Байдавлетова мадина досбергеновна



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қорғауға  ұсынылатын  негізгі  тұжырымдар.  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  – 
ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы  Қазақстандағы  этноәлеуметтік  және 
этномәдени мәселелер байланысты қазақ зиялыларының көзқарастарын талдау 
нәтижесінде қорғауға төмендегідей тұжырымдар ұсынылады: 
- тарихымыздың аса күрделі кезеңдерінің бірінен саналатын ХІХ ғ. екінші 
жартысынан  ХХ  ғ.  басындағы  әлеуметтік  және  мәдени  мәселелерге  ұлт 
зиялыларының  көзқарастары  кеңестік  және  тәуелсіз  Қазақстан    кезеңдерінде 
жарық көрген зерттеулермен салыстырмалы түрде жан-жақты талданды; 
-  Ұлы  жүзді,  Орта  жүзді  және  Кіші  жүзді  құрайтын  қазақ  ру-
тайпаларының  құрылымы  туралы  ұлт  зиялылары  дұрыс  және  шынайы 
қорытындылар  жасаған.  Олардың  көзқарастары  қазіргі  кезде  жарық  көрген 
ғылыми зерттеу қорытындыларымен сәйкес келеді. 
-  қазақ  ру-тайпаларының  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  алғашқы 
онжылдықтары аралығындағы орналасу ерекшеліктері қоғамдық саяси өмірге 
байланысты  біршама  өзгерістерге  ұшырағанымен,  негізгі  ата  қоныстары 
сақталды; 

 
15 
-  Зиялылар  еңбектерінде  талдау  жасау  барысында  Қазақстандағы 
әлеуметтік  мәселелердің  бірі  –  денсаулық сақтау  ісінің ХХ  ғ.  30-шы  жылына 
дейін жеткілікті дәрежеде дамымағандығы расталды; 
-  қазақ  әйелінің  теңдігі  сол  кезеңдегі  күн  тәртібінде  тұрған  маңызды 
тақырыптардың  бірі  екендігі  айқындалып,  олардың  сауатын  ашу  арқылы 
толықтай теңдікке қол жеткізетіндігі белгілі болды; 
-  қазақ  мәдениетінің  бір  саласы  –  алғашқы  әдебиет  кештерін  өткізудегі 
қиыншылықтар  мен  кедергілер  нақты  көрсетіліп,  ондағы  қойылымдардың 
көбеюіне  ұлт  зиялылары  өздері  белсене  араласа  отырып,  оны  дамытуға  күш 
салды.  Қазақ  жерінің  әртүрлі  қалаларында  өткізіле  бастаған  әдебиет  кештері 
кейіннен ұлттық қазақ театрына негіз қаласа, ал онда белсенді өнер көрсеткен 
қазақ өнерпаздары кейіннен бұл өнер ошағының алғашқы әртістері болды; 
-  халықты  дамытушы,  өркендетуші  негізгі  факторларының  бірі  болып 
табылатын Қазақстандағы білім беру ісіндегі қиыншылықтар – мектептер ашу, 
оқушыларға  қаржылай  көмек  көрсету,  мектептердегі  оқу  тілі  мен 
бағдарламалары зиялылар еңбектері негізінде кеңінен талданып, ХХ ғ. 30-шы 
жылына дейін де білім саласы жеткілікті дәрежеде дамымады. 
Зерттеудің  ғылыми  және  қолданбалық  маңызы.  Диссертациялық 
жұмыста қол жеткізілген ғылыми нәтижелер мен жасалған негізгі тұжырымдар 
ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы Қазақстанның 
этноәлеуметтік  және  этномәдени  тарихының  өзекті  мәселелерін  қамтитын 
зерттеу  жұмыстарының  қатарын  толықтырады.  Зерттеу  жұмысының 
нәтижелері  мен  қорытындыларын  тарих,  әлеуметтану,  мәдениеттану 
мамандықтарында элективті курстар, дәрістер мен семинар сабақтарын өткізу 
барысында кеңінен пайдалануға болады.  
Диссертациялық  жұмыстың  құрылымы  жұмысты  жазуда  алға 
қойылған  мақсат  пен  міндеттерге  байланысты  анықталды.  Зерттеу  жұмысы 
кіріспеден,  үш  бөлімнен,  қорытындыдан  және  пайдаланылған  әдебиеттер 
тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
16 

ХІХ 
Ғ. 
ІІ 
ЖАРТЫСЫ 
– 
ХХ 
Ғ. 
АЛҒАШҚЫ 
ОНЖЫЛДЫҚТАРЫНДАҒЫ 
ЭТНИКАЛЫҚ 
ҮРДІСТЕРГЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАР 
 
1.1 Қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымының зерттелуі 
Қазақ халқының аса бай тарихын білу үшін, алдымен қазақты құраған ру-
тайпалардың ежелгі тарихын зерттеу қажет екендігін бүгінгі күн талабы айқын 
көрсетіп отыр. Қазақ ру-тайпаларының құрамы, жіктелуі туралы мәліметтерді 
біз  ХVІІІ  ғасырдан  бері  қарайғы  деректер  мен  зерттеу  еңбектерінен  ала 
аламыз.  Қазақ  ру-тайпалары  туралы  алғашқы  жазбаша  мәліметтер  орыс 
саяхатшылары мен зерттеушілерінің еңбектерінде әртүрлі деңгейде қамтылып 
жазылса,  қазақ  ұлтынан  шыққан  зиялылар  да  өз  еңбектерінде  бұл  тақырыпқа 
байланысты  мәліметтер  қалдырып,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген.  Олардың 
ішінде  қазақ  тарихына,  шежіресіне  арнап  еңбектер  жазған  негізгі  авторларды 
атап  айтар  болсақ,  олар:  Ш.  Уәлиханов  (1835-1865),  Қ.  Халид,                         
Ш.  Құдайбердіұлы  (1858-1931),  Х.  Досмұхамедов,  Ә.  Бөкейхан  (1866-1937),    
М.  Тынышпаев,  және  т.б.  Мұнда  біз  үш  жүз  қазақтарының  этникалық 
құрамына  қатысты  мәліметтері  бар  қазақ  зиялыларының  еңбектерін 
қарастырамыз.  
Қазақ  ру-тайпаларының  ежелгі  заманнан  қазіргі  уақытқа  дейінгі  тарихы, 
оның ішінде олардың шежірелік тармақталуы, орналасуы және т.б. мәселелер 
бүгінгі  күнгі  өзекті  тақырыптардың  бірі.  Сондықтан  да  біз  осы  тарауда  үш 
жүзді  құрайтын  тайпалардың  құрамы  мен  құрылымы,  олардың  ХІХ  ғ.  ІІ 
жартысы  мен  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы  қазақ  зиялылары 
еңбектерінде  қаншалықты  дәрежеде  зерттелгендігін  тарихнамалық  тұрғыдан 
талдап  жазамыз.    Сол  себепті,  біздің  алдымызға  төмендегідей  мәселелер 
туындайды: 
-  Ұлы  жүз  қазақтарының  этникалық  құрамына  қазақ  зиялыларының 
көзқарастарын талдау; 
- Орта жүздің тайпалық құрылымын анықтау; 
-  Кіші  жүзге  кіретін  тайпаларды  ұлт  зиялылары  еңбектері  негізінде 
қарастыру. 
Алдымен Ұлы жүзге кіретін тайпаларға тоқталсақ. 
Қазақ ру-тайпаларының құрылымы, орналасуы және шежірелік таралымы 
туралы  мәліметтерді  біз  1835-1865  жж.  өмір  сүрген  қазақтың  біртуар 
азаматтарының бірі Шоқан Уәлиханов еңбектерінен аламыз. Оның 1985 жылы 
жарық  көрген  шығармалар  жинағына  енген  қазақ  тарихына  қатысты, 
саяхаттары  туралы  және  т.б.  көптеген  мәселелер  қатарында  Ұлы  жүзді 
құрайтын  тайпалар  жайлы  зерттеулері  берілген.  Мұнда  қазақ  тайпалары  мен 
рулары  үлкендігі  мен  күштілігіне  қарай  белгілі  бір  тәртіппен  келтірілген. 
«Шығармалар  жинағының»  бірінші  томында  былай  деп  жазылған:  «Большая 
сотня  или  как  принято  орда,  составляется  из  четырехъ  главных  основных 
родов:  дулат,  джалаир,  абдан,  и  суван,  все  они  совокупно,  виде 
нарицательного  имени,  называются  уйсун;  название,  происшедшее  от  имени 
сильного 
племени 
уйсунов, 
принадлежавших 
прежде 
к 
союзу 

 
17 
вышепоименованных родов этой орды, но впоследствии присоединившихся  к 
джунгарам  и  уйгурам;  собственно  же  остатки  их  существуют  и  ныне  и 
принадлежат в качества отделения к роду дулат и называются сары-уйсун» [1, 
с.  151].  Сонымен  қатар  ол  Ұлы  жүздің  тайпаларының  орналасуы  мен  саны 
туралы  жазғанынан  біз  ұлы  жүздің  басқа  да  тайпалары  туралы  мәліметтер 
аламыз.  Онда  былай  жазылған:  «Заилийский  край  занят  двумя  главными 
родами  Большой  Орды:  албанами  и  дулатами  с  частью  чапраштов,  никогда 
отсюда не выходивших на правый берег Или» [1, с. 180]. 
Бұл  үзіндіден  көріп  отырғанымыздай,  Ш.Уәлиханов  Ұлы  жүздің  негізгі 
дулат,  жалайыр,  албан,  суан  және  дулат  тайпасының  бір  бөлімі  сары  үйсін 
тайпаларынан  тұрады  деп  оларды  санына  байланысты  ретімен  жазады. 
Сонымен  қатар  шапырашты  тайпасының  қоныстанған  аумағын  сипаттайды. 
Біздің  бұдан  байқайтынымыз,  Ш.  Уәлиханов  дулат,  жалайыр,  албан,  суанды 
Ұлы жүздің басты тайпалары деп есептеген тәрізді.  
Қ. Халид 1911 жылы Қазан қаласының «Өркен» баспаханасынан шыққан 
«Тауарих хамса» (Бес тарих) атты еңбегінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, 
этнографиясы  туралы  құнды  мәліметтер  жазылған.  Оның  еңбегінің  маңызды 
жақтарының  біріне  қазақ  шежіресін  талдап  жазуы  жатады.  Ол  еңбекте:  «Ұлы 
жүзден  Үйсін,  Кіші  жүзден  Алшын  туады.  Үйсін  ұлдарының  ішінде 
аршындысы  Жалайыр  ...,  атағанда  аталарымен  қатарластыра  «Үйсін  – 
Жалайыр... деп қосарланып айтылады» [99, 92 б.], -деп жазады.  
Қ.Халидтың  еңбегінде  Ұлы  үздің  тайпаларына  қарағанда,  Орта  жүз  бен 
тайпалары, рулары және рулық бөлімдері жақсы қамтылып жазылған. Ал бұл 
үзіндіден көріп отырғанымыздай, Қ. Халид Ұлы жүздің тек бір ғана Жалайыр 
тайпасы туралы қысқаша жазып отыр, ал басқа тайпалар қамтылмаған.  
Қазақ  шежіресіне  арнайы  еңбек  жазған  Ш.  Құдайбердіұлының  «Түрік, 
қырғыз-қазақ  һәм  хандар  шежіресі»  атты  1911  жылы  Орынбор  қаласында 
шыққан  еңбегінде  ауызша  айтылып  келген  қазақ  шежіресін  жүйелеп,  хат 
бетіне  түсіруі  болып  табылады.  Біз  оның  1991  жылы  Алматыда  шыққан 
нұсқасын  пайдаланамыз  [4].  Ұлы  жұзді  құрайтын  тайпалар  туралы  Шәкәрім 
Құдайбердіұлы  былай  деп  жазады:  «Балқаш,  яғни  Теңіз  көліне  құятұғын 
Қаратал  өзенінен  Сырдария  һәм  Шыршық өзеніне  шейін қаңлы,  дулат  нәсілі. 
Сол  дулаттың  оң  тұс  күнбатысына  келген  көп  қаңлы  және  қаңлының 
шанышқылы  деген  табы  ұлы  жүздің  ең  көбі  дулат  болған.  Оның  ішінде 
Ботбай,  шымыр,  сиқым,  жаныс,  албан,  суан.  ...Іле  өзенінің  сол  тұс  жағында 
ескі  үйсін  нәсілінен  сары  үйсін  бар.  ...  және  ұлы  жүздің  дулаттан  соңғы  көбі 
жалайыр  болған.  Жалайыр  бұрынғы  уақытта  бек  көп  ел  болған  және  ұлы 
жүздің  шапырашты,  ысты  дегендері  Алматыға  қарайды.  Сіргелі  мен  ошақты 
Сырдарияға  жақын.  Бұл  төртеуі  қаңлыдан  шыққан  және  ұлы  жүздің  ішінде 
қоңырат бар, ол басында орта жүзде еді, өкпелеп көшіп барған» [4, 133 б.]. 
Ш.  Құдайбердіұлының  еңбегін  қарастыра  келе,  біз  зерттеушінің  Ұлы 
жүздің  тайпаларын  толықтай  атағандығын,  бірақ  оларды  шатастырып, 
тайпаларды  рулар  қатарына  қосып  жазғандығын  көреміз.  Сонымен  қатар 
қаңлы  тайпасының  құрамына  шанышқылы,  шапырашты,  ысты,  сіргелі  мен 
ошақтыны кіргізсе, ал ботбай, шымыр, сиқым, жаныс атты төрт рудан тұратын 

 
18 
дулаттың  құрамына  албан  мен  суан  тайпаларын  енгізген.  Ұлы  жүздің  негізгі 
тайпаларын  –  дулат,  албан,  суан,  сары  үйсін,  шапырашты,  ысты,  ошақты, 
сіргелі, жалайыр, қаңлы және шанышқылы құрайтындығы белгілі [100, 128 б.]. 
Әрине,  қазақ  шежіресіне  арнап  еңбек  жазған  қазақ  зиялыларының  бірі  Ш. 
Құдайбердіұлының  еңбегі  бізге  аса  құнды,  дегенмен  оның  кейбір  пікірлеріне 
сын көзбен қарады талап етеді деп ойлаймыз. 
Осы  жерде  біз,  Ш.  Құдайбердіұлының  қоңырат  тайпасының  ұлы  жүз 
құрамына  қосылған  деген  пікіріне  байланысты  М.  Тынышпаевтың  пікірін 
келтіре  кетсек.  М.  Тынышпаевтың  қазақ  тарихына  арнап  жазылған  еңбегінде 
қазақ  халқының  әртүрлі  тарихи  кезеңдердегі  тарихын  көптеген  деректер  мен 
зерттеулер  негізінде  талдай  отырып,  қоңыраттардың  Ұлы  жүзге  кірмейтіндігі 
туралы  былай  деп  жазады:  «..мнение  Гродекова  и  других,  что  конраты  из 
Средней  Орды  перешли  в  Старшую  –  неверно:  до  сих  пор  конраты  состоят  в 
Средней Орде» [50, 149-150 б.]. 
Біз  де  М.  Тынышпаевтың  осы  пікірін  қолдай  отырып,  деректер  мен 
зерттеу  еңбектері  ғана  емес,  ғасырлар  бойы  ауызша  жеткен  шежіре  бойынша 
да қоңыраттардың Орта жүздің тайпасы екендігін айтпақпыз. 
ХХ  ғ.  басында  қазақ  жері,  рулары  мен  тайпаларының  саны,  орналасқан 
аумағы  туралы  Ф.  Щербина  экспедициясына  қатысқан  қазақ  зиялыларының 
бірі  Ә.  Бөкейхан  еді.  Оның  еңбегінде  қазақ  тарихына  қатысты  мәліметер 
жазылып,  қазақ  ру-тайпаларын,  оның  ішінде  Қарқаралы,  Павлодар  және  т.б. 
уездеріндегі  ру-тайпалар  туралы  жазып,  кестесін  береді.  «Родовые  схемы» 
деген бөлімінің ХІV схемасында Ұлы жүздің  ішінде Үйсінді, одан Абақ және 
Тарақ,  Абақтан  –  Дулат,  Тарақтан  –  Жалайыр  деп,  Жалайыр  тайпасының  12 
рулық бөлімдерінің атауларын береді [11].  
Біз  Ә.  Бөкейханның  еңбегінен  Ұлы  жүздің  Жалайыр  және  Дулат 
тайпаларын  атап,  Жалайыр  тайпасының  шежірелік  таралуы  туралы  жазғанын 
көреміз.  Яғни,  ол  тек  қана  Қарқаралы  уезіндегі  Ұлы  жүздің  жалайыр 
тайпасының таралуын жазған.  
М.  Тынышпаев  өзінің  «Материалы  к  истории  киргиз-казахского  народа» 
деген  еңбегінде  қазақ  ру-тайпаларының  тарихын  ежелгі  дәуірден  бастап, 
олардың  шежірелік  тармақталуын  және  кестесін  де  береді.  Ұлы  жүзді 
құрайтын  тайпаларға  байланысты  оның  еңбегінде  былай  деп  жазылған: 
«Киргиз-казаки,  как  известно  состоят  из  трех  орд:  Старшей  (а  не  большой), 
Средней  и  Младшей  (а  не  Малой).  Старшую  Орду  составляют:  1)  уйсын 
(отделения – дулат, адбан, суан, сарыуйсын), к которому пристали чапрашты, 
ошакты,  сты  и  сргелы;  2)  джалаир,  3)  канлы,  к  которому  присоединился 
чаншклы» [50, с. 68]. 
Бұл  үзіндіден  байқап  отырғанымыз,  М.  Тынышпаев  Ұлы  жүздің 
тайпаларын үйсін, жалайыр және қаңлы деп үлкен үш топқа бөліп, Ұлы жүздің 
басқа тайпаларын осы үш үлкен бірлестікке қосып жібереді. 
 Сонымен  қатар  осы  еңбегінде  М.  Тынышпаев  үйсін,  жалайыр,  қаңлы 
бірлестіктерінің  ежелгі  замандардан  ХҮІІІ  ғ.  дейінгі  тарихын  тарихи 
зерттеулер негізінде талдап жазады. Бұл мәселе әрине, арнайы зерттеуді қажет 
ететін  тақырып.  Біздің  негізгі  зерттеу  объектіміз  Ұлы  жүздің  тайпалық 

 
19 
құрамын  анықтау  болғандықтан,  біз  тайпалардың  шығу-тегі  мәселесін  бұл 
жерде қарастырмаймыз. 
М.  Тынышпаев  тарихтың  күрделі  мәселелерін  терең  зерттей  отырып, 
оларға  өзіндік  пікірлерін  білдіріп,  ғылыми  болжамдар  жасап  отырады.  Осы 
орайда  оның  мына  бір  пікірін  қарастырып,  үзінді  келтіре  кетелік:  «Рядом  с 
дулу  упоминается  чубань,  в  котором  узнается  другой  современный  нам  род 
уйсына – суан» [50, с. 70]. Яғни, М. Тынышпаев суандарды дулулар заманында 
өмір сүргендігін және чубаньдарды суандардың арғы бабалары деп жазады. 
«Қазақ ру-тайпаларының тарихы» атты ғылыми жобаның аясында жарық 
көрген  «Дулат»  тайпасына  арналған  еңбекте  белгілі  ғалым,  тарихшы               
Т.  Омарбеков:  «...тіптен,  бұрынғы  дулудағы  Шанышты  Жаныс,  Потиды 
Ботбай,  Чумиді  немесе  Шігілді  Шымыр,  Чубаньды  Албан,  Суан  деп  атап, 
кейінгі дулаттағы қазақ шежіресіндегі атаулармен айна қатесіз бір ата ретінде 
қаз-қалпында  қарастыру  тарихи  шындықты  бұрмалауға  алып  келеді»  [100,  56 
б.], - деп өз пікірін білдіреді. Біз, осы пікірді қолдай отырып, ол арнайы терең 
зерттеуді қажет ететін мәселе болғандықтан, біз оған бұл жерде тоқталмаймыз. 
Жоғарыда  аталған  зерттеулерге  қоса  «Қазақ  халқының шығу  тегі  туралы 
тақырыптағы  баяндама»  (1927  ж.)  жасаған  Ж.  Ақбаев  (1876-1934):  «Қазақтар 
үш  ордадан  немесе  жүзден  тұрады,  олар:  ұлы  жүз,  орта  жүз,  және  кіші  жүз. 
Ұлы  ордаға  енетіндер:  1)  үйсіндер  –  сары  үйсін,  дулат  (албан  және  суан); 
шапырашты, ошақты, ысты және сіргелі; 2) жалайыр; 3) қаңлы; 4) шанышқылы 
[76, 158-159 б.], - деп Ұлы жүзді құрайтын тайпаларды дұрыс атап көрсетсе, Т. 
Рысқұлов «Казакстан» атты еңбегінде: «Казаки делятся на три орды: старшую 
(Улы-Жуз),  среднюю  (Урта-Жуз)  и  младшую  (Кычи-Жуз).  К  старшей  орде 
относятся  роды:  Уйсын  (дулат,  абдан,  суан,  сарыуйсун),  сюда  причисляются 
также: чапрашты, ошакты, сргели, джалаир, канглы (сюда входят и чаншклы) 
[52,  с.  12],  -  деп  ұлы  жүздің  қазақтарының  этникалық  құрамын  жазғанымен, 
ысты тайпасы аталмай қалған. 
Сонымен  Ұлы  жүзді  құрайтын  тайпалар  туралы  жазылған  ХІХ  ғ.  соңы 
мен  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  зиялыларының  еңбектерін  салыстыра  келе  біз 
мынадай қорытындылар жасаймыз:  
- Ұлы жүз  қазақтарының этникалық құрамы туралы қазақ  зиялыларының 
басым  бөлігі  қазақ  тарихын  жазу  барысында  тайпа  аттарына,  олардың 
орналасқан аймақтарына қысқаша тоқталып кеткен;  
-  Ұлы  жүздің  этникалық  құрамы  мен  тарихын  арнайы  қарастырып,  өз 
пікірлері  мен  болжамдарын  білдіргендер  –  Ш.  Құдайбердіұлы  мен                  
М. Тынышпаев болып табылады; 
-  Ш.  Құдайбердіұлы  қазақ  шежіресіне  алғаш  рет  арнайы  еңбек  жазып, 
Ұлы жүздің, әсіресе Орта жүздің этникалық құрамын нақты талдаған; 
-  М.  Тынышпаев  зерттеулер,  деректер,  ауызша  мәліметтер  мен  өзінің 
жинаған  материалдары  негізінде  Ұлы  жүзді  үш  үлкен  тайпалық  бірлестікке 
бөліп, 
қазіргі 
суан 
тайпасының 
тарихын 
ежелгі 
чубаньдармен 
байланыстырады. 

 
20 
Жалпы  алғанда,  қазақ  зиялылары  ауызша  мәліметтермен  қатар  арнайы 
ғылыми  зерттеу  жүргізе  отырып,  ұлы  жүздің  этникалық  құрамын  кейбір 
өзгешеліктеріне қарамастан, негізінде дұрыс талдап көрсетеді.  
Орта  жүздің  этникалық  құрамына  қазақ  зиялыларының  көзқарастарына 
арнайы  тоқталсақ,  бұл  тақырыпқа  арнайы  қалам  тартқан  зиялылар  –               
Ш. Құдайбердіұлының, М.  Тынышпаевтың, М.Ж. Көпеевтің, Ә. Бөкейханның 
еңбектерін атап өткіміз келеді.  
Қашқарияға 
сапар 
жасап, 
көптеген 
зерттеулер 
жүргізген                           
Ш.  Уәлихановтың  еңбектері  маңызды  болып  табылады.  Ол  ортағасырлық 
деректерді  пайдалана  отырып,  қазақ  ру-тайпаларының  шежіресін,  ежелгі 
тарихын,  жүздерге  бөлінуін  талдап  жазады.  Ол  былай  деп  жазады:  «Народ 
казак  разделяется  на  три  сотни  –  юз,  которые  русские  называют  ордами  и 
которые  по  старшинству  у  них  называются  Большая,  Средняя  и  Меньшая 
сотня (Улу юз, Урта юз и Кичи юз). 
Среднюю  орду  составляют  основные  роды:  аргын,  кипчак,  конрад, 
найман;  второстепенные,  присоединившиеся  после  –  такие  роды  у  киргиз 
называются джетыру – семиродцы: уак и кирей» [100, с. 151]. 
Ш. Уәлиханов орта жүзге кіретін тайпаларды дұрыс атап көрсете отырып, 
оларды негізгі және қосымша етіп бөліп жазған. Кейіннен қосылған, қосымша 
тайпаларды  жетіру  деп  оларға  уақ  пен  керейді  жатқызған.  Ал  Кіші  жүзге 
кіретін  жетіру  тайпалық  бірлестігіне  табын,  тама,  жағалбайлы,  телеу,  керейт, 
рамадан,  кердері  тайпалары  құрайтыны  белгілі.  Қазақ  ру-тайпаларының 
тарихын,  оның  ішінде  керей  мен  керейт  тайпаларының  шығу-тегін  зерттеген 
тарихшы-ғалым,  Т.  Омарбековтың  пікіріне  назар  аударсақ,  онда: 
«Ғалымдардың  айтылған  пікірлерінің  негізінде  шығаратын  қорытындымыз 
керей  де,  керейт  те  бір  тайпа.  Өкініштісі,  сол  кезеңдегі  әр  түрлі  тарихи 
жағдайларға  байланысты  бөлініп  кеткендігі,  ал  қуантатыны  біреуі  –  Орта 
жүздің,  екіншісі  Кіші  жүздің  құрамына  қосылып,  қазақты  құраған  өзге 
тайпалар қатарында қазақ деген ұлттың іргетасын қалап, мәртебесін өрлетуде 
өз  үлестерін  қосқандығы»  [101,  113  б.],  -  деген  қорытындыға  келеді.  Біздің 
ойымызша,  Ш.  Уәлиханов  жазып  отырған  керей  тайпасы  мен  Кіші  жүзге 
кіретін  керейт  тайпасының  шығу  тегі  бір  болғандықтан,  керей  тайпасын 
жетіру құрамына кіргізген секілді.  
Ш.  Құдайбердіұлы  1911  жылы  Орынбор  қаласында  шыққан  «Түрік, 
қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде орыс ғалымдарының қазақ 
халқы  туралы  еңбектерін  тиімді  пайдалана  отырып,  оны  ел  аузынан  жинаған 
мәліметтерімен  толықтырады.  Ш.  Құдайбердіұлы  Қыпшақ,  Қоңырат,  Керей, 
Найман,  Уақ,  Тарақты,  Арғын  тайпаларының  ежелгі  тарихына,  шығу  тегіне, 
шежіресіне жеке-жеке тоқталып, әртүрлі мәліметтер береді [4, 34-46 б.]. Орта 
жүздің  тайпаларын  дұрыс  атап  көрсете  отырып,  жетінші  тайпа  ретінде 
Тарақтыны  атап,  бірақ  оның  тарақ  таңбалы  болып  арғыннан  бөлінген  бір тап 
екендігін  жазады.  Ал,  қазақ  шежіресі  бойынша,  Тарақты  Арғын  тайпасына 
жиен болып табылатыны белгілі.  
М.  Тынышпаев  1925  жылы  Ташкентте  шыққан  зерттеуінде  қазақты 
құраған  әр  тайпалар  мен  рулардың  тарихына  жеке-жеке  тоқталып,  олардың 

 
21 
әрқайсысының  шежіре-кестесін,  ұрандарын  анықтап  жазады.  Ол  еңбектен 
мынадай жолдарды оқимыз: «Киргиз-казаки, как известно, состоят из трех орд: 
Среднюю Орду составляют: 1) аргын, 2) найман, 3) кыпчак, 4) конрат, 5)  уак, 
6) керей [50, с. 68]». М. Тынышпаевтың еңбегі осы аталған тайпаларды дұрыс 
көрсетіп, олардың ежелгі тарихына үңіліп, әрбір тайпаның атауының шығуын 
жер-су  атаулармен  байланыстырып  қарастыруымен  және  әр  тайпаның  және 
рудың рулық кестесін, ұрандарын, таңбасын беруімен де ерекшеленеді. 
Ә.  Бөкейхан  «Родовыя  схемы  киргизъ  Каркаралинскаго  уезда»  атты 
еңбегінде  Орта  жүздің,  Ұлы  жүздің  және  Кіші  жүздің  рулары  мен 
тайпаларының  шежіре  кестесін  таратып  жазады.  Сонымен  қатар  ол  жүзге 
кірмейтін  рулардың  да  шежіресін  береді.  Ә.  Бөкейханның  біз  қарастырып 
отырған  Орта  жүзге  қатысты  кестелері  өте  құнды  болып  табылады.  Онда 
былай  деп  жазады:  «Орта  жүз  →  Ақжол,  Ақжолдан  –  Қарақожа,  Аққожа, 
Қарақожадан  –  Тарақты,  Арғын,  Кыпчак,  Уақ,  Керей,  Аққожадан  –  Найман, 
Қоңырат» [11]. 
Бұл  үзіндіден  байқап  отырғанымыздай,  Ә.  Бөкейхан  та  негізінен  Орта 
жүздің  тайпаларын  дұрыс  таратқанымен,  жеке  тайпа  ретінде  Тарақтыны  да 
атап  көрсетеді.  Сонымен  қатар  экспедицияның  материалдары  негізінде 
Қарқаралы  уезіндегі  Орта  жүздің  тайпаларының  қоныстанған  ауылдарын  да 
жазып кетеді. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпеевтің  (1857-1931)  «Қазақ  шежіресі»  атты  еңбегінде 
Орта жүздің белді  тайпаларының бірі Арғын шежіресін кеңінен таратады. Ол 
«Қазақ  шежіресі»  атты  тараушада  қазақ  халқында  бұрынғы  кездерде  тайға 
таңба басқандай анық, қағазға түсірілген шежіренің болмағандығын атап өтіп, 
жазбаша  шежіренің  шығуы  мен  халық  арасында  таралуын  қажылыққа 
алғашқы барған адамдармен байланыстырған. Қазақ халқының шығу тегін сол 
шежірелердің  негізінде  Анас  сахабадан  бастайды  да,  қазақ,  ноғайға  дейін 
жеткізеді.  М.Ж.  Көпеевтің  шежіресіндегі  «Орта  жүз  тарихы»,  «Мейрам 
тарауы»,  «Бошан»,  «Сүйіндік»,  «Қуандықтан  алтау  туады»,  «Қуандықтың  бір 
баласы  Алтай»,  «Қаракесек»  және  тағы  басқа  тараушаларында  Арғын 
тайпасының,  оның  құрамындағы  жекелеген  кейбір  рулардың  шежіресі  өте 
жақсы  тармақталады.  М.Ж.  Көпеевтің  Орта  жүздегі  Арғынның  руларының 
тармақталуын өзіне дейін жеткізуі, оның мәліметтерінің ғылыми құндылығын 
көрсетеді [5].  
Т. Рысқұлов орта жүздің тайпаларын – қыпшақ, найман, арғын, қоңырат, 
керей және уақты атап өтсе [50, с. 12], ал Ж. Ақбаев осы тайпаларға қосымша 
тарақтыны жеке тайпа ретінде жазған [76, 158-159 б.]. 
Қазақ рулары мен тайпаларына, оның ішінде қыпшақ тайпасының рулық 
бөлінуіне  қатысты  өз  пікірін  білдіген  қазақ  зиялыларының  бірі  М.  Шоқай 
болып  табылады.  Ол  «Қазақ  рулары  хақында»  (1931)  атты  мақаласында           
З.  Валидидің  еңбегінде  Үш  жүздің  рулары  туралы  жазылған  пікіріне  сын 
көзбен  қарап,  ондағы  адасушылықтар  мен  бұрмалаушылықтарды  талдап 
жазады. Онда былай делінген: «Айтайын дегендерім: Заки бектің қазақ рулары 
жөнінде  жазғандарына  байланысты.  Заки  бек  бұл  салаға  келгенде  өз  пікірін 
айтар,  қазақтардың  рулық  құрылымы  туралы  тым  аз  білетін  орыс 

 
22 
зерттеушілері  мен  этнографтарының  ағаттықтары  мен  қателіктерін 
қайталаудан  сақтанар  де  ойлауға  болатын  еді.  Орыс  этнографтарының  осы 
мәселеге қатысты жазғандарымен біршама таныстығым бар. Сол үшін де өзім 
байқаған  мына  бір  мәселені  батыл  айта  аламын.  Олардың  бәрі  де  –  Радлов, 
Крафт,  Аристов  және  басқалары  да  –  қазақтардың  рулық  құрылымына 
келгенде ағаттық жіберген. Ғылымға жат қателіктер өткізген.  
Мысалға, Заки бектің орта жүзді руларға, қыпшақтарды арыстарға бөлуін 
алайын. Заки бек қазақтар арасында қатаң сақталатын рет тәртібін бұзып, орта 
жүзді былайша таратады: Керей, Найман, Арғын, Қыпшақ, Қоңырат. Дұрысы: 
Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей.  
Осы ретпен атау қазақтар арасында қатаң сақталып келеді. Ерте кезде осы 
рет  тәртіптің  бұзылуынан  жанжалдарға  апарып  соққан  жәйттер  де  болған. 
Кеңес  үкіметінің  ықпалы  әлі  де  әлсіз  болып  отырған  жерлерде  Арғын  –  аға, 
Қыпшақ – жаға, Найман – жең, Қоңырат – етек деп атау жалғасып келеді.  
Бала  кезімде  Орта  жүздегі  жер  дауына  байланысты  мынадай  бір  өлеңді 
естігенім әлі есімде.  
«Тарақты ноқта ағасы Арғын ағаң, 
Найман жеңің болғанда, Қыпшақ – жағаң. 
Айнала түп етегі жазған Қоңырат, 
Сөз сөйле шалқақтамай біліп шамаң» [28, 302-303 б.]. 
Бұл  үзіндіден  байқап  отырғанымыздай,  М.  Шоқай  қазақ  тарихын,  оның 
ішінде  рулар  мен  тайпалардың  тарихын  жазуда  басқа  халықтың  өкілдерінің 
еңбектерін  аса  сақтықпен,  саралай,  салыстыра  отырып  пайдалану  керектігін 
айтады.  Яғни,  қазақ  тарихын  қазақтың  өзінен  шыққан  азаматтарынан 
басқалары  артық  жаза  алуы  мүмкін  емес.  Өйткені,  кез-келген  елдің  тарихын 
жазу  үшін,  ең  алдымен  сол  елдің  тілін,  салт-дәстүрін,  тарихын,  өзіне  тән 
ерекшеліктерін  білу  керек.  М.  Шоқай  өзі  шыққан  қыпшақ  тайпасының 
таралуын  өзіне  дейін  таратуы,  оның  еңбегінің  құндылығын  арттыра  түседі.    
М. Шоқай Орта жүзге кіретін тайпаларды дұрыс, ретімен атап көрсеткенімен, 
уақ тайпасын жазбаған болатын. 
Жалпы  алғанда,  қазақ  ру-тайпаларының  М.  Шоқай  айтып  кеткендей, 
қоғамда  алатын  орны  мен  үлкендігіне  байланысты  аталу  реті  болатыны  және 
оның  ауызша  шежіреде  қатаң  сақталатыны  белгілі.  Соған  байланысты 
тарихшы  Ж.О.  Артықбаевтың  мына  тұжырымын  келтіре  кетсек:  «На  первый 
взгляд,  этническая  структура  казахов  представлятся  упрощенной  моделью 
родо-племенных отношений. На самом деле она гораздо сложнее. Во-первых, 
действительно,  казахи,  как  и  все  кочевые  общества,  имеют  постоянный 
атрибут  общественного организма  лежит не просто суммарное число родов  и 
племен,  а  функциональная  иерархическая  соподчиненность  племен  и  их 
подразделений»  [64,  с.  11],  -  деп  қазақ  ру-тайпаларының  белгілі  бір  ретпен 
аталатындығын көрсетеді.  
Орта жүз қазақтарының этникалық құрамын ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ 
ғ.  басындағы  қазақ  зиялыларының  зерттеу  еңбектерінің  негізінде  қарастыра 
келе төмендегідей қорытындылар жасаймыз: 

 
23 
-  Негізінен  барлық  зерттеушілер  Орта  жүздің  тайпаларын  дұрыс  атап 
көрсеткенімен,  Ш.  Уәлиханов  уақ  пен  керейді  Орта  жүзге  кейіннен  қосылған 
тайпалар десе, ал М. Шоқай уақ тайпасын атамай кеткен; 
-  Жоғарыда  талданған  барлық  еңбектердің  маңызы  зор,  өйткені, 
зерттеушілердің басым көпшілігі Орта жүздің әр тайпасынан шығып, шежірені 
өздеріне дейін таратып жеткізуімен ерекшеленеді; 
-  Біз  қарастырып  отырған  кезеңдегі  қазақ  зиялыларының  ішінде  қазақ 
тарихын,  оның  ішінде  қазақ  тайпаларының  шығуын  ежелгі  дәуірлерден  бері 
қарай  зерттеп,  қазақтың  шежіресін  толық  жазуға  тырысқан,  өзіндік  ғылыми 
тұжырымдары  мен  болжамдарын  жасаған  Ш.  Құдайбердіұлы  мен                    
М. Тынышпаев болып табылады; 
-  Қазақ  зиялыларының  көпшілігі  Орта  жүздің  құрамын  дұрыс 
көрсеткенімен,  тек  М.  Шоқай  ғана  олардың  белгілі  бір  тәртіппен  берілуін 
жазып, оның өте маңызы бер екендігін айтады. 
Жоғарыда  біз,  Ұлы  жүз  бен  Орта  жүзге  кіретін  тайпаларды  зерттеген 
зиялыларымыздың  көзқарастарын  қарастырған  болатынбыз.  Ал  енді  Кіші 
жүздің  этникалық  құрамын  қарастырған  зиялыларымыздың  пікірлеріне 
төменде толығырақ тоқталамыз. 
Қазақтардың  этникалық  тарихын  талдауды  алдымен  Ш.  Уәлихановтың 
еңбегінен  бастаймыз.  Оның  «Шығармалар  жинағында»  Кіші  жүзге  қатысты 
былай  деп  жазады:  «Меньшая  орда  состоит  из  двух  коренных  родов:  алим-
улы, бай-улы  и из  одного ... – джетыру; алчин собирательное имя  всех родов 
Меньшей  орды,  так  же  как  уйсунь  –  Большой»  [100,  с.  151].  Бұл  үзіндіден 
көріп  отырғанымыздай,  Кіші  жүздің  әлімұлы,  байұлы  және  жетірудан 
тұратындығын  жазып,  бірақ  әлімұлы  мен  байұлына  қандай  тайпалар  мен 
рулардың кіретінін анықтап жазбаған, тек жоғарыда жазып кеткеніміздей, Ш. 
Уәлиханов жетірудың құрамына уақ пен керейді жатқызған болатын.  
Кіші  жүздің  ру-тайпалық  құрамына  қатысты  Ш.  Құдайбердұлы  өзінің 
“Түрік, қырғыз – қазақ һәм хандар шежіресі” атты еңбегінде: «Бұл күнде кіші 
жүз үш ру: әлімұлы, байұлы, жетіру  деген. Әлімұлы алты ру: қарасақал, қара 
кесек, қытай, төртқара, шөмекей, шекті. Байұлы он екі ру: адай, жаппас, алаша, 
байбақты,  масқар,  беріш,  таздар,  есентемір,  черкес,  тана,  қызылғұрт, 
шайығлар.  Жеті  рулар:  табын,  тама,  кердері,  кереит,  жағалбайлы,  тілеу, 
рамадан», - деп жазады [4, 34 б.]. 
Бұл  жерде  Ш.  Құдайбердіұлы  Әлімұлына  кіретін  алты  руды  атап 
көрсеткенімен, кете руы аталмай қалған, ал оның орнына қытай руын жазған. 
Мүмкін, Ш. Құдайбердіұлы кете атауын қателесіп, қытай деп жазған болар деп 
ойлаймыз.  Сонымен  қатар,  Байұлына  қатысты  мынадай  ерекшелігі  бар: 
шеркешті – черкес деп жазса, ысықтың аталмай, оның орнына шайығлар руын 
атап көрсетеді. 
Қазақ  рулары  мен  тайпаларының  шығу  тегі  мен  ежелгі  тарихын  ғылыми 
негізде қарастырып, рулар мен  тайпалардың шежірелік кестесін жүйелі түрде 
жасаған  М.  Тынышпаев  былай  деп  жазады:  «Младшую  Орды  составляют: 
алчын,  состоящий  из  3  групп:  1)  байулы  (адай,  берш,  алтын,  джаппас, 
есентемр,  таз,  байбакты,  тана,  маскар,  алача,  кызылкурт,  черкеш  и  ссык).  2) 

 
24 
Алим-улы  (алим,  чомекей  или  чомень  и  кете).  3)  Джетыру,  т.е.  семиродцы 
(табын, тама, джагалбайлы, телей, кердери, керейт  рамадан)» [50, 68-69 б.]. 
Бұл үзіндіден көріп отырғанымыздай, М. Тынышпаев байұлы тайпаларын 
атап  көрсеткенде,  алтынды  жеке  тайпа  ретінде  жазады.  Жаппас  пен  алтынға 
байланысты  Х.  Досмұхамедов  былай  деп  жазады:  «Байұлының  ішінде  алтын 
деген  деген  бір  ру  бар.  Алтын  қатынның  аты  екен.  Алтыннан  өрбіген  тұқым 
алтын  атанса  да,  жаппасқа  кіреді.  Алтын,  жаппас  болып  атанады  деп  қарттар 
айтысады»  [102,  105-106  б.].  Бұл  жерден  көріп  отырғанымыздай,  негізінде 
алтын  жаппас  тайпасының  құрамында  айтылып,  кейде  жеке  де  аталған. 
Сонымен қатар бұл екі тайпаның ұрандары да бірдей, яғни, «Баймұрат» аталуы 
да алтынның жаппасқа кіретінін көрсетсе керек. 
М.  Тынышпаевтың  Әлімұлы  туралы  айтқан  пікіріне  келетін  болсақ, 
Әлімұлы – әлім, шөмекей және кетеден тұрады деп жазса, енді бірде әлім-ұлы, 
шөмекей  және  кетені  каракесек  тобына  жатқызады  [50,  100  б.].  Ал  Жетіру 
тайпалық  бірлестіктерін  дұрыс  атап  көрсеткенімен,  телеудің  атын  телей  деп 
жазыпты.  
Шежіренің  атадан  балаға  ауызша  беріліп,  жетіп  отыратыны  белгілі. 
Қазақтарда  өзінің  руының  тарихын,  шежіресін  жақсы  білетін  шежіре  билер, 
ақсақалдар  болған.  Х.  Досмұхамедов  атақты  ақын  Мұратты  өткенді  білген 
шежіре  дей  отырып,  оның  шығармаларын  талдап,  өз  пікірлерін  білдіреді. 
Мұрат  ақынның  өлеңдеріндегі  Кіші  жүздің  руларының  аттарының  келетінін 
жаза келе, олар туралы мынадай мағлұмат береді: «Жетіру мынадай жеті руға 
бөлінеді: 1) кердері, 2) табын, 3) тама, 4) жағалбайлы, 5) рамадан, 6) кереит, 7) 
телеу. 
Байұлы он екі атаға бөлінеді: 1) шеркеш, 2) ысық, 3) тана, 4) байбақты, 5) 
масқар,  6)  қызылқұрт,  7)  алаша,  8)  адай,  9)  беріш,  10)  таз,  11)  жаппас,  12) 
есентемір.  
Әлім алты ата болады және әлімге шөмен (шөмекей), кете, ожырай деген 
рулар қосылады. Бұлардың бәрі әліммен бірге қаракесек болып атанады. 
Шекті,  назар,  шүрен,  тілеу,  қабақ,  қарасақал  -  әлімнен  бөлінеді.  Кете, 
ожырай, шөмен әлімнен шықпаса да, әлімге қосылып, жоғарғы рулармен бірге, 
әлімұлы деп аталады» [102, 105-106 б.].  
Х.  Досмұхамедұлы  Кіші  жүздің  тайпалары  туралы  былай  деп  жазған: 
«Как  известно,  все  казаки  Младшей  Орды  принадлежат  к  племени  «алчин», 
которое  подразделяется  на  три  крупных  поколения:  1.  Байулы,  2.  Каракесек, 
состоящий из Алим и Чомеке и 3. Жетыру (семиродцы)» [102, 42 б.]. Сонымен 
қатар  Х.  Досмұхамедұлының  Жалаңтөс  батырдың  шежіресін  жаза  отырып, 
Әлімге қатысты былай деп береді: «Одно из этих родословных записана в 1920 
году  со  слов  известного  знатока  родословных  старца  Малдимана  Шоштаева. 
По  этой  родословной  Алим  –  Жаманак,  Уланак,  Карамашак  (1),  Айнык, 
Тегинбулат» [102, 73 б.]. 
Бұл  үзінділерден  көріп  отырғанымыздай,  байұлының  он  екі  рудан 
тұратынын  атап  көрсетеді.  Жетірудың  тайпаларына  қатысты  да  дұрыс 
мәліметтер берген. Бұл жерде пікірталас тудыратыны Әлімұлы және Қаракесек 
бірлестігіне  кіретін  тайпалар.  Себебі,  Х.  Досмұхамедұлы  әлім  алты  атадан 

 
25 
тұрады  және  оған  шөмен,  кете,  ожырай  рулары  қосылады  деп  жазса,  енді 
бірде,  әлім  мен  шөмеке  Каракесек  деп  аталатын  үлкен  бөлімге  бөлінетіндігін 
атап  көрсетеді  және  М.  Шоштаевтың  мәліметі  бойынша  әлімнің  –  жаманақ, 
ұланақ,  қарамашақ,  айнық,  тегінболат  деп  таралатындығын  жазады.  Шежіре 
бойынша,  ожырай  кете  тайпасының  бір  тармағы  болса,  назар,  шүрен,  тілеу, 
қабақ шекті мен қарасақалдың  рулары болып табылады.  
Ал,  «Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедиясындағы»  Әлімұлының  таралуына 
көз  жүгіртсек,  онда:  «әлімұлына  –  жаманақ  (шекті),  қарамашақ  (төртқара), 
айнық  (қарасақал),  ұланақ  (қаракесек),  тегінболат  (қарасақал),  тойқожаны  (ақ 
кете) жатқызады [103, 676 б.].   
Бұл  жерден  байқағанымыздай,  әлімұлына  кіретін  тайпалар  ретінде  кете, 
шөмекей  атаулары  тіпті  аталмаған.  Х.  Досмұхамедұлы  Қаракесекті  Әлім  мен 
Шөмекеден  тұрады  деп  жазса,  бірде  Қаракесекке  әлім,  шөмекей,  кетені 
жатқызады.  Біздің ойымызша,  Х.  Досмұхамедұлының  Қаракесектің  Әлім  мен 
Шөмекей және Кетеден тұрады жазған пікірі дұрыс секілді. 
Оны  біз  «Қазақ  ру-тайпаларының  тарихы».  Қаракесек  (Әлім,  Кете, 
Шөмекей)  атты  еңбекте  белгілі  тарихшы  Б.Б.  Кәрібаевтың  мына  пікірімен 
дәлелдеуге  болады  деп  ойлаймыз.  Онда:  «Екіншіден,  тайпалық  одақта  алты 
айпа  болған  және  Әлім  атаның  өз  кіндігінен  алты  ұл  тараған.  Сол  себепті  де 
қалың көпшілік Әлімнің алты ұлы алты тайпаға негіз болған деп түсінген. Ал 
шындығына келгенде Әлімнің алты ұлынан төрт тайпа:  Жаманақтан  – Шекті, 
Қарашаманақтан – Төртқара, Айнықпен Тегінболаттан – Қарасақал, Ұланақтан 
–  Қаракесек  шыққан.  Тойқожа  атты  ұлы  Ақ  кете  деген  атаумен  Кете 
тайпасының бір бөлігін құраған. 
Үшіншіден, Әлімнің ағасы Байсарыдан Кете, інісі – Шөменнен – Шөмекей 
тайпалары тарап, бұл екі тайпа алдыңғы төрт тайпамен бірге алтау болып Әлім 
тайпалық  одағын  немесе  тайпалық  бірлестігін  қалыптастырған»  [104,  71  б.],  - 
деген қорытындыға келеді. 
Т.  Рысқұлов  Кіші  жүз  Алшынға  кіретін  Байұлы,Әлімұлы  және  жетіру 
тайпалық  бірлестіктерін  атап  өтсе  [52,  с.  12],  ал,  Ж.  Ақбаев  өзінің 
мақаласында: «Кіші ордаға (жүзге) Алшындар кіреді, олар үш топтан тұрады: 
Байұлы – шеркес, Беріш, Алтын, Адай, Жаппас, есентемір, таз, байбақты, тана, 
масқар,  алаша,  қызылқұрт  және  ысық;  қаракесек,  шөмекей  (немесе  шөмен), 
кете,  қаракесек  және  тағы  да  екі  тармақ  қаратамыр,  шекті,  төртқара,  шобан; 
жетіру  (Жеті  рудан  құралған)  –  тама,  табын,  жағалбайлы,  рамадан,  телеу, 
кердері және керейіт [76, 158-159 б.], - деп әрбір тайпалық бірлестіктерге жеке-
жеке тоқталған. 
Бұл үзіндіден көріп отырғанымыздай, Ж. Ақбаев байұлына кіретін алтын 
мен  жаппас  тайпаларын  жеке  бөліп  көрсетсе,  ал  әлімұлына  жататын 
тайпалардың  ішінен  Қаракесекті  екі  рет  атаған.  Біздің  ойымызша,  бұл 
баспадан кеткен қателік, яғни қарасақалдың орнына қаракесек жазылып кеткен 
болар.  Сонымен  бірге  Әлімұлына  тағы  екі  тармақ  қаратамыр  мен  шобанды 
жазса,  жетіру  тайпалық  бірлестігіне  кіретін  тайпаларын  толық  және  дұрыс 
таратады. 

 
26 
Патшалық  Ресейдің  қазақ  жерін  отарлау  мақсатымен  ХХ  ғ.  басында  
көптеген  экспедициялар  жіберіп,  қазақтың  «артық»  жерлерін  орыс 
шаруаларына 
беру 
үшін 
зерттеулер 
жүргізгені 
белгілі. 
Осындай 
экспедициялардың  біріне  қатысқан  қазақ  зиялысы  –  Ә.  Бөкейхан  болып 
табылады.  Оның  еңбектерінде  үш  жүздің  рулары  мен  тайпалары,  олардың 
орналасқан  жерлері,  қоныстары,  адам  саны  жазылған.  Оның  ішінде 
Қарқаралы,  Павлодар,  Адай  уездері  қазақтарының  ру-тайпаларының 
шежірелік кестелері, қыстаулары мен орналасқан жерлері, шаруашылығы, мал 
саны туралы біршама мәліметтер берілген. Ол Адай уезіндегі қазақтар туралы 
жаза  отырып,  Байұлына  кіретін  тайпаларды  кесте  түрінде  береді.  Байұлы:  1. 
жаппас,  2.  беріш,  3.  таз,  4.  адай,  5.сұлтансыйых,  5.  қызылқұрт,  6.  масқар,  7. 
алаша, 8. байбақты, 9. тана. 10.шеркеш. 11. ысық, 12. естемір [11, 146 б.].  
Кердеры один из семи родов: 1. Табын, 2. Тама, 3. Кердеры, 4. Керейт, 5. 
Рамадан, 6. Телеу, 7. Жагалбайлы [11, с. 144].  
Ә.  Бөкейхан  байұлы  мен  жетіруға  кіретін  тайпаларды  атап  жазып, 
олардың  таралу  кестесін,  шаруашылығын  және  т.б.  анықтап  көрсетеді.  Ал, 
әлімұлын  тек  атап  кетіп,  оған  кіретін  тайпаларды  нақты  жазбай,  кейбір 
рулардың  (қойсары,  ожырай)  қыстаулары  [11,  138  б.]  туралы  мәлімет  беріп 
кеткен.   
Жалпы  алғанда,  Ә.  Бөкейхан  Кіші  жүзге  кіретін  тайпалық  бірлестіктер 
мен  тайпаларды  дұрыс  атап  жазып,  олардың  шежірелік  кестесін  жасаған.  Ал, 
байұлына  қатысты  пікірімізді  білдірсек,  байұлына  кіретін  он  екі  тайпаны 
дұрыс  жазғанымен,  бесінші  реттік  санда  сұлтансыйық  пен  қызылқұрт 
тайпаларын бірге береді.  
Сонымен  Кіші  жүз  қазақтарының  этникалық  құрамын  ХІХ  ғ.  соңы  мен 
ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  зиялыларының  еңбектерінің  негізінде  талдай  келе  біз 
мынадай қорытындылар жасаймыз: 
-  Біз  қарастырып  отырған  кезеңдегі  қазақ  зиялылары  Кіші  жүздің 
тайпалары  мен  руларын  Ш.  Құдайбердіұлы,  М.Тынышпаев  пен  Ә.  Бөкейхан 
сынды ғалымдар өз еңбектерінде арнайы зерттеген; 
-  Қазақ  шежіресіне  қатысты  алғаш  еңбек  жазған  Ш.  Құдайбердіұлының 
шежірені  жақсы  білгені  байқалады,  өйткені,  ол  кіші  жүзге  кіретін  тайпалық 
бірлестіктер  мен  тайпаларды  дұрыс  бөліп,  оларды  дұрыс  атап  көрсеткен. 
Дегенменде  ондағы  кейбір  тайпалардың  аттары  сәл  өзгерістерге  ұшырағанын 
байқаймыз; 

Әлімұлы 
бірлестігіне 
қатысты 
М. 
Тынышпаев 
пен                                     
Х.  Досмұхамедұлының  пікірлері  бірдей  болып  келеді,  себебі,  М.Тынышпаев 
өзі  жинастырған  материалдарман  қатар,  дәрігер  Х.  Досмұхамедұлының 
мәліметтерін де пайдаланған болатын.  
Қазақ  ру-тайпаларын  құрылымын  қарастыруда  қазақ  зиялыларының 
еңбектері маңызды рөл атқарады. Себебі, онда ауызша шежірелер мен ғылыми 
зерттеулердің  негізінде  зиялыларымыз  ру-тайпалық  құрылымды  арнайы 
қарастыра  отырып,  үш  жүз  қазақтарының  этникалық  құрамын  мүмкіндігінше 
нақты  жазып  кеткен.  Зиялыларымыздың  ру-тайпаларын  зерттеу  себебіне 
М.Тынышпаевтың мына пікірі дәлел болады деп ойлаймыз: «...Қырғыз (қазақ-

 
27 
ред.) халқының әрбір жеке руының шығу тегін, алдын-ала зерттемей, сондай-
ақ  оның  кіммен  және  қандай  уақыттарда  бас  қосқанын  анықтамай  қырғыз 
(қазақ  -  ред.)  халқының  тарихи  тағдырының  жалпы  көрінісін  көзге  елестету 
мүмкін  емес»  [105,  3  б.].  Үш  жүзге  кіретін  рулар  мен  тайпалардың  құрамын, 
орналасқан  жерлерін,  олардың  санын,  таңбалары  мен  ұрандарын  анықтап, 
зерттеп  білуіміз  болашақ  ұрпақ  үшін,  Қазақ  елі  үшін  қазіргі  уақытта  аса 
маңызды.  Қазақта  «Жеті  атасын  білмеген  жетесіз»  деген  мақал  бар.  Жеті 
атасын  білу  руын  ғана  емес,  ата-бабасының  тарихын  білу  болып  табылады. 
Сондықтанда  ұрпағымыз  елін,  жерін,  қазақ  жерінің  тұтастығын  сақтап,  аман 
қалуы үшін руы мен өзінің шыққан тегін білуі керек. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал