Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 4/17



жүктеу 463.67 Kb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата03.05.2017
өлшемі463.67 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Дәріс № 15.Қорытынды 

Журналистік   кадрлар   дайындаудағы   кемшін   түсіп   жатқан   тұстар   көптен   бері

көтеріліп жүр. Бұл мәселе жақында өткен медиа құрылтайда да айтылды. Халықаралық

журналистика   туралы   әңгіме   айтылар   тұста   алдымен   елдегі   журналистиканың   ішкі

пәрмені   мен   бүгінгі   хал-ахуалы   да   сөз   болуға   тиіс   деп   ойлаймын.   Бүгінгі   таңда

Қазақстанда   БАҚ-тың   дамуы   қиындау,   сапасы   төмен.   Қазір   біздің   ақпараттық

кеңістігімізді шетелдік ақпарат өнімдері басып алды. Оның көбі, ең алдымен, ресейлік,

әрине, одан бөлек, бұл кеңістікте төрден орын алуға қытайлық ақпарат көздері де ниетті

екендіктерін білдіруде және бірен-саран еуропалық өнімдер бар. Халықаралық  дәрежеге

шығамыз десек, біз, ең алдымен, осылардан ішкі нарықта озық тұруға тиіспіз.   

Ең   алдымен,   өз   кеңістігіміз   отандық   өнімдермен   толуы   керек.   Ішкі   нарықта

пәрменді БАҚ қана сыртқа ұмтылады. Бұл – дұрыс құбылыс, дұрыс заңдылық. Өйткені

қазір   көпшілік   Қазақстанды   шетелдіктердің   ұсынуымен,   солардың   таратқан   ақпараты

негізінде   ғана   қабылдайды.   Осы   міндетті   біздің   журналистер   өз   мойнына   алуға   тиіс.

Шетелге өнімді өзіміздің журналистика ұсынғанда ғана халықаралық журналистикадағы

көкжиегіміз көрінеді. Рас, қазір америкалық, ағылшындық немесе неміс басылымдарында

ара-тұра Қазақстан туралы әсерлі, керемет мақалалар басылады. Бірақ бұл журналистика

емес. Бұл – тек қана ақысы төленген пиар мақала. Бұл шынайы журналистика емес. Әлем

халықтарына   тарайтын   спутниктік   жүйедегі   телеарнамыз   бар.   Бірақ   ол   жеткілікті

дәрежеде   дей   аламыз   ба?   Оны   кім   көріп   жатыр?   Осындай   келеңсіздіктің   бәрі   біздегі

халықаралық   журналистиканың   дамымағанын   көрсетіп   отыр.   Бұл   мәселеге   үкіметтік

қолдау керек. Ақылы мақалалар, мемлекеттік тапсырыстар – журналистиканың дамуына

үлкен кедергі. Мемлекеттік тапсырыспен отырған БАҚ қарапайым оқырманын ұмытады.

Бұл   сауалмен   қосымша   «біздегі   журналистика   қаншалықты   пәрменді»   деген   сауал   да

көтерілуге тиіс. Бұл – нарық. Жекеменшік газеттерге құзырлы органдар көмектеспей-ақ

қойсын, сонымен қатар олардың дамуына кедергісін де жасамауы керек. Сонда ол газеттер

қаржыны   да,   даму   мүмкіндігін   де   өздері   табады.   Қай   елдерде   тілші   ұстап,   қандай

репортаждар жасау керек екенін өзі шешеді, әрине, заң шеңберінде. Сапалы журналист тек

әдемі тіркес құрай алатын кәсіп иесі емес, сапалы журналист ақпарат ала алатын, өз пікірі

бар, сараптама жасай алатын журналист болуы керек. Ондай журналистер бізде өте аз.

Қазіргі ақпарат кеңістігі «Ұшақ құлады, автобус  аударылдыдан» әріге аса алмайды. Біз

осындай сарынмен әндетіп отырғанда, әрине, рейтингінің төрінде өзгелер тұра бермек.

Халықаралық журналистиканың сапасы да осы елдегі ішкі журналистиканың бет алысына

тікелей байланысты. н бұл пікірмен аса келіспеймін. Біз 90-жылдары бірінші болып Әл-

Фараби атындағы ҚазМҰУ-да халықаралық журналистика кафедрасын аштық. Ол әлі де

істеп   жатыр.   Халықаралық   дәрежедегі   талай   жақсы   мамандар   шықты.   Бізде   шетелдік

әріптестерінен озық тұрған талай түлектер бар. Рас, кемшіліктер бар, онымен келісеміз.

Мен   мұндай   келеңсіздіктердің   себебін   журналист   кадрларын   даярлайтын   орындардың

көбейіп   кеткенінен   дер   едім.   Әрбір   жерде   журналистерді   даярлайтын   оқу   орындары

ашылды   да,   кадрлық   сапаны   түсіріп   жіберді.   Біз   қарсылығымызды   білдіріп,

наразылығымызды айтып жүрміз. Осы мәселені көпшілік болып қолға алған дұрыс. Тағы

бір мәселе, ол студенттерді шетелдік тәжірибелерге жіберетін жолдамалардың жойылғаны

болды.    

  Халықаралық   журналистер   өзін   шетелмен   байланыс   арқылы   дамытады,

тәжірбиесін   ел   көріп,   жер   көру   арқылы   ұштайды.   Мұндағы   құры   теория   не   болады,

көрмесе,   білмесе,   солардың   ортасында   жүрмесе.   Сондықтан   бұған   біздің   министрлік

араласуы  керек. Қазір журналист мамандар 20 шақты  оқу орнында даярланады. Бұрын

экономистер   мен   заңгерлердің   саны   жоспарсыз   даярлану   салдарынан   өте   көп   болып

кеткені   секілді,   қазір   журналистердің   саны   да   ескерілмей   отыр.   Дайындап   жатыр,

дайындап жатыр, сапа жоқ. Бұрын кеңес өкіметі кезінде «госплан» деген болып еді. Қазір

оның бәрі жоқ, көбі бітіріп алып, басқа жұмыс істеуге мәжбүр, аудармаларға кетіп жатыр.

Халықаралық журналистерді даярлайтын оқулықтар жоқ емес, қазір, құдайға шүкір, бар.



Соңғы кездері шетелден арнайы келіп, дәріс оқитын шетелдік оқытушылар да бар. Бірақ

бізде   қазір   осы   мамандықты   бітірген   түлек   дипломына   «журналист»   деген   сөз   ғана

жазылады. Ал енді сол  жерге  «халықаралық  журналист»  деп жазылса,  ол  мамандыққа

деген жүк те ауыр болар еді. Оларды міндетті түрде жан-жаққа жіберу керек. Бұл – бірінші

мәселе.   Екіншіден,   мен,   мысалы,   халықаралық   журналистиканы   Ленинградта   оқыдым.

Мені Венгрияға дайындады, біреулерді Францияға дегендей. Ол міндетті түрде бітірген

соң сол жаққа барып, өз мамандығымен жұмыс істеуі керек. Қазір ол тәжірибеде жоқ. Мен

ең болмағанда халықаралық журналистиканы бітірген баланы мына түркітілдес елдерге

жіберіп   шыңдаса   деп   ойлаймын.   Соңғы   кездері   біздің   түркітілдес   елдермен   қарым-

қатынасымыз   жақсы   ғой.   Біз   «Түркітілдес   елдердің   БАҚ-тарының   конфедерациясын

құрайық» деген ұсынысты талайдан бері айтып жүрміз. Бірақ әлі нәтижесіз. Осы бағытпен

жұмыс істеу керек. Елдегі телеарналар ара-тұра шетелден хабарлар беріп тұрады. Бірақ

бізде  Ливаннан,  Сириядан т.б сол секілді  елдерден репортаждар  жасап, оқиға орнында

жүрген журналистер жоқ. Журналистерге мүмкіндік берсе, кез келген шетелге өздері-ақ

жұлқынып шығып барар еді деп ойлаймын. Тек соған біз мүмкіндік ұсына алмай отырмыз.

Түйін

Шындығында, журналисті негізді-негізсіз сын тезіне салуға құштар шенеунік көп.

Бірақ мәселе сол маманда ма? Қабілеті де, білімі де кез келген елдің журналисінен озық

тұратын   кәсіп   иелері   де   бар   емес   пе   арамызда.   Өз   қабілетін   паш   етіп,   халықаралық

дәрежедегі   журналиске   айналған   әріптестеріміз   де   жетерлік.   Бізде   тек   жас   маманға

мүмкіндік беріп, еліне қызмет еткізе алатын тетіктер қалыптаспаған сияқты. «Ұлым» деп



еміренер ел болмаса, «елім» дейтін ерлер қайдан шықсын?

 

Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Мамандық бойынша
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма программе дисциплины
umk pdf -> БАҒдарламасы павлодар Мамандықтың элективті пәндер
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев 2010 ж
umk pdf -> Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны 1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 463.67 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет