Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі ата-аналар дайындығы



жүктеу 0.54 Mb.

бет1/4
Дата25.05.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4

 

Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі  



ата-аналар дайындығы 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Ақпараттық- методикалық материалдар  

 

Материалдар  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Білім,  Ғылым  және  Мәдениет  Жөніндегі 



Ұйымының  (БҰҰБҒМҰ)    Алматы  «Жергілікті  қоғамдастықты  оқыту  орталықтарының 

(

ЖҚОО) фасилитаторлары ата-аналарды балаларын толеранттылық тәліміне тәрбиелеуін 

үйрету дағдылары» жобасы аясында жасалған.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014 

 

 

Ақпараттық-методикалық  материалдарды  басылымға  Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және 



Өзбекстан  бойынша  Алматы  қаласындағы  ЮНЕСКО-ның  (Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Білім, 

Ғылым  және  Мәдениет  Жөніндегі  Ұйымы-БҰҰБҒМҰ)    Кластерлік  кеңсесі  қолдауымен 

«Қазақстандағы баршаға білім беру» Қауымдастығының сарапшылары дайындаған.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Осы жарияланымда қолданылған атаулар мен материалдар қандай да бір мемлекеттің, аумақтың, 



қаланың,  ауданның  немесе  олардың  тиісті  басқару  органдарының  шектеу  сызықтары  немесе 

шекараларына қатысты, сондай-ақ құқықтық мәртебесіне ЮНЕСКО тарапынан пікір білдірушілік 

болып табылмайды. 

 

 



Осы  түйіндемеде  жинақталған  және  ұсынылған  деректер  үшін,  сонымен  қатар  ЮНЕСКО-ның 

пікірі  болып  табылмайтын  және  Ұйымға  ешбір  қатысы  жоқ  пікір  білдіргені  үшін  авторлар 

жауапты болып табылады.  

 

 



 

 

 



Қазақ тіліне аударма жасаған: 

Кеншінбай  Темірболат  Ыбрайұлы,  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік 

университеті  Халықаралық  байланыстар  бөлімінің  бастығы,  филология  ғылымдарының 

кандидаты. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

2014 


ж. жарияланған 

«Қазақстандағы баршаға білім беру» Қауымдастығы  

05000

0, Алматы қ., 



Гоголь көшесі , 84А, 207 кеңсе,  

тел.: +7 727 2669407 

тел./факс: +7 727 2663956 

e-mail:  nc@erasmusplus.kz, neo@erasmusplus.kz 

 

 

 



 

Мазмұны



 

бет 

 

                                                                                                                                           

Кіріспе .............................................................................................................................................. 4  

 

1-

бөлім. Толеранттылық туралы жалпы түсінік және оның формасы .............................. 6 

 

2-

бөлім. Жергілікті қоғамдастықты оқыту орталықтарының  

               

тәрбиелік әлеуеті  (ЖҚОО)  .......................................................................................... 9 

        2.1. 

Жергілікті қоғамдастықты оқыту орталықтарының  

        

(ЖҚОО) қысқаша шығу тарихы және олардың қызметі ..................................................... 9 

        2.2. 

ЖҚОО тәрбиелік жұмыстарының Қазақстандағы Алматы  

        

және Жамбыл облыстарындағы тәжірибесі ........................................................................ 10 

 

3-

бөлім. Жанұядағы толеранттылық тәрбиені қалыптастыру  

               

тәсілдері және әдістері, негізгі этаптары.  ................................................................ 18 

3.1.   


Заманауи Қазақстандық  жанұя  қандай болады?....................................................... 18 

3.2. 


Ата-аналар мен балалар арасындағы шыдамдылық  

       


қарым-қатынасты тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері ............................................... 22 

 

4-

бөлім. Тренингке байланысты практикалық материалдар  

               «

Шыдамдылықты дамытуда коммуникативті дағдының рөлі» ........................ 26 

       4.1  

Шыдамдылықты дамытуда коммуникативті дағдының рөлі ...................................... 26 

       


4.2. Практикалық материалдар .............................................................................................. 30 

 

Қорытынды .................................................................................................................................. 37 



 

Әдебиеттер..................................................................................................................................... 38 

 

Қосымша ....................................................................................................................................... 40 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 



 

Соңғы он жылда адамдар бұл дүниеде өмір сүрудің қорқынышты екендігін жиі айтады. 

Көшеде  келе  жатқанда  есіңнен  талып  қалу,  кешкісін  үйге  қайту,  бейтаныс  адамға  есік  ашу, 

ұшақпен  ұшу  және  т.б.  қорқынышты  екені  айтылады.  Дегенмен,  балаларымыз  бен 

ұрпақтарымыздың  өмір  бойы  айналадағыларға  сенімсіздік  пен  шыдамсыздық    сезімін 

сезінетіндігі одан-әрі қорқыныш тудырады. Толерантты өмір, яғни зорлық-зомбылықсыз және 

қатыгездіксіз, тек адамның басты құндылығы болып табылатын қайталанбас және мызғымас 

жеке тұлға өмірі туралы жиі сөз қозғалатыны да сондықтан.  Басқаша айтқанда, қазіргі таңда 

алдыңғы қатарға жалпы өмір сүруге және еркін жетілуге қажетті құндылықтар мен қағидаттар 

(әдептілік  және  зорлыққа  қарсы  стратегия,  өзгелерге  және  өзге  позицияларға  шыдамдылық 

таныту идеясы, қарым-қатынастың және өзара түсіністіктің құндылығы мен мәдениеті, өзара 

тиімді ымыраға келу және т.б.).  



«Толеранттылық  –  бейбітшілікке  жетуге 

мүмкіндік беретін және соғыс жағдайынан бейбітшілік 

жағдайына  жеткізетін    дүние»,  -  деп  1995  жылы 

(БҰҰБҒМҰ)-ның    бас  Конференциясында  қабылданған  

толеранттылық 

қағидаттары 

жөніндегі 

Декларациясында  айтылған.    

Толеранттылық  –  дегеніміз  бейбітшілікті  қалау 

қасиеті,  сонымен  қатар  этникалық,  діни,  саяси, 

конфессионалдық  және  жеке  адамдар  арасындағы 

келіспеушіліктерге,  жас  және  гендерлік  айырмашықтарға  қатысты  шыдамдылық  таныту 

және  «өзге  адамдардың»  өмір  сүруге  тең  құқылы  екендігін  мойындау  болып  табылады. 

Толеранттылық  - ол адами рақымшылдық: түрлі адамдар мен идеялар әлемінде  өмір сүру 

өнері, сонымен қатар, құқық пен еркіндікке ие бола тұра өзге адамдардың  құқықтары мен 

еркіндігін  бұзбау.    Дегенмен,  толеранттылық  -  көну,  мейірімділік  көрсету  немесе 

құптаушылық емес, ол өзгені мойындау негізіндегі  белсенді өмірлік ұстаным. 

 

Көптеген сарапшылар толеранттылық мәселесін тәрбие саласына, яғни қарым-қатынас 



мәдениетіне  жатқызады.  Олай  ойлаудың  өз 

себебі бар, өйткені толеранттылық жеке бір 

қасиет емес, ал тұлғаның өзара байланысты 

қасиеттерінің  нәтижесі.  Ал  тұлғаның 

жетілуі  тәрбиемен,  қатынаспен  және 

біліммен  тікелей  байланысты.    Толерантты 

мінез-құлықты  қалыптастыру  мәселесі  тек 

мектептерде  ғана  емес,  сонымен  қатар 

жалпы  қоғамда  орын  алатын  маңызды 

мәселелердің  бірі.  Барлық  адамдардың 

бірегей  емес  екендігін  және  оларды  сол 

күйінде  қабылдау  керектігін  жетерліктей 

түсіне  тұра,  әрдайым  әдепті  және  дұрыс  болмайтынымыз  рас.  Оңай  дүние  болмағанымен, 

өзгелерге қатысты шыдамдылық таныта білуіміз өте маңызды.   

Бұндай    мінез-құлықтың  негізі  отбасы  тәрбиесімен  қалыптасады.  Көптеген  БАҚ 

басылымдарының  айтуы  бойынша  және  әлемнің  түрлі  елдерінің  ғалымдарының  мәліметіне 

сәйкес  отбасындағы  ахуал  келеңсіз  қоғамдық  құбылыстарды  болдырмауда  маңызды  рөл 


 

атқарады.  Сондай-ақ,  психиатриялық  емді  қажет  ететін,  мінез-құлықтарында 



ауытқушылықтары  бар  балаларды  зерттеу  жұмыстары    отбасы  және  отбасы  ахуалының 

атқаратын  рөлінің  қаншалықты  үлкен  екендігін  дәлелдейді.  Бұндай  балалардың  өміріне 

отбасындағы шиеленістер және тәрбиенің жетіспеушілігі барынша кері әсерін тигізген.  

Тәжірибеге  сүйенер  болсақ,  көптеген  ата-аналар  психологиялық  және  педагогикалық 

жағынан жеткілікті дәрежеде сауатты  емес, сондықтан бұндай ата-аналар үшін балаларымен 

сөйлесу, оларды жетілдіру және тәрбиелеу мәселелерін шешу қиындық тудырады.   

 

Бұл  жинақтың  мақсаты  балаларды  тәрбиелеуге  байланысты  ата-аналармен  жұмыс 



жасау  кезіндегі  жетіспейтін  ақпараттық  және  әдістемелік  дүниелердің  орнын  толықтыруға 

бағытталған.  Тек  ата-аналар  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  психологиялық  және 

педагогикалық  ой-өрісін  кеңейткісі    келетін,  әсіресе,  балаларда  толерантты  мінез-құлықтың 

қалыптасу мәселелері қызықтыратын басқа-да тұлғаларға арналған.  

Берілген  жинақтағы  материалдар,  біріншіден  жастар  мен  ересектерге  арналған  ресми 

емес  білім  беру  мекемелерінде  пайдалануға  көзделген.  Олардың  қатарына  Қазақстанның 

қашық  аймақтарында  тұратын  жергілікті  халыққа  түрлі  білім  саласы,  жалпы  мәдени  және 

кәсіби  қызмет  көрсетуге  бағытталған  Жергілікті  қоғамдастықты  оқыту  орталықтары 



(ЖҚОО) да жатады. Осы басылым білім және тәрбие жөніндегі құрылым қызметкерлерінің 

біліктілігін  көтеру  курстарын  ұйымдастырушыларының  қызығушылығын  арттырады  деп 

есептейміз.    

Жинақ  үш  бөлімнен  тұрады.  Бірінші  бөлімде  толеранттылықтың  жалпы  мәселері 

қарастырылады:  толеранттылық  түсінігі,  формасы,  мәселенің  қысқаша  тарихы  жөнінде 

айтылады.  Екінші  бөлім  жастарды  және  ересектерді  өз  орындарында  психологиялық  және 

педагогикалық ағартуға арналған ресми емес білім беру мүмкіндіктерін сипаттауға арналған. 

ЖҚОО-ның  атқаратын  жұмыстарына  жататын  тәрбиеге  және  бейбітшілікті  насихаттауға 

бағытталған  түрлі  іс-шаралар  белгілі  мысалдармен  берілген.  Үшінші  бөлімде  отбасы  ішінде 

толерантты  мінез-құлықты  қалыптастыру  әдістері  мен  тәсілдері  айтылған.  Заманауи 

жанұяның  мәнін,  оның  мәселелерін    және  балалар  үшін  тәрбиелік  және  жетілдіру 

потенциалын сипаттауға ерекше назар аударылған. Құндылықты бағыт-бағдар және  балалар 

мен  немерелердің  әлеуметтік  жүріс-тұрысын  қалыптастырудағы  басты  қайнар  көз  болып 

табылатын  ата-аналар  мен  ата-әжелердің  қатынастарына  ерекше  мән  берілген.  Төртінші 

бөлімде  балалар  мен  ересектердің  коммуникативтік  қасиетін  дамыту  мәселелері  бойынша 

тренинг  өткізуді  қалайтын  фасилитаторларға  арналған  практикалық  материалдар,  сонымен 

қатар  тренинг  қатысушыларына  арналған  көрсетілімдер  (презентациялар)  және  практикалық 

тапсырмалар  мысалдары  берілген.  Ұсынылған  материалдардың  тиімділігі  «Барлық 

Қазақстандықтарға арналған білім» қауымдастығымен өткізілген іс-шарамен дәлелденген. Бұл 

іс-шара  «Жергілікті  қоғамдастыққа  білім  беру  орталықтары  (ЖҚОО)  фасилитаторларының 

ата-аналарды балаларын толеранттылық тәлімін тәрбиелеуді үйрету дайындығы»  БҰҰБҒМҰ  

Алматы жобасы аясында жасалған.  



 

Басылым  үйлестірушілері  БҰҰБҒМҰ    Алматы  Кластерлік  Кеңсенің  басшыларына 

аталмыш  жобаға  қатысу,  толеранттылыққа  тәрбиелеудің  халықаралық  деңгейдегі 

тәжірибелерімен  танысу  және  берілген  жинақты  дайындау  мүмкіндігі  үшін  алғысын 

білдіреді.  

 

 



 

 

1-



бөлім. Толеранттылық туралы жалпы түсінік және оның формасы 

 

Қысқаша  философиялық  энциклопедияға  сүйенер  болсақ,  толеранттылық  –  латын 

тілінің “tolerantia”  сөзінен пайда болған – төзімділікті, басқа көзқарастарға, ұстанымдар мен 

әдеттерге  шыдамдылықты  және  өзгелерді  өзімен  тең  дәрежеде  қабылдау  дегенді  білдіреді. 

Бұндай қатынас адамдардың ұлтына, тіліне, діни ұстанымдарына, жас шамасына, әлеуметтік 

дәрежесіне, терінің, шаштың реңіне және басқа-да қасиеттеріне қарамай құрмет көрсете білуді 

талап ететін қатынас түрі.   

Осыған  орай  сарапшылар  адамдардың  өмірлік  іс-әрекет  саласының  ерекшелігіне 

байланысты толеранттылықтың бірнеше формасын ұсынады.   

1.

 



Саяси  толеранттылық  –  түрлі  партиялар  мен  бірлестіктердің  атқаратын  жұмысына  деген 

қатынас.   

2.

 

Ұлтаралық  толеранттылық  –  түрлі  ұлт  өкілдеріне  деген  қатынас,  кейбір  ұлт  өкілдерінің 



кемшіліктері мен жағымсыз іс-әрекеттерін өзгелермен байланыстырмау.  

3.

 



Нәсілдік толеранттылық – өзге нәсіл өкілдеріне қатысты теріс ұғымды ұстанбау.   

4.

 



Діни толеранттылық – түрлі концессиялардың діни ерекшеліктерін мойындау.  

5.

 



Гендерлік толеранттылық – өзге жыныс өкілдеріне дұрыс көзқараспен қарау. 

6.

 



Жас  ерекшелік  толеранттылығы  –  түрлі  жас  мөлшердегі  адамдарға  дұрыс  көзқараспен 

қарау.  


7.

 

Физиологиялық  толеранттылық  –  науқас,  мүгедек,  сыртқы  кемшіліктері  бар  адамдарға 



деген қатынас.  

8.

 



Білімдік  толеранттылық  –  сауаты  жоғары  тұлғалардың  білім  дәрежесі  төмендеу 

адамдардың сөздеріне және іс-әрекеттеріне шыдамды қатынасы.  

9.

 

Географикалық  толеранттылық  –  шағын  қалашық,  ауыл  және  басқа  аймақтардың  



тұрғындарына және керісінше дұрыс көзқараспен қарау. 

10.


 

Таб-аралық  толеранттылық  –  түрлі  дәрежедегі  дүние-мүлік  иелерінің  –  байлардың 

кедейлерге, кедейлердің байларға шыдамды көзқарасы.  

11.


 

Сексуалды-ориентациялық  толеранттылық  –  дәстүрлі  емес  сексуалды  ориентациясы  бар 

адамдарға қатысты шыдамды қатынас.  

12.


 

Маргиналдық толеранттылық (қоғамның маргиналды өкілдеріне қатысты толеранттылық) 

– 

кедейлерге, мүсәпірлерге, сотталғандарға және т.б. деген қатынас. 



  

1995  жылы  БҰҰБҒМҰ  Толеранттылық  қағидаттары  мағлұмдамасындағы  анықтамаға 

сәйкес, толеранттылық  - «Әлем мәдениеттерінің, ойды білдіру формаларының және тұлғаның 

даралығын көрсету тәсілдерінің алуан түрлілігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс ұғыну». Бұл 

анықтама ең көлемді анықтама ретінде өзге ұлттарға, нәсілдерге, жынысқа, жас ерекшелікке, 

мүгедектікке,  тілге,  дінге,  саяси  немесе  басқа  да  көзқарастарға,  ұлттық  немесе  әлеуметтік 

тегіне және т.б. қатысты шыдамды қатынасты білдіреді. Мағлұмдама ағылшын тілінен орыс 

тіліне  «Декларация  принципов  терпимости»,  яғни  «Шыдамдылық  қағидаттары 

мағлұмдамасы»  деп  аударылған.  Дегенмен,  «шыдамдылық»  түсінігі  «толеранттылықтың» 

мағынасының  ауқымдылығын  көрсетпейді,  сонымен  қатар  қарама-қайшы  мағынаны  да 

білдіруі  мүмкін.  Орыс  тілінде  «терпимость»  яғни  «шыдамдылық»  теріс  ұғымды  білдіреді: 

шыдамдылық  өз  қатынасының  тек  сыртқы  тежеуі  болып  табылады  («мен  оған  әрең  шыдап 

жүрмін»).  Мағлұмдамаға  сүйенер  болсақ,  «толеранттылық»  керісінше,  «тұлғаның  әмбебап 

құқығы  мен  еркіндігін  мойындау  негізінде  қалыптасқан  белсенді  қатынас».  Көптеген 

зерттеушілер  (Н.А.    Асташова,    P.P.    Валитова,    П.В.  Степанов  және  т.б.)  толеранттылықты 

өзгеге немқұрайлы қарау деген ұғымнан бас тартып, оны мойындау, қабылдау, түсіну, яғни, 

өзгеден өзге бір құндылықтарды, ойлау қабілетін, іс-әрекеттің басқа бір үлгісін көруге, оның 


 

басқаша  болуға  құқы  бар  екендігін  тануға  қабілеттілік  деп  танып,  қарастыруды  ұсынады; 



сөзсіз,  осындай  ерекшеліктерге  дұрыс  қарау,  өзгенің  жан-дүниесін  тануға  қабілеттілік;  бір 

мезетте әлемге екі жақты көзқараспен: өзінің және өзгенің тарапынан қарай білу.   

Белгілі  ресейлік  зерттеуші  А.Г.Асмоловтың  пікірінше,  толеранттылық  идеясы  шиеленіс 

мәселесімен тарихи байланысты. Қоғамда адамдар арасында әрдайым шиеленіс алғышарттары 

болды және бар. Табиғи, әлеуметтік және психологиялық ресурстардың объективті шектеулігі 

адам қызығушылықтарының қарсы тұруына әкеледі. Сонымен қатар, әр адамның өзіндік ішкі 

әлемі,  өмірлік  тәжірибесі,  әлеуметтік  құбылыстардың  түрлі  аспектілеріне  қатысты  өз 

көзқарасы  және  оларға  берер  бағасы  болатындығы,  толерантты  ақыл-ойды  талап  ететін  кең 

диапазонды ойды, қайшылықтар мен шиеленістерді тудыратыны сөзсіз. 

Бұндай  қасиеттің  болуы  мәдениеттің  және  жеке  тұлғаның  мінезі  мен  психологиялық 

деңгейімен  байланысты.  Тәрбиелеудегі  және    жалпы  әлеуметтенудегі  амалдардың  алуан 

түрлілігі  шиеленісті  ұғынудың  түрлі  әдістерімен  және  оған  деген  көзқараспен  байланысты 

екендігі  белгілі.  Шиеленіс    қатысушылары  оны  қалай  қабылдайтыны,  қандай  көзқараста 

болатыны  жиі  жағдайларда  шиеліністі  шешудегі  негізгі  мәселе  болып  келеді.  Жанжалтану 

(конфликтология)  ұстаным  тұрғысынан,  толеранттылық  дегеніміз  –  полиэтникалық  және 

мәдениет-аралық  қоғамдық  шиеленіске  деген  сабырлықты  айқындайтын  әлеуметтік  норма. 

Бұл анықтама этникалық және мәдени түрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан, Ресей, Бразилия, 

Канада, Қытай, АҚШ және т.б. елдер үшін әсіресе өзекті болып келеді.  

 

 

 



Ресми статистика деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында 130 ұлт бар. Сондықтан, 

Қазақстан үшін  этникалық саладағы толеранттылық мәселесін мемлекеттік, топ-аралық және 

жеке  дәрежеде  қарастырған  жөн.  Мемлекет  өзінің  ұлттық  саясатындағы  этника-аралық 

қатынастарды  және  үдерістерді  ҚР  Конституциясы  және  орталық,  аймақтық  және  жергілікті 

билік  дәрежесінде  іс  атқаратын  тиісті  органдар  мен  институттармен  қоса  құқықтық  база 

негізінде  реттейді.  Заманауи  этника-аралық  үдерістер  қарауындағы  методологиялық 



 

тәсілдемелер  Президентіміз  Н.А.Назарбаевтың  "Қазақстан-2030"("Казахстан-2030"),  "ХХI 



ғасыр  қарсаңында"("На  пороге  ХХI  века"),  "Тәуелсіздігіміздің  бес  жылы"("Пять  лет 

независимости"),  "Тарих  толқынында"  ("В  потоке  истории")  және  т.б.  жұмыстарында 

белгіленген.  Осы  жұмыстарында  ол  үнемі  халық  арасындағы  қазіргі  кездегі  үндестік  пен 

ынтымақтастықты  және  бейбітшілікті  сақтаудың  маңыздылығын  баса  айтады. 

Саясаттанушылар  Қазақстан  этностарының  арасындағы  қазіргі  таңдағы  қарым-қатынасын 

бірқалыпты  деп  сипаттайды,  бірақ  сонымен  қатар,    бұл  қатынастардың  күрделі  және  көп 

деңгейлі екендігін,  кейде  қарама-қайшылық  болмысының  да  орын алып  жататындығын  баса 

айтады.  Осындай  жағдайда  Республиканың  барлық  азаматтарының  толерантты  тәлім-

тәрбиесінің маңызы зор. Сонымен, толеранттылық ұғымы кейбір дереккөздерде шыдамдылық 

ұғымымен ұқсастырылғанымен, бұл ұғымның одан да айқын, белсенді және кең бағыты бар. 

Толеранттылық  –  бейтарап  күйде,  әлдекімнің  пікірлеріне,  көзқарастарына  және  іс-

әрекеттеріне жасанды (жалған) түрде көну немесе шыдау емес; ол этностар, әлеуметтік топтар 

және  түрлі  субъекттер  арасындағы  өзге  мәдениет,  ұлт,  діни  немесе  әлеуметтік  орта 

өкілдерімен, өзге көзқарас пен пікір иелерімен өзара түсінісу мақсатындағы белсенді көргенді 

ұстаным. Толеранттылық заманауи адамның басты құзыреттіліктерінің бірі болып табылады. 

Себебі,  оның  болашағы  тек  жеке  тұлға  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  жалпы  адамзат 

ретінде  өмір  сүруге  және  жанжақты  дүниеде  конструктивті  іс-әрекет  жасауға  деген 

дайындығы мен қабілеттілігіне байланысты. 

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, «толеранттылықтың», танымпаздық, эмоционалды 

бағалау, жүріс-тұрыстық компоненттерінің интегративті сипатын көрсететін және өзгелердің 

мәдени, әлеуметтік тәнділігіне, ұлтына, діни нанымдарына, біліміне, жас шамасына, кәсібіне 

және  көзқарастарына  қарамай  өзара  түсінісу  барысындағы  белсенді  көргенді  ұстанымды 

білдіретін тұлғалық қасиет болып танылатын феномен анықтамасын дұрыс деп есептейміз. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-



бөлім. Жергілікті қоғамдастықты оқыту орталықтарының тәрбиелік 

әлеуеті 

 

2.1. 

Жергілікті  қоғамдастықты  оқыту  орталықтарының  (ЖҚОО)  қысқаша  шығу 

тарихы және олардың қызметі 

 

Жергілікті қоғамдастықты оқыту орталықтарының шығу жобасы 1998 жылы Бангкокта 



Білім  Бағдарламасы  кеңсесінде  барлық  ЮНЕСКО-ға  жарияланды  (Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының Білім, Ғылым

 

және 


Мәдениет

 

жөніндегі  Ұйымы). 



Қазіргі  таңда  мұндай 

орталықтар  20-дан  аса  елде  Азия-Тынық  мұхиттық  аймақта,  Вьетнамды  қосқанда,  Үндістан, 

Индонезия,  Иран,  Қазақстан,  Камбоджа,  Қырғызстан,  Қытай,  Лаос,  Малайзия,  Монғолия, 

Филиппин, Таиланд, Өзбекстан, Жапонияда  және т.б. қызмет жасайды. 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал