Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі ата-аналар дайындығы



жүктеу 0.54 Mb.

бет2/4
Дата25.05.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4

ЖҚОО  –  бұл  қосымша  (формальді  емес)  ресурстық-оқыту  орталықтары  жан-жақты 

қажетті  мәліметтер  береді  және  жергілікті  –  қала  немесе  ауыл  тұрғындарына,  жергілікті 

ұйымдардың  дамуына  ұйым  мүшелерінің  қажеттілігіне  байланысты  бағытталған  әртүрлі 

оқыту  іс-шаралары  (мәдени-сауықтыру,  экологиялық  және  т.б.)  өткізіледі.  Бұл  орталықтар 

әртүрлі жастағы адамдарға үздіксіз жалпы және кәсіби білім беру қызметін қамтамасыз етеді, 

оларға  білім  беруді  және  оны  іс-жүзінде  қолдануды,  өмірлерінің  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайлары сапасын жақсартуға атсалысады. Бұл жерде білім деңгейін жоғарылату, біліктілік, 

кіріс,  психологиялық  және  әлеуметтік  бейімделу,  денсаулығын  жақсарту,  қоршаған  ортаны 

сақтау, өнер мен мәдениеттің дамуы сияқты тіршілік іс-әрекет аспектілері айтылады. Отандық 

және  халықаралық  тәжірибеде  көрсетілгендей,  мұндай  орталықтар  халықтың  өзін-өзі 

басқаруына және шешімін жүзеге асыруға көмектеседі және халықпен тығыз қарым-қатынаста 

болудың кең тараған түрі болып табылады. Бұл жағдайға өту барысында нарыққа икемденуге 

және құзіреттілікке, үнемі қоршаған ортаға сенімді түрде бейімделетін  халыққа көмектесуге 

және  бірінші дәрежелі  мағынаны игеруге жетелейді. 

Қазақстанда бұл 2002 жылдан бері «Қазақстанда білім барлық үшін» Қауымдастығымен 

Бангкоктағы 

ЮНЕСКО–ның 

(Біріккен 

Ұлттар 

Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі  Ұйымы)  және  Алматыдағы    ЮНЕСКО–



ның  (Біріккен  Ұлттар  Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі  Ұйымы) 

қолдауымен  құрылған  жоба.  Республикада  7  ЖҚОО  құрылған,  оның  ішінде    Жамбыл  және 

Алматы  облыстарында  6  орталық:  Ескелі  ауданы  Қарабұлақ  ауылында,  Сарқанды  ауданы 

Аманбөктер  ауылында  (2003ж.),  Іле  ауданы  Өтеген  батыр  ауылында,  (2011ж.)  Алматы 

облысы,  Ноғайбай  ауылында,  Сортөбеде,  Қордай  ауданы  Қордай  ауылында  және  Жамбыл 

облысы Тараз қаласында (2003ж.) және біреуі Қарағандыда (2004 ж.) бар.  



ЖҚОО  бағдарламасының  басты  арнаулы  тобы  әртүрлі  себептермен  толық  білім  ала 

алмаған  адамдар  (мысалы,  мектепке  дейінгі  балалар,  мектепке  бармайтын  балалар, 

жұмыссыздар, жалғыз басты және көпбалалы аналар, жұмыссыз жастар, оралмандар, мүгедек 

және  қарт  кісілер).  Қазіргі  таңда,  бұл  топтардан  басқа,  орталық  қызметін  фермерлер, 

ауылшаруашылық басшылары, жергілікті жалпы және кәсіби білім беру мекемелерінің білім 

алушылары,  әртүрлі  білім  саласындағы  өз  білімі  мен  құзіреттілігін  дамытып,  жаңалап 

жүргендер пайдалануда. Төрт Орталық үкіметтік емес және коммерциялық емес мекемелерге 

тіркелген. Қалғандары жергілікті әкімшіліктің және халықтың қолдауымен  жұмыс жасайтын 

қоғамдық мекемелер. 

Орталық  жұмысының  кілті  жергілікті  халықтың  сұранысының  нәтижесі  мен  есебінен, 

және  де  тұтастай  оқыту  бағдарламасымен,  «Қазақстанда  білім  барлық  үшін»  қауымдастығы 


10 

 

басшылығының  ұйымдастырылуымен,  ЖҚОО  менеджерлері  мен  тренерлерінен  құралған. 



Бағдарлама тақырыбы орталықтың жұмысшыларын қосқанда және жергілікті халықтың білім 

алу  мұқтаждықтарының  нәтижесімен  анықталды.  Білім  алушылардан  басқа,  бұл  спектрдің 

қызметін  көрсетуде  маңызды  орынды  жергілікті  халықтың  жоғары  қызығушылығын 

арттыратын  жалпы  мәдени,  сауықтыру,  экологиялық,  құқықтық  және  т.б.  бағдарламалар 

алады.  ЖҚОО-да  өткізілетін  бағдарламалар  мен  мерекелік  шаралардың  едәуір  бөлігін 

тәрбиелік  мағына  алады.  Мысалы,  «Өмірлік  дағдылардың  дамуы»,  «Жастар  мен 

жасөспірімдердің  психологиялық  бейімделуі»,  «Би  үйірмесі»,  «Экологиялық  қызмет»    және 

т.б. сол сияқты бағдарламалар. 

2012  жылдан  бері  Орталықта  Бангкоктағы  ЮНЕСКО  (Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет 

жөніндегі  Ұйымы)

 

құрамына  енген  «ЮНЕСКО 



басшылығының  ата-аналарға  педагогикалық  білім  беру  жағынан  нығаюы  жергілікті 

ұйымдардың  орталық  арқылы  оқып-үйренуі»  атты  бағдарлама  жұмыс  жасайды.  Бұл  жоба 

аясында  «Қазақстанда  білім  барлық  үшін»  қауымдастығының  сарапшылары  Бангкок-

ЮНЕСКО  және  Алматы-ЮНЕСКО  (Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Білім,  Ғылым  және 

Мәдениет

  

жөніндегі  Ұйымы)



 

қолдауымен  ЖҚОО  басшылары  мен  тренерлеріне  жоғарыда 

айтылған  басшылықтың  ата-аналармен  жұмыс  жасау  барысында  туындаған  сұрақтары 

негізінде  3  оқу  семинарлары  өткізілді.  Бұл  тренингтардың  материалдары  Орталықтың 

практикалық әрекетінен балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты істер және ата-аналар 

мен  басқада  тұлғаларға  бағытталған  психологиялық-педагогикалық  курстар  мен  семинарлар 

болды.    ЖҚОО-ның  маңызды  және  актуальді  жұмысының  кезекті  логикалық  жалғасы  бар 

баспалдағы  ата-аналарға  арналған  балалар  мен  жасөспірімдердің  толеранттылық  қасиетін 

қалыптастыру  бағдарламалары  болуы  ықтимал.  Орталықтың  басшылары  мен  тренерлерінің 

сұранысының  нәтижесінде  көрсетілгендей  (сәуір  2014ж)

 

«Сіздің  ауданыңыз\ауылыңыздың 



халқы  үшін  толеранттылық  тәрбиесінің  дамуының  мағынасы  қандай»  деген  сұрақтың  4 

жауабынан,  жауап  берушілер  (1.Өте  маңызды.  2.Маңызды.  3.Маңызды  емес.  4.Ешқандай 

мағына  бермейді.)  біріншісін,  яғни,  «өте  маңызды»  деген  жауабын  таңдады  (1-Қосымшаны 

қараңыз).  Осы  жобаның  арқасында  біздің  орталықтың  басшылары  мен  тренерлері  ата-

аналармен  тығыз  байланыста  және  жергілікті  халықтың  тұтас  топтарының  толеранттылық 

тәрбиесінің дамуының қалыптасуына, тәрбиелік әлеуетін кеңейтуге жақсы негіз бола алады. 

 

 

2.2. 



ЖҚОО  тәрбиелік  жұмыстарының  Қазақстандағы  Алматы  және  Жамбыл 

облыстарындағы тәжірибесі 

 

Көрнекілік мысал ретінде, ЖҚОО балалардың білімі мен тәрбиесіндегі иллюстрациялық 



мүмкіндіктер,  жастар  мен  ересектер,  ЖҚОО  фасилитаторларының  презентацияларының 

материалдарына  қарайтын  болсақ,  олар  –  Ким  Галина  Викторовнаның,  Алматы  облысы, 

Ескелді  ауданы,  Қарабұлақ  ауылындағы  ЖҚОО,  Эрса  Амина  Мусаровнаның,  Жамбыл 

облысы,  Қордай  ауданы,  Сортөбе  ауылындағы      ЖҚОО  -  Полывода  Светлана 



Гавриловнаның, Тараз қаласындағы ЖҚОО - Арай клубының тренерлері болып табылады.  

 

Алматы облысы Ескелді  ауданы  Қарабұлақ ауылындағы ЖҚОО.  

ОРТАЛЫҚ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ЖАЛПЫ  МАҚСАТЫ:  өмір  сапасын  жоғарылату  әрекеті  және 

өмірдегі қоғамдастыққа жергілікті халықтың қатысуы. 


11 

 

Тәрбиелік  жұмысының  мақсаттары:  балалар  мен  жасөспірімдер  арасындағы  жігерлілік 

тәрбиесі, шығармашылық ойлау қабілеттері, стандартты емес шешімдерді қабылдау, өмір 

бойы үйренуге дайындық, болашақта мамандық таңдау.  



Тұтас  топтар  :  халықтың  аз  қамтылған  топтарынан  шыққан  балалар  мен  жастар, 

жұмыссыздар, әйелдер, оралмандар, сырттан келгендер, жетім балалар, мүгедек балалар.  



Үйрету  бағдарламалары:  компьютерлік  сауаттылыққа,  ағылшын  және  қазақ  тілдеріне, 

бухгалтерлік  және  тігін  істеріне,  шаштараз  өнеріне,  кәсіпкерлікке  және  жұмыспен  қамту 

дағдыларына үйрету курстары. 

Тәрбиелік  жұмыс  және  жалпы  мәдени  іс-шаралар:  ата-аналардың  педагогикалық  білім 

беру  бағдарламалары,  жастарға  кәсіби  бағдар  беру,  құқықтық,  экономикалық  және 

экологиялық  білім  беру  істері,  жергілікті  салттар  мен  әдет-ғұрыптарды  жаңарту  іс-

шаралары,  жергілікті мерекелерді өткізу.  



Серіктестер:  әкімдік,  халықаралық  ұйымдар,  жергілікті  коммерциялық  емес  ұйымдар, 

білім беру ұйымдары, бизнес құрылымы.  

Ата-аналардың педагогикалық білім беру семинарлар жұмысына 300-ге жуық адам қатысты. 

200  адам  -  әйел  кісілер,  оның  ішінде  40  жоғары  сынып  оқушылары,  26  жоғары  сынып 

оқушыларын қосқанда 76 ер адам.  

Ата-аналардың және жоғары сынып оқушыларының педагогикалық білім беру семинарларында 

       


 

 

     



 

12 

 

Ата-аналарға арналған «Мектепке барамыз» семинарында 



 

 

«

Бала дүниеге келді» семинарында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 

 

 



«Балалар өміріндегі ойындар» семинарында 

              

 

 

             

 

 

 

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылының Жергілікті қоғамдастықты оқыту 

орталықтарының (ЖҚОО) тәжірибесінен.  

 

Орталықтың жалпы мақсаттары: 

Жәрдемдесу: 

 



Білім құндылығын жақсарту және жастардың дүниетаным деңгейін кеңейтуге; 

 



Жұмыссыздықты азайтуға; 

 



Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға; 

 



Белсенді қоғамдық өмірге жұртшылықты тартуға; 

 



Ересектер мен жастардың құқықтық, экономикалық және педагогикалық білімдерін 

жетілдіруге; 



 

Сортөбе ауылындағы «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арналған педагогикалық білім 

беру» бойынша Жергілікті қоғамдастықты оқыту орталықтарының (ЖҚОО) семинарлар сериясы. 

14 

 

       



 

 

 

 

Тараз қаласындағы  ЖҚОО «Арай» клубы  

 

  

Қызметтің жалпы мақсаты 

 

Клубтың жұмысын балалар мен жастарды тегін үйірмелерге қызықтыру арқылы бос 

уақытын  тиімді  өткізуді  ұйымдастыру,  жаппай  спорттық  жарыстар  және 

тұрғылықты  жерлердегі  әртүрлі  шығармашылық  сайыстар,  ата-аналардың  және  де 

басқа мүдделі тұлғалардың педагогикалық білім беру істері.  

 

Қызметтің негізгі түрлері 

 



 

компьютерлік сауаттылыққа, тігін ісіне үйрету, 

 

өмірлік дағдылардың, кәсіпкерліктің, маркетингтің, жұмыспен қамтудың дамуы, 



 

жасөспірімдердің психологиялық  бейімделуі,  



 

туристік  іс (тренерлер дайындығын қосқанда),  



 

ата-аналардың, білім қызметкерлерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың 



педагогикалық білім беруі, 

 



жастардың поэзияға араласуы, 

 



мектепке дейінгі және мектеп оқушыларының ойын қызметінің ұйымдары, 

 



жергілікті қауымдастық басшыларының бос уақыты, 

15 

 



 

балалар мен жастардың жазғы демалыс ұйымдары. 

 

Открытие ЦОМС после ремонта



 

 

 



 

 

 



 

 

Ходили мы походами…



 

16 

 

Установка палатки



 

 

 

 

Психологиялық тренинг 

 

 

 

 

Жұмыспен қамту дағдысын үйрету 

 

Орталықтардың  тәрбиелік  мүмкіндіктері  айтарлықтай  мәнді  екенін  3  ЖҚОО  тәжірибесінен 

алынған  материалдарда  көрсетіледі.  ЖҚОО  әртүрлі  бағдарламаларына  қатысқан  балалар, 

жастар  мен  ересектер  өз  күштеріне  сенімді,  толерантты,  олардың  мәртебесі,  өздеріне  деген 

сыйластықтары  жоғарылап,  жеке  және  кәсіби  потенциалдарының  жүзеге асырылуы  дамиды. 

Көп  жағдайларда  олардың  қоғамда  қарым-қатынас  жасау  барысында,  мүмкін  ақпарат 



17 

 

көздерінен  қажетті  мағлұмат  алу  қаблеті  жоғарылайды;  халық,  әсіресе  жастар,  ауыл/қала 



өміріне  белсенді  араласып,  азаматтық  ынтасын  көрсете  бастайды.  Оқыту  курстарының 

икемділігі,  халық  сұранысына  сәйкес,  өз  еркімен  жұмысқа  келгендер,  тегін  немесе 

салыстырмалы  төмен  ақылы  қызмет  көрсетеді,  жергілікті  мәселелерді  шешуде  жергілікті 

басшылармен  бірігіп  жұмыс  жасауға  дайындық  –  бұл  факторлар  әлеуметтік  бағытталған 

экономиканың  стратегияларын  жүзеге  асыруда  мемлекеттің  саясатына  толық  сәйкес  келеді. 

Толеранттылық  тәрбие  сияқты,  өмірдегі  маңызды  дағдылардың  дамуы,  азаматтық  сана 

сезімнің  нығаюына,  өзін-өзі  басқару  дағдысын  жетілдіруге,  қоғамдастықтың  дау-жанжалсыз 

дамуына тікелей немесе жанамалық түрде әсер етеді. 

Курстарда  пікір  алысу  барысында,  өмірдегі  қиын  және  дау-жанжалды  жағдайларда  дұрыс 

шешім  таңдауда  қауымдастық  мүшелері  еш  көмексіз  мемлекеттік  құрылымдардың  жеке 

мәселелерін  шешуге,  бұрынғы  уақыттағыдай сылбыр  айқындамадан  бірте-бірте  бас  тартуды 

үйренеді. Оқу бағдарламаларының көп бітірушілері іс-шараларды жоспарлап, оларды жүзеге 

асыруға, олардың әл-ауқатын жоғарылату мүмкіндіктерін бағалау үшін жиі бірге бас қосады. 

ЖҚОО пайда болуы мен дамуы жергілікті қоғамдық іс-шараларды өткізуде жастар және басқа 

да  халықтың  белсенділік  деңгейін  айтарлықтай  жоғарылатты.  Орталықтар  мәдениеттің 

дамуы/жандануына,  халықтық  қолөнерге,  экологиялық  тәрбиенің  негізін  салуға,  жергілікті 

қауымдастықтың салауатты өмір салтын ұстануына  өз үлестерін қосты. Бұл тұрғыда, қазіргі 

орталықтардың  тәжірибесін  кеңейту  перспективалары  және  қажеттіліктері  жайлы  тұжырым, 

өмірлік  ұстанымдарды  үйрету  бағдарламалары,  толеранттылық    тәрбиенің  және  басқа  да 

жергілікті бағдарламалардың дамуының жүзеге асырулы анық. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 

 

3-



бөлім. Жанұядағы толеранттылық тәрбиені қалыптастыру тәсілдері және 

әдістері, негізгі кезеңдері. 

 

3.1. 

Замануи Қазақстандық жанұя қандай болады? 

 

Қазақстандағы  замануи  жанұялардың қыр-сыры,  олардың  біртекті  емес  мінезіне  қарамастан, 

кемінде төрт ерекшелікпен анықталады.  

1. Замануи жанұя – бұл сезім мен қолдаудан тұратын, махаббатқа негізделген одақ. Қазіргі 

кезде қыздарды олардың еркінсіз тұрмысқа беру екіталай. 

 

2. Кеңейтілген жанұядан ықшамды жанұяға өту (ата-аналар және балалар). Мұндай жағдай – 



мұқтаждықты  бостандықта  іске  асыру  нәтижесі  және  жас  адамдардың  дербестігі.  Бірақ  жас 

жанұялардың  бөлек  тұруы  немере  тәрбиесіне  ата-әжесінің  қатысты  болуын  төмендетеді. 

Шағын,  ықшамды  типті  жанұялармен  қатар  «территориалды  кеңейтілген»  жанұяларда  да 

басымдық  жасау  көрінісі  жиі  кездеседі.  Жас  ерлі-зайыптыларда  тұратын  үйлері 

болмағандықтан,  олар  әлі  толық  қаржылай  дербестікті  иеленген  жоқ,  сондықтан  олар  ата-

аналарымен бір үйде тұрады және олардың көмегіне сүйенеді.  

3. Замануи жанұялық жүйе жеткілікті ашық болып келеді, яғни, бүгінде некелесу де ажырасу 

да  оңай  болып  кетті.  Некені  құруға  және  айыруға  да  құқықтық,  этикалық,  діни  және 

әлеуметтік-психологиялық кедергілер аз. 

4. 


Заманауи жанұяда ата-аналық рөл бірте-бірте артып келеді. Жаңа, гуманистік позиция – бұл 

балаға өз еркімен таңдауға ерікті, сыйлауға лайық, жеке тұлға ретінде қарау. Бүгінде ата-ана 

мен баланың қарым-қатынасында ерекше рөлді эмоциялық және рухани жақындық, эмпатия 

алады. Ерекше көңіл бөлетін құбылыс, әкелік, әзірше атану кезеңінде тұр. Заманауи әкелердің 

біршама  бөлігі  тәрбиеге  ерте  кезден,  яғни,  сәби  кезінен,  тіпті  баланың  пренатальді  дамуы 

кезінде  кіріседі  («әкелер  мектебі»,  туылу  сәті  және  т.б.).  Әкелік  махаббат  енді  аналық 

махаббатпен теңбе-тең. «21 ғасырдағы Әке» бар көңілімен баласымен қатысады, оны қолына 

алып,  бірге  серуендейді.  Әсіресе  заманауи  әкелердің  жауапкершілігі  және  икемділігі, 

жанұядағы рөлдерді қайта үйлестіруге дайындығы маңызды.  

Заманауи жанұяның дамуында жоғарыда айтылған жағымды ерекшеліктерден бөлек, біршама 

жағымсыз тенденцияларды (үрдістер) көрсетуге болады.  

Әлеуметтанушылардың  мәліметіне  сүйенетін  болсақ,  заманауи  жанұялар  жиі  дайын  емес  

көптеген  мәселелерге  тап  болады.  Нәтижесінде,  Қазақстанда  соңғы  6  жылда  ажырасу  саны 

күрт  өсті.  Өткен  жылғы  қиылған  100  некенің  34-і  ажырасқан,  яғни,  әрбір  үшінші  неке 

бұзылды. Ғасырлар арасында Қазақстандағы жанұялар басқа елдерде де орын алатын күрделі 

мәселелермен кездесті. 

 

 

Жанұялардағы әлеуметтік және экономикалық мәселелер.  



Экономикалық  – жұмыстан  айырылу,  еңбекақыны  немесе  жәрдемақыны  төлемеу, 

еңбекақының төмен деңгейде болуы – осындай басты орын алатын мәселелер. 

Мамандар  әлеуметтік  себебі  бар  жанұялардың  айырылысуына  көбінесе  мына  себептерді 

келтіреді:  а)  ерлі-зайыптылардың  біреуінің  ішкілікке  салынуы.  Бұл  себеп  жанұялардың 

айырылысу  жағынан  кеңестік дәуірде де бірінші  орын  алған.  Бірақ  ол  кезеңде  жанұялардың 

елу пайызы ғана бұзылған, ал қазір бұл себеппен жанұялар сексен пайызға дейін 

бұзылуда; б)

 

жанұядағы  рөлдердің  дәстүрлі  түрде  бөлісуімен  келіспеу;  в)  қолайсыз  баспаналық  және 



тұрмыстық жағдайлар; г) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің заңға қайшы тәртібі. 

19 

 

Бұған  ережеге  сәйкес,  мәдени  деңгейінің  төмендігі,  яғни  балаға  деген  жауапкершіліксіздігі, 



рухани қасиеттерінің болмауы. 

ҚР ІІМ-нің мәліметі бойынша, республикада 13 мың әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар бар. 

Ал  біздің  білуімізше,  әлеуметтік  жағдайы  төмен  жанұялар  балаға  әлеуметтік  қауіпті  жағдай 

туғызады, және де бұл жағдай тұрақты әрі ұзақ болса, онда жанұя өз балаларын тәрбиелеуге, 

асырауға  деген  ресурстарын  жоғалтады.  Мұндай  жанұяда  өскен  бала,  қызба,  психологиялық 

түрде күйзелген, қоғамдық жүріс-тұрысында, адекватты емес жалпы әлеуметтік және мәдени 

ортада  стереотиптер  қалыптастырады.  Осындай  жанұялардан  шыққан  қиын  балалардан  жиі 

жас құқық бұзушылар кездеседі. 

 

Тағы  бір  өткір  әлеуметтік  мәселе  – ата-аналық  дағдарыс,  яғни,  әкесінің  немесе  анасының 



ата-аналық  міндеттерінен  бас  тартуы,  балаларынан  бас  тартуы.  Бүгінде  Қазақстанда  4 

миллионнан аса жанұялар бар. Осы жанұяларда 5 миллионнан аса балалар тұрады.  Оның 34 

мыңнан  көбі  –  әртүрлі  себептермен  ата-аналарынан  айырылған  балалар.  24  мыңға  жуық 

балалар  жаңа  жанұя  тапты,  көбінесе  оларды  жетім  балалардың  тағдырына  немқұрайлы 

қарамайтын  жақын  туысқандары  асырап  алған.  Сонымен  бірге  жаңадан  жанұялы  болған 

балалардың  көбісін  ата-аналары  тастап  кеткен.  Бұл  олардың  аналық  және  әкелік 

парыздарының ұмытып кетуі. 

 

 



 

Әйел мен еркек арасындағы жанұялық міндеттерінің әділетсіз бөлінуі.  

Дәстүрлі қоғамдық түсінікте әйелдер жанұя қажеттілігіне қызмет көрсетуден баяғыдан еңбек 

жұмысбастылығы  жағынан  негізгі  жауапкершілікті  алып  жүреді,  яғни,  балаларын 

тамақтандыру, үйде жайлы жағдай жасау, жанұяны сақтау. Ал жанұяда бюджет жағын бөлуге 

келгенде, егер еркек жұмыс жасап және демала алатын болса, онда әйел тек жұмыс істеп қана 

қоймай,  сонымен  қатар  үйдегі  міндеттерін  де  атқарып,  бала  тәрбиесімен  айналысып  және 

жанұя мүшелерінің қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Осы жерде еркекті жанұядан ығыстыру 

деген  сұрақ  пайда  болады.  Еркек  бала  қамқорлығы  барысына  нашар  араласады.  Сонымен 

қатар,  оның  қамқорлығы,  негізінен,  жанұяны  қаражаттық  жағынан  қамтамасыз  етуге  алып 

келеді.  Бірақ  та  әкелік  түсінікте  жанұяны  тек  материалдық  қамтамасыз  ету  ғана  емес, 

жанұяның  әлеуметтік  және  де  күнделікті  өміріне    әкені  араластыру,  қатыстыру.  Еуропа 

елдерінде өте жақсы, заңмен бекітілген тәжірибеде, еркек 90 күнін бала қамқорлығына арнау 

керек делінген.  

 

 



 

Жанұяның демографиялық мәселелері. 

 

 

Жанұяда  баланың  аз  болуы   -  маңыздылығы  жағынан  бірінші  мәселе.  1998  жылдан  бері, 

Қазақстан  халқының  материалдық  жағдайы  нашарлап  кетуіне  байланысты,  аз  балалы 

жанұяның  саны  (16  жасқа  дейін  1-2  баладан)  күрт  өсті.    Бұл  процесте  бала  санының 

қысқаруымен  қатар,  некесіз  туылған  балалардың  саны  да  өскенін  айта  кету  керек.

 

Тіпті  бір 



баланы да қаламайтын ерлі-зайыптылар саны көбеюде.  

Маңызды мәселе бұл некесіз еркек пен әйелдің көбеюі. Ешқашан ресми некеде болмағандар 

саны да байқалады: мұндай әйелдер 23 жастан жоғары, ал еркектер 26 жастан жоғары, яғни 

теңбе-тең  шамасында  – барлығы  1,  2 миллион  адам,  немесе  әрбір  5-ші  адам.  Тіпті  35  жасқа 

дейінгі еркек пен әйелдер (балалы болуға қолайлы жас) әлі жанұялы болмаған.  

 


20 

 

Рухани-адамгершілік мәселелер 

Заманауи  әлемде  дәріптеушілік  пен  адами  құндылықтар  жоғалып  барады,  өнер 

шығармалары мен балалар әдебиеттерінің шығарылуы қысқарды, теледидар мен кинотеатрлар 

экрандары  шетел  фильмдеріне,  яғни,  зұлымдыққа,  зорлық-зомбылыққа,  әдепсіздікке  толы, 

балалар  кітапханасының  саны  азаюда,  эстетикалық  бағыттағы  мектептен  тыс  мекемелердің 

көбісі  ақылы  негізде  қызмет  атқарады.  Нарық  заңдылығы    білім  саласына  да  енді,  яғни, 

адамгершілікке,  инабаттылыққа  деген  талаптарда  өзгерді.  Ашкөздік,  агрессияшылдық, 

өзімшілдік,  жоғары  деңгейде  өзін-өзі  дәріптеушілік  сияқты  факторлар  позитивті  болып 

барады. Алаңға супер кейіпкер шығады. Ұлттық дәстүрлер және жалпы адами құндылықтар 

насихатпен ығысып келеді, күшті және сәтті адамның құқығын, байлығын, іскерлігін дәріптеп 

келеді. Мұның барлығы Қазақстан халқының мәдениетіне жат болғанымен, бұл – шындық.  



Әлеуметтік  топтардағыдай  жанұяларда  да  мәселелер  бар.  Соңғы  он  жылдың  көлемінде 

байқалғанындай,  ата-аналары  мен  балаларының,  туысқандарының  арасындағы 



байланыстың  әлсіреуі.  Бұл  әртүрлі  көзқараста  көрінетін  өмірде  болатын  мәселелер,  яғни, 

«әкелер мен балалар» арасындағы жанжал деп атауға да болады. Оның түпкі негізінде жастық 

асыра сілтеушілік және үлкендердің ғибраттылығы жатыр. 

Ата-аналар мен балаларының арасындағы өзара қарым-қатынастағы ажырамас байланысы бар 

мәселе  жанұялық құндылықты тапсыру мәселесі.  

Бұл тек жанұядағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыспен ғана анықталмайды, сонымен бірге 

жанұядағы  институттың  өзгеруіне  де  байланысты.  Шоғырлану  (урбанизациялану)  әрекеті 

барысында  ұрпақтар  арасындағы  байланыс  алшақтап  бара  жатыр.  Қазірдің  өзінде  ұрпақтар 

арасындағы сенім деңгейі төмендеуде.  

Қазіргі кезде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынас өте өзекті болып 

тұр.  Балалар  ата-аналарына  қамқорсыз  болып  барады.  Ұрпақтар  арасындағы  байланыстың 

жоғалуы қоғамдағы, жанұядағы адамгершілік қасиеттің түсуімен қатар, бұның соңы келеңсіз 

әлеуметтік  және  психологиялық,  тіпті  демографиялық  зардапқа  да  әкеледі.  Ұрпақтар 

арасындағы  қарым-қатынаста  бастысы  әрбір  ұрпақтың  ауыртпалықсыз  бірыңғай  әлеуметтік-

мәдени  кеңістікке  ешбір  қатаң  бағынусыз  (иерархия),  зорлықсыз,  әкелердің  балаларын 

сыйламауынсыз, егде кісілердің міндетті бекітілген беделімен және өсіп келе жатқан адамға 

деген  сенімі  және  махаббатымен  бейімделуі.  Дәстүрлі  жанұялық  құндылықтар  балалардың 

өсуіне, дамуына, білім алуына және онан арғы бұл құндылықтар бір ұрпақтан келесі ұрпаққа 

берілуіне негіз болады.  

Қазақстандық  жанұяларының  мәселелерін  зерттеуші,  Г.В.Подлеснаяның  ойынша  жанұялық 

қарым-қатынастың  өзекті  мәселелері  шындық  болып  табылады,  яғни,  бұл  қатынастардың 

өздігінен  болатын  құбылыс.  Егер,  Сіз,  жанұяның  әр  мүшесін  тұлға  ретінде  қабылдайтын 

болсаңыз, ол егерде сізге бірнәрсеге міндетті болса, бұл нағыз сыйластықтың болмауы және 

орнына ештеңе талап етпестен, сізге барлығына деген ризашылық. Сонда ата-аналарының өз 

балаларына  барлығын  жасағаны  міндетті  болып  қабылданғаны. 

Бұл  үлкен  қателік. Өзіңіздің 

ризашылығыңызды  әрбір  сөзіңізбен,  қимылыңызбен  немесе  ісіңізбен  көрсетіңіз.  Бұл 

араларыңыздағы махаббат пен байланысты сақтауға көмектеседі

 

Жанұялық  қарым-қатынастағы  тағы  бір  үлкен  мәселе  -  уақыт  тапшылығы.  Қоғамдық 



тұрмыс, жеке өмір, қызмет, мұның бәрі іс жүзінде біздің өміріміздің барлық уақытын алады, 

көбінесе жанұяға да уақыт қалмайды. Ата-аналарының жұмысбастылығымен уақытты, көңілді 

аз  бөлген  балалар,  жүректеріне  ащы  реніш  сақтап,  өмірге  келгендеріне  кінәлі  сезініп  өседі. 

Тіпті  ерлі-зайыптылардың  өздері  бір-біріне  уақыт  жетпеу  мәселесіне  тап  болады.  Бұл 

маңызды сезімдік мәселелерге, алдауға, опасыздыққа және ажырасуға әкеледі.  


21 

 

Жанұя құру — үлкен ерлік. Бала табу, жаңа өмір сыйлау ондай қиын емес. Балаға махаббат, 

бостандық,  сенім,  ар-намыс,  жауапкершілік  сияқты  түсініктерді  қалыптастыру  –  бұл 

махаббаттан  және  жанұядан  тыс  орындалмайтын,  қиын  тапсырмалардың  бірі.  Әсіресе, 

жанұяда патриоттық сезім, жақынына деген махаббат және сыйластық, жомарттық, 

өз ісіне деген жауапкершілік сияқты жалпы адами құндылықтар жанұяда қалыптасады. 

Жалпы  адами  құндылықтар  туралы  айтсақ,  басты  жанұялық  құндылықтар  жайлы  сұрақты 

айналып  кету  мүмкін  емес.  Олардың  тізімі  сөзсіз,  әрбір  жанұяда  бірегей  және  есепсіз 

тармақтар  мен  тармақшалардан  тұрады.  Дегенмен,  әр  отағасы  жанұялық  құндылықтары 

жайлы,  олардың  жанұяның  мықты  әрі  тату  бекуіне  негіз  болатынын,  бала  тәрбиесіне  де 

себепкер  екенін  білуі  керек.  Моральді  және  адамгершілік  тіреулер  жанұяның  әрбір 

мүшелерінің  сенімділігін  нығайтуда  маңызды  рөл  атқарады.  Ең  алдымен,  мына  қасиеттерін 

атап өтейік:  



Маңыздылық  пен  қажеттілік  сезімі.  Маңыздысы,  әр  жанұя  мүшесі,  оны  жақсы  көретінін, 

бағалайтынын және оның қажет екенін білуі керек. Тіпті келешек берекелі жанұя бола тұра, өз 

жақындарына  уақыт  бөлгенімен  де,  әр  жанұя  мүшесіне  кеңістік  бөлінуі  және  өз  әрекетіне 

бостандық  берілу  керек.  Жанұя  –  бұл,  бірге  уақытты,  мерекелерді  өткізетін,  еш  себепсіз 

жиналып, бірге бас қосатын, бірнәрсе болмай, орындалмай қалса, қайтып келетін, сені қайта 

қабылдайтын,  сені  тыңдайтын,  сені  қолдайтын,  тұйыққа  тірелгенде,  қалай  шығуға  кеңес 

беретін қауіпсіз орын.  

Жанұялық мәселелерді шешуде икемділік — бақытқа апарар жол және жайлылықты сезіну. Әр 

жанұяда  өзіндік  тәртіп,  күн  тәртібі,  құрылымы,  ережесі  болады.  Бірақ  тым  көп  тәртіп  пен 

ережелер қарым-қатынастың нашарлауына және реніштің пайда болуына әкеп соқтырады.  



Сыйластық. Жанұя мүшелерін бір-бірін сыйлау сезіміне дағдыландыру маңызды. Жанұядағы 

сыйластықты сақтаудың жалғыз жолы – өзіңді сыйлауда үлгі болу. Сыйластық пен қорқыныш 

сезімінің арасында жіңішке шекара бар. Басқаны сыйлау – оның сезімін, пікірін, талап-тілегін, 

артықшылығын  қабылдау.  Сыйластық,  бұл  жанұя  құндылығы  секілді,  үйден  мектепке, 

жұмыстан басқа қоғамдық орындарға, адамның халықпен кездесетін жерлеріне таралуы.  

Адалдық жанұя  мүшелерінің  арасында  терең байланыс  қалыптастырады.  Жақындарыңыздың 

түсіністікпен,  сыйластықпен  жасаған  кез-келген  әрекеттерінде  адалдықты  дәріптеу  керек. 

Егер,  Сіз, болған  жағдайға  ренжитін  болсаңыз,  онда  келесі  жолы,  сізге  деген  сыйластықтың 

болмағанын көрсетпеу үшін, бұл ақпаратты сізден жасыруы мүмкін. 

Сізді ренжіткен адамдарды кешіруге дайындық. Барлығы қателеседі. Ренішке уақыт жоғалтуға 

өмір деген өте қысқа. Сізді ренжіткен адамнан сіз мазалаған сұрақтардың бәріне жауап алып, 

таңдау жасаңыз - қабылдау, кешіру, жіберу, әрі қарай жүру сияқты.  

Зейінге, махаббатқа, уақытқа, қарым-қатынас жасауға, тіпті кейбір материалдық иеліктерге де 



жомарт бола біліңіз. Орнына қайтарып алуды ойламай, жомарттық танытыңыз. 

 

Қарым-қатынас  —  бөлек  өнер.  Ақпаратты,  сезімдерді  беру,  табыстау  —  жанұялық  қарым-

қатынастың  қалыптасуының  маңызды  элементі.  Адамдар  өз  армандарын,  үміттерін, 

қорқыныштарын,  жетістіктерін,  сәтсіздіктерін  жеңіл,  ашық  білдірсе,  онда  неке 

байланыстарының  нығаюына  мүмкіндік  береді.  Қарым-қатынастың  болмауы,  бұл,  кішкене 

сұрақтардың үлкенге айналуына, ұрыспен, жалтарумен, ажырасумен аяқталады. 

 

Жауапкершілік. Біз  бәріміз  басқаларға  жауапкершілікті  адамдар  болып  көрінгіміз  келеді. 

Кейбіреулеріміз  жауапкершіліктеуміз,  ал  басқаларымыз  —  аздау  жауапкершіліктіміз. 

Жұмысты  уақытылы  әрі  дұрыс  орындау  үшін,  жауапкершілік  сезімі  «итермелеуден»  тұрмау 

керек.  


Дәстүрлер — бұл, жанұяны бірегей етеді, олар барлық жанұя мүшелерін топтастырады. 

22 

 

Еліктеуге  үлгі  болу.  Үлкендер  өз  балаларына  үлгі  болу  керек.  Олар  мәселелерді  шешкенде, 

бірге жұмыс істегенде, қарым-қатынаста және т.б. оларға өз дағдыларын, икемдерін үйретеді.  

Некелік  байланысты  нығайту  және  дамыту  барысында  өз  үлесін  бағалай  білу.  Жанұялық 

қарым-қатынас  күшті  қандас,  туысқан  байланысқа  негізделгенімен,  уақыт  өте  келе  үлкен 

жанұяларда да жақындық сезімі нашарлай бастайды, сондықтан неке байланысын сақтап қалу 

үшін қосымша күш пен уақыт бөлу керек. Мезгіл-мезгіл өз өміріңізде жанұя маңыздылығын 

еске салып отыру керек.  

Сөйтіп,  жанұя —  бұл  енді    ғана  дүние  есігін  ашқан  жаңа    кішкентай  адамның  өміріндегі 

бірінші мектеп, бұл оның өз мүмкіндіктерін пайдаланып, оқитын, сыртқы әлемді түсініп, оның 

болжап болмайтын сыйларын орындау ортасы. Өз жанұяңыз жайлы білгеніңіздің бәрі, сіздің 

әрекетіңізді қалыптастыру негізінде сіздің жүйеңіз, құндылығыңыз болып табылады. Бақытты, 

қуанышты  жанұялық  өмір  –  кездейсоқтық  емес,  таңдау  және  еңбекке  негізделген  үлкен 

жетістік. Жанұя құру  — бұл бізден көп уақыт, күш, қуат, ақша талап ететін жауакершілікті іс. 

Бірақ бұл бүкіл өміріңдегі ең маңызды, лайықты іс. 

 

 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал