БалалықТЫҢ КӨктемi


– Томпақжан, неге бәлішіңді жемейсің? – деп сұрайтын. –



жүктеу 0.49 Mb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата16.02.2022
өлшемі0.49 Mb.
#17296
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Аягүл Мантайдың әңгімелері
Томпақжан, неге бәлішіңді жемейсің? – деп сұрайтын.

Апама апарып беремін, – дейтін Томпақ.

Айналайын Томпақжан, бәлішіңді жей ғой. Апаңа да бәліш беремін,

дейтін мейірленіп Жәмилә апам.

Бәлішімді жұрттан бұрын таусып қойып, тағы сұраймын.

Жәмилә апам: – Айка, сен де апаңа апарғың келеді ғой, – дейді.

Өзімнің жегім келгенін қалай айтамын?

Иә, апа... – деймін қызарып.

Жәмилә  апам  бәрімізге  қайта  бәліш  үлестіретін.  Екінші  бәлішті  Томпақтардан  ұзап,  үйге

жақындағанда асығыс жеп аламын.

Мақпал  мектепке  бәліш  апарып,  екеуміз  үзілісте  жейтінбіз.  Жәмилә  апам  мен  Мақпалдың

баяғыдай бәліш бермейтініне ызаландым ба, әлде мақтанғым келді ме: – Әкем бүгін базардан семіз

қой әкеліп, сойды, – деп өтірікті соғып жібердім. – Кешке ми жейміз.

Ми жейтініміз рас. Қалаға бір жұмыспен барып қайтқан әкем қойдың басын әкелген.

Кешке:  –  Қуырдақ  дайын  ба?  –  деп  Жұмаш  пен  Әли  көкем  үйге  кіріп  келді.  Жұмаш  әкемнің

құрдасы. Ажардың әкесі.

Әли көкем: – Жұмаш қуырдақ жеп қайтайық, – деп қоймады деп күлді.

Әли көкем дегенім Мақпалдың әкесі.

– Қайдағы қуырдақ? – деп шешем әкеме, әкем шешеме қарады.

– Бүгін қой сойыпсыңдар ғой?!

Әкем мен шешем «Енді екі көкемнен ми қалмайтын болды-ау» деп мазам қашқан маған қарады.

Әкем көзімен «қызым, жоқ нәрсемен мақтанбас болар» дегенді ұқтырып, басын қынжыла шайқады

да көңілденіп:

– Қуырдақ болмаса да, бас жеп қайтыңдар, – деп шақырусыз қонақтарды дастарханға шақырды.

Ауызғы  бөлмеде  басты  қазаннан  түсіріп  жатқан  шешемнің:  –  Бұлар  да  жұрттың  қазанын  аңдып

жүреді екен, деп күбір еткенін құлағым шалып қалды.

Сығырайған  білте  шамның  әлсіз  жарығы  жалп-жалп  етеді.  Үлкендер  басты  мүжіп,  құр  шайды

сораптап отырып, ауыл-аймақтың әңгімесін айтты.

–  Жанәділдің  ортаншы  ұлы  түнде  көршісі  Бердібектің  сиырын  ұрлап  жатқан  кезде  ұсталыпты,  –

деді Жұмаш көкем.

–  Сұмдық-ай!  Шешесі  қатты  ауырғанда  сол  баланы  Мердібектің  әйелі  емізіп  еді,  –  деді  шешем

қынжылып.



– Бастықтың жылқыларын ұрлаған Сәндібек пен Төлеу екен, – деді Жұмаш көкем. – Сәндібектің

әйелінің  қайтыс  болғанына  жыл  толған  жоқ.  Шиеттей  балаларына  обал  болды.  Байғұсты  қандай

жаза күтіп тұр екен?

– Кім білсін? – деді әкем. – Сәндібек бастықтың ағайыны ғой. Сегіз баласын жылатпайтын шығар?

Бастық дегені – бұрынғы колхоз бастық. Ал колхоздың тарап кеткеніне жыл асты.

Жұмаш көкем: – Шегенің сиырын ұрлаған туған інісі Мәлік екен, – деді.

– Шеге ел-жұртқа күлкі болмайық деп інісінің ұрлығын жасыратын көрінеді.

– Сол әңгімені менің де құлағым шалып еді. Жоқшылық туған мен туыстың арасын алшақтатты.

Ашыққан жұрт туғанының қорасына ұрлыққа түсе бастады. Дүние не болып бара жатыр? – деп басын

шайқады Әли көкем.

Көңілсіз әңгімелер шамның әлсіз жарығындай көкейіңдегі сәулесі аз үмітті жаншып тастайды. «Е-

е, әлі бізге тоя нан жеп, ет қосылған ас ішетін күн алыс екен ғой» деймін ішімнен.

Әкем: Бұл өзі жақсы отырыс болды, деген риясыз көңілмен.

Кешке жарық жарқ етсе, ғарыштан таңғажайып сәуле түскендей қуанамыз. Әлгі жарығы құрғыр

бір сағатқа жетер-жетпес қайта жалп етіп сөніп қалады.

Қызыл иек кемпірлер: Көзіміз енді ашылып қалып еді. Әй, мұны істеп отырған Үкімет емес-ау!

Колхозды  жұтатып  кеткен  Малғат  бастық  қой  ,  деп  қарғап-сілеп  алады.  Жастар  кеш  батса,  көше

кезіп кетеді.

Көрші  ауылдан  балалар  есек  арбамен  су  тасимыз.  Кейде  керісінше,  көрші  ауылдың  тұрғындары

суға  біздің  ауылға  келеді.  Томпақ  піләк  тола  суларды  есек  арбаның  үстіне  атып  ұрады.  Сосын

есектің басынан сипап:


жүктеу 0.49 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет