Байдавлетова мадина досбергеновна



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.2 Қазақстандағы білім беру ісінің зиялылар еңбектерінде зерттелуі 
Қазақ  халқының  басынан  небір  қилы  тарихи  оқиғалар  өткені  бәрімізге 
белгілі.  Осындай  қиын-қыстау  замандардың  біріне  –  Қазақстанның  Ресейдің 
отары  болуы  жатады.  ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  үш  жүз  түгелдей  Ресей 
құрамына  кіріп,  оған  толықтай  тәуелді  болды.  Осындай  отарлаудың 
салдарынан  қазақ  халқының  рухани  және  материалдық  мәдениеті,  өмір  сүру 
салты,  әдет-ғұрпы,  тілі  көптеген  өзгерістерге  ұшырап,  соның  салдары  бүгінгі 
күні  де  байқалуда.  Ресейге  тәуелді  болып  отырған  кезеңде  қазақ  елінің  ұлт, 
халық  болып  қалуына  жанын  пида  еткен  қазақ  ұлтынан  шыққан  зиялы 
азаматтар  болып  табылады.  Зиялы  азаматтарымыз  қанша  қуғын-сүргінге 
ұшыраса да артына өшпес мұра қалдырып кетті. Сондай  асыл мұраның бірі  – 
ұлт зиялыларының Қазақстандағы оқыту, білім беру жүйесіне қосқан үлестері. 
Сондықтан  да  біз  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  қазақтарға 
білім  беру  ісінің  қазақ  зиялыларының  еңбектерінің  негізінде  тарихнамалық 
талдау  жасаймыз.  Бұл  мәселені  қарастыру  үшін  біздің  алдымызға  мынандай 
міндеттер туындайды: 
-  зиялылардың  қазақтарды  оқытудың  керектігін  насихаттаған  пікірлерін 
көрсету; 
- қазақ балаларын оқытудағы қиыншылықтар мен кедергілерді анықтау; 

қазақ  мұғалімдерін  дайындау  мәселелеріне  байланысты  ұлт 
зиялыларының пікірлерін айқындау. 
Қазақстандағы  білім  беру  ісіне  байланысты  мәліметтерді  біз  қазақтың 
біртуар  азаматтарының  бірі  Ш.  Уәлихановтың  еңбектерінен  аламыз.  Оның 
«Собрание  сочинений»  5  томдық  шығармалар  жинағының  3-томында:  «До 
распространения в Большой Орде русского влияния, сколько можно заметить, 
знание  грамоты  своего  языка  кайсака  решительно  не  занимало  и  не 
беспокоило.  Но  благодаря  времени  и  обстоятельствам,  по  прибытии  в  орду 

 
87 
учрежденного  управления,  кайсаки  начали  понимать,  что  уметь  читать  и 
писать  им  чрезвычайно  полезно  и  полезно  с  двух  сторон:  во-первых,  кайсак 
начинает  пользоваться  особенным  уважением  полуграмотных,  которые 
подобного человека не иначе называют как муллою, и доверчиво слушают все, 
что  ни  скажет  грамотный,  предпологая,  что  все  им  сказанное  основано  на 
законе  пророка,  чьи  истины  муллой  уже  вычитаны  и  постигнуты;  во-вторых, 
научившись  читать  и  писать,  он  приобретает  и  пользу  вещественную; 
выписывая из своих книг молитвы, разные заговоры и талисманы, он сбывает 
их кайсакам, не оставаясь никогда в накладе» [164, с. 416]. 
Бұл  үзіндіден  байқап  отырғанымыздай,  Ш.  Уәлиханов  қазақтарға  оқу-
жаза білудің керектігін және оның күнделікті тұрмыста алатын орнын жазады. 
Заңгер  ғалым  С.  Өзбекұлы  бірқатар  қазақ  зиялыларының  саяси-құқықтық 
көзқарастарын зерттей келе былай дейді: «Бірақ, Салық Бабажановтың ойынша 
орыстың  озық-ойлы,  демократиялық,  гуманистік  идеяларын  енгізу  өзінен-өзі 
дамитын  құбылыс  емес.  Ол  мақсаттарды  іске  асырудың  негізгі  жолы  –  қазақ 
халқын  білімге  жаппай  тарту,  ағартушылықтың  шамын  бүкіл  қазақ  даласында 
жағу.  Себебі  «далалық  әдет-ғұрып  салдаынан  және  даму  дәрежесінің 
төмендегенінен»  ейропа  мәдениетінен  көп  кейін  қалған  қазақ  қоғамын  Батыс 
мемлекеттерінің санатына көтеру үшін білім қажет» [165, 60-61 б.], - деп қазақ 
зиялысының  халқының  болашағына  алаңдап,  білімді  елдің  ғана  дами 
алатындығын көрсеткен болатын.  
Сонымен  бірге  қазақтың  бас  ақыны  А.  Құнанбаевтың  да  өз  өлеңдерінде 
қазақтарды  оқу-білімге  шақырғаны,  насихаттағаны  белгілі.  Оның  «Ғылым 
таппай  мақтанба»,  «Интернатта  оқып  жүр»  [3;  48-50,  55-57  б.]  және  т.б. 
шығармаларында  жастарды  оқу-білімге,  ғылымға,  жастық  шақты  босқа 
өткізбеуге шақырып, білім мен ғылым үйренуді насихаттайды.  
ХІХ  ғ.  екінші  жартысындағы  Қазақстандағы  оқу  ісінің  жайы  туралы           
Б.  Әбенованың  мына  пікірінен  білуге  болады:  «Өйткені,  патшалық  «...  Орта 
Азиядағы біздің саяси жағдайымызға, ондаған қымбат бекіністерден, жүздеген 
шала  білімді  чиновниктерден  және  мыңдаған  солдаттар  мен  казактардан  гөрі, 
азиаттар  арасынан  шыққан,  білімі  мен  ықыласы  жағынан  орысқа  айналған 
оқығандардың аз ғана бөлігінің берер пайдасы көп, - деп түсінді [166, 144 б.]. 
Отаршыл  әкімшілік  оқушыларға  жалпы  білім  беруді  мақсат  етіп  қойған 
жоқ.  Орыс-қазақ  мектептері таза  орыс  мектептеріне  көшудің формасы  ретінде 
ойластырылды.  Патша  үкіметі  қазақтарды  мектептер  арқылы  орыстандыру 
саясатын  аса  сақтықпен,  асықпай,  «қазақ  халқына  білім  беру»  ұранымен 
бүркемелей отырып, жүзеге асырды [166, 145 б.]. 
1870  жылдың  26  наурызындағы  Ережелер  жарияланғаннан  кейін,  Орал, 
Торғай  облыстарында  орыс-қазақ  мектептері  ашыла  бастады.  Мектептер  екі 
түрде болды: 4 жыл оқытатын бір класты мектептер және 6 жыл оқытатын екі 
класты  мектептер.  Бір  класты  мектептер  бастауыш  білім  берді.  Ал  екі  класты 
мектептерде 
балалар 
орыс 
тілінен 
жетілдіріліп, 
арифметика 
мен 
жаратылыстануға  және  бейнелеуге  оқытылды,  тарих  пен  жағрапиядан  тек 
қарапайым білім берілді [166, 147 б.]. 

 
88 
Алайда,  қазақтар  арасында  ағарту  ісі  кең  тарай  қойған  жоқ.  Мектептер 
саны  көп  емес  еді,  онда  оқитын  қазақтардың  үлес  салмағы  да  аз  болды. 
Мысалы,  1892  жылы  Орал  облысындағы  3  орыс-қазақ  училищесінде  оқитын 
309 баланың 87-і ғана қазақ, 222-і басқа ұлт өкілдері еді. Жылдан жылға қазақ 
балаларының  мектепке  тартылысы  да  айтарлықтай  болмады.  Егер  1885  жылы 
Орал  облысындағы  қазақ  балаларының  «орысша  сауатын  ашуға»  бағытталған 
10  болыстық мектептегі  шәкірттердің саны  барлығы  361  болса,  1892  жылы  13 
болыстық мектепте олардың саны бар болғаны – 434-ке жетті. Жеті жыл ішінде 
мектептерге тартылған қазақ балаларының саны тек 73-ке өскен [166, 147 б.]. 
Мектептердің  осындай  орыстандыру  бағытындағы  шаралары  қазақтар 
тарапынан сенбеушіліктер туғызса, шоқындыру бағытындағы шаралары оларды 
шошытты.  Сондықтан  да  қазақтар  балаларын  орыс-қазақ  мектептеріне  беруге 
онша  ынталы  болмады.  Тіпті  кей  жерлерде  мектептер  салуға  қарсылық 
білдірген  әрекеттер  де  болды.  ...Әрине,  бұл  жағдайлар  мектептердің  ағарту, 
білім  беру  бағытына  емес,  орыстандыру  және  шоқындыру  бағытына  қарсы 
болып жатқан әрекеттер еді [166, 148-149 б.]. 
Ресейдің  өлкеде  жүргізген  ағарту  саласындағы  отарлау  саясаты 
толығымен  жергілікті  халықтың  ұлттық  ерекшеліктерін  жоюға  және 
қазақтарды  орыс  қылуға  бағытталды.  Осы  мақсатқа  қол  жеткізу  ісінде  орыс-
қазақ  және  орыс-туземдік  мектептер  үлкен  роль  атқарды.  Бұл  мектептердің 
ағарту, білім беру маңызы емес, отарлық мәні үстем болды. Отарлық әкімшілік 
өлкедегі  мектеп  жүйесіне  кириллицаны  енгізіп,  қазақ  халқының  ғасырлар 
бойы  пайдаланып  келген  араб  графикасы  негізіндегі  жазуын  қолданудан 
шығаруға  тырысты.  Ұлттық  мектептер  мен  медреселер  әкімшілік  тарапынан 
қудаланды,  орыс  емес  ұлттар  өкілдеріне  ана  тілінде  білім  алуға  тыйым 
салынды және жоғары оқу орындарында оқуға шектеулер қойылды.  
Патша  үкіметінің  60-90-жылдары  қазақтарға  «білім  беруге»  қатысты 
жүргізген  шаралары  қазақ  халқының  рухани  дамуы  мен  оқып-білім  алу 
талабына мүлде сәйкес келмеді және қазақтарды орыстандыру арқылы рухани 
отарлау мақсатына жұмсалды». [166, 154 б.] 
 «Зар-заман»  ақындарының  өкілі  Дулат  Бабатайұлының  «Алладан  сұрап 
иманды» атты өлеңінде: 
Молдадан сабақ алыңыз, 
Иманды жақсы біліңіз, 
Мен есіттім кітаптан, 
Ғақыл, иман нұрмен тең. 
Жаманға айтқан ақылың 
Кітаптан көрген нақылың 
Құлағына кірмейді, 
Аса соққан желмен тең. 
Өсиетім байларға – 
Көп қуанба малдарға? 
Кетеріне келгенде, 
Киімге жұққан кірмен тең.  
 

 
89 
Жақсылардың баласы 
Әрбір істі біледі, 
Молдадан сабақ оқиды, 
Он жасында баспен тең. 
Бір жаманның баласы 
Оқымай-ақ қалады, 
Қайырыңды білмесе, 
Өзі пайда қылмаса, 
Бір ақыл жоқ байғұста, - деп жазады [7, 93-96 б.]. 
Ал келесі бір «зар-заман» ақыны Нарманбет Орманбетұлы «Бала қайдан» 
(1900)  атты  өлеңінде  баланы  оқыту  керектігін,  оқыған  бала  кейіннен  еліне 
пана  болатындығын  жазады  [9,  71  б.].  Ал  «Ескі  оқу»  (1900)  атты  өлеңінде 
молданың  оқытуына  қарсы  екендігін  білдіреді  [9,  73-74  б.].  «Мектеп 
бастығына»  (1905)  атты  өлеңінде  школдың  ашылып,  онда  балаларға  ғылым, 
өнер  үйретіп,  адал  кәсіппен  ата-анасын  асырай  алатындығын  айтса  [9,  77  б.], 
Әбубәкір  Кердері  (1858-1912):  «Жарандар  кеңес  жазайын»  атты  өлеңінде 
«Өнерің  болса  күнінде,  қатарыңның  алдысың»  [8,  22  б.],  -  деп  жас  кезінен 
бастап өнер білу керектігін, өнерлі болсаң өз қатарыңның алды болатындығын 
айтады. «Азырақ  кеңес жазайын» атты өлеңінде ердің құны мың қой болса, ал 
білімді жанның құнының өте жоғары екендігін жазады [8, 67-69 б.]. Сонымен 
қатар мұсылманша молданың еш нәрсеге жарамағандығын айта келіп, орысша 
білу керектігін жазады [8, 98-99 б.].  
Бұл айтылғандардан байқап отырғанымыздай, жоғарыда аталған ақындар 
қазақ  балаларын  оқу-білімді  үйренуді  кеңінен  насихаттай  отырып,  ескі  оқуға 
қарсы  болады.  Ал  сол  уақыттағы  қатынас  тілі  болған  орыс  тілін  білуді  өз 
өлеңдерінде кеңінен жазғандығын көруге болады.  
Сонымен,  ХІХ  ғ.  60-90-шы  жылдарындағы  қазақ,  татар  және  башқұрт 
ағартушыларын  ортақ  идея  –  туған  халқының  ағарту  ісі  мен  мәдениетін 
дамыту негізінде ұлттық қайта өрлеу идеясы біріктірген болатын. Бұл кезеңнің 
ерекшелігі  –  ұлттық  зиялылардың  алғашқы  легінің  ағартушылық  идеясын 
қолдаушылардың  санының аздығы  болды.  Оған  бірнеше  факторлар  әсер  етті: 
ұлттық  білім  беру  концепциясының  жоқтығы,  халықтардың  экономикалық 
және мәдени дамуы деңгейінің  төмендігі, ХІХ ғ. 60-90-шы жылдардан бастап 
қана  оқу  орындарының  (орыс-түзем  мектептері,  гимназиялар,  семинариялар)  
ашылып,    мұғалім  мамандардың  дайындала  бастауы;  өз  қаражатын  ұлттық 
білім беру ісін дамытуға қосатын ұлттық өнеркәсіп буржуазиясының болмауы 
жатты [81, 163 б.] 
«Зар-заман»  ақындарының  пікірлерін  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  зиялылары 
да  қолдаған  болатын.  Осыған  байланысты  М.  Сералин  «Гүлқашима»  атты 
поэмасында  қазақ  жігіттерін  жас  күнінде  оқуға  шақырып,  халықтың  қамын 
ертерек ойлау керектігін айтады [13, 44-88 б.]. 
«Партия  құру  және  оның  мәселелері  туралы  конституциялық-
демократиялық  партия  бағдарламасында»  бір    топ  қазақ  зиялылары  –                  
Б.  Қаратаев,  Ғ.  Бердиев,  М.  Бақытгереев,  И.  Тоқбердиев,  Х.  Досмұхамедов,       
Н.  Ипмағамбетов.  М.  Мұқанов,  Ғ.  Рақымбердиев,  Ізбасаров,  Ү.  Дүйсембин 

 
90 
партияның  мүшесі  ретінде  қазақ  мектебіне  байланысты  мынандай  мәселені 
қамтиды: «Нәсіліне, дініне және жынысына қарамай әркімге оқуға, білім алуға 
рұқсат берілсін. 
Әр адамға және әр қауымға мектептер ашуға рұқсат берілсін. 
Кіші  дәрежелі  мектепті  аяқтаған  соң  жоғары  дәрежелі  мектептерге  оқуға 
түсуге әзірлейтін әр түрлі мектептер ашылсын. 
Университеттердің  және  басқа  да  оқу  орындарының  өзін-өзі  басқаруға 
мүмкіндік берілсін. Студенттерге оқу арзан болсын. Студенттердің мәжілістер, 
жиналыстар 
өткізіп 
тұруына 
рұқсат 
етілсін. 
Қазақ 
балаларына 
университеттерде оқу үшін стипендиялар көбейтілсін. 
Гимназия,  реальды  училище  секілді  орта  дәрежелі  мектептер  көбейтілсін. 
Оларда  оқу  арзан  болсын.  Қазақ  балаларына  басқа  тілдермен  бірге  міндетті 
түрде қазақ тілі де оқытылсын. 
Кіші дәрежелі мектептердегі оқу тегін болсын. Қазақ балаларына сабақ ана 
тілінде жүрсін. Бұл мектептер земстволардың қарамағында болсын. 
Қазақтар  ішінде  мұғалімдер  мектебі  көп  болсын.  Онда  қазақ  тілінде 
оқытылсын [136, 117 б.]. 
Орысша оқытылатын барлық дәрежедегі мектептерде қазақ балалары үшін 
ислам  дінінің  негіздерін  ләзім  болсын.  Яғни,  қазақ  зиялылары  мектепте  ана 
тіліне  баса  мән  беріп,  орысша  оқытатын  мектептерде  ислам  дінінің  негіздерін 
оқытуға көңіл бөледі. 
Ал  ХХ  ғ.  басында  өзінің  «Оян,  қазақ!»  атты  өлеңі  арқылы  барша  қазақ 
халқын  ояту  жолында  аянбай  тер  төккен  зиялыларымыздың  бірі  М.  Дулатов 
өзінің  шығармаларында  қазақтарды  оқуға,  орыс  білімін  үйренуге,  өнерлі 
болуға  шақырады.  Ол  «Шығармаларында»  өлеңдер  жинағының  алғы  сөзінде 
былай  деп  жазады:  «Қой,  бүйтпелік,  һәр  халықтың  күші  һүнер  болса,  ол 
һүнерге  аллатағала  қасында  һимәтіміз  саясында  біз  қазақтар  да  ортақ  болсақ 
керек, соның үшін мұсылманша ғылымдар оқып, дінімізді танып, надандардың 
көзін қойып, көңілін ашып, мұнымен ахиреттік файдамызды табалық. Екінші – 
дүниемізде қажетті хақыларымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, 
басқалардан  хорлық  көрмес  үшін,  орысша  оқып  һүнерлі  болалық»  [66,  19-20 
б.].  Сонымен  қатар  М.  Дулатов  «Мұғалімдерге»  атты  мақаласында 
қазақтардағы  оқу  жайына  байланысты:  «Қазір  біздің  қазақ  халқында  оқудың 
жаңа  дәуірі  басталған  кез.  Біздің  қазақта  шын  қазақша  мектептің  керектігін 
біле  бастаған  шақ.  Бұрын  бізде  екі  түрлі  оқушы  бар  еді.  Орысша  һәм 
мұсылманша. Орысша оқығандар қазақша хат тани білуді ғана қанағат қылып, 
көбі оған да шорқақ еді. Мұсылманша оқу тәртібі ең төмен дәрежеде болып… 
еді. Бұрын 5-6 жыл оқып  та  хат тани алмай қалатындар  көп болушы еді. Кісі 
қайда  оқыса  да,  керек  ноғайша,  керек  орысша,  керек  басқаша,  асыл  мақсұты 
білім үйреніп, асса халқына, қалса өзіне пайда келтіру» [66, 237-238 б.]. 
ХХ ғ. басында шыққан  «Қазақ» газеті  жеке жинақ болып басылып  отыр. 
Осы  жинақта  қазақ  зиялыларының  оқу-білімге,  саяси  өмірге,  салт-дәстүрге 
және  т.б.  өзекті  тақырыптарға  арналып  мақалалары  жарияланған.  «Қазақ» 
газетінің  1913  жылғы  санында  М.Д.  (М.  Дулатов  –  авт.)  деген  атпен 
«Оқушыларға жәрдем жамиғаты» атпен жарияланған мақалада:  «Басқалармен 

 
91 
тізелесуге,  тартысуға,  жарысуға  оқу-білім  керек.  Надан  жұрт  оқымысты, 
білімді жұртпен қатар тіршілік ете алмайды, есігінде жүріп азып-тозып кетеді. 
Сондықтан  осындай  мезгілі  өтпей  тұрғанда  қазақ  баласына  оқуға  жабысудан 
басқа  жол  қалған  жоқ.  Теңдікке  жетсек  те,  жұрттығымызды  сақтасақ  та, 
дүниеден  сыбағалы  орнымызды  алсақ  та,  бір  ғана  оқудың  арқасында  аламыз. 
Жақсылыққа  бастайтын  жарық  жұлдыз  –  оқу.  Надан  жұрттың  күні  қараң, 
келешегі  тұман.  Қазаққа  орысша,  мұсылманша  оқудың  екеуі  бірдей  керек. 
Біріне  артықшылық,  біріне  кемшілік  беру  қате.  Орысша  оқушылар  сайрап 
жатқан  даңғыл  жолға  түскен  секілді,  орыстың  тәрбие-тәртіпке  қойылған 
школдарына кіріп оқиды, неше жыл оқитыны, алатын мағлұматы, бітіргеннен 
кейін нендей қызметке жарарлығы күні бұрын белгілі...» [43, 69-70 б.]. 
Бұл  үзінділерден  көріп  отырғанымыздай,  М.  Дулатов  қазақ  халқын  тек 
оқу-білімге, өнерге, басқа ұлттардың тілін білуге шақырып қоймай, өз халқына 
да  қызмет  қылып,  пайда  келтіру  керектігін  және  орыс  тілінің,  мектептерінің 
қоғамда алатын орнын да жазады.  
Сонымен  қатар  Х.  Болғанбай:  Жұрттың  жұрттығын  сақтап,  ұйқысын 
ашатын  ерлер  керек.  Ол  ерлер  бүгінгі  медресе-мектепке  берген  балалары, 
соның  үшін  саналы  қазақтың  азаматтары  оқу,  оқыту  дегенге  салқын  қарауға 
жарамайды  [23,  43  б.],  -  деп  қазақ  балаларын  бауырларымыздың  осындай 
(медресе  Хасение  –  авт.)  мектептерге  кіріп,  пайдаланып  қалуға  ерінбеу 
керектігін айтып оқуға шақырады. 
Белгілі  филолог  ғалым  Т.  Кәкішев  А.  Байтұрсынов  туралы  былай  деп 
жазады:  «Оның  есімі  бүкіл  түркі  тілдес  халықтарының  тарихына  мәңгі 
өшпейтін  алтын  әріппен  жазылып,  қазақ  халқының  тарихына  өзінің  рухани 
сана-сезімі, парсаты және жалпы болмыс жағынан фольклорист, ақын, жазушы, 
қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  негізін  салушы  ірі  ғалым,  филолог,  лингвист, 
тюрколог-реформатор,  ағартушы-демократ,  гуманист,  педагог,  зерделі 
тарихшы,  журналист,  қазақтың  тұңғыш  редакторы,  профессор,  «Алаш» 
партиясын  құрушы,  қазақтың  ғылымын  ұйымдастырушы,  оқулық  жазудың 
білгір маманы, елдің толық тәуелсіздік алуы үшін жан аямай күрескен ірі қоғам 
қайраткері, халықтың адал перзенті ретінде танылды.    
«Бұрын  патша  заманында  қазақ  мектеп,  медрсе  һәм  школ  ашпақ  болса 
патша үкіметінен тіленіп, сұранып неше жыл жүріп, зарыққан тілегін көбіне ала 
алмай  қалушы  еді.  Енді  кеңес  үкіметі  қазақ  сияқты  бұрынғы  құлдықта  жүріп 
оқу оқи алмаған, өнер-білім ала алмаған халыққа кең қылып оқу-ілім қақпасын 
ашып  отыр.  Бір  ауылға  неше  мектеп,  медресе,  школ  саламын  десең  ықтияр 
өзіңде деп отыр» деп сәбидей қуанды да өзінің ең негізгі, түбегейлі тұжырымын 
түйіндейді [87, 191 б.].   
 «Қазақ»  газетінің  жинағында  А.  Байтұрсыновтың  (1873-1937)  қазақ 
балаларын  оқыту,  мектептер  ашу,  мұғалімдермен  қамтамасыз  ету,  мектеп 
керектері  жайынан  бірнеше  мақалалары  жарық  көрген.  «Бастауыш  мектеп» 
атты мақаласында: «Бастауыш мектептер жалғыз үкімет пайдасы үшін болмай, 
халық пайдасы үшін де боларға керек. Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың 
бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі жазуын 
сақтау.  Солай  болған  соң  бастауыш  мектеп,  әуелі  миссионерлік  пікірден, 

 
92 
политикадан алыс боларға керек яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, 
суық қолдан тыныш боларға керек» [43, 99-100 б.], - деп жазады.       
А.  Байтұрсынов  бұл  мақаласында  бастауыш  мектептің  ауадай  қажеттігін 
айта  отырып,  оның  саясаттан,  миссионерлік  пікірден  аулақ  болуын  және 
білімді мұғалімдерге аса мұқтаждығын айқындай түседі. 
Қазақ  ұлтының  дамуына,  өркендеуіне  үлес  қосқан  зиялыларымыздың 
ішінде С. Торайғыров ерекше тоқталуды қажет етеді. Оның «Қазақ ішінде оқу 
жолы  қалай?»  атты  мақаласында:  «Қазақтың  қай  жерінде  болса  да  молда 
таралмаған,  аз-аздап  болса  да  төте  оқу  жайылмаған  жер  жоқ  есебінде.  Сол 
молда атанған адамдарымыз мейлі ескі жолдың қу мүйізді, құлқын өңештілері 
болсын, мейлі жаңа жолдың жарып салма, жарық ойлы, ғылым, педагогиканы 
судай  ағызатын  аузы  алты  қарыс  атақтылары  болсын  қазіргі  қалпында  қазақ 
ұлтына пайда тигізіп ғылым, өнер шашудың қиындығы іштен тума соқырдың 
көзін  ашу  орайы  жоқ  өткелсіздеу  көрінеді.  ...  Менің  түсінуімше  қазақ  ішіне 
оқудың таралмауы, таралса да ілгері баспауының бірінші себебі: молдалардың 
үйрете  білмегендігінен  емес,  үйрету  тізгінінің  қолдарына  берілмей,  осындай 
бәлелерге ұшырауларынан деп білемін»,- деп жаза келіп, қазақ мырзаларының 
15-20 баланы жиып әкеліп беретінін, ол балаларды сабақты меңгеру қабілетіне 
қарай 
оқытудың 
қажеттігін 
және 
олардың 
ата-аналарының 
разы 
болмағандығынан,  я  бір  уақытта  жиналмағандығынан  екі-үш  бөлім  қылып 
оқытуға тура келетіндігі себептерін нақты көрсетеді [140, 128-129 б.]. 
Бұл мақаласында С. Торайғыров қазақ балаларын оқытудың кемшіліктері 
мен қиындықтарын нақты жаза отырып, сол кемшіліктерді жоюдың жолдарын 
және аса қажеттігін айтады. 
Жазушы  І.  Жансүгіровтің  «Жастар  ұраны»,  «Жас  бұлбұлдарға»  атты 
өлеңдерінде  қазақ  жастарын  оқу,білімге  шақырғандығын  оқимыз  [144,  33-36 
б.].  
ХХ  ғ. басында  көптеген  ғылыми  мақалалары  жарық  көріп,  «Педагогика» 
атты  арнайы  еңбек  жазған  М.  Жұмабаев  (1893-1938)  та  қазақ  балаларын 
оқытуға, білім беріп, тәрбиелеуге баса көңіл бөледі. Ол «Сорлы қазақ», «Өнер-
білім  қайтсе  табылар?»,  «Қазағым»,  «Қарағым!»  [167;  41-42,  46-47,  51-52  б.], 
«Педагогика», «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» [15; 
223-314, 318-
321  б.
]  атты  өлеңдері  мен  зерттеулерінде  өнер-білімнің  қажеттігін,  қазақ 
балаларына  білім  беру,  мектептердегі  оқу  құралдары  жайы  талданады. 
«Жазылашақ  оқу  құралдары  һәм  мектебіміз»  атты  мақаласында:  «Қазақтың 
тағдыры,  келешекте  ел  болуы  да  мектебінің қандай  негізге  құрылуына  барып 
тіреледі.  Мектебімізді  таза,  сау,  берік  һәм  өз  жанымызға  (қазақ  жанына) 
қабысатын, үйлесетін негізге берік құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ 
серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ келешегіміз күңгірт.  
Мектебіміз  белгілі  бір  берік  негізге  құрыла  алмады.  Бір жақтан  –  әліпби 
һәм  ғылым  –  ол,  екінші  жақтан  –  ұлт  тілі,  жаратылыс,  үшінші  жақтан  – 
орталық  һәм  машина  (социальный  индустриализм)  негізіне  құрылған  еңбек 
мектебі. Міне, қазақ мектебі осы күні осы үш оттың ортасында отыр.  
Дұрыс,  бізге  жақын  жерден  үлгі  болатын  –  орыс  мектебі.  Бірақ  орыс 
мектебінің өзі осы күнде тоғыз жолдың торабында тұр.  

 
93 
Кең  қазақ  мектебіне  негіз  іздегенде,  таза  пән  кезінен,  яғни  мектеп 
құрылысының қазақ жанына қабысуы жағынан келу дұрыс болар еді деген ой» 
[15, 318-321 бб.], - деп өз пікірін нақты дәлелдермен білдіреді.  
Үзіндіден  байқап  отырғанымыздай,  М.  Жұмабаев  мектептің  қазақ 
халқының  болашақ  тағдырында  алатын  орнына  баса  мән  беріп,  үлгі  алуға 
болатын  орыс  мектебінің  өзі  де  тоғыз  жолдың  торабында  тұрғандығын 
жазады. 
Ахмет  Байұрсынұлының  мектеп  жөніндегі  ойлары  бүгінгі  күнге  дейін 
мәнін әсте жойған жоқ. Ол мектептің тәуелсіздігін, оқу үдерісі мәселелерін өзі 
шешіп,  өзін-өзі  басқаруын  қалады.  Мұғалімдердің  жоғарыдан  тағайындалмай, 
сайлау жолымен орналасуын ұсынды. Сол уақытта оқу-тәрбие үдерісі нәтижелі 
болмақ.  Оның  бастауыш  мектептерде  оқу  ана  тілінде  жүргізілуі  керек  деген 
пікірі  тіліміздің  қазіргідей  жағдайында  аса  өзекті  мәселеге  айналып  отырғаны 
даусыз [174, 55 б.]. 
1922-1925  жылдары  А.  Байтұрсынұлы  Қазақстан  Халық  Комиссариаты 
жанындағы  Ғылыми-әдеби  комиссияның  төрағасы  болып  істеді.  Сондықтан 
Қазақ республикасының алғашқы жылдарында қаржының тапшылығынан оқу-
білімді  ұйымдастыруда  орын  алған  қиыншылықтарды  жақсы  білді.  Патшалық 
заманда  бірнеше  жыл  ізденіп,  шығынданып  ашатын  мектепті  Кеңес  үкіметі 
кезінде  ашу  мәселесі  шешілгенімен,  қаржы  жетімсіз  болды.  Ал  оқуға  деген 
сұраныс көп. Бұдан шығар жалғыз амал – халықтың өзінің мектеп ашуға қаржы 
жинауы [174, 56 б.] 
Республикада  әртүрлі  мектептер  мен  басқа  оқу  орындарында, 
кітапханаларда  2616  кісі  істеген  еді.  Ал  балаларды  тегіс  оқытуға  20  мыңнан 
артық адам керек. Оны үкіметтің толық қаржыландыруға мүмкіндігі жоқ. Сол 
себепті автор халықтың өзі ел болып бірігіп, байға байша, кедейге кедейше үй 
басына салық салып, бұрын молда ұстап оқытуда жиналатын қаржыны мектеп 
ашуға жұмсауды ұсынады. Бұл жұмысқа әртүрлі мекемелерді жұмылдырудың 
керектігін  атап  көрсетеді.  Сонымен  қатар  осындай  жолмен  ашылған 
мектептердің  оқыту,  балаларға  тәрбие  беру  тәртіптерін  оқу  бөлімдерінің 
сырттан  бақылап  отыруын  қажет  деп  есептейді.  Ауылы  шалғай  балалар  үшін 
мектеп  жанынан  жатақхана  не  интернат  ашудың  қажеттігін  айтады.  Бұл 
жұмыстардың  барлығына  елдегі  азаматтардың,  халықтың  өзінің  батыл  кірісуі 
керек екендігін атап көрсетеді [174, 57 б.] 
Қазақ  әдебиеті  мен  тіл  ғылымын  зерттеуші  алғашқы  ғалымдардың  бірі, 
Ахмет  Байтұрсыновтың  шәкірті  Т.  Шонанов  «Ахмет  Байтұрсынұлы 
Байтұрсынов  –  халық  ағарту  және  әдебиет  саласында»  (1923)  атты 
А.Байтұрсыновтың  50  жасқа  толғанына  арнап  жазған  мақаласында:  «Міне, 
осныдай  мүсәпір  қиын  кезеңде  Ахмет  алғашқы  болып  дауыс  көтеріп,  қазақ 
мектептерін бір жағынан  дүмше молдалардың дым білместігі, екінші жағынан, 
патша  миссионерлердің  ықпалынан  құтқару  үшін  Ахаң  жалғыз  күресті.  Бұл 
жолда Ахаң жалғыз да алғашқы ағартушы болды. 
Бұған дейін бізде өз әліппеміз болған емес, дүмше молдалар әліппе жасай 
алмай, баллардың «әліп-би» шартымен  қағаз жүзінде оқытса, ал миссионерлер 

 
94 
Васильев,  Алектров,  Рожинский  және  басқалар  қазақ  әліппесін  орыс 
транскрипциясымен берді [108, 241 б.]  .  
Октябрь төңкерісінен бұрынғы программалар мен оқыту әдістері жайында 
әңгімені  көп  созбасақ  та  болады.  Қазақстанда  Октябрьден  бұрынғы  мектептер 
әр түрлі болатын: 
1.
 
Дін мектептері.  
2.
 
Дүние мектебі.     
Дін  мектептерінің  программасы  –  иман  шарт,  құран,  мұқтасар  оқыту  еді. 
Намаз  оқығанда,  ораза  тұтқанда,  дәрет  алғанда,  тамақ  жегенде  жаттайтын 
дұғаларды жаттау еді. 
Дүние  мектептерінің  көбінде  орыс  тілінде,  иазында  қазақ  тілінде 
оқытатындар Ғалия, Құсаиния сияқты нәрселерден шыққан мұғалімдер еді. 
Кешкі  мектептердің  кіндігін  кескендер  Ильминский,  Победоносов, 
Бабробников,  сықылды  миссионерлер  еді.  Школдар  негізіне  1972  жылдың 
ережесі  салынған  еді.  Ол  ереженің  бірінші  статьясы  «бұратаналарды  орыс 
жұртшылығы,  християн  мәдениетімен  араластыру  үшін  школдар  ашылды» 
дейтін.  Анықтап  айтқанда:  «бұратаналарды  орыс  байларының  малайы  қылу 
үшін  школ  ашылды»  деген  болады.  Ондай  школдардың  программыда  түпкі 
мақсатына  сай  болады.  Ана  тілінде  сабақ  беру,  ана  тілін  үйрену  програмнан 
қуылды. Оның орнынна патшаны сүю, отанды жақтау, дінді демеуге үйрететін 
программа  құрғызылды.  Сондықтан  қазақ  школдарында  християн  дінін 
ұғындыратын  үгіт,  ертегі  кітаптар  болатын  еді.  Әрине,  ол  кітаптар  көбінесе 
оқылмайтын еді. Программа тұрмысымызға жанаспайтын еді. Тұрмыс оқылмай 
кітап  оқылатын  еді.  Әдіс  орнына  кітап  жаттау  болатын  еді.  Ол  кездегі 
программа мақсаты – оқи, жаза білетін, шығара білетін қызметкер шығару еді. 
Октябрь төңкерісі болған соң алдымен  дін, патша, отан сүю деген сияқты 
нәрселер  программадан  қуылды.  Білім  жолына  қарсы  нәрселер  мектептен 
алыстап шығарылды. 
Бұл – Октябрьдің бізге берген бір жемісі болды. 
Тұрмыстың  түрлі  тараулары  орнығып,  өркендей  бастаған  соң,  программа 
әдісі жұмысыда өркендей бастады. Еңбек мектебіне, техникумдарға арнап жаңа 
программалар  шығарылды.  Бұл  программалардың  мақсаты  –  негізі  бар.  Бұл 
күндегі мектепке беріп отырған программаларымыздың негізі: 
1.
 
Баланы тұрмысқа жарақты адам қылып шығару; 
2.
 
Баланың белсеніп, өз бетімен ұйымдасып жұмыс қылуын күшейту; 
3.
 
Мектептерді  қоғамға  пайда  оны  жұмыс  қылатын  орын  қылып 
шығару; 
4.
 
Баланы ұйымшыл, социалдық тұрмыстың ұстасы қылып  тәрбиелеу 
[108,  263  б.],  -  деп  дін  мектептерінен  гөрі  дүние  мектептерінің  пайдасының 
көптігін насихаттаған болатын. 
ХХ ғ. басында қазақ тарихына байланысты еңбек жазған Қ. Кемеңгерұлы 
«Қазақ  тарихынан»  (1924  ж.)  атты  зерттеуінде  қазақтардағы  «Оқу  жайына» 
арнайы  тоқталып  кетеді.  Онда:  «Орыс  тілін  білсін,  яки  шен  алсын»  деген 
мақсұтпен  болсын  хандар,  аға  сұлтандар,  «жақсылар»  орыс  школдарына 
балаларын бере бастады.  

 
95 
20-ғасырдың басында ауылнай школдар ашылды. Үстірт қарағанда үкімет 
те  қазақ  үшін  тырысқан  сияқты.  Бірақ  үкімет  ісінің  ішін  ақтарсаң,  арамдығы 
аңқып  шыға  келеді.  Хүкімет  қазақ  баласын  оқытқанда  білім  алсын,  елін 
ағартсын  деп  ойлаған  жоқ.  Қазақтың  жас  баласын  елінен  айырып,  орыстың 
рухын сіңдіріп, қазаққа орыстың идеясын тарататын үндеуші қылу мақсұтында 
болды.  
Қазақтың балдырғандары – жас баласын ана тілінен айырып, орыс тілімен 
оқытатын  қылды.  Қазақтар  ауылнай  школдарын  ашқызғанда,  үйге  беретін  10 
сомына  қызығып  ашқызды.  Онда  оқытушылардың  көбі  2  класты  бітірген, 
рухани  ұлт  тәрбиесін,  жалпы  адамшылық  тәрбиесін  алмаған  қазақ  жігіттері 
және  татарша  білетін  крешіндер  болды.  Оқытушылар  өте  идеалсыз 
болғандықтан,  школ  пайдалы  жеміс  бермеді  [168,  48-49  б.],  -  деп  орыс 
үкіметінің  негізгі  мақсатын  әшкерелесе,  тағы  бір  жерінде:  оқудың  арқасында 
мінез, шаруа кемшіліктерін жоғалтуға болады»  [128, 81 б.], - деп, оқудың аса 
қажеттігін жазады. 
Сонымен  қазақ  зиялыларының  Қазақстандағы  оқыту,  білім  алу  істерін 
насихаттаған пікірлерін талдай келе мынадай тұжырымдарға келдік: 
- ХІХ ғ. екінші жартысында еңбектері жарық көрген қазақ зиялыларының 
–  Ш.  Уәлиханов  пен  А.  Құнанбаевтың  еңбектерінде  қазақ  балаларын  оқыту, 
орыс тілін үйрету, оқу-жаза білудің пайдасы насихатталды; 
-  қазақ  зиялыларының  барлығы  да  қазақ  халқын  тек  оқу-білімге,  өнерге, 
басқа ұлттардың  тілін білуге шақырып  қоймай, өз  халқына да қызмет қылып, 
пайда келтіру керектігін жазған; 
-  А.  Байтұрсынов,  С.  Торайғыров  және  М.  Жұмабаев  еңбектерінде 
қазақтардың  білімді  болуының  аса  қажеттігін  және  қазақ  мектептеріндегі 
оқытудың  кемшіліктерін  айқындай  отырып,  оны  шешудің  жолдарын 
көрсетеді; 
-  Қ.  Кемеңгерұлы  орыс  үкіметінің  қазақтарға  мектеп  ашудағы  басты 
мақсатын,  яғни  орыстандыру  саясатын  көрсеткенімен,  білім  беру 
орындарының аса қажеттігі туралы қорытынды жасайды. 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстанда  білім  беру  ісі 
күрделі мәселелердің бірі болатын. Себебі, қазақ балалары көбінесе жергілікті 
ауыл  молдаларынан  сауатын  ашып,  көрші елдерге  барып  оқитындар  санаулы 
болатын  деп  айтуға  болады.  Ал,  алғаш  ашылған  мектептер  қазақ  балаларына 
орыс тілін үйретіп, орыс дінін уағыздап, тек жергілікті шенеуніктер дайындау 
мақсатында ашылған болатын. Мұндай өзекті мәселелерді қазақ зиялылары өз 
еңбектеріне  қарастырып,  өз  пікірлерін  білдіріп  отырған  болатын.  Сондықтан 
да ұлт зиялылары еңбектерін біз көтеріп отырған тақырыптың маңызды дерегі 
деп білеміз. 
Бұл  кезеңде  қазақ  мектептерінде  оқушыларды  оқыту  тіліне  байланысты 
зиялылар  арасында  әрқилы  көзқарастар  орын  алған  болатын.  Қазақстандағы 
білім  беру  ісіне  сүбелі  үлесін  қосқан  ағартушы,  педагог  Ы.  Алтынсарин 
болатын.  Ол  мектепте  оқытудың  бағдарламасын  жасап,  тек  қана  жазу-сызуға 
үйретумен  шектелмей,  оқушыларға  орыс  тілін,  жаратылыстану  пәндерін  де 
оқытуға  көңіл  бөлген  болатын  [2,  273  б.].  Ал,  М.  Дулатов:  «Қазаққа  орысша, 

 
96 
мұсылманша оқудың екеуі бірдей керек. Біріне артықшылық, біріне кемшілік 
беру  қате  [43,  69-70  б.],  -  деп  екі  тілді  де  оқыту  керектігін  айтса,                        
А.  Байтұрсынов  бастауыш  мектептен  оқығандар  ең  әуелі  қазақша  толық  хат 
білетін  дәрежеде  болуы  керек,  -  дей  отырып,  әуелгі  үш  жылда  балалар  кілең 
қазақша оқу керек, соңғы екі жылда кілең орысша оқу керек [12, 245 б.], - деп 
ана тілді оқытуға көп уақыт бөлуді жазады.  
Қызылжар  уезіне қараған  учительдер съезі оқытуға байланысты бірқатар 
мәселелер қарап, мынадай қаулы шығарады: «Бұратаналар школында оқу ана 
тілінде  болсын; орыс  тілі  3  жылдан  бұрын  кіргізілмесін,  ер  балалар  мен  әйел 
балалар бірге оқытылсын, бұратаналар  школында курс алты жылдық болсын, 
бастауыш  школдардан  басқа  бұратаналарға  арналып  орта  һәм  жоғарғы 
дәрежелі  школдар  ашылсын,  барлық  бұратаналар  школдарына  міндетті  оқу 
болып орыс тілі кіргізілсін, Бұратаналарға ашылатын школдар қазына күшімен 
ашылсын  [43,  389  б.],  -  деген  қаулылары  А.  Байтұрсыновтың  әуелгі  үш  жыл 
қазақ тілінде болсын деген пікірімен сай келеді.  
Ал,  «Қазақ»  газетіндегі  қазақ  съезі  атты  мақалада:  «Жалпы  міндетті 
оқуды съез аса қажет көргеннен кейін қазіргі бастауыш мектептерді көбейтуге 
қаулы  қылды,  100  үйге  бір  мектептен  кем  болмасын  делінді.  Оқу  ана  тілінде 
болсын  һәм  әйел-еркек  балалар  бірге  оқысын.  Мектептер  земский  һәм 
мемлекет ақшасына ашылсын [43, 376 б.], - деп мектептің ана тілінде болуын 
қаласа,  Жалпықазақ  қазақ  съезінің  қаулысы

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал