Байдавлетова мадина досбергеновна



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ЭТНОМӘДЕНИ  МӘСЕЛЕЛЕРГЕ  ҚАЗАҚ 
ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ 
 
3.1 Қазақ әдебиет кештері зиялылар еңбектерінде 
ХХ ғ. басындағы Қазақстанның мәдени өміріне тоқталар болсақ, мәдениет 
салаларының бірі – қазақ зиялылары ұйымдастырып отырған әдебиет кештері 
туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Қазақ халқы әрбір мерекелік шараларын ән-
күйсіз,  ақындар  айтысынсыз  өткізбеген  болса,  осы  алғаш  өткізіле  бастаған 
қазақ  әдебиет  кештеріне  халықтың  рухани  мұралары  негіз  болған.  Ал  біз 
қарастырғалы  отырған  әдебиет  кештері  туралы  мәліметтерді  ХХ  ғ.  басында 
мерзімді  басылым  беттерінде  жарық  көріп  отырған  қазақ  зиялыларының 
еңбектерінен  аламыз.  Себебі,  қазақ  зиялыларының  өздері  алғашқы  әдебиет 
кештерін  ұйымдастырып,  оған  өздері  белсенді  қатыса  отырып,  өнеріміздің 
өркендеуіне зор үлес қосқан болатын.  
Осыған байланысты біздің алдымызда мынадай мәселелер туындайды: 
-
 
әдебиет  кештерінің  өткізіле  бастауы  және  оның  мақсаты  туралы 
көзқарастарды салыстыру; 
-
 
қазақ әдебиет кештеріндегі қойылымдар мен олардың авторлары туралы 
зерделеу; 
-
 
әдебиет  кештерінің  өнерпаздары  туралы  қазақ  зиялыларының 
көзқарастарын қарастыру. 
Қазақ  әдебиет  кештерінің  зиялылар  еңбектерінде  қарастырылуына 
нақтырақ  тоқталғанда,  біз  оны  екі  кезеңге  бөліп  қарастырамыз.  Алғашқы 
кезеңге  ХІХ  ғ.  соңынан  –  1917  ж.  дейінгі  аралықты  қамтыса,  екінші  кезеңге 
1917 жылдан – 1930 ж. дейінгі аралық жатады. 
Қазақстанда  1860  ж.  Орал  қаласында  тұңғыш  орыс  театры 
ұйымдастырылып,  оның  негізгі  мақсаты  «жергілікті  халыққа  әсер  ететін 
құралдың бірі ретінде» болса, жылжымалы татар труппаларының гастрольдері 
өнерге  ұмтылған  қазақ  жастарына  сахналық  үлгі  берген  болатын  [61,  37  б.]. 
Қазақ жерінде ашылған театрлардың алғашқы легі орыс театрлары болғанмен, 
қазақтың  ұлтжанды  зиялылары  ана  тілінде  әдебиет  кештерін  ұйымдастыра 
бастаған болатын.  
Ал  алғашқы  әдеби  кештердің  қазақ  жерінде  қойылуына  байланысты        
М.  Дулатов  «Қазақ»  газетіндегі  «Абай»  атты  мақаласынан  оқимыз.  Онда 
«қазақтың белгілі ақыны А. Құнанбаевтың опатына дәл он жыл толуына орай 
26 ғинуарда Семей қаласында Географический общества ондағы оқыған қазақ 
жастарының  жәрдемімен,  Абай  құрметіне  әдебиет  кешін  өткізіп,  ол  кеш 
бірінші  қазақ  ақынының  құрметіне  жасалған  бірінші  әдебиет  кеші»,  -  деп 
жазады  [147,  1  б.].  Мұнан  кейін  әдебиет  кештері  бірнеше  рет  Семейде, 
Орынбор, Омбы, Атбасар және Торғай қалаларында өткізіле бастаған болатын.  
Қазақ  әдебиет  кештерін  алғашқы  кездері  өткізуде  жергілікті  билік 
өкілдерінен  рұқсат  алу  қиын  болғанын  көруге  болады.  Оған  қазақ  әдебиет 
кештерін  ұйымдастырушылардың  бірі  Н.  Құлжанованың  мына  пікірі  дәлел 
болады:  «Семейде  13-інші  фиуралда  болған  қазақша  ойынның  рұқсаты 
артықша қиындықпен алынды: ойында  айтылатын өлең, сөйленетін сөздер де 

 
77 
драматический  цензура  (ойынға  кіртін  жазба  сөздердің  рұқсаты) 
болмағандықтан, бұл өткен әдебиет кешінде тек Ыбырайдың сөздері ғана өтіп, 
басқа  жақсы-жақсы  сөздер,  таңбасыз  малша  бұл  базарға  кіре  алмағандығы 
себеп  болды  [148,  1  б.].  Сонымен  қатар  Атбасарда  өткен  кештің  де  әкімнің 
рұқсатымен  өткенін  көруге  болады  [149,  2  б.].  Осыған  байланысты  «Қазақ 
театрының  тарихы»  еңбегінде:  «қойылатын  пьесаны  немесе  басқа 
шығармаларды  сахнаға  шығару  үшін,  ең  алдымен,  губернатордан  рұқсат  алу 
керек  болған.  Кейде  губернатор  рұқсат  еткен  дүниенің  өзін  сахнаға  қойып 
жатқанда  полиция  таратып  жіберіп  отырған  [61,  39  б.],  -  деп  қазақ 
зилыларының пікірлерін растай түседі. 
Алғаш өткізілген әдебиет кештеріне халық өте көп келіп, көбіне билеттің 
жетпей  қалғанын  зиялылар  мерзімді  басылым  беттерінде  жазып  кеткен 
болатын.  Осындай  кештерді  өткізуден  түскен  қаржының  әртүрлі  мақсаттарға 
жұмсалғанын  көруге  болады.  «Қазақ»  газетінде:  «Бұл  кеште  жиылған  ақша 
Петербурда Русия мұсылманы атынан ашылған соғыс ауруханасы һәм мұқтаж 
оқушы  қазақ  жастары  пайдасына  берілмекші  еді.  Кеш  көңілді  жақсы  болып, 
917 сом, 69 тиын ақша жиналды» [150, 3 б.], - деп жазылған.  
Хайретдин  Болғанбайдың  «Қазақ»  газетіне  жазған  мақаласында:  11-ші 
апрель  күні  Орынборда  шаһар  театрында,  10  проценті  жаралы  әскерлерге 
берілу  шартымен,  Орынбордағы  «оқушыларға  жәрдем  жамиғаты»  пайдасына 
әдебиет  кеші  жасалды.  Кешті  жасаушылар  –  мұндағы  ноғай,  қазақ  жастары 
[151,  4  б.].  Сонымен  қатар  «Атбасардағы  ойыннан  өнген  ақшаның  жартысы 
соғыс пайдасына, жартысы мұқтаж оқушылар пайдасына берілмек еді» [149, 3 
б.],  -  деген  мәліметтерді  де  көреміз.  Ал  «Қазақ  театрының  тарихы»  атты 
еңбектен  «жергілікті  әкімшілік  орындары  сол  ойын-сауықтардан  түскен 
түсімнің  жартысын  «жаралылар  пайдасына»  деген  сылтаумен  жинап  алып 
отырған» [61, 39 б.] деген сөздерді оқимыз.  Жоғарыда айтылғандардан көріп 
отырғанымыздай, қазақ әдебиет  кештерінен түскен  түсімнің белгілі бір бөлігі 
жаралы  әскерлерге  берілу  шартымен  жинап  алынып  отырса,  қалған  бөлігі 
оқушыларға жәрдем ретінде берілген.  
Ал  әдебиет  кештерінің  бөлімдері  мен  қойылымдарына  келер  болсақ,       
А. Құнанбайұлына арналған әдебиет кешінде Татьянаның хаты, «Өлсем орным 
қара  жер  сыз  болмай  ма?»    [152,  4  б.], одан  басқа  кештерде  Абайдың  «Қыс», 
«Бұлбұл мен есек», Ыбырай Алтынсаринның «Жаз», «Қарға мен түлкі» «Өсиет 
сөз»,  «Балғожа  бидің  оқудағы  баласына  жазған  хаты»  оқылып,  надандық 
жайынан сөздер айтылса, «Әридаш», «Шілде», «Ғалия» [150, 3 б.], «Ырғақты», 
«Толқыма»,  «Гауһар  тас»  [153,  2  б.]  атты  қазақ  әндерімен  қатар  күйлер  де 
орындалған  болатын.  Сонымен  қатар  ХХ  ғ.  басында  көп  қойылатын 
қойылымдарға Біржан сал мен Сараның, Жанақ пен баланың айтысы жататын 
[150,  3  б.].  Әдеби  кештерде  ақындар  айтысының  үзілмей  қойылуы,  халықтың 
осы өнерге деген ерекше ықыласын көрсетсе керек.  
«Айқап»  журналынан  Семейде  өткізілген  әдебиет  кеші  туралы  мынадай 
мәліметті оқуға болады: «17 февральда Семейдің приказчик клубында қазақша 
әдебиет кеші болды. Ойнаушылар қазақтың оқыған жастары, оқыған әйелдері. 
Ойын  төрт  блімге  бөлініп,  қазақтың  бұрыннан  сауықшыл,  өлеңші-әнші 

 
78 
ақындары  ескі  кемеңгер  билердің  шешендігі  әртүрлі  сөздермен  тақпақтап 
өлеңдетіп  айтылды.  Сөз  ұсталығы  бұрынғы  қалыпта  сауық  қылу,  ән  салу, 
домбырамен  күй  тартулардың  ең  сүйкімді  нәрсе  жан  азығы  екені  турасында 
соңырақ заманда еш ілінде қожа, молдалар көбейіп, бұл сауықтарды обал, күнә 
деп  халықтың  сауықтан  көңілін  қайтаруы,  бертін  кезде  Ыбырай  Алтынсарин, 
әсіресе  Абай  Құнанбаев  сықылды  кемеңгер  ақындар  шығуы,  олардың  өлең-
әніне  не  жан  кіргізіп,  өң  беруі  ұлттың  әуезін  сақтауы  жоғарылауы  жалғыз 
әдебиеттің  арқасында  ғана  болуы  турасында  доклад  оқылды.  Доклад  ұзын 
жазылып,  мысал  үшін  бұрынғы  ақындар  Даһи  (көсем),  билердің  өлеңдері  де 
айтылып  өтті.  Оның  артынан  қазір  ойналатын  Біржан  мен  Сара  турасында 
жұртқа  мағлұмат  берілді.  Сахнаның  төріне  қазақ  салтынша  масаты  кілем 
төселіп,  оюлы  отау  шатыр  қойылған.  Залдың  бір  жағына  қолында  үкілі 
домбырасы,  торғын  шапанды,  ақ  камзолды,  орта  бойлы,  дөңгелек  кішкене 
сақалды,  кәмшат  бөріктің  шоқпардай  үкісін  былғаңдатып  айқайды  сала  ән 
шырқап Біржан шықты. Біржанның салдарша киінген бес жолдасы да жанында 
тұрды»  [42,  264  б.],  -  деп  алғашқы  әдебиет  кештерінің  қойылымдары  туралы 
білеміз. 
Қазақ  әдебиет  кештерінің  қойылымдары,  тақырыптары  өткізілген 
қаласына  да  тығыз  байланысты  болатын.  Қазақстан  қалаларында  өткізілген 
әдебиет  кештері  қазақ  тіліндегі  қойылымдар  мен  әндерге  арналса,  ал  Омбы, 
Орынбор  қалаларындағы  кештер  ноғай,  қазақ,  башқұрт  жастарының 
ұйымдастыруымен  өткендіктен,  осы  үш  ұлттың  тіліндегі  өлеңдер  мен 
қойылымдар қойылған болатын [ 154, 3 б.]. 
ХХ  ғ.  басында  алғаш  ұйымдастырыла  бастаған  әдебиет  кештерінің 
ерекшеліктерінің  біріне  –  әр  облыстардың  келіншектері  өз  киімдерімен 
көрсетілгені  туралы  оқысақ  [153,  3  б.],  бақсы,  шамандық  ойынының  да 
қойылғанын  қазақ  зиялыларының  еңбектерінен  көруге  болады  [152,  4  б.]. 
Мұндай  әдебиет  кештеріне  арнайы  жазылған  пьесалар  болмағандықтан, 
алғашқы кездері осындай қойылымдар көрсетілген.  
Ал  театр  кітабының  қажеттілігіне  байланысты  М.  Дулатов:  «Бұлардың 
бәрінде  де  өлең  айту,  ән  салу,  домбыра  тартудан  басқа  нәрсе  жоқ  еді. 
Сондықтан  соңғы  кездерде  қазақша  театр  кітабы  болса  деген  тілек  барлығы 
сезіле  басталған  еді.  Қазақ  театры,  қазақ  артистері  болуға  әлі  ерте  екендігі 
әркімге  белгілі  болса  да,  театр  кітабының  керектігі  де  ерте  деуге  болмайды. 
Әлгідей әдебиет кештерін түрлендіру, толықтыру  һәм қызықтырақ қылу үшін 
бірер тәуір театр кітабы керек еді, - деп жазады [66, 278 б.]. Осы кезде баспаға 
шыға  бастаған  пьесаларға  келетін  болсақ,  Көлбай  Төгісовтің  «Қайғы»  деп 
аталатын мақаласында: «көп надандықтың бірер жарымын қолдан келгенінше 
«ойын кітабына» (пьеса) жазып қазақ жастарына арнағым келеді. Кітаптың аты 
«Надандық  құрбаны»...  Бұл  кітап  жақын  арада  басылып  шығады,  кітап 
баспаханасына  берілді.  Қазақтарға  ойнап  өз  көздеріне  көрсетсе  мұндай 
надандық жолдан тартылар еді деп үміт қыламын,  - деп жазады [155, 206 б.]. 
Бірақ, К. Төгісовтың бұл пьесасына байланысты: «Сөйтіп тұңғыш көрген театр 
кітабымыз  өлі  туды.  Мұны  әдебиет  кештерінде  қоюға  жарайды  деп  айтуға 
ауыз  бармайды»,  -  деп  М.  Дулатов  кітаптың  жарамсыздығын  айтқан  болатын 

 
79 
[66,  281  б.].  Сонымен  қатар  «Айқап»  газетіне  қазақ  тілінде  шыққан 
Лихановтың  «Манап»  драмасына  байланысты  М.Дулатов  мынадай  пікір 
білдірген: «Манап» драмасы үлгілі қазақ әдебиеті қатарына қосыларлық емес,- 
дей  келе,  «Манапты»  шығарушы  Лихановтың  қазақ  жайынан  еш  нәрсе 
білмейтіндігін  жаңылмай  айтуға  болады»,-  деп  жазады  [66,  262  б.].  Ал,  екі 
пьесаның  сахнаға  қойылуы  туралы  жазба  мәліметтерді  кездестіре  алмадық,  - 
деп  жазған  «Қазақ  театрының  тарихының»  авторларының  айтқанына  назар 
аударсақ,  бұл  еңбектердің  баспаға  шыққан  алғашқы  театр  кітаптары 
болғанына  қарамастан,  сол  кезде  айтылған  сынға  төтеп  бере  алмағандығын 
байқауға болады.  
Алғашқы  әдебиет  кештерін  ұйымдастырушылар  –  қазақ  мәдениетін 
өркендетуге  белсене  қатысып  жүрген  зиялыларымыз  болатын.  Оны 
М.Дулатовтың  мына  сөздерінен  көре  аламыз:  «Ол  кеш  бірінші  қазақ 
ақынының  құрметіне  жасалған  бірінші  әдебиет  кеші  болып  һәм  бірінші  қазақ 
әйелі  (Нәзифа  ханым  Құлжанов  жамағатының)  майданға  түсіп  берген  өрнегі 
еді»  [156,  1  б.],  -  десе,  тағы  бір  мақаласында  «бұл  әдебиет  кешін  бас  болып 
істеуші Назифа ханым мен Нұрғали Құлжановтар еді», - деп жазады [153, 3 б.]. 
Ал  «Қазақ»  газетіндегі  мақаладан  Семей  қаласында  өткізілген  әдебиет  кешін 
оқығандар  һәм  саудагерлер  жасағандығы  туралы  оқимыз  [150,  3  б.].  Яғни, 
қазақ әдебиет кештерін өткізуге қазақ зиялыларымен қатар оқудағы жастардың 
және саудагерлердің қатысқандығы белгілі болып отыр.  
Ал  осы  кештерге  қатысқан  ойыншыларға  тоқталар  болсақ,  олардың 
арасында оқудағы қазақ жастарымен қатар, зиялыларымыз да өз үлесін қосқан. 
Х.  Болғанбайдың  мақаласында:  «...қолына  сырлы  домбырасын  ұстап  алаңға 
ардақты  «арғын»  (А.Б.)  ақын  шықты.  Халық  «арғын»  ақынды  көргеннен-ақ 
қол шапалақтап қарсы алды, - дей келе, «арғын» ақынның сахнаға 2 рет шығып 
өлең  айтқанын  жазады.  Мақаланы  ары  қарай  оқысақ:  «...қазақ  ханымдарынан 
Ғайнижамал  Дулатова  һәм  Жаңыл  ханым  Кәдірбаевалар  шығып,  олардың  екі 
реттен  өлең  айтқандығынан  мәлімет  береді.  Ханымдар  бұрын  мұндай  топ 
алдында  шықпауына  алаңға  шықпауларына  қарамай,  көңілдегідей  шығара 
алды [151, 4 б.], - деп жазуы кеште ойнаушылардың зиялылар ғана емес, халық 
ішінен шыққан дарынды әншілер мен өнерге бейімді адамдар екенін көрсетеді.  
Ал  Атбасарда  өткен  әдебиет  кешінде  25-тей  кісі  ойнаған  болса,  оның он 
жетісі  ер  адамдар  болса,  қалғаны  әйел  адамдар  болған  [149,  3  б.].                     
Ж. Темірбековтың өзі қатысқан кештің де көпшілік ойнаушылары ер адамдар 
болған  [157,  3  б.].  Мұның  өзі  алғашқы  кездері  әдебиет  кештерінде  ер 
адамдардың  басымдығын  көрсетсе,  ол  кездегі  қазақ  қоғамында  әлі  де  қазақ 
әйелдері  мұндай  кештерге  белсене  қатыспағандығын  анық  байқай  аламыз. 
Мұның  себебін  мына  мәліметтен  көруге  болады:  «Нұрғали  мырза  Құлжанов 
шығып,  ақсақалдардан,  қажылардан  ғафу  өтінді:  алдыңызға  келіп  өлең 
айтатын келіндеріңізді айыпқа бұйырмассыздар, игі жұмыс үшін істелген кеш 
қой деп; Сара қыз бен Біржан салдың жөнін айтты» [153, 3 б. ]. 
Сонымен 
жоғарыда 
айтылған 
қазақ 
зиялыларының 
пікірлерін 
қорытындылар болсақ: 

 
80 
-  алғашқы  әдебиет  кештері  Қазақстанның  Семей,  Торғай,  Атбасар 
қалаларында ұйымдастырыла бастаса, ал Орынбор, Омбы сияқты оқушы қазақ 
жастары көп шоғырланған жерлерде ноғай, башқұрт жастарының бірігуімен де 
кештер өткізіліп, осы қалаларда қазақ өнерпаздары жақсы өнер көрсеткендігін 
жазады; 
-  қазақ  ұйымдастырушылары  әдебиет  кештерін  өткізуге  рұқсатты 
әкімшіліктен  қиындықпен  алғанымен,  кештен  түскен  түсімді  билік  орындары 
соғыс  ауруханаларына  көмек  ретінде  алып  отырса,  қалған  бөлігін  оқудағы 
қазақ жастарына көмек ретінде беріп отырғандығын айтты; 
-  алғашқы  өткізіле  бастаған  әдебиет  кештерінде  Абай  Құнанбаевтың, 
Ыбырай  Алтынсаринның  шығармалары  кеңінен  насихатталып,  домбырада 
қазақ  әндері  мен  күйлері  орындалып,  ақындар  айтысы  қойылғандығын 
жазады; 
-  баспаға  шыққан  алғашқы  қазақ  театр  кітаптары  сол  замандағы  өзекті 
мәселелерді  негізгі  өзегі  етіп  алса  да,  театр  шығармаларына  қойылатын 
талаптарға сай келе бермегендігін ашып көрсеткен; 
-  әдебиет  кештеріндегі  алғаш  әртістерді  халық  ішінен  шыққан  дарынды 
өнерпаздар құрағандығын жазады.  
Ал  енді  екінші  кезеңге  байланысты  қазақ  зиялыларының  көзқарастарына 
тоқталсақ.  
Бұл  кезеңде  әдебиет  кештеріне  арналып  біршама  пьесалар  жазылып, 
кештер  қазақ  жерінде  көптеп  қойыла  бастайды.  Бұл  қойылған  кештерді 
оқудағы  қазақ  жастары  ұйымдастырып,  өздері  де  ойнаған  болатын.  «Талап» 
ұйымының  ұйымдастыруымен  әдебиет  кеші  өткізіліп,  «бұдан  жиылған 
ақшасын Құлжадағы аш жалаңаштар пайдасына берілмек еді» [158, 2 б.], - деп 
жазса, ал «Қазақ тілі» газетінде: «Осы жыл 20-шы януарда Өскемен қаласында 
қызыл әскердің жұмалығы үшін қазақша сауық кеші жасалды [159, 4 б.], - деп 
ойынның  өткізілу  мақсатын  көрсетеді.  Ал,  «Театр  кітаптары  (пьеса) 
турасында»  атты  мақалада:  «Халықты  жинап,  ойын  көрсетуден  мақсат: 
олардың  ақшасын  алу,  бойын  көтеру  ғана  емес,  олардың  ой  көзін  де  ашу. 
Театр адамға жазусыз сабақ» [160, 2 б.], - дейді.  
«Қазақ тілі» газетіндегі «Семейде сауық кеші» атты мақалада: «1923-інші 
жыл 4-інші октябрь күні Қазақстан хүкіметінің үш жасқа толып, 4 жасқа қарай 
бет алғанының қуанышына еңбекшіл жастардың даярлауымен ... ақшасыз тегін 
сауық кеші жасалды. Ойын билеті тиісті орындар арқылы таратылып берілді.  
Ойын 4-і күні Семей қаласының өзінде болып. Ойынға төрт жүз (400)-ден 
аса  кісі  жиылды.  Көп  адамдар  клубта  бос  орын  болмағандықтан,  келіп  те 
қайтты» [161, 2 б. ], - деп кештің өткізілу мақсатын көрсетеді.  
Қазақтар  ХХ  ғ.  басынан  өткізе  бастаған  әдебиет  кештері  алғашқы  қазақ 
театрының  ашылуына  негіз  қаласа,  тұңғыш  қазақ  театры  1926  жылы 
ашылғаны белгілі. Осы театрдың негізін қалағандардың бірі Жұмат Шаниннің 
«Дариға»  (1927)  атты  мақаласында  бұл  пьесадан  түскен  ақша  театры 
пайдасына  берілгендігін  және  «жаз  күнінде  бұл  пьеса  студенттер  пайдасы 
үшін де бір рет қойылған еді», - деп жазады [55, 277 б.]. 

 
81 
Бұл  айтылғандардан  көріп  отырғанымыздай,  әдебиет  кештерінен  түскен 
қаржы  халыққа,  оқушыларға  ақшалай  көмек  ретінде  берілуімен  қатар, 
театрдың  мұқтаждықтарына  пайдаланылып  отырған.  Сонымен  бірге  халыққа 
тәрбие беру мақсатымен және мерейтойларға арналып та өткізілген болатын. 
Тұңғыш  қазақ  театры  ашылғанға  дейін  біршама  пьесалар  жазылып,  олар 
әдебиет  кештерінде  қойылғанымен,  оған  қосымша  ақындар  айтыстарының, 
қазақ  ақын-жазушыларының  шығармалары  насихатталғаны  белгілі.  Алғашқы 
қазақ театры онда қойылатын пьесаларды қажет етті.  
Қазақ  әдебиет  кештерінде  онда  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «Еңлік-
Кебек»  шығармасын  театр  кітабы  түріне  айналдырып  [158,  4  б.],  «Ескі 
тәртіппен бала оқыту», «Рабиға» [162, 3 б.], сонымен қатар Ж. Аймауытовтың 
4  бөлімді  «Шәрбану-Қанапия»  атты  драмасы  [159,  4  б.],  «Сылаң  қыз»  [163,  4 
б.],  Ж.  Шаниннің  «Арқалық  батыр»  және  т.б.  сол  кездегі  қазақтардың 
тұрмысын  көрсететін  шығармалар  қойылған  болатын.  Осы  қойылған 
пьесаларға байланысты қазақ зиялыларының көзқарастарын талдасақ.  
«Театр  кітаптары  (пьеса)  турасында»  атты  мақалада:  «Біздің  қазақ 
жазушылары  терең  пьесаларды  еліктеп  жазып,  оны  қазақ  бұқарасына 
көрсетпек болса, алпыстағы шалдың күпісін алты жасар балаға кигізген деген 
болады», - деп жаза келе, «осы күнгі қазақ пьесаларының бәрі десек те болады, 
талпынған  қазақ  әйелінің  бақытсыздығымен  аяқтайды»  [160,  2  б.],  -  деп 
жазушылардың пьеса жазудағы кемшіліктеріне тоқталады.  
Қ. Кемеңгерұлы «Қазақ тарихы» (1924 ж.) атты еңбегінде: «Театрдың өзі 
тұрсын,  бір  кітабын  жаза  алмадық»  [128,  78  б.],  -  дейді.  Бұл  пікірге                  
Ж.  Аймауытовтың  «Театр  кітабы  туралы»  мақаласы  дәлел  болады.  Онда: 
«Қазіргі уақытта керекке тірек қылу үшін мұқтаждық шығарса да, әуесқойлық 
қылса да, біреуге біреу еліктесе де, театр кітаптары ғана жазылып, әдебиеттің 
басқа  түрлері  тұйық  жатқандығы  байқалады.  Қалам  ұстауға  шала-шарпы 
жараған  жаңа  талаптар  алдымен  өнерін  сынау  үшін  пьеса  (театр  кітабын) 
жазудан  бастайды.  ...шығып  жүрген  пьсеалардың  жүзден  тоқсан  тоғызы  шын 
мәнісімен  пьеса  шарттарына  маңайласпайды  [129,  140  б.],  -  деп  сол  кезде 
жазылып жатқан пьесалардың сапасының төмен болып жататындығын айтады.  
Ал  С.  Садуақасұлы  «Ұлт  театры  туралы»  (1926)  атты  еңбегінде:  «Театр 
өмірдің  ойыны.  Театр  тұрмыстың  ойыны.  Театрдың  ішінде  тойды  да, 
шілдеқананы  да,  қызық  ойынды  да  көругеболады.  Бірақ  театр  ойынының 
тәртібі өзгеше.  
Біздің  қазақтақандай  театр  тууы  мүмкін?  Театр  біздеқандай  болукерек, 
ойнаушылары кім /3 б/, ойналатындар не? – осы туралы бір аз сөйлейік.  
Осы күнгі біздің көріп-біліп жүрген театрымыз көбінесе отырықшы елдерде, 
отырықшы  елдердің  ішіндегі  үлкен  қалалар  сөзсіз  театрды  тілеп  тұрады. 
Қаланың мәдениеті, қаланың тұрмысы жағдайы театрды еріксіз туғызады. 
Үлкен қалаларда театрды көрушілер де көп. Бір күні беруі келсе, екінші күні 
біреуі  келеді.  Көпшілік  арқасында  театр  күн  сайын  кісісіз  болмайды. 
Мәскеудегі «Үлкен театр» Париждегі «Ұлт перларына» кезек тимей қалатын да 
уақыт болады. Театрға бару үшін кей кезде неше күндей шіретке де тұрады.  

 
82 
Әрине, біздің қазақ тұрмысында мұндай қалды әзір күтіге олмайды. Бізде 
бізде  әлі  үлкен  қала  жоқ.  қала  мәдениеті  жаңа-жаңа  туудың  алдында.  Қол 
ауызды  ең  толтырып  айтқандағымыз.  Қазағыстанда  театр  бір  күнде 
жасалмайды  осы  бастан  талабтанбасақ,  соңырағы  күні  жақсы  театр  аспаннан 
келіп,  түйнейді?  театрды  жасауға  болады.  Еңбектеніп  істелмейтін  нәрсе  жоқ 
[54, 4 б.] 
Былтыр  Жүсіпбек  «Еңбекші  қазақта»  бізде  театр  кітабы  жоқ  деп  жазды. 
Театр  кітабының  аздығына  біз  де  қол  қоямыз,  бірақ  тіпті  жоқ  деу  қате,  -  деп 
жаза келе, «Жүсіпбектікі де дұрыс – жаңа пьесалар жазуға кірісуіміз керек», ол 
үшін  «жақсы  пьесалар  жазуға  бәйге  тігу  керек»  [54,  10  б.],  -  деп  өз  пікірін 
білдіреді.  
Осы  уақытта  қазақ  әдебиетін  өркендету  үшін  қазақ  романдарына, 
пьесаларына  бәйге  беріліп,  жақсы  жазылған  шығармаларға  тиісті 
сыйлықтарымен қоса қаламақылары беріліп отырған болатын. Сондай үзіндіні 
«Ұлт  театры  туралы»  атты  С.  Садуақасұлытың  еңбегіндегі  Білім  ордасы 
атынан  берілген  жарнамадан  оқи  аламыз.  Онда  қазақтың  тұрмысынан, 
саясаттан немесе тарихтан алынған пьесаға бәйге берілетіндігі жазылған [54]. 
Бірақ  пьеса  жазуға  байланысты  тігілген  бәйгеге  байланысты                    
Ж.  Аймауытов  өзінің  пікірін  былайша  білдірген  болатын:  «Оқу 
комиссариатының екі-үш айдың ішінде жүлде алатын театр кітабын жаздырып 
алуына  сене  аламыз  ба?  Сене  алмаймыз.  Театр  кітаптарын  қолы  бос  адамдар 
жазар да, сапасыз болса да, саны бірталай пьеса-сымақтар жиналар да; бірақ ол 
кітап  та  театрды  қарқ  қыла  алмайды  [129,  220  б.].  Бұл  үзіндіден  көріп 
отырғанымыздай,  оқу  комиссариатының  пьесаны  жазуға  аз  уақыт 
берілетіндігін,  оның  пьесаның  сапасын  төмендетпесе,  жоғарылатпайтынын 
білдіреді.  Ал  театр  кітаптарын  көбейтудің  бір  амалына  «Европаның  үлгілі 
пьесаларын  қазақ  өміріне  жанасатындарын,  немесе  адам  баласының  мінез-
қылығына  айна  болатындарын  қазақ  тіліне  аудару»  [129,  221  б.]  керектігін 
айтады. Бірақ қазақ зиялылары пьеса жазуға атсалысқанына қарамастан, театр 
кітаптарының әлі де болса аздығы байқалады. Оған Ж. Шаниннің  «Қазақстан 
мемлекет  театры»  (1928  ж.)  және  «Қазақстан  мемлекет  театрының  жайы» 
(1928)  атты  мақалаларында  «қазақта  ірі  пьесаның  аздығы,  ал  барының  өзі 
берекесізденіп  барады»  [55,  284,  289  б.],  -  дей  келе,  «театрды  көркейтіп, 
артистерді  өсіреміз  десек,  театр  кітабын  сұрыптау,  жөндеу  –  бірінші 
міндетіміз.  Екінші  басқа  елдердің  оңды  жазылған  кітаптары  қазақшаға 
аударылсын [55, 298-299 б.], - деп жазуы айқын дәлел болады. 
Әдебиет  кештері  мен  кейіннен  театрда  ойналған  пьесалардың 
тақырыптарына  тоқталсақ.  Бұл  пьесалардың  тақырыптары  негізінен  сол 
кездегі  әлеуметтік  мәселелер  болса,  соның  ішінде  көп  жазылған 
тақырыптардың бірі – қазақ әйелінің теңдігі болатын. «Театр кітаптары (пьеса) 
турасында»  атты  мақалада:  «осы  күнгі  қазақ  пьесаларының  бәрі  десек  те 
болады,  талпынған  қазақ  әйелінің  бақытсыздығымен  аяқтайды»  [160,  2  б.],  - 
деп  жазады.  С.  Садуақасұлы  «Еңлік-Кебек»,  «Алтын  сақина»,  «Арқалық 
батыр»  атты  пьесаларды  театрға  ойнауға  жарайтындығын  айта  келіп, 
«Жүсіпбектің «Сылаң қызы» да әжептәуір пьеса. Қазақтың шала оқығанының, 

 
83 
«не  орыс,  не  қазақ»  еместердің  өмірін  сынау,  олардың  тұрмысының 
тайыздығын,  нашарлығын  көрсету  дұрыс  пікір»  [54,  5-6  б.],  -  деп,  пьесаның 
көрінуі  кемінде  бір сағатқа  созылуы  және  қазаққа  біржолата  тойғыза  көрсету 
керектігін,  пьесаларды  жазуда  қазақтың  табиғи  мінездерін  ескеру  керектігін 
айтады.  
Қазақ  театрының  негізін  қалаушылардың  бірі  Ж.  Шанин  «Алпыс  алтыға 
тең»  (1930)  атты  мақаласында:  «Өткен  4  жылдың  ішінде  театрымызда  60-тай 
пьеса ойналды. Көрген халық бұл 60-тың қандай маңызы барлығын біледі. Бұл 
60  кітапта  6  тақырып  қана  бар.  Соңғы  кездегі  жазылған  кітаптардың 
мазмұнына  қарасақ,  80  процент  байда  жүрген  батырақ  бай  қызына  ғашық 
болады. Аяғында байды  жеңіп, барша  мұрат басына  жетеді  [55, 298-299 б.],  - 
деп  пьесалардың  сол  уақыттағы  мәселелерге  арналғанын,  бірақ  пьеса 
жазушылардың  өзекті  тақырыптарды  дұрыс  таңдай  алмағандығын  жазып 
кеткен болатын. 
Сонымен  қатар  осы  кезеңде  өткізілген  сауық  кештерінде  пьесалармен 
қатар,  кештің  үшінші,  төртінші  бөлімдерінде  ақындар  айтысы  мен 
халқымыздың ән-күйлері орындалған болатын.  
Осыған  орай  Х.  Досмұхамедұлының  «Казакская  народная  литература» 
атты  Ә.  Диваевқа  арналған  баяндамасында:  «особой  отличительной  формой 
казакской народной литературы является так. наз. состязание импровизациями 
– айтыс. Айтыс – самая любимая поэзия казаков до сих пор. Ни одно собрание, 
по  какому  быслучаю  оно  ни  происходило,  обыкновенно  не  проходило  до 
самого последнего времени, чтобы не было на нем айтыса» [110, 153 б.], - деп 
айтыстың қазақ арасында әлі күнге дейін маңызды орын алып келе жатқанын 
айтса,  сауық  кештерінде  айтыстың  әрдайым  қойылуы  осы  пікірді  нақтылай 
түссе  керек.  Ал  айтыс  өнерінің  сахнада  қойылуына    байланысты  Мұхтар 
Әуезов: «рас, бұл өнер театр тарихымен ұзақ жасай бермейді. Бірақ Иса болған 
заманда театрдан қол үзуге, айырылуға керек емес. Сол салт традиция есебінде 
сақталу керек. Қолдан жасай алмайтын, оңайшылықпен қайта тумайтын сирек 
өнерді  біз  –  бүгінгі  заманның  адамдары  –  мәдениетті  елше  кәдірлей,  бағалай 
білуіміз керек» [55, 331-332 б.], - деп асыл өнерімізді қадірлеуге шақырады.  
Кез-келген  сауық  кеші  ән-күйсіз  өтпейтіні  белгілі.  Соған  сәйкес               
Ә. Бөкейхан «Ән, өлең һәм оның құралы» атты мақаласына назар аударсақ, ол 
«ән,  өлең,  сыбызғы,  домбыра,  қобыз  –  бәрі  бір  мағынада.  Адам  көңілдегісін 
алғаш сөзбен қияды: ән салып, өлең айтып, домбыра шертіп, қобыз ойнайды  – 
адамның жайын, сезімін, жүрегін қозғайды, тиіп өтіп елжіретеді, бусандырады, 
буынын  алады...  қазақтың  ақындары  да  ханның  қаһары,  судың  зәһірінен  ән 
салып, өлең айтып, күй тартып басын өлімнен құтқарғандар да бар» [11, 330-
331 б.], - деп ән-күйдің маңызын аса жоғары бағалаған. Сондай кештердің бірі 
туралы  «Сарыарқа»  газеті:    «Ән  салу,  күй  тарту,  зар  айту,  шебер  сөйлеу 
(декламация), өлең айту болды.  «Кекілік»  күйі екі мандалина төрт домбыраға 
салынып  тартылды.  Ойын  тарқарда  көп  кісі  қосылып  айтқан  «Қазақ  ұраны» 
аса  көңілді  болып,  халық  қайта-қайта  шақырып  айтқызды  [162,  3  б.],  -  десе, 
«Семейдің  Затон  ауданындағы  қазақ  жұмысшылары  хормен  ән  айтқанын» 
жазады  [163,  3  б.].  Бұл  айтылғандардан  байқап  отырғанымыздай,  сауық 

 
84 
кештерінде  қазақтың  дәстүрлі  әндерінің  жеке  дауыста  айтылуымен  қатар, 
хормен де өлең айта бастаған болатын.  
Әрине,  әрбір  жаңа  басталған  істің  кемшіліксіз  болмайтындығы  секілді, 
алғашқы  қазақ  хорының  да  өз  кемшіліктері  мен  қиыншылықтары  болған. 
Осыған  байланысты  Қаныш  Сәтпаевтың  мына  пікіріне  назар  аударсақ: 
«Концерт  бөліміндегі  нашар  шыққан  –  хор.  Хор  тенор,  альт,  бас  сияқты  әр 
дауыстың  үндестігінен  құралуы  керек.  Құрманбектің  хорына  келсек,  олай 
емес,  бір-ақ  дауыстан  құралған  (унисон).  Бұған  шынында  Құрманбек  кіналы 
емес. Қазақстанның қазіргі мәдениеті, театр күштерінің лебіз жүйесінде жалпы 
жастығы  кінәлі  [55,  320  б.],  -  десе,  ал,  Ж.  Аймауытов  «біздің  бұрынғы 
«хорымыздың» аты  «жамырау» болатын деп алғашқы пікірді қолдай отырып, 
«биылғы  Жұмат  жолдас  ертіп  келген  Ковалев  дейтін  жолдас  біздің 
«хорымызды»  жойып,  қосылу  түрін  Европа  хорының  түріне  айналдырып, 
қазақ  өмірінде  жаңа  хор  құрғызып,  бет-бетімен  шулайтын  дауыстарды 
көркемдікке,  гармонияға  айналдырған»  [129,  223  б.],  -  деп  хордың  қазақ 
әндерін  орындағандығын  айтады.  Яғни,  қазақ  хорының  алғашқы  кезде 
орындауында кемшіліктер болғанмен, оның  бірте-бірте жолға қойылғандығын 
көруге болады.  
Қ.  Сәтпаев  «қазақ  труппасының  жалпы  бір  кемшілігі  –  ішінде  
күйшілердің,  музыкаға  шебер  күштердің  мүлде  жоқтығын  айтса,    Ж.  Шанин 
осы  мақала  жазылғаннан  бір  жылдан  кейін,  «театр  ісін  оқып  үйрену  күннен-
күнге  көбейіп  келе  жатқандығын  айтып,  көркем  ән,  жақсы  күй  үйрететін 
мектептің ашылғандығын, онда ән-күйдің ілім жолындағы тетігі, әннің қағазға 
жазылған  таңбасы,  ілім  жолымен  ән  салудың  тетіктері  секілді  сабақтардың 
берілетіндігін» жазады [55, 283 б.].  
Алғашқы кездері хормен ән салудың қиыншылықтары болғанымен, «көш 
жүре  түзеледі»  демекші,  театрдың  жанынан  ән-күй  үйрететін  мектеп 
ашылғандықтан, ол да дұрыс жолға қойыла бастаған болатын. Дегенмен де ұлт 
театры  әншілерге  музыка  оқуын  оқыту  қажеттігін  де  көтереді.  Осыған 
байланысты  «Қазақстанның  коммунист  әдебиетшіл  азаматтарына»  атты 
мақаласында Ж. Шанин: «Қазақ елі өлеңді жақсы көреді. Ән-күй, музыка мен 
өрелі істерді істеуге болатындығын биылғы, өткен жаздағы турне-саяхат ашық 
көрсетті.  Сондықтан  талапты  жастарды  тауып,  қайтсе  де  музыка  оқытатын 
оқудың  шарасына  кірісу  керек.  Жалпы,  Қазақстаннан  музыка  оқуын  оқып 
жүрген  Ленинградта  бір-ақ  қазақтың  баласы  бар  екен.  Оның  өзі  де  қаражат, 
стипендия  беретін  орын  болмай  оқудан  шыққалы  отыр»  [55,  302  б.],  -  деп 
жазады. 
Ал  қазақ  әдебиет  кештері  мен  театрдың  ойыншыларына  келетін  болсақ, 
олар  негізінен  ел  арасынан  шыққан  өнерпаздар  болатын.  Олар  өздерінің 
табиғи  дарындарымен  әдебиет  кештерін  өткізіп,  алғашқы  қазақ  театрының 
негізін  қалаушылар  болатын.  Осыған  байланысты  «Сарыарқа»  газетінде: 
Оқығанның  аздығынан  ойнаушылардың  шықпай  тұрғаны  болмаса,  театр 
шеберлігіне  келгенде  қазақтың  қара  жаяу  емес,  жорғалаған  жастарыңмен 
жасаған кеші көрсетеді. Ойын басталарда орыс-ноғайлардың: «суфлер» (тасада 
көрінбей  отырып,  ойнаушылардың  аузына  сөз  салушы)  қойыпсыңдар, 

 
85 
жаңылып,  масқара  боласыңдар»  деп  келемеж  қылса  да,  табадан  аман, 
таңданарлық  болып,  қаталаспай  шығаруы  қазақтың  зейіні  қандай  екенін 
көрсетті  [162,  3  б.],  -  деп  жазылса,  «Қазақ  тілінде»:  «Семейдің  Затон 
ауданындағы  сауық  кешін  оқымаған  жұмысшылардың  алғашқы  ойыны 
болатын»  [163,  3  б.],  -  деп  әдебиет  кештерінде  ойнаушылардың  ел  арасынан 
шыққан өнерпаздар екендігін көрсетеді.  
Ал  С.  Садуақасұлы  «...біздің  артистеріміздің  көбі  қазақтың  аулынан 
келген,  бұрын  көп  тәжірибе  көрмеген  жігіттер  еді.  Бір  жылдық  өміріміз  бұл 
жігіттердің ішінен болашақта ірі артистер шығатынын көрсетіп отыр. Қалибек, 
Елубай,  Серке,  Әміре  сықылды  ойыншылардың  түбінде  үлкен  артист 
болуында  сөз  жоқ.  Бірақ  оларға  әлі  де  болса  көп  білім,  көп  тәжірибе  керек 
[117,  287  б.]  екендігін  айқындайды.  Сонымен  бірге  Ж.  Шанин  «Қазақстан 
мемлекет театры» (1928): «адамымыз  тұрсын, театрға арналған дайындық бір 
сабақ  жібіміз  де  жоқ  еді.  ...оқымысты-жігерлі  жігіттерін  қазақ  елінің  әр 
бұрышынан  жинап  әкеліп,  театр  ісіне  кірісті.  Театрға  кіріп  шыққан 
талапшылдардың  саны  елулеп  болды.  Сол  талапшылардың  ішінен  талмай, 
күшпен  қайысты  мойындарына  салып  соқаға  жегілген  өгіздей  сүйреп  келе 
жатқан аздаған жігіттеріміз бар. Оларды оқушыларымызға таныстырып кетуді 
борыш  санадым.  Олар  мыналар:  Қалыбек  Қуанышбайұлы,  Серке 
Қожамқұлұлы,  Құрманбек  Жандарбекұлы,  Елубай  Өмірзақұлы,  Әбілқай 
Абдоллаұлы,Әміре  Қашаубайұлы,  Иса  Байзақұлы,  Жүсіпбек  Оспанұлы,  Ләтіп 
Әшкейұлы,  Зура  Жандарбек  келіні.  Бұларға  соңынан  келіп  қосылып,  театр 
жұмысына еңбек сіңіріп жүргендер: Жанбике Шана келіні, Қадиша Қожамқұл 
келіні,  Оразке  Қашаубай  келіні,  Шәрбан  Байзақ  келіні»  [55,  282  б.],  -  деп 
алғашқы  театр  ойыншыларының  халық  арасынан  шыққандығын  жаза  келіп, 
«Қазақстан мемлекет театрының жайы (1928) еңбегінде «Қазір де театр үмітті 
артистерінің  алдын  өнер  мектептеріне  жібере  бастайды.  Мысалы,  Құрманбек 
Мәскеудегі  театр  ілімін  үйрететін  жоғары  дәрежелі  мектепке  жіберіліп  отыр 
[55,  286  б.],  -  деп  артистердің  кәсіби  білім  алуға  жіберілгендігінен  мәлімет 
береді.  
Алғашқы  өткізілген  әдебиет  кештерінде  әйел  адамдардың  саны  аз болса, 
Қазақстанның  театры  құрылғанда  да  бұл  мәселенің  әлі  сақталғанын  көруге 
болады. Оған байланысты Ж. Шанин: «Былтырғы өткен жылы артист саны 28 
кісі  еді.  Биыл  сұрыпталып  18  кісі қалды  (3  әйел,  15  еркек)  [55,  273  б.],  -  деп 
жазады. Бұл жерден байқайтынымыз, театр ойыншыларының басым бөлігін ер 
адамдар құраған, ал әйел адамдар аз болғандықтан олардың рөлін ер әртістер 
ойнаған кездері де болғандығын байқаймыз. 
Сонымен,  біздің  қарастырып  отырған  екінші  кезеңдегі  қазақ 
зиялыларының көзқарастарын қорытындылар болсақ, олар: 
-  қазақ  театрына  арнайы  жазылған  пьесалардың  сапалық  деңгейі  нашар 
болғандықтан, қазақ қоғамының әлеуметтік мәселелерін нақты көрсете алатын 
пьесалардың қажеттігін көрсетеді; 
-  пьесалардың  авторлары  негізінен  сол  уақыттағы  ақын-жазушылар 
болғандығын айтады; 

 
86 
-  әдебиет  кештерінің,  кейіннен  ұлттық  театрдың  алғашқы  бөлімдерінде 
пьесалар,  ал  кейінгі  бөлімдерінде  ақындар  айтысы,  ұлттық  әндер  айтылып, 
күйлер ойналумен қатар, хормен ән айту да қойыла бастағандығын жазады; 
-  әдебиет  кештері  мен  театрдың  әртістерін  халық  арасынан  шыққан 
дарынды  өнерпаздар  құрағандығын  және  олардың  болашақ  қазақ  театрының 
белсенді актерлары болғандығын айқындайды. 
Сонымен  қазақ  зиялыларының  көзқарастарын  талдай  келе,  мынадай 
қорытындыға келеміз. Қазақ жерінде алғаш ұйымдастырыла бастаған әдебиет 
кештерінің  алғаш  Семей,  Торғай,  Атбасар  сияқты  қалаларда  жиі  өткізілген 
болатын, оған осы қалаларда ұлт зиялылары мен қазақ оқушы жастарының көп 
шоғырланғандығы себеп болған. Әдебиет кештеріне алғаш  негіз болған  қазақ 
халқының  рухани  мұрасы  бұл  кезде  де  өз  жалғастығын  тауып,  ұлт  театрын 
қалыптастыруға зор әсер етсе, сол кештерді ұйымдастырып, өздері де белсене 
қатысқан  зиялыларымыз  бен  халық  арасынан  шыққан  дарынды  өнерпаздар 
болатын.  Кештерді  ұйымдастыруда  әртүрлі  қиыншылықтардың  болғанына 
қарамастан,  зиялыларымыз  бен  өнерпаздарымыз  ұлтының  болашағы  – 
жастарға көмек беріп қана қоймай, қазақ өнерінің өркендеуіне зор үлес қосқан. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал