Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі ата-аналар дайындығы



жүктеу 0.54 Mb.

бет3/4
Дата25.05.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4

 

3.2. Ата-аналар мен балалар арасындағы шыдамдылық қарым-қатынасты тәрбиелеудің 

әдістері мен тәсілдері 

 

Баланы  шыдамды  етіп  тәрбиелеу  үшін  алдымен  бала  ата-ана  қарым-қатынасы  мен  мінезінің 

айнасы  екенін  естен  шығармау  қажет.  Сондықтан,    алдымен  ата-ана  өзі  балаға 

шыдамдылықпен қарау қажет:  

Біріншіден, оны ренжітпеу қажет.  

Екіншіден, оның ойын тыңдап санасуы қажет.  

Үшіншіден, реніштерін кешіріп, ата-ана баладан кешірім сұрай алуы қажет. Бұл өте қиын сәт, 

бірақ сонымен қатар, өте маңызды себебі, балада әділдік сезімі жақсы оянады.  

Төртіншіден,  ұрыссыз  және  дау-жанжалсыз  келісу  қажет.  “Дау-жанжал”  сөз  тіркесінің 

астарында балаға моралды немесе физикалық тұрғыдан зиян “қарсылықтың” мағынасы жатыр. 

Алайда,  күнделікті  өмірде  ой-пікірдің  бір  жерден  шығуы  екіталай.  Бұл  жердегі  ең  тиімді 

шешім баламен үлкен адамдарша сөйлесіп, бір тоқтамға келу.  

Бесіншіден, баланың ар-намысын төмендетпеу – оны төмендетіп немесе қызығушылықтарын 

сыйламау. Алтыншыдан, баланы күштеп оған ұнамайтын іс-әрекетпен шұғылдандыру.  

Шыдамды  баланың  болмысында  жанұялық  стильдің  тәрбиесі  өте  маңызды.  Психологтар 

жанұялық  стильдің  үш  типін  қарастырады:  демократиялық,  авторитарлық  (әміршіл), 



енжарлық.   

Демократиялық  тұрғыдан  бағытталған  ата-аналар  баланың  іс-әрекетінде  алдымен 

тәуелсіздікті  және    тәртіптілікті  бағалайды.  Ата-ана  өзі  балаға  еркіндік  беріп,  өз  бетінше 

әрекет  етуге  жол  береді.  Яғни,  баланың  құқығын  таптамай  сонымен  қатар  міндеттерін  де 

атқаруды талап етеді.  



Авторитарлы  (әміршіл)  ата-аналар  баладан  өзіне  бағынышты  етеді,  онымен  санаспайды. 

Олар  баланың  барлық  өмір  жағдайларын  бақылап,  тыйымдар  мен  кеңестерінің  себептерін 

түсіндірмейді.  Олар  баланың  өмірінің  барлық  этаптарын  қатты  бақылап,  және  кейде  дұрыс 

жасамауы  да  мүмкін.  Мұндай  жанұялардағы  балалар  әдетте  тұйықталып,  ата-аналармен 

қарым-қатынасы  бұзылады.  Ең  ауыр  жағдай  селқос  және  мейірімсіз  ата-аналар.  Мұндай 

жанұлардан  шыққан  балалар  көбіне  адамдарға  сенімсіздікпен  қарайды,  қарым-қатынаста 

ауыртпашылықты сезінеді, махаббатқа зәру болғанымен кейде өздері де мейірімсіз болады.  


23 

 

Немқұрайлы  ата-ананың  балаға  қарым-қатынасы  жанұялық  қарым-қатынаста  келеңсіз  тип 



болып табылады. Мұндай жанұяда балаға барлық іс-әрекетті жасауға мүмкіндік береді, ешкім 

де баламен жұмыс жасамайды. Баланың тәртібі бақыланбайтын болады.   Гиперопека (әдеттен 

тыс  қамқоршылық)–  балаға  шектен  тыс  артық  қамқорлық  жасау,  оның  өмірін  аса  бақылау. 

Мұндай  жанұяда  тәрбиеленген  бала  селқос,  жалтақ,  өзінің  құрбыларымен  қарым-қатынас 

жасағанда қиындықтарды сезінеді.   

Баланың өзін-өзі адекватты бағалауы жанұялық тәрбиенің жағдайы мен стиліне байланысты, 

ягни оның теңбе-тең немесе теңбе-тең емес мінез-құлқы анықталады.  

 



Өздеріне  қанағаттанбайтын  балалардың  өзін-өзі  бағалауы  төмен  болады.  Мұндай 

балаларды  көбіне  ата-аналары  төмендетіп  отырады  немесе  алдарына  жоғары  мақсат 

қояды. Бұл жағдайда бала көбіне ата-ананың қойған талаптарына сай емеспін деп өзін 

бағалайды.  Кейде,  мұндай  жағдайлар  баланы  өте  жиі  қолпаштап  себепсіз  әр  түрлі 

сыйлықтар беретін, немесе кішкентай жетістіктерін мақтап отыратын жанұларда орын 

алады.   

 

Адекватты бағалауды тәрбиелеу үшін баланы мақтайтын және жазалайтын икемді әдіс 



қажет. Баланың көзінше таңдану мен оны мақтау іске асырылмайды. Жақсы істері үшін 

сыйлықтар берілмейді. Шектен шыққан жазалау қолданылмайды.  

 

Егер  ата-анадан  балаға  әрдайым  қанағаттанбаушылық  көрсетілсе,  балада 



қобалжушылық  сезімі  пайда  болады.  Жоғары  қобалжушылық  тұрақты  сезімге 

айналады.  Егер  ата-ана  баласын  жиі  кемсітіп,  оның  кемшіліктерін  әрдайым  айтып 

отыратын  болса  балада  өзіне  өзі  сенімділік  төмендейді.  Өзіне  өзі  сенімділік 

төмендегендіктен  баланың  сабаққа  деген  ынтасы  төмендейді.  Өзіне  өзі  сенімділігі 

төмендеген сайын баланы болымсыз ерекшеліктерге итермелейді: тек қана үлкендердің 

айтуымен  жүру,  белгілі  бір  үлгіге  еліктеп  айту,  қорқақтық  негізінде  өзіндік  бастама 

жасамау, білім алуды және іс-әрекет түрлерін жасауды 

формальды

 

қабылдау


 



Екінші  тип  –  демонстративті  (қыр  көрсететін),  яғни  өзіне  деген  назарды  аударту. 

Көбіне  мұндай  балаларға  назар  көп  аударылмағандықтан  немесе  жетістікке  жетем 

деген үлкен талаптан болады. Кейде балаға жеткілікті түрде назар аударылады, бірақ ол 

онымен қанағат тұтбайды. Өзіне деген назардың қатты және өте жиі болуын калайтын 

балалар  көбіне  ерке  болып  келеді.  Мұндай  балалар  қай  жағдайда  болмасын  өзіне 

назарды аудартады.    

 

Үшінші  тип  –  «шынайылықтан  кету».  Бұндай  жағдайда  балалар  өздеріне  назарды 



аударғанын қалайды бірақ қорқыныш сезімінің арқасында оны жүзеге асыра алмайды. 

Олар көп назарға түспеуге тырысады, өзінің тәртібі арқылы жағымсыз болып көрінуден 

қорқып,  ата-ананың  барлық  талаптарын  орындайды.  Назар  аудармашылық  селкостық 

күйге әкеледі.  

Шыдамдылық  тәрбиенің  балада  өсуінің  педагогтар  мен  психологтар  қандай  әдістері  мен 

тәсілдерін ұсынады?  

Мұндай әдістер көбіне қарым-қатынас мәдениетін дамытуға қолданылады.  

Қарым-қатынас  құрылымында  қарым-қатынастың  негізгі  мазмұны  анықталады:  ақпаратты 

жеткізу,  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынасы  және  тануы.  Ақпаратты  жеткізу  қарым-

қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде қолданылады, адамдардың бір-бірімен түсінісуі 

және тануы. Сондықтан адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болуы қажет, оларға өзінің ойын 

басқа біреулер түсінуі үшін дұрыс жеткізе алуы қажет.    



24 

 

 



 

Соңғы  онжылдықта  психологтар  қызықты  жаңалық  ашты.  Баланың  жақсы  дамуы  үшін 

баланың  ата-анасымен  қарым-қатынасы  өте  маңызды  болып  табылады.  Медициналық 

тұрғыдан  дұрыс  ем  алған  және  дұрыс  және  уақытылы  тамақтанып  отыратын  бірақ  ата-

анасымен  қарым-қатынасы  жоқ  баланың  психикалық  және  физикалық  тұрғыдан  дамуы 

төмендейді.  Ол  салмақ  жоғалтады,  өмірге  деген  қызығушылығы  болмайды,  туыс-

бауырларымен  жақын  қарым-қатынаста  болмайды,  достаса  және  сүйе  алмайды.  Өзін  ортада 

таба алмай, өмірде жаңылысады. 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей баланың үлкендермен қарым-қатынасты түзеуге болады, егер 

жанұяда белгілі қарым-қатынастың стилі табылса.   

Психологтардың  ойынша,  қарым-қатынастың  жанұялық  стилі  ата-аналар  арқылы 

беріледі.

 

Тәрбиенің  жолдары  мен  әдістері  балаға  мүлтіксіз  беріліп  отырады.  Кейінірек  ата-ана  өзін 



қалай  тәрбиеледі,  солай  етіп балаларын  да  тәрбиелейді.  Кейбір ата-аналар  өздеріне  берілген 

тәрбиенің дұрыс  еместігін  түсініп,  жақсы  жағына  қарай  тәрбиелей  бастайды.  Ал  кейбір  ата-

аналар бұл тәрбиенің бұрыс екендігін түсінгендігімен оның дұрыс жолын таба алмайды. Ата-

аналар  жиі  тәрбиенің  барлық  варианттарын  қолданып  көргенімен  ешқандай  нәтиже 

шықпайтынын  айтады.  Бұл  жағдайда  қарым-қатынастың  қарапайым  түрін  қолданған  дұрыс. 

Баламен  дұрыс  қарым-қатынас  жасау  баланың  өзіне  деген  сенімділігін  арттырып,  намысы 

жоғарылайды.  Барлық  жаста  бала  өзінің  өмірі  жайлы  ата-анасына  еш  қорқынышсыз  бөлісе 

алуы қажет. Бұндай жетістіке қалай жетуге болады?    

 

Бала  қандай  болса-солай  қабылдау  қажет.  Баланы  сыртқы  немесе  ішкі  жан-дүниесі 



арқылы емес оның осы өмірде бар екендігі үшін жақсы көру қажет. Балаға оның ата-ана 

үшін өте маңызды және қымбат екендігін қорықпай айтып отыру қажет. 

 

Қарым-қатынасты  тек  ақпаратты  алу  немесе  беру  үшін  қолданбаңыз.  Қарым-қатынас  – 



баланың ойын тыңдап, эмоционалды жағдайын түсіну. Егер сіздің қолыңыз тимей жатса, 

25 

 

он тыңдап тұрғандай кейіп танытпаңыз. Оған қолыңыздың тимей жатқанын және онымен 



кейінірек сөйлесетініңізді айтыңыз.  

 



Баламен  қарым-қатынасты  оны  бөлмеуге  тырысыңыз,  оның  көзіне  қарап  күлімсіреп 

отырыңыз.  

Бұндай ережелер ата-ана баланы тәрбиелейдің алғашқы сатыларынан бастап қолданса жүзеге 

асырылады.  Бірақ  та  психологиялық  сауалнамаға  жүгінсек  көптеген  ата-аналар  бала 

тәрбиелеудің  теориялық  жағын  қанағаттандыра  алмайды.  Бұл  жағдай  ата-анаға  жаңа 

практикалық дағдының жетіспегендігінен, өзін-өзі қолға алмағандығынан болады. Көмекті қай 

жерден іздеу қажет?  

Заманауи  психологтардың  пайымдауынша  ата-анаға  көмек  ретінде  коммуникативті  білім 

бағдарламалары,  яғни  ата-аналарға  арналған  курстар.  Курстарда  ең  басты  мақсат  ата-

аналардың  балалармен  қарым-қатынас  стилін  әдістері  мен  тәсілдерін  анықтау  болып 

табылады.   

Он жылдықтар шамасында көптеген елдерде балалар мен ата-аналар арасындағы курстар бар. 

Бұндай  курстардың  оң  нәтиже  беретіндігі  сондай  жеткіншек  шақтағы  бала  мен  ата-ана 

арасында қарым-қатынас жеңіл өтеді. Ата-аналардың пайымдауынша курстар арқылы баланы 

тәрбиелеуде жақсы жетістіктерге жеткендіктерін айтады.  

Баланы  тәрбиелеуде  тағы  көмек  ретінде  жанұялық  консультация  да  бар.  Бұнда  жанұяның 

барлық  мүшелері  қатысады.  Жанұялық  консультация  көбіне  қарым-қатынастың  кішкентай 

тренингі ретінде өткізіледі, яғни бұл жерде жанұяның барлық мүшелері қосылып бір-бірімен 

қиын  жағдайларды,  қарым-қатынасты  талқылап,  оның  шешімін  іздейді.  Психолог  жақсы 

жағдай  туғызып,  қарым-қатынастың  дұрыс  тәсілдерін  үйретеді.  Психологтың  көмегімен  ата-

ана баламен түсініп, дұрыс қарым-қатынасты орнықтырады. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

26 

 

4-



бөлім. 

Тренингке 

байланысты 

практикалық 

материалдар 

«

Шыдамдылықты дамытуда коммуникативті дағдының ролі»  

Кіріспе 

Адамның  психикасының  дамуында  қарым-қатынас  үлкен  рөл  атқарады.  Психологиялық 

тұрғыдан  жақсы  дамыған  адамда  ойлаудың  барлық  жоғары  түрлері  мен  мүмкіншіліктері 

көрінеді.  Тұлғалық  қарым-қатынас  адамды  тұлға  ретінде  қалыптастырып,  оның  мінезінің, 

қызығушылықтарының,  әдеттерінің,  өмірдегі  мақсаттары  мен  оны  жүзеге  асыратын 

формаларын жасайды.  

Берілген  материалдар  «Толеранттылықты  дамытудағы  коммуникативті  дағдының  ролі» 

презентациясында, «ЖҚОО тәжірибесінен балаларды, жастар мен ересектерді толеранттылық 

дағдыларына тәрбиелеу» семинарында,  «Қазақстанда білім барлық үшін» Қауымдастығымен 

ұйымдастырылған, 

ЮНЕСКО-ның 

(

Біріккен 



Ұлттар 

Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі  Ұйымы)

 

 

қолдауымен,  Алматы,  2014ж 



маусым айы. 

Қарастырып  отырған  сұрақ  презентацияның  мәтінінде  көрсетіліп  отырғандай  (  п.  4.1.),  ал 

жинақта аталған семинар бойынша практикалық жаттығулар мен тапсырмалар келтірілген.  

«Практикалық  материалдар…»  жинаққа  презентацияны  көрсету  және  өткізу  үшін 

қолданылған.   

4.1. «

Шыдамдылықты дамытуда коммуникативті дағдының рөлі» 

(«

ЖҚОО  тәжірибесінен  балаларды,  жастар  мен  ересектерді  толеранттылық  дағдыларына 

тәрбиелеу»  семинарында,  «Қазақстанда  білім  барлық  үшін»  Қауымдастығымен 

ұйымдастырған, 

ЮНЕСКО-ның 

(

Біріккен 



Ұлттар 

Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі  Ұйымы)

 

 

қолдауымен,  Алматы,  2014ж 



маусым айы. 

 

Слайд 1. Қарым-қатынас түсінігі 

Қарым-қатынас - іс-әрекет формасы, яғни адамдардың бір-бірімен эмоционалды тұрғыда 

сөйлесуі.  

Қарым-қатынас қызметі: өзін-өзі тану, адамдардың дамуы,  ақпаратпен ролдермен алмасу, іс-

әрекетті ұйымдастыру және қолдау көрсету.  

Слайд 2. Коммуникативті процестің моделі: 

КІМ? Ақпаратты жеткізеді – коммуникатор;  

НЕ? беріледі – хабарлама; 

ҚАЛАЙ? Ақпарат беріледі  – белгілі ақпарат каналы арқылы;  

КІМГЕ? Хабарлама берілген – аудиторға; 

ҚАНДАЙ ӘСЕРМЕН? – нәтиже. 



Слайд 3. Қарым-қатынас құрылымы: 

27 

 

1. 



Коммуникативті  –  ақпаратпен алмасу  – вербалды қарым-қатынас (ауызша,  жазбаша) 

және вербалсыз қарым-қатынас (кинесетика – дене қимылдары, мимикалар,  проксемика – 

ауада және уақытпен ( пунктуальдық), экстралингвистика – күлкі, жылау, жөтелу, паузалар…,  

паралингвистика – дауыстың сапасы, (үлкен, төмен),  вокализация.   «Ақпаратпен алмасу» бір 

тілде сөйлесу, яғни айтылған ақпаратты басқа адамның дұрыс түсінгені.  

2.

Перцептивті. – бірін-бірі қабылдау процесі. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста сыртқы, 

ішкі, мүмкіншіліктерін, мақсаттарын, эмоцияларын байқайды. Басқа адамның тәртібі арқылы 

оның сыртқы белгілерін оқимыз.   

3. Интерактивті. – қарым-қатынастың стратегиясын, тактикасын және процедураларын 

құрайды.  



Слайд 4. Перцептивті қарым-қатынастың механизмдері:  

Идентификация(сәйкемтендіру) - өзіңді біреудің орнына қою. Яғни, белгілі бір жағдайда 

өзіңді партнердың орнына қою арқылы оны түсіну.    

Эмпатия  – позитивті эмоционалды түсіну, оны қолдау. 

Рефлексия – басқа адамды қабылдай алу.  

Интерпретация «түсіндіру)– басқа адамның тәртібінің себебін түсіну (немесе  атрибуция )  

Қарым-қатынас аттракциясы – қарым-қатынас партнеры үшін адамның өзінің жеке әдемілігін 

құрауы.   



 

Слайд 5. Интерактивті қарым-қатынастың стратегиясы: 

кооперация  (бірге жұмыс жасау),  

ассоциация  (бір мақсат, әр түрлі іс-әрекет),  

үйренісу  (басқа топ арқылы мақсаттың берілуі),  

оппозиция  (басқа топтың мақсатын қабылдамау),  

бәсекелестік  (бақталастық, дау жанжал). 

 

Слайд 6. Қарым-қатынас құралы:  

экспрессивті – мимикалық: көру, мимика (ымдау), қолдың және дененің қозғалуы, дыбыстың 

дұрыстығы;  



заттық іс-әрекет – ауадағы дененің қозғалысы (жүзу, жүру, секіру, еңбектеу, ұшу); заттық іс-

әрекет ;  қарым-қарым құралы ретінде қолданылатын позалар; жақындау, жою, затты 

табыстау, өзіне тарту немесе өзінен алыстату; қарсылықты білдіретін позалар);   

сөйлеудің  қарым-қатынас құралы (айту, сұрақтар, жауаптар, қақпақылдау).  

Қарым-қатынас құралдары негізгі коммуникативті құрылымдарды құрайды.  



Слайд 7. Қарым-қатынастың деңгейлері: 

 



Кеңістікте және уақытта тұспалдау, назар аударту  

 



Үйлесімділікті іздеу (ақпарат көлемі, темп бойынша., көңіл-күй, позиция),  

28 

 



 

Ақпарат алмасу,  

 

Фактілерді бағалау,  



 

Проблемалы жағдай,  



 

Шешім қабылдау. 



 

 

Слайд 8.  Тапсырма 1. Есту және тыңдау. 3 микро топтарда жұмыс (толық 1 тапсырмадан 

көріңіз «Практикалық материалдар», п. 4.2. жинақ). 

 

Слайд 9Бір-бірін дұрыс қабылдауға және бағалауға кедергі жасайтын ықпалдар: 

 

Қарым-қатынас жағдайларын келесі белгілер арқылы айқындау: мақсаттар, дәлелдер, 



тәлім-тәрбие түрлері мен мақсаттары үйлесімділігі, жағдайға байланысты көңіл күй. 

 



Алдын-ала берілген мақсаттар 

 



Бағалау таптаурыны (стереотип) 

 



Алдын-ала қорытынды  

 



Тыңдай алмау қабілеті 

 



Өз ойын өзгерте алмау 

 

Слайд 10.  Активті тыңдау кезінде жасауға болмайтын іс-әрекет.  

 

Ақыл беру 



 

Әңгімелесу кезінде тақырыпты өзгерту 



 

сөйлесіп тұрған адамға баға беру  



 

өз тәжірибесі бойынша әңгімелесу  



 

Слайд  11.  Активті тыңдаудың негізгі қағидалары: 

 



Дене тілі: Сөйлесіп отырған адамға тіке қарап, кішкене алдыға қарай иіліп, көз арқылы 

байланысу  

 

Мадақтаудың дыбыстары мен ишараттары: басты шайқалту, жақсы күлкі.  



 

 



Анықтайтын сұрақтар: “Сіздің айтуыңыз бойынша?” 

 



Формулировка жасау:  Естіген ақпаратты мағынасын өзгертпей  басқа сөздермен 

қайталап жеткізу.  

 

Слайд 12. Тапсырма 2. Айту, тыңдау немесе түсінік айту – қайсысы қиынырақ? Жұппен 

жұмыс жасау (толық тапсырма көріңіз «Практикалық материалдар», п. 4.2.). 

Слайд 13. Тапсырма  3. Қарым-қатынас кезінде ақпаратты неге дәлме-дәл беру қажет? 

микротоптарда жұмыс. (толық тапсырма 3 «Практикалық материалдар», п. 4.2.). 



Слайд 14. Дау-жанжал 

Дұрыс жеткізілмеген немесе талқыланбаған ақпарат дау-жанжалға әкеліп соқтыруы мүмкін.  

Біздің әрқайсысымыз дау-жанжал жағдайларымен күнделікті өмірде кездесіп отырамыз.  

Адамдар арасында дау-жанжал жағдайлары кездесіп отырады. Бұл жерде еш таңқаларлық 



29 

 

жағдай жоқ. Американдық психолог Б.Вулдың айтуы бойынша: “өмір бұл шексіз дау-



жанжалдарды шешуден тұрады. Адамзат одан қашып құтыла алмайды. Адам тек оны шеше 

алады немесе дұрыс шешім табуды ізденіп, немесе оны басқа біреуге тапсыра алады”.    



Слайд 15. Дау-жанжал түсінігі және құрылымы   

Дау-жанжал бұл екі қарама-қарсы мақсаттағы адамдардың жағдайы. Латындық етістіктен 

қарсы шығу деген мағынаны білдіреді.  

Дау-жанжал құрылымы: 

1.

 

 



Дау-жанжал объектісі (себеп); бағалау – бұл дау-жанжалдың ең негізгі объектісі (дау-

жанжал туғызатын жақтар көбіне қоғамдық, материалды, ішкі жан-дүниені қозғауы 

мүмкін); 

2.

 



Дау-жанжалға қатысушылар,   

3.

 



Дау-жанжал жағдайы, қоғамдық орта, дау-жанжал шарты;  

4.

 



Жағдай (екі жақтың дау-жанжал іс-әрекеті) 

5.

 



Дау-жанжалды субъективті түрде қабылдау және оның элементтері.  

 

Слайд 16. «Дау-жанжалды субъективті түрде қабылдау» деген не?  

Иммануил Кант:  «Біздің біліміміз тек қана объективті табиғатымызды ғана көрсетіп қоймай 

сонымен қатар санамызды да көрсетіп отырады. Сондықтан шынайы өмірді қабылдау оны 

көруде біраз сәйкестіктер болмайды. Осыдан кейде дау-жанжалдар шығып жатады.  

Слайд 17. Дау-жанжал жағдайларының себептері және адамдар арасындағы қарым-

қатынас  

 



Кездесу кезінде сөйлесіп тұрған адам тіке қарамай көзін жан-жаққа қашыртып тұрады. 

Ыңғайлы қарым-қатынастың жағдайы бұзылады, Адам сөйлесушімен әңгімесін бұзады. 

Әңгіме үшін формалды тақырыптар таңдайды- ауа райы т.б.  

 



 

«СЕН – хабарлама». 

Сіздің жұмысыңыз туралы сұрамайды, өзінің мәселелері туралы сөйлеспейді.   

 



Ұрысады, әр сөзге мән береді.  

 



Кешігеді немесе жиналысқа келмейді.  

 



Сізді "сыртыңыздан" сынайды. 

Сізді сөгіп, намысыңызға тиеді.   

 

Көңіл-күйін бақылауды өзін-өзі ұстай алмайды.  



 

 

Слайд 18. Тапсырма 4.  «Мен/СЕН – хабарлама дау-жанжалға қалай әсер етеді? 

топтан құрылған жұмыс (толық тапсырма 5 «Практикалық материалдар»,  п. 4.2.). 

 

Слайд 19. Тапсырма  5.  Дау-жанжалды қалай дұрыс шешуге болады?   

 

«Айсберг (мұзтау)» жағдайы. Кішкене топтарда жұмыс  (толық тапсырма 4. «Практикалық 



материалдар»,  п. 4.2). 

 

 



30 

 

4.2. Практикалық материалдар 





тапсырма.  Белсенді тыңдау: Есту және тыңдау. 

Шағын топтардағы жұмыс: 

 

Тыңдап отырған адамның күйін көрсету.  

Қағаз бетінің сол жақ бағанасына «мұқият», белсенді тыңдаудың белгісін жазу.  

Оң жақ бағанаға тыңдамай отырған адамның күйін бейнелеу.  

Топтың ұсынған нұсқаларын талқылау. 

Қағаздың орта жағына белсенді тыңдау кезінде жасауға болмайтын, немесе осындай тыңдау 

кезінде кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жазу.  

 



Кеңес беру 

 



Әңгіме тақырыбынан ауытқу 

 



Сөйлеп отырған адамға, сын, баға беру 

 



Сөзін бөлу 

 



Өз тәжірибесі туралы айту 

Пікірталастың нәтижелерін жалпылау. 



 

Белсенді тыңдаудың негізгі қағидаттары: 

Дене тілі: сөйлесіп отырған адамдарға қарап отырасыз, алға қарай сәл иіліп, көзбен байланыс 

орнатасыз.  



Құптауды білдіру дыбыстары мен дене қимылдары: басты изеу, жымию, «дәл солай» және 

т.б. 


Айқындау сұрақтары: «Сіз ...... дегіңіз келіп тұр ма?» 

Ойды  қайта  тұжырымдау:  естіген  ақпараттың  мәнін  жоғалтып  алмай  оны  басқа  сөзбен 

қайталау. 

 

2 тапсырма. Қайсысы қиындау – сөйлеу, тыңдау немесе қайта айту ма? 

Жұппен жұмыс жасау 

Жұптағының  біреуі  екіншісіне  2  минут  бойына  өзінің  басынан  өткен  соңғы  жағымды 

өмірлік/кәсіби/тұрмыстық  жағдайларды  айтады.  Екінші  адам  айтылғандарды  қайта  айтып 

береді. Сонан-соң екі жақ рөлдерін ауыстырады.  

 

Шарттарды сақтау: 



 

Өзі туралы жаман айтпау 



 

Дене қимылдары туралы ұмытпау 



 

Талқылауға арналған сұрақтар: 

 



Жаттығулардан қандай әсер мен сезім алдыңыз? 

31 

 



 

Іс-әрекеттердің  қайсысын  жасау  жеңілдеу  болды  –  сөйлеу,  тыңдау  немесе  қайта  айту 

ма? 



 



Барлығы да Белсенді тыңдау қағидатын ұстанды ма? 

 



Сіз өміріңізде осы қағидаттарды ұстанасыз ба? 

 



Айтылған қағидаттардың бұзылуы шиеленіске әкелуі мүмкін бе? 

  



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал