Бағдарламасының (syllabus) титул беті Нысан н ұс пму 18. 4/19 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.76 Mb.

бет5/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер: 

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2.   Мәшһүр-Жүcіп   Қ.П.   Қaзaқ   лирикacындaғы   cтиль   жәнe   бeйнeлілік.   Мoнoгрaфия:   -

Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. –

Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007.

– 392 б.


5.   Кәріпжанова   А.О.   Мәшһүртану  

(

Мәшһүр   Ж



үсіп   Көпейұлы   шығармаларындағы

фразеологиялық коннотацияның прагма-ког

нитивтік аспектісі).

 – Павлодар : 

Кереку, 2011.  

182 б.



12-тақырып. Қазақ лирикасындағы Шәкәрімнің орны.

Қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі ірі тұлғалардың бірі Шәкәрім десек, Шәкәрімтанудың,

негізінен алғанда, ол ақталған 1988 жылдан бастап қолға алына бастағаны белгілі. Соңғы жылдары

Шәкәрім   өмірі,   шығармашылығы   хақында   біраз   мақалалар   жарияланып,   біршама   деректер

берілгенін атап өте отырып, бұл салада  әлі де тындырылмаған істің мол екенін ескерген  жөн.

Шәкәрімтанудың   басқа   да   өзекті   мәселелері   ішінде   оның   өлендерінің   құрылысы   да   арнайы

зерттеуді қажет етеді. Осы орайда ізденіс басы ретінде жазылған М.Мағауиннің «Сөз нарқы– өлең

өрнегі» мақаласы назар аударарлық. Онда, негізінен, Шәкәрінің 6, 8, 10, 14, 18 тармақты шумақ

үлгілері   т.б.   алынып,   ақынның   қазақ   өлеңі   құрылысына   қандай   жаңалық   әкелгені   біршама

қамтылған.  Біздің мақсатымыз:  Шәкәрімнің қазақ  өлеңі  құрылысына  енгізген  жаңалығын жеке

алмай, оны ақынның суреткерлік шеберлігімен, бейнелеу құралдарын пайдалану ерекшелігімен,

стилімен тығыз байланыста қарастырып, сол арқылы реализмді қаншалық кемелдендіргенін ашу.

Расында,   Шәкәрімнің   «Шын   сырым»   (1881ж.)   өлеңінің   «Жазушы»   баспасында   басылған

(Шығармалары,   1988ж.)   нұсқасына   сын   айту  орынды.   М.Мағауин   өлеңнің  8  тармақты   емес,   6

тармақты екенін біршама дәлелдеген:

«Кірпігің тізіліп,

Миыма қадалар,

Нұр көзің сүзіліп,

Ойыма от салар,

Сиқыр жүзің ақылды байлап алып,

Тор   шашың   шырмалап,   басымды   ноқталар,   –деген   сияқты   сырлы   сазбен,   ішкі   ырғағы,

үйлесімді   алты   буыннан   құралған   әрбір   төрт   тармақтан   соң,   он   бір,   он   екі   буынды   қайырым

арқылы   сезім   толқынын   үзілте   түйіп   тастап,   тайпалған   жорғадан   бір   танбайды»   Зерттеушінің

тоғызыншы шумақ ішінде келетін бесінші тармақтағыны «Сиқыр жүзің» және «Ақылды байлап

алып» деп 2 тармаққа бөлмей («Жазушы» баспасынан шыққан кітапта жеке-жеке берілген), бір

ғана тармақ етіп алуы  құптарлық.  Себебі шумақтың бастапқы төрт жолы бірдей алты буынды

үлгіге сай болғандықтан да, келтірілген бесінші тармақ әрі бөлшектеуге келмейді. Олай дейтініміз:

бесіншіні бөлсек, ол шығармадағы алғашқы үш шумақта 4/7 түрінде келсе (алғаш-қы сыңары төрт

те, кейінгісі жеті дегеніміз– Қ.Ж.), одан кейінгі төртінші шумақта сол жол 7/4 болып тарамдалуға

сұранып   тұр.Салыстырайық:   «Қарақаттай   //   көзіңмен   қызықтырып»,–   дегенше,   «Қарақаттай

көзіңмен // қызықтырып»; түрінде алынуы қолайлы. Себебі «қарақаттай», «көзіңмен» сөздері бір

тармақ   ішіңде   қалса,   әрі   мағыналық   үйлесу,   әрі   екеуі   жымдасып,   келесі   «қызықтырып»   сөзі

алдында кідіріс тудыру (әр тармақ аяғында аялдау ұлғаяры белгілі) арқылы соңғы сөзге баса назар

аудартуға дайындар еді. Ендеше тармақты біресе 7/4, біресе 4/7 қалпында бөліп, шумақ ырғағында,

өлең әуезділігінде алалық, түрлішелік туғызбас үшін, оны қосып алу анағұрлым қисыңды. Әйтсе

де   осылай  жіптестіру  орынсыз   ажыратылған  бесіншіге   лайық   бол-са   да,   соңғы  тармақ   туралы

мұны айта алмас едік. Себебі өлеңдегі алғашқы төрт тармақтың әрқайсысы алты буыңды болып

келуіне,   бұл   соңғы   екі   жол   да   үйлесіп,   сол   тәртіпті   сақтау   арқы-

лы шумақ ішіндегі ырғақ, әуез біркелкілігін күшейтеді. Сөйтіп бесінші жолда екі қысқа тармақ

бірігіп, өлең ырғағына аздап өзгеріс енсе де, кейінгі екеудің тұтастырылмай қайта алғашқылар-



мен үндесуі аралықтағы ұзарған бесіншіні біркелкі әуезбен көмкеруді жүзеге асырар еді. Осылай

жүйелесек, жоғарыда келтірілген шумақтың соңғы жолдары былай жазылуға тиіс:

Сиқыр жүзің ақылды байлап алып, 

Тор шашың шырмалап, 

Басымды ноқталар.

Енді   осы   өлеңді   ырғақ,   саздылық   жағынан   ғана   емес,   өмірді   бейнелеу   әдіс-амалдары

тұрғысынан   қарастырсақ   негізінен   алғанда,   лирикалық   қаһарман   сезімінің   нақты   ежіктелмей,

біршама бүкпеленіп, ұтыланып берілгеніне көз жеткіземіз. Рас, әсіресе лирикалық бейненің сырт

келбетін елестетерлік нақтылы детальдар баршылық. Мәселен, оның көзінің қарақаттай болуы,

шашының «жібектей қап-қара» екендігі, мандайының «қардай аппақ» реңі, – бәрі перизат кескінін

біршама   ашып   тұр.   Сонымен   бірге   «нұр   көзің   сүзіліп»   тармағы–   лирикалық   бейненің   қалай

қарағанын   нақты  өрнектеу   үлгісі.   Сондай-ақ   лирикалық   бейне   ғана   емес,   лирикалық   қаһарман

сезімінің   де   біршама   дараланған   тұстары   бар.   Лирикалық   қаһарманның   мұнды   әнге   салып

тұрғанын әйгілеуі, «Жүзін көрмей тұрғанда өлсем нетті»– деуі; «Сүйем деп бір рет // Келді жан

ерінге»,– деп тебіренуі, немесе «Ақыл-ес сұрама // Дуана сорлыңнан», «Не өлтір, не тірілт // Осы

шын сырым-ау!»– жолдары да өзіндік сезім айнасы екені анық.

Әйтсе   де  Шәкәрім  мақсаты  белгілі   бір  адамның  сүйішеншілігін  дәлме-дәл  суреттеумен

шектелу   емес,   демек   сезімнің   жеке   адамға   ғана   тән   дара   көрінісіне   түкпірлеу   емес,   жалпы

махаббат асылдығын, құдіреттілігін әспеттеу екенін есте ұстау керек. Осы биікпен межелесек қана,

ақынның   тек   нақтылыққа,   даралыққа   баруды   мақсат   етпегенін,   оның   есесіне   айрықша   сезімді

әсерлі   ашуды   көздегенін   анықтаймыз.   Сондықтан   да   «Байқамай   іліндім   //Сиқырлы   торыңа»,–

жолдарынан   лирикалық   қаһарманның   лирикалық   бейнемен   қандай   жағдайда,   қалай   жүздесіп,

қалай ғашық болғанын нақты көре алмаймыз. Оның есесіне торға ілініп босана алмаған жан иесі

әрекетіне теңелгендіктен де, ғашықтық, құштарлық деңгейі неғұрлым әсерлі жеткізілген. Сондай-

ақ   лирикалық   қаһарманның  отқа   жанғаңдай  болып   өртенуі   («Өртеніп,   жанды  ішім»)   де   нақты

көрініс емес (сөзбе-сөз түсініп, адам отқа жанды деп елестетпейміз), заттандырып, ұлғайту үлгісі.

Сол   тәрізді   «Аямадың   өлер   деп   мен   ғарыпты»,–   жолынан   да   лирикалық   бейненің   лирикалық

қаһарман ниетін толық қоштамауы ма, әйтеуір, бір тілектің орындалмағанын андаймыз. Тағы да

қай өтініштің қандай жағдайда іске аспауын тәптіштеу жоқ, оның есесіне өзіндік құштарлықтың

үдеуі   бар.   Тек   бұл   мысалдар   ғана   емес,   басқа   да   детальдарды,   суреттерді   тұтас   алып

қарастырғаңда   да,   ақынның   бейнелеу   амал-тәсілдерінің   бар   түрін   жеке   бір   бейнеге   емес,   бар

адамға   ортақ   боларлық   ынтызарлықтың   биік   деңгейін   ашу   міндетіне   бағындырғанын,   демек

жинақтау,   тұспалдау   құралдарын   неғұрлым   еселеп,   өзінше   ұштауын   көреміз.   Шығарма

басталымындағы өлең туралы «Мұнды, күйсіз, жесір боп жатыр еді» деуінен-ақ ақынның дерексіз,

көзбен   көріп,   қолмен   ұстауға   болмайтын   ұғым-өлеңге   деректі,   жандыға   тән   «мұңлы»   «жесір»

сөздерін   қосарлау   арқылы   лирикалық   қаһарман   сезімін   күрделентіп,   кең   қамтып   жеткізуін

кезіктіреміз. Сондай-ақ дерексіз ұғымды заттандыру, жандандыруды да ақын адам сезімін көзге

көрінерлік   етіп,   әсерлеп,   үкілеп   түрлентуге   пайдаланған:   «Ұстадың   жанымды   //   Тұзақ   қып

тұлымнан».   Байыптап   үңілсек,   қыздың   өз   тұлымынан   тұзақ   жасауы   ықтимал,   сонымен   екінші

адамды қапсыруына да болады. Дегенмен тұзақпен адамның өзін емес, көзге көрінбейтін дерексіз

жанын   қармау   мүмкін   еместігін   бағымдасақ,   шарттылықты   да,   дерексізді   заттандырып,

жандандыруды да ақынның шебер қиюластыруының куәсы боламыз. Ақын символдық белгіні де

өзінше   пайдаланады:   «Кетпестей   сәуле   бар   //   Ойымда   нұрыңнан».   Расында,   осы   көріністі

«лирикалық бейне нұрынан түскен сәуле  лирикалық қаһарман ойында кетпестей боп қалған»,–

деп, қара сөзге айналдырып айта алмаймыз ғой. Мұндағы сәуле– махаббат әсерін, нұрдан туған

сәуле   тәрізді   ерекшелігін,   бейнелеуге   арналған–   символдық   белгі.   Сонымен   қатар   ақынның

шарттылық пен әсірелеуді астастыра қолдануы да– өзіндік ізденіс жемісі: «Қынаптан суырған //

Қанжардай   қасың   бар».   Осы   баламаны   сөзбе-сөз   ұғындыру   мүмкін   емес.   Қанжар   ең   алдымен

өткірліктің дайын нышаны десек, оның өткірлігі ме, жоқ, жарқырауы ма, әлде түзулік, ұзындығы

ма,  әйтеуір  өзгеше  бір іңкәрлікпен қарағандағы әсемдік  белгісі  екені  байқалады.   Демек мұнда

шарттылық   пен  ұлғайтудың   тоғысқан   түрі   отау  тігіп,   лирикалық   қаһарманның   қыз   қасын,   сол

арқылы қас иесін қаншалық әз тұтуы ұтымды жеткізілген.

Шығармадағы табиғат көріністері де біресе нақты, біресе шартты бейнеленіп, лирикалық

қаһарман сезімін ізерлеп ашу міндетіне бағындырылған.

Нұрыңнан нұр алып, 

Аспанда жарық ай, 

Келеді қозғалып, 


Жақындап бері қарай,– жолдарына карап, расында да Ай қыздан жарық қабылдап, бері

қарай жылжып жақындап келеді деп ұғынбаймыз. Мұның бәрі Айдағы өзгерісті емес, лирикалық

қаһармандағы   тебіреніс   сипатын   кестелеген   әшекейлер   екені   белгілі.   Бұл   іспетті   пікірді   қыз

нұрынан ұялып, күннің батып жоғалуы  («Күн батып жоғалды // Нұрыңнан ұялып») туралы да,

Жетіқарақшының  айналып   лирикалық   бейнені   іздеуі   («Жетіқарақшы   айналып   сені   іздеп   жүр»)

хақында да айтуға  болады. Бұл көріністердің бәрі таза көшірме емес, лирикалық  каһарманның

белгілі бір құбылысты өзінше қабылдау ерекшелігі десек, табиғаттың науан қалпын нақты, дәл

безендіру де баршылық:

Сызылтып ән салып, 

Шырқады бозторғай... 

...Гүл билеп жайқалып, 

Бұлбұлдар сайраған. 

Жорға су тайпалып, 

Бұраңдар жайнаған.

Бозторғайдың «сызылтып ән салып» шырқауы да, гүлдің «жайқалып» билегендей қозғалыс

жасауы,   судың   жорға   тәрізді   тайпалуы,   бұраңдауы,   жайнауы–   табиғаттағы   әсем   көріністерді

ұтымды детальдар арқылы нақыштау үлгілері. Мұның бәрі лирикалық қаһарман сезімін әсерлі

жеткізу үшін Шәкәрімнің өлең ырғағы, саздылығына көңіл бөлуін, бейнелеу құралдарын жетілдіру

шеберлігін танытады.

Шәкәрімнің кемел ақын екенін дәлелдейтін туындысының бірі– «Ашу мен ынсап» (1885-

1890 ж.)  өлеңі. Шығармада сол замандағы дүйім жұртты  жайлаған теріс іс-әрекеттер бір адам

басына, лирикалық қаһарманға, жинақталып, соның бәрі бір қісінің толғанысы, ішкі қайшылығы,

тартысы, өсу жолы ретінде берілген. Көпшілік сезімін бір адамға, басты қаһарманға, арту дәстүрі

Абайдан өріс алғаны мәлім:

Жазу жаздық,

Хат таныдық,

Болдық азат молдадан.

Шала оқудан

Не жарыдық

Қалғаннан соң құр надан?

Бағасыз жастық –

Бозбастық,

Адастық. (1890 ж. «Тайға міндік».)

Өлең   соңында   толысқан   лирикалық   қәһарманның   қоршаған   ортаға   сын   айтуы,   келелі

насихатты кабылдау үшін де есею керек екеніне назар аудартуы берілген. Түйіп айтсақ, Шәкәрім

осы   өлеңінде   лирикалық   қаһарманның   ішкі   қайшылығын,   өсу   жолын   лирика   жанры   аясында

жинақтап, шынайы да әсерлі бейнелеу шеберлігін көрсетті.

Шәкәрімнің   өзіндік   бетін,   каншалық   есейгенін   танытатын   туындысының   бірі–   «Өлген

көңіл– ыңдынсыз өмір» (І912ж.) өлеңі. Назар аударарлық жайт: сегіз тармақтан тұратын бастапқы

алты   шумақтың   бәрінің   де   алғашқы   алты   жолы   жаз   келуіне   байланысты   туған   зейнеттілікті,

табиғаттағы   тіршілік   салтанатын   беруге   арналса,   әр   шумақтағы   соңғы   екі   тармақ   лирикалық

қаһарманда әйтеуір бір мұң бар екеніне көңіл бөлгізуге қызмет етеді. Алғашқы шумақтағы келісті

көрініс пен (жаз келуі т.б.) оған қарама-қарсы белгі берген қайғының екеуі де келер шумақтарда

үнемі үстеліп отыратынын бағымдасақ, жарқын суреттердің өрістеуімен бірге, кереғар сезімдердің

де қарыштай түсуіне тап боламыз. Алдымен ақынның табиғатты бейнелеу шеберлігіне үңілейік.

Шығарма басталымында орын алған жай бұлт емес, «кабағынан қар жауған // қараңғы» бұлттың

жоғалуы, әйтеуір бір жел емес, «Қасқара алмай бет ауған // қаһарлы» желдің де оңалуы,– бәрі де

табиғаттағы тәуір  беталысты білдірсе, соған сай адамдар әрекетінде де  жаңалық,  қоздану бар:

«Көшейін деп қыбырлап, // Ел қыстаудан  қозғалды»,  Бұл арада  табиғаттағы жаңғыруда  тездік,

(бірден   жоғалу   және   оңалу)   байқалса,   адамдар   әрекетінде   одан   гөрі   шабандық   та   бар:

«қыбырлап»–   қозғалыс   баяулығын   дәлелдей   алады.   Екінші   шумақта   Абайдың   «Жаз»   өлеңінен

бастау   алған   шындықты   жинақтау   мен   даралаудағы   шынайылық   тәртібін   (мәселен,   «бүйірі

шығып» ыңқылдау ат, айғыр, биелерге тән болса, «айнала шауып» бұлтылдау құлын-тайда жиі

ұшырасатынын  ескеру т.б.)  Шәкәрімнің жалғастыруын көреміз.  Жас  балалардың  «қырдан  ойға

дүбірлеп»   шуласуы,   қыз-бозбаланың   «бір   бөлек   әзілдесіп»   дуласуы–   жастыққа   тән   қимыл

ширақтығын   жинақтап,   даралап   берсе,   кемпір-шалдың   «күншуақта   күбірлеп»   сырласуы   егде

адамдарға ғана тән байсалды қалыпты танытады. Табиғаттағы жайлылықтың басқаларға ғана емес,


лирикалық қаһарманға да жағымды әсер бергені байқалады: «Бетіме жылы тиеді // Күнгейдегі

күншуақ». Сонымен бірге жаз келгені, оның игі ықпалы– «Өлі жердің сүйегін // Тірілтті жайнап

жапырақ»– жолдарында да әсерлі бейнеленген. Жапырақтың «жайнап», «өлі жердің сүйегін» тіріл-

туі– шарттылық жемісі. Жерді өлі деп алу да, оның сүйегі бар деп көрсетіп, «өлі жердің сүйегін»

тірілту де– бәрі де Шәкәрімге дейін болмаған, тек осы тұста, әсіресе Мағжаңда өріс алған (демек

Шәкәрімге   Мағжан   әсері   де   аз   болмағанын   байқаймыз)   ала-бөле   құбылысты   дамыта   жырлау,

романтизм   белгілері   екенін   көреміз.   Ақын   одан   әрі   табиғаттағы   әсемдікті   нақты   ашарлық

детальдарды келтіреді:

Күн нұрымен көгеріп, 

Жауқазын шықты жалбырап. 

Жер жүзіне өң беріп, 

Қызыл гүл бітті албырап.

Жауқазынның «көгеріп», «жалбырап» шығуы, қызыл гүлдің «албырап» өң беруі,– бәрі де

белгілі   бір   рең   сипатын,   қозғалыс   түрін   нақты   мәнерлеу   үлгілері.   Тек   шырайлылық,   жарасты

қозғалыс қана емес, осы шақтағы тамақтың да дәмді болуы (демек табиғаттағы көріктілікке қоса

тұрмыстағы жайлылық)– жаз салтанатын асыра түседі: «Қатып қалған желіннен // каймағы бар бал

шықты». «Бал» сөзі тәттіліктің дайын символдық белгісі десек, «қаймағы бар» болу сол тәттілікке

қоса нәрлілік, майлылықтың да жоғары деңгейін ашады. Сөйтіп, бастапқы шумақтарда адамдар

сергуі   нақты   көрсетілсе   (жас   балалар,   қыз-бозбала   мен   кемпір-шалдың   әрқайсысының   өзінше

масайрасуы т.б.), «Жанған оттай жалындап, // Жайлауға қарай ел көшті»– тармақтарында жинақтап

тұспалдау   орын   алған.   Себебі   ел   көшуі   дағдылы   әрекет   десек   те,   олардың   «жанған   оттай

жалындап» қоныс аударуы  нақты сурет  емес, қайта  шартты ұғым, дабырайта отырып әсірелеу,

айнасы.   Жетінші   шумақта   жан-жануарға   лайық   серпіліс   бар:   «Көкорайға   қонғанда,   //   Қозылар

ойнар   дүркіреп».   Қозылардың   «дүркіреп»   ойнауы-уайымсыздық,   тойымдылық   дәлелі   десек,

адамдардың «бір бағланды» сойғызып, «дене балқып», бой қызып көңілденуі де сол шаттықты

өрістететіні   анық.   Осыншалық   желпіністі   нақыштау   үстінде   автордың   әр   шумақ   соңыңда

лирикалық   қаһарман   наласын   тұлғалантып   беріп   отырғаны   да   назар   аударарлық.   Бастапқы

шумақта   «қараңғы   бұлт»   «қаһарлы   жел»   жоғалуына   «Жаралы   жүрек   жыбырлап,   //   Жазылмай

жалғыз сол қалды»,–  жолдары қарама-қарсы қойылса, екінші шумақтағы  жас балалар  мен қыз

бозбаланың масайрауы тұсында: «Өліп қалған сұм жүрек // Оятсам да тұрмас-ты»,– тармақтары

бой көтереді. Ал, үшінші шумақта тікелей лирикалық қаһарман бетіне күншуақтың жылы тигені,

тіпті  жапырақтың «жайнап»,  «өлі   жердің сүйегін» тірілтуі  сөз  болғанда  да,  соның бәріне  селт

етпей, ақынның күрескер «менінің» күйзелуі берілген: «Жаралы менің жүрегім, // Жайнай алмас

сол бірақ». Жауқазын мен қызыл гүлге иек артып, құлпырған көрініске (4-шумақта) дерексіз ұғым–

«кайғылы» көңілдің дербес жан иесіне айналып, «тырп етіп» кабағын ашпауы, салбырауы кесе-

көлденең   тұрады.   Келер   шумақтарда   да   лирикалық   қаһарман   шерінің   қордалана   беруіне   тап

боламыз:

1. Қайғылы біздің көңілден

Қайғырған сайын қан шықты (5-шумақ соңы).

2. Жанбақ түгіл жабырқап,

Жаралы жүрек қайта өшті.(6-шумақ аяғы).

3. Жаралы біздің көңілге

Бір тамбайды сіркіреп.

Таянды ғой өлімге,

Қақырық басты кіркіреп.(7-шумақ).

4. Мен бір тілсіз көлікпін,

Басыма соқпа, дауың жоқ.

Тепкілеме– өлікпін,

Шайтаннан басқа жауым жоқ.(11-шумақ).

5. Жазам болса тартайын,

Қолыңнан келсе, әне, өлтір.

Обалымды артайын,

Қызықсаң босқа және өлтір.(15-шумақ).

Қан   шығуы   қаһарман   қайғысын   бұлтартпай   көрсету,   тіпті   өлімге   беттегендік   нышаны

десек, «жаралы» жүректің қайта өшуі  де сол көріністі дамытады. Ал, лирикалық каһарманның

өлікке   айналуы  тартыстың  шырқау  биігі  (өлуден  асқан не   ауыртпалық   болсын)   екені  де  анық.



Соншама   әсемдікке   лирикалық   қаһарман   қамығуын   қарама-қарсы   қою   өмірдін   тек   мұңнан

құралмағанын әйгілеумен қатар қасіретті де салмақтандыра түседі. Лирикалық қаһарман егілуін

мұнша ежіктеп түкпірлеудің авторға не үшін керек болғаны өлең соңында ашылады. Бақсақ, не бір

әсемдікке қызықпай, сонша құса, өлімге душар болған қаһарманның қадап айтпағы, өзекті түйіні

бар екен.

Әдебиеттер: 

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2.   Мәшһүр-Жүcіп   Қ.П.   Қaзaқ   лирикacындaғы   cтиль   жәнe   бeйнeлілік.   Мoнoгрaфия:   -

Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. –

Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007.

– 392 б.


5.   Кәріпжанова   А.О.   Мәшһүртану  

(

Мәшһүр   Ж



үсіп   Көпейұлы   шығармаларындағы

фразеологиялық коннотацияның прагма-ког

нитивтік аспектісі).

 – Павлодар : 

Кереку, 2011.  

182 б.



13-тақырып. М.Дулатов шығармашылығы

Қазақ   лирикасының   ХХ   ғасыр   басыңдағы   дамуы   дегенде,   М.Дулатов   (1885-1935)   пен

А.Байтұрсыновқа  (1873-1937)  арнайы  назар  аударған  жөн деп  санаймыз.  Екі  ақын  да  алғашқы

жинақтарын (М.Дулатов «Оян, қазақ», А.Байтұрсынов «Қырық мысал») 1909 жылы шығарды. Екі

каламгер де қыспақ, тыйым салу жағдайында жазғандарын баспа бетінде жариялау, сол арқылы

халыққа кең тарату мүмкіндігін ескеріп, өз ойларын көбінесе бүркемелеп, ишараттап жеткізуге,

шарттылыққа,   кекесінге   (иронияға)   жиі   баруға   межбүр   болды.   Бұл   әдісті   тек   М.Дулатов   пен

А.Байтұрсынов   емес,   қапталдаса   сап   түзеген:   М.Жұмабаев,   С.Торайғыров,   С.Сейфуллин,

І.Жансүгіров   т.т.   ақындар   да   ту   еткенін   ескерсек,   аталған   амалдардың   жеке   суреткермен

шектелмей, көп қаламгерге ортақ болғанын межелейміз. Мұның бәрі шамамен 1905-1924 жылдар

аралығында ақындардың шарттылық мен тұспалдау әдістерін өрбіте отырып, қазақ лирикасының

өзіндік даму ерекшелігін, кезең стилін қалыптастыруына жол ашты.

Ал, шамамен 1924-1925 жылдардан бастап, әміршілдік жүйе қыспағы толық ірге теуіп,

астарлап болсын сын айтуға тыйым салу, не қатаң шектеу қойылды да, ақындардың бір тобы жаңа

тәртіпке   бейімделіп,   бұрынғы   жазғандарынан   көркемдігі   көп   тө-мен   мадақ   өлеңдерге   ойысты

(С.Сейфуллин,   І.Жансүгіров   т.б.),   енді   біразы   өлең   жазуды   тым   сиретті   (М.Дулатов,

А.Байтұрсынов,   М.Жұмабаев   т.б.).   Әйтсе   де   1905-1924   аралығындағы   бұл   ізденістер   бекерге

кеткен жоқ.  Ақындар суреткер  ретіңде  көп есейіп кемелденді,  өрістеген дәстүр тағылымдарын

жаңа жағдайға бейімдеп, соны сипаттағы туындылар берді. І.Жансүгіровтің 1929жылғы «Гималай»

өлеңі–   соның   бір   көрінісі.   Онда   ақын   шет   ел   отаршылдары   зомбылығын   әшкерелей  отырып,

жалпы қыспақшыл атаулының, соның ішінде коммунист зорлықшыларының теріс істерін оспақтап

шенеу үлгісін көрсетті. Кейін бұл әдіс тек лирикамен шектелмей, басқа жанрда да қанат жайды.

Мәселен,   М.Әуезовтің   «Абай   жолы»   дәуірнамасында   патшалық   Ресей   заманындағы   зорлық-

зомбылықтарды   түйрей   отырып,   өз   кезіндегі   коммунистер   қыспағын   абайлатуға   да   саңылау

қалдырғаны   белгілі.   Мұның   бәрі   Абайдан   кейінгі   әдебиетті   жалғастырушы   ақындар

шығармашылығының өзіндік ерекшелігін, кезең стилінің әсерін қабылдауын т.б. дәлелдейді.

М.Дулатовтың   1913жылғы   «Азамат»   жинағына   енген   «Қажыған   көңіл»   өлеңі–   кезең

стиліне сай тұспалдау мен шарттылық мұмкіндіктерін біршама кең игеру жемісі:

Жүйрік қиял дүниені кездіріп, 

Туған ел мен өскен жерден бездіріп, 

Қиын қиғаш кияларға жетектеп, 

Сырын айтпай, жөні қалай сездіріп. 

Ере бердім мен артынан бір есер, 

Қарсы келіп еркім бар ма тіресер? 

Жел айдаған тұрағы жоқ қаңбақтай, 

Ағынымды дедім-дағы сай кесер. 

Сай орнына душар болды терең жар, 

Мезгіл жетпей шығу қиын, өзі тар. 

Достың саны нөлге қалып азайды, 

Бой балқытып кімді ерітер шаққан зар?!



Сөзбе-сөз ұғынсақ, «қиял»– көлемі, салмағы бар зат емес, дерексіз ұғым. Ал, сол дерексіз

қиялдың дербес тіршілік иесіне айналып, ақындық «меннен» бөлініп шығып, лирикалық қаһар-

манды   жетелеуі–   шарттылық   жемісі.   Бұл   шарттылық   лирика-лық   қаһарман   арқалаған

ауыртпалықты, сол арқылы жинақталған көпшілік мұң-зарын меңзеп, соған назар аудартуға жол

ашып тұр. Лирикалық қаһарман сапарының ауырлығы «қиын қиғаш» көріктеуіші (эпитеті) және

«қияларға» ауыстыруы  (метафорасы)  көмегімен бейнеленген.  Ал, екінші  шумақ  басындағы сөз

арасында жай айтыла салған тәрізді берілген «есер» сөзінің жеке өзі көтерген жүк те аз емес. Ол

қарсыласуға   күш   тең   еместігін   ескеріп,   әжуалау   нәтижесінде   ширығып   басталған   тартысты  

сәл жұмсартып, оның есесіне қандай қысылшаң сәт туса да, өзін-өзі мысқылдап сергіте де алатын

лирикалық   қаһарманның   өр   рухын   шынайы   ашуға   бағыттайды.   Лирикалық   қаһарман   халі

мүшкілдігі одан әрі «жел айдаған тұрағы жоқ қаңбақтай» теңеуі арқылы дамытылса, «сай орнына»

«терең   жар»   душар   болуы,   одан   шығу   қиындығы–   бәрі   халық   қасіретін   көзбен   көрерлік   етіп,

заттандыру әдісімен ұстартып өрнектеу шеберлігін танытады. Өлеңнің төртінші шумағында да сан

түрлі амалды сабақтастыра қабаттау жүзеге асқан:

Көп құлағы мақтаменен тығулы, 

Қасқыр қуып үріккен қойдай ығулы. 

Құбыжық бар десе, қорыққан баладай, 

Су жүрек боп сорлы қазақ бұғулы.

Тағы   да   сөзбе-сөз   ұғынып,   адамдар   құлағына   мақта   тығып   жүр   деп   қабылдауға

болмайтынын ескерсек, осы үзіндідегі ал-ғашқы тармақтағы ойдың шарттылық жемісі екеніне көз

жеткіземіз.   Бұл   шарттылық   адамдардың   құлақтарына   мақта   тыққаңдай   күй   кешіп,   керек   үнді

естімейтінін, шындықты аңдамайтын надандығын, аңқаулығын танытса, олардың «қасқыр қуып

үріккен   қойдай   ығулы»   екені   шарасыздықты,   күш   тең   еместігін,   жасқаншақтық   етек   алғанын

жайып салады. Сонымен бірге соңғы балама ұлттық өрнекті (национальный колорит) тиімді игеру

нәтижесінде,   негізінен   алғанда,   сол   кездегі   мал   бағумен   айналысқан   адамдарға   ұғынуға   жеңіл

болуымен де ерекшеленеді.

Тұспалдау   мен   шарттылықты   шынайы   өрістету   шығарманың   алтыншы   шумағынан   да

байқалады:

Желігуден жел көңілім басылмай,

Білім артып, жеміcі жұртқа шашылмай.

 Ерте мен кеш тақылдатып қақсам да,

 Әуре қылды бақ есігі ашылмай.

Мұнда   дерексіз   ұғым   көңілдің   жел   тәрізді   екендігі   және   жан   иесіне   айналып   желігуі;

дерексіз білімнің заттанып, жеміcі болуы,  ол жемістің жұртқа шашылмауы–  бәрі– шағын сөзге

аумақты   шындық   cыйғызу   үлгілері.   Ал,   дерексіз   ұғым   бақтың   заттанғаны   сондай,   оның   есігі

болуы, тіпті «ерте мен кеш тақылдатып» қақса да, ашылмауы күрескерге, елге орнаған зобалаңның

осал еместігін, соған деген ашынуды әсерлі нақыштаған. Өлеңнің ақырғы шумағында алдымен

ашық жариялау:  «Жаудың  бетін қажып тұрмыз бұра алмай, // Бұрмақ түгіл шыдап қарсы тұра

алмай»; ең соңында тағы да астарлау отау тіккен: «Күннің көзін қара бұлт жасырып, // Күлімсіреп

нұрын шашып шыға алмай». Келтірген мысалдарда бостандықтың мөлтек символы (миниатюрный

символ) ретінде күн алынғаны, ал еркіндікке  жібермеуші  зорлықшылдың рәміздік (символдық)

нышаны есебінде қара бұлт өрнектелгені белгілі. 

Бұл   дәстүр:   тура   айту   мен   орағытуды   ұштастыру   М.Дулатовтың   «Арманым»   (1913   ж.)

өлеңіне де негіз болған: 

 Зор арманым– жиhанды жүрмін кезе алмай,

 Не бар, не жоқ– дүние халін сезе алмай.

Зейінім– ауыр, қолым – қысқа, жолым– тар, 

 Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай. 

Cырт   қарағанда,   «жиhанды   жүрмін   кезе   алмай»–   тіке   шағыну   тәрізді   көрінгенімен,

шынында   да   лирикалық   қаhарманның   кеңістік   кезу   машақатын   сөз   етпегені   анық.   Аталған

тармақта   лирикалық   қаhарманның   өз   арманын   анық   ақтара   алмауына,   өз   мақсатының

орындалмайтынын   дәйектеуіне   байланысты   туған   наразылығы   сездірілген.   Мұны   лирикалық

қаhарман   зейінінің   ауыр,   қолының-қысқа,   жолының   тар   екендігін   паш   еткен   екінші   тармақ   та

бекіте   түседі.   Сондай-ақ   үшінші   шумақтағы:   «Қаскүнемнің   хайласына   көз   жетпей»–   айқын

мәлімдеу   болса,   «білерсің   бір-ақ   бүйіріңнен   қысқанда»–   тура   жеткізу   емес,   тағы   да   қысым

атаулыны әрі бүкпелеп, жинақтап, әрі көзбен көрерлік заттылық қалыпқа түcіріп, әсерлі кестелеу

үлгіcі. Өлеңнің соңғы шумағында да емеурін білдіру мен ашық жарлау жұптаса шаңырақ көтерген:


Азуды қайрап,бармақты шайнап өтті күн,

Ғылымды іздер, алыcты көздер жетті күн.

 Ақсақал– артқа, жастар тартса салтқа,

 Әперер жұртқа кекті кім?

Міне, мұнда «азуды қайрап» оспақтауға жуық болса, «бармақты шайнап» нақты өрнектеуге

жақын. Cонымен бірге «ғылымды іздер» өз мағынасында алынса, «алысты көздер» сөздері жер

шалғайлығын емес, қиырдағы мақсатты, бостандыққа ие болуды т.т. меңзеп тұрғаны аян. Үшінші

тармақтағы «артқа» алмастыруынан жалпы кейін тартуды, ал «салтқа» сөзінен айқасқа шықпаған

самарқау әдетті, яғни енжарлықты аңдатуды кезіктіреміз. Төртінші тармақ– лирикалық қаhарман

ойын, күйзелуін бұлтармай әйгілеуге арналған: «Әперер жұртқа кекті кім?».

Қазақ   ақындарының   қоғамды   жайлаған   қайшылықты   ұтықты   бейнелеу   үшін   айтыс

үлгілеріне,   оның   ішінде   ақындар   айтысына   сүйенумен   қатар   шартты   айтыс   түрлерін   де   кең

пайдаланғаны мәлім. Мұны бұдан бұрын жазылған «Мәшhүр-Жүcіптің ала қарғамен айтысы» т.б.

өлеңдерін талдау кезінде де сөз еткенбіз. Мұндай шартты тіл қатысу М.Дулатовтың 1913 жылы

«Қазақ»   газетінде   басылған   «Сағыну»   өлеңінде   де   орын   алған.   Шығармада   дерексіз   көңілдің

заттанғаны,   дербес   жан  иеcіне   айналғаны  соншалық–   лирикалық   қаhарманның  оған  тіл  қатуы,

көңілдің де қарап қалмай жауап беруі дабыраланған. Лирикалық қаhарман өз мүмкіндігінің тым

шектеулі екенін ескеріп: «Басыл енді, күлкі болма, көңілім», – десе, көңіл адам тәрізді «мұңайып»,

Сарыарқа даласын сағынатынын мәлімдейді де: «Ең болмаса емін-еркін кезейін», «Қандай күйде

жатыр   екен   көрейін,   //   Ер   қазақтың   еркін   өскен   баласын»,–   деген   тілек   білдіреді.   Осы   тұста:

«Баяғыдай   еркіншілік   бар  ма   екен?»–   сауалы   беріліп,   яғни   астарсыз   тікелей   жеткізіліп,   ізінше

қауіптену, күресті аңсау шаң береді:

Әлде билеп кете ме екен басқалар?

 Сезіп қайтсын сорлы досың шамасын. 

 Хан мен бай, би мен батыр бар ма екен,

 Сауық-cайран, ас пен тойы жарасым...

 Айғай-қиқу найзамды әпер жауынгер,

 Барымташа мал қуатын рәсім.

 Ердің құнын екі ауыз сөз бітіріп,

 Тез айырған өтірік пен расын...

Келтірілген   үзіндінің   басында   дүдамалдану  байқалса   да,   сонша   бүлініп   жатқан   ештеңе

жоқтай   әсер   туады.   Әйтсе   де   туынды   аяғында   көңілдің   «еңіреп»   жылауы,   оған   лирикалық

қаhарман да қосылып егілуі тегін емес. Мұның бәрі: «еркіншілік бар ма?»– деген көңіл сауалына

қасқайып жауап бере алмаудан туған мұң– наланың өзіндік бір көрініcі.

Дәуір талабына сай ишараттау дәстүрінің кемелдене түсуін ақынның «Елім-ай» (1914 ж.)

өлеңінен де кездестіреміз:

Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,

Сол бір қайғың өзегімді өртеген. 

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,

Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?

Өткен-сағым, келер алдың– бір мұнар,

Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.

«Сақтан!»– деген сөзді жан жоқ шын ұғар. 

 Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай! 

Алғашқы   тармақтағы   «дертіңе»   сөзінің   отарлау   қыспағындағы   ел   қаcіретінің   жиынтық

белгіcі, яғни ауыстыру (метафора) екені анық. Ал, соған лирикалық қаhарманның ем таба алмауы

да тура мағынадан гөрі бүркемелеуге жақын болуымен ерекшеленеді. Бүкіл халықтың бір адамға

айналып,   көрпе   астында   тырп   етпеуі   әрі   шарттылық   (шынында   қалың   ел   бір   адамға   айнала

алмайды), әрі бірігіп майданға шықпауды, самарқаулық-ты ишараттау жеміcі. Шығармада одан әрі

берілген жеке сөздер де: «сағым», «мұнар» тұспалдауға құрылған. Сағымның әсем көрініс екені,

бірақ оған қол жетпейтіні де мәлім. Демек сағым елдің бір кездегі бостандықта болғанын еске

салуға  арналған. Ал, «мұнар»– белгісіздікті, яғни ел болашағының бұлыңғыр екенін аңғартады.

Осы   үзіндідегі   «қызарғанға»   алмастыруы   (метонимиясы)   сырты   жылтыраққа   алданушы   ел

аңқаулығын бейнелеуге қызмет етіп тұр. Қысқасы, өлеңнің бастапқы бөлімі астарлауға негізделсе,

одан   әрі   отау   тіккен   жолдарда   тікелей   ашық   үгіт   айту   өрістейді:   «Қандай   едің,   қара   кейін

қайырылып, // Қандай едің, тұрсың одан айырылып». Ал, ізінше ірге тепкен мына тармақтар тағы

жинақтап астарлауға иек артқан: «Мүгедек боп қос қанатың майрылып, // Өксіп жылап өгей ұлша,


елім-ай!».   Бұл жолдарда   бүкіл бір халық  тағдыры  қос  қанаты  бірдей  майрылған құстың  күйкі

халіне   ұқсастырылса,   өлеңнің   cоңғы   он   екі   тармағының   екеуі   дерексізді   заттандырып,

жандандыруға арналған: «Қайтар едің өткен дәурен оралып, // Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-

ай!».   Cоңғы   үзіндіде   дерексіз   ұғым–  өткен   дәуреннің,   яғни   бостандықтағы   кездің,   дербес   жан

иесіне айналып оралуы, тіпті «жылы жүзбен» мойын бұруы нақышталған. Шығарманың осы екі

жолынан басқа соңғы бөлімі ашық насихат болып келеді: 

 Мұны құр бос өлең десең, өзің біл.

 Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл.

 Не болса да көнем десең, өзің біл. 

 Босағада жүрген құлша, елім-ай!

 Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?

 Тіл алмасаң, кетпейміcің жоғалып?...

Cонымен, ақын бір туындыда шектеу, тыйым салу аясында түпкі ойды қиялап жеткізу, сөз

мағынасын үстеу нәтижесінде тікелей үгіт пәрменділігін арттыруға қол жеткізген. 

М.Дулатовтың   1916   жылы   «Қазақ»   газетінде   жарияланған   «Алашқа»   өлеңі   де   Қазақ

поэзиясындағы елеулі жетістік саналарлық туынды:

 Көк майса бетегелі жерің қайда?

 Күміcтей толқындаған көлің қайда?

 Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен 

 Жөңкіліп көшіп қонған елің қайда?! 

Берілген үзіндідегі «көк майса, бетегелі», «күмістей толқындаған» сөздерін алып тастасақ,

әйтеуір бір жерден, немесе көлден айрылу ешкімді cелт еткізбес еді. Ал әншейін бір жер емес,

әсем («көк») де, құнарлы («майса, бетегелі») жерден, жай бір көл емес, соншалық ажарлы, бағалы

(«күмістей»)  және  суы  мол («толқындаған»)  көлден ажырау ауырлығы  көзге   ұрады.  Cондай-ақ

«ың-жың   боп»   жер   қайысқан   «көріктеуіші   (эпитеті)   де–   тіршілік,   еркіндік   салтанаты.Олай

дейтініміз: адам мен мал саны көптігінен «ың-жың боп» үн естіледі, көшушілердің молдығынан да

жердің   өзі   көтере   алмай,   қайысқандай   («жер   қайысқан»)   әсер   қалдырады.   Шумақ   аяғындағы

«жөңкіліп» сөзінің жеке өзі-ақ келе жатқандар санының мол екенін дәлелдейді. Бірер адам, не мал

болса, «жөңкіліп» сөзі қолданылмайтыны белгілі. Сонымен бірге негізгі ойға, бостандықтан қол

үзу күйігіне, көңіл бөлгізу үшін ақын әр тармақты сауал берумен аяқтауды да тиімді қолданған.

Cөйтіп, жол аяғындағы сұрақ өзінің алдындағы сөздерге қайталап үңілтуге, яғни сөз мағынасы

кеңейіп, оның әсерлілігі артуына  ықпал етіп отыр. Әр тармақты сауал  берумен  аяқтау өлеңнің

келер шумақтарына да тән:

Көтерген ақ киізге ханың қайда?

 Қиғаш қас, бидай өңді ханым қайда?

Түнерген сыртқа айбынды, іргең бүтін,

 Бір кезде басқа қонған бағың қайда?

Тарата бажайласақ, жай бір хан емес, көпшілік қолдаған, киізге көтерген ханды; әншейін

бір   киіз   де   емес,   тазалық,   пәктік,   адалдық   белгіcі-ақ   киізбен   әспеттелген   ханды;   сондай-ақ

қатардағы әйел емес, «қиғаш қас, бидай өңді», демек ажарлы ханымды жоғалту аянышты. Cондай

ойсырауға   табан   тірегесін   барып,   «түнерген   сыртқа   айбынды»   іргесі   бүтін   қалыпты   жоқтау

алдыңғы сезімді ширата түсуге әкеледі. Бұл әсер келер жолдарда одан әрі жоталана түскен:

Қақ жарған қара қылды биің қайда?

Ақ орда би түсетін үйің қайда?

 Салтанат Сарыарқада құрған қазақ,

Толықсып жүрген кеше күнің қайда?

 Шаң жұтқан текежәуміт атың қайда?

Қалдырмас жауға тастап жақын қайда?

Ұшқыр ат, түзу мылтық, болат найза,

Киінген көк дулыға батыр қайда?!

Көріп отырғанымыздай, «қақ жарған қара қылды» биді; «ақ орда» би түсетін үйді; «шаң

жұтқан текежәуміт» атты; ол аз болса: «ұшқыр ат, түзу мылтық,болат» найзасы бар, «көк дулыға»

киінген   батырды   жоқтау–   бәрі   бұрынғы   бостандық   артықшылығын,   кейінгі   күйкі   жағдайды

дәлелдеуге   қызмет   етуде.   Осындай   сөз   айшықтарына   сүйенгесін   барып,   сырт   көзге   жадағай

көрінерлік баяндаулар орын алуы да әсерлі:

Жауап сол: Өткен дәурен қайта келмес,

 Қаншама өкcігенмен, тағдыр көнбес.


Бұл күнгі қарашыл қарт, парашыл би,

 Өткендер келгенмен де орын бермес.

«Ішкен мас, жеген тоқтың» заманы бұл: 

Ашыққан, ашынғаның түкке жүрмес.

Өлеңді   шарасыздықпен   аяқтау   да   төзгісіз   халді   бадырайта   түсуге   жетелейді.   Cөйтіп

суреттеудің  алуан  әдістерін жарыстыра септестіріп,  лириканың бейнелеу құралдарын  жетілдіре

түсу М.Дулатовтың ғана емес, жалпы қазақ поэзиясының кемелденуін дәлелдейді.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал