Байдавлетова мадина досбергеновна



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
113 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  –  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы 
Қазақстандағы  этноәлеуметтік  және  этномәдени  мәселелерге  қазақ 
зиялыларының  көзқарастарын  зерттей  келе  төмендегідей  қорытындылар 
жасаймыз.  
Жалпы қазақ зиялыларының көзқарастары, әсіресе, қазақ ының әлеуметтік 
және  мәдени  мәселелерге  көзқарастарының  тарихымызда  алатын  орны  зор. 
Себебі, ұлттық зиялыларымыз аталған кезеңдегі мәселелерді шешуде белсенді 
араласып,  қазақ  халқының  мәдени  және  әлеуметтік  жағдайларын  көтеруге 
өздерінің белгілі бір үлесін қосқан еді. Сонымен қатар олар өз мамандықтары 
бойынша  қызметтер  атқара  отырып,  мерзімді  басылым  беттерінде  өз 
мақалаларын  жариялап,  зерттеу  еңбектерін  де  жазған.  Осы  еңбектер  арқылы 
біз  қазақ  қоғамының  әлеуметтік  және  мәдени мәселелерін  жан-жақты  талдап, 
белгілі бір тарихи шындыққа қол жеткізуге тырыстық.  
Қазақ  ру-тайпаларын  құрылымын  қарастыруда  қазақ  зиялыларының 
еңбектері маңызды рөл атқарады. Себебі, онда ауызша шежірелер мен ғылыми 
зерттеулердің  негізінде  зиялыларымыз  ру-тайпалық  құрылымды  арнайы 
қарастыра отырып, үш жүз қазақтарының этникалық құрамын негізінен дұрыс 
талдап, нақты жазып кеткен болатын.  
Ұлт  зиялыларының  ру-тайпаларын  зерттеу  себебіне  М.Тынышпаевтың 
мына  пікірі  дәлел  болады  деп  ойлаймыз:  «...Қырғыз  (қазақ-ред.)  халқының 
әрбір  жеке  руының  шығу  тегін,  алдын-ала  зерттемей,  сондай-ақ  оның  кіммен 
және  қандай  уақыттарда  бас  қосқанын  анықтамай  қырғыз  (қазақ  -  ред.) 
халқының  тарихи  тағдырының  жалпы  көрінісін  көзге  елестету  мүмкін  емес» 
[105, 5 б.].  
Үш жүзге кіретін рулар мен тайпалардың құрамын, орналасқан жерлерін, 
олардың санын, таңбалары мен ұрандарын анықтап, зерттеп білуіміз болашақ 
ұрпақ үшін, Қазақ елі үшін қазіргі уақытта аса маңызды. Қазақта «Жеті атасын 
білмеген  жетесіз»  деген  мақал  бар.  Жеті  атасын  білу  руын  ғана  емес,  ата-
бабасының  тарихын  білу  болып  табылады.  Сондықтанда  ұрпағымыз  елін, 
жерін,  қазақ  жерінің  тұтастығын  сақтап,  аман  қалуы  үшін  руы  мен  өзінің 
шыққан тегін білуі керек.  
Қазақ  ру-тайпаларының  қоныстануы  біршама  зерттелген  тақырып 
болғанмен, оны қазақ зиялыларының еңбектері негізінде жан-жақты қарастыру 
мәселенің құндылығын жоғарылатады деп есептейміз. Қазақ ру-тайпаларының 
белгілі  бір  қоныстарының  болуына  қарамастан,  әкімшіл-әміршіл  заманда 
жүргізілген  реформаларға  байланысты  олардың  көші-қоны  біршама 
өзгерістерге  ұшыраған  болатын.  Дегенмен  қазақтың  үш  жүзін  құрайтын 
тайпалары өздерінің басты қоныстарын сақтап қалғандығын байқаймыз.  
ХІХ  ғ.  ІІ  жартысы  –  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  денсаулық  сақтау  
ісіне  байланысты  қазақ  зиялыларының  еңбектерін  талдау  барысында 
Қазақстандағы  аурулардың  шығу  және  таралуының  себептеріне  халықтың 
отырықшылыққа көшірілуі ғана емес, Ресей мен көрші елдерден шаруалардың 
көптеп көшіп келуі де жатты. Себебі, ол елдерден көшіп келгендер өздерімен 

 
114 
қоса  әртүрлі  жұқпалы  аурулар  да  таралатын.  Сонымен  қатар  халықтың 
жеткілікті  дәрежеде  тазалықты  дұрыс  сақтамауы  және  әлеуметтік  жағдайдың 
төмендігі  де  әртүрлі  жұқпалы  аурулардың  таралуына  әсер  етті.  Қазақстанда 
маман  дәрігерлердің  жетіспеуі салдарынан  ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  бақсы-
балгерлердің  емі  кеңінен  пайдаланылса,  оның  да  өз  кезегінде  зиянды  және 
пайдалы  жақтары  да  болды.  ХХ  ғ.  30-шы  жылына  дейін  де  жергілікті 
халықтың  бақсы-балгерлердің  көмегін  пайдаланып  отыруы  –  дәрі-дәрмектің, 
дәрігерлердің, соның ішінде қазақ дәрігерлерінің және ауруханалардың әлі де 
болса өте аз екендігін, ал ол өз  кезегінде Қазақстандағы денсаулық  сақтау  ісі 
деңгейінің төмендігін көрсетеді.  
Жалпы,  қазақ  зиялыларының  ертеден  келе  жатқан  әдет  –  балаларын 
жастайынан  атастырып  қою,  құдаласу,  әмеңгерлік  және  көп  әйел  алушылық 
сияқты  зиянды  ғұрыптарға  арнайы  қалам  тартуының себебі  –  бұл  сол  кездегі 
өзекті мәселелердің бірі болатын. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап зиялылар 
қалам  тартқан  бұл  тақырып  ХХ  ғ.  басында  да  өз  жалғасын  тапты.  Ұлттық 
сананың  оянуы  барысында  мұндай  мәселелерді  көтеріп,  мерзімді  басылым 
беттерінде  жариялау  және  насихаттау  зиялылардың  міндеттерінің  бірі  болды. 
Себебі, ұлт болашағы  – жас ұрпаққа тәрбие беретіндер, әйелдер болатын. Ал, 
басында теңдігі жоқ, сауатсыз әйелдердің дұрыс  тәрбие бермейтіндігі белгілі. 
Сондықтан  да  қазақ  әйелдеріне  теңдік  әперу,  олардың  құқықтарын  ерлермен 
теңестіріп,  сауатын  ашу,  қоғамдық  жұмыстарға  белсенді  қатыстыру  ісінде 
зиялылардың қосқан үлесі өте зор. 
Сонымен  әдебиет  кештеріне  байланысты  қазақ  зиялыларының 
көзқарастарын  талдай  келе,  мынадай  қорытындыға  келеміз.  Қазақ  жерінде 
алғаш  ұйымдастырыла  бастаған  әдебиет  кештері  бастапқы  кезде  Семей, 
Торғай, Атбасар сияқты қалаларда жиі өткізілген болатын, оған осы қалаларда 
ұлт  зиялылары  мен  қазақ  оқушы  жастарының  көп  шоғырланғандығы  себеп 
болған.  Өйткені,  мұндай  кештерді  ұйымдастырушылар  қазақ  зиялылары  мен 
білімді  және  оқудағы  қазақ  жастары  болды.  Әдебиет  кештеріне  алғаш  негіз 
болған қазақ халқының рухани мұрасы бұл кезде де өз жалғастығын тауып, ұлт 
театрын қалыптастыруға зор әсер етсе, сол кештерді ұйымдастырып, өздері де 
белсене  қатысқан  зиялыларымыз  бен  халық  арасынан  шыққан  дарынды 
өнерпаздар болатын. Қазақ әдебиет кештерінің алғашқы өнерпаздары кейіннен 
ұлттық 
театрдың 
алғашқы 
әртістерін 
құрады. 
Әдебиет 
кештерін 
ұйымдастыруда  әкімшілік  тарапынан  немесе  қаржылай  қиыншылықтардың 
болғанына  қарамастан,  зиялыларымыз  бен  өнерпаздарымыз  ұлтының 
болашағы  –  өнерлі  жастарға  көмек  беріп  қана  қоймай,  қазақ  өнерінің 
өркендеуіне зор үлес қосқан. 
ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы қазақтарға 
білім беру мәселесіне байланысты қазақ зиялыларының айтқан көзқарастарын 
талдау  барысында,  алғаш  ашыла  бастаған  мектептерде  тек  орыс  тілінде 
оқытуды  көздесе,  кейіннен,  яғни  ХХ  ғ.  басына  қарай  зиялыларымыздың 
бастауыш  мектептердің  алғашқы  екі-үш  жылы  міндетті  түрде  қазақ  тілін 
оқыту  қажеттігін  көрсетті.  Ал,  мектептерде  оқытудың  қарапайым  халыққа 
қиындық тудыратынына байланысты қазақ байлары мен қажылары, жергілікті 

 
115 
мекемелер  қаржы  жинап,  қазақ  балаларының  оқып,  білім  алуына  жәрдемін 
тигізіп  отырған.  Мектеп  санының  аздығы,  оның  ішінде  қазақ  тілінде  сабақ 
беретін  оқытушылардың  аздығы  оқыту  ісі  мен  мамандар  дайындауға  зор 
кедергілер  келтірді.  Себебі,  болашақ  мұғалімдерді  аз  уақытта,  қысқаша 
дайындық  курстарында  оқытып  шығу,  олардың  кәсіби  біліктілігінің  төмен 
болуына алып келді. Жалпы, Қазақстандағы білім беру ісінің қазақ зиялылары 
еңбектерінде  қарастырылуы,  олардың  халқының  болашағы  жарқын  болуы 
үшін күрескендігін, аянбай еңбек еткендігін көрсетеді. Дегенмен бұл көтеріліп 
отырған  мәселе  бірден  шешімін  тауып  кетпесе  де,  зиялылардың  белсенді 
қызметінің нәтижесінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткендігін байқатады.  
Жалпы  алғанда,  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  алғашқы 
онжылдықтарындағы  Қазақстандағы  этноәлеуметтік  және  этномәдени 
мәселелер  ұлт  зиялылары  еңбектерінде  әрдайым  көтеріліп,  оларды  шешудің 
жолдары қарастырылып отырған болатын. Соның нәтижесінде қазақ халқының 
әлеуметтік  және  мәдени  мәселелері  бір  жолға  қойылып,  дами  түсті.  Бұл 
тақырып аясында мен мынадай ұсыныстар жасаймын: 
-
 
ұлт  зиялыларының  қазақ  ру-тайпаларының  ұрандары  мен  таңбалары 
мәселелеріне байланысты көзқарастары зерттелсе; 
-
 
қазақ ру-тайпаларының этноним мәселелеріне байланысты пікірлері; 
-
 
зиялылардың  қазақ  өнеріне  байланысты  көзқарастары  зерттелсе, 
Қазақстан  тарихы  ғылымының  әлеуметтік  және  мәдени  мәселелері  кеңінен 
ашылар еді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
116 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1  Валиханов  Ч.Ч.  Собрание  сочинений  в  пяти  томах.  –  Алма-Ата: 
КазСовэнциклопедия, 1984. – Т.1. – 432 с. 
2  Алтынсарин  И.  Избранные  сочинения.  –  Алма-Ата:  Изд.  АН  КазСССР, 
1995. – 414 с. 
3 Құнанбаев А. Шығармалар. Екі томдық. – Алматы, 1968. – Т.1. – 156 б. 
4 Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: 
Қазақстан, 1991. – 80 б. 
5 Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі.  – Алматы: Жалын, 1993. – 76 б.  
6 Әлжанов О. Шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 296 б. 
7 Бабатайұлы Д. Өсиетнама. – Алматы: Ғылым, 2001. – 132 б. 
8  Кердері  Әбубәкір.  Қазағым:  Өлең,  толғаулар,  айтыс,  жырлар  /  құраст.           
Б. (Ордабай) Сандыбайұлы. – Алматы: Жазушы, 1993. – 288 б. 
9 Орманбетұлы Н. Кер заман: өлеңдер. – Алматы: Алаш, 2004. – 320 б. 
10 Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. – Алматы, 1993. – 80 б. 
11 Бөкейхан Ә. Таңдамалы (избранное) / гл. ред. Р. Нургалиев.  – Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 478 б. 
12  Байтұрсынов  А.  Шығармалары:  өлеңдер,  аудармалар,  зерттеулер  / 
құраст.   Ә. Шәріпов, С. Дәуітов). – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 
13  Сералин  М.  Топжарған:  Шығармалары  /  құраст.  Т.  Әбдірахманов.  – 
Алматы: Жазушы, 1985. – 168 б. 
14 Дулатов М. Шума қандай ауру. Одан қалай сақтану керек. – Қызылорда, 
1927. – 11 б. 
15 Жұмабаев М. Шығармалар. – Алматы: Білім, 1996. – Т. 2-3. – 512 б. 
16  Торайғыров  С.  Екі    томдық  шығармалар  жинағы.  –  Алматы:  Ғылым, 
1993. – Т.1. – 280 б.  
17 Майлин Б. Повестер және әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1977. – 544 б.  
18  Досмухамедов  Х.  Как  бороться  с  чумой  среди  киргизского  населения. 
Практическое руководство для работающих на чумной эпидемии (Издание 2-е 
неофициальное). – Кзылорда, 1923. – 83 с. 
19 Аймауытов Ж. Шығармалары: Романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар / 
құраст. М. Атымов, Қ. Керейқұлов. – Алматы: Жазушы, 1989. – 560 б. 
20 Дөнентаев С. Бозторғай. – Алматы: Мектеп, 1989. – 144 б. 
21 Ғұмар Қараш. Замана. – Алматы: Ғылым, 1994. – 240 б.  
22  Кемеңгерұлы  Қ.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы  /  оқу  құралы.  – 
Алматы: Алаш, 2005. – Т.2. – 336 б.  
23  Болғанбай  Х.  Иман  күші  /  құрастырып  және  жалпы  редакциясын 
басқарған проф. Д. Қамзабекұлы. – Алматы: Арыс, 2009. – 288 б.  
24  Джандосов  У.  Документы  и  публицистика  (1918-1937  гг.):  в  2    т.  – 
Алматы: Қазақстан, 1999. – Т.2. – 304 с. 
25 Нұрмақов Н. Шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2005. – 280 б. 
26 Сәдуақасов Ж. Таңдамалы шығармалар жинағы. – Астана: Елорда, 2009. 
– 192 б.  

 
117 
27  Шонанұлы  Т.  Жер  тағдыры  –  ел  тағдыры.  2-ші  басылуы.  –  Алматы: 
Санат, 1995. – 224 б. 
28 Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы, 1998. – Т.1. – 512 б. 
29  Шоқай  М.  Түркістанның  қилы  тағдыры  /  құраст.:  Б.  Серікбайұлы 
Қошым-Ноғай. – Алматы: Жалын, 1992. – 184 б. 
30 Чокаев М. Отрывки из воспоминаний о 1917 г. – Токио; М., 2001. – 64 с. 
31 Иманбаева Ш. Өлеңдері. – Алматы: Қазақтың көркем әдебиет баспасы, 
1950. – 93 б. 
32 Құлжанова Н. Халқыма деп іс қылдым. – Алматы: Рауан, 1993. – 168 б. 
33  Қасабекова  А.И.  Әйелдер  қозғалысының  алғашқы  қайраткерлері. 
Көмекші оқу құралы. – Тараз университеті, 2003. – 81 б. 
34  Мейер  Л.  Орынбор  ведомствосындағы  қазақ  даласы.  2-ші  бас.  толық.– 
Астана: Алтын кітап, 2007. – Т.17. – 193 б.  
35  Диваев  Ә.  Қазақ  халық  шығармашылығы.  2-ші  бас.  толық.  –Астана: 
Алтын кітап, 2007. – 317 б. 
36  Туркестанскій  сборникъ.  Статьи  и  заметки  изъ  русскихъ  и 
иностранныхъ  газетъ  //  Сборник  составляется  по  порученію  Туркестанского 
Генералъ-Губернатора. – Ташкент, 1908. – Т. 458. - 354 с. 
37  Түркістан  уалаятының  газеті.  Әдебиет,  тарих,  мәдениет,  саясат.  1870-
1882. – Алматы: Ғылым, 2003. – 602 б. 
38 Дала уалаятының газеті:  Адам, қоғам, табиғат (1888-1902) / құраст.: Ү. 
Субханбердина. – Алматы: Ғылым, 1994. - 816 б. 
39  Памятная  книжа  и  адресъ-календарь  Уральской  области  на  1897  годъ. 
Изданіе  Уральскаго  Областного  Статистическаго  Комитета.  –  Саратовъ: 
Паровая скоропечатня Губернскаго Правленія, 1897. – 200 с. 
40  Материалы  по  киргизскому  землепользованию,  собранные  и 
разработанны  экспедицией  по  исследованию  степных  областей.  Акмолинская 
область.  2.  Атбасарский  уезд.  Родословные  схемы.  –  Воронеж:  Типо-
Литография В.И. Исаева, 1902. –Т.2. – С.43-54.  
41  Материалы  по  киргизскому  землепользованию  района  реки  Чу  и 
низовьев реки Таласа Черняевского и Аулиеатинского уездов Сыр-Дарьинской 
области. – Ташкент: Типо-Литографи В.М. Ильина, 1915. – 118 с. 
42  Энциклопедия  «Айқап»  /  құраст.  Ү.  Субханбердина,  С.  Дәуітов.  Бас 
редактор Р. Нұрғалиев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 368 б.  
43  «Қазақ»  газеті  /  құраст.  Ү.  Субханбердина,  С.  Дәуітов,  Қ.  Сахов.  Бас 
редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – 560 б. 
44  Среди  киргиз  //  Жизнь  национальностей.    –  1921,  октябрь  -  1.  -  №21 
(19).– С. 4. 
45 Рыскулов Т. Современный Казакстан // Новый восток. - 1926. - № 12. – 
118 с. 
46  Қазақстан  Республикасы  Орталық  Мемлекеттік  Мұрағаты.  Сводка 
расходов  врачебно-эпидемической  организации.  Сметы  расходов  на 
содержание медицинских учреждений. 796-қ., 1-тізімдеме, 1-іс. - 24 л. 
47  Қазақстан  Республикасы  Орталық  Мемлекеттік  Мұрағаты  (ары  қарай 
ҚР ОММ). 796-қор, 1-т, 4-іс.  

 
118 
48  ҚР  ОММ.  Тургайского  Областнаго  правленія  перваго  отделенія. 
Описаніе  сведеній  подразделеніи  на  роды  жительствующих  на  территории 
Тургайской  области  киргизов,  с  указаніем  их  летних  и  зимних  кочевий.  9  мая 
1894 г. – 23 июля 1894 г. Ф. 25. Оп. 1. Д.498. 33 л. 
49 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.  
50 Тынышпаев М. История Казахского народа. – Алматы, 1998. – 224 с. 
51  Құлымбетұлы  Ұ.  Қазақстанның  мәдениет  шаруа  құрылысы.  Қазақстан 
оқытушыларының  бірінші  съезіндегі  баяндама.  –  Қызылорда:  Ағарту 
комиссариаты, 1927. – 20 б.  
52  Рыскулов  Т.Р.  Казакстан.  –  М.;  Ленинград:  Государственное 
издательство, 1927. – 96 с.  
53  Төреқұлов  Н.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  Зерттеулер  мен 
мақалалар. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – Т.1. – 256 б. 
54 Сәдуақасұлы С. Ұлт театры туралы. – Қызылорда, 1926. – 30 б. 
55  Шанин  Ж.  Арқалық  батыр:  пьесалар  мен  мақалалар  /  құраст.                  
Р. Нұрғалиев. – Алматы: Өнер, 1988. – 400 б. 
56 Маргуланов А. Найманы // Казаки. Сборник статей антропологического 
отряда Казакстанской экспедиции Академии Наук СССР. Исследование 1927 г. 
– Л. : Изд. АН СССР. – 334 с.  
57 Митерев Г.А. Народное здравоохранение за 25 лет Советской власти.  – 
М.: Медгиз, 1942. – 97  с.  
58  Масанов  Э.А.  Очерк  истории  этнографического  изучения  казахского 
народа в СССР. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 322 с. 
59 Востров  В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов 
(конец XIX – начало XXвв.). – Алма-Ата: Наука, 1968. – 256 с. 
60  Сисекенов  М.  Дәрігер  Мұхамеджан  Қарабаев.  –  Алматы:  Қазақстан, 
1972. – 40 б.   
61 Қазақ театрының тарихы.– Алматы: Ғылым, 1975. – Т.1. – 398 б. 
62  Дулатова  Д.И.  Историография  дореволюционного  Казахстана  (1861-
1917 гг.). – Алма-Ата: Наука, 1984. – 272 с. 
63  Бекмаханова  Н.Е.  Многонациональное  население  Казахстана  и 
Киргизии  в  эпоху  капитализма  (60-е  годы  ХІХ  века  –  1917  год).  –  М.:  Наука, 
1986. – 248 с. 
64  Артыкбаев  Ж.О.  Этносоциальная  структура  казахов  северного  и 
центрального  Казахстана  во  второй  половине  ХІХ  века:  автореф.  ...  канд.  ист. 
наук. – Алма-Ата, 1989. – 23 с. 
65  Арғынбаев  Х.,  Мұқанов  М.,  Востров  В.  Қазақ  шежіресі  хақында  / 
құраст.: Ә.Пірманов. – Алматы: Атамұра, 2000. – 463 . 
66 Дулатов М. Шығармалары – Алматы: Жазушы, 1991. – 381 б. 
67  Әбжанов  Х.,  Әлпейісов  Ә.  Қазақ  интеллигенциясы  мен  мәдениеті 
туралы (құжатты тарихи зерттеу). – Алматы, 1992. – 127 б. 
68  Субханбердина  Ү.  «Қазақ»,  «Алаш»,  «Сары  арқа».  –  Алматы:  Ғылым, 
1993. – 200 бет. 
69  Аманжолова  Д.А.  Казахский  автономизм  и  Россия.  История  движения 
Алаша (1905-1920). – М.: Россия молодая, 1994. – 216 с. 

 
119 
70 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б. 
71 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995. – 368 б. 
72 Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері.  – 
Алматы: Санат, 1997. – 320 б. 
73  Маданов  Х.М.  Қазақ  мәдениетінің  қалыптасу  кезеңдері.  –  Алматы: 
Қаржы-Қаражат, 1995. – 200 б. 
74  Атабаев  Қ.М.  Қазақ  баспасөзі  Қазақстан  тарихының  дерек  көзі  (1870-
1918). – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 358 б. 
75 Кенжетаев Б.А  Казанские учебные заведения и процесс формирования 
казахской интеллигенции в сер. ХІХ – нач. ХХ вв. – Казань, 1996. – 85 с. 
76  Құл-Мұхаммед  М.  Алаш  ардагері.  Ж.Ақбаевтың  саяси-құқықтық 
көзқарастары. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 224 б. 
77 Сағыбаева З. Нағима Арықова // Қазақ тарихы. - 1997. - № 6. – Б. 63-64. 
78 Смағұлова С.О. Ұлттық интелигенция және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе: тар. ғыл. канд. ... дис.  – 
Алматы, 1999. – 144 б. 
79  Жүгенбаева  Г.  Мұхамеджан  Тынышбаевтың  өмірі  мен  қызметі  (1879-
1938). – Алматы: ҚазККА, 2000. – 228 б. 
80 Балгозина Р.О. Эмансипация женщин в Казахстане: исторический опыт 
и  политические  уроки.  1917-1941  гг.:  учебное  пособие  для  вузов  /  под  ред.    
Е.Б. Сыдыкова. – Семипалатинск, 2001. – 174 с. 
81  Султангалиева  Г.С.  Западный  Казахстан  в  системе  этнокультурных 
контактов (ХҮІІІ-начало ХХ вв.). – Уфа: РИО РУНМЦ Госкомнауки РБ, 2002. – 
262 с.  
82  Дүкенбаева  З.О.  Қазақтың  шығармашылық  интеллигенциясының 
тарихы (1917-1941 жж.). – Алматы: Ғылым, 2003. – 330 б. 
83 Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына 
ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б. 
84  Сафонов  Д.А.  Очерки  историографии  Оренбургской  истории.  – 
Оренбург: Оренбургская губерния, 2005. – 364 с. 
85  Садвокасова  З.Т.  Духовная  экспансия  царизма  в  Казахстане  в  области 
образования и религии (ІІ половина ХІХ – начало ХХ веков). – Алматы: Қазақ 
университеті, 2005. – 277 с. 
86  Өзбекұлы  С.,  Исмаилов  А.  Ғ.  Қарашевтың  қоғамдық-саяси  және 
құқықтық көзқарастары. – Алматы, 2005. – 94 б. 
87 Кәкішев Т. Қазақ зиялылары. – Алматы: Қазығұрт, 2011. – 416 б. 
88  Койшигарина  Г.М.  Роль  учебных  заведений  Южного  Урала  в 
формировании  национальной  интеллигенции  Северо-Западного  Казахстана 
(ХІХ – нач. ХХ вв.): дис. ... канд. ист. наук. – Уральск, 2006. – 159 с. 
89  Шорманова  А.Қ.  Қазақ  баспасөзі  Қазақстандағы  оқу-ағарту  және  білім 
беру тарихының дерек көзі (ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы): тар. ғыл. канд. ... дис. 
– Алматы, 2007. – 130 б. 
90  Нуртазина  Н.Д.  Народы  Туркестана:  Проблемы  ислама,  интеграции, 
модернизации  и  деколонизации  (на  рубеже  ХІХ-ХХ  веков).  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2008. – 166 с. 

 
120 
91  Есеналина  Ж.С.  Взаимодействие  научных  обществ  Западного 
Казахстана  и  Волго-Уральского  региона  во  второй  половине  ХІХ  –  30-е  годы 
ХХ веков. – Актобе, 2008. – 274 с. 
92  Тасилова  Н.А.  «Қырғыздардың  (қазақтардың)  жер  пайдалану 
материалдары...»  -  қазақ  қоғамының  рулық-тайпалық  құрылымы  тарихының 
дерек көзі (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы): тар. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2009. – 
146 б.   
93  Азмұханова  А.М.  Ұлт  зиялылары  еңбектеріндегі  рухани-мәдени 
құндылықтардың  зерттелуі  (ХІХ  ғасырдың  соңы  –  ХХ  ғасырдың  басы):  тар. 
ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2009. – 155 б. 
94  Аманжолова  Д.А.  Форматирование  советскости:  национальные 
меньшинства  в  этнополитическом  ландшафте  СССР.  1920-1930-е  гг.  –  М.: 
Собрание, 2010. – 247 с. 
95  Қара  Ә.  Мұстафа  Шоқай.  Өмірі.  Күресі.  Шығармашылығы  /  түрік 
тілінен аударған Г. Шадиева. – Алматы: Арыс, 2004. –  320 б. 
96  Уяма  Т.  Взгляды  казахской  интеллигенции  на  суд  биев,  русский  суд  и 
шариат  (конец  XIX  –  начало  XX  вв.)  //  Мына  кітапта:  Қазақтың  ата  заңдары: 
құжаттар,  деректер  және  зерттеулер.  Древний  мир  казахов:  материалы, 
документы и исследования. 10 томдық / Бағдарламаның жетекшісі Зиманов С.З. 
– Алматы: Жеті жарғы, 2009. – Т.10. – С. 296-301. 
97 Уяма Т. Взгляды царских генералов на кочевников и их воинственность 
(по  поводу  неосуществленного  плана  о  сформировании  конной  милиции  в 
Туркестане)  //  Материалы  международной  конференции  «Урбанизация  и 
номадизм  в  Центральной  Азии:  история  и  проблемы».  –  Алматы:  Дайк-Пресс, 
2004. – С. 194-208. 
98 Michaels Paula A. Curative powers: medicine and empire in Stalin's Central 
Asia. – Pittsburgh: University of Pittsburgh Press, 2003. – 239 p. 
99 Халид Қ. Тауарих хамса: (Бес тарих) / ауд. Б. Төтенаев, А. Жолдасов.  – 
Алматы: Қазақстан, 1992. – 304 б. 
100  Қазақ  ру-тайпаларының  тарихы.  Дулат.  Бірінші  кітап.  –  Алматы: 
Алаш, 2008. – Т.11. – 466 б. 
100 Валиханов Ч.Ч. Собрание соч.: в 5 т. – Алма-Ата, 1985. – Т.2. – 416 с. 
101 Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Керейт. – Алматы: Алаш, 2008. – Т.4.  
– 408 б. 
102  Досмұхамедұлы  Х.  Аламан  /  құрастырушылар,  алғы  сөзін  және 
түсініктемелерін  жазған  Ғ.  Әнесов,  А.  Мектепов,  Ш.  Керімов.  –  Алматы:  Ана 
тілі, 1991. – 176 б. 
103 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.– Алматы, 1998. – Т.1. – 720 б. 
104  Қазақ  ру-тайпаларының  тарихы.  Қаракесек  бірлестігі  (Әлім,  Кете, 
Шөмекей). 4-кітап. – Алматы: Алаш, 2010. – Т.13. – 550 б. 
105  Қазақ  ру-тайпаларының  тарихы.  Табын.  Бірінші  кітап.  –  Алматы: 
Алаш, 2006. – Т.2. – 424 б. 
106 Валиханов Ч.Ч. Собрание соч.: в 5 т.– Алма-Ата, 1968. – Т.4. – 782 с. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал