Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 4/19 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 155.04 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.03.2017
өлшемі155.04 Kb.
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту

бағдарламасының (

Syllabus)

титулдық парағы 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

     С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Қазақ филологиясы  кафедрасы

 

 



«Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі» пәнінен 

5В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пән бойынша оқыту

бағдарламасын (

Syllabus)

бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4-13



БЕКІТЕМІН

                                                           

ГП факультетінің 

деканы                               

_________       Ж.Т.Сарбалаев        

«  ___»   ___________2013 жыл

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Қадырова Б.М.

Қазақ филологиясы  кафедрасы

 

«Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі» пәнінен 



5В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 2013  __ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде

әзірленді. 

Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»____________№_____ Хаттама 

Кафедра меңгерушісі  ______________     Жүсіпов Н.Қ.   2013 ж. «____» ________

                  

(қолы)

          (аты-жөні)



Гуманитарлық-педагогикалық  факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 

2013ж.  «_____»____________ №____ Хаттама 

ОӘК төрағасы  

___________     

Ксембаева С.К.  _______ 2013 ж. «_____»_________

                                  (қолы)

                      (аты-жөні)


1 Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы «Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі»

Кредит саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 1



Аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Тәжірибелік – 45 сағат (1сем. – 15 сағ.; 2 сем. – 30сағ.)

СӨЖМ – 22,5

Соның ішінде СӨЖ  - 67,5

Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат

Бақылау формасы 

Емтихан – 2 семестр



Пререквизиттер

-

Қазақ тілі



-

Шет  тілі



Постреквизиттер

-

Жалпы тіл білімі



2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары 

Қадырова Бақытжан Мәсәлімқызы

   ф.ғ.к, доцент 

Қазақ филологиясы  кафедрасы _____А1__  корпусында  (мекен-жайы), 356   аудиторияда

орналасқан. Байланысу телефоны 1255

3 Пәні, мақсаты мен міндеттері

 

Пән: «Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі»

Пәнді оқыту мақсаты: 

 «Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі» курсы студенттерді тіл туралы ғылым

мен қазіргі қазақ тілінің негізімен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі,

бастамасы болып табылатын тіл біліміне кіріспеде тіл теориясын, атап айтқанда, тілдің

ішкі   құрылымы,   оның   ойлаумен,   қоғаммен,   қоғам   дамуының   тарихымен,   тілдің

функционалдық   және   құрылымдық   баламаларымен   байланысы   туралы   мәселелер

қарастырылады. Сонымен қатар қазіргі қазақ тілінің фонетика, лексикология, морфология,

сөзжасам, синтаксис салалары бойынша теориялық білімді меңгереді. Студенттердің кәсіби

дайындығының алғашқы кірпішін қалайды. 



Пәннің міндеттері:

Студенттер   аталмыш   курста   лингвистикалық   терминдермен   танысып,   оларды

ғылыми   тұрғыдан   пайдалануға   үйренуі   қажет.   Тіл   білімінің   негізгі   нысаны   тіл

болғандықтан,   оның   табиғаты,   қоғамдық   мәні,   тілдің   пайда   болу   теориялары,   оның

құрылымдық   және   жүйелік   сипаттары,   құрылымдық   элементтің   бір-бірімен   байланысы,

арақатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, жалпы халықтық

тіл   мен   оның   өмір   сүру   формалары,   тілдердің   типологиялық   және   генеологиялық

классификациясы, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, тіл білімінің зерттеу әдістері

мен   методологиясы,   басқа   ғылымдар   жүйесімен   байланысы   және   қазіргі   қазақ   тілінің

теориялық негізі жөнінде студенттердің өзіндік ойы мен тұжырымдары болуы қажет.



4  Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар 

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

-  «Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі» курсы  арқылы қазақ тілінің құрылымын,

фактілерін ғылыми терең түсінеді;

- ана тілінің туыс тілдермен генетикалық жақындығын білуі тиіс;

- туыс емес тілдердің типологиялық ұқсастықтарын салыстыра білуі тиіс;

- тілдің әртүрлі субстантивтік және реляциялық мағына элементтерін ажырата білуі және

топтастыра білу дағдысын меңгеруі тиіс;

- тақырып таңдау,  материал жинау,  конспекті жазуды меңгере білуі тиіс.

5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттарды сабақ түрлеріне бөлу

№ 

Тақырып атауы

Сабақ түрлері

бойынша

дәрісханалық

сағаттар саны

СӨЖ

Практикалық

(семинар)

Барлығы Оның

ішінде

СОӨЖ

1

Тіл  және  тіл  туралы  ғылым.  Тілдің

қоғамдық табиғаты.

3

6



2

Тілдің  тарихи  дамуы.  Әлем  тілдерінің

топтастырылуы. Тіл-жүйе және құрылым.

3

6



1

3

Фонетика және фонология

3

6

1



4

Лексикология

3

6

2



5

Cөз мағынасының дамуы

3

6

2



6

Лексикография және фразеология

3

6

2



7

Паремиалогия

3

6

1,5



8

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

3

6

1



9

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

3

6

2



10

Сөз таптары

3

6

2



11

Синтаксис. Сөз тіркесі синтаксисі

3

6

2



12

Жай сөйлем синтаксисі 

4

6

2



13

Құрмалас сөйлем синтаксисі

4

6

2



14

Тілдердің классификациясы(жіктелуі)

2

6

1



15

Жазу теориясы және тарихы

2

6

1



Барлығы

45

90

22,5

6 Дәріс  сабақтарының мазмұны 

1- тақырып. Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты.

Жоспар

1 Пәннің зерттеу нысаны

2 Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

3 Тілдің қоғамдық табиғаты

«Тіл біліміне кіріспе» пәнінде әлем тілдері, олардың сөйлеу тілі, генеологиялық

және   типологиялық   сипаты,   тіл   мен   ойлаудың,   тіл   мен   қоғамның   байланысы,   тілдің

адамзат   өркениетінің   дамуына   тікелей   әсері,   ұлттық   мәденитеттің   әрі   істеуіне   тілдің

ықпалы, маңыздылығы  және т.б. лингвистикалық мәселелер қарастырылады.

Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты.

Тіл білімінің нысаны және пәні. Тіл туралы ғылымының міндеттері. Жалпы және

жеке   тіл   білімі:   тілдік   универсалиялар   және   тілдік   ерекшеліктер.   Теориялық   және

қолданбалы тіл білімі. Тіл білімінің негзгі салалары. Синхрондық және диахрондық тіл

білімі. 


Тіл білімі және шектес ғылымдар: тіл мен әдебиеттің, философияның, логиканың,

коммуникация   теориясының,   психологияның,   социологияның   және   т.б.   ғылымдармен

байланысы. Тіл біліміндегі дифференциация және интеграция үрдістері: лингвистикалық

семиотика,   әлеуметтік   тіл   білімі,   психолингвистика,   паралингвистика,   когнитивтік

лингвистика, компьютерлік лингвистика, интерлингвистика, менталингвистика және т.б.

Тіл - ерекше қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат қоғамының негізгі құралы. Тіл -

ойды   жарыққа   шығару.   Тіл   және   қоғамдық   сана.   Тіл   функциялары   (қызметтері).

Әлеуметтік тіл білімі. Тіл және қоғам. Тіл-әлеуметтік феномен. Тілдік жағдай және оның

типтері. Тіл саясаты, тілдік жоспарлау және тілдік құрылыс. Тіл туралы  заң және тіл

мәртебесі. Мемлекеттік тіл, ресми тіл, жергілікті тіл. әлемдік тіл, дәнекер-тіл, аймақтық

тіл.

Тілдердің   қарым-қатынасы.   Қостілділік   (билингвизм)   және   мультилингвизм



туралы түсінік. Қостілділіктің түрлі типтері. Тілдік қарым-қатынастың нәтижелері: кірме

сөздер, интерференция, «тілдік одақтардың» құрылуы, креоль тілдер, пиджин және т.б.

Тілдің өміршеңдігі туралы түсінік. Тірі, өлі және құритын тілдер.

Тілдік дифференциация мәселелері тілдік вариаттар: әлеуметтік, территориялық,

функционалдық және тарихи аспектілер. Тілдің өмір сүру формалары. (функционалдық

типтері). Диглоссия туралы түсінік. Қазіргі қоғамдағы тіл және кәсіби «аралық тілдер».

Жаргон және арго. Әлеуметтік рөлі және оның тілдегі көрінісі. Гендерлік лингвистика. 

Ұлттық тіл және жергілікті (территориялық) диалектілер. Әдеби тіл және әдеби

тілдің белгілері. Әдеби тіл, стандартты тіл, кодификацияланған тіл. Ұлттық әдеби тілдер.

Тілдің стилистикалық тарамдалуы.



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [3], [9], [17,18,19,20].

2- тақырып. Тілдің тарихи дамуы. Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл-жүйе

және құрылым.

Жоспар

1Тіл тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы

2 Тілдің шығуы жайлы теориялар

3Әлем тілдерінің топтастырылуы

Тілдің тарихи дамуы. Тілдердің дамуы: дивергенция және конвергенция үрдістері.

Тіл   дамуына   әсер   ететін   лингвистикалық,   экстралингвистикалық   факторлар.   Әртүрлі

тарихи кезеңдердегі тілдің даму ерекшеліктері. Тілдегі тарихи өзгерістер және тарихи

фонетика мен фонологияның, тарихи лексикология мен тарихи грамматиканың пәні.

Тілдердің   туыстығын   айқындайтын   салыстырмалы-тарихи   әдістің   қалыптасуы.

Тілдердің   материалдық   және   құрылымдық   ұқсастықтары.   Үндіевропа   тілдеріндегі

тұрақты тілдік сәйкестіктер және салыстырмалы-тарихи әдістің басқа тілдер деректеріне

қолданылуы.   Ішкі   және   сыртқы   реконструкцияның   тәсілдері.   Абсолюттік   және

болжалдық хранология.

Тіл - ерекше  жүйелермен  салыстыру:  ұқсастықтары  мен ерекшеліктері.  Жалпы

таңба және тілдік таңба. Тілдік бірліктердің таңбалылығы. Тілдік таңбалар арасындағы

синтагматикалық және парадигматикалық қатынастар.

Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл - жүйе және құрылым.  Әлем

 

тілдерінің



топтастырылуы:   генетикалық,   типологиялық   және   ареалдық   принцип.   Тілдердің

генеологиялық   топтастырылуы.   Генетикалық   ұқсастық   (үйлесімділік)   –   тілдерді

топтастырудың  негізі.  Туыс  және туыс  емес  тілдер.  Тілдік  семья және «макросемья».

Негізгі тілдік семьялар және олардың құрамы. Тілдердің үндіевропалық семьялары, алтай

тілдерінің   макросемьялары,   тілдердің   орал   семьясы,   семит-хамит   тілдері.   Тілдердің

ареалдық   шекаралары   мен   мемлекеттік-әкімшілік   шекаралары.   Қазақстан

территорясындағы   тілдік   семьялар:   миграция   (көш-қон)   тілдердің   қазіргі   орналасуы.

Тілдердің лингвистикалық картасы.

Тілдердің типологиялық топтастырылуы. Тілдердің типологиялық (құрылымдық

ұқсастығы,   изоморфизм)   ұқсастығы.   Тілдердің   типологиялық   топтастыруларының   сан



жағынан   көптігі.   Тіл   типі   –   топтастырылуы   категориясы.   Тілдердің   морфологиялық

топтастырылуы. Тілдің лективтік (қопармалы), аглютинативтік (жалғамалы), даралаушы

және   полисинтетикалық   типтері.   Тілдің   аналитикалық   және   синтетикалық   типі.   Тіл

типтері   және   тілдегі   типтер.   Квантативтік   типология.   Дж.   Гринбрг   бойынша

типологиялық  индекстерді санау әдісі.

Тілдердің аналитикалық және синтеикалық құрылысы туралы түсінік. Тілдердің

ареалдық   топтастырылуы.   Тілдердің   «туыстасуы»   және   тілдік   одақтар.   Негізгі   тілдік

одақтар.


Тілдік ұқсастықтар және тілдік универсиялар. Лингвистикалық типология түрлері.

Тілдік универсалиялар мен тілдік фреквенталиялар.

Тілдегі   жүйе   және   құрылым   (структура)   түсінігі.   Вариант   және   инвариант.

Тілдердің синтагматикалық, парадигматикалық және иерархиялық қатынастары. Тілдік

бірліктер   және   тілдің   жүйелік   қабаттары.   Тілдің   негізгі   қабаттары   және   олардың

арақатысы (байланысы).



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [18,19].

3- тақырып. Фонетика және фонология.

Жоспар

1Тіл дыбыстары. Дыбыс және таңба.

2 Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты

3 Фонема. Фонемалар жүйесі жайлы ұғым.

Фонетика   жүйесі   туралы   түсінік.   Фонетика   пәні   және   оның   міндеттері.

Антропофонетика   және   фонология.   Теориялық,   практикалық   және   эксперименталдық

фонетика.   Контрастивтік   фонетика.   Тарихи   фонетика.   Дыбыстық   тілді   танудың

компьютерлік программасы және синтез.

Сөйлеу   дыбыстарының   акустикалық   сипаты:   дыбыстардың   жоғарылығы,   күші

және   созылыңқылығы.   Тон   және   шу.   Резонанс.   Дыбыс   форманттары.   Тембр   –

акустиканың негізі және оның компоненттері.

Сөйлеу дыбыстарының артикуляциялық сипаты. Сөйлеу аппаратының құрылысы.

Сөйлеу   органдарының   актив   және   пассив   қызметтері.   Тілдің   артикуляциялық   базасы.

Артикуляцияның   үш   базасы.   Сөйлеу   дыбыстарын   топтастыру   принциптері.   Дауысты

және   дауыссыз   дыбыстар,   олардың   артикуляциялық,   акустикалық   ерекшеліктері.

Дауысты  дыбыстардың жасалу орнына қарай, еріннің қатысына қарай, мұрын жолына

қарай топтастырылуы. Дифтонгтар – күрделі артикуляция арқылы жасалатын дауысты

дыбыстар. Дифтоног түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі вокализм жүйесі. 

Интонация және оның элементтері;   қазақ және орыс тілдеріндегі интонациялық

конструкциялардың   типтері;   түрлі   тілдердегі   интонациялық   көріністің   ерекшеліктері.

Сөйлеудің   фонетикалық   мүшеленуі:   фразалар,   такттар,     буындар,   дыбыстар.   Буын-

артикуляциялық,   акустикалық   бірлік.   Буынның   негізгі   теориялары:   акустикалық   және

артикуляциялық. Буын түрлері, буын жасайтын/жасамайтын дыбыстар. Түрлі тілдердегі

сөздердің буындық құрылымы.

Сөйлеу   ағынындағы   дыбыстардың   арақатысы.   Дыбыстардың   позициялық   және

комбинаторлық  өзгерістері.  Негізгі  фонетикалық  процестер  және  олардың қазақ,  орыс

тілдеріндегі   көріну   ерекшеліктері.   Позициялық   өзгерістер:   сөз   соңында   дыбыстардың

айтылмауы,   сөз   басындағы   протетикалық   дыбыстар,   редукция.   Протетикалық

дауыстылар –түркі тілдеріне тән құбылыс. Редукция және оның түрлері: аккомодация,

ассимиляция,   дауыстылар   гармониясы,   диссимиляция,   диэреза,   гаплология,   эпентеза,

метатеза, олардың қазақ, орыс және басқа тілдердегі ерекшеліктері.

Фонетикалық   және   тарихи   алмасулар.   Дыбыс   заңдары   туралы   түсінік.   Тілдік

бірлік   болып   табылатын   фонема   туралы   түсінік.   Дыбыс   және   фонема.   Фонеманың

перцептивті   және   сигнификативті   қызметі.   Фонеманың   дифференциалды   және

интегралды   белгілері.   Фонема   түрлері   (аллофондар),   фонема   позициялары.

Фонемалардың бейтараптануы. Фонема жүйесі туралы түсінік. Фонологиялық мектептер.



Транскрипция.   Транскрипцияның   түрлері.   Халықаралық   фонетикалық   алфавит

(ХФА). Орфоэпия туралы түсінік. Норма және әдеби норманың варианттары. 



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [20].

4-тақырып. Лексикология.

Жоспар

1Лексикология бөлімдері

2 Сөздік құрамның стильдік қабаттары

3 Сөздік құрамның тарихи дамуы

Лексикология   пәні.   Тілдегі   сөз   типтері:   мәнді   сөздер,   есімдіктер,   сан   есімдер,

көмекші сөздер, одағай сөздер. Сөз және морфема. Лексикология салалары: семасиология,

ономасиология, этимология, лексикография.

Табу және эвфемизм. Десфемизм. Инвективтік лексика.

Арнаулы   лексика.   Термин   және   терминология.   Тілдің   сөздік   құрамының

стилистикалық қабаттары. Стилистикалық бейтарап лексика. Кітаби лексика. Сөйлеу және

қарапайым   лексика.   Әдеби   тіл   лексикасы   және   диалектілік   лексика.   Күнделікті

қолданыстағы  сөздер  –лексика-семантиикалық  жүйенің  негізгі  бірлігі.  Түрлі әлеуметтік

топтар   лексикасының   ерекшеліктері.   Жаргон   және   арго.   Сөздің   эксперрессивтік-

эмоционалдық бояуы. Актив және пассив лексика. Архаизмдер мен историзмдер, олардың

айырым   белгілері.   Архаизм   типтері.   Жалпы   тілдік   және   жеке   авторлық   қолданыстағы

неологизмдер,   окказионализмдер.   Кірме   сөздер,   олардың   кірігу   жолдары   мен   түрлері.

Кірме сөздердің негізгі белгілері. Сөздік қорды байытудың негізгі жолдары. 

Этимология,   этимология   зерттеудің   принциптері   мен   тәсілдері.   Өтірік

(«халықтық») этимология құбылысы. 

Ономастика: топонимика және антропология.



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [8, 9, 10], [20].

5- тақырып. Семасиология. Сөз мағынасының дамуы. 

Жоспар

1 Сөз мағынасының тарылу және кеңею жолдары

2 Ауыс мағынаның жасалу тәсілдері

Сөз және зат. Сөз және ұғым. Сөз және түсінік, сөздің жалпылауыштық мағынасы.

Лексикология   жүйесіндегі   сөз   және   лингвистикалық   байланыс.   Сөздің   уәжділігі   («ішкі

форма»).   Уәжделентін   және   уәжделмейтін   сөздер.   Сөздің   семантикалық   құрылымы.

Сөздің   көпмағыналылығы   (полисемия).   Сөздің   лексикалық   мағыналарының   типтері:

біріншілік   және   екіншілік   мағына,   тура,   номинативтік,   еркін   және   фразеологиялық

байлаулы мағына, синтаксистік байлаулы мағына, конструктивті байлаулы мағына. Сөздің

тура және ауыс мағыналары. Ауыс мағынаның жасалу тәсілдері: метафора, функциялық

ауысу,   метонимия,   синекдоха.   Сөз   мағыналарының   кеңеюі   мен   тарылуы.   Конверсия

туралы   түсінік.   Көпмағыналы   сөздер   мен   омонимдер.   Омоним   типтері   және   олардың

жасалу   жолдары.   Синонимдердің   жасалу   көздері,   синоним   типтері.   Синонимия   және

сөздің синонимдік қатары. Паронимдер. Антонимдер, олардың типтері,   антонимдердің

стилистикалық қызметі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [4], [5,8, 10, 11].

 6- тақырып. Лексикография және фразеология

Жоспар

1Сөздік түрлері

2 Фразеологияның зерттеу нысаны

3 Фразеологияның зерттелуі

Лексикография.   Сөздік   түрлері.   Сөздік   құрастыру   типтері:   алфавиттік,   кері,

жиілік.  Лексикографиялық  еңбектерді  компьютерлендіру.  Лингвистикалық  сөздіктердің

негізгі  типтері.   Ерекше   түсіндірме  сөздіктер.  Сөздіктердің   негізгі  аспектілері   (тарихи,

фразеологиялық,   этимологиялық,   орфографиялық,   синонимдік,   антонимдік,   неологизм



сөздіктер,   шетел   сөздер   сөздігі   және   т.б.).   Көптілді   және   екітілді   сөздіктерде   сөздік

мақалалардың түзілу тәсілдері. Лингвистикалық, энциклопедиялық сөздік.

Фразеология.   Сөздердің   еркін   және   фразеологиялық   тіркестер.   Семантикалық

және құрылымдық тұрғыдан фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы.



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [8,9, 10,11], [15].

7-тақырып. Паремиалогия. 

Жоспар

1 Паремиалогияның зерттеу нысаны

Мақал-мәтелдердің зерттелуі.



Мақал-мәтелдердің   зерттелуі.   Мақал-мәтелдердің   фразеологизмдерден

айырмашылығы мен ұқсастығы. Қос тағанды мақал-мәтелдер.  



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [9,10, 11], [12].

8 - тақырып. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі 

Жоспар

1Сөзжасам және грамматика

2 Сөзжасамдық тәсілдер

3 Сөз таптарының сөзжасамы

Cөзжасам   тіл   білімінің   жеке   саласы.   Сөзжасамның   тілдің   басқа   салаларымен

байланысы. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.  Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасам және оның

грамматика   мен   лексикологияға   қатысы.   Сөзжасамдық   қалыптар   (моделдер).   Сөз

таптарының сөзжасамы. Сөзжасам (сөзтудырушы) және формажасам (форма тудырушы

(аффикстер). Өнімді және өнімсіз аффикстер. Сөзжасам қалыптары (моделдері), типтері

және сөз ұясы.



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [18,19].

9-тақырып. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Жоспар

1Морфологияның зерттеу нысаны

2  Морфема

Морфология – тілдің ең кішкентай бірлігі және сөздің құрамдас бөлігі. Мофрема

және   морфтар;   алломорфтар   және   морфема   варианттары.   Нөлдік   және   бос   морфема

туралы түсінік. Морфемалардың топтастырулары: мағына беру сипатына қарай; сөздегі

орнына қарай; сөздігі рөліне қарай. Морфема –мағынаның үш типін айқындаушы: заттық,

деривациялық,   реляциялық.   Түбір   және   аффикстер.   Префикстер,   постфикстер

(суффикстер   және   флексия),   инфикстер,   конфикстер,   трасфикстер.   Интерфиксация.

Сөз   формасы   –   түбір   мен   форма   тудырушы   аффикстердің   бірлігі.   Сөздің

грамматикалық   формасы   туралы   түсінік   –   грамматикалық   мағына   мен   оны   білдіру

тәсілдерінің   бірлігі.   Сөздің   синтетикалық   және   аналитикалық   формалары.

Грамматикалық   мағынаны   берудің   тәсілдері   мен   амалдары.   Грамматикалық   мағына

білдірудің   синтетикалық   тәсілі.   Аффиксация   және   оның   негізгі   типтері:   фузия

(флективтік) және агглютинация.

Грамматикалық және танымдық категориялар, олардың арақатыстары.

Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар: сөз түрлендіруші және

классификациялық   типтердің   морфологиялық   типтері.   Септік   категориясы   –   есімнің

негзгі категориясы. Шақ категориясы – етістіктің негізгі категориясы. Түрлі тілдердегі

грамматикалық   категориялардың   берілу   ерекшеліктері.   Лексика-грамматикалық

категория.

Сөз таптары – сөздің лексика-грамматикалық тобы. Флективтік құрылымдағы сөз

таптарының таптастыру принциптері. Есім  және етістік –негізгі сөз таптары. Сөздің бір

сөз   табынан   екінші   сөз   табына   ауысуы.   Сөз   таптары   мен   олардың   грамматикалық

категорияларындағы   тарихи   өзгерістер.   Түрлі   типтегі   тілдердегі   сөз   таптарының

ерекшеліктері.



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [14].

10- тақырып. Сөз таптары. 

Жоспар

1Атауыш сөздер

2Көмекші сөздер

3Одағай сөздер

Сөздің үш топқа бөлінуі:  1) атауыш  сөздер, 2)көмекші сөздер, 3)одағай сөздер.

Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі,

дербестігі).   Көмекші   сөздердің   грамматикалық   дамудың   нәтижесінде   қазіргі   қалыпқа

жеткен, лексикалық мағынасынан айрылғаны, грамматикалық  мағынаға көшкені, соның

арқасында   дербес   сөзге   тіркесіп,   оған   үстеме   мағына   қосатын   нұсқа   қызметінде

қолданылуы,   дербес   сөздер   сияқты   сөйлемде   өзінше   қызмет   атқармауы.   Көмекші

сөздердің түрлері.                 

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [20].

11- тақырып. Сөз тіркесінің синтаксисі. 

Жоспар

1 Сөз тіркесі жайлы ұғым

2 Сөздердің синтаксистік байланысу түрлері

Сөз   тіркесінің   синтаксисі   сөздердің   тіркесімділік   қасиетін,   олардың   тіркесу

қасиеті мен түрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлерін қарастыратындығы. Сөз тіркесі.

Есімді тіркестер. Етістікті тіркестер. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесінің зерттелу

жайы. Сөз тіркесінің өзіне тән ерекшеліктері. 

Синтаксис.   Сөйлем   және   сөз   тіркесі.   Сөз   тіркесі   туралы   түсінік   және   оларды

топтастырудың   принциптері.   Сөздің   синтаксистік   байланыстары:   қиысу,   кординация,

қабысу, меңгеру, инкорпоривтену, изафет. Изафет типтері.



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [1, 2, 16]. 

12- тақырып. Жай сөйлем синтаксисі.

Жоспар

1Сөйлем – тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық синтаксистік бірлігі 

2 Жай сөйлемнің түрлері

3 күрделенген жай сөйлем

Сөйлем – тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық синтаксистік бірлігі.

Сөйлем және байымдау, сөйлем және аталым. Сөйлемдердің актуалды мүшеленуі туралы

түсінік.   Сөйлем   типтері.   Сөйлем   мүшелері.   Түрлі   тілдердегі   сөйлем   құрылымдары.

Сөйлем   типтері   мен   сөз   тіркесі   формаларындағы   тарихи   өзгерістер.   Жай   сөйлемнің

күрделену   жолдары.   Жай   сөйлемнің   оқшау   сөздер   арқылы   күрделенуі.   Сөйлемдегі

сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің түрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [1, 2].

13- тақырып. Құрмалас сөйлем синтаксисі

Жоспар

1 Құрмалас сөйлемнің түрлері 

2 Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Құрмалас   сөйлемнің   жалпы   сипаттамасы.   Қалыптасу,   даму   жолдары.   Құрмалас

сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, жай сөйлемдерден басты айырмашылығы. Салалас

құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. 

Бөгде сөз, оның  түрлері. 

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [1, 2 ].

14-тақырып. Тілдердің классификациясы(жіктелуі)

Жоспар

1 Тілдердің генеологиялық классификациясы.

2 Тілдердің типологиялық классификациясы.

Дүниежүзі   тілдерінің   әртүрлілігі.   Тілдік   туыстық.   Материалдық,   құрылымдық

және типологиялық ұқсастық. Салыстырмалы-тарихи әдіс жайлы түсінік. 


Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдік семьялар. 

Тілдердің морфологиялық типтері жайлы ұғым. Тілдердің типтерін айқындайтын

белгілер.   Тілдердің   морфологиялық(типтік)   классификациясы.   Тілдердің

даралаушы(түбір), жалғамалы(агглютинативті) және фузиялы(флективті) типтері.

Қазақ   тілі   –   синтетикалық   құрылысты,   жалғамалы   тіл   екендігі.   Қазақ   тіліндегі

даралаушы   және   фузиялы   тілдік   элементтердің   көрінісі,   аналитикалық   тәсілдің

қолданылуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21].

15- тақырып. Жазу теориясы және тарихы

Жоспар

1 Жазудың шығуы мен даму кезеңдері

2 Орфография

Дыбыстау  тілі  және  жазу.   Жазудың  рөлі.  Жазудың   шығуы  мен  даму  кезеңдері.

Жазу   таңбалары   және   олардың   типтері.     Пиктография.   Идеография.   Буын   және   әріп

жазуы. Жазу және әліпби. Грек, латын және араб әліпбиі. Кириллица. Қазіргі әлемдегі

алфавиттік жазу түрлері. Алфавит және графика. Графема туралы түсінік. Графема  және

дыбыс. Транскрипция және транслитерация. Орфография. Орфографиялық принциптер

және түрлі тілдердегі орфографиялық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21].

7  Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны 

1- тақырып. Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты.

Жоспар

1 Тілдің мәні мен қызметі

2 Тіл және ойлау

3 Тілдің таңбалық сипаты



Тапсырмалар:

Берілген жоспар бойынша конспект жасау. 



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [3], [9], [17,18,19,20].

2- тақырып. Тілдің тарихи дамуы. Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл-жүйе

және құрылым.

Жоспар


1 Тілдің шығуы

2Тілдің дамуы

3 Тілдердің классификациясы

 Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.



Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [3], [9], [17,18,19,20].

- тақырып. Фонетика және фонология.



Жоспар

1Фонетика және оның салалары

2 Тіл дыбыстары және олардың түрлері

3 Фонема


4Фонетикалық заңдар

5 Орфоэпия



Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [18].

4-тақырып. Лексикология.

Жоспар

1Лексикология бөлімдері

2 Сөздік құрамның стильдік қабаттары

3 Сөздік құрамның тарихи дамуы



Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [9, 10, 11].

5- тақырып. Семасиология. Сөз мағынасының дамуы. 

Жоспар

1 Сөз мағынасының тарылу және кеңею жолдары

2 Ауыс мағынаның жасалу тәсілдері

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [4, 5, 7].

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

 6- тақырып. Лексикография және фразеология

Жоспар

1Сөздік түрлері

2 Фразеология туралы зерттеу еңбектері. Орыс және қазақ  тіл біліміндегі

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [9,10,11].

7-тақырып. Паремиалогия. 

1Мақал-мәтелдердің зерттелуі

2 Тақырыптық топтары

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [9,10,11].

8 - тақырып. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі 

Жоспар

1Сөзжасам және грамматика

2 Сөзжасамдық тәсілдер

3 Сөз таптарының сөзжасамы



Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [7].

9-тақырып. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Жоспар

1Морфологияның зерттеу нысаны

2  Морфема

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [14].

10- тақырып. Сөз таптары. 

Жоспар

1Cөз таптары және олардың классификациясы

2 Сөз таптарының  шығуы мен дамуы

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [18, 19].

11- тақырып. Сөз тіркесінің синтаксисі. 

Жоспар

1Сөз тіркесі және оған тән басты белгілер

2  сөз тіркесінің түрлері

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [1, 2].

12- тақырып. Жай сөйлем синтаксисі.

Жоспар

1Сөйлемге тән басты белгілер

2  Сөйлемнің түрлері

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [1, 2].

13- тақырып. Құрмалас сөйлем синтаксисі

Жоспар


1Құрмалас сөйлем жасалуы

2  Сабақтас құрмалас

3Салалас құрмалас

4Аралас құрмалас



Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [1, 2 ].

14-тақырып. Тілдердің классификациясы(жіктелуі)

Жоспар

1Тілдерді зерттеудің салыстырмалы-тарихи методы

2 Тілдердің генеалогиялық классификациясы

3 Тілдердің типологиялық классификациясы



Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21], [20].

15- тақырып. Жазу теориясы және тарихы

Жоспар

1Жазу және жазба тіл

2 Жазудың шығуы мен даму кезеңдері

3 Альфавит. Графика. Орфография.

4 Трнаскрипция мен транслитерация

Тапсырмалар:  Берілген  жоспар бойынша  ғылыми зерттеулерден конспект жаса.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [17], [21].

 8  СӨЖ тапсырмалары

1. Тілдің шығуы мен дамуы

Тапсырма: Конспект. 

2. Тілдің қоғамдық сипаты

Тапсырма: Конспект. Мысалдар теру.

3. Сөздің лексикалық мағынасы

Тапсырма: Конспект. 

4. Сөздік құрамның өзгеру жолдары

Тапсырма:     халықаралық   лексика,   байырғы   лексика,   кірме   сөздерді   игеру,   «пуризм»,

«экзотизм» ұғымдары. Мысалдар теру.

5. Лексикадағы жүйелі байланыстар

Тапсырма:   лексика   жүйесіндегі   парадигмалық,   синтагмалық   байланыстар   жайында.

Мысал жинау. Сөздікпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары.

6. Грамматика. Негізгі грамматикалық ұғымдар. 

Тапсырма: Мысал, жаттығу жұмысы.

7. Дүниежүзі тілдері және олардың жіктелуі.

Тапсырма:   Дүниежүзі   тілдерінің   аралық   және   құрылымдық   түрлерін   ажырата   білу.

Тілдердің классификациясы. 

Тапсырма: Конспект. Жаттығу жұмысы.

9.Реферат тақырыптары

1 Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

2 Халықаралық жасанды тілдер

3 Жазудың түрлері

4 Дүниежүзі тілдерінің қазіргі жай-күйі

5 Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланысы

6 Тіл білімінің жаратылыстану ғылымдарымен байланысы

7 Қала және ауыл тілі

8  Әйел және ерлер тіліндегі ерекшеліктер

9 Қазақ тілінің лексикологиясы

10 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі


10 СӨЖМ кеңестерінің кестесі

Сабақ 



түрлері

дүйсенб


і

сейсенб


і

сәрсенб


і

бейсенбі жұма

сенбі

1.

Дәріс 



бойынша 

кеңестер


10.00

11.00


2.

Тәжірибелі

к сабақтар 

бойынша 


кеңестер

12.00


13.00

3.

СӨЖ 



бойынша 

кеңестер


11.00

12.00


4.

Реферат 


бойынша 

кеңестер


10.00

11.00


5.

Тест 


сұрақтары 

бойынша 


кеңестер

11.00


12.00

11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі

№ Жұмыс


түрі

Тапсырманың   мазмұны,

мақсаты, тақырыбы

Қолданы


латын

әдебиет


Орындалу

ұзақтығы


Бақылау

түрі


Бақылауды

тапсыру


мерзімі

1

2



3

4

5



6

7

1



Реферат

1  Қазақ   тіл   білімінің

қалыптасуы   мен   даму

кезеңдері

2

 

Халықаралық



жасанды тілдер

3 Жазудың түрлері

3 апта

 

4-апта



2

Реферат


Адам дамуындағы 

тілдік қатынас

2 апта

6-апта


3

Межелік


бақылау

1,2 Модуль

коллокв

иум


8-апта

4

Реферат



Тіл – ерекше 

қоғамдық құбылыс

2 апта

9апта


5

Реферат 


4   Дүниежүзі   тілдерінің

қазіргі жай-күйі

5   Тіл   білімінің

қоғамдық ғылымдармен

байланысы

6   Тіл   білімінің

жаратылыстану

ғылымдарымен

байланысы

2 апта


11-апта

Реферат



Қазақстандағы

8 апта


14-апта

тілдік саясат

7

Межелік



бақылау

3,4 Модуль

коллокв

иум


15-апта

12 Курс саясаты

 Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және

топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына,

тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмаларды

уақытында   орындауы   керек,   сондай-ақ   ішкі   ережелерді   сақтап,

өздеріне   тиісті   жүктелген   міндетті   дұрыс   атқаруы   керек.   Сабақты

босатқан   жағдайда   деканаттың   шешімімен   босатқан   сабақты   қайта

толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі.

Сабақты   екі   реттен   артық   босатса,   оқытушы   студентті   сабаққа

кіргізбеуге құқығы бар.

Студентке   берілген   тапсырманы   уақытында   тапсыру   керек.

Емтихан   сессиясына   үш   күн   қалған   кезде   тапсыру     ең   кеш   тапсыру

болып   саналады.Берілген   тапсырманы   және   курстық   жұмысты

тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100

пайыз   қатысып,   берілген   тапсырмаларды   уақытымен   және   дұрыс

орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады. 



Студенттердің   білімін   аралық   бақылау  тест   немесе   жазбаша

бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.



Осы   көрсеткіштер   орындалмаған   жағдайда   жеткіліксіз   немесе

айып санкциялары қолданылады:

1)

сабақты босату (себепсіз);



2)

тапсырмаларды уақытымен орындамау;

3)

тапсырмаларды   орындау   барысында   қателіктер   жіберу,



яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер   студент   сабаққа   себепті   жағдаймен   келе   алмаса,   келесі

аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ  ұпай азайтылады.

13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1) Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. Алматы, 2012 ж.

2) Әбікенова Г. Көркем шығармадағы мәтінтүзілім мәселелері. Cемей, 2010 

3) Қадырова Б.М. Әлеуметтік лингвистика. Павлодар, 2009 ж.



Қосымша:

4) Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы.  Алматы, 1991 ж.

5) Бибеков Қ. Қазақ тілінің семантикасы. Семей, 2006 ж

6) Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

7)   Барлыбаев   Р.   Қазақ   тілінде   сөз   мағынасының   кеңеюі   мен   тарылуы.   Алматы,

1968ж.


8) Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. Алматы, 1978ж.

9) Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 1970ж.

10) Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988ж.

11)Болғанбайұлы   Ә.,   Қалиұлы   Ғ.   Қазіргі   қазақ   тілінің   лексикологиясы   мен

фразеологиясы. Алматы, 1997ж.

12) Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы,

1972ж.


13) Новиков Л.А. Семантика русского языка. М.,1982

14) Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

15) Балақаев М. және басқалар. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974ж.

16)  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 1999.

17) Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1999.

18) Реформатский А.А. Введение в языковедение. –М., 1996

19)Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. –М., 1990

20) Сулейменова Э.Д., Мадиева Г.Б., Шаймарденова Н.Ж., Авакова Р.А., 

Шаяхметова А.К. Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі. Под ред. 

Э.Д.Сулейменовой .-А., 1998



21) Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. А., 1995

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    • ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
  • БЕКІТЕМІН
  • ГП факультетінің
  • деканы _________ Ж.Т.Сарбалаев « ___» ___________2013 жыл
  • 12 Курс саясаты

Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Мамандық бойынша
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма программе дисциплины
umk pdf -> БАҒдарламасы павлодар Мамандықтың элективті пәндер
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев 2010 ж
umk pdf -> Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны 1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 155.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет