БалалықТЫҢ КӨктемi


– Біздің Томпақ гүлдей құлпырып кетіпті. –



жүктеу 0.49 Mb.
Pdf просмотр
бет15/19
Дата16.02.2022
өлшемі0.49 Mb.
#17296
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Аягүл Мантайдың әңгімелері
Біздің Томпақ гүлдей құлпырып кетіпті.


–  Томпақ,  бүгін  кешке  жігітіңмен  кездесесің-ау  деймін.  Жігітіңнің  салмағы  сенің  салмағыңа

сәйкес келе ме?

– Томпақ, бүгін кешке үйіңе барайын, томпаңдап шығасың ба?

– Шіркін, Томпақтың дүрдиген қып-қызыл шие ернінен сүйер ме еді?

– Қасын айтсаңшы, қарлығаштың қанатындай қиылған.

– Төс қандай, бөксе қандай?!

– Шіркін, Томпақтың қыпша белін құшақтап, вальс билер ме едім.

Бура сан қарындас апай төс, палуан жігіттерді болмаса, біз секілді арықтарды қайтсін?

– Хи-хи-хи-хи, бура сан дейсің бе? Тауып айттың, Заман.

Әй, сен осы шынымен артиссің.

– Бура сан? Ха-ха-ха-ха-ха! Бу-у-у-ра... Ха-ха-ха-ха!

Қыздар Томпақтың шаш үлгісі мен киім киісін кекейтіп, мырс-мырс етеді.

Ол:  –  Көктем  ұйқымды  ұрлап,  ай-жұлдыз  сыр  айтып,  сыбырлайды,  –  деп  бәрімізге  үрке  қарады.

Жанары  «сендер  мені  бәрібір  түсінбейсіңдер  ғой?»  деп  тұрады.  –  Көктемді  көп  күттім.  Жүрегім

тоңып жүр.



Жүрек тоңа ма? Томпақтың ғана жүрегі тоңатын шығар? – деп қыз-жігіттер қыран-топан күлкіге

батты.


Білем ғой, менің жаураған жүрегімді ешкім жылыта алмайды.

Томпақ, сені ыстық деміммен жылытар едім, бірақ менің демім сенің жүз килә денеңді жылыта

алмай ма деп қорқам.

Заман тағы да тауып сөйледім бе дегендей масаттанып жан-жағына қарады. Сабақ оқуға ықыласы

жоқ зуылдақ, жіңішке дауысты жігіт Алматыға барып, актердің оқуын оқуды армандайтын.

Өзін  талантты  санайтын  ол:  –  Актерлерге  көп  оқудың  қажеті  жоқ,  көп  оқысаң,  талантың  кеміп

кетеді, – деп пәлсапа соғатын.



Томпақ, сен Алматыға актрисаның оқуына барып түс. Кескін-келбетің де, сөйлеген сөздерің де

актрисаға  ұқсайды,  –  деп  миығымен  мысқылдап  күлді  Заман.  –  Кейде  режиссерлер  көшеден  семіз

жігіттер мен қыздарды іздеп, киносына түсуге шақырады. Бір газеттен семіздігі үшін киноға түсіп,

байып  кеткен  актер  туралы  оқығанмын.  Киноға  түсіп,  көп  ақша  тауып,  шетелге  барып,  мықты

дәрігерлерге көрін. Ақшаң болса, азу түк те қиын емес.

Томпақ: – Семіздіктен қорықпаймын. Ол түк те қорқынышты емес. Тіпті семіздігімнен ұялған да

емеспін.  Сен  секілді  сезімсіз,  жанды  қуыршақтардан  қорқамын.  Жіңішке  дауысты  еркектен  актер

шықпайды.  Олар  күш-жігерін  өсек  айтуға  жұмсап,  бойындағы  бар  талантын  жоғалтып  алады.  Мен

сенен актердің образын емес, өсекқұмар қатынның образын көремін, – деп сыпайы жымиды.

Әлгінде  ғана  Томпақты  келемеждеп  тұрған  қыз-жігіттер  енді  Томпақты  көтермелеп,  Зуылдақты

ермек еткен.


жүктеу 0.49 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет