– Мәледес, Томпақ.
– Халың қалай, Бекежан?
– Оу, Төлегеннің мазасы жоқ қой.
– Актерге не болған? – деп жігіттер Заманды жер етті.
Томпақ шошына қараған.
– Бұларың не? Ол сендердің күні бүгінге дейін достарың емес пе еді? Оны бөлгендерің не? Мен
жәй ашудан айтқаным ғой.
– Томпақ, оны неге кешіресің. Бүкіл балалардың алдында ол сені қорлады ғой, – деді Сумұрын
күйініп.
Айтарын айтса да, сүмірейіп тұрған Заман жаққа жалтақ-жалтақ қарап қояды. Оңаша жерде
зуылдақтың қолына түсіп қалам ба деп қорқады.
– Адам түгілі көктем де мені жылатты. Бірақ менің көзімнен бір тамшы да жас шықпайды? Неге?
Білмеймін... Бүгінде көктемді емес, күзді сағынам, – деді Томпақ қасында тұрған біздерді ұмытып.
Поделитесь с Вашими друзьями: |