Байдавлетова мадина досбергеновна



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
  бойынша:  жалпы  міндетті 
бастауыш оқу аса қажет, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде болсын. 
Мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын, бәрі де «Қазақ» емлесімен 
жазылсын [43, 406 б.], - деп ана тіліне басымдық береді.  
Бұл  жоғарыда  айтылған  пікірлерден  байқап  отырғанымыздай,  зиялы 
қауым  өкілдері  қазақ  мектептерінде  орыс  тілін  оқытуды  қолдағанымен, 
алғашқы  екі-үш  жыл  ана  тілінде  болуын  міндеттейді.  Себебі,  ана  тілін 
білмеген  жас  ұрпақтың  мәңгүрттеніп,  өз  тілі  мен  мәдениетін  жоғалтып 
алуынан сақтанған болса керек. 
Ал,  Ораз  Жандосовтың  мектептерде  қазақ  тілінде  сабақ  беруге 
байланысты  пікірін  білсек:  «Переходя  к  национальному  языку,  т.Джандосов 
отмечает,  что  на  своем  национальном  языке  Казакстан  еще  неможет  создать 
школу.  Нет  необходимого  кадра  преподавателей,  поэтому  почти  все  учебные 
заведения  повышенного  типа  работают  на  русском  языке»  [24,  с.  97],  -  деп 
қазақ  тілінде  оқытатын  мұғалімдердің  жетіспеушілігі  салдарынан  оқыту 
көбінесе орыс тілінде жүргізілгендігін көреміз.  
Бұл  1920-шы  жылдардың  соңына  дейін  де  мектептерде  қазақ  тілінде 
оқыту  мәселесінің  шешілмегендігін  көрсетеді.  Бұның  басты  себебі  –  қазақ 
тілінде білім беретін мұғалімдердің аздығынан болып табылады. 
Мектепте  оқылатын  пәндерге  байланысты  А.  Байтұрсынов:  «Бастауыш 
мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт 
тарихы,  есеп,  жағрафия,  шаруа-кәсіп,  жаратылыс  жайлы  [43,  98-100  б.],  - 
болуы дұрыс деп жазады.  
Ж.  Аймауытов  «Білімдендіру  көбінесе,  екі  мақсұт  көздейді  –  білім 
көбейту, яғни затты мақсұт, ақыл күшейту, яғни қалыпты мақсұт. 

 
97 
Әуелгі мақсұтты  жақтаушылар  балаға  неғұрлым  түрлі  тараулы  білімдер, 
мағлұматтар,  тілдер,  өнерлер  көп  үйретілуін,  яғни  баланың  білім  заттары  көп 
болуын  тілейді.  Екінші  мақсұтты  қуаттаушылар  мектепте  балаға  білімді  көп 
үйрету  қажет  емес,  көбінесе  ақылды  машықтандырып  күшейтетін  жұмыстар 
берілсін,  ақыл  жұмысы  күшейген  адам  келешекте  білімді  өзі  де  тауып  алады 
дейді.   
 
Бұл  екі  пікірдің  екеуін  де,  яғни  біреулер  затты  мақсұтты,  біреулер 
қалыпты  мақсұтты  жақтау  –  тым  ұшқары,  асқақ  пікір,  екеуінің  де  тірелетін 
мықты негізі жоқ. 
 
Балаға  жалаң  білім  үйрету,  басқаша  айтқанда,  баланың  басын  түрлі  көп 
мағлұматпен  тығындап  толтыра  беру  ақылын  күшейтуге  себеп  болады  деу  – 
қате.  Бүйтіп  білім  үйреткенде  баланың  басы  неше  түрлі  білімді  жинап,  сақтап 
қоятын бір қойма іспетті болады. 
 
Ондай мектеп, ондай оқыту, тек ақылды олай-бұлай қозғап, созылғаннан 
басқа, балаға ешбір тәрбие бере алмайды. 
 
Құдай, дін, шариғат жайынан мәселе етіп, бақас құрып, фәлсафа сатып ми 
шіріткен,  өмірде  бір  тиын  пайдасы  жоқ  ескі  оқу  –  ақылды  жынды  қылып, 
әлсіреткеннен  басқа,  түк  пайда  бере  алмай,  өзінен-өзі  тозып,  жоғалып  барады. 
Міне,  бұл  ақылдың  қалпын  сырлаудың  мағынасыз  әурешілік  екеніне  айқын 
дәлел. 
 
Сондықтан  мектеп  балаға  пайдалы  білімдерге  негіз  салып,  келешекте  ол 
білімін  өркендету  үшін  ақылын  күшейту  жағын  ескеру  керек;  екінші  түрлі 
айтқанда, білім көбейту мен ақыл күшейту мақсұты қатар көзделу керек. 
 
 
 
Ақылды күшейтуге жалпы мағлұмат ретінде жаратылыс пәнінің маңызын 
алсақ,  өзге  пәндердегі  керекті  қасиеттер  жаратылыс  пәнінен  түгел  табылады. 
Тәрбие  ықпалы  жағынан  қарасақ,  жаратылыс  пәні  ана  тілі  мен  шама  тілі 
қатарлы пайдасы барлығында талас жоқ. Жаратылыс пәнінің бір қасиеті қандай 
жеңілдеп,  шағындап,  ұғымды  түрде  үйретем  десең  де,  қолайлы  келеді. 
Сондықтан жаратылсты бастауыш мектептерде оқытуға болады. Басқа пәндерді 
жабайы, сәл түрден бастап, жүре-жүре  тереңдетуге болса, жаратылыс пәнін де 
солай ету мүмкін нәрсе. 
 
Тілді,  есепті  оқытқанда  дағдыландыру,  машықтандыру  жұмысы  қандай 
әжет  болса,  жартылысты  оқытқанда  да  сондай  әжет.  Бұл  сол  машықтанудың, 
онымен бірге білім табудың ең қолайлы дұрыс жолы. 
 
Оқудың  мақсұтына  ең  пайдалы  пән  болғандықтан,  шама  тілі  пәні  ілгері 
орынға қоюға үлгілі жүйені жақтаушылар да сөз айтпай қол қойды, жаратылыс 
пәнінің маңызына да талас ете алмайтын болды. Деректі жүйені қуаттаушылар 
тіл  оқытудың  маңызына  таласуын  қояйын  деді.  Бірақ  оқылатын  тек  жат 
жұртттардікі  һәм  ескі  тілдер  болмай,  туған  тілі  болмақ  [169,  299-301,  305-309 
б.]. 
  Тілді  өзге  пәннен  бөлек  оқыту  баланың  тілін  де,  білімін  де  жетілдіре 
алмайтындығын  сезіп,  бұрынғы  мектептер  басқа  да  пәндерді  көбейтуге 
тырысқан.  Ондай  шара  жүкті  бұрынғыдан  да  ауырлатқаннан  басқа  түк  пайда 
берген  жоқ.  Бұдан  шығатын  қорытынды  мынау:  білім  тану  жолы  мен  тіл 

 
98 
үйрену жолын айыру дұрыс емес. Сондықтан ана тілін өз алдына пән ретінде 
оқыту  ақылға  да,  табиғатқа  да  жанаспайды»  [169,  215  б.],  -  деп  мектеп 
пәндерін үйретуде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керектігін айтады.  
Мұсылманша  оқуға  байланысты  Ы.  Алтынсарин  өз  жазбаларында  «мен 
кейбір оқытудан бос уақыттарымда оларға ресми түрде молда да болып қоям; 
сөйтіп,  оларға  дін  тарихынан  білгенімді  айтып,  оған  басқа  да  пайдалы  және 
түсінікті  әңгімелерді  де  қосып  айтамын  [2,  274  б.],  деп  оның  себептерін  де 
көрсетіп өтеді:  «біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі  түсініктері  теріс 
бағытқа  түсіп  кетпеуі  үшін  ал,  екіншіден,  қазақтың  жазба  тілінде  татар  тілі 
орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын 
үйрене  бастап,  осыған  қоса  жіберіліп  отырған  оқу  құралын  құрастыруға 
кірістім.  Менің  бұл  іске  кірісуіме  тағы  бір  себеп  болған  нәрсе  –  қазақ 
молдаларының  өздері  де  қолдарындағы  кітаптарының  қолайсыз  екендігін 
мойындайды [2, 323-324 б.].  
Бұл  жерден  байқап  отырғанымыздай,  Ы.  Алтынсарин  қазақтардың  діни 
сауатын  ашып,  теріс  жолға  түсіп  кетпеуін  де  ойластырып,  арнайы  кітап 
жазады. Бірақ та кейінгі жазбаларынан байқағанымыздай, ол кітабына 3-4 рет 
сұрау салса да кітабының қайтарылмай, не дұрыс жауап ала алмай, кітабының 
бекімегендігін көреді. Ол мұнымен тоқтап қалмай, көлемі аздау болса да қазақ 
балаларына мұсылман дінінен хабар беретін кітапшасын жазған болатын.  
Патша  өкіметі  ислам  дінінен  сабақ  беруге  қарсы  болғаны  белгілі.  Оның 
дәлелі  ретінде  мұрағаттың  мына  мәліметтерін  келтіруге  болады:  «Копия 
секретного предолжения Семиреченского областного Правления от 18 февраля 
1912 г. За №294 Верненскому Поицмейстеру.  
Областное  правление  предлагает  доставить  заведующему  Розыскным 
пунктом  вг  Г.Верном  сведения  –  1)  о  существующих  вгороде  новометодных 
мусульманских  школах,  лицах,  преподающих  в  них  и  учебниках,  по  которым 
ведется преподавание, с указанием времени и места их издания; 
2)  об  имеющихся  на  лицо  мусульманских  обществах  просветительного, 
благотворительного и т.д. характера и о лицах, входящих в состав таковых; 
3) о наличных книжных лавках, торгующих мусульманской литературой и 
о  личностях  книгонош,  получивших  разрешение  вести  торговлю  этими 
книгами.  
Для  немедленного  доставления  самых  точных  и  подробных  сведений  23 
февраля 1912 г. Плиц. Поротиков. Секретарь Нарежнев. 
Копия секретного циркуляра Воен. Губ. Семир. Обл. От 12 февраля 1912 г. 
За  №282.  уездным  начальником  Семиреченской  обл.  И  Верненскому 
Полицмейстеру. 
В дополнение  указаний, данных мною  на на происходившим  в январе с.г. 
съезд уездных нач-ов и в виду циркулярного предложения Туркестанского ген.-
губ-ра,  от  25  января  с.г.  за  №844,  -  по  инспекции  народных  училищ 
Туркестанского  края  предполагая  принять  к  неуклонному  и  точному 
применению  следующие  основные  правила  о  мусульманских  школах.  В 
отношении  так  называемых  «новометодных»  туземных  школах  (циркуляр  за 
№844). 

 
99 
1)  открытие  новометодных  мактабов  с  начатками  общеобразовательных 
знаний допускается с разрешения инспекции народных училищ.  
2) необходимо наблюдать, чтобы в ново открываемые школы назначались 
учителями  туземцами  одного  племени  с  учащимся  в  открываемых  школах 
детьми.  
2.3 учителями в сих школах могут быть лишь туземцы одного с учащимися 
племени, туземные учителя другого племен с учащимися подлежат увольнению 
[170, 105 л.].  
Бұл  ХХ  ғ.  басында  қазақ  жерінде  мектеп  ашуға  үлкен  рұқсат  керек 
екендігін  көрсетсе,  ал  ашылған  мектептердің  өзі,  ондағы  оқу  бағдарламалары 
патшалық  Ресейдің  қатаң  бақылауында  болғандығын  анық  байқаймыз. 
Сонымен қатар назар аударатын тағы бір мәселе – мектеп мұғалімдерінің шығу-
тегіне  де  үлкен  көп  көңіл  бөлінген  тәрізді.  Құжат  мәліметінде  айтылғандай, 
мұғалімдер  мен  оқышулардың  рулары  бірдей  болуы  керек,  ол  сақталмаған 
жағдайда мұғалім жұмыстан шығарылған.
 
«Алаш  қозғалысы»  құжаттар  мен  материалдар  жинағында  Ішкі  Істер 
Министріне қазақтардың құқықтарын кеңейту туралы петицияны бекіту туралы 
өтінішінде:  «В  школах  было  бы  обязательным  условием:  сначала 
преподованием киргизским ученикам магометанского духовного молитвенного 
урока,  пяти  главных  обязательных  уроков  для  богослужения  до 
совершеннолетия учеников, а затем уже преподовались русские грамоты с тем, 
чтобы  преподование  мусульманских  духовных  уроков  не  оставалось  до 
оставления учеником школы. 
В школах не преподавались бы  христианские духовные  уроки [136, с. 41-
42 ], - деп ислам діні негіздерін оқытуға мән берген.  
Өз  кезегінде  М.  Дулатұлы:  «Мұсылманша  оқушыларға  шаһарларда 
қазаққа  арнаулы  медреселер  жоқ.  Қазақтан  оқушы  талапкерлердің  көптігі 
соңғы жылдарда көріне бастады. Школдарға қазақ балаларының 10-нан тоғызы 
орын жоқтықтан кіре алмай, қайда барарын білмей, қаңғырып жүр» [43, 69-70 
б.],  -  деп  мектептердің  аздығын  сөз  қыла  отырып,  мұндай  мектептердің 
керектігін  жазады.  Бұл  қазақтарға  мұсылманша  оқудың  керектігін  көрсетіп, 
басқа дінге немесе теріс жолға түсіп кетпеуіне жасалған шаралар болатын.  
Кезінде  Жетісу  өңірінде  белгілі  болған,  кейінгі  қазақ  зиялылары  білім 
алған  оқу  ордасы  «Мамания»  медресесі  және  онда  оқылған  пәндерге 
тоқталсақ:  «Оқушыларға  берілген  білім  дәрежесімен  танысу  үшін  оның 
мұрағатта сақталған оқу жоспарын келтірейік: 
Мәселен, онда мынадай пәндер оқытылған: 
1.
 
Қазақ тілі «оқу, жазу) – 1-ші кластан бастап оқытылады.  
2.
 
Есеп (арифметика) – 1-ші кластан бастап оқытылады. 
3.
 
Иман-шарт – 2-ші кластан бастап оқытылады. 
4.
 
Құран – 2-ші кластан бастап оқытылады.  
5.
 
Орыс тілі 3-ші кластан бастап оқытылады. 
6.
 
Пайғамбарлар тарихы – тек 3-ші кластан бастап оқытылады. 
7.
 
жағрапия – 3-ші кластап бастап оқытылады.  
8.
 
Зоология – 4-ш кластан бастап оқытылады. 

 
100 
9.
 
Ислам діні тарихы – 5-ші кластан бастап оқытылады.  
10.
 
Татар тарихы – 5-ші кластан бастап оқытылады.  
11.
 
Хадис (Пайғамбардың өсиеті) – 5-ші кластан бастап оқытылады [171, 
70-71 б.]. 
Яғни,  сол  уақыттың  әртүрлі  тиымдарына  қарамастан,  қазақ  тілін  бірінші 
сыныптан  бастап  оқытуды  қолға  алып,  ислам  діні  тарихы,  хадис  сияқты 
пәндер «Мамания» медресесінде оқытылғандығын көреміз.  
Белгілі  тарихшы  М.  Қойгелдиевтің  мына  пікіріне  назар  аударсақ: 
«Отарлық  билік  орындары  мұсылмандық  оқу  орындарға  соққы  беру  арқылы 
өлкеде орыс оқу орындары  жүйесінің қанатын жаюды көздеді.  Патша өкіметі 
орыс  оқу  орындарына  жергілікті  халық  балаларын  тартқанда,  оларды 
сауаттандырып,  ғылым-білімге  тарту  үшін  емес,  өздерінің  күнделікті  саяси-
әлеуметтік  мұқтажына  қызмет  ететін  төменгі  дәрежедегі  қызметкерлер 
даярлауды  мақсат  етті.  ХХ  ғасырға  сауатсыздықтан  айырылмаған  күйде 
жеткен елдердің бірі Ресей мен оның құрамындағы отар елдер болатын» [138, 
171 б.], - деп патша үкіметінің оқытудағы саясатын әшкерелейді.  
Бұл уақыттағы мектепте оқытудың қиындықтары туралы А. Байтұрсынов: 
Олар  оқырлық  орындар  шамалы,  учительский  школа,  семинария,  адам 
фельдшері  я  мал  фельдшерінің  школалары.  Торғай  мен  Орал  облысында 
фельдшерлік школалар жоқ. Семинарияларда қазақ стипендиясы я тіпті жоқ, я 
бар  болса  аз,  жоқ  есебінде  киргизский  учительский  школада  қазына  орны 
алпыс, оның жартысы қазаққа, жартысы орысқа деп ол жағынан да үлкен ауыл 
үлкендігін қылатын  көрінеді.  ...оқимын деген жастарыңды бүйтіп  қаңғыртып 
қоймас үшін әр жердегі оқитын орындарда көбірек стипендия ашу керек, оны 
ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы оқыту ата-анасына ауыр болғанмен, 
жұртқа жеңіл. Екінші стипендияларды түрлі школаларда ашу керек [49, 59-60 
б.], - деп стипендия ашуды насихаттайды.  
Осы мәселеге байланысты М. Дулатов «алаш ұранды қазақ-қырғыз болып 
мұқтаж  оқушыларымызға  жәрдем  беретін  ортамызға  пұл  жиялық,  оның  үшін 
«Оқушы мұқтаж қазақ балаларына жәрдем жамиғатын» ашалық [43, 69-70 б.], - 
десе «Айқапта»: Мінеки, қазақтан бітіргендердің саны орыстан бітіргендерден 
үш рет аз. Үш жүз қырық мың қазағы бар Торғай облысы жиырма бала оқытып 
жүргенінде, осындай халқы бар орыс губернасының бір жылғы оқушылары екі 
мыңнан  аса  түседі.  ...өнерлі,  білікті  кісі  қазақ  арасында  жоқпен  бірдей, 
олардың  көбейгені  халыққа  пайда  һәм  күш.  Орта  дәрежелі  школдарды  толық 
бітірмегенде  оқуын  закон  қоспайды.  Осылай  болған  соң  гимназия  мен 
реальный  училищелердегі  оқитын  балалардың  санын  көбейтіп,  оларға 
жеткілікті  жаңадан  стипендиялар  ашып  беруіміз  –  мойнымыздағы  бір  мықты 
парыз [42, 135-136 б.], - деп қазақ балаларының стипендияға мұқтаж екендігін 
көрсетеді. 
Бұл  кезде  стипендиялардың  қазақ  оқушыларының  оқуына  көп  көмек 
тигізері  сөзсіз  еді.  Себебі,  кейбір  балалар  алғашында  өз  қаражаттармен  оқуға 
барғанымен, кейіннен оның жетіспейтіндігі байқалып, оқуды тастауға мәжбүр 
болатын.  

 
101 
Мұндай  жәрдем  жамиғаттарынана  басқа  осы  кезде  өткізілетін  әдебиет 
кештерінен  түскен  қаржыны  да  оқушыларға  бергендігі  туралы  төмендегідей 
мәліметті  оқимыз:  қазақ  жастарының  пайдасына  жасалған  қазақша  әдебиет 
кешінен  барлық  расходтар  шығарылғанда  таза  пайда  640  сом,  мұны  екіге 
бөліп,  жартысын  ауруханаға,  қалған  жартысын  Семей  облысынан  мұқтаж  12 
қазақ жастарына бөлдік [43, 163 б.], - деп жазады.  
Ал  «Ақмола  съезінде  Ғалия,  Усние,  Расулие,  Мухтие  һәм  Ғұсмание 
медреселерінде оқушы шәкірттерге 50 стипендия ашуға қаулы қылынып, мұны 
іске  асыру  Ақмола  облысының  қазақ  комитетіне  тапсырылған  еді.  Халықтан 
ақша  жиылу  шабанырақ  болғандықтан  бұл  күнге  дейін  жария  қыла  алмай 
тұрдық. 
Өз  керегін  өзі  біле  бастағанына  жұртқа  мың-мың  рахмет,  жасағанға 
сансыз  шүкір.  Соңғы  кезде  аздап  болса  да,  стипендияға  арнадған 
ақшакомитетке  келе  бастады,  қалғаны  халықтың  тез  жиып  жіберуіне  сеніпғ 
медреселерде  оқу  уақыты  таянып  қалғанын  есепке  алып,  Ақмола  облысының 
қазақ  комитеті  білдіреді:  1-съез  қаулысы  стипендия  мен  пайдаланатын 
шәкірттер Ақмола облысының қазағы болуы тиіс. 
2-стипендиямен  пайдаланған  шәкірттер  медресе  бітірген  соң,  неше  жыл 
пайдаланса, сонша жыл Ақмола облысында қызмет етуге міндетті болмақ. 
3-аталған  5  медресенің  бірінде  бұрыннан  оқып  жүрген  Ақмолалық 
шәкірттердің  стипендия  аламын  дегені  тезірек  областной  комитетке  арыз 
берсін; уезн болыс һәм ауылын көрсетіп, қай сыныпта оқып жүргендігін айтып, 
һәм  уезной  яки  волосной  комитетінің  мұқтаждығына  берген  куәлік  қағазын 
қосып. 
4-биыл  түсіп,  стипендия  алсам  деген  шәкірттер  аталған  бес  медресенің 
біріне  барып  түссін  де,  жоғарыда  3-інші  пунктте  айтылған  нәрселердің  үстіне 
медресе ьасқармасынан түскендігіне қағаз алып, комитетке арыз берсін. 
5-бұрын  оқып  жүрген  болсын,  жаңа  түскен  болсын,  стипендия  сұраған 
шәкірттер арыздарына қосып. Медресе бітірген соң стипендиямен пайдаланған 
жылының  санынша  Ақмола  облысында  қызмет  етуге  міндеттімін  деп, 
қолдарынан  қағаз  беруге  тиісті.  Бұл  қағаздағы  қолдың  дұрыстығын  арыз 
берушінің  уезной  яки  волосной  комитеті,  болмаса  түскен  медресенің 
басқармасы  бекітуі  керек.  Комитет  бастығы  А.Тұрлыбаев.  Ағзасы 
М.Жұмабаев.  Хатшысы  Х.Сыдықов  [172,  3  б.],  -  деп  қазақ  балаларының 
оқуына  қаржылай  көмек  беріп,  олардың  білімін  жалғастыруына  мүмкіндіктер 
беріп отырған.  
Сонымен  қатар  қазақ  байлары  да  мектептер  ашып,  оқуда  жүрген  қазақ 
жастарына  жәрдем  беріп  отырған  болатын.  Соның  біріне  «Мамания» 
мектебінің  негізін  салған  Мамановтар  жатады.  Ол  туралы  «Айқапта»: 
«Мектеп-медресе салдырып, шамалары келгенше халыққа пайдаларын тигізіп 
тұрған атақты Маман Тұрысбековтердің ішінде ең үлкені, ең ақсақалы болған 
Сейітбәттал  қажы  Маманов.  Бұл  кісінің  өзі  тірі  уақытында  халық  пайдасы 
үшін істеп қалдырған түпкілікті, негізді істері бар. Істері мынау: ең әуел ол кісі 
өздерінің  мекені  Қарағашта  алты-жеті  мың  сомға  түсіріп  мешіт  салдырған. 
...өзінің  жас  інілері  жаңа  тәртіппен  оқытатын  мұғалім  алдырып,  жаңа  мектеп 

 
102 
салдыралық  дегенде  ол  кісі  «құп  болады»  деп  Қарағашта  он  бір  мың  сом 
жұмсалып,  осы  күнгі  жаңа  салынған  мектепке  көп  жәрдем  еткен.  Сол  мектеп 
пайдасына  бес  жылдан  бері  жыл  сайын  мың  жарым  сом  беріп  келді.  ...ол 
кісінің сөзімен биыл Қарағашта қыздар мектебі ашылды. Уфада оқыған Фәтма 
ханым  Есенгелдина  осы  күнде  сол  мектепте  отыздай  қазақ  қыздарын  жаңа 
тәртіппен оқытып, һәм қол ісін үйретіп жатыр [42, 178-179 б.], - деген сөздерді 
оқимыз. Сондай-ақ, «Құрметті Ахметжан қажы Амандасовтың жәрдемі қыздар 
мектебі ашылып, елуден артығырақ қыз балалар екі сыныпқа айырылып оқып 
жатыр»  [42,  178-179  б.],  -  деп  қажылардың  да  мектеп  ашып  жатқандығы 
жазылған. 
«Сарыарқа» газетінде (1917  ж.):  «Бұрын Көкбекті қаласындағы жұрт оқу 
уақыты  жеткенде  ғана  бізге  мағлұм  керек  алты  ай  бала  оқыды  деп,  300  сом 
шығым қылып, бала басы отын салып, ақша жинап оқытып жүруші еді. Мұның 
кемшілік  екенін  біліп,  көріп  жүрсек  те,  бабы  болмай  сүйретіліп  осы  күнге 
шейін  келіп  едік.  Енді  қай  жерде  болса  да  құдайға  шүкір,  мұсылмандар 
қарманып  жатқанын  көріп,  медресемізді  жақсы  жөнге  саламыз  деп 
Көкпектідегі  мұсылман  комитеті  жәрдем  жиып  қолға  ала  бастады,  қалаға  үш 
кісі  сайлап,  3  күнде  бір  мың  сом  жидырды.  Жаңа  да  біздің  бұл  медресемізді 
басында  ерлік,  жомарттық  қылып,  салған  Сыдық  қажы  жетпеген  жері  болса, 
қарасатындығын  білдірді.  Биыл  үш  мұғалім  ұстап  оқуды  бір  өлшеулі 
жолменен  оқтытатын  болып,  медресе  тәрбиесіне  ұсталатын  ақшаны  4000  сом 
есептеп комитет ақша табатын болып іске кірісті» [173, 3 б.], - деп мұсылман 
комитетінің, сонымен бірге қазақ қажыларының да жәрдемін сөз қылады. 
М. Тынышпаев (1917 ж.) : «В 1876 г. генералом Колпаковским открыта в г. 
Верном мужская с пансионом для киргизских детей (в этом пансионе учился в 
последствии  и  я);  около  того  же  времени  генералом  фон  Кауфманом  открыта 
мужская гимназия в г. Ташкенте и тоже с пансионом для киргизских детей; этот 
пансион  содержавшийся  на  собранные  с  киргизов  суммы,  был  впоследствии 
(после  смерти  генерала  Кауфмана)  закрыт,  благодаря  влиянию  известного 
миссионера Ильминского и Остроумова, проживающего ныне в г. Ташкенте; на 
оставшуюся  сумму  построена  учительская  семинария  с  пансионом,  куда  и 
стали  поступать  киргизские  мальчики,  как  это  хотелось  сторонникам 
семинарии [136, с. 192.].   
Наконец,  считаю  необходимым  сказать  о  просвещении  киргизов. 
Покойный  генерал  Колпаковский  для  открытых  им  гимназий  (в  начале 
прогимназии)  и  пансиона  дал  такой  педагогический  персонал,  подобно 
которому  (с  точки  зрения  просвещения  киргизов)  теперь  нигде  не  встречаем. 
Отеческие  заботы  о  киргизских  мальчиках  первого  директора  –  покойного 
Новака  и  высокогуманное  отношение  всего  преподавательского  персонала  к 
киргизским мальчикам памятны всем бывшим воспитанникам этих незаметных, 
но поистине  великих людей; о  втором  директоре гимназии М.В.   Вахрухшеве, 
моем воспитателе, проживающем сейчас в г. Верном, вспоминают не иначе как 
с величайшей благодарностью. Этот просвещенный идеалист, оказывается, под 
старость  лет  собирает  летом  вокруг  себя  случайных  киргизских  мальчиков, 
учит грамоте, русскому языку и.т.д., об этом официально никому не известно. 

 
103 
Помню, 
как 
теперешний 
инспектор 
гимназии, 
перестарелый                   
А.Д.  Юрашкевич  по  целым  дням  просиживал  с  вновь  поступившими 
киргизскими мальчиками, чтобы к концу учебного года научить их говорить и 
писать. 
Такое  отношение  круто  изменилось  в  1908  г.,  когда  благодаря  чисто 
случайному  обстоятельству  ушел  совершенно  безвинный,  благородный       
М.В.  Вахрушев  и  директором  гимназии  сделался  г-н  Дейнеко.  Достаточно 
сказать  только  одно  –  около  5-6  человек  киргизов  не  были  выпущены  из  8-го 
класса  гимназии  (один  из  них  –  мой  родственник);  4  стипендии  в  высших 
учебных  заведениях  для  киргизов  (одной  из  них  пользовался  я)  теперь 
потеряны для киргизов – ими пользуются русские студенты и курсистки, а мой 
родственник,  оканчивающий  ныне  юридический  факультет,  жил  и  учился  без 
всяких  личных  средств.  В  таком  положении  были  дела  в  области,  когда 
разразилась  нынешняя  война  [136,  с.  200],  -  деп  мектептердің  жергілікті  қазақ 
байларының  қаржысына  ашылып  отырғанын,  сонымен  қатар  генерал-
губернаторлардың  да  өз  мақсат-мүддесі тұрғысынан  мектептер  ашқанын,  онда 
қазақ балаларына орынның аз бөлінетіндігін анық көрсетеді. 
1922-1925  жылдары  А.  Байтұрсынұлы  Қазақстан  Халық  Комиссариаты 
жанындағы  Ғылыми-әдеби  комиссияның  төрағасы  болып  істеді.  Сондықтан 
Қазақ республикасының алғашқы жылдарында қаржының тапшылығынан оқу-
білімді  ұйымдастыруда  орын  алған  қиыншылықтарды  жақсы  білді.  Патшалық 
заманда  бірнеше  жыл  ізденіп,  шығынданып  ашатын  мектепті  Кеңес  үкіметі 
кезінде  ашу  мәселесі  шешілгенімен,  қаржы  жетімсіз  болды.  Ал  оқуға  деген 
сұраныс көп. Бұдан шығар жалғыз амал – халықтың өзінің мектеп ашуға қаржы 
жинауы [174, 56 б.]. 
Қазақ  мерзімді  басылымдарындағы  білім  беру  мәселесін  зерттеуші      
А.Қ. Шорманованың мына  тұжырымы біздің пікірімізді қуаттай  түседі. Онда: 
«Сонымен  «Айқап»  пен  «Қазақ»  материалдарына  талдау  жасау  мектеп, 
медресе  салу  және  ашу  мәселесінің  Қазан  төңкерісі  қарсаңындағы  қазақтар 
үшін  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  болғандығын  көрсетеді.  Аталған  мерзімді 
басылымдар  оқу-ағарту  тарихының  дерек  көздері  ретінде  біріншіден,  ХХ  ғ. 
екінші  онжылдығында  мектеп  пен  медреселердің  Қазақстанның  барлық 
аймақтарында,  қалалары  мен  ауылдарда  салынып,  ашыла  бастағандығын, 
екіншіден,  олардың  көбіне  мешіттер  жанынан  ашылғандығын,  үшіншіден, 
мектеп  салу  ісіне  қазақ  байларының,  саудагерлерінің,  қажылардың, 
мұғалімдердің, ақсақалдардың т.б.қатысқандығын, бесіншіден, дүниеден өткен 
адамның  мектеп  не  медресе  салдырып,  балалардың  оқуына  мүмкіндіктер 
жасауларын  тіршілігінде  атқарған  қасиетті  жақсылық  ісі  ретінде 
бағалағандығын көрсетеді. Келтірілген нақты мысалдар мен деректер кеңестік 
тарихнаманың «қазақтар тек кеңес өкіметінің арқасында ғана оқуға мүмкіндік 
алды»  деген,  қасаң  тұжырмның  негізсіз  екендігін  толығымен  дәлелдейді  [89, 
79-80 б. ], - деп жазады. 
Сонымен  Қазақстандағы  білім  беру  ісіне  байланысты  ұлт  зиялыларының 
көзқарастарын қорытындылар болсақ: 

 
104 
- өз ұлтының болашағы жолында аянбай қызмет еткен ұлт зиялылары ана 
тілінің  болашағына  алаңдап,  мектептегі  оқу  тілінің  алғашқы  екі-үш  жылын 
міндетті түрде қазақ тілінде болуын насихаттады; 
-  мектепте  жаратылыстану  пәндерін  оқытуды  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне қарай оқытуды жазды; 
-  мектепте  қазақ  балаларына,  әсіресе,  орыс  тілді  мектепте  оқитындарға 
ислам  діні  негіздерінен  жалпы  мәлімет  беру  мақсатын  көздеген  зиялылардың 
ұсыныстары билік тарапынан қолдау таппағандығын көрсетті;  
-  ұлт  зиялылары  қазақ  балаларына  білім  беру  үшін  стипендиялар  ашуды 
кеңінен  насихаттап,  әртүрлі  іс-шаралардан  түскен  қаражаттың  беріліп 
отырғандығын жазды; 
-  сонымен  бірге  зиялылар  қазақ  меценаттары  мен  қажыларының  да 
мектептер  мен  әртүрлі  жоғары  оқу  орындарындағы  оқушы  жастарға  ақшалай 
көмек  беріп,  медресе,  жаңаәдісті  мектептер  ашқандығын  мерзімді 
басылымдарға жазып, халық арасында насихаттап отырды. 
ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы қазақтарға 
білім  беру  мәселесіне  байланысты  қазақ  зиялыларының  білдірген 
көзқарастарын  талдау  барысында,  алғаш  ашыла  бастаған  мектептерде  орыс 
тілін  оқытуға  баса  назар  аударылса,  кейіннен,  яғни  ХХ  ғ.  басына  қарай 
зиялылардың  бастауыш  мектептердің  алғашқы  екі-үш  жылы  міндетті  түрде 
қазақ  тілінде  болуын  насихаттады.  Ал  мектептерде  оқытудың  қарапайым 
халыққа  қиындық  тудыратынына  байланысты  қазақ  байлары  мен  қажылары, 
жергілікті  мекемелер  қаржы  жинап,  қазақ  балаларының  оқып,  білім  алуына 
жәрдемін  тигізіп  отырған.  Мұның  барлығы  қазақ  оқығандарының  болашақ 
ұрпақтың  білімді  болуы,  халқының  дамуы  жолында  қосқан  ерекше  үлесі  деп 
білеміз. 
Біздің  қарастырып  отырған  кезеңімізде  қазақ  балаларын  оқытудың  аса 
маңызды  орын  алғандығы  белгілі.  ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  қазақ  жерінде 
медреселер  мен  ауыл  молдаларынан  білім  алған  қазақ  балаларын  тек 
молдалыққа  үйрету  ғана  болатын.  Білімін  жалғастырғысы  келгендері  шет 
елдерге, әсіресе, Самарқанд пен Бұхараға және т.б. жерлерге барып білім алып 
келетін.  ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  Қазақстан  толығымен  Ресейдің  құрамына 
кіруіне  байланысты,  қазақ  жерін  отарлаудың  белсенді  түрде  жүргізіле 
бастағаны белгілі. Осыған байланысты Ресей патшалығы қазақтардың тілі, діні 
және мәдениетіне  ықпал етіп, өзгерткісі келгендігі белгілі. Қазақ  жерінде  оқу 
орындарының жоқтығына байланысты, қазақ балалары Ресейге барып оқуына 
тура келді. Қазақтардың тілі мен дінін өзгерту үшін қазақ жерінде орыс тілінде 
білім  беретін  мектептер  аша  бастайды.  Ол  мектептерде  жергілікті  халықтан 
шыққан оқытушылардың жоқтығына байланысты, онда орыс мұғалімдер сабақ 
беретін.  
Осыған  байланысты  «Дала  уалаятының  газетіндегі  Х.  Бекхожиннің 
мақаласында:  «К  сожалению,  эти  случайные  педагоги  сами  крайне 
малосведущи  и  имеют  самое  смутное  представление  о  действительном 
образовании.  И  дело  пошло  бы  еще  лучше,  если-бы  учителями  в  школах 
грамотности  были-бы  сами  киргизы,  получившие  образование  в  русских 

 
105 
училищах.  Это  сделать  очень  легко,  если  со  стороны  правительства  будет 
поддержка.  Эта  поддержка  могла  бы  выразиться  хотя  бы  в  виде  причина 
открытия  в  степи  школ  в  подготовке  учителей  из  киргизов  [175,  с.2.],  -  деп 
қазақ мұғалімдерді дайындау қажеттігін айтады.  
Қазақ жерінде алғаш мектеп ашып, оның дамып, өркендеуіне, үлкен үлес 
қосқан  көрнекті  ағартушыларымыздың  бірі  Ы.  Алтынсарин  болатын.  Біз,        
Ы.  Алтынсариннің  Н.И.  Ильминскийге  жазған  хаттарынан  мектептердің 
ашылуы  мен  ондағы  туындаған  қиыншылықтар  туралы  көптеген  маңызды 
мәліметтер  ала  аламыз.  Ол  1860  ж.  жазған  хатында  «Мұнда  мектеп,  келесі 
көктемге  дейін  болатын  да  емес.  Мұндағы  қазақтардың  балаларын  маған 
оқытқысы келетін жақсы көңілін суытып алмау үшін мектеп ашылғанша оқып 
жатқан балаларға бір пәтер бергіңіз деп Баронға ресми түрде өтініш жасадым. 
Бірақ, амал не, ол өтінішімнен жақсы нәтиже шықпады» [2, с. 261], - деп жазса, 
1861 ж. хатында «қазақтардың менен күтіп жүрген үміті зор; әсіресе, құрметті 
адамдар  маған  мектепке  балаларын  беруге  ынталы  екендерін  көрсетіп  отыр, 
оларға  ең  алдымен  мемлекеттің  заңын  үйрет  деп  өтініш  жасап  жүр,  сондағы 
ойлары  кейін  олардан  закүншіктер,  демек,  өсекшілер  шықсын  дегені  ғой. 
Міне,  олардың  көздегені  осы»  [2,  с.  262],  -  деп  Ресейдің  қазақ  балаларын 
оқытудағы саясатының бір қырын ашады.  
Бұл  кезеңде  мектептерге  қажетті  оқытушылар  туралы  қазақ 
зиялыларының еңбектеріне келетін болсақ, оған байланысты түрлі көзқарастар 
орын  алған.  Ы.  Алтынсарин  1879  ж.  жазған  хатында:  «болыстық мектептерді 
ашуға  асығудың  әзірге  қажеті  жоқ,  өйткені  оларға  лайықты  оқытушы  жоқ, 
оларды ешқайдан таба алмайсың... Ал егер, бұл мектептерге оқытушы етіп не 
бір  өсекші  қазақтарды  немесе  бүкіл  Россиядан  орын  таба  алмай  келген 
маскүнем  бір  чиновниктерді  жіберетін  болсақ,  ...біз  ілкі  кезден  бастап-ақ 
орысша  мектептерге  халықтың  көңілін  мүлдем  суытып  алуымыз  мүмкін. 
Қазақтардың  өз  арасынан  жергілікті  жағдайлардың  бәрін  жақсы  білетін, 
оқыған  адамдар  көбірек  шыққан  кезде,  болыстық  мектептерді  ашу  керек  те 
және  ол  мектептер  күмәнсіз  пайдалы  да  болады  [2,  с.  295],  -  десе, 
«Туркестанский  сборникте»:  «Составъ  учителей  по  прежнему  пополняется 
людьми  съ  «домашнимъ  образованіемъ»  и  выдержавшими  установленное 
испытаніе,  курсистами,  пробывшими  при  городскихъ  уч.  въ  качестве 
слушателей 
полгода, 
прогимназистиками 
– 
въ 
лучшемъ 
случае 
гимназистиками, 
прослушавшими 
курсъ 
педагогичекихъ 
наукъ 
въ 
дополнительном классе; и замыкаютъ шествіе люди съ спеціальной, но убогой 
семинарской  подготовкой  [36,  с.  132-133],  -  деп  мұғалімдердің  тапшылығын, 
болған мұғалімдердің қысқаша курстарда білім алғандар болып табылатынын 
жазады.  
Жалпы  аталған  кезеңде  мұғалімдер  тапшы  болса,  қазақ  мұғалімдері 
жоқтың  қасы  болатын.  Оның  себебі,  мектептердің  аздығы  және  онда  қазақ 
балаларына  орысша  білім  беруді  көздеген  болатын.  Қазақтар  өз  орысша 
оқытуға  қарсы  болмаса  да,  мұғалімдердің  қазақ  болуын  қалаған.  Осыған 
байланысты  О.  Әлжанов:  «К  декабрю  месяцу  прошедшего  года  в  селении 
Аккульско-Кызылагачском  по  своей  доброй  воле  киргизы  и  татары  открыли 

 
106 
одну  школу  грамотности,  где  дети  должны  учиться  тюркскому  наречию  и 
русскому языку. Надо заметить, что эта школа – первая магометанская школа в 
Семипалатинской  области,  где  вводится  преподавание  и  русского  языка.  Им 
желательно,  как  они  сами  неоднократно  пишут  в  «Степ.  Кир.  Газете» 
(«Степная  Киргизская  газета»  –  авт.),  чтобы  учителя,  которые  им  нужны, 
владели и русским и киргизскими языками, и ее лучше, если они были бы из 
самих киргизов. 
Действительно,  что  нет  и  нет  учителей.  Остается  только  пожелать 
киргизам,  чтобы  об  отыскивании  им  просветителей  озаботилось 
правительство.  Для  этого  должно  бы  открыт  доступ  молодым  киргизам  в 
Омскую  Учительскую  Семинарию.  Желающие  поступить  в  семинарию 
найдутся,  если  при  ней  для  киргизов,  на  средства  киргизских  обществ,  были 
бы открыты стипендии [176, с. 2], - деп қазақ мұғалімге қарсы емес екендігін 
көреміз.  Сонымен  бірге  «Қазақ»  газетіндегі  мына  мақала  да  оны  дәлелдей 
түседі:  1914  ж.  Қызылжар  уезінің  Жамантұз  ауылнай  школын  ел  азаматтары 
ашып,  мұғалімдікке  Омбы  семинариясын  бітірген  Ахмет  Баржақсыұлы 
сайланғандықтан, орысша оқуға теріс  қарайтындар мұғалім қазақтан шыққан, 
әрі білімді жігіт екендігін көріп, 7-8 жасар балаларын оқыта бастаған [43, 163 
б.]. 
А.  Байтұрсынов  та  қазақ  мұғалімдерінің  тапшылығын  айтып,  «орысша 
оқығандарымыздан пайда жоқ деп, қазақ өкпелейді. Сондағы оқығандарымыз 
дейтіні шолақ оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? [43, 59-60 б.] - деп қазақ 
мұғалімдерінің әлі де болса білімдерінің төмендігін көрсетеді.  
Қазақ  оқытушыларының  білім  деңгейі  төмен  болуының  себебіне 
байланысты  «Сарыарқа»  газетіндегі  мына  мақаладан  көреміз:  «Павлодарда 
«Ғылым  ұйымы»  5-сентябрьде  мұғалімдік  курс  ашылды.  Мұғалімдік  курс 
деген аты құлаққа жақсы естімді. Қазіргі жайында пайдасын зиян жағы басып 
кете  ме  деп  қорқамын.  Себебі:  курс  екі  айлық,  одан  оқыған  кісіге  мұғалім 
болуына  куәлік  қағаз  беретін  көрінеді.  Бұл  екі  айдың  20  күні  оқушылардың 
жиылуына, оны-мұнының жайғастырылуына өткізеді. Қалған 40 күннің ішінде 
ел  арасындағы  етелеп  хат  танитын  соқырша  дүмше  «молаларды»  мұғалім 
қылып  шығар  оқымақ.  Оқытушы  біреу  ақ  мұны  тәжірибе-ғылым  жасы  да, 
сезім  жасы  да  қабылдамастық  біріс.  Мұндайда  «жылымжан  сатам,  ем 
болмайтын  ауруы  жоқ»  деп  ағлан  бастырудың  сүрлеуі  деп  ұғуға  жарамаса, 
ғылым ұйымын басқаратын кісілердің балалығын көрсетеді. Курс екі жылдық 
болуға  керек  еді.  Онан  беріде  елдің  баласын  оқытуға  куәлік  қағаз  берілмесе 
керек  еді.  Жайшылықта  өзін-өзі  бояп  мұғалім  қылып  жүретіндер  40  күнде  ... 
оларға  құдайдың  мұнан  артық  бергені  не?  Қысқасы  бұл  курс  бұл  қалыпта 
халық  пайдасынан  гөрі,  елді  қортық,  қойды  шартық  болып  бүлдіретіндер  де 
пайдасына  жақын.  Тағы  біреулердің  пайдасына  жақын  демеуге  де  дәлел  аз» 
[177, 4 б.], - деп жазады. 
Ал,  А.  Кенжин  халықтың  97  пайызының  сауатсыздығы  туралы  пікір 
білдіріп,  мұны  патшалық  колонизаторлық  саясаттың  нәтижесі  деп  көрсетеді. 
Сондықтан  да  ол  Бас  саяси  ағарту  комитетінің  жұмысын  жүргізуге  қажетті 
сауатты  қыметкерлердің  жетіспейтіндігін  айтады.  Кеңестің  және  партия 

 
107 
қызметкерлерін дайындау үшін комитет Орынбор қаласында дайындық бөлімі, 
2 айлық курсы және негізі оқу бөлімі, 6 айлық курсы, кеңестік және партиялық 
бөлімшелері  бар  300  адамдық  Қазақ  обылыстық  кеңестік  партия  мектебін 
ашуға кіріскендігін баяндайды [178, 110 б.]. 
Т.  Рысқұловтың  мына  пікірінен  қазақ  мұғалімдерінің  жағдайын  білуге 
болады: «Вопрос о просвещении в Казакстане занимет одно из главных мест в 
строительстве.  Вначале  в  Казакстане  насаждались  школы  или  татарскими  или 
сартовскими муллами, или самой царской администрацией.  
Русская  школа  в  Казакстане  возникает  с  самого  начала  зваоевания  края, 
сперва  для  обслуживания  исключительно  русского  населения,  потом 
ужесоздаются  русские  школы  и  для  туземцев  (русско-туземные  начальные 
училища),  где  казакские  дети  воспитываются  в  духе  защиты  царского  строя  и 
выработки в будущем из казаков чиновников царской администрации, и даже в 
эти школа проводятся миссионерская политика.  
В 1900 г. В прежней КССР было все школ – 797, а к 1911 г. Насчитывалось 
1 246.  в  сравнеии  с  1911  г.  К  1921  г.  Количество  школ  увеличилось  на  200%  с 
лишним.  Русско-туземные  школы  особенное  распространение  имели  в 
Туркестане.  Например,  в  Сыр-Дарьинской  губернии,  по  данным  1912  г. 
Имелось  56  русско-уземных  училищ,  где  (включая  городские  училища) 
обучалось  3 033  детей  туземцев.  Всего  в  школах  обучалось  95%  русского 
населения  и  лишь  2,02%  детей  туземцев.  Такая  же  картина  наблюдалась  и  в 
Джетысуйской губернии. 
 В  данное  время  положение  просвещения  рисуется  в  Казакстане  в 
следующем  виде.  В  1924/25  году  на  дело  народного  просвещения  было 
отпущено  3 768 389  рублей  по  госбюджету  и  2 762 662  руб.  По  местному 
бюджету, а в текущем 1926/27 году по госбюджету отпущено 8 872 513 руб. И 
по местному бюджету 4 007 351 руб. 
В  1924/25  году  расходы  по  народному  просвещению  на  каждого  жителя 
КССР составляли 1 руб. 10 коп., а в 1926/27 году эти расходы равняются уже 1 
руб. 95 коп. Расходы, в среднем на одного ученика в год, в том же 1924/25 году, 
равнялись 19 руб., а в 1926/27 году – 40 руб. 70 коп. 
Рост школ первой ступени также идет вперед. По сравнению с 1924/25 годом 
количество  их  увеличилось  на  724  школы  и  3406  учащихся,  а  всего 
насчитывается  в  этом  году  3475  школ  с  206949  учащимися.  Чисто  казакских 
школ  насчитывается  до  1600  с  80000  учащися.  Школ  повышенного  типа  в 
текущем году насчитывается 78 с 18807 учаимися, детдомов – 143, дошкольных 
учреждений – 137.  
В  школьном  деле  среди  казакского  населения  все  более  завоевывает  себе 
место  школы-коммуны  (интернаты),  дащие  возможность  детям  кочевого 
населения  скопляться  в  определенные  оседлые  места,  где  школа  может 
обоснаваться и развиваться в будущем. В 1924/25 г. В прежней КССР было таки 
школ  около  20»  [52,  с.  85].  Сонымен  қатар  Ұ.  Құлымбетов  те:  «Бұл  жөнінде 
мектеп саны артып, оқушылардың көбейіп келе жатқанын көреміз. ...менің бұл 
жерде  айтайын  дегенім  ағарту  жұмысында  ілгері  бастық  десек  те,  басқаларға 
қарағанда артта қалып отырмыз.  

 
108 
Ағарту  комиссариатының  жоспарынша  орындарда  оқу  жасындағы 
балалардың  25  процент  мектепке  алынды  десек,  соның  ішінде  мектеп 
жасындағы қазақ балалар 13-14 процент. Ең көбейткенде ақ 15 процент.  
Бұлай  болуға  негізгі  себеп  не,  соған  келейік:  оқушыларға  мұның  себебі 
айтпай да белгілі. Мұның бірінші себебі  берілген қаржының аздығы. Бердік ақ 
деп  отырсақ  та,  аздық  қыла  береді.  Мәселен:  24-25-жылы  мәден  жұмысқа  деп 
36%  шығарған  екеміз,  қазірде  жалпы  бюджетімізден  41%  шығарып  отырмыз. 
Осының 35%-і ағарту комиссариатына беріледі. Бірақ осы жетіп отырған жоқ.  
Екінші  жағынан  –  мектептің  жаны  деп  саналатын  оқытушылар  аздық 
қылып  жатыр.  Ескі  оқытушылардың  көбі,  оның  ішінде  өзім  де  бармын,  кеңес 
қызметіне  шығып  кеткен.  Жаңа  оқытушыларды  асықтырып,  қысқа  уақытты 
курстерден  шығарып  жатырмыз.  Бұдан  былайға  біздің  алдымызда  тұрған  бір 
мәселе  –  оқытушылар  әзірлейтін  мектептердің  санын  өсіру,  мәдени-ағарту 
жұмысына  күш  салып,  оқытушыларды  даярлау  жұмысын  қолға  алу.  Бізде 
кәзірде 14 педтехникум, 4 ағарту институты, бір жоғарғы дәрежелі мектеп, бұл 
Тәшкендегі  педвуз,  бар,  оқу  жұмысының  қай  торауында  болса  да  жоғарғы 
дәрежелі мектептің жоғын, әсіресе оқытушыларды әзірлейтін мектептің жоғын 
еске  алып,  өкмет  өзінің  аз  бюджетінен  жырып  беріп  ысылған  оқытушылар 
даярлауға  кірісіп  отыр.  Бұл  біздің  бірінші  қолға  алып  отырған  жұмысымыз, 
ауыл  мектептерінің  көркеюі  осының  жемісті  болуына  байлаулы.  Ағарту 
жөнінде  өкіметтің  тағы  бір  қолданған  шарасы  –  жарлы  студенттерге  жәрдем 
беру  туралы.  Бұған  өкімет  бұрыннан  да  назарын  аударып  келе  жатыр  еді, 
әсіресе  биыл  өте  жіті  кірісіп  отыр.  Өткен  жылы  20  адамға  стипендия  берілсе, 
биыл  400  адамға  беріліп  отыр.  Бұл  студенттерімізге,  әсіресе  кедей 
орташалардан шыққан студенттерімізге оқуын бітіруге мүмкіндік береді. 
Ағарту жөнінен кемшілігіміз көп. Мен бұл жерде мектептің аздығын, оқу 
жасындағы  балалардың,  әсіресе  қазақ  алаларының  аз  алынғандығын, 
оқытушылардың әзірлігінің шамалы екендігін айтып өттім. Одан басқалары да 
толып жатыр [51, 10-11 б.].  
Ұ.  Құлымбетовтың  бұл  пікіріне  белгілі  тарихшы  Т.  Омарбековтың  мына 
пікірі  дәлел  болады:  «Сондықтан  да  білім  берудің  алғашқы  сатысы  болып 
табылатын  «ауыл  мектептері  түгелдей  жалғыз  ғана,  ішінара  екі  сықсиған 
терезелері  бар  бір  бөлмелі  жеркепелерге  орналасты;  көп  жағдайда  осы 
жеркепеде  мектеппен  бірге  жеркепе  иесінің  жанұясы  да  тұрып  жатты. 
Көптеген  мектептерде  парталар  атымен  болған  жоқ,  балалар  жер  еденде 
немесе  жыртық  төсеніште  (киізде)  отырды.  Сынып  тақтасының  орнына  тот 
басқан  темірдің  немесе  т.с.с.  беті  пайдаланылды.  Көптеген  мұғалімдердің 
қажетті  педагогтік  даярлықтары  болмады.  Олардың  арасында  тіптен  төмен 
сауаттылар кездесті [72, 101 б.]. 
Ауыл мектептерінде 1927-28-ші оқу жылында оқу жасындағы балалардың 
бестен  бірі  ғана  қамтылды.  Әсіресе  «қыз  баланың  жолы  тар»  деген  кертартпа 
көзқарасты ұстанған қазақ ауылында оқу жасындағы қыздарды мектепке тарту 
аса  күрделі  болды.  Мысалы,  көрсетілген  оқу  жылында  қазақ  ұл  балалары 
оқушылардың  89  процентін  құраса,  ал  қазақ  қыздары  мұнда  11  процент  қана 
үлес алды [72, 102 б.]. 

 
109 
 Сауат ашу науқанының тағы бір осал тұсы – оқулықтардың жетіспеуі еді. 
Ресми  мәліметтер  бойынша  1928  жылы  қазақ  тілінде  22  оқулық атауы  (жалпы 
данасы  732.000)  бар  болатын.  Бірақ  бұл  негізінен  араб  тілінде  болғандықтан 
жаңа әріпке сәйкес келетін жаңа оқулықтар дайындау қажет бола бастады. 
Солай бола тұрса да, алаш қайраткерлерін жазықсыз 1928-29-шы жылдары 
жаппай  тұтқындау  және  жер  аудару  бұл  жұмыспен  олардың  кеңінен 
айналысуларына мүмкіндік бермеді [72, 108 б.].  
Иә,  сауатты  ашудың  негізгі  көзі  –  оқулықтардың  жазылу  жағдайы,  міне 
осындай еді. Тарихи шындық осылай бола тұрса да, осы жылдары оқулықтарды 
көптеп,  көп  даналармен  басылғаны  туралы  көп  жылдар  бойы  біздер  әртүрлі 
дақпырт әңгімелер таратып келдік. 
1940  жылы  жаңа  әліпбиге  –  кириллицаға  көшу  –  жағдайды  күрделендіре 
түсті.  Бұл  сауат  ашудың  және  орыстана  түсудің  жаңа  кезеңі  еді.  Қазақ 
халқының толық сауаттануы осылайша соғыстан кейінгі онжылдықтар еншісіне 
қалды.  Большевиктік  сауаттандыру  науқандарының  ащы  ақиқаты  қаласақ  та, 
қаламасқа та, міне, осындай! [72, 109 б.] 
Мектептердің  оқу  жоспарлары  мен  пәндерді  оқыту  бағдарламалары 
түбегейлі  қайта  қаралып,  1918-1919  оқу  жылының  соңына  қарай                       
Ж.  Аймауытовтың  жасаған  бағдарламасы  мен  жұмыс  жоспары  жергілікті 
халыққа 
білім 
беру 
саласын 
толық 
қамтамасыз 
етті. 
Түркістан 
Республикасының  үкіметіне  қызмет  атқарған  қазақ  зиялылары  мектептерде 
оқытудың  ана  тілінде  жүргізілуіне  шешуші  маңыз  берді.  Өйткені 
Түркістандағы  жергілікті  ұлт  зиялылары  ана  тілді  көтеру  арқылы  ұлттық 
мәдениетті көтеруге тырысты [179, 11 б.].  
Осы Ережені басшылыққа ала отырып, 1918 жылы 12 желтоқсанда Халық 
Ағарту  комиссариаты  «Ұлт  мектептерінде  оқитын  балаларға  ана  тілінде  білім 
алу құқығын беру туралы» қаулы шығарды.  
Әсіресе,  Халық  Ағарту  комиссары  болған  Сұлтанбек  Қожанов  оқу-ағарту 
саласында  білім  беруді  жергілікті  халықтар  тілінде  жүргізу  мәселесін  үнемі 
көтеріп, өз деңгейінде жүзеге асуын бақылауға алды [179, 12 б.]. 
Жалпы алғанда, 1918 жылдың тамызында Халық ағарту  комиссариатының 
алдында  тұрған  ең  маңызды  міндет  мектептер  үшін  мұғалімдер  дайындау 
мәселесі  еді.  Өйткені  халыққа  қажетті  білім  беруді  қамтамасыз  ету  үшін  3 
мыңнан  аса  мұғалім  жетіспеді.  Орын  алған  мәселені  Түркістан 
республикасының  үкіметі  өлкенің  ірі  қалаларында  қысқа  мерзімді    курстар 
ұйымдастыру  арқылы  шешуді  көздеді.  Аталмыш  курстарды  ұйымдастыруға 
Түркістанның  көрнекті  мемлекет  қайраткерлерінің  бірі  Т.  Рысқұлов  ұсыныс 
жасады [179, 13 б.]. 
Нәтижесінде,  Түркістан  Республикасының  үкіметінде  қызмет  атқарған 
қазақ  зиялылары  мектептерде  оқытудың  ана  тілінде  жүргізілуіне  шешуші 
маңыз беріп, осы бағыт арқылы ұлттық мәдениетті көтеруге тырысты. Сонымен 
қатар қазақ зиялыларының күшімен Түркістан Автономиялық Республикасында 
халықтың  сауатсыздығын  жоюға  бағытталған  жұмыстар  жүргізіліп,  жалпы 
білім беретін мектептер, курстар, клубтар, кітапханалар және басқа да оқу және 
мәдени-ағарту мекемелерінің жүйелері құрылады [179, 23 б.].      

 
110 
Т.  Жүргенов  «Мектептің  түрі,  тілі  туралы  (1927)  атты  мақаласында: 
«Біздің  оқу  жұмыстарымыздың  өткен  өмірі  мынандай:  1.  Әйтеуір  аты  оқу 
дегенге ақша шығара бердік, ол оқудың қалай ашылып, қай жерде, қандай түрде 
орындалып  жатқанымен  ісіміз  болмады.  Қазақстан  мектептерінің,  әсіресе, 
қазаққа  арналып  ашылғандарының  оқуы  атына  қарағанда  аз  білім  береді. 
Бітіріп  шыққан  балалардың  қолынан  берекелі  жұмыс  келмей  жүр.  Әрине, 
бұрынғы  үшкелдерден  де  аз  білім  беріп  отырсақ,  біз  елді  ілгері  бастыра 
алмаймыз.  Сондықтан  пәлен  үшкел  бар,  түгел  техникум  бар  деп  санына 
қызығып,  желбуаз  болып  жүре  бергеннен  гөрі,  аз  да  маңызды  болуын 
қарастыру керек көрінеді.  
Енді  тіл  жағына  келсек  мынадай:  осы  күнгі  ауылдық  мектептер  техникум 
сықылды орындарда, қай оқу қай тілде оқылатынын құдай білмесе, әлі де ешкім 
аңғара  алмайды.  Өйткені,  қай  оқу,  қай  жерде,  қай  тілде  оқылатыны  дұрыс 
жобаланбағандықтан әр жерде әртүрлі болып келеді. 
Біздің ауылда көріп отырған мұғалімдеріміз баяғы дүмше молда.  
Қазақша  кітаптар  жоқ.  Сондықтан  оқушылар  естігендерін  кітаптан  қарап 
оқып тиянақтай алмайды. Әрине, өстіп отырып ешкім де білім ала алмайды. 
Ал  ілгері  барып  оқығысы  келгендерге,  ондай  аралас  тілде  оқу,  я  қазақша 
оқу қазіргі заманда үлкен кедергі, оңайлықпен ілгері аттатпайды. Өйткені қазір 
жоғарғы оқуды орысша арқылы ғана үйренуге, жоғарғы оқу орнына түсу үшін 
орта дәрежелі оқулы екендігін анықтап, орысша емтихан беру қажет [180, 68-69 
б.]. Әлгі сықылды аралас оқығандар оған әлі келмейтіндігін жыл сайын көзіміз 
көріп отыр.  
Мектептің түрі, тілі деген мәселе Қазақстандағы қай оқу орындарының да 
осы  күні  алдында  тұр.  Біздің  оқу  жолында  көздеген  нысанымыз  –  қазақ 
еңбекшілерін  жалпы  мәдениетке  жеткізу.  Мұнан  Қазақстанда  жалпы  оқу 
жұмысы  қалай  қойылуы  керек  деген  сауал  туады.  Қазақ  еңбекшілерін  жалпы 
мәдениетке жеткізу деген не? 
Ол барлық жер жүзіндегі өнер-білімді қазақ тілінде оқитын қылып халыққа 
білгізу деген сөз.  
Олай  болса,  бізде  бастауыш  та,  орта  да,  жоғары  да  оқу  орындары  өз 
тілімізде болуы керек. Осылардың бәрінде де оқу қазақша болғанда барып жер 
жүзінің  өнер-біліміне  қазақтың  қолы  жетеді    [180,  69  б.],  -  деп  қазақ  тілінің 
болашағымен  қатар  қазақ  балаларының  білім  алу  мәселесіне  де  үлкен  көңіл 
бөлген.  
Бұл  жоғарыда  айтылғандардан  байқап  отырғанымыздай,  10  жыл  бойы, 
1917  жылдан  1927  жылға  дейін  Қазақстанда  мұғалімдерді  әлі  де  қысқаша 
курстарда  дайындап  отырған.  Бұл  Қазақстанда  осы  уақытқа  дейін  білім  беру 
ісінің  бір  жолға  қойылмағандығын,  артта  қалғандығын  көрсетсе  керек. 
Сонымен  қатар  Ағарту  халық  комиссары  О.Қ.  Жандосовтың  еңбегінен: 
«Считать  особо  насущной  задачей  организацию  годичных    курсов  по 
переподготовке учительства при педтехникумах и организацию  в ряде городов 
9-летних интернатов для детей батраков и аульно-деревенской бедноты в целях 
вовлечения  их  в  означенные  школы  соцвоса»  [24,  с.  74],  -  деген  мәліметпен 
танысамыз.  Бұл  айтылғандардан  байқап  отырғанымыздай,  1928-1929  жылдары 

 
111 
да  ауыл  кедейлері  мен  батырақтарға  арналған  мектептердің  мұғалімдері  бір 
жылдық курстарда қайта даярлаудан өткізген.  
Бұл айтылған пікірді қуаттай түсу үшін белгілі тарихшы Т. Омарбековтың 
пікіріне  назар  аударсақ,  онда:  «Иә,  көріп  отырмыз,  большевиктік  партия 
басшылары  елдің  алдында  сөйлеген  сөзінде  сауаттылардың  санын  мейлінше 
азайтып көрсетуге тырысса, ал өздерінің тек партия мүшелеріне арналған құпия 
деректерінде  оларды  бірнеше  есе  көбейтіп  көрсетеді.  Қазақстандық 
ғалымдардың  зерттеулеріне  жүгінсек,  Қазан  төңкерісінің  қарсаңындағы 
қазақтарды сауаттылары халықтың 8-10 процентке жуығы болғанын байқаймыз  
[72, 97 б.]. 
Соңғы кезеңде, Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты ұлтымыздың 
рухани  құндылықтарын  ұнамды  түрде  көрсетушілік  орын  алғаны,  әрине, 
құптауға  тұрады.  Солай  дей  алсақ  та,  ұлттық  сезім  жетегіне  ілесіп  тарихи 
шындықты 
бұрмалауға 
хақымыз 
бар. 
Осы 
тұрғыдан 
қарағанда, 
большевиктердің біз жоғарыда келтірген 1928 жылы қазақтардың сауаттылары 
халықтың  9  процентінен  асқан  жоқ  деген  тек  өздеріне  арналған  құпия  дерегін 
теріске  шығарар  нақты  айғақтар  біздің  қолымызда  жоқ.  Сондықтан  да  осы 
мәліметтері  тарихи  шындық  ретінде  қабылдағанымыз  жөн  болар  деген 
ойдамыз. Кейбір зерттеушілер мұнымызбен келіспей, «1917-20-шы жылдардан 
бері  сауаттылық  өсті  емес  пе?»  деулері  мүмкін.  Оларға  айтарымыз:  кеңес 
өкіметінің  бұл  бағытта  жүзеге  асырған  шаралары  шамалы.  1925  жылға  дейін 
кеңес өкіметі қазақтардың сауатын ашуға ешқандай да көңіл бөлмеген. Ал енді 
одан  кейінгі  жылдары,  яғни,  1929  жылға  дейін  бар  болғаны  республика 
бойынша  сауатын  ашқан  қазақтар  97.975  адам  ғана,  оның  үстіне  бұл  жағдай 
қазақстандық  орыстарда  да  мәз  емес.  Рас  сауат  ашу  орындарынан  (ликпункт) 
басқа  аз  сауаттыларға,  ересектерге  арналған  мектептер  мен  клубтарда, 
ересектерге  арналған  мектептер  мен  клубтарда,  нұсқаушылық,  саяси 
сауаттылық-советтік-партиялық  және  кешкі  мектептерде,  қызыл  бұрыштарда, 
халық  үйлерінде,  оқу  үйлерінде,  шаруа  үйлерінде,  қызыл  отауларда, 
кітапханаларда, театрлар, қызыл шайханаларда 1920-28 жылдары тағы да 75000 
адам  сауаттарын  ашты.  Бірақ  аталғандардың  көбісі  үстірт  және  жалаң  жұмыс 
істеді. Оларда оқығандардың көпшілігі өзінің есімдерін тежіктеп жазудан арыға 
бара  алмады.  Мұндайларды,  әрине,  сауатты  деп  айтуға  болмайтын  еді.  Бірақ, 
солай  бола  тұрса  да,  қағаз  жүзіндегі  ресми  есептерде  бұлар  сауаттыларға 
жатқызылды»  [72,  98-100  б.],  -  деп  ХХ  ғ.  басында  қазақтардың  сауатының 
төмендігін нақты дәлелдеп көрсетеді. 
Сонымен  біздің  қарастырып  отырған  мәселеміз  –  қазақ  мұғалімдерін 
дайындауға байланысты қазақ зиялыларының көзқарастарын қорытындыласақ, 
олардың басты пікірлері мынадай: 
-  қазақ  халқын  дамытудың  негізгі  жолдарының  бірі  –  білім  беру 
болғандықтан,  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басында  қазақ  мұғалімдерін 
дайындауды  қазақ  зиялылары  өте  бір  өзекті  мәселелердің  бірі  ретінде 
көтерген; 
-  қазақ  мұғалімдерін  дайындайтын  мектептер  мен  училищелердің 
санының  аз  болып,  мұғалімдер  қысқаша  курстерде  аз  уақыттың  ішінде 

 
112 
дайындалғандығын, ал оның өз кезегінде оқытушылардың сапалық деңгейінің 
төмен болатындығын көрсетіп жазған; 
-  Қазақстандағы  білім  беру  орындарының  дұрыс  жолға  қойылмауының 
салдарынан  ХХ  ғ.  30-шы  жылдарына  дейін  қазақ  мұғалімдерінің  басым 
көпшілігі қысқаша курстарда дайындалғандығын көрсетеді.  
Бұл  айтылғандардан  қорытынды  жасасақ,  ХХ  ғ.  30-шы  жылына  дейін 
қазақ 
мұғалімдері 
өте 
қысқа 
мерзімде 
дайындық 
курстарында 
дайындалғандығы, олардың білім сапасының төмендігін көрсетеді. Ал, мұның 
өзі  осы  уақытқа  дейін  қазақ  халқының  сауаттылығының  нашарлығын  және 
білім беру саласының өте ақырын дамып жатқандығын білдіреді. 
Сонымен  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  –  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы 
қазақтарға  білім  беру  мәселесіне  байланысты  қазақ  зиялыларының 
көзқарастары  мен  негізгі  тұжырымдарын  талдау  барысында,  патша  өкіметі 
қазақ жерінде алғаш ашыла бастаған мектептерде тек орыс тілінде оқытып, тек 
шенеуніктерді  дайындағанымен,  қазақ  зиялылары  орыс  тілінің  өмірде  өте 
қажеттігін насихаттаған болатын. Кейіннен, яғни ХХ ғ. басына қарай зиялылар 
қазақ тіліне өте қатты назар аударып, бастауыш мектептердің алғашқы екі-үш 
жылы  міндетті  түрде  қазақ  тілінің  оқытылуы  қажеттігін  көрсетті.  Ал, 
мектептерде  оқытудың  қарапайым  халыққа  қиындық  тудыратынына 
байланысты  қазақ  байлары  мен  қажылары,  меценаттары  және  жергілікті 
мекемелер  қаржы  жинап,  қазақ  балаларының  оқып,  білім  алуына  жәрдемін 
тигізіп отырған және зиялылар мұндай көмектерді қызу қолдап, өздері де қазақ 
жастарының білім алуына көмектескен. Мектеп санының аздығы, оның ішінде 
қазақ  тілінде  сабақ  беретін  оқытушылардың  аздығы  оқыту  ісі  мен  мамандар 
дайындауға зор кедергілер келтірді. Себебі, болашақ мұғалімдерді аз уақытта, 
қысқаша  дайындық  курстарында  оқып  шығуы,  олардың  кәсіби  біліктілігінің 
төмен  болуына  алып  келді.  Мұның  өзі  Қазақстандағы  білім  беру  ісінің 
дамуына  кері  әсерін  тигізген.  Жалпы,  Қазақстандағы  білім  беру  ісінің  қазақ 
зиялылары еңбектерінде қарастырылуы, олардың халқының болашағы жарқын 
болуы  үшін  күрескендігін,  аянбай  еңбек  еткендігін  көрсетеді.  Дегенмен  бұл 
көтеріліп  отырған  мәселе  бірден  шешімін  тауып  кетпесе  де,  зиялылардың 
белсенді  қызметінің  нәтижесінде  білімді  қазақ  жастарының  көбейгендігі 
байқалады.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал