– Сенің түсің, міне, орындалып жатыр, – деді қабағы жадырап, езуіне күлкі үйіріліп.
– Мен түсімде қап-қап ұн, көп ақ нан көргенмін, – дедім екі қап бидайды қанағат тұтпай.
– Әлі-ақ бұл күндер ұмыт болады. Бұрын етті жиі ассам, «күнде ет жейміз бе?» деп ренжуші едің.
Майлы деп қазы-қартаны мастанып, жемейтінсің,– деді шешем өткен күнді сағына еске алып. – Етсіз
тамақ жемейтін әкең де бұл күніне мойынсұна бастады.
Маған ол күндер ертегі сияқты көрінеді. Әкемнің достары әйелдерімен біздің үйде жиі бас қосып,
ет жеп, әңгіме-дүкен құратын. Біреуміз мектепте өтетін әлдеқандай жарысқа қатысып, мақтау
қағазын алсақ, шешемнің абысын-ажындары келіп, «жуасың» деп қазан көтерткізетін.
– Шіркін, тойып ет жейтін күн болса ғой, – дедім сілекейім шұбырып.
– Ондай күн де туады. Баяғыдай «күнде ет жейміз бе?» деп жыларсың әлі, – деді шешем үмітпен.
Ол күндері балалардың күндегі әңгімесі ақ нан және дәмді тамақ жайлы өрбитін.
Көршіміздің менімен құралпас қызы Мақпал:
Поделитесь с Вашими друзьями: |