Балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастық



жүктеу 16.66 Kb.
Дата07.02.2022
өлшемі16.66 Kb.
#17036
түріСабақ
Балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастық
Асык ату. Техника безопасности. Правила игры, Эстетикалық сана, эстетика

Балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастық

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Бидосов былай деген “Сабақтастық дегеніміз –балабақша және мектепалды даярлық сыныбына мектептегі оқу іс-әрекетін оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”. Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу іс-әрекетінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, сөздік қорларын байыту”. Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және практикалық.

Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің мектепалды даярлық сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.Екінші, тәжірибелік аспект – бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы жоғарғы топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.

Мектепке дейінгі жаста болашақ тұлғаның ерекшеліктері қалыптасады. Балалардың мектепке ауысуы барынша жұмсақ болып, олардың жаңа жағдайға тез бейімделуіне мүмкіндік беру үшін мұғалімдер мектепке дейінгі ұйымдағы (бұдан әрі – МДҰ) жұмыс түрлерімен, әдістерімен танысады. Ал мектепке дейінгі балаларды мектеппен, оқушылардың оқудағы және қоғамдық өмірімен таныстыру балабақша тәрбиеленушілерінің сәйкес түсініктерін кеңейтуге, олардың мектепке қызығушылығын, оқу ниетін дамытуға мүмкіндік береді.

Балабақша мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балалардың мектепте оқу талаптарына сай жалпы даму мен тәрбие деңгейімен мектепке көшуін, басқа жағынан – мектептің мектепке дейінгі балалар меңгерген білімге, машықтарға, дағдыларға сүйенуін, оларды оқушыны ары қарай жан-жақты дамыту үшін белсенді қолдануды қарастырады. Мектепалды даярлық мұғалімі оқу нәтижелілігін көтеру үшін балабақшада жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балабақша тәрбиешісі арнайы оқу тапсырмаларын,

жаттығуларды біртіндеп күрделендіре отырып оқу үдерісіне енгізеді, және осы арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу қызметінің алғышарттарын қалыптастырады.

Сабақтастықты жүзеге асыру түрлері

Балалармен жұмыс: мектепке экскурсиялар; мектепке дейінгі балалардың метепалды даярлық сынып мұғалімдерімен және оқушыларымен танысуы және өзара әрекеттестігі; бірлескен білім беру қызметіне, ойын бағдарламаларына қатысу; суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмелері; балабақшаның бұрынғы тәрбиеленушілерімен кездесулер және әңгімелесулер бірлескен мерекелер мен спорттық сайыстар; театрландырылған қызметке қатысу; мектепке дейінгі балалардың мектеп жанында ұйымдастырылған сабақтардың бейімдеу курстарына қатысуы.

Педагогтар әрекеттестігі:

бірлескен педагогикалық кеңестер;

семинарлар, шеберлік сыныптары;

МДҰ педагогтары мен балабақша тәрбиешілерінің дөңгелек үстелдері;

балалардың мектепке дайындығын анықтау бойынша диагностика өткізу;

МДҰ мен мектептің медициналық қызметкерлерінің, психологтарының әрекеттестігі;

МДҰ-ғы білім беру қызметі мен мектептегі ашық сабақтардың ашық көрсетілуі;

педагогикалық және психологиялық қадағалаулар.

Ата-аналармен ынтымақтастық:

бірлескен ата-аналар жиналыстары; дөңгелек үстелдер, пікірсайыстық кездесулер, педагогикалық "қонақ бөлмелер"; ата-аналар конференциялары, сұрақ-жауаптар кештері;

МДҰ және мектеп педагогтарымен консультациялар;

ата-аналардың болашақ мұғалімдермен кездесулері;

ашық есік күндері; мектепалды жастағы балалардың ата-аналарына арналған білім беру-ойын тренингтері және практикумдері, іскерлік ойындар, практикумдер;

отбасылық кештер, тақырыптық ойын-сауықтар; қарым-қатынастың визуалды құралдары (стенд материалы, көрмелер, сұрақ-жауаптардың пошта жәшігі және т. б.);

– тәрбиешілер мектеп талаптарын, балаларды оқуға дайындау міндеттерін нақты түсінеді және оны сәтті шешеді;

– мектепалды даярлық мұғалімдер балабақша жұмысының міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне тереңірек енеді, ол тәрбиелік әсер ету әдістерінде сабақтастық орнатуға септігін тигізеді. Мектепалды дайындық сыныбы балалары мен балабақша арасындағы байланыс оқу жылы бойы сақталады. Балабақша мен мектеп арасында байланыс пен шығармашылық ынтымақтастық орнату – балаларды жүйелі оқуға дайындау міндеттерін сәтті шешудің қажетті шарты. Балабақша мен мектептің бірлескен жұмысы туралы шарт Балабақша мен мектептің оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары Баланы мектепке дайындау – оның оқу-танымдық уәждерін (оқу



ниетін) белсенді қалыптастыруды және оның өмірдің жаңа кезеңіне жеңіл бейімделуін қамтамасыз етуші қызметтің өзіндік құрамдастары мен психикалық үдерістерді дамытуды білдіреді.
жүктеу 16.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет