«баланың дамуына логикалық ойынның Әсері» кмқК «Гауhар» бөбекжайы Әлменова Маңғаз Бейсенбайқызы «Ойнай отырып, ойлай білейік»



жүктеу 177.58 Kb.
бет1/2
Дата08.07.2022
өлшемі177.58 Kb.
#20749
  1   2
Әлменова М.Б. баланың дамуынна Логикалық ойынның әсері.

« БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ ӘСЕРІ »

КМҚК «Гауhар» бөбекжайы
Әлменова Маңғаз Бейсенбайқызы
«Ойнай отырып, ойлай білейік» -демекші баланың іс-әрекетінің ерекше бір түрі, ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі ашылады. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау,ойлау, қиялдау,зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Балалармен ойналатын ойындардың түрлері өте көп, соның бірі баланың тікелей дамуына әсер ететін-логикалық ойындар. Логикалық ойындардағы негізгі міндет-балалардың білімін байыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау-шығармашылық әрекеттің негізі болып табылады. Логикалық ойлау адамның интеллектуалдық қабілеттерінің негізін құрайды
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету,баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдықдық деңгейін көтеру.«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді.Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді. 
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Ғұлама ғалым Әл-Фараби өзінің «Логикалық кіріспе»деп алатын трактатында логика өнері сананы әркез қастерлеуден сақтандыратынына, дұрыс ойлауға бастайтын заттардан тұратындығына тоқталып, олар саналы қорытынды жасауда адастырмайтындығын айтқан.Сондықтан логикалық ойлай алу қабілетіне балаларды үйрету өте қажет. Логикалық ойлау ойындарының маңыздылығы сол, баланың мынадай қасиеттері дамып, қалыптасады.

Сезінуі

Салыстыруы



Баланың ойын арқылы даму сатылары



Қабылдауы




Ойлауы




Зейін қоюы

Логикалық ойлауға арналаған қызықты, көп тапсырмалар балаларды талпындырады, мысалы:



«Теңестір» (салыстыруға) «Не артық?» (ойлауға)

«Не жетіспейді?» (ойлауға) «Түстер мен пішіндерді ажырат» (зейінге)


«Қайталап сал» (қабылдауға) «Көңіл-күйін анықта» (сезуінге)




Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Машық. Сергіту;

  2. Балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

  3. Іздену тапсырмаларын орындату;

  4. Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.

  • Көру қабілетін дамытатын ойындар. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.


жүктеу 177.58 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет