Байдавлетова мадина досбергеновна



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
2.2 Қазақ зиялыларының әйел теңдігін зерттеуі 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  -  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  қоғамының  әлеуметтік 
мәселелерінің  біріне  –  қазақ  қыздарының  теңсіздігі  жатады.  Қазақтың  салты 
бойынша  ата-аналары  қыздары  мен  ұлдарын  жас  кезінен  атастырып,  өздері 
қалаған адамдарымен құда болып, күйеуі қайтыс болса, жеңгесін қайын інісіне 
алып беретін әмеңгерлік салты болатын. Осындай ескі салт қазақ қоғамына өз 
зиянын  тигізбей  қойған  жоқ.  Біз  қарастырып  кезеңде  қазақ  жеріне  батыс 
елдерінің мәдениеті тереңдей енуіне байланысты, қазақтың ата-бабасынан бері 
келе  жатқан  салттары,  соның  ішінде  ерте  жастан  құдаласу  және  т.б.  өзгеріп, 
жаңа өмірге бейімделе бастады. Қоғамдағы келеңсіз жайттарға халықты оятып, 
көзін  ашқан  зиялы,  оқыған  азаматтарымыз  болғандықтан,  олардың  еңбектері 
де  бізге  аса  маңызды  дерек  болып  табылады.  Қазақ  зиялылары  қазақтың 
зиянды  ескі  салттарын  өздерінің  шығармаларында  батыл  сынап,  мұндай 
салттардың  қоғамға  тек  кері  әсерін  тигізетінін  кеңінен  жазып,  зерттеген 
болатын.  Сондықтан  да  біздің  зерттеуімізде  ұлт  зиялыларының  қазақ 
қоғамындағы әйел теңдігіне байланысты жазған еңбектері талданады.  
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  қоғамындағы  әйел 
теңдігіне  байланысты  біздің  алғаш  қарастыратынымыз  Ш.  Уәлихановтың 
зерттеулері  болып  табылады.  Ш.  Уәлиханов  өзінің  «Записка  о  судебной 
реформе»  атты  еңбегінде  былай  деп  жазады:  «Вероятно,  причиной, 
побудившей  правительство  дела  о  браках  и  разводах  предоставить  муллам, 
был  грубый  обычай  киргиз  отдавать  дочерей  своих  в  замужество  в  слишком 
юных  летах  и  большей  частью  без  их  согласия.  Киргизы  сговаривали  детей 
своих иногда в колыбели. 
Нам  кажется,  что  обычай  этот  мог  быть  изменен  и  безучастия 
мусульманского духовенства: следовало только предписать старшим султанам 
и управителям, под страхом ответственности, иметь строгое наблюдение, дабы 
киргизы  не  выдавали  дочерей  ранее  таких-то  лет,  дабы  отцы  не  принуждали 

 
64 
своих  сыновей  и  дочерей  вступать  в  супружество  без  личного  из  согласия  и 
проч.» [1, с. 522].  
Бұл  үзіндіден  көріп  отырғанымыздай,  Ш.  Уәлиханов  қазақтардың  ерте 
жастан құдаласатын салтын, қыздардың үйленетін жасын белгілеу қажеттігін, 
сол себепті де үкіметтің неке және ажырасу істерін молдаларға бермей-ақ, аға 
сұлтандардың жауапкершілігіне тапсыру керектігін жазады.  
Сонымен  бірге  А.  Құнанбайұлының  шығармаларынан  ескі  әдетке,  яғни 
қызды  жастайынан  атастыруға  және  жас  қыздарды  мал  үшін  кәрі  шалдарға 
сатуына қарсы болғандығын көреміз. Ол «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» 
(1896  ж.)  атты  өлеңінде  «біреудің  қызын  малға  сатып  алып,  баяғыны  іздеген 
құрғырларды,  малдың  өмірді  жаңғыртпастығын»  жазады  [3,  237-238  б.].  Ал, 
«Дала уалаяты газетінде» біз қарастырып отырған тақырыпта мақала жазған О. 
Әлжанов:  «Бірақ  біз  айтарымыз  қазақ  ұрғашыларының  көрген  күнінің  анық 
қайғы,  қапалықта  екенін.  Бұл  себептен  ақырында  бізге  өлімнен  басқа  еш 
уақытта жақсылық жоқ қой деп ойлайды [6, 52 б.]. 
Егер де халықтың арасында ғылым оқу көбейе бастаса, онда еркек пенен 
ұрғашының  арасында  бұрынғы  болған  бөлек  мінездері  жұмсап,  жоқ  болып 
кетер  еді  [6,  53  б.],  -  деп  халық  арасында  оқудың  жоқтығынан  қазақ 
әйелдерінің жәбір көретіндігін айтады.  
Бұл  кезеңде  қазақ  қоғамында  қазақ  қыздарын  көп  жағдайда  өз  теңіне 
бермеу орын алғанмен, кей жағдайларда қыздарды өз теңіне беру  жағдайлары 
да  кездесетін  болған.  Оған  Р.  Мәрсековтың  «Қазақ  қыздары»  (1900)  атты 
мақаласы дәлел болады. Онда: «Міне, бұл қазақ орта байлығынан кедей болуға 
риза болған. Бірақ қызын жылатпас үшін бұ қылған оқиғасы бір сондай жақсы, 
келісімді, көзге, көңілге тиімді бір іс-дүр. Кімге болса да өрнек болатұғын һәм 
өрнек қып алуға да тиісті-дүр. Құдай-ау, шығара көр  осындай қып  көбірек өз 
балаларын жақсы көретұғын ата-аналарды [139, 104 б.]», - деп қызының еркіне 
көнген, яғни өз теңіне берген ата-аналардың көп болғанын қалайды. 
М.  Сералин  (1871-1929)  «Гүлқашима»  (1901)  атты  поэмасында  қазақ 
қыздарының  теңсіздігін  айта  келіп,  мұндай  қателіктерді  жасамауға  шақырып 
[13,  44-88  б.],  әйелдер  теңдігін  жырлаған  болатын.  Ал,  С.  Торайғыров  (1893-
1920) «Жан қайда әділетті іздейтұғын» (1909) атты өлеңінде қыздардың малға 
сатылатынын айтып [140, 26 б.], - деп қазақ қызының ауыр өмірін суреттеген 
болатын. 
Қазақ  тіліндегі  тұңғыш  «Бақытсыз  Жамал»  (1910)  атты  роман  жазған     
М.  Дулатов  Жамал  қыздың  бейнесінде  қазақ  қыздарының  мал  орнына 
сатылатындығын,  бақытсыздығын,  шариғатта  да  әйел  халқын  қор  етсін  деген 
сөздің  жоқ  екендігін  жазса,  ал  «Балқия»  атты  4  перделі  драмасында  «жастан 
құда  болу,  қалың  мал  алу  деген  қазақтың  оңбаған  ғұрфы  екендігін,  бұл 
ғұрыфты  жоғалту  керектігін,  жастай  құда  болу  себепті,  неше  әйелдер 
қорлықта,  күңдікте  жүргендігін,  талай  байлар  үштен,  төрттен  қатын  алып 
жүргенде,  неше  кедей  қатын  алуға  мал  таба  алмай,  өмірі  малайлықта,  сүр 
бойдақтықта жүргендігін» нақты жазып көрсетеді [66, 165-191 б.]. 
Ж.  Сейдалиннің  «Бас  қосу»  (1913)  мақаласында:  «Қазақ  жұртында  екі 
түрлі  жаман  ғадет  бар.  Топтан  ойлап  қарасақ,  сол  екі  ғадет  қазақ  халқына 

 
65 
қояннан  да  жаман,  сары  қонақтан  да  жаман.  Олардан  құтылмай  қазақ  жұрты 
оңбайды.  Дұрысы  мұсылман  деп  те  айтарға  жарамас,  егер  де  қазақ  жұрты  сол 
екі ғадетінен құтылмаса бұл екі ғадеттің бірі «ұрлық», бірі «жесір дауы – қызын 
сатып  мал  алу».  Ұрының  оқыған  намазы  қабыл  болар  ма?  Қызын  сатып 
тамағын  тойдырған  отағасының  ішкен-жегені  адал  болар  ма?  Ойлап 
қараңыздаршы! 
Болыстарымыздың 
арасында 
жігіт 
ұстап 
ұрлық 
қылдыратұғұндары  бар  деп  прокурорлар  айтады.  Бұл  өсек  рас  болса  жақсы 
мешіт,  жақсы  медресе  жақсы  би,  жақсы  ауылнай,  қайтып  болады?!  Момын 
шаруа.  «Алдыдағы малым өзімдікі ғой» деп қалай бағады?  «Жесір дауы» әйел 
адамды  адам  есебінен  шығарып  мал  есебіне  аударып  жібереді.  Қалың  малды 
төлеп  болса  да,  қазақ  жұртының  30-40  жасқа  келген  сақа  жігіттері  үйірі  жоқ 
айғырдай  азнап  жүр.  Жұртта  жесірін  ала  алмаған  бозбала  бойдақ  көбейіп 
барады.  Қазақтың  тұқымы  құрып  бара  жатыр:  ойнастық  қылып,  мерез  ауруы 
жұрттың сүйегіне сіңіп, жайылып бара жатыр. Байда төрт қатын бар, жарлыда 
бір  қатын  жоқ.  Қыз  баланы  бесіктен  шығармай  60-70-тегі  қалтыраған  шалға 
береді. Кебеже қарын, кең құрсақ қатын жоғалып барады. Қаудыраған шалдан 
жүкті болған жұдырықтай баладан қандай батыр, қандай мырзалар тумақ?  
Қалың  алуын  қазақ  қоймаса,  келесі  заманда  жұртымыздың  хохолмен 
араласып  кетуіне  толық  себеп  болар.  Хохол  қызын  бос  бермейді,  үстіне  ақша 
қосып береді һәм қалың мал алмайды» [136, 127-128 б.], - деп қызды малға сату, 
әмеңгерлік  сияқты  ескі  әдеттеп  жоғалмайынша,  әйелдерге  теңдік  күні 
тумайтындығын,  сол  арқылы  қазақтың  халық  ретінде  дамуы,  өсіп-өркендеуі 
кешеуілдей беретіндігін ашық жазады.  
С.  Дөнентаев  (1894-1933)  «Жәмила  қыз»  (1915)  атты  өлеңінде  де  қазақ 
қызының  малға  сатылғаны  туралы  жазады  [20,  59-60  б.].  Ал,  «Әйелдер 
мейрамына»    атты  өлеңінде:    «Қазақ  әйелдерінің      кешегі    күні    мен    бүгінгі 
күнін   салыстыра  отырып,  әйелдердің    теңдік  алғанын айтады [20, 93 б.]. 
Ал,  С.  Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»  және  алғаш  рет  өлең  түрінде 
жазылған  «Кім  жазықты?»  атты  романдарында,  сонымен  қатар  «Ауырмай 
есімнен  жаңылғаным»  атты  шығармасында  да  қазақ  қоғамындағы  сүйекке 
сіңген  ескі  салтты,  яғни  ұл-қызын  сүймеген  адамына  беріп,  қыздарды  өзінен 
20-30  жас  үлкен  адамдарға  әйелдікке  беруі,  ал  ұлдарына  өзінен  жасы  үлкен 
қыздарды  немесе  әмеңгерлік  салтымен  жеңгелерін  алып  беруі,  молданың  да 
мал  табу  үшін  немесе  байдан  қорыққанынан,  байға  жаққысы  келгендіктен 
қыздың рұқсатынсыз, екі адам өтірік куә беріп отырса да некені қия салатыны 
және т.б. қазақтардың ұнамсыз қылықтары әңгімеленеді [16, 132-135 б.].  
Бұл еңбектерден көріп отырғанымыздай, «өлімнен ұят күшті» демекші бір 
жағынан  келісілген  уәде,  жасалынған  батаны  бұзбау  үшін,  екінші  жағынан 
болыс  болып,  билігін  қолында  сақтап,  малды,  дәулетті  болу  үшін  ұлдарының 
қарсы  болып,  қыздарының  көз  жасына  қарамастан,  құдалық  уәдесінен 
таймайтындығы,  сонымен  қатар  мұндай  некелердің  пайдасынан  гөрі,  оның 
қоғамға тигізіп жатқан зиянды жақтары жақсы ашылып көрсетілген.  
Сонымен  қатар  осы  мәселеге  байланысты  өз  пікірін  білдіріп  кеткен           
Ғ.  Қараш  (1876-1921)  өзінің  «Әйелдер  хақында»  атты  мақаласында:  «Тас 
жүректерді  де  ерітетін,  рахымсыз  көздерге  де  жас  келтіретін  қайғылы 

 
66 
халдердің  бәріне  де  біз  Русия  мұсылмандарының  қатын-қыз  әлемінде 
ұшырады [21, 212 б.]. Бір әйел екі айдан бері ерінің жоғалып кеткенін, енді екі 
айда  келмесе  айырылсатындығын,  екінші  күйеуге  шығатындығын  жазады. 
Мұндай  мәселелерге  діни  заң  орындарының  неке  хақында  анық,  айқын  жол-
жоба  берер  заңы  жоқ.  Осы  мекемелер  бұл  іспен  түбегейлі  айналысуы  керек. 
Мұндай  заң  болмағандықтан  осылар  хақында  бар  шындықты  айтуға  мәжбүр 
болдым»  [21,  213  б.],  -  деп  жазады.  Ал,  «Өтініш  (Неке  туралы)»  атты 
мақаласында:  баспа  арқылы  барлық  көпшілікке,  оқырман  қауымға  арналған 
неке  туралы  заңды  қабылдау  шарт.  Мұндай  заң  болмайынша  неке  мәселесі 
дұрыс болмайды. Сондай заң болмағандықтан неке бұзушылар көріне бастады. 
Әсіресе, еркектер жағында көбірек кездеседі. Ашу үстінде еркектер әйелдерді 
жәбірлейді, осының бәрі де белгілі заңның жоқтығынан. Шын мәнінде әйелдер 
құқын қорғайтын әділ қазылар жоқ. Сол себептен он-он бес, тіпті жиырма жыл 
бірге тұрған жұбайлардың айырылысуы осы жайлардың жолға қойылмауынан. 
Сол  үшін  осындай  адамдардың  көз  жасын  ескеретін  әділ  шара  керек.  Міне, 
осы мәселе төңірегінде баспа бетінде сөз қозғау қажет деп білемін [21, 215 б.], 

деп  неке  туралы  заңның  жоқтығынан  әйелдердің  құқығының 
қорғалмайтындығын айтады. 
ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  саяси  және  әлеуметтік  мәселелер 
мерзімді басылымдар беттерінде кеңінен көтерілген болатын. Сондай мерзімді 
басылымдардың бірі – «Қазақ» газетінің 1914 жылғы санында Ә. Бөкейханның 
«Мұсылман  сиезі»  атты  мақаласында  съезд  барысында  талқыға  түскен 
мәселелерді  жазады.  Сондай  өзекті  мәселелердің  бірі  –  қыздың  неке  жасы 
қарастырылып,  13  жаста  адам  баласының  өсіп-жетілмейтіні,  13-тегі  баланың 
шаруаны  басқара  алмайтындығын  және  законда  неке  шартына  әйел  жасы  16, 
ер  жасы  18  болып  жазылғандығын  айтады  [11,  19  б.].  Яғни,  ұл-қыздарды 
үйлендіруде  жас  ерекшеліктерін  де  ескеру  керектігі,  сол  арқылы  қызды 
жастайынан ұзатуға тыйым салынғандығы байқалады.  
Сонымен  бірге  Ж.  Аймауытовтың  «Ақбілек»  романында  да  ұл  жағының 
қалың  малы  жетпегендіктен  Ақбілектің  ұзатылмағаны,  соның  нәтижесінде 
қыздың  көп  қиналғаны,  ақырында  ол  қалаға  кетіп,  оқу  оқып,  ғылым-білімнің 
арқасында  көзі  ашылғандығы,  әйелдердің  ер  адамдармен  тең  екендігі 
жазылған  [19,  346  б.].  Бұл  еңбекте  ескі  салт-сананың  құрсауынан  шыға 
алмаған  қазақ  қыздарының  аса  ауыр  өмірі,  оқудың  ер  адамдарға  ғана  емес, 
әйелдерге де керектігі насихатталады.  
Ал,  Ә.Бөкейхан  «Овцеводство  в  Степном  крае»  атты  еңбегінде:  «В 
последнем  наблюдении  мы  видим  цифровое  выражение  оригинальной  всем 
известной  черты  киргизского  семейного  быта,  в  котором  жен  покупают. 
Бедные, не имея средств для уплаты за невесту, подолгу остаются холостыми и 
семьи  маломочных  хозяйств  обогащаются  мужчинами;  богатый,  распологая 
скотом  для  уплаты  «калыма»,  имеет  по  две,  по  три  жены;  в  богатой  семье 
много женщин; на киргизской женщине лежит вся тяжелая работа; чем беднее 
семья, тем доля женщины в ней горше и тем не менее она выживает...» [11, 182 
б.].  Ә.  Бөкейхан  ғылыми  талдаулардың  негізінде  малдың  тек  тұрмыста  ғана 
емес, адам өмірінде де, яғни үйленуде де басты рөл атқаратынын, қалың малды 

 
67 
төлей алмағандықтан кедейлердің ұзақ уақыт үйлене алмай, кедейдің үйінде ер 
адамдардың  санының,  байларға  қарағанда  көп  болатынын,  қазақ  әйелдерінің 
ауыр тұрмысын көрсетеді. 
1917 жылы 21 шілдеде жалпы қазақ съезі болып, бағдарлама бойынша 14 
мәселе  қарастырылып,  соның  9-шысы  әйел  мәселесі  болатын.  Ол  бойынша: 
«әйелдердің саяси құқықтары ерлермен теңестіріліп, күйеюге тию ерік әйелдің 
өзіне беріліп, қалың малды жоғалтып, 16-ға толмаған қызға ћәм 18-ге толмаған 
жігітке  молданың неке  оқуға  рұқсаты  жоқтығын,  молда  неке  оқырлықта  әйел 
мен  еркекті  қарама-қарсы  қойып  ризалықтарын  біліп  оқуы  керектігін, 
әмеңгерім  деп  зорлық  қылуға  тоқтау  салып,  екінші  қатын  алатын  адам 
бұрынғы қатынының разылығын алуы тиіс екендігін, бұрынғы қатыны кетемін 
десе,  басқа  байға  тигенше  бұрынғы  байы  оны  бағып-қақсын  және  жеті  атаға 
келмеген  жерден  қазақ  қыз  алмасын»  деген  қаулы  шығарылады  [43,  405-407 
б.]. 
Бұл  қаулыда  әйелдердің  саяси  құқықтары  ерлермен  теңестіріліп,  ұл-
қыздардың  некеге  тұру  жасы  және  жеті  атаға  келмеген  жерден  қыз  алуға 
рұқсат  берілмейтіндігі  нақты  жазылады.  Ал,  әйелдер  күйеуінен  басқаға 
кеткенше,  бұрынғы  күйеуі  оны  бағып-қағу  қажеттігі  міндеттеліп,  бұл 
әйелдерге әлі де болса қамқорлық жасау керектігін көрсетеді.  
Қазақ  әйелдерінің  теңдігін  жырлаған  ақындардың  қатарынан  Бернияз 
Күлеевтің де еңбектері орын алады. Оның «Әйелдер сөзі» өлеңінде:  
«Жаралғаннан күң болып 
Құлдық қылып келдік біз, 
Хайуан көрмес азаптың 
Талайларын көрдік біз. 
 
Ханға барсақ – хан жаман, 
Биге барсақ – би надан, 
Болғаннан соң бәрі бір, 
Ала алмадық теңдік біз. 
 
Қашан біздер жөнделіп 
Еркектермен тең болып, 
Әйел атты ел болып, 
Дер  екенбіз:  «Жеңдік  біз»?»  [141,  36-37  б.],  -  деп  хан  мен  билердің 
әділетсіздігінен,  надандығынан  теңдікке  қолы  жете  алмай  жүрген  әйелдердің 
жайы сөз болады.  
Қ.  Кемеңгерұлының  «Оқу  құралы»  атты  еңбегінің  «Әйелдер  тұрмысы» 
деген  арнайы  бөлімінде  қазақ  әйелі  жағдайының  «патса  заманындағы, 
төңкерістен  кейінгі  кездердегі  ерекшеліктеріне,  Қазағыстанда  қыздар 
арасындағы жұмыстың жайына, жаңа салт орнату жолындағы күреске» арнайы 
тоқталады. Онда: «Қазақ әйелі заң жүзінде өмір жүзінде де кемшіліктен көзін 
ашқан  емес.  Әйелді  күңдікке  айналдыру  бір  жағынан,  елдің  ескілікті  әдет-
ғұрпы  себепкер  болса,  екінші  жағынан,  патса  заңы  да  әйелдің  қол  аяғын 
байлап берген. Патса үкіметінің жолы қалың қара бұқараның жарым-жартысы 

 
68 
әрі  тәрбиешісі – әйелге  таң атырмау үшін әдейі  жүргізілген саясат еді»,  - деп 
қазақ  әйелдерінің  мал  есебінде  сатыла  беретінін,  туысқаны  өле  қалса,  малын 
шетке  жібермеу  үшін  «әмеңгер»  деген  амалды  шығарғандығын,  сөйтіп 
төңкеріске  шейін  қазақ  қызының  жылаумен  күні  өтіп  келгендігін  жазса, 
өктебір  төңкерісінен  кейін  кеңес  үкіметінің  заңы  бойынша  әйел  азаматтық 
құқықтарының  бәріне  ие  болып,  әйелдің  қатыспайтын  әлеумет,  мемлекет 
жұмыстарының  жоқтығын,  заң  бойынша  қыз  бала  16-ға  жеткенше  ғана  ата-
ананың қарауында болып, бұл жасқа жеткеннен кейін қыз кімге барамын десе 
де, ата-анасының рұқсатының керек еместігін нақтылап көрсетеді [22, 224-225 
б.].  
«Кеңес  үкіметі  қылмыс  заңына  қалың  мал,  көп  қатын  алу  туралы 
ыстатиялар  кіргізілгенімен,  қазақ  әдет-ғұрпының  бірден  күшін  жоя 
қоймағандығын,  яғни  қалың  малдың  көрсетпей  алынатындығын  және  көп 
қатын алғысы келгендер законды аттап өтпесе де, айналып кетіп жүргендігін, 
бұрынғы  қатынын  айырған  болып,  зәкіске  мәлімденеді  де,  екінші,  иә  үшінші 
тоқал  алып  жүре  беретіндігін»,  мұндай  кемшіліктің  4-5  жылда  жойылып 
кетуінің қиындығын, әдет-ғұрыптардан туған бұл қылмыстарды жою үшін көзі 
ашық  көсем  әйелдер  билер,  қосшы  билер,  қорғаушылар  көбірек  болмай  реті 
келмейтіндігін жазған [22, 225-227 б.].  
Жоғарыдағы  үзіндіге  тоқталар  болсақ,  онда  Қ.  Кемеңгерұлы  патша 
үкіметінің  қазақ  әйелдеріне  қатысты  саясатын  әшкерелеп,  қазақ  әйелдерінің 
мал  есебінде  сатылып,  ескілікті  әдет-ғұрыпты  сынап,  кеңес  үкіметі  заңының 
жақсы  жақтарын  жазып,  дегенменде  ертеден  келе  жатқан  әдет-ғұрыптың  4-5 
жылда  жойылып  кетуінің  қиындығы,  бұл  қиындықтарды  шешуге  қазақ 
әйелдерінің  өздері  атсалысу  керектігі,  яғни  оқудың,  білімнің,  белсенділіктің 
қажеттігін анықтайды. 
Қ.  Кемеңгерұлының  әйел  теңдігі  туралы  декреттің  қабылданғанына 
қарамастан,  әдет-ғұрып  бірден  жойылмайтындығына  мына  мақала  дәлел 
болады  деп  ойлаймыз.  «Жизнь  национальностей  газетіндегі  «Среди  киргиз. 
Гримасы  прошлого»  атты  мақалада:  «С  опубликованием  декрета  об  отмене 
калыма  у  киргиз  Акмолинской  губ.  среди  киргизского  населения  участились 
случаи  побега  жен  бедняков  к  богатеим.  Это  объясняется  тем,  что  богатеи 
подстрекают  родителей  жены  бедняка  к  тому,  чтобы  они  в  свою  очередь, 
соблазнили  свою  дочь  уйти  от  мужа.  При  этом  родители  получают  двойную 
выгоду: во 1-х, по §3 декрета, калым уплаченный ранее, возврату не подлежит, 
а во 2-х, богатеи им тайно уплачивают за дочь второй калым. 
Чтобы  прекратить  эту  спекуляцию  женами,  Акмолинский  губревком 
воспретил  выходить  замуж  ушедшем  от  мужей  женам,  до  получения 
разводных  актов  из  народного  суда,  а  также  постановил  вести  беспощадную 
борьбу  со  «спекулянтами»  и  нарушителями  декрета  об  отмене  калыма»  [44,     
с.  4],  -  деп  жазылғандығына  қарасақ,  қалыңмал  бермеу,  қыздарды  өз  еркінсіз 
үйлендірмеу  туралы  декрет  қабылданып,  әйелдерге  теңдік,  еркіндік 
берілгенімен, қазақтардың бұл әдеті тоқтамаған болса керек.  
Сонымен  бірге  кеңес  өкіметі  қазақ  әйелдерінің  сауатын  ашып,  теңдік 
алып береміз деп, оларды қоғамдық жұмыстарға белсенді  қатыстырды. Кеңес 

 
69 
өкіметі құрылғаннан кейін қазақ әйелдерін социалитсік құрылысқа тарту ісіне 
үлкен  мән  беріліп,  мемлекеттік  деңгейде  үгіт-насихат  жұмыстары  жүрген 
болатын.  Қазақ  әйелдерін  қоғамдық-саяси  іске  тарту  саясатының  қазақ 
қоғамының  дәстүрлі  жолын  күйретуге  бағытталғанын  уақыт  дәлелдеп,  өз 
төрелігін айтты [142, 27 б.]. 
Кеңес өкіметі әйелдерді партияға тарту арқылы олардың қызметін  өсіріп, 
социалистік  құрылысты  насихаттатқызды.  Қазақ  қыздарының  партия  мен 
комсомол,  кәсіподақтарындағы  мардымсыз  саны  «артта  қалушылық»  ретінде 
анықталды [142, 32 б.]. 
Азамат  соғысы  кезінде  делегат  әйелдер  санитар  отрядтарында  жұмыс 
істеді, әскерлерге сыйлық жіберді, оларға ким тікті. Делегат әйелдер соғыстан 
кейінгі  құрылысты  қалпына  келтіруде  де  белсенділік  көрсетті,  әсіресе,  нан 
отын  тиеп,  түсірудегі  сенбіліктер  мен  жексенбіліктер  ұйымдастыруда 
ұйымшыл  болды.  Делегат  қазақ  әйелдері  «Санитария  мен  гигиена  достары» 
деген  үйірме  құрды.  Олар  денсаулық  сақтау  органдарымен  бірге  жаңа 
тұрмысты  насихаттады,  тұрғын  үйді,  киімді,  азық-түлікті  таза  ұстау  жөнінде 
әңгімелер өткізді. Аналарға баланы күту туралы кеңес берді, балалар өлімінің 
себептерін түсіндірді, түрлі наным-сенімдердің зиян жақтарын айтты [142, 44 
б.]. 
Белсенді  әйелдер  осындай  жаңа  тәртіптің  құрбаны  болған  оқиғалар 
көптеп  кездесті.  Үйде  ұрыс-жанжалдар,  әйелдерін,  қыздарын  ұрып-соққан 
көріністер көптеп кездесті. Бірін-бірі өлтіруге дейін барған оқиғалар да болды. 
Мысалы,  Алматы  аймағында  Сейфутдинов  деген  кісі  әйелі  делегат  әйелдер 
бөлімінде  болып,  қоғамдық  жұмыспен  айналысқаны  үшін  оны  ұрып-соққан, 
сөйтіп  әйелі  үйінен  кетіп  қалмақшы  болғанда,  балтамен  шапқан,  ал 
Еңбекшіқазақ ауданындағы Байсерке поселкесінде Серікбаев деген адам әйелі 
Кеңес  Армиясы  күніне  арналған  спектакль  қойылымына  қатысқаны  үшін 
өлтірген.  Сонымен  бірге  ер  адамдар  әйелдерге  жиналыс  жүргізуге  кедергі 
жасап отырған [ 142, 48 б.]. 
Өзінің аз ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған қазақтың аяулы ақын 
қыздарының  бірі  –  Шолпан  Иманбаева  еді.  Ол  өз  өлеңдерінде  қазақ  әйелінің 
ауыр  тұрмысын сипаттайды. «Жалшы әйелдер аузынан (1925)» атты өлеңінде 
«өткен  күнде»  өзінің  ауыр  тұрмыс  көргенін  айта  келе,  «бұл  күннің» 
жақсылықтарын былайша жырлайды:  
Мұңымызды басшыларға шағамыз, 
Оқу оқып өнер-білім табамыз. 
Өзіміздей күңшілікте жасаған, 
Қараңғы елге теңдік шамын жағамыз. 
 
Шет жерлерге білім іздеп барамыз, 
Тәжірибемен оқып білім аламыз. 
Тәжірибемен тапқан өнер-білімді 
Шашпақшымыз жеткенінше шамамыз [31, 55-56 б.]. 
 

 
70 
Бұл  жолдардан  әйелдерге  теңдік  күнінің  туғанын,  сол  арқылы  олардың 
оқу  оқып,  тапқан  өнер-білімдерін  қараңғы  халықтың  көзін  ашуға 
жұмсайтындығын жазған болатын.  
Ал, Ж. Сәдуақасов өз кезегінде жоғарыда келтірілген пікірлерді нақтылай 
түседі.  Оның  «Әйелдер  азаттығы  туралы»  атты  мақаласында:  «Төменгі 
мекемелеріміз  әйелді  қорғау  орнына,  көбінесе  төңкеріс  заңын  жүргізуге 
кедергі жасап келеді. Кейбір кеңестер қалың мал, біреу көп қатын алу, әйелді 
еріксіз  сүймеген  адамына  тигізу  жөніндегі  қылмыстарды  ашпақ  түгіл,  қайта 
пара алып, қымтап жүрген реттері де бар.   
Бұл  ретте  сот  мекемелері  анықтама,  тергеу  орындарының  да  жұмысын 
мақтай алмаймыз. Бұлардың да оңған ісі шамалы. Бұлардың арасында да пара 
алушылар бар, сондықтан әйелдің қолы теңдікке жетпей келеді. 
Тегінде  қазіргі  жазаландыру  саясатының  көздейтіні  –  жазаны  біраз 
жеңілдету ғой, оның үстіне қалың мал беру, көп қатын алу сияқты әдет-бір-екі 
жылда  жоғалып  кететін  нәрсе  емес.  Бұған  бір  талай  уақыт  керек  және  де 
Нағима жолдас айтқандай әйелдердің мәдениетін көтеру жолымен істеу керек» 
[26, 76-78 б.], - деп қалыңмал алудың осы күнге дейін жойылмай келе жатқан 
себептерін көрсетеді. 
1925  ж.  РКП  (б)  Өлкелік  комитеті  қызыл  киіз  үйдің  негізгі  мазмұнын 
анықтады. Енді олар мәдени-ағарту істерін кең түрде жүргізуді көздеді. Жалпы 
мұндай  жұмыстардың  мақсаты  жер  мәселесі,  денсаулық  сақтау,  ағарту 
істеріндегі  партияның  саясатын  уағыздау  еді  деп  түсінуге  болады.  Қызыл 
отаулар  саяси-ағарту  ісінің  негізгі  орталығы  болу  керек  деген  міндет  алға 
қойылғандықтан, 1925 ж.  сәуірде Өлкелік комитет  «Болыстық әйелдер қызыл 
үйі туралы ереже қабылдап, ең әуелі әйелдер арасында саяси-ағарту жұмысын 
жүргізіп, партияның саясатын көрсету, қазақ әйелдерін социалистік құрылысқа 
тарту», - деп көрсетілді [142, 46 б.].  
Қалыңмал  алу  мен  көп  әйел  алуды  тоқтатудың  және  жоюдың  жолдарын 
Алма  Оразбаева  әйелдердің  сауатын  ашу  арқылы  тоқтатуға  болатындығын 
айтады.  Ол:  «Жастар  ұйымы  қазақ  қыздарының  арасында  оқу  керектігін 
түсіндіру  керек.  Қыздарға  оқу  үйрететін  мектептер  ашу  керек.  Жастардың 
ойын сауықтарын үгіт-насихат құралына айналдыру керек. Саяси тәрбие беру 
үшін партиядан тыс қыздардың конференциясын ұйымдастыру керек... 
Қалыңмалды,  көп  қатын  алуды,  әмеңгерлікті  түбірімен  жоюға  күш  салу 
керек. Сонымен қатар оқыған сауатты қыздардың тізімін алып, оларды жастар 
ұйымының  жұмысына  қатынастырып  отырған  пайдалы»  [33,  62  б.],  -  деп 
айтады.  Қазақтың  ескі  әдет-ғұрыптарының  бірі  –  көп  әйел  алу  туралы  Сара 
Есова  «Қазақ әйелінің азаттық күні» (1927) мақаласында:  «Қазақтың ескілікті 
жаман  әдеттерінің  ішінде  көрнекті  орын  алғаны  –  қалыңмал  мен  көп  қатын 
алу.  Бұл  әдеттер  бүгінгі  күнге  дейін  жойылмай  келеді.  әйелі  еркегі  бірдей 
жұмысқа  қатынасатын  кеңесшіл  мемлекеттегі  бар  елдің  жартысы  қатарға 
қосыла  алмай  күңдікте,  кемшілікте  жүргенде  әділ  тұрмыс  орнамақ  емес.  Ескі 
салт  құрымай  әлеумет  жұмысының  жаңа  түрі  де  жұрт  қадамы  да  іске  аспақ 
емес. 

 
71 
Осы  күні  қазақ  газеттерінде  басылған  ел  тілшілері  қалыңмал  мен  көп 
қатын  алу  жайлы  жазады.  Бұлардың  көбі  ізінше  тексеріледі.  Қылмыстылар 
жазасын  алады.  Бірақ  ел  ішінде  газетке  жазылып,  көпке  мәлім  болған 
қылмыстылар  да  көп...  сондықтан  ғинуардың  бірінен  он  бесіне  дейін  елге 
қалыңмал,  көп  қатын  алуда  қалдырған  кеңес  заңын  түсіндіру  науқаны 
жүргізілуде.  Әйел  азат  болсын  десек,  алдымен  қалыңмал,  көп  қатын 
алушылықты  жоялық.  Қалыңмал  мен  көп  қатын  алушылықты  қуаттайтын  
азамат  –  азамат  емес  [33,  72-73  б.],  -  деп  бұл  ескі  әдет-ғұрыпты  жоюды 
насихаттайды. 
Ия,  шындығында  да,  ертеден  келе  жатқан  әдет-ғұрыпты  бір  декретпен 
жою әрине, қиын болып, оған біраз уақыттың қажет болары сөзсіз. Дегенменде 
бұл  істің  бірте-бірте  жолға  қойылып,  қазақ  әйелдері  теңдікке  қол  жеткізгені 
белгілі.  Әйел  теңдігі  мәселесіне  бірқатар  мақалаларын  Нағима  Арықова 
«Қызыл  Қазақстан»  және  «Әйел  теңдігі»  журналдарына  шығарып  тұрған 
болатын.      Сондай  мақалаларының  бірінде:  «Қазақстанның  жалпы  жұмысы 
алға басып недәуір игілік іс істелген болса да әйел теңдігі, әйелдер арасындағы 
жұмыс болса да қатарға ене алмай, елдің тұрмысында белгілі орын ала алмай, 
ақсап келеді. 
...  Қазақстанның  басынан  кешкен  7  –  8  жылдың  ішінде  недәуір 
ұйымдастыру  ісі  жарыққа  шыққан  іс  жүзінде  буыны  қатпаған  жас  ұйым 
көпшілікті біржолата меңгеріп кету деген, әрине, мүмкін емес еді. Сондықтан 
әйел  теңдігі  де  тұрмысқа  жанаса  алмай,  салақтық  мінездердің  үзілмей 
келгендігі  өз-өзінен  белгілі  болды»  [77,  63  б.],  -  десе,  «Әйел  теңдігі» 
журналының  1928  жылғы  7-санында  жарияланған  «Қалың  мал  жойылсын 
қоғамы  туралы»  деген  мақаласында:  Әйел  бір  жағынан  баласын  күтетін  ана 
болса  және  де  үй  шаруасын  басқарушы.  Әсіресе,  әйелдің  мәдениетсіздігінен 
ауру,  науқас  та,  көбіне,  әйел  арасында  жиірек  болады.  Зерттеген  есепке 
қарағанда көшпелі елдердегі бір жасқа шейінгі балалардың 100-ден 25-і (25%) 
3  жасқа  шейінгі  балалардың  10-ден  53-і  (53%)  өледі  екен»  -  дейді  [77,  64  б.]. 
Бұл  мақалаларында  әйелдердің  мәдениетсіздігінен  деп  отырғаны,  олардың 
білімінің  жоқтығын  көрсетіп  отырған  болса  керек.  Ал  сол  уақытта  тазалық 
сақтап,  денсаулықты  күтуге  үйрететін  білім  қазақ  әйелдері  арасында 
толығымен жолға қойылмағандығынан болатын. 
ХХ  ғ.  басындағы  әйел  теңдігі  мәселесін  көтерген  әдебиет  кештерін 
ұйымдастырып,  халқының  өсіп-өркендеуіне  өзінің  үлесін  қосқан  Нәзипа 
Құлжанова  да  бар.  Ол:  «Біздің  елдің  қайсысын  алсақ  та  өз  тілегімен  теңін 
тауып,  үйленудің  рақатын,  қызығын  көріп  отырған  әйел  аз.  Оның  себебі  – 
елдің  надандығы.  Надан  ел  салынып  қалған  ата  жолы,  әдет,  ғұрыптан  айыға 
алмайды. Онан артық жақсы жол  іздемейді де, табал алмайды да. Біздің әйел 
затымызды  сорлы  қылып  адамшылық  қасиетіңнен  айырып,  көзін  ашырмай 
келе жатқан – мал алып, қызға жастай құда түсіру ғұрпы. Сатарман мал болған 
соң, адам деп ешкім көңіліне қарамайды [32, 135-136 б.]. 
Қыз  да  сатылады,  қатын  да  сатылады,  байы  өлген  қатынды  «әмеңгерім» 
деушілік  –  мал  беріп  сатып  алған  «мүлкім»  деген  емес  пе?  Ата-ана  қызын 
қанша жақсы көргенмен, бүтін елдің ұйып отырған, атамзаманнан келе жатқан 

 
72 
әдет-ғұрпына  қарсы  келуді  құдайға  қарсы  келгенмен  бірдей  көреді.  Қай 
базарға  келсе  де,  «әуелде  жазу  осылай»,  «нашар  бала»  деген  алдауыш 
жұбанышқа  сүйеніп,  оларда  мал  алудың  қызығына  түсіп  кетеді.  Оларды 
айыптауға  да  болмайды.  Ғұрып  болып,  сүйекке  сіңген  дертті  бұзу  бір  кісінің 
қолынан келмейді. ...бұл дертке қазіргі уақытта біздің білетін бірақ еміміз бар, 
ол  –  оқу»  [32,  136  б.  ],  -  деп  жазады.  1920  жылы  халықты  сауаттандырудың 
көкейкесті  мәселесі  күн  тәртібіне  қойылған  шақта,  жаңадан  ашылуға  тиісті 
мектептер үшін сабақ беретін мұғалім кадрларге мұқтаждық туған еді. Осыған 
байланысты  Қонжарда  мұғалімдер  даярлайтын  қысқа  курс  ашылады.  Осы 
курстың  негізгі  ұйымдастырушысы  әрі  ана  тілі  мен  ана  тілін  оқыту 
методикасынан дәріс жүргізген Ж. Тілепбергенов болады. 1921 жылдан бастап 
Темір уездің оқу бөлімінің инспекторы, кейін бөлім меңгерушісі болып қызмет 
атқарады [143, 247-248 б.].  
Ж.  Тілепбергенов  (1895-1933)  «Әйел  оқытушы»  (1928)  мақаласында: 
«Қазақ  әйелдерінің  арасында  қызмет  ететін  оқыған  қазақ  әйелі  кем  де  кем-ақ 
қой. Оның ішінде жоғары, орта дәрежелі мектеп бітірген қазақ әйелі бармақпен 
санағандай. 
Міне,  осы  кемдіктің  орнын  толтырған  бір  қазақ  әйелінің  орта  дәрежелі 
кеңес  мектебін  бітіріп  шығайын  деп  отырған  қуанышты  хабарын  бергелі 
отырмын,  -  деп  оқыған  қазақ  әйелдерінің  өте  аздығын  тілге  тиек  ете  отырып, 
«Төлегенқызы  Гүлзәбираның  оқыту,  сауат  аштыру  ісімен  қатар  «әйелдер 
құқығы,  аналық-балалық  сақтау  сияқты  әйелдерге  тиісті  болған  түрлі 
мәселелермен  қараңғы  қазақ  әйелдерін  таныстыратындығы»  туралы 
насихаттайды [143, 221-222 б.].  
Ал,  І.  Жансүгіров  «Қазақ  қызы»  (1928)  атты  өлеңінде:  «бұрынғы  кезде 
қазақ  қызының  күңдікте  жүргендігін,  ал,  кеңес  өкіметі  билікті  қолға  алған 
заманда  азаттық  алғандығын»  [144,  227-228  б.]  жазса,  ХХ  ғ.  қазақ  халқының 
өміріне  елеулі  үлесін  қосқан  зиялылардың  бірі  –  журналист,  жазушы,  қоғам 
қайраткері  Жиенғали  Тілепбергенов  әйелдердің  осы  уақытқа  теңдікке  қолы 
жетпеуіне  біріншіден  әйелдерді  кінәласа,  екіншіден,  олардың  білімсіздігін 
айтады.  Оның  «Қызғалдаққа»  арналған  «Ашық  жауабында»  (1930):  «Әйелдер 
малға  сатылуына  көне  берсін  демейміз,  көнбегенін  де  ерсі  көрмейміз. 
«Әйелдер,  теңдігіңді  ал!  Малға  сатылма!...»  деп  әйелдің  оқығандары  мен 
еркектің  оқығандары  бірдей  зарлап  келеді.  бұрынғы  әдетін  надандықпен 
тастамай келе жатқан елдегі әйелді салға сатушы еркек пен сатылушы әйелдер. 
Олардың  екі  жағы  бірдей  кінәлі.  Бұндайда  «киіз  иесі  білектейді»  деп,  әйел 
өздері  көсем болуы керек. Үкімет теңдік беріп,  «малсыз қалағаныңа бар» деп 
отырғанда,  еркектер  тыңдамаса  да  әйелдер  тыңдау  керек  еді.  Өз  жемін  өзі 
алып жеу керек еді. Оның орнына «ақ батаңды аттай алмай, әке-шешенің белін 
сындыра  алмай  біреудің  көз  жасына  қалмаймыз»,  -  деп  өз  көздерін  жасты 
қылып отырған әйелдердің өздері. Әйел өзіне-өзі бекем болса, еркектердің бұл 
заманда  ештеңе  қыла  алмайтыны  белгілі,  -  деп  әйелдерге  теңдік  күнінің 
туғандығын ашып жазады [143, 219 б.].  
Ал  белгілі  қазақ  этнографы  Х.  Арғынбаевтың  «Қазақ  халқындағы  семья 
мен  неке»  атты  тарихи-этнографиялық  еңбегінде  революцияға  дейінгі  қазақ 

 
73 
әйелінің  жағдайы  туралы  былай  деп  өз  тұжырымын  білдіреді:  «Сондықтан 
революцияға  дейінгі  қазақ  семьясындағы  әйел  орнын  анықтауға,  оның 
қоғамдық және үйдегі  жағдайына тоқтаған уақытта әлеуметтік  қатынастарды, 
ислам  дінінің  және  халықтық  әдет-ғұрыптың  ықпалын  дұрыс  ескерсе  ғана 
өткен  өмірді  объективті  түрде  көрсетуге,  ол  туралы  дұрыс  ұғымға  келуге 
болад). Олай болса, қоғамдық мәселені шешуге араласпау революцияға дейінгі 
қазақ  әйелдерінің  ғана  басындағы,  яғни  олардың  тек  әйел  екендігіне 
байланысты 
теңсіздік 
емес, 
оның 
негізгі 
патриархалды-феодалдық 
қатынастардың  салдарымен  тығыз  байланысты.Сөйтіп,  қазақ  қауымындағы 
патриархалды-феодалдық  қарым-қатынастың  салдарымен  ислам  дінінің 
әсеріне  байланысты  әйел  атаулыны  төмен  санап,  оларға  байлар  мен  билер 
тарапынан  тәкаппарлықпен  қарау  да  орын  алды.  Бірақ,  жалпы  халық 
арасындағы  ежелден  қалыптасқан  ұғым  бойынша  ғана  еркекке  бергісіз 
әйелдердің  болғанын  жоққа  шығармайды  [145,  80  б.].    Бұл  үзіндіден 
байқағанымыздай,  жалпы  қазақ  халқында  әйелдің  өзіндік  орны  болғандығын, 
әйелдердің  теңсіздікке  ұшырауын  ислам  діні  мен  патриархалдық  қарым-
қатынастың  салдарынан  деп  көрсетеді.  Әрине,  бұл  еңбек  кеңес  өкіметі билігі 
тұсында жазылғандықтан, сол заманның әсерін байқаймыз.  
1897  және  1926  жылғы  бүкілхалықтық  санақ  мәліметтері  бойынша 
Қазақстандағы 
жанұя-неке 
қатынастарын 
зерттеуге 
арналған 
тарих 
ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған            
С.К.  Уалиеваның  диссертациясынан  төмендегі  үзіндіні  оқимыз:  «Анализ 
семейно-брачных  отношений по  регионам  Казахстана  показывает  зависимость 
характеристики  семейно-брачного  поведения  от  национального  состава 
населения.  Для  казахского  населения,  проживавшего  в  основном  в  сельской 
местности,  свойственны  традиционные  характеристики  брачности  –  ранняя 
брачность,  наличие  многоженства  среди  состоятельных  казахов,  и 
вынужденное  безбрачие  у  бедняков  вплоть  до  средних  возрастов  из-за 
невожможности  заплатить  калым.  Материалы  переписи  свидетельствуют  о 
возрастной  разнице  у  состоящих  в  браке  казахов,  от  десяти  до  двадцати  лет. 
Показатели разведенных у мужчин казахов выше, чем у женщин казашек [146, 
с.  142].  Региональный  аспект  семейно-брачных  по  переписи  1897  года  выявил 
значительные  отличия  в  брачном  поведении  населения  северного  и  южного, 
восточного  и  западного  регионов.  Особый  интерес  представляет  разница  в 
поведении  женщин  южного  региона  –  Семиреченская,  Сыр-Дарьинская 
области,  и  северного  региона  –  Акмолинская,  Тургайская  области.  В 
национальном  аспекте,  в  северном  регионе  значительно  выше  была  доля 
русских,  по  сравнению  с  югом.  Соответственно,  как  подтверждают  наши 
расчеты по материалам переписи 1897 года, прослеживается разница в семейно-
брачном  поведении  различных  регионов  Казахстана.  Более  традиционны  и 
консервативны семейно-брачные отношения в южном регионе. Характеристики 
остальных областей зависят от национального состава регионов [146, с. 142]. 
В 
двадцатых 
годах 
закладывались 
государственные, 
правовые, 
идеологические  основы  нового  строя.  В  сфере  семейно-брачных  отношений  в 
Казахстане  эти  годы  полны  принятия  новых  декретов  и  постановлений.  При 

 
74 
этом  изменение  семейных  ценностей  выражается  в  двух  аспектах:  социально-
экономическом  и  социально-психологическом.  В  истории  советской  семьи 
изменения привели к потере традиционного типа семейно-брачных отношений.  
Советская  власть  с  самого  начала  исходила  из  необходимости 
переустройства 
существующих 
традиционно-правовых 
отношений 
на 
социалистический  лад  [146,  с.  142].Данные  всесоюзные  переписи  населения 
1926  года  потверждают  наличие  большего  количества  ранних  браков  у 
коренного  населения.  Следовательно  рассмотрения  половозрастной  структуры 
ранних  браков  позволило  сделать  вывод  о  достоверном  отражении  ее  в 
материалах переписи.  
Вместе с тем, надо отметить, что показатели разводимости у казашек, хотя 
и ниже, чем у славянских женщин, при рассмотрении в динамике видна четкая 
тенденция  в  сторону  увеличения  показатели  разводимости  по  сравнению  с 
дореволюционным периодом.  
Исследование  семейно-брачных  отношений  в  различных  регионах 
Казахстана  в  1926  году  показывает:  в  губерниях  с  преоблодающим  казахским 
населением отмечена высокая доля ранней брачности у девушек, выдача замуж 
с 10-14 летнего возраста. Это в Сыр-Дарьинской губернии и в Адаевском уезде.  
Также  выявлена  высокая  доля  холостых  мужчин  в  сельской  местности 
вплоть до зрелых возрастов, что связано с традицией уплаты калыма. Наличие 
традиционных моментов  в семейном  поведении увеличивается с севера на юг. 
Поздние  браки,  значительная  доля  холостых  в  молодых  возрастах,  высокие 
показатели разводимости – все эти характеристики свойственны для северных и 
центральных регионов страны [146, с. 144]. 
Проведенный  сравнительный  анализ  семейного  состояния  на  основе 
фактического  материала  переписи  1897,  1926  годов  позволяет  отметить 
наиболее  важное  в  дореволюционных  отношениях  в  обозначенном  аспекте  –
стабильность  брака.  Этому  явлению  способствовали  многие  объективные  и 
субъективные  причины.  Однако  законодательные  изменения  советского 
времени в области семейно-брачных отношений привели к росту разводимости. 
Кроме  того,  фактическому  распаду  семьи  способствовали  исторические 
события (в большей степени через овдовения). Изучения этнодемографической 
характеристики семейно-брачного состояния населения Казахстана в 1926 году 
показывает  значительные  изменения,  происходившие  в  двадцатые  годы  ХХ 
века, по сравнению с дореволюционным периодом.  
Сопоставительный  анализ  данных  переписей  1897  и  1926  годов 
показывает,  что  в  динамике  по  регионам  прослеживается  значительные 
изменения  по  всем  характеристикам  брачности.  Отмечается  трансформация 
семейно-брачных  отношений  у  казахской  национальности:  увеличиваются 
показатели  холостых  девушек,  поскольку  снижаются  показатели  ранней 
брачности  у  казашек.  Увеличилась  показатели  женатых  мужчин  казахов,  что 
явилось следствием принятия  новых декретов советской  власти, запретивших 
уплаты калыма, и тем самым, предоставило возможность значительно раньше 
жениться  беднякам  казахам.  В  три-четыре  раза  выросли  показатели 
разведенных  мужчин  и  женщин  казахской  национальности.  Причем,  в  1926 

 
75 
году  показатели  разведенных  женщин  выше  чем  мужчин,  по  сравнению  с 
ситуацией  в  1897  году,  когда  выше  были  показатели  разведенных  мужчин 
казахов.  Отмечен  рост  показателей  вдовых,  в  особенности  у  женщин  [146,  с. 
145].Бұл  айтылғандардан  байқап  отырғанымыздай,  әйелдердің  теңдік  алуына 
байланысты  жүргізілген  шаралардың  оң  әсерімен  қатар  теріс  әсерлерінің 
болғандығын көреміз. Сонымен қатар ажырасқан әйелдердің санының артқаны 
да  анықталған.  Мұның  өзі  демографиялық  процестерге  өз  әсерін  тигізбей 
қоймады.  
Сонымен  қазақ  зиялыларының  әйел  теңдігіне  байланысты  пікірлерін 
талдай келе мынадай қорытындыға келдік: 
-  ХІХ  ғ.  екінші  жартысындағы  қазақ  зиялылары  өз  еңбектерінде  қазақ 
қыздарын ерте жастан ұзататын ескі салтқа қарсы екенін, осы мәселені шешу 
үшін неке және ажырасу ісін қатал бақылау керектігін айтады; 
-  еріксіз  болған  некенің  тұрақсыз,  әрі  бақытсыз  болатындығын,  ата-
аналардың мал үшін істелген істерінің кейін өздеріне теріс болып келетіндігін 
зиялылар еңбектерінде нақты жазады;  
-  ХХ  ғ.  басында  әйел  теңдігі  мәселесі  қазақ  зиялылары  бас  қосқан 
съездердің  күн  тәртібіне  қойылып,  оны  шешу  жолдарын  қарастырып, 
әйелдерге теңдік берген қаулылар шығарады; 
-  зиялылар  өз  еңбектерінде  көп  жағдайда  байлардың  билігінен  қорқып, 
арын сатқан молдалардың іс-әрекеттерін де көрсеткен; 
-  зиялылар  өз  шығармаларында  қазақ  қыздарын  оқытса  бұзылады  деген 
соқыр сенімнің де қыздардың теңдік үшін  күресу жолына бөгет болғандығын 
анықтайды; 
- біз қарастырып отырған мәселеге байланысты арнайы талдау жасаған Қ. 
Кемеңгерұлы ескі салтқа, яғни қалың мал, әмеңгерлік және бірнеше әйел алуға 
үкімет  тарапынан  тыйым  салынса  да,  оның  аз  жылда  жойыла  қоймайтынын, 
оны жоюға оқыған көсем әйелдердің көбірек болу керектігін, сонда ғана қазақ 
әйелінің жағдайы түзелетіндігін жазады; 
- қазақ зиялылары әйелдердің теңдікке жетуіне басты жол – оқу деп біліп, 
олардың сауатын ашу жолында көп жұмыстар атқарған. 
Жалпы,  қазақ  зиялыларының  ертеден  келе  жатқан  әдет  –  балаларын 
жастайынан  атастырып  қою,  құдаласу,  әмеңгерлік  және  көп  әйел  алушылық 
сияқты  зиянды  ғұрыптарға  арнайы  қалам  тартуының себебі  –  бұл  сол  кездегі 
өзекті мәселелердің бірі болатын. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап зиялылар 
қалам  тартқан  бұл  тақырып  ХХ  ғ.  басында  да  өз  жалғасын  тапты.  Ұлттық 
сананың  оянуы  барысында  мұндай  мәселелерді  көтеріп,  мерзімді  басылым 
беттерінде  жариялау  және  насихаттау  зиялылардың  міндеттерінің  бірі  болды. 
Себебі, ұлт болашағы  – жас ұрпаққа тәрбие беретіндер, әйелдер болатын. Ал, 
басында теңдігі жоқ, сауатсыз әйелдердің дұрыс  тәрбие бермейтіндігі белгілі. 
Сондықтан  да  қазақ  әйелдерінің  құқықтарын  ерлермен  теңестіріп,  оларды 
сауаттандыру,  қоғамдық жұмыстарға  белсенді  қатыстыру  ісінде  зиялылардың 
қосқан үлесі өте зор. 
 

 
76 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал