Байдавлетова мадина досбергеновна



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/10
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
 
 
ӘОЖ  39 (574) «18/19»: [001:331.102.312                              Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 
БАЙДАВЛЕТОВА МАДИНА ДОСБЕРГЕНОВНА 
 
 
 
 
«ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы 
Қазақстандағы этноәлеуметтік және этномәдени мәселелердің қазақ 
зиялылары еңбектерінде зерттелуі» 
 
 
6D020300 – Тарих 
 
 
 
Философия докторы (PhD)  
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
Ғылыми кеңесшілері 
тарих ғылымдарының докторы,  
профессор Омарбеков Т.О., 
 
тарих ғылымдарының докторы,  
профессор Уяма Т. 
(Жапония, Хоккайдо университеті) 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2011 

 

МАЗМҰНЫ 
 
 
КІРІСПЕ ................................................................................................................... 3 
 
1 ХІХ Ғ. ІІ ЖАРТЫСЫ – ХХ Ғ. АЛҒАШҚЫ ОНЖЫЛДЫҚТАРЫНДАҒЫ 
ЭТНИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАР 
 
1.1 Қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымының зерттелуі.............................16 
1.2 Қазақ ру-тайпаларының орналасуы: тарихнамалық талдау..........................27 
 
2  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК  МӘСЕЛЕЛЕР  ЗИЯЛЫЛАР 
ЕҢБЕКТЕРІНДЕ 
 
2.1 Денсаулық сақтау мәселелеріне ұлт зиялыларының көзқарастары.............48 
2.2 Қазақ зиялыларының әйел теңдігі мәселесін зерттеуі...................................62 
 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 
ЭТНОМӘДЕНИ 
МӘСЕЛЕЛЕРГЕ 
ҚАЗАҚ 
ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ 
 
3.1 Қазақ әдебиет кештері зиялылар еңбектерінде..............................................76 
3.2 Қазақстандағы білім беру ісінің зиялылар еңбектерінде зерттелуі.............86 
 
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................113 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................116 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс ХІХ ғ. екінші 
жартысы – ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы Қазақстандағы этноәлеуметтік 
және этномәдени мәселелердің қазақ зиялылары еңбектерінде зерттелуін  жан-
жақты  талдауға  арналған.  Осыған  сәйкес  қазақ  ру-тайпаларының  құрылымы, 
олардың  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы 
орналасуы  мен  ондағы  өзгерістер,  қазақ  халықының  әлеуметтік  және  мәдени 
мәселелеріне ұлт зиялыларының көзқарастары қарастырылады. 
Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Қазақстан  тәуелсіздігін  алуына 
байланысты  тарихымыздың  күрделі  мәселелері  қазақ  тарихшыларының 
жаңаша көзқарастары тұрғысынан зерттеле бастаған болатын. Әсіресе, биылғы 
жылы  тәуелсіздігімізге  20  жыл  толуына  байланысты  Қазақстан  тарихының 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы 
этноәлеуметтік  және  этномәдени  мәселелерін  ұлтының  азаттығы,  еркіндігі 
жолында  жан  аямай  күрескен  қазақ  зиялыларының  еңбектері  негізінде 
қарастыру  аса  маңызды.  Себебі,  халқының  өсіп-өркендеуі,  тәуелсіздік  алу 
жолында  белсене  атсалысып,  көп  еңбек  сіңірген,  осы  жолда  өздері  құрбан 
болған ұлт зиялылары екені белгілі. Сондықтан да патшалық отаршылдық пен 
кеңес  үкіметінің  аумалы-төкпелі  заманында  өмір  сүріп,  сол  кездегі  қазақ 
қоғамының әлеуметтік және мәдени мәселелерін өз еңбектерінде көтере білген 
ұлт  зиялыларының  көзқарастарын  салыстыра  талдау  бүгінгі  күн  талабынан 
туындап отырған тақырыптардың бірі.  
Зиялылар  –  қоғамды  дамытушы  негізгі  күш  болғандықтан,  олардың 
еңбектері  мен  шығармаларында  сол  қоғамның  әлеуметтік  және  мәдени 
мәселелері міндетті түрде қарастырылып, оны шешудің жолдары да көзделеді. 
Қазақ  елінің  көптеген  жылдары  бойы  отарлаудың  құрсауында  болып,  одан 
кейін  кеңестік  биліктің  тар  шырмауында  қалуы,  халықтың  дамуына  көп 
жағдайда  кері  әсерін  тигізген  болатын.  Сондай  жағымсыз  әсерлердің  бірі  – 
қазақ  зиялыларының  шығармаларының  жарық  көруіне  тиым  салынып, 
еңбектері  қолданыстан  шығарылып  тасталса,  тағы  біріне  –  ұлттық  элитаның 
әртүрлі  саяси  қуғын-сүргіндерге  ұшырауы  жатады.  Сондықтан  да  кезінде 
«халық  жауы»  ретінде  жазықсыз  қуғындалған  зиялылардың  уақыт  өте  келе 
ақталғанына  қарамастан,  тәуелсіздік  алған  кезге  дейін  олардың  қоғамдық 
қызметіне,  әдеби  және  ғылыми  мұраларына  теріс  баға  беріліп,  толыққанды 
зерттелмей  келді.  Халқымыз  тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейін 
тарихшылардың, 
әдебиетшілердің 
және 
философтардың 
қажырлы 
еңбектерінің  арқасында  зиялылардың  көптеген  шығармалары  жарық  көріп, 
жекелеген  тұлғалардың  өмірі  мен  қызметі,  көзқарастары  зерттеле  бастаған 
болатын. Дегенмен осы уақытқа дейін қазақ зиялыларының қызметтеріне баға 
беріліп,  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  жатқанымен,  олардың  әлі  де  жарық 
көрмей  жатқан  еңбектері  жетерлік.  Сонымен  бірге  зиялы  қауым  өкілдерінің 
жекелеген  пікірлері  мен  көзқарастарының  кешенді  түрде  арнайы  зерттеудің 
өте аз болуы, біздің тақырыбымыздың өзекті екендігін дәлелдей түседі.  

 

Қазақстан  тарихының  күрделі  және  маңызды  тақырыптарының  біріне  – 
ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы этноәлеуметтік және этномәдени 
мәселелер  жатады.  Себебі,  «отар  елдің  тарихын  отарлаушы  елдің  өкілі» 
жазады  демекші,  Қазақстан  тәуелсіздігін  алған  уақытқа  дейін  тарихымыздың 
басым бөлігін орыс және шет ел саяхатшылары мен зерттеушілері жазса, кеңес 
үкіметі  тұсында  өз  ұлтымыздан  шыққан  ғалымдар  біраз  зерттеген  болатын. 
Дегенмен кеңес билігі кезеңі таптық принципті басшылыққа алғандықтан, көп 
жағдайда  зерттеушілер  біржақтылыққа  салынып,  тарихымыздың  көп  тұстары 
бұрмалауларға  ұшыраған  болатын.  Ал,  қазіргі  уақытта  қазақ  зиялыларының 
еңбектері,  пікірлері  мен  ұстанымдары  тәуелсіз  көзқарастар  тұрғысынан 
зерттеліп жатқанымен, кешенді түрде қарастырылған зерттеулер жоқтың қасы 
десе болады.  
ХІХ  ғ.  ІІ  –  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы  Қазақстандағы  күрделі 
мәселелердің  қатарына  –  қазақтардың  ру-тайпалық  құрылымы,  олардың 
орналасу  ерекшеліктері,  сондай-ақ,  денсаулық  сақтау,  әйел  теңдігі,  халыққа 
білім  беру  ісі  және  әдебиет  кештері  жатады.  Бұл  –  қарастырып  отырған 
кезеңіміздің аса маңызды және күрделі тақырыптарының бірі болып саналады. 
Себебі,  елдің  өркендеуі  үшін  қоғамдағы  әлеуметтік  және  мәдени  мәселелер 
шешімін тауып, ұлттық мәдениетті дамытуды жолға қою керек.  дегенмен бұл 
кезеңде  оған  ешқандай  мүмкіндік  берілмеді  десек  те  болады.  Әрине,  отар, 
бағынышты елдің дамуы артта қалатындықтан, осы мәселелер бойынша қазақ 
зиялылары  өз  мақалаларында,  ғылыми  еңбектерінде  пікірлерін,  негізгі 
тұжырымдарын  жариялап,  халықтың  әлеуметтік  мәселелерін  көтеріп, 
мәдениетін  дамытуға  көп  үлес  қосып  отырған  болатын.  Сондықтан  да  әрбір 
халықтың негізгі дамытушы факторы болып табылатын алдыңғы қатарлы, көзі 
ашық  зиялы  қауым  өкілдерінің  және  олардың  көзқарастарының  қоғамда 
алатын орны зор.  
Кез-келген  елдің  тарихы  өз  тілінде  жазылған,  өз  ұлтының  зиялылары 
қалдырған  асыл  мұралары  негізінде  зерттелуі  басты  шарттардың  бірі  болып 
табылатыны  белгілі.  Сондықтан  да  халқын  оқу-білімге  үйретіп,  елінің 
тәуелсіздігі  жолында  бүкіл  ғұмырын  арнаған  қазақ  зиялыларының 
еңбектерінің ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы 
тарихымызды  зерттеуде  алатын  маңызы  зор.  Себебі,  өздері  өмір  сүрген 
кезеңдегі  елінің  әлеуметтік  және  мәдени  мәселелерін  көтере  біліп,  оны 
шешудің  жолдарын  қарастырған  зиялылардың  еңбектері  біздің  қарастырып 
отырған  мәселеміздің  аса  құнды  деректері  болып  табылады.  Осы  деректерді 
салыстыра талдау арқылы біз, Қазақстандағы этноәлеуметтік және этномәдени 
мәселелерді  жан-жақты  зерттей  отырып,  оларды  жаңа  қырынан  тануға 
мүмкіндік  аламыз.  Ал,  біздің  қарастырып  отырған  мәселеміз  кешенді  түрде 
арнайы  зерттелмеген,  тарихнамадағы  тың  тақырып  болып  табылуы, 
зерттеуіміздің өзекті екендігін дәлелдей түседі.  
Диссертациялық  зерттеудің  нысаны  ХІХ  ғ.  ІІ  жартысы  мен  ХХ  ғ. 
алғашқы  онжылдықтарындағы  қазақ  халқының  мәдени  және  әлеуметтік 
мәселелері болып табылады. 

 

Диссертациялық  зерттеудің  пәні  қазақ  халқының  әлеуметтік  және 
мәдени  мәселелерін  жан-жақты  зерттеп,  өз  пікірлері  мен  ұсыныстарын 
білдірген ұлт зиялыларының көзқарастары болып табылады.  
Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты – ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ 
ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы  қазақ  халқының  ру-тайпалық  құрылымына, 
олардың  орналасуына,  әлеуметтік  және  мәдени  мәселелеріне  ұлт 
зиялыларының  көзқарастарын  кешенді  және  жүйелі  түрде  зерттеу  болып 
табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды: 
-  Қазақ  қоғамының  ру-тайпалық  құрылымына  ұлт  зиялыларының 
көзқарастарын анықтау; 
-  Қазақ  ру-тайпаларының  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  алғашқы 
онжылдықтарындағы  орналасу  ерекшеліктеріне  байланысты  зиялылардың 
пікірлеріне талдау жасау; 
-  Қазақстандағы  денсаулық  сақтау  мәселелеріне  байланысты  ұлт 
зиялыларының көзқарастарын зерделеу; 
-  Зиялылардың  қазақ  әйелдерінің  теңдігі  мәселесіне  байланысты 
көзқарастарын талдап жазу; 
-  Қазақ  әдебиет  кештерін  зиялылар  еңбектері  негізінде  жан-жақты 
зерттеу; 
-  Қазақстандағы  білім  беру  ісінің  зиялылар  шығармаларында  зерттелу 
деңгейін ашып көрсету. 
Диссертацияның хронологиялық шеңбері ХІХ ғ. екінші жартысынан ХХ 
ғ.  30-шы  жылына  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Себебі,  қазақ  зиялыларының 
еңбектері ХІХ ғ. екінші жартысынан жарық көре бастаса, ХХ ғ. 30-шы жылына 
дейін сол уақыттың әлеуметтік және мәдени мәселелерін қарастырған көптеген 
зерттеу  еңбектері,  мақалалары  шығады.  Ұлт  зиялыларының  шығармалары 
кітап,  жинақ,  ғылыми  және  ғылыми-көпшілік  мақала  түрінде  «Қазақ», 
«Айқап»,  «Сарыарқа»,  «Қазақ  тілі»  және  т.б.  мерзімді  басылым  беттерінде 
жарияланған  болатын.  Ал,  зерттеуіміздің  хронологиялық  шеңберін  ХХ  ғ.  30-
шы  жылына  дейін  қамту  себебі,  зерттеуіміздің  тақырыбы  ХХ  ғ.  алғашқы 
онжылдықтары  деп  аталуы  және  зиялылардың  зерттеу  еңбектерінің  маңызды 
және басым бөлігінің осы уақытқа дейін көптеп жарық көруі жатады. ХХ ғ. 30-
шы жылынан бастап зиялылардың әртүрлі саяси қуғын-сүргінге, қудалауларға 
ұшырауы,  олардың  шығармашылық  жұмыспен  айналысуына  көптеген 
кедергілер келтіріп, кері әсерін тигізген. 
Зерттеудің  деректік  негізі.  Диссертациялық  жұмысты  жазуға  негіз 
болған деректерді бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.  
Алғашқы  топқа  –  әрине,  қазақ  зиялыларының  кітап,  жинақ  түрінде 
жарыққа шыққан еңбектерін жатқызамыз. 
Деректердің  екінші  тобын  –  қазақ  зиялыларының  еңбектері  басылып 
тұрған  «Түркістан  уалаятының  газеті»,  «Дала  уалаятының  газеті»,  ХХ  ғ. 
басында жарық  көре бастаған  «Айқап»  журналы»,  «Қазақ»,  «Сарыарқа» және 
т.б.  мерзімді  басылым  материалдары  құрайды.  Сонымен  қатар  ХІХ  ғ.  екінші 
жартысы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  Түркістан  өлкесінің  тарихын,  мәдениетін, 

 

әлеуметтік  өміріне  байланысты  мақалалар  мен  этнографиялық  материалдар 
жарияланған «Туркестанский сборник» жинағы құрайды.  
Ал  деректердің  үшінші  тобы  –  Қазақстан  республикасының  Орталық 
Мемлекеттік  мұрағатының  материалдары  болып  табылады.  Ал  енді  біз,  осы 
аталған деректер тобына арнайы тоқталып өтейік. 
Алғашқы  деректер  тобына,  яғни  қазақ  зиялыларының  еңбектеріне          
Ш.  Уәлихановтың  «Шығармалар  жинағын»  жатқызамыз.  Онда  қазақ  ру-
тайпаларының  құрылымы,  орналасуы,  сонымен  қатар  ХІХ  ғ.  екінші 
жартысындағы  рухани  және  материалдық  мәдениетке  байланысты  құнды 
мәліметтер  берілген  [1].  Ал,  Ы.  Алтынсариннің  шығармаларынан 
Қазақстандағы  білім  беру  ісіне  қатысты  және  алғаш  ашылған  мектептер 
туралы  білеміз  [2].  А.  Құнанбаевтың  [3],  Ш.  Құдайбердіұлының  [4],            
М.Ж.  Көпейұлының  [5],  О.  Әлжановтың  [6]  еңбектерінде  ХІХ  ғ.  екінші 
жартысынан  –  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  әлеуметтік  және  мәдени 
мәселелер кеңінен қамтылған.  
ХІХ ғ. екінші жартысындағы зиялылардың көзқарастарын талдауда «Зар-
заман»  ақындарының  шығармаларына  тоқталмай  өту  мүмкін  емес.  Олардың 
ішінде  Д.  Бабатайұлының  [7],  Ә.  Кердерінің  [8],  Н.  Орманбетұлының  [9] 
өлеңдерінен  хандық  заманды  аңсағанымен,  жаңа  өмірдің  талаптарына  сай 
қазақ балаларына білім беріп, оларды оқытуды насихаттаған ойларын оқимыз. 
Ал, М.-С. Бабажановтың «Этнографиялық мақалаларынан» қазақ тұрмысынан, 
шаруашылығынан,  әсіресе  молдалардың  оқыту  тәртібі  жайынан  қызықты,  әрі 
құнды мәліметтер алуға болады [10]. 
ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  халқының  саяси  өміріне  елеулі  үлесін  қосқан, 
«Алаш» партиясының жетекшісі Ә. Бөкейханның шығармаларында сол кездегі 
қоғамның  өзекті  мәселелеріне  талдау  жасалған  [11].  А.  Байтұрсыновтың 
шығармаларында қазақтың тұрмысын жан-жақты сипаттап қана қоймай, оның 
кемшіліктері  мен  артта  қалу  себептерін  ашуға  тырысып,  әсіресе,  қазақты 
оқыту, тіл білімі және әліпби мәселелерін терең зерттеген [12].  
1911-1915  жж.  аралығында  жарық  көрген  «Айқап»  журналының  бас 
редакторы  болған  М.  Сералиннің  мерзімді  басылымдардағы  еңбектерімен 
қатар,  «Топжарған»  атты  шығармалар  жинағынан  әйел  теңдігін  жырлаған, 
қазақтарды  оқуға,  өнер  үйренуге  шақырған  пікірлерін  оқи  аламыз  [13].            
М.  Дулатовтың  шума  ауруына  байланысты  жазылған  еңбегі  сол  кездегі  қазақ 
қоғамы  мұқтаж  болған  еңбектердің  бірінен  саналады.  Себебі,  шума  ауруы     
ХХ  ғ.  басында  Қазақстанда  көп  таралып  тұрған  қауіпті  аурулардың  бірі 
болатын.  М.  Дулатов  қазақ  халқының  осы  ауруға  байланысты  құнды 
мәліметтер  берумен  қатар,  одан  сақтану  жолдарын  да  көрсетеді  [14].               
М.  Жұмабаевтың  [15],  С.  Торайғыровтың  [16]  шығармалар  жинағынан  білім 
алу,  қазақ  балаларын  оқытуға  байланысты  және  түрлі  әлеуметтік  мәселелерді 
көтерген  пікірлерімен  таныс  боламыз.  Сонымен  бірге  Б.  Майлин  (1894-1939) 
қазақ  қоғамындағы  әртүрлі  әлеуметтік  мәселелерді  өзінің  шығармаларында 
жан-жақты көтере білген [17].  
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  аса  мұқтаж 
мамандықтардың біріне  – дәрігер мамандығы жататын. Оның басты себебіне, 

 

Қазақстандағы  халық  сауатының  төмен  деңгейде  болуымен  қатар,  бұл  сала 
бойынша  арнайы  мамандар  дайындайтын  училище  мен  жоғары  оқу 
орындарының жоқтығы жатады.  Ал, сол кездегі қазақтар білім алатын негізгі 
орталық  –  Ресейдегі  оқу  орындары  болса,  онда  дәрігерлер  мен  фельдшерлер 
өте аз шығарылып, олар халықтың сұранысын өтей алмайтын еді. Сондай аса 
қажетті мамандықтың бірі – дәрігерлікті меңгерген қазақ зиялыларының бірі – 
Х.  Досмұхамедов  болып  табылады.  Ол  жұқпалы  аурулардан  сақтану  мен 
онымен  күресу  жолдарын  көрсетіп  «Қазақ»  газетіне  мақалалар  жариялап, 
арнайы  кітапшалар  шығара  отырып,  жұқпалы  аурулардың  кең  жайылып 
кетпеуіне белсенді атсалысқан дәрігерлеріміздің бірі [18].  
Қазақтың  зиялы  қауым  өкілдері  –  Ж.  Аймауытовтың    [19],                           
С.  Дөнентаевтың  [20],    Ғ.  Қараштың  [21],  Қ.  Кемеңгерұлының  [22],                    
Х.  Болғанбайдың  [23],  О.  Жандосовтың  [24],  Н.  Нұрмақовтың  [25],                    
Ж.  Сәдуақасовтың  [26],  Т.  Шонанұлының  [27]  және  т.б.  еңбектері 
диссертациялық  зерттеуімізде  кеңінен  пайдаланылды,  оларды  белгілі  бір 
мәселелерге байланысты көзқарастары талданды. 
ХХ ғ. басында қоғамдық-саяси мәселелерге белсенді атсалысып, өмірінің 
соңғы  уақыттарын  шетелде  өткізген  қазақтың  біртуар  азаматтарының  бірі  –  
М. Шоқайдың шығармаларының екі томдық жинағы [28], «Түркістанның қилы 
тағдыры»  [29]  еңбегі  пайдаланылып,  «Отрывки  из  воспоминаний  о  1917  г.» 
мемуарының тарихшы-ғалым С.М. Исхаковтың құрастыруымен жарық көрген 
орыс тіліндегі түпнұсқасы да қолданылды [30].  
ХХ  ғ.  басында  өмір  сүрген,  өзінің  саналы  да  қысқа  ғұмырында  тарихта 
өшпес  ізін  қалдырған  қазақтың  ақын  қыздарының  бірі  –  Шолпан 
Иманбаеваның  шығармаларынан  сол  заманның  әлеуметтік  мәселелеріне, 
соның ішінде әйел теңдігіне байланысты ойларымен таныса аламыз [31].  
ХХ  ғ.  басындағы  қоғамның  мәдени  өміріне  белсене  араласқан  қазақ 
әйелдеріне  тоқталар  болсақ,  олардың  қатарына  қазақтан  шыққан  тұңғыш 
журналист,  алғашқы  әдебиет  кештерін  жұбайы  Н.  Құлжановпен  бірлесе 
отырып  ұйымдастырушылардың  бірі  –  Н.  Құлжанова  еді.    Ол  ана  мен  бала 
тәрбиесіне  арнайы  еңбек  жазып,  қазақ  әйелдерінің  теңдігі  мәселесін  мерзімді 
басылымдарда жиі-жиі көтеріп, осы тақырыпта өзінің пікірлерін білдіріп, оны 
шешудің жолдарын да көрсетіп отырған [32]. 
Қазақтың  алғашқы  дәрігер  қыздары  –  А.  Досжанова,  Г.  Асфендиярова 
сияқты  өз  ісінің  білгір  мамандары,  сонымен  бірге  кеңес  үкіметінің 
жұмыстарына  белсене  қатысқан  А.  Оразбаева,  Н.  Арықова  сынды 
қайраткерлер әйелдерге теңдік күнінің туғанын насихаттап, қалың мал алу мен 
жас  қыздарды  ерте  жастан  малға  сатуға  қарсылығын  білдіреді.  Қыздарды 
оқытса,  білім  берсе  ғана  теңдікке  қолы  жететіндігін  мерзімді  басылым 
беттерінде жариялап отырған [33]. 
Сонымен  қатар  қатар  қазақ  зиялыларының  көзқарастарын  нақтылай  түсу 
мақсатында Л. Мейердің [34] және Ә. Диваевтың [35] еңбектерін қазақ тарихы 
мен мәдениетін зерттеудегі маңызды деректердің бірі ретінде пайдаландық. 
Деректердің екінші тобын мерзімді басылымдар мен жинақ материалдары 
құрайды.  Оларға  «Туркестанский  сборник»  [36],  «Түркістан  уалаятының 

 

газеті»  [37],  «Дала  уалаятының  газеті»  [38],  «Памятная  книжка  и  адрес 
календарь  Уральской  области  на  1897  г.»  [39],  Материалы  по  киргизскому 
землепользованию»  [40-41],  «Айқап»  журналы  (1911-1915)  [42]  мен  «Қазақ» 
газетінің  (1913-1918)  [43]  кирилл  әрпіне  түсірілген  нұсқаларымен  қатар 
түпнұсқасы да пайдаланылды.  
Сондай-ақ,  жұмысты  жазу  барысында  орыс  тіліндегі  басылымдар  – 
«Жизнь национальностей» [44], «Новый восток» [45] газеттеріне жарияланған 
қазақ зиялыларының мақалалары қолданылды. 
Деректердің  үшінші  тобына  мұрағат  материалдары  жатады.  Біз,  зерттеу 
еңбегімізді  жазу  барысында  Қазақстан  Республикасы  Орталық  Мемлекеттік 
Мұрағаты  796  қорының  1-тізімдемесінің  1  ісі  «Переписка  о  личном  составе, 
списки и ведомости служащих, и переписка по борьбе с эпидемией с 14 января 
1917  г.  по  1918  г.»  [46],  796-қордың  1-тізімдемесінің  4-ші  ісі  «Врачебно-
санитарная  организаця  Внутренней  Киргизской  орды.  Статистические 
сведения  о  ходе  эпидемических  заболеваемости.  С  1  марта  1917  г.  по  30 
декабря  1917  г.»  [47]  мәліметтерін  кеңінен  пайдаландық.  Онда  Ішкі  Орданың 
денсаулық  сақтау  ісінің  мәселелері,  онда  таралған  жұқпалы  аурулар  туралы 
құнды  мәліметтер  бар.  Ішкі  Орданың  қазақтары  арасында  көп  таралатын 
жұқпалы аурулар, дәрігерлер мен фельдшерлердің саны, ауруханалар жайында 
нақты  материалдар  сақталған.  Бұл  мұрағат  қорынан  алынған  мәліметтер 
медициналық  мекемелерді  жабдықтауға  кететін  қаражат  пен  оның 
қызметкерлеріне төленетін жалақы көлемінен хабардар етеді. 
Сонымен  қатар  25-қордың  1-тізімдемесі  498-ісінің  «Тургайского 
Областнаго  правленія  перваго  отделенія.  Описаніе  сведеній  подразделеніи  на 
роды  жительствующих  на  территории  Тургайской  области  киргизов,  с 
указаніем их  летних и зимних  кочевий. 9 мая 1894 г.  – 23 июля 1894 г.»  [48] 
атты  материалдары  кеңінен  қолданылды.  Мұнда  Торғай  облысында 
қоныстанған  қазақ  ру-тайпаларының  саны  мен  негізгі  қоныстары  жан-жақты 
сипатталады. Сондай-ақ бұл материалдарда болыс билеушілерінің мәліметтері 
де жан-жақты қамтылған. 
Диссертациялық  жұмыстың  зерттелу  деңгейі.  Жұмыстың  зерттелу 
деңгейіне  тоқталар  болсақ,  осы  тақырып  бойынша  жазылған  еңбектерді 
бірнеше  кезеңге  бөліп  қарастыруға  болады.  Алғашқы  кезеңнің  еңбектерін  – 
ХІХ ғ. екінші жартысы мен 1917 ж. дейінгі жарық көрген зерттеулер құрайды. 
Екінші  кезеңге  –  таптық  тұрғыны  негізге  алған  кеңестік  дәуірде,  яғни  1917 
жылдан  1991  жылға  дейін  жазылған  еңбектер  жатады.  Ал  үшінші  кезеңге  – 
1991  жылдан,  қазіргі  уақытқа  дейін  жарық  көрген  отандық  және  шет  елдік 
зерттеулер кіреді.  
Диссертациялық  жұмысымыздың  тақырыбына  байланысты  алғашқы 
зерттеу еңбектерін қазақ зиялыларының өз еңбектері құрайды. Бұл еңбектерде 
біздің  қарастырып  отырған  кезеңіміздегі  Қазақстандағы  әлеуметтік  және 
мәдени  мәселелер  кеңінен  қарастырылған  болатын.  А.  Байтұрсыновтың  «Тіл 
тағылымынан»  атты  еңбегінен  оқу-ағарту  мәселелеріне  байланысты  құнды 
мәліметтер аламыз [49]. 

 

Сонымен  қатар  кеңестік  жүйе  тұсында  бірқатар  қазақ  зиялыларының 
еңбектері  жарық  көрген.  1925  ж.  Ташкент  қаласында  жарық  көрген                 
М.  Тынышпаевтың  «Материалы  к  истории  киргиз-казахского  народа»  атты 
еңбегі  қазақтың  этникалық  тарихын  ғылыми  тұғыдан  алғаш  рет  жүйелеп 
жазылған  еңбек  ретінде  маңызы  зор  [50].  Ал,  Ұ.  Құлымбетұлының  [51],                        
Т.  Р.  Рысқұловтың  [52],  Н.  Төреқұловтың  [53],  С.  Садуақасұлының  [54],           
Ж. Шаниннің, М. Әуезовтың және Қ. Сәтпаевтың шығармалары да аса құнды 
зерттеулер  қатарын  құрайды  [55].  Аталған  зиялылардың  еңбектерінде  ХІХ  ғ. 
екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  әлеуметтік  және  мәдени  мәселелер 
көтеріліп, оны шешудің жолдары да көрсетіліп отырған болатын. 
Қазақ  жерін  зерттеу  үшін  құрылған  экспедиция  нәтижесінде  белгілі 
филолог,  этнограф  және  археолог  Ә.  Марғұлан  найман  тайпасын,  олардың 
шығу  тегін,  рулық  құрылымын  зерттесе  [56],  С.И.  Руденко  Солтүстік-Шығыс 
Қазақстаның  қазақтарының  тұрмысы  туралы  көптеген  құнды  материалдар 
береді.  
Қазақстанның  медицинасы  туралы  зерттеу  еңбектеріне  тоқталсақ,        
Г.А.  Митерев  өз  еңбегінде  1913-1941  жылдар  аралығындағы  Қазақстан 
медицинасының дамуы деңгейін салыстыра қарастырған [57]. 
Қазақ  этнографиясының  зерттелу  тарихы  туралы  күрделі  монография 
жазған  Э.А.  Масановтың  еңбегін  де  атап  өту  керек.  Онда  алғашқы  қазақ 
этнографтары, олардың қызметі және т.б. мәселелер зерттелген болатын [58]. 
ХХ  ғ.  этникалық  тарихымызды  зерттеудегі  маңызды  еңбектердің 
қатарына  В.  Востров  пен  М.С.  Мұқановтың  еңбектерін  атап  өту  керек.  Онда 
үш  жүзді  құрайтын  қазақ  ру-тайпаларының  құрамы  мен  орналасуы  туралы 
жан-жақты  зерттеліп,  ру-тайпалардың  уездер  мен  болыстарда  орналасуын 
қарастырады [59]. 
Алғаш  қазақ  дәрігерінің  бірі  –  Мұхамеджан  Қарабаевтың  өмірі  мен 
қызметін  мұрағат  материалдары  негізінде  зерттеуші  М.  Сисекеновтың  еңбегі 
болып  табылады.  Онда  зерттеуші  дәрігер  мамандығының  қиындығына 
қарамастан  өмірінің  соңына  дейін  халқының  денсаулығын  сақтауға  белсене 
атсалысқан М. Қарабаевтың қызметінің Қазақстан медицинасының тарихында 
ойып орын алатындығын жазады [60].  
Қазақтың  мәдениеті  салаларының  бірі  –  театр  тарихына  байланысты 
«Қазақ театрының тарихы» атты 2 томдық зерттеудің алғашқы томында қазақ 
театрының  қалыптасу  кезеңін  зерттей  отырып,  алғашқы  қазақ  әдебиет 
кештерінің  қалыптасуына  зор  әсер  еткен  Қазақстанда  құрылған  татар 
труппалары деп жазады [61]. Жалпы, бұл еңбек алғашқы әдебиет кештері мен 
қазақ  театрын,  оның  негізін  қалаушы  алғашқы  әртістері  мен  қойылымдарын 
ғылыми түрде зерттеген еңбек ретінде маңызы зор болып келеді. 
Қазақстан  тарихында  өзіндік  ізін  қалдырған  белгілі  тарихшы  ғалымдар 
Д.И.  Дулатованың  [62]  және  Н.Е.  Бекмаханованың  [63]  еңбектерінің  де 
зерттеуімізге тигізер үлесі мол.  
Сонымен  бірге  Ж.О.  Артықбаевтың  «Этносоциальная  структура  казахов 
северного  и  центрального  Казахстана  во  второй  половине  ХІХ  века»  атты 
тарих  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 

 
10 
авторефераты  пайдаланылды.  Онда  зерттеуші  ХІХ  ғ.  екінші  жартысындағы 
қазақтардың  құрылымдық  ерекшеліктері  мен  қоғамдық  байланыстарын,  Орта 
жүздің рулық-тайпалық құрамын, олардың орналасу ерекшеліктері мен ондағы 
өзгерістердің себебін талдап жазады [64]. 
Сондай-ақ,  қылышынан  қан  тамған  кеңес  өкіметі  тұсында  қазақ  ру-
тайпаларының  құрамын  жан-жақты  талдап  жазған  Х.  Арғынбаевтың,               
В. Востровтың және М. Мұқановтың «Қазақ шежіресі хақында» атты еңбегінің 
этникалық тарихымызды зерттеуде алатын орны зор [65]. 
1991  ж.  Қазақстан  тәуелсіздігін  алуына  байланысты  тарихымызды 
зерттеуде  жаңа  ұстанымдар  негізінде  «ақтаңдақ»  мәселелерді  зерттеуге 
байланысты  көптеген  ғылыми  зерттеу  еңбектері  жарық  көре  бастауы,  қазақ 
зиялыларының  шығармалары  баспаға  шығып,  олардың  өмірі  мен  қызметінің 
арнайы  зерттеле  бастауы  тарихымыздағы  маңызды  шаралардың  бірі  болып 
табылады.  
М. 
Дулатовтың 
«Шығармалар 
жинағына» 
жазған 
алғысөзінде                  
Ж.  Ысмағұлов:  «Дүниелік  оқуға,  ағарту  ісін  дамытуға  шақырғанда,  ақын 
қалың  көпшілікті  үркітіп  алмайын  дегендей  діни  оқуды  қатар  атайды. 
Ақиреттік  пайда  үшін  мұсылманша  оқып,  дінді  танысаң,  орысша  оқып,  орыс 
тілін  үйреніп,  өмірлік  қажеттеріңе  қол  жеткізіп,  сонда  жеріңді,  малыңды 
сақтайсың,  басқалардан  қорлық  көрмейсің,  -  деп  ақынның  пікірін  білдіреді 
[66]. 
 «Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы» еңбекте Х. Әбжанов пен 
Ә. Әлпейісов: «Сонымен, жинақтай айтсақ, қазақ интеллигенциясының тарихы 
бай да ауқымды. Ол өз халқымен бір мезгілде қалыптасып, қоғам алға тартқан 
міндеттерді  абыроймен  атқара  білді»,  -  деп,  интеллигенцияның  қалыптаса 
бастаған мерзімін анықтай отырып, оның қоғамдағы рөлін айқындайды [67]. 
Ү. Субханбердинаның  «Түркістан  уалаятының газет»,  «Дала  уалаятының 
газеті», «Қазақ» газеттерін төте жазудан кириллицаға түсірген, сонымен қатар 
«Алаш»,  «Сарыарқа»,  газеттерінің  библиографиялық  көрсеткіштері  ХІХ  ғ. 
соңы  –  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстан  тарихымен  айналысушы  жас  ғалымдарға 
тигізер  көмегі  көп  [68].  Себебі,  «Дала  уалаятының  газеті»,  «Қазақ»  және  т.б. 
мерзімді  басылымдар  араб  әрпімен  жазылғандықтан  және  Қазақстан 
кітапханаларында  бұл  аталған  журнал  мен  газеттердің  сандарының  толық 
болмауы,  бір  жерде  жинақталмауы  зерттеушінің  жұмысына  бірқатар 
қиындықтар тудыратыны сөзсіз. 
Алаш  қозғалысы  тарихын  зерттеушілердің  бірі  Д.А.  Аманжолованың 
еңбектерін  де  айтып  өту  керек  [69].  Ал,  тарихшы  К.  Нұрпейісов  «Алаш» 
партиясының негізгі бағыттарын талдай отырып, ондағы қазақ зиялыларының 
рөліне талдау жасаса [70], белгілі тарихшы М. Қойгелдиев Алаш қозғалысын, 
ондағы қазақ зиялыларының саяси ұстанымдарын мұрағат құжаттары негізінде 
жан-жақты ғылыми негізде талдайды [71]. ХХ ғ. өзекті мәселелерін тереңдете 
зерттеген белгілі тарихшы ғалым Т. Омарбеков ХХ ғ. 20-30-шы жылдарының 
«ақтаңдақ»  беттерін  зерттеп,  тәуелсіз  Қазақстан  ғылымының  дамуына  өзінің 
елеулі еңбегін сіңірген [72]. 

 
11 
Х. Маданов қазақ мәдениетінің  қалыптасу кезеңдерін арнайы  қарастырса 
[73],  тарихшы  ғалым  Қ.М.  Атабаев  қазақ  баспасөзінің  пайда  болуы,  дамуы 
және  деректік  ерекшеліктерін  зерттеп,  баспасөзге  деректанулық  талдау 
жасаудың тәсілдерін ұсынған [74].  
Сонымен  қатар  Б.А.  Кенжетаев  қазақ  интеллигенциясының  қалыптасуын 
зерттей отырып, Қазанда оқыған қазақ студенттерінің де тізімдерін берген. Біз 
ол еңбектен қазақ студенттерінің шығу-тегі мен оқыған мамандықтары туралы 
жан-жақты  мәліметтер  ала  отырып,  олардың  басым  бөлігінің  заң 
мамандығында  оқығандықтарын,  ал  медицина  саласын  меңгергендерінің 
санының саусақпен санарлықтай болғанын көреміз [75]. 
М.  Құл-Мұхаммед  алғашқы  құқық  магистрі  Ж.  Ақбаевтың  өмірі  мен 
қызметін зерттей отырып, оның саяси-құқықтық көзқарастарымен қатар, қазақ 
халқының шығу тегіне арналған еңбегін арнайы талдап жазады [76].  
Сондай-ақ,  әйел  теңдігіне  байланысты  арнайы  зерттеу  жүргізбесе  де,       
Н.  Арықованың өмірі  мен  қызметін қарастырған  З.  Сағыбаеваның  мақаласын 
да атап өткіміз келіп отыр [77]. 
С.О. Смағұлованың «Ұлттық интелигенция және ХІХ ғасырдың аяғы мен 
ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы  аграрлық  мәселе»  атты  тарих 
ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертациясында  қазақ  зиялыларының  аграрлық  мәселеге  көзқарастарын 
талдай  келе:  «Қазақ  халқы  патша  үкіметінің  бұғауында  болып  келді.  Ол 
халықтың  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  тежеумен  қатар,  оның  рухани 
өсуіне де кедергі жасады. Бұл жағдайлар халыққа білім беру саласында айқын 
аңғарылды», - деп жазады [78]. 
Г. Жүгенбаеваның зерттеу еңбегі «Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен 
қызметіне  (1879-1938)»  арналған.  Зерттеуші  онда  М.  Тынышбаевтың  өмір 
жолын зерттей келе, оның тарихи көзқарастарын да сипаттап, оның зерттеулері, 
Ресей  тарихшыларының  Қазақстан  туралы  зерттеулерімен  салыстырғанда 
өзіндік жаңалығымен, соны ойларымен ерекшеленетіндігін жазады [79]. 
Р.О. Балгозинаның өз еңбегінде әйелдердің теңдік мәселесін зерттей келіп, 
оның  мерзімді  басылым  беттерінде  жан-жақты  көрсетілгендігін,  мұның  өзі 
халықтың  көңіл-күйінің  эволюциясын  және  қазақ  қоғамының  социалды 
прогреске қарай жылжуын көрсететіндігін жазады [80]. 
Тарихшы  ғалым  Г.С.  Сұлтанғалиеваның  еңбегінде  Батыс  Қазақстандағы 
этномәдени  байланыстар  жүйесін,  соның  ішінде  қазақ  зиялыларының  ноғай, 
татар  және  т.б.  зиялылармен  қарым-қатынасын,  оның  қоғамға  тигізген  әсерін 
жан-жақты қарастырады [81].  
1917-1941 
жж. 
аралығындағы 
қазақтың 
шығармашылық 
интеллигенциясының  тарихын  жазған  З.О.  Дүкенбаеваның  зерттеуі  де 
маңызды еңбектер қатарын құрайды [82].  
Т.О.  Омарбеков  пен  Ш.Т.  Омарбековтың  «Қазақстан  тарихы  мен 
тарихнамасына  ұлттық  қөзқарас»  атты  зерттеу  еңбегінде  қуғындалған  қазақ 
зиялыларының тарихи көзқарастарын кешенді түрде алғаш зерттеген маңызды 
зерттеулердің бірі. Себебі, бұл зерттеуде алғаш рет қазақ зиялыларының қазақ 

 
12 
тарихына  байланысты  көзқарастары,  соның  ішінде  «алаш»  атауы,  қоғамды 
саяси мәселелерді кеңінен қамтып, жан-жақты талдаған еңбек [83]. 
Д.А.  Сафоновтың  еңбегінен  Орынбор  өлкесінің  тарихына  қатысты  құнды 
мәліметтер алуға болады. Онда ресейлік автор Орынбор өлкесінің, оның ішінде 
қазақ 
тарихына 
қатысты 
деректерді 
жүйеге 
келтірген 
[84]. 
Ал,                          
З.Т.  Садвокасованың  еңбегінде  патшалық  Ресейдің  Қазақстанға  білім  мен  дін 
мәселесі  бойынша  жүргізген  қитұрқы  саясатын  әшкерелей  отырып,  оның 
тигізген зардаптарын мұрағат мәліметтері негізінде кеңінен талданған [85].  
Тарихи  мәселелерді  маман  тарихшылар  ғана  емес,  филология,  заң 
ғылымдарының  зерттеушілері  де  жан-жақты  қарастырады.  Филолог  мамандар 
қазақ  зиялыларының  мұраларының  әдеби  және  тіл  мәселелерін  зерттесе, 
заңгерлер  –  қоғамдық-саяси  және  құқықтық  мәселелерді  қарастырады.  Соның 
бірі  және  бірегейі,  заңгер  С.  Өзбекұлы  болып  табылады.  С.  Өзбекұлы  мен  А. 
Исмаилов  Ғұмар  Қарашевтің  қоғамдық-саяси  және  құқықтық  көзқарастарын 
талдауы да біздің зерттеуімізді жазуға өзіндік үлесін қосты [86].  
Сондай-ақ  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  қазақ 
зиялыларының  қызметі,  ұстанымдары  туралы  және  ХХ  ғ.  басында  қолжазба 
күйінде жарық көрген «Садақты» зерттеген ғалым Т. Кәкішевті де атап өтпеске 
болмас.  Ғалымның  «Қазақ  зиялылары»  атты  еңбегінде  олардың  ұстанымдары, 
қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге көзқарастары біраз қамтылған [87]. 
Сонымен  бірге  ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғ.  басындағы  солтүстік-батыс 
Қазақстанның  ұлттық  интеллигенциясының  қалыптасуындағы  Оңтүстік  Орал 
оқу  орындарының  рөлін  Г.  М.  Койшигарина  жан-жақты  қарастырады  [88]. 
Автор Оңтүстік Орал оқу орындарының қазақ зиялыларының қалыптасуы мен 
дамуына тигізген оң әсерін көрсетеді.     
А.Қ. Шорманованың диссертациялық еңбегінде Қазақстандағы оқу-ағарту 
және  білім  беру  ісін  мерзімді  басылым  көздері,  соның  ішінде  «Айқап» 
журналы мен «Қазақ» газетінің негізінде зерттелген [89]. 
Зерттеуші  Н.Д.  Нұртазинаның  зерттеуінде  ХІХ-ХХ  ғғ.  Түркістан 
халықтарының 
рухани-мәдени 
мәселелері 
кеңінен 
талданады 
[90].                
Ж.С.  Есеналинаның  зерттеу  еңбегінде  Батыс  Қазақстан  және  Еділ-Орал  өңірі 
ғылыми  қоғамдарының  қызметтері  жан-жақты  зерттеліп,  ондағы  қазақ 
зиялыларының қызметі ашып көрсетілген [91]. 
Н.А.  Тасилова  «Қырғыздардың  жер  пайдалану  материалдары»  бойынша 
диссертациялық  еңбек  жазып,  онда  қазақ  ру-тайпаларының  құрылымы  мен 
орналасуын арнайы талдайды [92].  
Қазақ 
зиялыларының 
рухани-мәдени 
мәселелерге 
байланысты 
көзқарастарын  кешенді  түрде  зерттеген  А.М.  Азмұханова,  олардың  дін, 
жәдидшілдік,  салт-дәстүр  мен  әдебиет  және  т.б.  тақырыптарға  байланысты 
көзқарастарын анықтайды [93]. 
Д.Аманжолованың «Форматирование советскости» атты еңбегі 1920-1930 
жж. Кеңес үкіметінің аз ұлттарға қатысты жүргізген саясатына арналған [94]. 
Шет  елдік  зерттеу  еңбектеріне  тоқталар  болсақ,  біздің  тақырыбымызға 
байланысты  жазылған  еңбектер  аз  десе  болады.  Түрік  ғалымы  Ә.  Қараның 
«Мұстафа  Шоқай.  Өмірі.  Күресі.  Шығармашылығы»  атты  еңбегінен  аталған 

 
13 
қазақ  зиялысының  өмірі  мен  шығармашылығының  ашылмаған  қырларын 
тереңірек  біле  түсеміз.  Онда  автор  әсіресе,  М.  Шоқайдың  эммиграциядағы 
кезеңін,  қызметін  шетелдік  деректер  негізінде  жан-жақты  талдап  жазған 
болатын [95].  
Қазақ  зиялыларын,  олардың  көзқарастарын  зерттеуші  жапондық тарихшы 
Т.  Уяманы  ерекше  атап  өтпекпіз.  Оның  қазақ,  орыс  сотына  және  шариғатқа 
қазақ 
зиялыларының 
көзқарастарын 
талдаған 
мақаласы 
жұмыстың 
тақырыбымен  байланысты  болып  табылады  [96].  Сонымен  бірге  жапон 
ғалымының  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ  тарихына  қатысты  мақалалары  да  өте 
маңызды еңбектер қатарын құрайды [97]. 
Ал,  американдық  зерттеуші  П.  Майклстың  Қазақстанның,  Ресейдің 
мұрағат  материалдарын  пайдалана  отырып  жазған  еңбегінде  ХХ  ғ.  20-40 
жылдары  аралығындағы  Қазақстандағы  денсаулық  сақтау  мәселелерін  жан-
жақты талдап жазады [98]. 
Сонымен  тарихнамалық  шолуға  қорытынды  жасар  болсақ,  кеңестік 
дәуірде  қазақ  зиялыларының  мұраларын  зерттемек  түгіл,  оларды  оқуға, 
таратуға,  тіптен  аттарын  атауға  тыйым  салынып,  теріс  пікірлер  айтылса, 
«жариялылық»  кезеңінде  саяси-қуғын  сүргін  құрбандары  ақталып,  олардың 
еңбектері жарыққа шыға бастаған болатын. Дегенмен бұл кезең зиялылардың 
мұраларын  кирилл  әрпіне  түсіріп,  олардың  өмірі  мен  қызметінің  жаңа 
қырынан зерттеле бастауымен шектелген болатын.  
Тәуелсіздік  кезеңінде  тарихымыздың  «ақтаңдақ»  мәселелері  жан-жақты 
зерттеле бастағанымен, ұлт зиялыларының еңбектері кеңінен жарыққа шығып, 
негізінен  жекелеген  тұлғалардың  өмірі  мен  қызметі  зерттелген.  Ал, 
зиялылардың көзқарастары жаңадан зерттеліп, жаңадан қолға алынып жатқан 
мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да бұл тақырыпқа байланысты 
жазылған  зерттеулер  жоқтың  қасы  десе  де  болады.  Дегенмен  де  ондай 
еңбектерге  Ш.Т.  Омарбековтың  «Қуғындалған  қазақ  зиялыларының  тарихи 
көзқарастары»  атты  тарих  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу 
үшін  дайындалған  диссертациясы  мен  А.М.  Азмұханованың  «Ұлт  зиялылары 
еңбектеріндегі  рухани-мәдени  құндылықтардың  зерттелуі»  тақырыбындағы 
зерттеу жұмыстары жатады. Бұл еңбектер қазақ зиялыларының көзқарастарын 
арнайы  және  кешенді  түрде  талдаған  ғылыми  еңбектер  қатарының  алғашқы 
легін құрайды десек, қателеспеспіз.  
Ал, 
қазақстандық 
тарихшылар 
тарапынан 
ұлт 
зиялыларының 
көзқарастарының  зерттелу  деңгейінің  төмендігін  байқасақ,  шетелдік 
ғалымдардың  –  жапон  ғалымы  Т.  Уяманың  да  осы  мәселені  зерттейтіндігін 
көреміз.  
Бұл  жоғарыда  айтылғандардан  байқайтынымыз,  қазақ  зиялыларының 
әлеуметтік  және  мәдени  мәселелерге  байланысты  көзқарастары  өте  аз 
зерттелген, тың тақырыптардың бірі болып табылады. 
Диссертацияның  методологиялық  және  теориялық  негіздері.  Зерттеу 
жұмысын жүргізу барысында тарих ғылымның нақтылық, тарихилық, ғылыми 
объективтілік  принциптері  басшылыққа  алынды.  Тарихилық  принципі 
зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттерін  айқындап,  құбылыстардың  пайда  болу 

 
14 
және даму ерекшеліктерін түсінуге, анықтауға көмектеседі. Ал, объективтілік 
принципі зерттеу  объектісін біртұтас  құбылыс  ретінде  қабылдап,  нақты  және 
шынайы тұжырымдар жасауға көмектеседі.  
Көтеріп  отырған  мәселелерге  байланысты  қазақ  зиялыларының 
еңбектерін  жан-жақты  қарастырып,  көзқарастарын  талдауда  салыстырмалы-
тарихи, өзектілік, жинақтау және жүйелеу секілді әдістер кеңінен қолданылды.  
Диссертациялық  зерттеудің  ғылыми  жаңалықтары.  ХІХ  ғ.  екінші 
жартысы  –  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы  қазақ  зиялыларының 
этноәлеуметтік және этномәдени мәселелерге көзқарастары алғаш рет арнайы 
зерттеліп  отырғандықтан,  зерттеу  барысында  төмендегідей  ғылыми 
жаңалықтарға қол жеткізілді:  
-  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  –  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарындағы  ұлт 
зиялылары еңбектеріндегі қазақ ру-тайпаларының тайпалық құрамы алғаш рет 
кешенді түрде зерттелді; 
-  Қазақ  қоғамының  ру-тайпаларының  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ. 
алғашқы онжылдықтарындағы орналасу ерекшеліктері және ондағы өзгерістер 
ұлт зиялыларының көзқарастары тұрғысынан қарастырылды; 
-  Қазақстандағы  денсаулық  сақтау  мәселелеріне  байланысты  қазақ 
зиялыларының  көзқарастары  салыстырмалы  түрде  алғаш  рет  талданып,  сол 
арқылы  қарастырылып  отырған  кезеңнің  денсаулық  сақтау  ісінің 
қиыншылықтары мен артта қалу себептері анықталды; 
-  аталған  кезеңінің  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  қазақ  әйелінің  теңдігі 
мәселесіндегі зиялылардың негізгі пікірлері айқындалды; 
-  Қазақ  әдебиет  кештері  зиялылардың  еңбектері  негізінде  алғаш  рет 
кешенді түрде жан-жақты қарастырылып, әдебиет кештерінің кейіннен ұлттық 
театрға негіз қалағандығы айқындалды; 
-  Қазақстандағы  білім  берудің  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  30-шы 
жылдарына  дейінгі  аралықтағы  өзекті  мәселелері  зиялылар  көзқарастары 
тұрғысынан сарапталды. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал