірі болып ғаламның.

Келдім мына өмірге де інгәлап

Анам айтты: “ғалым болшы күн қарап”,

Жарқын жүзді келбетіме тоя алмай

Әкем жүрді қызығыма мың қарап.

Алты айымда құлын тайдай алқындым

Жас балаша жүруге ептеп талпындым,

Балапандай бір жасымда анама

Менен басқа керегі жоқ алтынның.

Екіге кеп екі қолмен қалпақтап

Жерде ұшамын жүріп енді талтақтап,

Үш жасымда үйді жарлай жағалап 

Төртке келіп жан-жағыма жалпақтап.

 

Бесте бардым, бақшада өтті алтым да



Онда үйрендім  сөзін қазақ салтында

Жеті жаста мектепке кеп оқыдым

Партаға отырып, кітап тұрды алдымда.

Сегізде ойнап домбырада, қобызда

Ойын қызық, топқа кірдім тоғызда

Онға келіп, адам болып айнадай

Он бір жаста құлақ салдым аңызға.

Он екі жас, бұл жас естен кетер ме?!

Қайта келмес ,сағым болып өтерме?!

Он үш жасым барлығына қош айтып,

Алдағы өмір балғын шаққа жетер ме?

                



Айнагүл БАҚТЫГЕРЕЕВА

Есенсай ОЖББМ-нің  8-сынып оқушысы

                                       Ақжайық ауданы.

Ана


Бала сенің бауыр етің, жүрегің

Ана сені аңсап мәңгі жүремін.

Бала үшін қайғырасың ауырып,

Бала үшін не істемедің білемін.

Жалаң аяқ суды кештің бала үшін,

Түн ұйқыңды төрт бөлдің сен бала үшін

Ана жанын түсінбейді-ау кейбіреулер

Шырылдаған перзентінің қамы үшін.

Барлық адам тағзым етер аналарға ,

Сыйлар оны ақын,патша даналар да

Сондықтанда құрметтейік аналарды,

Жұмақтың кілті біздің аналарда.

                    

Мөлдір ДӘРІБАЕВА

Есенсай ОЖББМ-нің  8-сынып оқушысы

  Ақжайық ауданы.

Мұғалім

Анамдай мені мәпелеп, 

Үйреттің бәрін мұғалім. 

Біліммен бойды өсірген,

Бас ием, саған, мұғалім.

 

Кітапты оқып мен бүгін, 



Жазамын шығарма, өлең де. 

Кеудеме ақыл құятын, 

Мұғалім – күнсің төбемде

    Айсана ИБАТ

Бітік ОЖББМБ-ның 

5-сынып оқушысы., Ақжайық 

ауданы


Сары күз

Сары күз сайын дала,

Сары жапырақ, айнала бәрі сары.

Алтын түс, сәл салқындау

Жүрегімді ауыртады.

                                Диана ЫСМАЙЫЛ

Қызылтал орта мектебінің

 3 «б» сынып оқушысы  Бөрлі ауданы                                                                   

 КҮЗ

Жаз айында жүрдік жайнап,

Көңілдіміз, жарқынбыз.

Сайрандадық, күліп-ойнап,

Келді, міне, алтын күз.

Адена ЕСЕНҒАЛИЕВА

Жаңақала ауданы,

 Көпжасар ауылы

«САМАЛҒА» АРНАУ

Арнаймын бұл өлеңді газетіме,

Газетім көп таралсын өңірде.

Сені оқиды бүлдіршіндер бәрі,

Көз алмайды жас пенен кәрі.

Ішіне небірлерін жазасың,

Сөз маржанын тізіп өзің табасың.

Бөбектердің суреттері бәрі сонда,

Оқиды бәрі де, тисе болды қолға.

Жәния ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,

Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылы



Ұстаз

Ұстазым менің, ұстазым

Айналамды қоршадың.

Білім бердің сен маған.

Иіліп рахмет айтамын.

Ұстазым менің, ұстазым

Білім берген ұстазым.

Ұстаз айтқан сөздерді

Шапшаң жазып аламын.

Ұстазым менің, ұстазым

Оқытқан жалғыз нұр әнім.

Әліппені жаттаттың

Еліктей сені тыңдаймын.

АНАР МЕНДИБАЕВА

№ 44 орта мектептің 4 «а» 

сынып оқушысы

Ұстаз

Көсілсің бе, көңіл құр тұстасы жоқ

Темір асыл тартсың ба – ұстасы жоқ.

Кешпей білгір, оқусыз ғұлама боп

Жанып туған жан бар ма – ұстазы жоқ?!

Бетіңе сен бал бөбектің орап берген

Ең алғаш саусағын да санап берген.

Бертін де ертеңімен еліктіріп

Нәресте қиялына қанат берген.

Өзіңсің ойынын да қалап берген

Құйындай мінезіне тағат берген.

Қайранмын тәліміңе асыл ұстаз

Таудайғып өреңіне талап берген.

ПЕРИЗАТ МҰҚАТ

№ 44 орта мектептің 4 «а» сынып оқушысы



МҰҒАЛІМ

Білім алған өзіңнен

Дәрігер, ұшқыш не ғалым.

Еңбегің зор әрдайым

Ақылшым сен, мұғалім.

САБИНА САМАТОВА

А.Тайманов атындағы 

№ 34 мектеп-гимназиясының

2 «г» сынып оқушысы

Ұстаздарға мың 

алғыс


Ұстаз сөзін тоқып ал,

Ақылды бала боласың.

Ұстаз сөзін тыңдасаң,

Бестік баға аласың.

Айтылғанды ұқпасаң,

Ешкім сені мақтамас.

Тәрбие берген ұстазға,

Айтыңдаршы,мың алғыс!



Елдос ЖАҚСЫҒАЛИЕВ 

   4-сынып оқушысы

 Ұстазым

Алғашқы менің ұстазым,

Қолымды алғаш ұстадың. 

Өзіңсің менің құс бағым,

Білгенім тек менің ұстазым.

Білімді бізге үйреткен,

Ұстазым менің ұстазым.

Алғашында біз үлгі еткен,

Тек қана менің ұстазым!

Балмажан МАРАТ 

 4-сынып оқушысы

Дәмді ас

Анам тамақ пісірді

Азық-түлік жетпеді.

Сосын алды бәтіңке

Салып жіберді көжеге.

Құрттақандай желімді

Қара, қызыл бұрышты.

Тамақ дәмді болу үшін

Үш сағаттай қайнатты.

Кешкі асқа отырдық

Бәріміз біз мәз болдық!

Апам тамақ пісірді

Он саусағы майысып.

ЭЛЬДАР АЛДАБЕРГЕНОВ

А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-

гимназиясының

4 «ә» сынып оқушысы



 Туған тілім

Айнара СЕРІК,   

№1 ЖОББМ-нің 7»а» сынып оқушысы

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы 


№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

16

 Орманда бір қоян жылап отыр екен. Жанына аю келіп: - 

Неге жылап отырсың, - деп сұрайды. Сонда қоян: - Мен тиын 

сияқты ағашқа өрмелеп биікте жүргім келеді, тышқан сияқты 

ін қазып жатқып келеді, - деп жылайды. Сонда аю айтады: - Інде жатпасаң да, ағашқа өрмелемесең де басқалар қызығатын 

өнерің  көп  қой,  -  дейді.  –  Қандай?  –  деп  қоян  таң  қалады.  –  Мен  де  сен  сияқты  қатты  жүгіргім  келеді.  Сен  сияқты  қысты 

көргім келеді. Сен қыста сұр тоныңды аппақ тонға ауыстырып, аппақ қардың бетімен жүгіріп асыр саласың. Қыстың қызығына 

батасың. Жаңа жылды қарсы аласың. Қандай бақыттысың. Ал мен болсам қыс бойы апанда ұйықтап жатамын, - деп көңілсіз 

жауап беріпті.



АИДА СЕРІК

№ 44 орта мектептің 3 «а» сынып оқушысы



Сидагалиева Асем

№34 мектеп-гимназия

3 “г” сынып оқушысы

Ме

Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат 



министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж

№ 9661 – Г куәлігі берілген

Индексі: 65771

Газет айына бір рет  шығады

Таралым 2 500 дана

Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.



 

Бас редактор:



Сүндетов Жұмажан Қадимұлы

Ұялы тел: 8-701-687-58-86

Газет ЖШС 

«

Полиграфсервис



»

 

баспаханасында басылады.



Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1

Тел.: 51-41-99 

Редакция мекен-жайы:

Орал қаласы, пр. Евразия 

89/79, Факс: 26-93-62 

samal-gazets@mail.ru 



№№17-18    

17.09.2014 ж

.

16

Самал сенің газетің

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!,  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



 «Туған жерім,  көрікті!»  аппликация

    ЕСЕНИЯЗОВА ДИЛЬНАЗ

   


 

 М.Б.Ықсанов атындағы  

    №36 ЖОББМ-нің 

       2 «Б» сынып оқушысы

Ұстазыма 

ақ тілек

Менің  ұстазым  -  Марал 

Байдукқызы.  Ол  –  білімді 

ұстаз.  Біз,  Марал  апайдың 

еңбегімен  қазір  жаза  да  оқи 

да  аламыз.  Мен  өз  ұстазымды 

мақтанышпен  айта  аламын, 

ұстаздар мерекесінде апайыма 

бар  жақсылықты  алып  келсін 

деп тілеймін. 



ҚАЙЫРЖАН ОРАЗ

№ 44 орта мектептің 2 «е» сынып оқушысы



АЙДАЙ СҰЛУ АПАЙЫМЫЗ, 

СІЗДІ ШЫН ЖҮРЕКТЕН 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Біздің 



мұғаліміміздің 

есімі 


– 

Қуанышкереева  Айгүл  Жеңісқалиқызы.  Ол 

өте мейірімді, ақкөңіл және әдемі апай. Осы 

біздің  мұғаліміміздің  берген  білім-тәлімінен 

біз көп нәрсе үйреніп жатырмыз. 

Сұлу да көркем, жүзінен мейірім шуағы 

төгілген  апаймыз,  Сізді  ұлы  мерекеңізбен 

шын жүректен құттықтаймыз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіз 

тек биіктен көрінсін. Жанұяңыздан шаттық кетпесін.

Игі тілекпен:№ 19 орта мектептің 

4 «а» сынып оқушылары

ҚҰТТЫҚТАУ!

          Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде 

«Самал»  газетіне  үзбей  жазылып,  газет 

оқырманы  болдым.  Мен  мектеп  бітірсем  де, 

кітапханалардан  алып  бір  мезгіл  газет  бетіне 

үңілемін,  жаңалықтар  іздеймін.  Сүйікті  газетіме 

шығармамды жолдап отырмын. 

  Жүрек жарды ақ тілекпен!

 Ақыл берген, ой берген, білім берген ұстазым 

–  Қанатова  Гүлсім  Жұмашқызын    ұстаздар 

мерекесімен құттықтап, деніне саулық, отбасына 

амандық,  қиын  да  абыройлы  мамандығына 

шығармашылық табыстар тілеймін.

   Көрсетесіз қашанда жасаң қылық,

   Бойыңызға тән сіздің байсалдылық,

   Бізді шыңдап келесіз қажымастан.

   Адалдыққа үйретіп, қайсар қылып.

   Иесісіз ақыл мен өткір ойдың.

   Қабіріңізде жете алмай өтті кей күн,

   Өзіңізді құттықтап мерекемен,

   Шын бақытты болса екен деп тілеймін.

                  



Гүлзат ҒАБДОЛЛА

Сырым ауданы Жалпы Білім Беретін 

Ақырап негізгі мектебінің 2010-шы 

Жылғы түлегі, Батыс Қазақстан

инженерлік-гуманитарлық 

Университетінің Психология

мамандығының 3-ші курс студенті

«ҚҰМЫРСҚА МЕН ШЕГІРТКЕ» ертегісінен

    ҚАРАҚАТ ТӨРЕБАЙҚЫЗЫ

    М.Б.Ықсанов атындағы  

    №36 орта жалпы білім беретін мектептің 2 

«Б» сынып оқушысы

«МЕН  

ЖӘНЕ ӘКЕМ»

БАХТИЯР 

ТАЛҒАТОВ

М.Б.Ықсанов атындағы  №36 ЖОББМ-нің  2 «Б» сынып оқушысы



Бақытжанова Гүлназ

№20 ЖОББМ-ның 

3 “а” сынып оқушысы

Толегенова Алина

№44 ЖОББМ-ның 

1 “г” сынып оқушысы

Тулеуова Ақерке

№44 ЖОББМ 2 “г” сынып оқушысы



Қоян мен аю

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.56 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет