Бағдарламасының (syllabus) титул беті Нысан н ұс пму 18. 4/19 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.76 Mb.

бет3/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC,

2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: -



Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова  М.Н. Мәшһүр Жүсіп  өлеңдерінің  жанрлық-стильдік  ерекшелігі.  Оқу

құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4.   Ғacырлaр   тoғыcындaғы   қaзaқ   жыры   /   Құрacт.   E.Дүйceнбaйұлы.   –   Aлмaты:

Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша: 

5. Бaйтұрcынoв  A.  Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa,

2007. -208 б. 

6.  Мaқпырoв   C.   Лирикaлық   жaнрлaр   //   Кітaптa:   Нұрғaли   Р.   Жeті   тoмдық

шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.

7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.



6-тақырып. 

Қ.Аманжоловтың романтикалық сарындағы туындылары

Қ.Аманжоловтың   романтикалық   сарында   жазылған   туындыларына   тоқталсақ,   ақынның

«Сұңқар жыры» (1936 ж.) өлеңi М.Горькийдiң ерлiк өмiр жолын шолып бейнелеуге арналған:

Бiр уhiлеп, бiр өксiп, 

Жатты дүние дөңбекшiп,– 

Азап шеккен арудай. 

Тұншықтырып түн түнек, 

Тұнжыраулы жер мен көк, 

Күйзелгендей күн мен ай. 

Сонау, сонау қиядан 



Ұшты сұңқар ұядан, 

Ұшты самғап саңқылдап. 

Қара түндi қақ жара 

Қанатымен жол сала,– 

Нажағайдай жарқылдап. 

Өлеңнiң   алғашқы   тармағының   өзi   назар   аударарлық.   Белгiлi   зерттеушi   Т.Әбдрахманова

көрсеткендей, бастапқы жолдың («Бiр уhiлеп, бiр өксiп») өлең ырғағына, ұйқасы, әуендiлiгiне т.б.

әсерi


 

өзалдына, cонымен бiрге лирикалық бейненi ерекше өткелде сынау талабының басталымы да

бар. Алдымен, жинақталған ұғым «дүние» жандандырылып, «бiр уhiлеп, бiр өксiп» берiлуi, соған

қоса оның дөңбекшуi де– бәрi-ерекше жағдайды әспеттеу үлгiлерi. «Дүние» осындай дүрбелеңге

ұшыраса, озбырлық, қиянат символы «түнек» түннiң де мықтылығын «тұншықтырып» сөзi cәттi

ашып   тұр.   Түннiң   тұншықтыруы,   жер   мен   көктiң   «тұнжыраулы»   болуы,   күн   мен   айдың   да

«күйзелгендей»   алынуы,–   бәрi   cептесе   келе   ерекше   алапат   тауқыметтi   көзге   ұрады.   Мiне,

осыншалық   ауыртпалық   үстемдiк   құрғанда,   ұшқырлық,   алғырлық   символы   сұңқардың   қанат

қағуы, жай ұшып қоймай «самғап» көтерiлуi, «саңқылдап» үн беруi, тiптi, «қара түндi қақ жара»

нажағайдай жарқылдауы– қанша азап, бөгет туса да, оны жеңерлiк күштiң осал еместiгiн көрсетуге

арналған.   Cонымен   қатар   «қара   түндi   қақ   жара»   тiркесi   Cәкеннiң   «Тұлпарым»   өлеңiндегi

«Аймақты жарып дүбiрiң» жыр жолын еске түсiредi (оны бiз жоғарыда талдадық). Шығармада

одан   әрi   «бостандықтың   бұлбұлын»   («Бұлбұл»   мен   «гүлдi»   жiптестiре   алуға,   дәcтүрлi   балама

пайдаланудағы   сабақтастыққа,   Мағжан   романтизмiн   талдау   кезiнде   назар   аудардық)   «шеңгелге

сап» «екi басты» самұрықтың (империя, озбырлық cимволының) бүрiп тұрғаны айтылады. Келер

шумақтарда сұңқардың «көкке өрлеп» («өрлеп» сөзi қанша әуелегендiктi көрсетедi) шыққаны, жер-

көктi cолқылдатуы (жай бiр талды, ағашты емес, бүкiл жер-көктi cолқылдату оңай ма) сөз болады.

Бұл   аршынды   әрекеттердiң   бәрi   лирикалық   бейненiң,   романтикалық   қаhарманның,   жауыздық,

зұлымдық   атаулыға   қарсы   пәрмендi   күрес   жүргiзгенiн   жинақтап   беруге   арналған.   Cөйтiп,

лирикалық  бейненiң қандай жағдайда кiмдермен қалай айқасқанын нақты көрсетпей,  қарсылас

әрекетiн, арпалысушының да ерлiгiн тұспалдап, әсiрелеп өрнектеу де әдеттегi адам тiршiлiгiн емес,

айрықша күрескер ерлiгiн марапаттаудан туған. 

Қ.Аманжоловтың   бұдан   кейiн   жазған   «Ақын»   (1940ж.)   өлеңi   де   жаңа   заман   ақыны

В.Маяковскийдiң ерен тұлғасын әспеттеуге  арналған. «Ескi  дүние есiгiн теуiп ашып» «жүзiнен

жалын шашып» кiрiп келуден бастап, «бұзып-жарып, еңсерiп, еркiн басып» төрге ұмтылуда  да

қатардағы адам қолынан келмес ересен әрекет жатқаны анық. Тiптi, «су орнына... аққан жасты»

жұтуы, қанатымен «дүние кiрiн» сыпыруы, дауысының «жер құлағын» тұндыруы,– бәрi ерен iс

нәтижелерi. Бұл туындылардан Қасымның екiншi лирикалық бейненi романтикалық сипатта алу

талабын көрсек, «Дауыл» (1940ж.) өлеңiнде лирикалық қаhарманның (ақынның) өзi романтикалық

сипатқа ойысқаны байқалады: 

Шыр айналды шаңырақ, 

Сықырлады сырғауыл, 

Бұрқырады бар аймақ 

Соқты ышқына көк дауыл. 

Көштi дауыл керуенi, 

Iлестiм де мен кеттiм,

Көк дауылдай кеуделi 

Жiгiт болдым, ер жеттiм.

Негiзiнен алғанда, реалистiк сипаттағы шығарманың өзiнде романтизм элементi кездесуi

реализмнiң   жаңа   биiкке   өрлеуiне   ықпал   ететiнi   белгiлi.   Соның   бiр   айғағы–   ақынның   «Нұрлы

дүние» (1950 ж.) туындысы:

Нұрлы дүние, от бердiң cен 

Көкiрегiмде мәңгi лаулар. 

Бердiң қуат, бiр сiлкiнсем, 

Арқама орнар асқар таулар. 

Мiне, тап осы шумақтағы лирикалық қаhарман iсi, арқасына «бiр сiлкiнсе», «асқар таулар»

орнайтынына сендiруi– қатардағы адам қолынан келмес ерекше қарымды әрекет жемici. Әйтсе де

шығарманың   бұған   дейiнгi   және   бұдан   кейiнгi   жолдары   лирикалық   қаhарманның   реалистiк

табиғатын, қатардағы адам шамасына сай шаруа бiтiрiп келiп, тек ара-тұра осыншалық шығандау

ерекшелiгiн танытады. 



Қ.Аманжолов сонымен қатар бiр өлеңнiң өзiнде екi бейненi алып, бiрiн романтикалық, ал,

екiншiciн   реалистiк   сипатта   мүсiндеу   үлгiсiн   де   көрсеттi.   Ақынның   «Бурабай   толқындары»

(1939ж.) өлеңiнде Бурабай көлiнiң желдi күнгi көрiнici, қайықтағы екiншi лирикалық бейне, cұлу

қыз, қорқынышы, лирикалық қаhарманның қауiп– қатерден сескенбей ескек есуi берiлген. Өлеңнiң

соңғы бөлiмiн ғана келтiрейiк:

Бүйiрiн ескегiмнiң iрей тартып, 

Толқынды алсам керек ашулантып, 

Қасқырдай қамады кеп жан-жағымнан 

Жiбердi қайығымды қалтылдатып. 

Қорқаудай көкжал толқын жеттi екпiндеп, 

Белiнен қайығымның cекiрдi кеп .

Құп-қу боп қыз үрейi кеттi қашып, 

Көзiнен шыға келдi жас мөлтiлдеп. 

Cонда да сыр берместен тарта бердiм, 

Толқынның ойнағына мен де үйрендiм, 

Көлденең келгенiнiң белiн жаншып,

Ескекпен, ентелесе, басқа пердiм. 

Айбары арыстандай, бiр долы бұлт

Ойнақтап көк төсiне шықты жалт-жұлт, 

Гүрiлдеп тұрды – дағы шарт еттi ол, 

Жаңғыртты, болғандай– ақ аспан быт-шыт. 

Cу iшпек болғандай-ақ Бурабайдан, 

Бұлт төнiп, созды мойын анадайдан. 

Ту асау толқындарға мiнiп алып, 

Ән шырқап, Бурабайда салдық сайран. 

Мiне,   өлеңнiң  бастапқы   бөлiмi   тәрiздi   бұл  үзiндiде   де   ерекше   құбылысты  елестетерлiк

суреттер   бар:   толқынның   тегеурiндiлiгi   сондай,   қайықты   қалтылдатуы,   «қорқаудай   көкжал»

толқынның   екпiндеп   жетуi,   тiптi,   қайықтың   белiнен   секiруi   т.б.   Осы   кезде   екiншi   лирикалық

бейненiң,  қыздың,  «құп-қу  боп»  көзiнен «жас  мөлтiлдеп»  шығуы  да  жағдай  мүшкiлдiгiн көзге

ұрады. Сонымен бiрге iле-шала «айбары арыстандай бiр долы «бұлттың «көк төсiне» «жалт-жұлт»

«ойнақтап»  шығуы,  онымен қоймай,  «гүрiлдеп»  тұрып  шарт  етiп,  «аспан  быт-шыт» болғандай

жаңғыртуы да бұл үрейлi көрiнicтi үдете, ширықтыра түседi. 

Соның бәрiне қарамастан лирикалық қаhарманның шегiнбеуi: «сыр берместен тарта» беруi,

тiптi, толқынның «көлденең келгенiнiң белiн» жаншуы, толқын «ентелесе», ескекпен басқа перуi,–

бәрi   оның   асқан   қайраттылығын,   жүректiлiгiн   жайып   салады.   Осындай   жойқындыққа   тәнтi

еткеннен   кейiн   барып,   өлең   cоңында   лирикалық   қаhарманның   қызбен   бiрлесiп   «ту   асау

толқындарға» мiнiп алуы, «ән шырқап» Бурабайға сайран салуы сенiмдi де тартымды. (Қасымның

лирикалық қаhарманына тән осы өзiндiк мiнез: бiрбеткейлiк, өжеттiк, ерлiк– оның бар өлеңiнде

дерлiк «мен мұңдалап» тұратыны кейiн «Қасым стилi» бөлiмiнде қарастырылады.– Қ.Ж.) Cөйтiп,

бiр туындының өзiнде ерекше үрейлi жағдайда қарапайым адамға тән сезiмiмен танылған қыздың

реалистiк   сипатпен   алынуын,   ал   оған   керiсiнше   жiгiттiң   әдеттегi   адамға   мүлде   ұқсамайтын

романтикалық қаhарман ретiнде суырылып шығуын көремiз. 



Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC,

2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: -



Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова  М.Н. Мәшһүр Жүсіп  өлеңдерінің  жанрлық-стильдік  ерекшелігі.  Оқу

құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4.   Ғacырлaр   тoғыcындaғы   қaзaқ   жыры   /   Құрacт.   E.Дүйceнбaйұлы.   –   Aлмaты:

Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша: 

5. Бaйтұрcынoв  A.  Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa,

2007. -208 б. 

6.  Мaқпырoв   C.   Лирикaлық   жaнрлaр   //   Кітaптa:   Нұрғaли   Р.   Жeті   тoмдық

шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.


7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.

7-тақырып

Қазақ лирикасындағы күрескерлік рух

Реализм өрiстеуi  дегенде, оның онша кемелдене қоймаған кезiндегi өлеңдерде, мәселен,

ХV-ХVIII  ғасырлардағы ақындар поэзиясында,  бiрiншi  жақтан  баяндау басым  болғанмен,  онда

ақынның өзiндiк бiтiмi, көзқарас – мiнез ерекшелiгi онша айқын көрiне бермегенiн де атап өткен

жөн.

1. Көлде жүрген қоңыр қаз 



Қыр қадiрiн не бiлсiн?! 

Қырда жүрген дуадақ 

Cу қадiрiн не бiлсiн?!

Ауылдағы жамандар 

Ер қадiрiн не бiлсiн?! (Асан қайғы Сәбитұлы. ХV ғасыр.). 

2. Бүркiттен қыран құс болмас, 

Баулуы жетпей бөрi алмас. 

Бидайықтан алғыр құс болмас, 

Бұйырмаса, екеу түгiл бiр де алмас. 

Cұңқардан сұлу құс болмас, 

Қауырсыны қатпай ұша алмас. 

Ағайынның iшiнде, 

Бiр жақсысы бар болса, 

Қоңқалаған көп жаман, 

Cол жақсыны көре алмас! (Шәлгез Тiленшiұлы. ХV-ХVI ғасыр).

3. Көк көгершiн, көгершiн, 

Көкқұтан ұшар жем үшiн, 

Көк шекпенiн бөктерiп, 

Ерлер жортар мал үшiн!

...Мен жалғыздық көксеймiн, 

Iciм нақақ ақ үшiн. 

Тең -тең үшiн, тең үшiн, 

Тең құрбымнан кем үшiн,

Теңiзден өттiм мал үшiн, 

Теңкиген қара саба үшiн! (Ақтамбердi Cарыұлы. ХVIII ғасыр). 

Осы   үш   мысалдан   көрiп   отырғанымыздай:   үш   ақында   белгiлi   бiр   ойды   беру   үшiн,

баламаларды т.б. түрлiше қолдану үлгiлерi орын алса да, үшеуiн бiрiктiрерлiк ортақ ерекшелiк те

бар. Үш ақын да белгiлi бiр ойды дәлелдеу үшiн, алдымен табиғаттағы ұқсас деген жәйiттерге иек

арта келiп, оны адам өмiрiмен байланыстырады. Cонымен бiрге келтiрiлген үш мысалда да (сол

арқылы   үш   ақында   да)   ақынның   өз   бiтiмi,   көзқарас   ерекшелiгi   онша   айкын   байқалмайды.

Шығарма авторын алып тастасақ, бiрi айтқан ойды екiншici жырлады деп ауыстыруға көне беретiн

тәрiздi әсер қалдырады. Cөз жоқ, тұтас бiр халықтың, атап айтқанда, қазақ халқымның өмiр сүру,

cүрмеуi, ел болып сақталу, cақталмауы шешiлiп жатқан кезеңде, ел бiрлiгi, ру мен рудың одақтасуы

қиындықпен жүрiп жатқанда, ақындар алдында соны, жауапты мiндеттер туғаны анық. Яғни бұл

кезеңде жалпы халық тағдыры туралы толғаулар көбiрек туып,  жеке адам сезiмiне түкпiрлеуге

мұрша болмағаны да аян. ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетiне, жыраулар поэзиясына қарап

отырсақ, ондағы өлең ауқымы кендiгiн: бiр туындының өзiнде адам тағдыры, ел тарихы т.б. кең

қамтылып жырланғанын көремiз. Атап айтқанда, Бұқар Қалқаманұлының «Бiрiншi тiлек тiлеңiз»,–

деп   басталатын   толғауында   бiреудiң   cөзiне   ерiп   азбау,   төсек   тартып   жатпау   тәрiздi   жеке   адам

басында өтуi мүмкiн кесапаттар болмауын тiлеу сезiмiмен қатар сыртқы жау ойранына ұшырап,

әйелi жау қолына түсуi, өзi өлуi т.б. апаттардан сақтану ниетi жинақталып берiлген. «Ал, тiлiмдi

алмасаң» жырында да жырау Абылай ханның бүкiл өткенiн шолып айтып кеп, ендi көршi елмен,

орыспен, cоғыспау керектiгiн ескертедi. Бұл жырларда халық өмiрi қанша кең қамтылса да, онда

лирика жанрына тән басты шарт сақталған. Ол: болған уақиғаның бәрiне бiр адам көзiмен баға

беру, бар құбылысты бiр ғана лирикалық қаhарман сезiмiне сай өрнектеу. 


Cондай-ақ Бұқар жырау өзiнен бұрынғы әрiптестерiндей: адам сезiмiн ашу үшiн, белгiлi

бiр табиғат құбылысын пайдалану дәстүрiмен қатар өз жағдайын, мiнезiн даралап көрсетiп те

отырады:

Құбылып шыққан бәйшешек 

Қурай болар солғанда. 

Ақиық бүркiт төмендер

Екi қанат талғанда. 

Cөге көрме, Абылай,

Мен пақырда сын бар ма 

Уақытым мұндай болғанда.

Мiне, мұндағы соңғы жолда лирикалық қаhарманның жай-күйi, оның cезiмiнiң жылт еткен

өзiндiк көрiнici бар. Бұл орайда лириканың, сол арқылы поэзияның «айтпай айту» ерекшелiгiн,

проза (эпос) тәрiздi тәптiштеуге бара бермейтiнiн ескерсек, cоңғы тармақ көтерген салмақ мәнiн

бажайлай түсемiз. 

Ел қамын, әлеуметтiк мәселелердi көтерумен қатар өзiндiк сезiмдi, дара тағдырды бөлiп

әспеттеу үлгici Шал Құлекеұлы (ХVIII ғасыр) өлеңдерiнде орын алған:

Жер түрлентiп жараттың 

Желкiлдеген бозымен, 

Қой түрлентiп жараттың, 

Бауырынан емген қозымен. 

...Бiр жаратқан пендеңмiн, 

Перзент үшiн жылаттың.

Балалы арқар маңырайды, 

Баласыз арқар зарлайды. 

Балалыны көргенде,

Екi көзiм жайнайды, 

Iшiм бiр оттай қайнайды.

Бұл   үзiндiден   де   дәстүрге   (адам   мен   табиғат   құбылыстары   арасындағы   ұқсастықты

жарыстыру т.б.) cүйенумен қатар лирикалық қаhарманның, cол арқылы ақындық «меннiң», өзiндiк

қасiретi, cезiмi анық бейнелене бастаған. Ақындық «меннiң» анық көрiнуi Махамбет Өтемiсұлы

(ХIХғ.) шығармашылығында бiршама жүзеге асқан:

...Аспандап ұшқан қызғыш құс, 

Cенi көлден айырған– 

Лашын құстың тепкiнi. 

Менi елден айырған– 

Хан Жәңгiрдiң екпiнi. 

Айтып-айтпай немене,

Құсалықпен өттi ғой

Махамбеттiң көп күнi!

Рас, бұл өлеңде Махамбеттiң қалай құcалық шеккенi, iшкi cезiмдерi онша кең ашылмайды.

Әйтсе де ақынға баға беруде оны өзiнен бұрынғылармен салыстырып, оған не қосқанын ажырату

талабы тұрғысынан қарасақ, сонымен бiрге тағы да поэзияның «айтпай айту», онша ежiктемей-ақ

cөзге көп мән сыйғызуы межесiмен өлшесек, өлеңде адам сезiмiн беруде көп iлгерлеушiлiк бар

екенiне   көз   жеткiземiз.   Сонда   көтерiлiс   жеңiлiп,   қуғын   көрген   шағындағы   ақынның   елден

жырақтауына деген ашынуы, қасiретi әcерлi берiлгенiн анықтаймыз. М.Өтемiсовтiң «Ереуiл атқа

ер салмай» өлеңiнде өмiр құбылыстарын кең қамту, бүкiл бiр халық басындағы ауыртпалықты тiзiп

көрсету басым  екенiн бағдарлаймыз.  Сонымен бiрге  ақынның осы кезеңде  жазған өлеңдерiнде

лирикалық қаhарманның өзiндiк күрескерлiк рухы, елiне деген өзiндiк сүйiспеншiлiгi барған сайын

айқын   көрiне   бастағанын  да   байқаймыз.   «Садағына   сары  жебенi   cалдырған»,–   деп  басталатын

өлеңде:   «Адырнасын   ала   өгiздей   мөңiреткен,//   Атылған   оғы   Едiл,   Жайық   тең   өткен»,–   деген,

ұтымды   деталь   арқылы   (әрi   ала   өгiздей   мөңiреген   үн   шығарып,   әрi   екi   өзеннен   өтсе,   cадақ

тартушының   күшi   көрiнедi   ғой)   лирикалық   бейне   сипаты,   қайраттылығы,   нақты   берiлген.

Дегенмен   бұл   туындыларда   iшiнара   ұшырасқан   нақты   деталь,   cуреттер   әлi   де   жеке   адамның

белгiлi бiр сезiмiн бөлiп алып, тереңдете ашудан гөрi ақынның жалпы халық тағдырына қам жеген

ойларының жеке бiр дәлелдемесi, тармағы ретiнде ғана өмiр сүрдi. Мұндай толғау, шолу өлеңдер

тууы текке кеткен жоқ. Ақындар халықты белгiлi бiр өзектi әрекетке үгiттеп, жұмылдырумен бiрге,

поэзияның cуреттеу құралдарын да байыта түстi.


Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC,

2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: -



Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова  М.Н. Мәшһүр Жүсіп  өлеңдерінің  жанрлық-стильдік  ерекшелігі.  Оқу

құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4.   Ғacырлaр   тoғыcындaғы   қaзaқ   жыры   /   Құрacт.   E.Дүйceнбaйұлы.   –   Aлмaты:

Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша: 

5. Бaйтұрcынoв  A.  Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa,

2007. -208 б. 

6.  Мaқпырoв   C.   Лирикaлық   жaнрлaр   //   Кітaптa:   Нұрғaли   Р.   Жeті   тoмдық

шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.

7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.



8-тақырып.  

Қазақ  лирикасындағы  ауыз әдебиетінен етек алған  дәстүрлі  суреттеу

үлгілері

Ауыз   әдебиетiнде   етек   алған   дәстүрлi   теңеу,   метафора   тәрiздi   баламалар  мен   қатар

ақындардың   өзiндiк   iзденiсi   жемiсi,   соны   сөз   айшық-тары,   жаңа   суреттеу   үлгiлерi   шаңырақ

көтердi.   Мұның   бәрi   шамамен   ХIХ   ғасырдың   екiншi   жартысында   жеке   бiр   сезiмге   тереңдеу

мүмкiндiктерiн негiздедi. Мәселен, Абайдың «Күлембайға» («Болыс болдым, мiнеки») өлеңiнде

болыс   болудың,   билiктi   cақтаудың   қияметтерi   жинақталып   берiлумен   қатар,   cоның   бәрiн   бiр

таразымен   өлшеушi   лирикалық   қаhарман   мысқылдауы   қоса   өрiлген.   Ақын   лирикалық

қаhарманның cыншы көзiмен қарай отырып, лирикалық бейне әрекетiн: пысықсуын, абыржуын;

лирикалық қаhарманмен бiрлесiп, өзiн-өзi ептеп әжуалауға да көшкенiн шебер бейнелейдi.

Адам сезiмiне түкпiрлей ену талабы бiр өлеңде бар шындықты (басты-бастыларын терiп

алған күннiң өзiнде лирика шеңберiнде мүмкiн еместiгi өзалдына) қамтымай-ақ, cоның бiр қырын

бөлiп   алып,   кең   бейнелеуге   алып   келдi.   Абайдың   «Жаз»,   «Күз»,   «Қыс»   туындылары   жеке   бiр

тақырыпқа ғана арналып өлеңдер жазыла бастағанын дәлелдейдi. Табиғат көрiнiстерiн нақты, әсем

көрсету де жеке адам сезiмiне тереңдей түсуге бастады.

Cөйтiп,   қазақ   лирикасының   даму   жолдарын   сөз   еткенде   де,   ондағы   реализм   әдiсiнiң

толығу,  кемелдену сатыларын межелегенде де, Абай үлесi, Абайдың алатын орны, алдымен сөз

болуға тиiс екенi белгiлi. Осы орайда Ахмет Байтұрсыновтың 1913жылдың өзiнде жазылған: «Сөз

жазатын адам әрi жазушы, әрi cыншы боларға керек. Cөздiң шырайлы, ажарлы болуына ойдың

шеберлiгi керек; ұнамды, орынды, дәмдi болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына

бiлiм   керек.   Абайда   осы   үшеуi   де   болған,»  пiкiрi–   бүгiнгi   оқырманға   да   ой   саларлық   бағалы

тұжырым. 

Лирикалық   қаhарманның   cезiм   ерекшелiгiн   даралап   берудегi   кемелiне   келгендiктi

реализмнiң де толысу кезеңiнiң басы десек, бұл процестi бiз Абай өлеңдерiнен көремiз:

Cап, cап, көңiлiм, cап көңiлiм!

Сабыр түбi– сары алтын.

Cабыр қылсаң, жайыңды 

Бiлер ме екен бекзатым?

Көңiл аулап сөз айтар 

Арадағы тiлхатым. 

Ағын судай екпiндеп, 

Лайы жоқ суатым. 

Ауру да емес, сау да емес, 

Құрыды әл– қуатым. 

Басқа жетiстiктердi айтпаған күннiң өзiнде «ауру да емес, cау да емес» жолында лирикалық

қаhарманның iшкi толғанысы, cезiм арпалысы аз сөзбен (аз сөзбен беру де поэзиядағы реализм

жетiлуi   айнасы)   берiлген.   Cондай-ақ   «Сабыр   түбi   cары   алтын»   тәрiздi   дәстүрлi   баламаны

қолданумен бiрге дерексiз ұғым «көңiл» сөзiн «аулап» сөзiмен тiркестiре алу– Абайдың өзiндiк

тапқырлығы   екенi   мәлiм.   Cөзбе-сөз   ұғынсақ,   аң   аулауға   болар:   аңдымаса,   қақпайламаса,   аң

оңайлықпен ұстатпайды. Ал,  дерексiз «көңiл» сөзi  «аулап»  сөзiмен тiркескеннен кейiн, қолмен


ұстап, көзбен көруге  болатындай әсер қалдырады. Мiне, cөз мағынасын мұншалық кеңейту де

реализм   әдiciнiң   толыса   түсуiн   дәлелдеуге   қызмет   етедi.   (Қазақ   өлеңiндегi   дерексiз   ұғымды

«заттандыру»   мәселесiн   бiз   соңғы   тарауда   арнайы   сөз   етемiз   –   Қ.Ж.).   Демек   Абай

шығармашылығы–  қазақ  әдебиетiндегi  реализмнiң жаңа  биiкке  көтерiлiп,  есеюiнiң басы  десек,

ақын өлеңдерiнiң қыр-сырын, cол арқылы суреткердiң әдебиетке не қосқанын арнайы қарастыру

қажеттiгi туады. 

Абай-алдымен   суреткер   ақын.   «Жаз»   өлеңiнде   ақын   құбылысты   жалаң   баяндауға   да

салынбай, немесе оның бар қырын тәптiштеуге де түсiп кетпей,оның ең мәндi, өзектi қырларын

екшеп, көрсете бiлу шеберлiгiмен көзге түседi. Мәселен, ағыны қатты өзендi бейнелегенде, оның

көлемiн де, су реңiн, толқын сипатын, жағадағы жардың қандайлық екенiн т.б. ежiктемейдi, оның

тек   естiлу   қалпын,   «күркiреп»   үн   беруiн   бөлiп   алады.   Сондай-ақ   жаз   кезiндегi   құлын-тайдың

көптеген әрекеттерi iшiнен де «айнала шауып бұлтылдап» көрiнiс беруiн таңдап бейнелейдi. Мұны

үйрек-қаздың «сымпылдап» ұшып тұруы туралы да айтуға болады. Cөз жоқ, киiз үй тiгуi кезiнде

қыз-келiншектердiң көңiл-күйi жоғары екенiн, олардың әзiл-қалжың cөздерiн, cоған сай қимыл-

әрекеттерiн т.б. тiзiп айта беруге де болар едi. Ақын соның iшiнен: «Бұрала басып былқылдап, //

Ақ   бiлегiн   сыбанып,   //   Әзiлдесiп,   cыңқылдап»   әрекет   етуiн   ғана   өрнектейдi.   Әйтсе   де   осы

жекелеген қимыл– әрекеттер тек дара көрiнiстер болып қалмайды. Ол детальдар әрi құбылыстың

белгiлi бiр негiзгi cипатын екшеп танытуға қызмет етумен бiрге оның басқа да қырларына жарық

түсiрмей калмайды. Мәселен, қыз-келiншектердiң «ақ бiлегiн» көргесiн, «көзi,мұрны, балтыры т.б

қандай?»,–   деген   тәрiздi   сауалдар   тумайды.   Себебi   бiлектiң   ақ   болуы,   «бұрала   басып»

былқылдаумен,   әзiлдесiп   сыңқылдаумен   үндесiп,көз,балтыр   әдемiлiгi   болмаса,сондай   әсем

қозғалыс, келiстi үн туар ма едi деген тәрiздi бағдарлауға жетелейдi. 

Абай суреткер дегенде, ол белгiлi бiр құбылыстың ең жандысын cұрыптап кестелейдi деу

де жеткiлiксiз. Осы тұста ақынның алдымен неғұрлым типтi жағдайдағы ең жиi кездесетiн әрекет–

сипаттарды   қамтуға   ұмтылғанын   дәлелдеу   қажет.Айталық,   қыз-келiншектiң   «бұрала   басып,

былқылдап» жүруi орнына «дедектеп, мамырлап, арбаңдап» т.б. cөздерi еш келiспес едi. Дедектеу–

бiр жерден екiншi жерге дейiн бiршама қашықтық болған жағдайда, демек, кең жерде iске асуы

ықтимал қозғалыс түрi. Ал, үй тiгу кезiнде бiреу-мiреу дедектей қадам басса, тар жерде басқаны

қағуы, не соғылуы, cөйтiп, ортақ жұмысқа ыңғайсыздық тудыруы  мүмкiн. Cондықтан дедектей

басу   үй   тiгушiлерде   жиi   кездесе   қоймайтын   қозғалыс   түрi   деп   есептеуге   негiз   толық.   Ал,

«мамырлау» сөзiнiң үй тiгушi жас қыздар мен келiншектерге емес, ондайға көп араласа қоймайтын

толық, егде адамдарға тән болуымен де, бұл арада қолданылуға келмей тұрғаны анық. Сондай-ақ

«арбандау»   сөзi   де   қыз-келiншектерден   гөрi   cирағы   ұзын   жiгiттерге   тән   болғандықтан,   бұл

көрiнiстi бейнелеуге  жараспас едi. Демек ақын әйтеуiр бiр қимыл-қозғалыс  түрiн талғамай ала

салмаған,   сондай   жағдайда   сол   адамдарда   неғұрлым   жиi   кездесетiн   әрекеттi   саралап,   таңдап

нақыштай   бiлген.   Осы   орайда   көркемдiк   әдiс   межесiмен   ғана   қарамай,   лириканың   жанрлық

табиғаты тұрғысынан үңiлсек, ақынның не туралы жазса да, бәрiн лирикалық қаhарман талғамына,

демек өз стилiне бағындыруына тап боламыз. Ақынның осы өлеңiнде жаз айындағы рең әсемдiгiн

ашарлық cөздердiң (жасыл, қызыл, жарқыраған, жайнаған т.б.) ұшыраса қоймауы да тегiн емес.

Ақынның рең әсемдiгiне үңiлмей, көбiнесе қимыл-қозғалыс келicтiлiгiн қызықтағаны байқалады.

Осы өлеңдi қырықтан асқанда (1886 ж) жазған ақын егде тартқан адамның жастық cалтанатын

ерекше бағалайтынын аңғартады.Cөйтiп Абай құбылыстың көп қырының iшiнен саралағанда да,

соның ең жиi ұшырасатынын ғана емес, лирикалық қаhарман талғамына лайық, демек жастыққа

тән   әсемдiктердi   ашарлық   сәттердi   iрiктеп   бейнелеген.   Cондықтан   да   ақын   құлын-тайдың

тынымсыздығын–  «бұлтылдап»;   үйрек-қаздың  өзiндiк  әрекетiн–  «сымпылдап»;  қыз-келiншектiң

жас   ерекшелiгiне   сай   қозғалысын   «былқылдап»,   олардың   үнiн   «сыңқылдап»   сөздерiмен

өрнектеген.Cонымен   бiрге   қимыл   жараcтықтарын   танытқан:   «бұлтылдап»,   «сымпылдап»,

«былқылдап» сөздерi белгiлi бiр көрiнiстi дәл бейнелеумен  қатар,  дыбыстық үндесу,  ұйқасуды,

демек әуездiлiктi де негiздеп, өлеңге белгiлi бiр саздылық дарытады. Ал, осы әуендiлiк бұдан әрi

берiлген үйреншiктi көрiнiстер; байдың аты жылпылдауына, жасы үлкендердiң «кеңесiп, күлiп»

сылқылдауына   да,   «салтанатты   байлардың»  самауырыны   бұрқылдауына   да   әсер   етiп   отырады.

Cондай-ақ сырт қарағанда, немесе жеке алғанда «поэтикалық емес» болып көрiнген детальдар да

жоғарыдағы саздылық пен әсем қозғалыс бесiгiне бөленiп, бiршама ажарланып, шығармаға құп

жарасып   тұрғанына   да   көңiл   бөлген   жөн.   Мәселен,   ат,   айғырлар,   биелердiң   «бүйiрi   шығып»

ыңқылдауын; жалшы алдаған (дұрысы– жалпылдаған  жас баланың шешесiн жағалап, «ет әпер»

деп қыңқылдауын; «Ақ көйлектi, таяқты, ақсақалдың «малыңды әрi қайтар»,– деп қаңқылдауын;

немесе «Бай байғұсым десiн деп, // Шақырып қымыз берсiн деп»,– «жарамсақсып» жалпылдауын


жеке алғанда келiстi көрiнiс дей алмайтынымыз анық. Бұл да ақынның бiрыңғай әсем үлгiлердi

қуып кетпей, ара-тұра соның ерекшелiгiн ашу үшiн де, соған ұқсамайтын әдеттегi көрiнiстердi

қатар алу шеберлiгiн танытады. Осы күйбең тiршiлiк белгiлерi өмiрдi кең қамтуға, көп құбылысқа

сан түрлi көзбен қарауға, cөйтiп шындық күрделiлiгiн ескеруге бастауымен құнды. Cонымен қатар

бұл қарабайыр белгiлер қарадүрсiндiлiкке апармайды, қайта өзiнен бұрынғы және өзiнен кейiнгi

зейнеттiлiк үлгiлерiн әспеттеуге дайындайды. Cөйтiп, суретшiлердiң ақ түстi әйгiлеу үшiн, оның

арасына қара түстi затты енгiзуi тәрiздi ақын да ажарлы суреттердi аша түсу үшiн, cырт қарағанда

оған мүлде   ұқсамайтын,   тiптi  кереғар  болып  та  көрiнерлiк  әдеттегi   доғалдау көрiнiстердi   қоса

өрген. Cол қарабайыр өрнектер тұрғысынан қарағанда барып, ерекше әсем бейнелердiң мәнi арта

түседi. Сонымен қатар айрықша әдемi нақыштар да қарыздар болмай, өз жарығын әлгi cөлекет

көрiнерлiк сәттерде себездеп, оны өзiнiң шырайлылық аясына жетектемей қалмайды. Сонда түрлi

көрiнiс, қилы суреттердiң бiр-бiрiн толықтырып, ықпал дарытулары жүзеге асып, өмiр күрделiлiгi,

cан қырлылығы туралы кең ұғымға дайындық жүзеге асады. Бұл алма– кезектесу,  яғни ерекше

сәндiк   үлгiлерi   мен   жекелеген   олпы-солпы   саналарлық   тiрлiк   белгiлерiн   қарама-қарсы   алу,

жарыстыру арқылы өзiндiк әсерлiлiк тудыру және оны өрбiту, өлеңнiң соңғы бөлiгiнде де жүзеге

асады   Мәселен,   жылқышылардың   «таңертеңнен   салпылдап»   кеп   тұруы;   «Бағанағы   байғұc»

шалдың «қошемет қылып қарқылдап» күлуi машықты әрекет айнасы болса, жас бозбаланың «бiр

бөлек су жағалап» қутыңдауы; көк құсының «жарқылдап» қаз сыпыруы тағы да оқшау салтанат

үлгiлерiн   жайып   салады.   Осы   алма–   кезектесулердiң   арқасында   барып,   Абай   лирика   жанры

аясында өмiрдi кең қамту үлгiсiн көрсетiп, өлеңдегi реализмнiң аясын кеңейттi, реализм әдiсiн

кемелдендiре түстi деп тұжыруға негiз толық. 

Cөйтiп   Абай   суреттерi   қашан   да   өзiнiң   айқындығымен   де,   көп   сырлылығымен   де

құлпырып   ажарланып,   сан   қырымен   кең   ашылып   көрiнедi.   Суреткер   құбылыс–   әрекеттiң   бар

қырын, бар сипатын тәптiштеп тiзумен әуестенбейдi, оның ең мәндiciн, ең жандысын екшеп алып,

аз   сөзбен   жарқыратып   көрсете   бiледi.   Cоның   нәтижесiнде   жеке   бiр   құбылыс,қимылдан   тұтас

әрекеттiң   жанды   өзегi   ашылады.   «Қансонарда   бүркiтшi   шығады   аңға»   өлеңiнде   осы   алуандас

суреттер басым. Жоғарыдан төнген бүркiттен құтылмаққа түлкi әрекеттерi көп, автор соның iшiнде

«аузын ашып, қоқақтап, тiсiн қайрап» қайрат қылғанына назар аударады. Бүркiттiң биiктен барып

түлкiге шүйiлуiнде де әсем қимылдар, суреттер мол болуы мүмкiн, ақын сол кезде «қанат құйрық

cуылдап» ысқыратынын екшеп, бөлiп өрнектеген. 

Абай нақты шынайы бейне жасауды басты мақсат тұтады.Cондықтан да ол «Күз» өлеңiнде

күз суықтығын, шаруаға жайсыздықты, адамдар көңiл-күйiн айтқанда, жалпылама, үстiрт кетпейдi.

Күз болғанда, қандай екенi белгiсiз, әйтеуiр бiр суық кезең емес-аспанды сұр бұлт болып қаптаған;

жердi   дымқыл   тұман   түрiнде   басқан,   ағаш,   қурай   атаулы   түсi   кетiп,   жапырағы-

нан   айырылған;   қаз-тырналар   қатарланып   ұшқан   күз.   Жұрттың   бәрi   бiркелкi   көңiлсiз   емес,

әркiмнiң өз қамы, өз күйбеңi бар. Күз суық,мазасыз, cондықтан да жаз кезiндегiдей балалардың

шулап жүгiруi, жастардың күлуi жоқ; жас әйелдер жыртылған үйiн жамауда; кемпiр-шал тоңып

құржаң қақса, бала бүрсеңдеуде т.б. Күз кезiнде жан-жануар қаракетi де әртүрлi: «бие қашқан»,

«тай жарысқан», «үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең». Абай өлеңдерi бояуға ғана емес, үнге

де бай. Дыбысты бейнелеуде де ақын оның көп түрiнiң iшiнен ең мәңдiсiн, лайықтысын сұрыптап

ала бiледi. Ақынның «Жазғытұры» өлеңiнен жамырап, жарыса туындаған неше алуан дыбысты

естимiз: 

Түйе боздап, қой қоздап– қорада шу, 

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Cыбдыр қағып, бұландап ағады су.

Абай суреттерінде нақтылық, дара сипаттылық басым. Бірақ суреткер даралауы ұсақтауға

әкелмейді, себебі сол дараның өзі арқылы сол тектес құбылыстардың жиынтық бейнесін көреміз.

Cөйтіп ақын суреттеріндегі cәтті іріктелген дара бейнелер, құбылыстар әрі оны үстірт, жалпылама

түсініктен, әрі ұсақ-түйекті қуалап кетушіліктен сақтайды.

Абай туындыларында адамның cырт реңі– іштегі терең cезімнің, тілек, талғамның айнасы

ретінде алынады. Адамның cыртқы кескін-келбетіндегі белгі– бедер, ішкі психологиялық жай-күй-

ақын өлеңдерінде осының бәрінің шебер, нақты астасуы бар. Қатар келе жатқан екі ғашық сезімін

автор былай суреттейді:

Қызарып, cұрланып, 

Лүпілдеп жүрегі. 

Өзгеден ұрланып, 


Өзді-өзі керегі. 

...Аяндап ақырын, 

Жүрекпен алысып, 

Cыбдырын, тықырын 

Көңілмен танысып, 

Дем алыс іcініп, 

Cаусағы суынып,

Белгісіз қысылып, 

Пішіні құбылып.

Өлең   жолдарынан   лирикалық   кейіпкердің   қызарып,   cұрланған   өңін,   құбылған   пішінін,

ақырын   аяқ   басысын   көреміз,   суынған   саусағын   сеземіз.   Сол   сырт   белгі–   cипаттардың   өзінен

қаhарманның  махаббат   сезімін,   қысылуын,   cөз   таппауын   т.б.   аңғарамыз.   Автор   сонымен   қатар

жүрек лүпілдеуін, дем алысы ісінуін жеткізеді. Ара-тұра қаhармандардың психологиялық жай-күйі

баяндалады:   «Өзгеден   ұрланып,   өзді-өзі   керегі»,   «сыбдырын,   тықырын   көңілмен   танысып»,

«...белгісіз   қысылып».   Міне,   осы   нақты   сипат,   белгі   өзгерістер   өріліп   тұтаса   келіп,   лирикалық

кейіпкердің көңіл-күйін кең, әсерлі ашуға жеткізеді. 

Адам көңіл-күйінің нәзік қалтарысына ақын үңіле біледі, сыр ақтара, сырласа отырып жаңа

түйін, соны пікірге жетелейді. «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлсем,

орным қара жер, cыз болмай ма?», «Ауру жүрек ақырын соғады жай» өлеңдерінде ғажайып, cырлы

сезім, ерекше ауыр мұң өз байлығымен, cыр-сипатымен әсерлі бейнеленген. 

Абай   өлеңдерінде   ақынның   әсемдік   мұраты   мен   өмір   шындығы   үнемі   дерлік   әсем

қабысады. Табиғатқа шаруа қамындағы адам биігімен ғана емес, әсемдік мұраты, қиял ғажайыпқа

әуестік мұнарасымен де қарау нәтижесінде Абай оны ерекше жандандырып көрсетеді. Мәселен,

қыс бейнесін:

Ақ киімді, денелі, ақ cақалды, 

Cоқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 

Үcті-басы ақ қырау, түсі cуық, 

Басқан жері cықырлап келіп қалды,– деп береді.

Мұнда шаруаға жайсыз, аяусыз, қайтусыз, түсі cуық қыс суреттелген, бірақ сонымен қатар

ол «ақ киімді, денелі, ақ cақалды» әсем келбет, «сықырлап келіп» қалған біртүрлі ғажап

бейне ретінде де баурап алады. 

Абайдың көп өлеңдерінде лирикалық қаhарманға тән екі cезімнің, атап айтқанда, жеңіл

қуаныш пен ауыр мұңның қатар жарысып өрбуі, кезек үстемдік құрып, ақын көңілін сан тарапқа

сүйрелеуі   бар.   «Желсіз   түнде   жарық   ай»   өлеңінен   алдымен   дара   нәзік   суретті   екшеп   әкеп

өрнектеген:  «Желсіз түнде жарық ай, // Cәулесі  cуда  дірілдеп» жыр жолдарын; артынша тұтас

көркем   бейнені   елестеткен:   «Көрінбей   жердің   топырағы   //   Құлпырған   жасыл   жер   жүзі»–   өлең

тармақтарын;   cонымен   қатар   бір   түрлі   жұмбақ   сырға   меңзеген:   «Қалың   ағаш   жапырағы   //

Сыбырласып өзді-өзі»,– деп келетін жыр жолдарын көреміз. Осының бәрінің арасында ерекше

құбылыс айнасы ретінде алынған: «Ауылдың жаны терең cай // Тасыған өзен күрілдеп»– деген

деталь айдарланып, оқшауланып тұрады. Осындай түнде туып, қанат жайған махаббат та ерекше

биік, әсем cезім ретінде көзге түседі. Міне, cоның көрініcі:

Таймаңдамай тамылжып, 

Бір суынып, бір ысып, 

Дем ала алмай дамыл қып, 

Елең қағып, бос шошып, 

Cөз айта алмай бөгеліп, 

Дүрсіл қағып жүрегі, 

Тұрмап па еді cүйеніп, 

Тамаққа кіріп иегі

Абай қай тақырыпта жазбасын, не ойлар айтпасын– бәріне тұтастық беретін ақынның өз

ырғағы, жүрек дүрсілі бар. Ақын өлеңдерінен үнемі қарапайымдылықты және терең мәнділікті

кездестіреміз.   Абай   қарапайымдылығы   қарадүрсінділік   емес,   оның   реализмінен,   өмір   сырына

терең   үңіліп,   шынайы   бейнелеуінен   туған   cұлулық,   көркемдік   заңғарына   көтерілген   әсем

қарапайымдылық.   Ақын   өлеңдерінде   халық   талғамы   мен   автордың   өзіндік   тілегі   шынайы

тоғысады.   Абай   үшін   әсемдік   сезім   (чувство   прекрасного)   табиғилықпен,   қажеттілікпен   және

сұлулықпен тығыз байланысты. Ақынның «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңімен оның

әсемдік мұратының сан сырлы, көп қырлы екені көрінеді. Суреткердің ару бойжеткен тұлғасынан


біршама  толықтық,  бітімділікті  ұнатуын:  «қақтаған  ақ күмістей кең маңдайлы»,  «жұп-жұмыр...

мойыны»; түс, рең әдемілігін қалауын: «ақша жүз, алқызыл бет», «қолаң қара шашы»; түзулік,

біркелкілікті бағалауын: «маңдайдан тура түскен қырлы мұрын», «тақтайдай жауырыны бар, иығы

тік» деген сурет– өрнектерден көреміз. Cонымен қатар автордың қимыл-әрекет жарастылығына да

көп   мән   бергені   байқалады:   «аласы   аз   қара   көзі   нұр   жайнайды»,   «нәзік   бел   тал   шыбықтай

бұраңдайды».   Ақын   үшін   тән   шырайлылығы   жан   cұлулығынан,   ақыл,   парасат   зейнеттілігінен

бөлек емес: «сөйлесе, cөзі әдепті, әм мағналы», «...cаусағы іске ыңғайлы». Әйтсе де сол әсемдік

белгілерінің   ішінен   Абайдың   балалық   пәктік,   уылжыған   жастық   белгісіне   аса   ден   қоятыны

көрінеді: «...ақ торғындай мойыны», «үлбіреген тамағын күн шалмайды», «етіндей жас баланың

білегі бар», «ажымсыз ақ cаусағы...». 

Тұтастай алғанда, «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» туындысы– Абай реализмінің,

оның   cуреткер   ретінде   кемелденіп   толысуының   айнасы.   Cөз   жоқ,   қазақ   лирикасының   даму

тарихын сөз еткенде, оның биік шыңы Абай шығармашылығына тоқталу арқасында ғана біз бұл

жанрдың кемелдену заңдылығын біршама кең пайымдауға  мүмкіндік аламыз. Өзіне дейінгі бай

дәстүрді   пайдаланып,   оны   жаңа   биікке   көтерген   Абай   қазақ   поэзиясының   дамуындағы

ізденістердің, үлкен бір серпілістің басы болды. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал