БалалықТЫҢ КӨктемi


–  Бұл  қызды  жынды  Қарауылбекке  қосу  керек.  Майы  іркілдеген  оны  басқа  кім  алады?  –  деді мосқал жеңгем. –



жүктеу 0.49 Mb.
Pdf просмотр
бет19/19
Дата16.02.2022
өлшемі0.49 Mb.
#17296
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Аягүл Мантайдың әңгімелері
–  Бұл  қызды  жынды  Қарауылбекке  қосу  керек.  Майы  іркілдеген  оны  басқа  кім  алады?  –  деді

мосқал жеңгем.



–  Әй,  ол  қыз  Қарауылбек  жындының  үйінен  шықпаушы  еді.  Жылбысқының  әкесі  Қарауылбек

жынды болып жүрмесін, деп бірі іліп әкетті.

–  Қайдағы  жоқты  айтпа,  келін.  Семіздігінен  қорынып,  байғұс  қыз  құрбыларына  қосыла  алмады.

Жынды балаға жаны ашып, «ағалап» құрақ ұшатын, – деді ешкімнің артынан ғайбат сөз айтпайтын

Сәбира апам.

– Әлгі жынды Томпақты көрсе жуасып қалатын, – деп қасын керіп, жымиды кербез жеңгем.

– Мүлпаш абысынның иығы еңкіш тартып, қартайып кетіпті. Томпағын ерекше жақсы көруші еді,

– деді Әтіргүл жеңешем.




– Екі қызы күйеуінен ажырасып, үйіне келіп отыр. Томпағы некесіз туып алды. Үлкен ұлы балалы

әйелге  үйленді.  Уайымнан  жүнжіп  кетті  ғой  байғұс  Күлпаш,  –  деп  басын  қинала  шайқады  мосқал

жеңгем.

– Черныйбай қайынаға да күйіктен ішіп, өлді ғой, – деді Әтіргүл жеңгем.

Біздің ауылдың келіндері Қарабай көкемді Черныйбай қайынаға дейтін.

– Баласының атын Бұлт қойғаны несі? Тағы біреуден туып алса, баласының есімін Қар не Жаңбыр

деп қоятын шығар, – деп кербез жеңгем бетін шымшыды.

–  Келін  шырақ,  жаман  сөз  айтпас  болар.  Сенің  де  бетіне  қарап  отырған  жалғыз  қызың  бар  ғой.

Бәріміз  де  қыз  өсіріп  отырмыз.  Өз  қыздарыңның  болашағын  ойлаңдар,–  деп  Сәбира  апам  сыпсың

сөзге құмар жеңгелерімді тыйып тастады.

Ауыл  ішінде  «Томпақтың  баласының  әкесі  Қарауылбек  жынды  екен»  деген  өсек  тарады.  Сол

Томпақ  босанғаннан  кейін  күннен  күнге  азып  бара  жатты.  Дәрігерлер  оның  қатерлі  дертке

шалдыққанын  анықтапты.  Былтыр  ауылға  барғанда  шашы  түсіп,  иығы  қушиып,  сүйегі  көрінген

Томпақты көргенде шошып кеттім.



...Біз оны келеке етіп күлетінбіз. Бірақ тағдырға ешкім күле алмайды екен.

жүктеу 0.49 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет