– Біздің үйге береке келе жатыр екен. Түнде мен де түсімде нан көріп шықтым, – дейді шешем.
Шешем қаптың түбін қағып, төрт пәтір пісірді. Сонда шын жоқшылықты енді сезінгендей қатты
әбіржіді. Тілдей пәтір нанды әрқайсымыздың алдымызға қойып, өзі талқан жеп отырды.
Кішкентай сіңлім: – Мама, жемесең наныңды маған берші, – деді.
Шешем еркесіне аузынан жырып, өзіне тиесілі нанды берді.
– Жей ғой, күнім.
Алты жасар сіңліме: – Сен мамамның нанын жеп қойсаң, ол аш жатады. Екінші рет сұрама, –
деймін оңашада ертелі-кеш мақтаны арам шөптен тазартып, шаршап жүрген шешеме жаным ашып.
Қайдағы, сіңлім шешемнің тиесілі нанын таңертең де, түсте де, кешке де жеп алады. Бізге шешем
бр тілім нанға қосып, талқанды қара суға шылап береді. Тәтті қосылмаған құр талқанды жей алмай,
тыжырынып жұтамын.
Шешем соңғы тілім нанды тілін тістелеп, беріп жатқан кезде әкем көрші ауылдағы диірменшіден
қарызға екі қап бидай алып келді. Сонда шешем қатты қуанды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |