Байдавлетова мадина досбергеновна



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 
ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК 
МӘСЕЛЕЛЕР 
ЗИЯЛЫЛАР ЕҢБЕКТЕРІНДЕ 
 
2.1 Денсаулық сақтау мәселелеріне ұлт зиялыларының көзқарастары 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  –  ХХ  ғ.  басы  Қазақстан  тарихындағы  күрделі 
кезеңдердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  кезеңде  Қазақстанның,  соның  ішінде 
қазақ  халқының  жағдайы  қиын  болды  десек,  қателеспейміз.  Бұл  кезеңде 
жүргізілген  әртүрлі  саясаттың  халқымыздың  дамуына  кері әсерлерін  тигізбей 
қоймады. Сондай күрделі мәселелердің бірі – Қазақстандағы денсаулық сақтау 
ісі  болып  табылады.  Ал  біз  қарастырып  отырған  кезеңдегі  Қазақстанның 
денсаулық  сақтау  ісіндегі  мәселелердің  шынайылығын  сол  кезде  өз 
шығармаларында  арнайы  жазған,  зерттеген  қазақ  зиялыларының  еңбектері 
негізінде  біліп,  анықтай  аламыз.  Себебі,  көп  жылдар  бойы  қазақ 
зиялыларының  еңбектерін  оқуға,  зерттеуге  тыйым  салынып,  олар 
зерттеушілердің назарынан тыс қалып отырғаны белгілі. Сондықтан да ХІХ ғ. 
ІІ жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы денсаулық сақтау ісі мәселелері 
қазақ зиялыларының еңбектері негізінде арнайы зерттелмеді деуге де болады.  
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  денсаулық 
сақтау  ісі  мәселелерін  қазақ  зиялыларының еңбектері  негізінде  зерттеу  біздің 
мақсатымыз  болып  табылады.  Осы  мақсатқа  сәйкес  мынадай  міндеттер 
туындайды: 
-
 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  –  ХХ  ғ.  басында  Қазақстанда  таралған 
аурулардың түрлері, олардың шығу және таралу себептерін анықтау; 
-
 
халық емшілігі және оның қазақ қоғамында алатын орнын көрсету; 
-
 
денсаулық  сақтау  орындары  және  олардың  қызметіне  байланысты 
зиялылардың пікірлерін талдау. 
ХІХ  ғ.  соңы  –  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  және  Қырғызстандағы 
медицинаның  даму  деңгейі  туралы  Н.Е.  Бекмаханова  былай  деп  жазады: 
«Аймақтың  көпұлтты  халқының  өміріне,  психологиясына,  мәдени  даму 
деңгейіне  ХІХ  ғ.  соңы  –  ХХ  ғ.  басында  осы  өңірде  пайда  бола  бастаған  темір 
жолдар,  электр  жарығы,  почта,  телеграф,  баспалар,  гимназиялар,  мектептер, 
ауруханалар,  дәріханалар,  театрлар,  цирктар,  кинематографтар,  мұражайлар, 
ғылыми қауымдастықтар,  халық оқулары, қалалар мен ауылдардың еуропалық 
архитектурасы  әсер  етпей  қоймады.  Мұндай  дамытушы  жаңашылдықтар: 
түрмелер,  шіркеулер,  банктер,  сауда  биржалары  және  Ресейдің  билеуші 
табының  халыққа  қарсы  иедология  пункттерінің  жанында  орналасты;  және 
олардың қызметі шектеулі болды, олар қаланың белгілі бір бөлігін ғана қамтып, 
аймақтың негізгі ауыл тұрғындарына жеткіліксіз болды [63, 218 б.].  
«Ұлттық  ветеринария  мен  медицина  саласы  бойынша  қазақтар  мен 
қырғыздардың  көпғасырлық  тәжірибесі  болды.  Дегенмен  ғылыми  медицина 
мен  ветеринария  осы  аймақтың  халқына  Ресейдің  құрамына  кіргеннен  кейін 
ғана ене бастады [63, 219 б.]. 
Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  орыс  дәрігерлерінің  емдеу  тәжірибелері 
мыңдаған  адамдарды  қамтып,  аймақ  халқының  ғылыми  медицинаға  сенімін 
арттыра  түсті,  орыс  дәрігерлерінің  ризашылық  сезімін  білдіріп,  тазалық  пен 

 
50 
гигиена туралы білімді таратуға әсер етіп, ескі қалдықтарды жоюға көмектесті. 
Орыс  дәрігерлерінің  қызметі  өте  ауыр  жағдайда  өтті,  оларға  мұсылман 
дінбасылары,  білімсіз  тәуіптер  қарсы  шығып,  аймақта  оба,  сүзек  сияқты 
аурулар таралып, мыңдаған адамдар өліп жатты [63, 219 б.]. 
Аймақтағы  медициналық  қызмет  ең  алдымен  казактарға  және  әскери 
гарнизондарға,  жергілікті  азаматтық  әкімшілік  қызметкерлерінің  жанұяларына 
көмек  көрсету  үшін  пайда  болды.  Медициналық  қызметкерлер  ретінде  әскери 
госпитальдардың  әскери  дәрігерлері,  фельдшерлері  және  санитарлары 
жіберілді.  ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  аймақтың  қала  және  ауыл  тұрғындарына 
қауіп  төндірген  эпидемиялар  кезінде  азаматтық  медициналық  мекемелер  – 
ауруаналар, амбулаториялар, дәріханалар пайда болды [63, 220 б.].  
ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. басында Қазақстанда әртүрлі жұқпалы аурулар 
таралған  болатын.  Зиялылар  еңбектерінен  осы  кезде  көп  таралатын  жұқпалы 
ауруларды біле аламыз. Оған шума, шешек, қызылша [113, 2 б.] трахома [114, 
4 б. ], сары кезік [115, 4 б. ], сүзек [116, 1 б.], сонымен қатар ревматизм, өкпе 
және сифилис [117, 13 б.] ауруларын жатқызады.    
Бұл  кезеңде  Қазақстанда  көп  таралатын  аурулардың  бірі  –  сүзек  болған. 
Ы.  Алтынсариннің  (1841-1889)  жазбаларынан  (1879)  қазақтар  арасында  сүзек 
ауруының болғандығын көруге болады. Онда: «Биыл барлық үй-ішімнен және 
туған  туысқандарымнан  айырылып  қала  жаздадым.  Ешкім  тілемеген  сүзек 
ауруына ұшырап, бәріміз жаппай төсек тартып жатып қалдық. Әрқайсысымыз 
да  кемінде  бір  айдан  жатып  тұрдық.  Сүзек  елімізге  әлі  де  кәрін  тігіп  тұр.  Біз 
қазір кірпіш үйдің ауасынан қорқып, киіз үйге шығып алдық» [2, с. 299-300], - 
деп аурудан тезірек айығуға кірпіш үйге қарағанда, киіз үйдің қолайлылығын 
жазады. 
Сонымен  бірге  алғашқы  қазақ  дәрігерлерінің  бірі  М.  Қарабаевтың 
қазақтарда  аурулардың  таралу  себептеріне  байланысты  білдірген  пікірін 
келтірсек:  «Санитарное  состояние  населенных  местностей  во  2-м  врачебном 
участке  местами  удовлетворительно.  В  зимнее  время  санитарное  состояние 
населения  отвратительное,  в  землянках  у  всех  киргиз  царят  сырость,  грязь, 
вледствие  чего  зимою  большинство  киргиз  страдает  катаром  дыхательных 
органов  и  глаз.  Эти  обстоятельства  осложняются  еще  копотью  от  печки  без 
трубы. На летовках санитарное состояние населения много лучше, так как по 
мере  загрязнения  почвы  и  истощения  корма  меняются  стоянки  на  лучшие» 
[118, с. 147]. 
Бұл  үзіндіден  байқағанымыздай,  қазақтарда  әсіресе,  қыс  уақытында 
аурулардың таралуына, шығуына тұрғын үйлерінің қолайсыздығын көрсетеді. 
Қазақстанда  ең  көп  таралып,  көп  адамның өмірін  алған  ауру  шума  болып 
табылады. Шумадан өлгендердің саны туралы М. Дулатовтың (1885-1935) мына 
мәліметін  келтірсек:  Шума  Орал  гүбернесінде  1904-інші  жыл  басталды.  Сол 
жылы Сарайшықта 406 адам өлді. 1907-інші жылы Қызыл молада 11 адам өлді. 
Жымпыйтыда да 1909 жыл 218 адам, 1910 жыл 5 адам, 1911-інші жыл 14 адам, 
1912-інші  жылы  55  адам  өлді.  Кыназ  ауданында  1913-інші  жылы  405  адам, 
1914-інші  жылы  17  адам  өлді»  1914-інші  жыл  мен  1924-інші  жыл  арасында  да 

 
51 
шума  Орал  гүбернесінде  үзілген  жоқ.  Бірақ  қолда  анық  сипр болмағандықтан, 
қанша адам өлгенін көрсете алмай отырмыз.  
Бөкей елінің жерінде шуманың алғаш білінуі – 1899-ыншы жыл. 
Сонымен  қазақ  жерінде  шуманың  ұясы  саналатын  Орал,  Бөкей  еді,  ол 
елдермен  сыбайлас  астыран  жері  еді.  1923-1924  жыл  шума  Қарақалпақ  елінің 
оңтүстік  шегінде  де  білінді.  Онда  жүздеген  адам  құрбан  болды.  Бұл  арада 
білінген  шума  Орал-Бөкейдікімен  байланысы  жоқ.  Мұның  қайдан  шыққан, 
қалай шыққан себебі ашылмай қалып отыр. 
Ал  енді  жуырда  Адай  уезінде  шума  білінді.  Бұ  туралы  «Ауыл  тілі» 
газетінің  17-інші  санында  оқығанымыз  мынау:  «Адай  уезінде  шума  білінген 
екен.  Бұ  туралы  Адайдың  төңкеріс  комитеті  хабарды  октябрьдің  бірінде  ғана 
алған.  Бір  жетіден  кейін  Астрақаннан  бастығы  профессор  Никоноров  болып 
дәрігерлер  шыққан.  Шума  Адайдың  орталық  қаласы  Кетіктен  (порт 
Александровск)  400  шақырым  Құлғара  деген  жердегі  11  үйлік  екі  ауылда 
білінген екен. Бұл екі ауылдың бар адамы 68 екен, соның 38-і ауырып, бәрі де 
өлген. Бұл ауру ағұстың ортасында білінген екен. Шумадан шошынған ел өзі де 
бірімен бірі араласпай сақтанған көрінеді. 
Октебрдің  24-де  сол  маңайдағы  ауылдардан  3  адам  ауырып  өлген. 
Доқтырлар  тексеріп  қарағанда  бұл  маңда  тышқан  қырылған  екен,  шуманың 
тарауы содан болған деседі. 
Доқтырлар  жұмыс  бітті  ғой  деп  Сарытауға  қайтқан  екен,  жуырда  Адай 
төңкеріс  комитетінен  тағы  да  шума  білінген  жерлер  бар  деген  телеграм 
алынған. Бұл жолы шума Кетік қаласынан 120 шақырым жерде білінген. 9 адам 
өлген.  Тезірек  қам  қылынбаса,  ауру  қалаға  жетіп  қалу  қаупі  бар  деген. 
Дәрігерлерге  телеграм  беріліп,  тезірек  қайтадан  тезірек  бара  көріңдер  деп 
тапсырылған». 
Бұл  Адай  уезіндегі  шуманы  құртуға  Астрақаннан  шыққан  дәрігерлер  не 
істеп,  не  қойғанын,  қалай  жүріп,  қалай  зерттегенін  толық  көрсететін  сол 
дәрігерлер  бастығы  профессор  Никаноровтың  Қазағыстан  саулық  сақтау 
кемесертіне  жазған  баяндамасы  бар.  Оқушыларды  мұнымен  таныстырудан 
бұрын шуманың қандай ауру екенін айтып өтелік. 
Шуманың  тегі  –  көзге  көрінбейтін  уақ  құрт.  Адамның  ішкі  сарайына 
кірумен  құрт  індет  болып  жабысады.  Үлкейтіп  көрсететін  құралмен  қарғанда 
шума құрты екі басы домалақтау қысқа таяқ тәрізді болады [113, 3-4 б.]. Бұдан 
көретініміз,  тек  шума  ауруынан  Орал  губерниясында  1904-1914  жж. 
аралығында, яғни 10 жыл ішінде 1131 адам өлген.  
Біз қарастырып отырған кезеңдегі Қазақстанда таралған аурулардың шығу 
себептеріне  байланысты  қазақ  зиялылары  әртүрлі  көзқарас  білдіреді.  Қазақ 
зиялыларының  бір  тобы  –  Ә.  Бөкейхан,  Х.  Досмұхамедов,  Қ.  Кемеңгерұлы 
(1894-1942) жұқпалы аурулардың қазақ арасында көп тарауына көшпеліліктен 
отырықшылыққа  көшуінен,  соның  әсерінен  киіз  үйлердің  тар,  дымқыл  жер 
үйлерге ауыстырылып, аурудың шығуына көп септігін тигізгендігін жазады.  
Мысалы, Х. Досмұхамедов былай деп жазады: «Қазақтың қазір күн көріп 
жүргені  жаз  киіз  үйге  шығып,  көшіп  жүргенінен.  Қазақ  қала  болып,  көшуді 
тастап,  осы  күнгідей  жер  үйлерде  отыратын  болса,  жұқпалы  аурудың 

 
52 
құртымен  айрылмайтын  дос  болар.  Бұны  құрттар  кетіре  алмайтын  құтсыз 
қонақ  болар,  талай  қысаға  себеп  болар.  Көшуді  тастап  қалада  отырған 
қазақтардың  жайы  бізге  мағлұм,  бұлардың  тұрмысын  құдай  басқа  бермесін 
[119, 4 б. ].  
Ал  зиялылардың  келесі  бір  тобы  –  Ә.  Айтбакин,  М.  Дулатов  және  т.б. 
аурулардың  шығуының  әртүрлі  себептерін  көрсетеді.  Оған  тазалықтың 
жоқтығы  [120-123],  Орал  облысындағы  аурулардың  шығуына  жарамды  ауыз 
суының  жетіспеуі  [124,  2  б.],  жан-жануарлардан  жұғуы  [14,  11  б.],  елдің 
аштыққа  ұшырауы  [113,  2  б.],  шаруашылық деңгейінің  төмендеуі  [22,  167  б.] 
де әсер еткендігін айтады.  
М.  Дулатовтың  «Шума  қандай  ауру.  Одан  қалай  сақтану  керек»  атты 
еңбегінде  былай  деп  жазады:  «Тышқан,  балпақ,  саршұнақ,  қара  бауырлар 
шумамен  ауырғыш  болады.  Шуманы  елге  жаюға  осылар  да  себепкер»  [14,  6 
б.]. 
Ал  аурудың  таралу  себептеріне  келсек,  ол  аурудың  халін  сұрап  барып, 
ауру жұқтыру [125, 4; 126, 4 б.], ауырып өлген адамның киімін алу [127, 4 б.]  
және т.б. түрлері болған. 
Оған мына мысал дәлел: «Біздің қазақ халық аурулардан сақтану ғамалын 
білмейді.  Жұқпалы  аурулардың  хал-қадірін  сұрайды.  Өлсе  сүйегіне  кіреді, 
сөйтіп  бір  кісі  ауырса  жүз  кісіге  жұғады  [21,  186-188  б.].  Өйткені,  ауырған 
адамның  хал-жағдайын  сұрау  кезінде  немесе  олардың  киімдерін  киген  кезде 
шынында да жұқпалы аурулар ауру адамнан сау адамға жұғатын болған .  
«Қазақ  тарихынан»  (1924  ж.)  атты  еңбегінде  Қ.Кемеңгерұлы:  қазақтың 
денсаулығы  нашарланды.  Ертеде,  қазақ  желдей  зулап,  зеңгір  тауды,  жазық 
даланы  еркінше  кезіп  жүрген  замандарда,  жұқпалы  ауру  мүлде  болмаған.  Ол 
кезде  кенеттен  өлу,  не  жаугершілікте,  не  ашаршылықта  ғана  болған.  Қазақ 
орыстан қыс бір жерде тұрудың үлгісін алып, қыстау салды. Бірақ таза тұрудың 
үлгісін  алған  жоқ.  Бұзау,  қозымен  аралас  қараңғы  тапал,  дым  үйлер  аурудың 
ұясы  болды;  осыдан  қазаққа  қыспен  бірге  әртүрлі  аурулардың  қонақ  болып 
келетіндігі.  Уақытша  болатын  аурулар  өз  бетімен  тұрыпты,  қазаққа 
мәденилерден  мерез  (сифилис)  жиі  жұқты.  Мұны  таратқан  –  1)  ел  арасына 
шыққан  татар  сәудегерлері;  2)  жәрмеңкеге,  үлкен  қалаларға  келетін  қазақ 
мырзалары,  атқосшыларымен.  3)  Елінен  ұзаққа  шыққан  пайдашылар. 
Бөкейлікте 100-ден 20 кісі сифилис деп Харозин жазады. Міне, мәдени әсері. 
1916-шы жылы қазақ жігіттерін қара жұмысқа алғандық жығылған үстіне 
жұдырық  болды.  Бұлардың  Ресеу  қалаларын  армансыз  шарлағандығы 
«сифилисті»  өтекүшейтті.  Қазақтың  бұл  күнге  шейін  құрымай  келгендігі  жаз 
таза  һауада  көшкендігінен,  қымыздың  қызуынан.  Әр  түрлі  аурулар  көптеп 
өлуге  себеп  болған.дықтан,  қазақта  өсім  з  болды.  Қазақтың  мың  баладан  бір 
жасқа  жеткенше  481  бала  өліп  отырған.  Бұл  есеп,  әсіресе  бала  тәрбиесінің 
нашарлығын көрсетеді.  
1905-1916  жылдардың  арасында  төрт  облыс  қазақ  еліне  алты-ақ  процент 
қосылған.  Қазақта  өлім  әйел  арасында  көбірек.  Бұл  қазақ  әйелінің 
тұрмысының өте нашарлығын көрсетеді  [128, 64 б.], - деп жазады. 

 
53 
Қ.  Кемеңгерұлы  «Жол  әсері»  (1924)  атты  еңбегінде  қазақ  арасындағы 
денсаулық 
жағдайына 
байланысты 
Германиядан 
келген 
профессор 
Кучинскиймен қазақ ауылдарын аралап, оның қазақ арасындағы ауру түрлерін, 
көп  таралатын  ауруды  тексеру  мақсатымен  келгендігін  жазады.  Онда:  «Біздің 
ауру қараймыз, тегін дәрі береміз дегенімізге сенімсіз қараған жерлер де болды. 
«Неғылған батпан құйрық, тегіннен тегін жатқан құйрық», қазақ қазақ болғалы 
тегін емдейміз деген бұларды көрдік»,  - деп. Бірақ тоқтаған жерлерімізде ауру 
қаратудан  тартынған  қазақ  болған  жоқ.  Бір  ауылда  екі  күн  болдық.  3-4 
шақырымнан  құлақтанып  іздеп  келетін  аурулар  болды.  Қанша  ауруларды 
қарағанмен  уақыттың  аздығынан  10-15-тен  аурулар  қаралмай  қалып  отырды. 
Кейбір қазақты қараған дәрігерлер қазақ әйелі ұялып ауруын көрсетпейді деген 
пікірде  болушы  еді.  Ол  пікір  қата  екен.  Талай  жас  әйелдер  қаралды.  Қазақ 
арасында  ауру  түрлері:  қотыр,  асқазан,  көз,  құлақ  аурулары,  буын  ісетін 
(ревматизм),  сүйектен  болатын  құрт  (туберкулез),  тамақ  безі  (мұның  да 
тұқымдасы  болады)  қазақ  арасында  күлапсан  (ноғай  қотыр)  көп  деген  дұрыс 
емес  көрінеді.  Қанша  ауру  қарағанда  күлапсаны  ьар  екі-ақ  қазақ  кездесті. 
Жоғарыда  айтылған  аурулардың  қазақ  арасында  көп  болуы  неліктен  деп 
профессор  менен  сұрады.  Екінің  бірі  қотыр  деуге  сияды.  Мұның  себебі  таза 
тұрмағандықтан.  Құрт  аурулары  да  төсек,  ас-аяқтың  бір  болғаныдығынан. 
Ревматизмнің  көп  болатындығы  қазақтың  көшпелілігінен.  Қазақ  жазғытұрым 
да, күз де малдың ыңғайына қарап салқынға көп ұрынады. Қысқы тұрмысы да 
жылы,  жайлы  болмайды  дедім.  Қазақтың  ауруының  ең  көбі  асқазан  аурауы 
екен.  «Бір  тойған  шала  байлық»,  «Қарын  жыртылса  жыртылсын»,  «Досыңның 
асын  дұшпандай  же»  дейтін  қазақ,  жемпаздықты  өнер  көреді.  Әсіресе  майлы 
тамаққа жаны құмар. Ет пен қымызға ішін керіп ас қазанын бұзады. Бірден көп 
жегенге асқазана қалыптаса ламауы да бұзады. Және де қазақ етті тап жатардың 
алдында жеп, қарынды кептеп, іле жата қалады. Іштің тоғын қашырмау амалын 
істейді.  Адам  –  машине.  Бір  жеріне  ақау  түскен  мәшине  жүрісінен  қалады. 
Адамның  асқазаны  бұзылса,  басқа  мүшеге  де  дақ  салады.  Бар  аурудың 
профессор қазақтың қолынан келетін емін айтып отырды.  
Ауру  қазақтың  ауқаттыларының  арасында  кедейлерге  қарағанда 
көбірек.Бұған  себеп  менің  байқауымша:  бұрын  қазақ  байлары  бір-бірінің 
баласына қызығып қыз бен жігіттің ауру-сауына  қарамай құда болысатын.  Бір 
байдатұқым  қуалаған  ауру  болса,  басқа  байлардың  ұрпағына  тарайтын.  Құрт 
ауруының  тарауына  бас  себеп  ірі  бай  жұмыс  істемейді,  дене  жұмысыәлсіз 
болады. Кедей жұмыс істейді және күннің көзіне пісіп қатады. Семей үйезінде 
шешектен балалар өліп жатқан көрінеді. Шешектің ұрығынан арзан нәрсе жоқ. 
Елдің қолына ұрық тисе, елдің өзі де егетін көрінеді.осы уақытқа шейін шешек 
егілмеді  деп  кім  ойлайды.  Біз  ұрық  алып  шыққан  жоқ  едік.  Ұрық  сұрағанда 
губернелік дәрігерлік бөлім үшін біз ұялдық.  
Қазақтың  дәрігерлерін  өз  орындарына  қайтарып  ақысын  молайту  керек 
[128,  157-159  б.],  -  деп  әрбір  аурудың  шығу  себептеріне  тоқтала  кетеді.  Яғни, 
халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған ауруларын көрсетеді.  
Ж. Аймауытов «Қара тану мен денсаулық» атты мақаласында: «Қара тану 
мен  денсаулық  біріне-біріне  байлаулы  нәрсе.  Неғұрлым  ел  қара  танымайтын 

 
54 
надан  болса,  соғұрлым  денсаулығы  да  нашар  болмақ.  Елін  ауру  көбірек 
жайламақ.  Ел  сауатты  болса,  ауру  да  тұмсық  сұға  алмайды.  Себебі  қағаз 
танып, кітап оқыған ел  тазалық сақтаудың керектігін біледі, сақтанады» [129, 
201 б. ], десе, тағы бір себебіне: «ескі қалалардағы, ауыл-қыстақтағы үйлер кісі 
тұруға,  күнелтуге  жарамсыз.  Себебі,  қараңғы,  терезесі  жоқ.  Бар  болса 
сығырайған  бірдеме.  Әрі  сыз-дымқыл,  қабырғалары,  төбесі  көк  аяз,  пеш 
жағылмайды. Әрі аласа, жермен жексен. Дем алуға ауа  жетпейді. Тарлығына, 
аласалығына  қарамай,  ондай  үйлерде  кісі  мейлінше  көп  тұрады.  Міне 
сондықтан  тұрушылар  құрт  ауруға  шалдықпасқа  еркі  жоқ  [129,  201  б.],  -  деп 
аурудың  көп  таралуының  себебін  қазақтардың  сауатсыздығы  мен  тұратын 
үйлерінің жарамсыздығынан көреді. 
Тазалық сақтау жұмысы сауатсыздықты жою жұмысымен астасқан. Әуелі 
елге қара танытып алмай, тазалыққа үйрету, денсаулығын көтеру мүмкін емес. 
Сондықтан  тазалық  сақтаушы  мекемелердің  табан  тірейтін  негізі  сауаттылық 
мектебі  болу  керек.  Дәрігерлер  «Сауатсыздық  жойылсын»  деген  ұйымның 
өжет мүшесі болып қызмет істеу керек [129, 202 б.], - деп халықтың арасында 
аурудың көп таралуының басты себебін ол халықтың сауатсыздығынан көрсе, 
екінші себебіне, тазалықтың жоқтығын айтады.  
Аурудың көп таралуының себебіне байланысты Ж. Аймауытовтың пікірін 
Ә.  Бөкейхан  та  қолдайды.  Себебі,  ол  С.Е.  Незлиннің  «Құрт  ауруы»  атты 
еңбегіне  жазған  пікірінде  (1927):  «Осы  күні  біздің  елді  аралаған  доқтырдың 
бәрі қазақтың бәрі құрт деп келеді. Мұны өзге сөзге аударса, бұ қазақтың бәрі 
аш,  ылас  деген  болады.  Өткен  ұлы  қырғын  соғыста  4  жылда  орыстан  бір 
миллион  жеті  жүз  мың  кісі  соғыстан  өлді.  Сол  төрт  жылда  2  миллион  кісі 
құрттан  өлді»,  -  деп  құрт  ауруының  соғыстан  да  қауіпті  екендігін  нақты 
мысалмен  көрсеткен  болатын  [11,  369  б.],  деп  тазалықпен  қатар  аштықтың 
аурудың  таралуына  себеп  болатындығын  және  жұқпалы  аурудан  халықтың 
көп өлетінін жазады. 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  –  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  халық 
емшілігіне  келетін  болсақ,  сол  кездегі  тәуіптер  мен  бақсылар  туралы  қазақ 
зиялыларының арнайы мақалалары жарық көрген болатын.  
Белгілі  қазақ  ағартушыларының  бірі  Ш.  Уалиханов  бақсылардың  емдеу 
тәсілдерінің өлімге апарып соғатынын жазса [1, с. 528], Л.Мейер «Впрочем, у 
них  есть  некоторый  запас  эмпирических  сведений.  Так,  они  весьма  удачно 
лечат  раны  и  изломы  костей  [34,  с.  64],  -  деп  басқылардың  сынық  пен 
жарақатты жақсы емдейтінін жазады. Осыған байланысты Х. Арғынбаев: «Об 
искусстве  казахских  костоправов  (сыныкши)  с  восторгом  писали  многие 
специалисты и очевидцы [130, с. 51], - деп сынықшылардың еңбегіне жоғары 
баға берген.             
Бұл  жоғарыда  айтылған  пікірлерден  көріп  отырғанымыздай,  бақсылар 
емінің  өлімге  жеткізетін  кездері  болғанымен,  олардың  сынық  пен  жарақатты 
өте сәтті емдеген. 
О. Әлжанов бақсылардың бұрынғы кезде қоғамда жоғары орын алғанын, 
қазіргі  кезде  пайда  табу  мақсатымен  шығатынын  және  азая  бастағанын, 
халықтың  сенімінің  төмендегенін  жазса  [38,  325-326  б.],  оған  Ә.  Диваевтың 

 
55 
мына  пікіріне  сәйкес  келеді:  «Слово  «баксы»  происходит  от  джагатайского 
«бахши»,  что  означает:  лекарь,  шаман,  ворожея,  колдун  и  т.д.  Баксы 
называются те киргизские лекаря, которые имеют сношения с духами  и даже 
власть над ними. В наше время баксы уже не имеют того значения, каким они 
обладали  прежде»  [35,  231  б.],  -  деп  бұрынғы  кездегі  басқылардың  емінің 
пайдалы болса, қазір олардың емдеуінің нашарлағанын айтады.  
 «Түркістан 
уалаятының  газетінде»  «Сарттың  ішінде  ондай  қу 
молдалардың  бар  екенін  анда-санда  естуші  едім.  Сарттың  ішінде  ондай 
молдалар  бар  болса,  қазақтың  ішінде  сіздің  молдаларға  ұқсаған  біздің  бақсы 
дегеніміз  бар.  Біздің  бақсының  қылған  ісі  молдалардан  басымырақ.  Сарттың 
қатыны молдаға жүгірсе, біздің қазақтың қатыны бақсыны көрсе, жейтін асын 
тастап, бақсыға жүгіреді. Қазақтың ішінде қатынға ұқсап, бақсының қулығына 
иланып отырған еркек те жоқ емес,  - деп бақсылардың ел арасында емдеймін 
деп,  халықты  алдап,  пайда  тауып  жүргендігі  айтылса  [37,  352-353  б.],  «Дала 
уалаятының  газетіне»  шыққан  «Тәуіптер  мен  бақсылар»  атты  мақалада 
бақсылардың, қашқын ноғайлардың қазақтарды әдейі пайдаланып, байымаққа 
шыққандығын, 
докторлардың 
дәрісі 
қуатсыздығын, 
ауруға 
шипа 
болмайтындығын айтып, қазақтарды сендіретіндігін айтады [38, 325-326 б.].  
«Қазақ»  газетінде  шыққан  мақалада  «бақсыларының,  емшілерінің емінен 
пайдасы аз болғанда, зияны да аз болушы еді. Емшілердің орнын ноғайлардан, 
сарттардан, башқұрттардан, басқалардан шыққан алдауыш емшілер алды [131, 
1  б.],  -  деп  ноғай,  башқұрт  емшілердің  зиянды  әрекеттерін  әшекерелесе,          
М.  Малдыбаев:  «Қазақ  арасында  жүрген  дәрігер,  балгер,  құмалақшы,  бақсы, 
үшкіргіш,  түкіргіштердің  бәрі  дәрігер  емес.  Олар  ...  жалпаншы,  халықтың 
түбіне  жетуші,  өзінің  файдасы  үшін  жұртты  құрбан  етуші.  Біз  ондайлардың 
һеш біріне дұшмандығымыз жоқ. Бірақ оларға жақсы көрінеміз деп халықтың 
көрген  зиянын  айтпауға  шамамыз  келмейді.  Біреудің  көзіне  ақ  түссе,  сүзек 
болса,  ревматизме,  құсу,  бас  айналу,  тері  ауруы  түлесе  қандай  ауру  болсын 
үшкірмей  семіз  түбімен  қақпай  күшала,  алмас  сықылды  у-дәрі  бермей 
қалмайды.  Ауырған  кісінің  жаны  тәтті,  қос  аттап  қара  қожа,  ақ  молданы 
алдырады.  Молда  ...  шеті  жімтірленіп  біткен  май-май  қара  кітабын  қолына 
алып  аурудың  жайын  кітабынан  қарай  бастайды.  «Айхай!  Құдай  жәрдем 
берсін»  деп  тұнжырап  анда  санда  бір  жауап  беріп  үйдің    зәресін  ұшырады. 
Қорқып отырған үйдің іші молдаке осы аурудан жазылса мал жанымыз аяусыз. 
Кітабыңызға көрінгенін айта көріңіз, деп қалбырақтай бастайды», - деп бақсы-
балгерлердің,  молдалардың  өзінің  пайдасы  үшін  жұртты  құрбан  ететіндігін, 
надан  дәрігерге  емес,  доктор  мен  фельдшерлерге  қаралу  керектігін  айтады. 
Бірақ  адамдардың  надан  дәрігерге  емделуді  тоқтатпайтын  болса,  таусылып 
бітеміз [132, 221-232 б.], - деп жазады. 
«Қазақ»  газетінде  бақсы-балгерлердің  елге  тигізіп  жүрген  зиянын,  оны 
тоқтатуға  байланысты  «Қазақ»  газетінен  ақыл  сұрастырған  Торғай 
қазақтарына  жауап  жазып,  бақсы-балгердің  қазақ  арасына  тарауының 
себептеріне: қазақтардың надандығы мен қазақтардың арасында дәрігерлердің, 
фельдшерлердің  және  ауруханалардың  жоқтығын  жазса  [133,  3  б.],  бақсы-

 
56 
балгерлерден  құтылудың  жолына  Ғ.  Қараш  халықтың  ұл-қызы  сауаттанса, 
надандықпен келген ғадеттің жоғалатынын айтады [21, 186 б.].            
С.  Садуақасұлыов  «Нужды  аулы  (Очерки  киргизской  жизни)»  (1919) 
еңбегінде:  «Обычно  знахарь-лекарь  соединял  в  себе  и  знахаря-предсказателя.  
Знахари,  смотря  по  «специальности»  носили  разные  названия:  «кумалакши», 
«тамырчи»,  «ктаб  котергиш»,  «жауырынчи».  Лекарства,  приписанные 
больным,  представляли  из  себя  смесь  ядовитых  средств,  как  киноварь, 
мышьяк,  сулема  и  т.п.  Пользуясь  невежеством  киргиз  «табибы»  обирали 
обильную  дань  за  свое  часто  вредное  лечение  [134,  14  б.],  -деп  зиянды 
әрекеттерін айқын көрсеткен.  
Бұл үзінділерден байқап отырғанымыздай, алғашқы кездері бақсылардың 
халықты  жақсы  емдегені  айтылса,  кейіннен  олардың  білімінің  нашарлап, 
халықты алдап, өздерінің күнін көру үшін ноғай, башқұрт бақсы-балгерлерінің 
емдеумен  айналысып  жүргендігін,  содан  халықтың  көптеген  зардап  шегіп 
отырғандығын жазады.  
ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы ауруханалар 
мен дәрігерлер туралы айтатын болсақ, бұл да осы кездегі өзекті мәселелердің 
бірі  болған.  Себебі,  ол  уақытта  дәрігерлер  мен  ауруханалар  Қазақстанда 
жоқтың  қасы  болатын.  Оған  мысал  ретінде  бір  ғана  Орал  облысын  алатын 
болсақ,  оған  мынадай  мәлімет  дәлел  болады:  «Въ  1895  году  было  врачей:  а) 
гражданскаго  ведомств:  областной  врачебный  инспекторъ,  Уральскій 
городовой  врачъ,  уездные  врачи:  Уральскаго,  Калмыковскаго,  Гурьевскаго  и 
Темирскаго уездовъ, врачъ киргизской общественной больницы, учрежденной 
въ  память  событія  М.В.Д.  испр.должн.сельскаго  врача,  врачъ  20-го  участка 
Рязанско-Уральской  железной  дороги  и  два  врача,  командированные 
медицинским  департаментомъ  въ  г.Уральске  для  борьбы  съ  дифтеритомъ, 
одинъ  съ  января  по  май  месяцъ,  а  другой  съ  5-го  декабря  1895  г.,  а  всего  11 
врачей и б) военаго ведомства: всего 13 врачей. Всехъ же врачей въ Уральской 
области было 24, а вместе съ вольнопрактикующею въ г.Уральске женщиной-
врачемъ  25.  повивальныхъ  бабокъ  въ  отчетномъ  году  состояло  10;  изъ  нихъ 
гражданскаго  ведомства  4,  военнаго  ведомства  –  войсковыхъ  4  и 
вольнопрактикующихъ 2.  
Въ отношеній къ числу населенія одинъ врачъ приходится более чемъ на 
20 тыс. жителей [39, с. 3]. 
Бұл  үзіндіден  байқап  отырғанымыздай,  қазақ  жеріндегі  дәрігерлер  саны 
жоқтың  қасында.  20  мың  адамға  бір  дәрігердің  келуі  ХІХ  ғ.  аяғындағы 
Қазақстандағы  денсаулық  сақтау  ісінің  қаншалықты  төмен  дәрежеде 
дамығандығын  көруге  болады.  Әрине,  дәрігерлердің  өте  аз  болуы,  қазақ 
халқының 
бақсы-балгерлер 
мен 
молдалардың 
емдерін 
қабылдауға 
итермелейді.  
Сонымен  қатар  ХІХ  ғ.  екінші  жартысынан  бастап  қазақ  жеріне  айдалған 
революционерлердің  өмірі  мен  қызметін  жан-жақты  зерттеген  В.З.  Галиевтің 
еңбегінен  мына  мәліметті  оқимыз:  «Таким  образом,  первая  группа  медиков-
казахов  появилась  в  Казахстане  в  70–90-х  годах  ХІХ  века.  Их  медицинская 
деятельность  и  формирование  мировоззрения  протекали  в  значительной 

 
57 
степени  под  воздействием    представителей  революционного  народничества. 
Врачи-народники  активно  участвовали  в  оказании  медицинской  помощи 
населения  Казахстана.  Рискуя  собственным  здоровьем  и  жизнью,  они 
принимали  участие  в  борьбе  с  различными  эпидемиями.  Более  того,  очень 
часто  революционные  народники  заведовали  больницами,  амбулаторными 
пунктами, заботились о расширении сети лечебных учреждений, о снабжении 
их  медикаментами,  увеличении  количества  больничных  коек,  улучшении 
медицинского обслуживания [118, с. 150]. 
Яғни,  үзіндіден  көріп  отырғанымыздай,  ХІХ  ғ.  70-90-шы  жылдарында 
ғана  алғаш  қазақ  дәрігерлері  жоғары  оқу  орындарын  бітіріп,  халқына  қызмет 
ете  бастаған.  Медициналық  көмектің  өкімет  тарапынан  өте  аз  көрсетілуі, 
мамандармен,  әсіресе  қазақ  дәрігерлермен  қамтылмауы,  оларға  төленетін 
жалақы  мөлшерінің  де  аздығы,  осы  уақыттағы  халықтың  денсаулық  сақтау 
ісінің нашар дамығандығын көрсетеді.  
Қазақтың  тұрмыс  деңгейі,  шаруа  жағдайы  оның  денсаулығына  да  үлкен 
әсер  еткені  белгілі.  Ауылды  жерлерде  аурухана,  маман  дәрігерлер 
қасқалдақтың  қанындай  қат  еді.  Сол  себепті  халық арасында  әртүрлі  аурулар 
көп болды. Бұл үлкен әлеуметтік мәселе, мамандығы жағынан дәрігер болмаса 
да,  табиғатында  ағартушы  А.  Байтұрсынұлының  назарынан  тыс  қала  алмады. 
Осы  тақырыпқа  1913  жылы  жазған  «Ауру  жайынан»  атты  алғашқы 
мақаласында тығырықтан шығар жолды ол тәннің тазалығы, бағымның жақсы 
болуынан  іздейді.  Бағымның  жақсы  болуына  керек  нәрселер  деп:  жағымды 
тамақ, жайлы орын, таза ауаны ұсынады. Ал «Тәні саудың – жаны сау» (1922) 
мақаласында  «Қайғысыз  қара  суға  да  семіреді»,  «Бір  күн  ашыққаннан  қырық 
күн  ақыл  сұрама»,  «Мастық  не  дегізбейді,  аштық  не  жегізбейді»,  «Бірінші 
байлық – денсаулық...» сияқты қазақ мәтелдерінің философиялық мәнін талдай 
отырып,  ол  денсаулықтың  қоғамдағы  орнына  тоқталады.  Тән  мен  жан 
сабақтас,  екеуі  бірінен-бірі  айырғысыз.  Тәнсіз  жан  жоқ,  жансыз  тән  тұра 
алмайды.  Сондай  біріне-бірі  байлаулы,  айырғысыз  нәрсе  болған  соң,  бірінің 
жайына  бірі  қарайды,  біріне  келген  кемшілік  екіншісіне  білінбей  қалмайды 
дейді. Тәні де, жаны да сау, яғни ауырмайтын, денсаулығы мықты халық қана 
жақсы еңбек етеді, ғылыммен, өнермен шұғылданады деп атап көрсетеді [174, 
63-64 б.]. 
Сонымен  қатар  Г.А.  Митеревтің  мәліметі  бойынша  1913  ж.  Қазақстан 
ауруханаларында  туберкулезді  емдейтін  пункттер  мүлдем  жоқ  болса,  ал 
қалалы  жердегі  ауруханалардағы  төсек  орындарының  саны  1410,  ауылды 
жерлерде оның саны 300-ді құраған. Ал дәрігерлердің саны бар болғаны – 196 
адам болған [57, с. 95-96]. Бұл жерден көріп отырғанымыздай, дәрігерлер мен 
ауруханалардағы төсек орындарының саны өте аз болған. 
Ә.  Бәкір  қазақ  зиялыларының  әлеуметтік  мәселелерге  байланысты 
көзқарастарын  зерттей  келе  былай  дейді:  «Міржақып  Дулатұлы  сонау  1913 
жылдары-ақ  қазақ  елінде  жаратылыс  ғылымының  кеңінен  дамуын,  ел  ішінде 
аурудан  сақтанатын  жолдарды  білуді,  халықтың  денінің  сау  болуын  аңсады. 
Осы  мәселеге  арнап  жазылған  «Аурудың  аз  болуына  не  керек?»  деген  үш 
мақалада  автор  қазақ  қауымына  жаратылыстану  (дүние)  ғылымының 

 
58 
қажеттілігін  насихаттайды.  Ол  бұл  ғылым  көбірек  дамыса,  жақсы  тәртіптер 
орнай бастаса, сол арқылы әрбір адам жұғатын аурулардан сақтанудың жолын 
білсе,  қараңғы  жарық  болып,  надандықты  ғылым  жеңіп,  біздің  жұртқа  да 
денсаулық,  бақыт,  байлық  заманы  бірте-бірте  туар  еді  деп  армандайды.  Ел 
ішіндегі  сүзек  ауруының  зардаптарын,  ауруханалардың,  докторлар  мен 
фельдшерлердің  жоқтығын  айтады.  Ол  халықтың  денсаулығы,  оларды 
жұқпалы  аурулардан  сақтандыру  туралы  «Қазақ»  газетінде  тұрақты 
жазылғанымен,  халық  арасында  тұрмыс  мәдениетінің  төмендігінен  еш 
нәтиженің болмай отырғанына тоқталады. Сондықтан халыққа айтылған әрбір 
сөз осындай бос «сөз» болып, қағаз бетінде қала беретін болса, біз қашан жұрт 
боламыз деп налиды» [174, 79-80 б.] 
Қазақ докторы Д. Күспеқалиев Самарада 1914 ж. 1-9 наурыз аралығында 
болған  облыстық  съезде  баяндама  жасап,  онда  Оралдағы  ауруханың  аздығы, 
дәрігерлердің  аздығы,  халықты  емдеу  мәселелерін  көтереді.  Ол  баяндама 
бойынша:  «Орал  облысының  жері  статический  комитеттің  есебі  бойынша 
224 936  шаршы  шақырым,  қазағы  481067  адам.  Орал  облысының  4  уезінде 
бұрын  бір-бірден  ғана  уездной  врач  (доктор)  бар  еді,  бұлардың  қасында  бір 
фельдшер,  бір  кіндікші  әйел  һәм  бір  неше  шешек  егушілер  болушы  еді. 
Жымпитыда қазақ ақшасына салынған 25 кроватты бір аурухана бар.  
1907-інші  жылы  Гурьевте  һәм  сонымен  бір  кезде  Қаңбақтыда  һәр  бірі  10 
кроватты  аурухана  ашылды.  1908  жылы  30  кроватты  қазақ  земский 
ауруханасы ашылды». Бұдан көріп отырғанымыздай, Орал облысының жерінің 
көлемінің үлкендігіне қарамастан, ауруханалардың тіпті аз болғаны. Ал бұл өз 
кезегінде халық денсаулығына көңіл бөлінбей жатқандығын көрсетеді.  
Дәрі-дәрмектің  өте  тапшылығынан,  жергілікті  халықтың  көбіне  тамыр 
дәрі пайдаланатынын қазақ зиялылары өз мақалаларында жазады [135, 4 б.]. 
Ж. Сейдалин 1913 жылғы «Тағы да сиез һақында» атты мақаласында қазақ 
арасындағы  арурулар  туралы  былай  деп  жазады:  «Қазақты  сифилис  ауруы 
жайлаған,  барлығы  бұзықтыққа  айналған,  олардың  арасында  әр  түрлі  қотыр 
аурулары таралған деп айыптасады. 
Иә,  оларды  кім  емдейді?  Балгерлер,  бақсылар,  алдауыштар  школ  жаман 
деп  қайғырысады.  Иә,  оларды  кім  оқытады?  Басына  сәлде  орауға,«шәкіртпін» 
деуге ерінбеген жанның бәрі оларды оқытады. Қалай оқытады? Біреу орманға, 
біреу  отынға  дегендей.  Белгілі  програм  жоқ,  тексеру  жоқ,  қазақтың  тіршілік 
интересіне  қорған  болып  кім  тұр?  Қазақты  бөтендердің  жәбір-жапасынан  кім 
қорғайды?  [136,  117  б.],  -  деп  қазақтардың  арасында  таралған  аурулардың 
себептерімен қоса, ауру адамдарды емдейтін мамандардың жоқтығын да ашып 
көрсетеді.  
1913-1914  жж.  дәрігерлердің  өте  аздығы  мен  ауруханалардың  жоқтығын 
[135,  4  б;  137,  1  б.],  дәрігерлерге  берілген  жалование  өте  аз  болғандықтан 
дәрігерлер  табу  тым  қиындығын,  әсіресе,  дәрігерлердің  орны  қазақ  арасында 
бос  тұратыны    жазылған  [113,  2  б.].  Оны  мына  мысалдан  көруге  болады: 
«Торғай  уезінде  100  мыңнан  астам  жаны  бар  елге,  150  мың  шамалы  шаршы 
шақырым жерде, бір ғана доктор бар. Елдің шеті доктор тұрған қаладан 400-500 
шақырым.  Әрине  бұл  қазаққа  жоқ  доктор  [131,  1  б.],  -  деп  дәрігерлердің 

 
59 
аздығын  айтады.  Осыған  байланысты  М.  Қойгелдиевтің  Жетісу  облысының 
дәрігерлік  қызметіне  байланысты  айтылған  пікірі  жоғарыда  айтылған  қазақ 
зиялыларының  пікірлерін  дәлелдей  түседі.  Ол:  «Қорыта  айтқанда, 
өркениеттіліктің  негізгі  белгілерінің  бірі  болып  табылатын  дәрігерлік  қызмет 
Жетісу облысында біз қарап отырған мезгілде бар болғаны бастапқы қалыптасу 
кезеңінде  тұрды  және  негізінен  қоныс  аудара  келген,  сондай-ақ  патшалық 
биліктің әлеуметтік тірегі болған еуропалықтарды қамтыды [138, 128 б.], - деп 
1917  жылға  дейін  денсаулық  сақтаудың  басты  тірегі  –  дәрігерлік  қызметтің 
нашар дамығандығын жазады. 
Әрине,  дәрігерлік  қызметтің  нашар  дамуының  басты  себебі  –  дәрігер 
мамандардың  жетіспеушілігі  болатын.  Соның  ішінде  қазақтан  шыққан 
дәрігерлер  өте  аз  болатын.  Оны  біз,  Б.А.  Кенжетаевтың  зерттеу  еңбегінен 
көреміз.  Ол  жоғарғы  оқу  орындарын  бітірген  қазақтарды  жаза  отырып, 
мынадай  мәлімет  береді:  «Императорлық  Қазан  университетін  бітірген 
қазақтардың  тізімін  келтіріп,  1887-1917  жж.  аралығында  заңгер  мамандығы 
бойынша  14,  ал  медицина  мамандығы  бойынша  –  6  адам  бітіргенін,  олар:      
«А. Алдияров, Г. Арынғазыев, И. Қашқынбаев, М. Қарабаев, М. Шомбалов, М. 
Шолтыров» [75, 1-қосымша], - деп алғашқы қазақ дәрігерлерін атап өтеді. 
«Ескі  басқару  орындарын  жойып,  жаңа  мекемелер  ашу  туралы 
редакциялық  «Жаңа  тәртіпке  келіссіз  мекемелерді  жоғалту»  атты  мақалада: 
«Қазақ  ішінде  неше  түрлі  жұқпалы  аурулар  жайылғандықтан  адам  өлімі 
көбейіп,  өсім  азайды.  Бұл  жәйді  біле  тұрып,  дәрігерлер  қазақтың  ауруларын 
бағып  қақпады.  Көріне  қашып,  аулақ  жүрді.  Дені  сау  халықтың  рухы  да  сау 
болатынын көздеп, сиез мынандай қарау қылды: 
1.  Бостандық  тиген  жұртқа  дәрігерлік  көпке  бірдей  бос  болсын.  Халыққа 
дәрігердің жәрдемі тиген болсын.  
2. Дәрігерлік орындар халықтың ішінде жоқ жерде ашылсын.                       
3. Әр бес облыстың ортасынан бір аурухана ашылып, 3 фельдшер тұратын 
орындар  болсын.  Ол  орындарды  ашылған  доктор,  фельдшер  әйелдер 
қарастырып тұрсын.              
4. Бір облыста 3 доктор тұратын ұйым  (мекеме) ашылсын [136, 377 б.], - 
деп жазады.                    
Сонымен  қатар  С.  Садуақасұлыұлының  еңбегінен  мына  үзіндіні оқимыз: 
«В  1909  г.    в  Акмолинской  обл.  с  пространством,  равным  4702200  кв.  верст 
было для всего населения (исключая казаков) 9 больниц, а к 1 января 1919 г., 
т.е.  через  15  лет,  насчитывалось  уже  28  врачебных  участков  и  61 
фельдшерский  пункт.  Безусловно,  увеличение  порядочное,  но  отсюда  нельзя 
заключить,  что  в  отношении  медицинской  помощи  население  в  достаточной 
мере обеспечено и по прежнему ощущается острая нужда в опытных врачах и 
фельдшерах,  а  главное,  в  необходимых  медикаментах  [134,  с.  14-15],  -  деп 
дәрігерлер  мен  дәрілердің  қажеттігін  жазса,  Қ.  Кемеңгерұлы:  «Осы  уақыта 
шейін  екпінді  түрде    елге  арналып  істелген  денсаулық  сақтау  жұмыстары 
болған  жоқ.  Ауру  қарайтын  көшпелі  отрядтар  өткен  жазда  ғана  тұңғыш 
шыққандығын,  уезде  ашылған  пункттердің  бәрі  орыс  поселкелерінде  деуге 
болатындығын  [22,  168  б.]  жазады.  Бұл  қазақ  жерінде  ауруханалардың  аздық 

 
60 
ететіндігін, халық көшпелі өмір сүргендіктен, оларға арнайы көшпелі отрядтар 
шыға  бастағандығын  көрсетеді.  Осы  көшпелі  отрядтарға  байланысты               
Ұ. Құлымбетұлы: Республикада 321 адам жататын 166 бәлнес бар. Мұның көбі 
қалада,  ауылда  өте  аз.  Саны  едәуір  болғанмен,  елдің  осыдан  пайдалануы 
нашар. 
Соңғы сандарға қарағанда, саулық сақтау мекемелері 1925-жылдан бастап 
қазақ  ауылдарына  бет  бұрған.  Бұл  жөнінде  Қазақстандық  ден  саулық 
комиссариатының қолданып отырған бір шарасын айтпай кетуге болмайды, ол 
елге  экспедиция  шығаруы.  Біз  ел  еңбекшілеріне  ауруыңды  бақсыға  көрсетпе 
дейміз.  Оны  істету  үшін  елге  шыққан  экспедицияның  елде  көбірек  болуы 
керек.  Елді  тегіс  аралап  үгіттеп  түсіндіруі  керек.  Егер  бұл  істелмесе,  ел 
еңбекшілері еріксіз бақсы-балгерді таппақшы [51, 12 б.], - деп жазады. 
Дегенменде  мұндай  көшпелі  отрядтар  уақытша  болғандықтан  барлық 
ауылдарды  толығымен  қарай  алмайтын,  оның  себебі  ауылдардың  шалғайда 
орналасқандығы себеп болса, сонымен қатар олар  көшіп-қонып жүргендігі де 
болатын.  Себебі,  олар  жаз  жайлауға,  қыс  қыстауға  көшкен  кездерде  олар 
ауылдарды  таппай  қалатын  болған.  Әрине,  көшпелі  отрядтар  көшпелі  өмірге 
лайықты  болғанымен,  оның  да  өз  кемшіліктері  болған.  Ал  көшпелі 
отрядтардың  кейбір  ауылдарға  жетпеуі  немесе  ауруханалардың  өте  алыс 
болғандығынан  халық  әрине,  бақсы-балгердің  емін  қолданбасқа  шарасы 
қалмайды.  
Сонымен  бірге  доктор  Х.  Досмұхамедов  «Как  бороться  с  чумой  среди 
киргизского  населения»  (1924)  қазақ  жерінде  оба  ауруының  аяқ  астынан 
шығуына  байланысты  халықты  осы  аурудан  сақтанудың  жолдарын  айтып 
арнайы еңбек жаза отырып, оба ауруымен жоспарлы түрде күрес жүргізу үшін 
уақытша  жіберілетін  мамандар  емес,  жергілікті  халықтан  шыққан  тұрақты 
медициналық мамандардың керектігін айтады [18]. 
Т.  Рысқұлов  «Современный  Казакстан»  (1926)  еңбегінде:  «В  области 
здравоохранения  больным  местом  является,  опять-таки,  разбросанность 
территории. Сеть врачебных пунктов и больниц не может охватить населения и 
расположенабольше  в  городах  и  населенны  пункта.  По  данным  1924  г., 
имеющаяся  сеть  в  деревне  могла  удовлетворитьтолько  1/5  часть  потребности 
(нормы),  а  в  казакской  части  –  1/8,  тогда  как  городские  потребности 
удовлетворялись нормально. Одним из бичей является малярия, составляющая 
65  %  все  заболеваний  (заразных)  в  КССР.  Врачебных  участков  в  КССР  (в 
прежних граница) имелось на 1924 г. – 55, фельдшерских –  231.  В городах на 
одного  врача  приходилось  1502  человека,  а  в  аулах  и  селах  –  60374  чел.,  а  на 
одного фельдшера в города – 1802 чел., и селах и аула – 9212 чел., а на 1/І 1927 
г.  Врачебных  пунктов  было  всего  по  Казакстану  в  сельских  местностя  115,  из 
них 80 больничные, остальные амбулаторные. Фельдершских пунктов – 229. По 
кочевой  части  населения  с  делом  врачебной  помощи  обстоит  очень  тяжело. 
Есть  районы,  которые  совершенно  не  имеют  возможности  получить  таковую 
помощь. 
Охрана материнства и младенчества тоже охватывает почти только горда, но 
в села и особенно аулы еще не распространила свеой деятельности. 

 
61 
Санитария и санитарное просвещение тоже пока являются делом городским. 
Дело  Физкультуры  развивается  среди  казакской  части  населения  больше  в 
среде учащихся» [45, 118 с.]. 
Ал  өкіметтің  Қазақстандағы  ауруларды  емдеуге  бөлінген  ақшалай 
көмегіне назар аударсақ. Ә. Бөкейхан  «Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, 
Сырдария,  Ферғана,  Самарқан  облыстарында  бұл  күнде  халық  саны  7 
миллионнан  асады,  осы  жеті  миллион  жұрт  шешекке  қарсы  қам  қылғандағы 
шығыны 14 490 сом. Бұл кісіге бір сомнан келеді. Уфа губерниясында шешек 
шығыны адам басына 1 сомнан» [11, 131-132 б.], - деп жаза келе, земство құру 
керектігін  айтса,  С.  Садуақасұлыұлы  да  халыққа  көмек  көрсету  үшін  тек  
земствоға үміт артуға болатынын  айтады [134, 16 б.].  
В.З. Галиевтің кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі Қазақстандағы денсаулық 
сақтау  ісінің  жай-күйі  туралы  мына  пікіріне  назар  аударсақ:  «Разительны 
успехи  здравохранения  нашей  республики.  Если  врачи  и  фельдшера  еще  в 
начале  века  были  разбросаны  на  ее  огромной  территории  единицами,  а  один 
врач  приходился  на  60-80  тысяч  человек  с  радиусом  обслуживания  до  800 
верст,  то  теперь  в  Казахстане  действуют  1695  больниц  и  2366  амбулаторно-
поликлинических  учреждений.  Полностью ликвидированы  такие болезни, как 
дифтерия,  корь,  дизентерия,  брюшной  тиф.  На  страже  здоровья  людей  стоят 
47776  врачей.  Это  в  расчете  на  10  тясыч  жителей  в  сто  раз  больше  по 
сравнению с дореволюционным периодом. 
Охрану  здоровья  детей  и  матерей  осуществляет  широкая  сеть  женских 
консультаций,  родильных  домов,  детских  больниц  и  поликлиник.  Почти  во 
всех областных центрах созданы отеделния десткой хирургии, пульмонологии, 
аллергологии,  неврологии,  патологии  новорожденных  и  выхаживания 
новорожденных  детей  и  т.д.  для  оказания  профилактической  помощи 
женщинам  и  детям,  проживающим  в  сельской  местности,  созданы  142 
передвижных  женско-детских  консультаций»  [118,  с.157],  -  деп  денсаулық 
сақтау  ісінің  жақсарғандығын  жазады.  Әрине,  кеңес  өкіметі  тұсында 
денсаулық сақтау  ісіндегі жеткен жетістіктерді де айтып өту  керек. Дегенмен 
бұл әлі де болса қазақ медицинасын дамыту қажеттігін, көңіл бөлу керектігін 
көрсетеді. Оған мысал ретінде Қазақстандағы денсаулық сақтау мекемелерінің 
жағдайы  туралы  Ұ.  Құлымбетов  жасаған  баяндамасынан  үзінді  келтірсек: 
«Республикада 321 адам жататын 166 бәлнес бар. Мұның көбі қалада, ауылда 
өте аз. Саны едәуір болғанмен, елдің осыдан пайдалануы нашар. 
Соңғы сандарға қарағанда, саулық сақтау мекемелері 1925-жылдан бастап 
қазақ  ауылдарына  бет  бұрған.  Біздің  жоспарымыз  бойынша  ден  саулық 
жөніндегі жәрдемнің көбі қазақ еліне берілмекші. Денсаулық сақтау орындары 
көбейтілсе, қазақтар үшін көбейтілмекші. 
Бұл  жөнінде  Қазақстандық  ден  саулық  комиссариатының  қолданып 
отырған  бір  шарасын  айтпай  кетуге  болмайды,  ол  елге  экспедиция  шығаруы. 
Экспедициялардың  елді  зерттеп  әкелген  мағлұматтарын  қорытсақ,  бірталай 
жұмыс  істегендігі  көрініп  тұр.  Біз  ел  еңбекшілеріне  ауруыңды  бақсыға 
көрсетпе  дейміз.  Оны  істету  үшін  елге  шыққан  экспедицияның  елде  көбірек 
болуы керек. Елді тегіс аралап үгіттеп түсіндіруі керек. Егер бұл істелмесе, ел 

 
62 
еңбекшілері  еріксіз  бақсы-балгерді  таппақшы.  Сондықтан  бұдан  былайғы 
біздің  міндетіміз  –  жоспар  түзеп  экспедицияға  елді  көбірек  аралатып,  әр 
аурудың түрі туралы елге толық түсініс беру» [51, 11-12 б.].  
Сонымен,  бұл  жерден  байқап  отырғанымыздай,  ауруханалардың 
салынуына  қарамастан,  шалғай  жерлерге,  көшпелі  ауылдарға  экспедициялар 
шығару  да  көзделген  екен.  Дегенмен  бұл  жағдайлар  денсаулық  сақтау  ісінің 
дұрыс жолға қойылмай жатқандығының айқын көрінісі болса керек. 
Біздің  бұл  пікірімізге  Н.  Нұрмақовтың  мына  пікірі  дәлел  бола  алады: 
«Бәлнесте  жатып  қарататын  бір  орынға  қанша  адамнан  келетіндігін  мынадан 
көруге  болады:  Қырымда  –  414,  Дағыстанда  –  1900,  чувашта  –  782, 
Татарстанда – 786, Башқұртстанда – 836, Қазақстанда – 2400 адам, деп Ресей 
үкіметінің Қазақстанға жеткілікті көңіл бөлмей келгендігін айтады [25, 119 б.]. 
Бұл  үзінділерден  көріп  отырғанымыздай,  Қазақстандағы  денсаулық  сақтау 
ісіне дұрыс көңіл бөлінбегендігін көрсетеді.   
Сонымен  жоғарыда  айтылған  қазақ  зиялыларының  пікірлеріне 
қорытынды жасар болсақ: 
-  ХХ  ғ.  басында  жарық  көрген  қазақ  зиялыларының  еңбектерінде 
қазақтардағы  аурулардың  шығуының  маңызды  себебі  ретінде  көшпеліліктен 
отыршылыққа  көшуі  мен  тазалықтың  аздығынан  деп  ашып  көрсетсе,  тағы 
басқа  себептеріне  халықтың  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты  болатын 
ауруларды көрсетеді; 
- Қазақтарда аурулардың таралу себептеріне жан-жануарлардан ғана емес, 
салт-дәстүрге де байланысты таралатындығын айқындап көрсетеді; 
-  Бақсы-балгерлердің  емдері  алғашқы  кездері  жақсы  болғандығын  жазса, 
кейінгі  уақытта  олардың  емдерінен  аурулардың  күні  бұрын  қайтыс 
болатындығын  көрсетеді.  Мұның  бірнеше  себептерін  көрсетеді,  бірі  –  бақсы 
балгерлердің  білімінің  аздығы,  тіптен  жоқтығынан  десе,  екінші  себебіне  – 
бақсылардың  татар  сияқты  басқа  ұлттардан  пайда  табу  мақсатымен  жұртты 
алдап ем жүргізгендігінен деп жазады; 
- халық емшілігінің зиянды жақтарымен қатар, пайдаға жарайтын жағы  – 
бақсы-балгерлердің  шебер  сынықшы  болғандығын,  олардың  шеберлігін  орыс 
дәрігерлерінің мойындайтындығын анықтады; 
-  Зиянды  емдеулерден  құтылудың  бірден-бір  жолына  халықтың  сауатын 
ашып, дәрігерлер санын көбейту керектігін айқындайды; 
-  Зиялылар  халық  арасында  бақсы-балгерлердің  көмегіне  сүйенудің 
азайғандығы  туралы  жазғанына  қарамастан,  денсаулық  сақтау  орындарының, 
дәрігерлер мен фельдшерлердің қазақ халықына өте тапшы болуы себепті, ХХ 
ғ.  30-шы  жылына  дейін  бақсылар  мен  тәуіптердің  емінің  пайдаланылып 
отырғандығы айтылды; 
-  Ауруханалардың  аздығынан  және  қазақ  ауылдарының  шалғайлығына 
байланысты  1925  жылдан  бастап  қана  дәрігерлер  мен  фельдшерлерден 
құрылған көшпелі отрядтар ұйымдастырғандығын жазады; 
- ХХ ғ. 20-шы жылдарының соңында да Қазақстандағы денсаулық сақтау 
орындары  мен  дәрігерлер  санының,  әсіресе  қазақтан  шыққан  мамандардың 

 
63 
аздық  ететіндігін  айта  келіп,  Ресей  үкіметінің  денсаулық  сақтау  ісіне 
жеткілікті көңіл бөлмей отырғандығын ашып көрсеткен. 
ХІХ  ғ.  ІІ  жартысы  –  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  денсаулық  сақтау  
ісіне  байланысты  қазақ  зиялыларының  еңбектерін  талдау  барысында 
Қазақстандағы  аурулардың  шығу  және  таралуының  себептеріне  халықтың 
отырықшылыққа көшірілуі ғана емес, Ресей мен көрші елдерден шаруалардың 
көптеп көшіп келуі де жатты. Себебі, ол елдерден көшіп келгендер өздерімен 
қоса  әртүрлі  жұқпалы  аурулар  да  таралатын.    Сонымен  қатар  халықтың 
жеткілікті  дәрежеде  тазалықты  дұрыс  сақтамауы  және  әлеуметтік  жағдайдың 
төмендігі  де  әртүрлі  жұқпалы  аурулардың  таралуына  әсер  етті.  Маман 
дәрігерлердің  жетіспеуі  салдарынан  бақсы-балгерлердің  емі  кеңінен 
пайдаланылса, оның да өз кезегінде зиянды және пайдалы жақтары да болды. 
ХХ  ғ.  30-шы  жылына  дейін  де  жергілікті  халықтың  бақсы-балгерлердің 
көмегін пайдаланып  отыруы  –  қазақ  дәрігерлері мен  емдеу  орындарының  әлі 
де болса аз екендігін, ал ол өз кезегінде Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің 
нашар дамығандығын көрсетеді.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал