Бағдарламасын негізгі мақсатты индика торлар бөлігінде Қайта пішіндеу. 93-қадам. Аудит пен мемлекеттік



жүктеу 352.63 Kb.

бет1/4
Дата09.09.2017
өлшемі352.63 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

e-mail:

Sharaynа-seykhun@mail.ru

Шарайна


Сейхун

облыстық апталық газет



№4 (120)

22 Қаңтар

Жұма

2016 жыл

9 2 - қ а д а м . М Е М Л Е К Е Т Т І К

Ж О С П А Р Л А УД Ы Ң   Ы Қ Ш А М

ЖҮЙЕСІН  ҚҰРУ.  Жекелеген  салалық

бағдарламалардың 

мемлекеттік

бағдарламаларға  интеграциялануымен

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР

САНЫН 


ҚЫСҚАРТУ. 

САЛАЛЫҚ


БАҒДАРЛАМАЛАР, сондай-ақ,

м е м л е к е т т і к   о р г а н д а р д ы ң

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ 

ЖОЙЫЛАДЫ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ

ЖОСПАРЛАР мен  аумақтық  даму

бағдарламасын негізгі мақсатты индика-

торлар бөлігінде ҚАЙТА ПІШІНДЕУ.

93-қадам. АУДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК

АП П А РА Т   Ж Ұ М Ы С Т А Р Ы Н

БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН енгізу.

Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш

жылда бір рет жүргізілетін болады. 

Мемлекеттік  органдардың  нәтижелілігін

бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша

жылма-жыл жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік  аудит  және  қаржылық

бақылау туралы» Заң қабылдау. Есеп

комитеті  бірінші  сыныпты  әлемдік

аудиторлық компаниялардың модельдері

бойынша  жұмыс  істейтін  болады  және

ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.



94-қадам. «Ашық  үкіметті»  енгізу.

АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК 

ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ, ол 

мемлекеттік органдар иелігіндегі тек

мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын

басқа  да  ақпараттардан  өзге  кез  келген

ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Ө С Е Р   Е Л Д І Ң   Ө Р І С І   К Е Ң

ЖАЗЫЛУ ЖАЛҒАСТЫРЫЛА

БЕРЕДІ

Жазылым «Қазпошта» мекемесі арқылы

жүргізіледі. 6-айға -1850 теңге. 5 айға-1542 теңге,

4 айға-1234 теңге,  3 айға-925 теңге.     

Редакцияға келіп жазылуыңызға да болады.. 

Қызылорда, Шиелі, Жаңақорғанға

тарайды.

Индексі 65426

ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

ҰЛТ 

ЖОСПАРЫ:

газетіне

ТУРА

 БИД

Е ТУ

ҒАН

 ЖОҚ

АДАМНЫҢ ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҒЫ

ИМАНДЫЛЫҚ

- Біз дәстүрлі дінімізді ұлықтау арқылы Тәуелсіздік құндылықтары

мен патриотизмді нығайтамыз және елдегі тұрақтылық пен

бейбітшілікті сақтап, жастар бойында отансүйгіштік сананы күшейтеміз.

Әлемдегі 1,5  миллиардтан  астам  мұсылман  қастерлейтін  ардақты

Мұхаммед пайғамбарымыздың дүниеге келген мәуліт айы мүбарак

болсын,-деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 

мешіттегі жамағатпен кездесу барысында. 

Алты Алаштың Анасы атанған сыр өңіріндегі көрікті де, киелі

мекеннің бірі -Ақмешіт-Сырдария мешіті.  Мәуліт мерекесі қарсаңында

облыстың  бас  мешіті демеушілік  есебінен  күрделі  жөндеуден  өтті.

Ғимараттың күмбезі әрленіп, ислам қағидаттары бойынша аяттар 

жазылды. Қазіргі заманға сай жылыту қазандықтары, бейнебақылау,

өртке қарсы дабыл құрылғылар орнатылды. Намаз бөлмелерінің 

еденіне жылу жүйелері жүргізіліп, кілемдері ауыстырылды. 

Сондай-ақ, мешіт жанынан дәретхана салынса, асхананың ғимараты

наурыз айында аяқталатын болады.

Аймақ басшысы өз кезегінде жылға жуық мерзімге жоспарланатын

осынау ауқымды жұмыстарды аз уақытта еңсерген ел азаматтары мен

мердігер  компания  өкілдеріне  қызылордалық  жамағаттың  атынан

ризашылығын білдірді. 

Мәуліт мерекесі құрметіне облыстағы 157 мешітте бір ай бойы түрлі

шаралар ұйымдастырылатын болады.

«Мен 


а д а м д а р д ы

шексіз 


жақсы

көрем.  Қызметіне,

қабілетіне қарамастан, 

кез келген адамның пікірімен

санасамын. Әрине, талантты адамдарға

деген құрметім тіпті бөлек. Ал шығармашылыққа 

келгенде, ұлтқа, халыққа, өнерге пайда-зиянына қатысты әңгімеге келгенде - «екі

туып  бір  қалғаным»  болса  да,  қатып  қалам.  Өйткені,  мен  үшін  сол  сәтінде

айтылмаған пікірдің құны көк тиын. Не, кемшілікті дер кезінде айту айып па? 

Бұл-жанашырлық. Бір адамның көңіліне қарап, бүкіл қоғамды ластау -қылмыс!

Көмейге келген пікірді кері жұту менде болмайды, ол -мәкүрік. Ал жекелеген

адамдардың реніші екі-үш күннен кейін басылады, оңаша қалып ойланады, 

таразылайды. Кейбіреуі сыртымнан ғайбаттайды. Ол -әркімнің арына байланысты.

Сыншылықпен  айналысқаныма  қырық  жылдан  асыпты,  қанға  сіңген  әдетімді

жасандылыққа, есеп-қисапқа құрған емеспін». 

Әшірбек СЫҒАЙ

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің

тәртібінің бірыңғай стандарттары жаса-

лады,-деп  хабарлайды  Tengrinews.kz

тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл  агенттігінің  баспасөз  қызметіне

сілтеме  жасап.  Астанада  мемлекеттік

қызметкерлердің  әдеп  кодексін  жасау

және әдеп жөніндегі құзыретті инсти-

тутты енгізу мәселелері қарастырылған

семинар-тренинг  өтті.    ҚР  Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  төраға

орынбасары Алик Шпекбаев қазіргі уақытта

Қазақстанда  мемлекеттік  қызметкерлердің

қызметтік этикасының жүйесі құрылғанын,

оның  "Мемлекеттік  қызмет  туралы"

Заңнан,  мемлекеттік  қызметкерлердің

Ар-намыс  кодексінен  және  қызметтік

этиканың  ведомстволық  ережелерінен

тұратынын айтты. Жаңа этикалық кодекстің

ст а ндартт арының  мемлекеттік

қызметкерлердің жағдаяттардағы әдебінің

формаларының  кеңейетіні,  қоршаған

ортамен  мүдделер  қайшылығы  туған

жағдайдағы  әдебін  нақтылай  түсетіні

және жүйелендіретіні айтылды.    

Этика жөніндегі құзыретті адамның

қызметіне келесілер жатады: этикалық

нормалардың бұзылуының алдын алу,

мемлекеттік  қызметкерлерге  этикалық

нормаларды  қолдану,  құқықтарды  қорғау

және 


мемлекеттік 

қызметкерлердің

мүддесін  қорғау  бойынша  кеңес  беру,

ұжымда 


қуанышты 

моральдық-

психологиялық көңіл-күй орнату.

*  *  *


Облыстың оңтүстік аймағы бойынша

ау д а н а р а л ы қ   б ө л і м і н і ң

ұйымдастыруымен 

Шиелі 


және

Жаңақорған  аудандарында  «Жаңа

кәсіби 

стандарт» 



тақырыбында

дөңгелек үстелдер өткізілді. Оңтүстік

аймағы 

бойынша 


ауданаралық

бөлімінің  бас  маманы  Д.Бектұрсынов

Қазақстан Республикасы Президентінің

20 1 5   ж ы л ғ ы   2 9   ж е л т о қ с а н д а ғ ы

№153 Жарлығына сәйкес жаңа Әдеп 

кодексімен т аныстырып, барлық 

мемлекеттік 

қызметшілер 

алдағы

уақытта  әдеп  кодексінің  талаптарын



қатаң сақтау қажеттігін еске салды. 

«Шарайна- Сейхун» ақпарат

ЖАҢА КӘСІБИ СТАНДАРТ

СӘТІНДЕ

АЙТЫЛМАҒАН



ПІКІРДІҢ ҚҰНЫ

КӨК ТИЫН


2

Шарайна


Сейхун

ҚАЗАҚСТАН-2050

Орта және шағын бизнестің әл-ауқатының

деңгейі  арқылы  ел  экономикасының

тұрақтылық деңгейін бағамдауға әбден

болады.  Ал  жекешелендірудің  екінші

толқыны 


экономикадағы 

мемлекеттік

қатысуды  тоқтатуға  және  жеке  бизнестің

дамуы  үшін  жағдайлар  жасауға  арналған.

Әлемдік тәжірибеде жекеменшік сектор мем-

лекеттік мекемелерге қарағанда анағұрлым

сәтті  басқарушы  деп  есептеледі.  Кәсіпкер

жаңа  жағдайларға  жылдам  бейімделіп,

өндіріске жаңа технологияларды жылдам ен-

гізе алады деп есептейді. Себебі меншік жеке

болса,  адам  оны  барын  салып  қорғайды,

көбейтеді  деген  тұжырымдама  дамыған

елдердің тәртіптеріне енген.

Міне сондықтан да жекешелендірудің 

кезекті  толқыны  басталуда.  Мемлекеттік

меншікті жекешелендіру мен квазимемлекет-

тік  сектор  активтерін  беру  отандық

кәсіпкерлікті, жеке бизнесті одан әрі нығайту

мен дамыту мақсатында жүргізіліп отыр. Бұл

ж а й ы н д а   М е м л е к е т   б а с ш ы с ы

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары -

қазақстандық арманға бастайтын жол» атты

мақаласында айтылған.

«Мемлекет иелігінен алу мен жекешелен-

діруді белсенді ете түсу үшін жекешеленді-

руден,  активтерді  әділ  нарық  бағасы

бойынша сатудан, сондай-ақ, қазақстандық

және шетелдік инвесторларға жекешеленді-

руге барынша қатысуға жағдай жасау үшін

шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беретін

заңнамалық 

өзгерістер 

қабылданды.

Жекешелендірудің  шешуші  тетігі  акция-

ларды  қор  рыноктарына  ашық  аукциондар

арқылы орналастыру болады. 2016 жылдың

І  тоқсанында  мүліктен  айыруға  жататын

нысандардың  тізімі  қысқартылып,  барлық

акционерлердің квазимемлекеттік секторда

иеліктен шығарылған активтерін сатып алуға

басым 

құқықтарын 



алып 

тастауды


қарастыратын заң жобасы жас алатын 

болады»,-дейді Н.Назарбаев.

Атап айтқанда, жаңа тетіктерді есепке ала

отырып 


Жекешелендірудің 

2016-2020

жылдарға  арналған  кешенді  жоспарын

жүзеге  асыру  басталды.  Осы  құжат

шеңберінде  бәсекелесті  ортаға  «Самұрық-

Қазына»  ҰӘҚ,  «Бәйтерек»  АҚ  пен

«ҚазАгро» АҚ-тың мемлекеттік меншіктегі

аса ірі 65 компаниясы, «Самұрық-Қазына»

ҰӘҚ АҚ-тың құрамына кіретін 173 еншілес

және  тәуелді  ұйымдары  берілетін  болады.

С о н д а й - а қ ,   5 4 5   ұ й ы м н а н   т ұ р а т ы н  

Же к е ш е л е н д і р у   н ы с а н д а р ы н ы ң

қолданыстағы тізіміне өзекті сипат беріледі.

«2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына»

ҰӘҚ  АҚ,  «Бәйтерек»  ҰБХ  АҚ  пен

«ҚазАгро» ҰБХ АҚ активтерінің бір бөлігі

бәсекелесті  ортаға  өткеннен  кейін  олар

ықшам холдингтерге қайт а құрылатын 

болады. Мемлекеттік меншікті жекешелен-

діру мен квазимемлекеттік сектор активтерін

беру  отандық  кәсіпкерлікті,  жеке  бизнесті

одан әрі нығайту мен дамыту үшін жүргізіліп

отыр. Жекешелендірудің кешенді жоспарын

жүзеге  асыру  шағын  және  орта  бизнесті

дамытуға жаңа серпін береді»,-делінген 

ҚР Президенті мақаласында.

Иә,  бүгінгі  уақытқа  дейін  стратегиялық

емес нысандардың жекешелендірілуіне

байланысты  Үкіметтің  2014-2016  жылға

арналған кешенді жоспары жүзеге асырылып

келгені белгілі. Бұл кешенді жоспар квази-

мемлекеттік  секторға  тиесілі  ұйымдарды

бәсекелестік ортаға беруді қарастырған

болатын. Соған орай, жеке секторға өтетін

нысандар тізімі де бекітілген еді.

Жалпы  алғанда  2014-2016  жылдары

барлығы 833 әртүрлі меншіктегі нысан сату

жоспарланған.  Оның  ішінде  41  нысан

республикалық 

меншікке 

жатады.

Республикалық  меншік  бойынша  барлығы



2014-2016  жылдарға  арналған  сату  кестесі

бойынша 41 нысан жекешелендіруге жатады.

2014  жылдың  маусым  -  2016  жылдың

қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде 28 нысанды

өткізу жо спарланған. Ағымдағы жылы

5  қаңтардағы  жағдай  бойынша  сауда-

саттыққа 28 нысан шығарылды, оның ішінде

15 нысан сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша барлығы

2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесі

бойынша 491 объектінің сауда-саттыққа 

белг і л е н д і .   2 0 1 4   ж ы л д ы ң   м ау с ы м - 

2016 жылдың қаңт ардағы ке зеңінде

243  нысан  жекешелендіруге  жатады.  Іс

жүзінде 5 қаңтардағы жағдай бойынша 

221 нысан саудаға шығарылды, соның ішінде

114  нысан  сатылды.  Айта  кету  керек,

коммуналдық меншік аясында шипажай, 

лагерлер,  ғылыми-зерттеу  институттары,

спорттық клубтары мен нысандар, жолаушы-

лар  тасымалдары,  бұқаралық  ақпарат

құралдары жекешеленетін болады.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар

бойынша 2014-2016 жылдарда сату кестесі

бойынша  сауда-саттыққа  170  нысан  белгі-

ленді. 2014 жылдың маусым -2016 жылдың

қаңтардағы кезеңінде 109 нысан жекешелен-

діруге жатады. Іс жүзінде 86 нысан сатуға

қойылды, 60 нысан сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер 

бойынша   2014-2016 жж. арналған сату 

кестесі бойынша 131 объект жекешеленді-

руге жатады, 5 қаңтардағы жағдай бойынша

жоспарланған  111  нысанның  93-і  саудаға

шығарылды, оның ішінде 50 нысан сатылды.

Қаржы минист рлігінің 2016 жылғы

8 қаңтардағы мәліметтеріне сәйкес жекеше-

лендіруден  түскен  табыс  төмендегіше

бөлініп отыр. Республикалық бюджетке 

5,5 млрд, облыстық бюджеттерге 2,9 млрд,

холдингтерге 6,7 млрд және ӘКК-ке 2,9 млрд

теңге  түскен.  Барлығын  қосқанда  18  млрд

теңгеден  асса,  оның  үштен  бір  бөлігі

республикалық бюджетті толтырып отыр. 

Жалпы алғанда жекешелендіру - меншік

қатынаст арын   р е ф о р м а л ау   а р қылы 

мемлекеттік меншікті меншіктің басқа 

нысандарына айналдыру процесі. Жекеше-

лендіру кәсіпкерлікті дамытуға тың серпін

беруі тиіс. Әлемдік тәжірибеде жеке сектор

мемлекетке  қарағанда  біршама  табысты

басқару  саласы  ретінде  қарастырылады.

Оның үстіне жеке бизнес жаңа жағдайға 

тезірек бейімделіп, жаңа технологияларды да

уақытылы енгіз у г е   қ а б і л е т т і болып

табылады.  Осы  орайда  нарықтың  қазіргі

жағдайына байланысты Елбасымыздың:

–Кәсіпорындар мемлекет қолдау көрсетеді

деп  күтпеуі  керек.  Бұған  жол  берілмейді.

Ұлттық  қор  қаржысыннан  жаңа  нысандар

салуға  және  нашар  жұмыс  істеп  тұрған

кәсіпорындарға қолдау көрсетуге, субсидия

беруге  тыйым  саламын.  Мұндайда  қандай

өндірістер   т и і м д і жұмыс атқаратыны,

сондай-ақ қандайы тиімсіз жұмыс істейтіні

бірден көрінеді. Сондықтан да тиімді

менеджментті қалыптастыру үшін жекеше-

лендіруді  жүргізіп  жатырмыз,-деген  сөзін

еске алған артықтық етпейді.

Иә, мемлекет мықты менеджер болып 

табылмайды.  Сондықтан  да  дағдарыстар

кезеңінде  жекешелендіру  жүргізу  әлемдік

тәжірибеде  жиі  кездеседі.  Дағдарысты

жеңудің 


бір 

жолы 


экономиканы

әртараптандыру. 

Дағдарыс 

азаматтық

қоғамды  өз  басымен    ойлануына  итерме-

лейді.  Дағдарыс  өмірге  деген  көзқарасты

өзгертетін  механизм  деуге  болады.  Жаңа

идеялар, жаңа пікірлер пайда болады. 

Мемлекет пен ұлттық холдингтер, 

компаниялар  жекешелендіру  нәтижесінде

инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асы-

руда қосымша қаржылық көздерін иеленеді.

Мемлекеттік ұйымдар бейінді емес активтер-

ден арылып, өзінің қызметін негізгі міндет-

терді орындауға жұмылдырады. Ал халық өз

кезегінде 

бәсекелестікті 

дамытудың

арқасында қызмет сапаларының жақсаруын,

олардың бағасының төмендеуін сезінеді. 

Сонымен  Үкімет  2016-2020  жылдарға

арналған  жекешелендірудің  жаңа  кешенді

жоспарын мақұлдап, оның шеңберінде

м е м л е к е т т і к ,   к в а з и м е м л е к е т т і к

с екторлардың  жекешелендірілетін

нысандарының тізбесі бекітілді. Осылайша,

жекешелендірудің екінші толқынын табысты

жүзеге  асыру  нәтижесінде  жалпы  алғанда

ұйымдар қызметінің тиімділігі артып, халық

үшін  қызмет  сапасы  жақсарады.  Шын

мәнінде  жекешелендірудің  басты  міндеті-

бюджетті  толықтыру  емес,  мемлекеттің  ел

экономикасындағы үлесін азайту.  Ол өз 

кезегінде  экономикадағы  бәсекелестікті

күшейтері сөзсіз.

Жанай РАЙСОВ, 

Қызылорда қаласы



ЖЕКШЕЛЕНДІРУ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ АРТТЫРАДЫ

Ел экономикасын арттырып, тұрғындардың әлеуетін көтеретін 

бірден бір шара кәсіптің көзін табу. Оны қоғамға пайдалы, сұранысқа

ие бола білсе, жан- жақты пайдалы екендігі рас. Жуырда Қызылордада

81 адам өз кәсібін бастады. Олар «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ АҚ-ның ерікті

әлеуметтік  бастамасының  шеңберінде  «Демеу»  гранттарын  алды.

Қайтарымсыз  гранттардың  куәліктерін  аймақ  басшысы  салтанатты

түрде табыс етті.

Конкурсқа Қармақшы және Жалағаш аудандарынан 330 өтініш

келіп түскен. Соның ішінде 81 жоба қолдау тапты. «Демеу» гранттары

халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына, көпбалалы аналарға,

жұмыссыздар мен мүгедектерге беріліп отыр. Нәтижесінде 13 тігін цех,

10 бөдене, қаз, тауық өсіру шаруашылығы, 7 шағын наубайхана, 

6 кондитерлік цех, аяқ киім жөндеу шеберханалары, жиһаз цех, вулканизиция,

жылыжай, шаштараз секілді шағын кәсіп нысандары ашылады. 

-Сіздер шағын өндіріс бастау арқылы үлкен іске қадам басып

жатсыздар.  Мысалы,  әрқайсыңыз  өндірісте  4  адамды  жұмыспен

қамтысаңыздар орташа есеппен 20 адам (отбасы мүшелерімен қоса

есептегенде)  тұрақты  табысқа  қол  жеткізеді,-деді  облыс  әкімі

Қ.Көшербаев.



С.ЖҮЗБАЕВ, 

Қызылорда қаласы



ШАҒЫН ӨНДІРІС

КӨП НЕСІБЕСІ

"Форбс" журналы мен "Муззон" телеарнасы 

бірігіп өткен жылдың қалтасы қалың әншілерінің 

тізімін  түзген.  Әзірге  еңбекқор  әрі  елдің  сүйікті

әншісі Қайрат Нұртас бірнеше жыл қатарынан 

табысы ортаймаған жұлдыздар көшін бастап келеді.

Ол былтыр 2,5 млн доллар  табыс  тапқан.  Әншіге

ақша концерттері мен Халық әртісіМақпал Жүнісовамен

өткізген кешінен түсіпті.

Алматы қалалық мемлекеттік 

кірістер департаментінің қызметкері

Е д і л   С е р і к ұ л ы ,   Қ а й р а т т ы ң

концертінде  ән  с а лғаны  үшін

Тимати, Нюша сынды жұлдыздарға

төлеген  ақшасы  89  млн  теңгені

құрағанын  жария  етті.  Қап-қап

қаржы  табудан  Баян  Есентаева  да

қалысар емес. Оның жылдық кірісі 

1 млн доллар екен. Атақты продюсер

тек "Кешью" тобының өзінен 

500 мың долларды қалтасына басады.

"Мария Магдаленаның" арқасында

танылған  Асхат  Тарғын  960  мың

долларға байыса, Қытайдың өзінде

12 концерт беріп қайтқан Айқынның кірісі - 600 мың

АҚШ долларға жеткен. Бай әртістердің тізімін 

2015 жылы 300 мың доллар табыс тапқан Серік Ибрагимов,

Мақпал Исабекова, Әли Оқаповтар қорытындылайды.



"Жұлдыздар жарқырайды"

“ӘУ” ДЕЙ БІЛСЕҢ,

АҚША АЯҒЫҢНЫҢ АСТЫНДА

3

ТАНЫМ

Шарайна


Сейхун

Бірнеше тілді меңгеру қашан да артықтық етпейді.

Көп адамдар өзге тілді үйрену – жарқын болашаққа 

бастар жол деп білсе, біреулер хобби ретінде қарайды.

Одан бөлек мамандықтың да тіл үйренуге қатысы бар.

Мәселен, бір маман иелерінің тіл үйренуге уақыты 

табылмай жатса, енді бір кәсіп иелері өз мүмкіндіктерін

пайдаланып тіл үйреніп жатады. Солардың бірі -

футболшылар.

Футболшыларға тіл үйренуге мол мүмкіндік бар

деп қарауға болады. Әсіресе әлемнің азулы футбол

ұжымдарының құрамында бір ұлттың ғана теңбіл

доп  шеберлері  доп  теппейді.  Түрлі  ұлт  өкілдерін

кездестіруге болады. Олар өзара тіл табысу үшін

ағылшын  тілінде,  немесе  бір-бірінің  тілін

үйренуге  құлшыныс  танытады.  Нәтижесінде  бір

емес, бірнеше тілді меңгеріп алған футболшылар

жетерлік.  Бүгін  солар  туралы  айта  кеткенді  жөн

санап отырмыз.

Златан Ибрагимович

Швеция  ұлттық  құрамасы  мен  Париждің  «ПСЖ»

клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович 5 тілде

еркін  сөйлей  алады.  Әріптестері  нағыз  полиглот  деп

атайтын шабуылшы испан, ағылшын, итальян, голланд

және босния тілін біледі.



Генрих Мхитарян

Армения ұлттық құрамасы мен дортмундтық

«Боруссия»  ойыншысы  Генрих  Мхитарян  да  5  тілді

еркін меңгерген. Ол армян, орыс, ағылшын, француз

және португал тілдерінде сөйлесе алады.

Месут Озил

Германия құрамасы мен лондондық «Арсенал» ойын-

шысы Месут Озил түрік, неміс, испан, ағылшын тілінде

еркін сөйлейді.



Петр Чех

Ең көп тіл білетін футболшылардың бірі – Петр Чех.

Чехия  ұлттық  құрамасы  мен  лондондық  «Арсенал»

қақпашысы чех, ағылшын және француз тілдерін еркін

меңгерген. Сондай-ақ неміс, испан және орыс 

тілдерінде де тіл табыса алады екен.



Тибо Куртуа

Бельгия ұлттық құрамасы мен Лондонның «Челси»

клубының  қақпашысы  Тибо  Куртуа  да  полиглот

футболшылардың бірі. Ол ағылшын, француз, 

нидерланд, испан және португал тілдерін меңгерген.

Фернандиньо

Бразилиялық  футболшы  да  бірнеше  тілді

меңгерген. Оның ішінде ағылшын, португал және

орыс тілінде еркін сөйлей алады екен.

Ал  футбол  жаттықтырушылары  арасынан  «Вест

Хэм»  (Англия)  клубының  бас  маманы  Славен  Билич

хорват, ағылшын, неміс, орыс, украин тілін меңгерген.

Англия құрамасының бапкері Рой Ходжсон ағылшын,

француз, неміс, итальян, швед, дат тілін біледі. Луи ван

Гал  («Манчестер  Юнайтед»)  болса  нидерланд,

ағылшын,  испан  және  неміс  тілдерінде  еркін  сөйлей

алады екен.

КӨП ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН 

ФУТБОЛШЫЛАР

Орта ғасырларда дәуірі жүріп тұрған теңіз қарақшылары 

туралы не білесіз? Олардың мұхит асқан сауда кемелерін тонау-

мен айналысқаны белгілі. Дегенмен теңіз қарақшылары белгілі

бір империяның мүддесіне де қызмет еткен. Атақты қарақшылардың

капитандары адам аяғы баспаған аралдарда қазынасын сақтаған. Қазіргі

таңда  олардың  белсенділігі  төмендеген  болса  да,  олар  туралы

көптеген  аңыздар  қалды.  Ендеше  теңіз  қарақшылары  туралы

қызықты деректер топтамасына назар аударыңыздар.

1. Алғашқы қарақшылар теңіз жолдары ашылған кезде пайда

болған. Сәйкесінше әлемдегі ең алғашқы теңіз флоты да теңіз 

саудасымен  айналысатын  кемелерді  қарақшылардан  қорғау

мақсатында құрылады.

2. Қарақшылар белгілі бір мемлекеттің тапсырысын орындай-

тын болса, оларды «корсар» деп атайтын болған. Нақтырақ айтар

болсақ, бір-біріне қас елдер жау кемелерін жоюға тапсырыс 

береді. Қарақшылар бұл салада тәжірибелі болғандықтан, арнайы

сыйақы  үшін  кеме  тонаумен  айналысады.  Айта  кетсек,  әлемді

теңіз  арқылы  екінші  болып  айналып  шыққан  Френсис  Дрейк

шындығында  қарақшы  болған.  Ол  Англия  ханшайымы

Елизаветаның тапсырыстарын орындап, «Ағылшын флотының

вице–адмиралы» титулын иемденеді.

Корсар Дрейктің титул иемдену сәті:

3. Корсарлар кеме тонаудан түскен табысты теңдей бөлген. Кеме

капитаны қазынаның оннан бір бөлігін алған. Ал ең аз мөлшердегі

олжа  кеме  жөндеушісіне  берілген.  Себебі  ол  шайқасқа

қатыспайтын  болған.  Ал  шабуыл  кезінде  жарақат  алған

қарақшыларға көбірек үлес тиген.

4.Франция  және  Англия  сынды  орта  ғасыр  державалары

қарақшылықты заңды деп қабылдайды. Бұл испан корсарларына

қарсы тұрудың жаңа әдісі еді. Осылай Англия флоты Испанияның

жеңілмейтін «Армадасын» теңіз түбіне батырады.

Көңілді Роджер

5. Теңіз қарақшылары арасында танымал адамның бас сүйегі

бейнеленген қара түсті жалау «Көңілді Роджер» деп аталған. Ол

тек шабуыл жасауға дайындық кезінде көкке көтерілетін болған.

Ал  кейде  кемеде  эпидемия  тарағанын  айғақтау  мақсатында

қолданылған. 

ТЕҢІЗ ҚАРАҚШЫЛАРЫ

ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 

ДЕРЕКТЕР


Портсмут университетінің (Англия) ғалымдары

тас мүсінді жылан бейнесін тапты. Зерттеушілер

сүйек қалдықтары жабысқан тасқа мұқият қарай

отырып,  оның  төрт  аяғы  бар  екенін  анықтаған.

Демек ертеректе өмір сүрген жыландар бауыры-

мен жорғалаушы болған. Кейін эволюциялық жол-

мен қазіргі жылан кейпіне ауысқан. Бұл туралы

америкалық CNN ақпараттық ресурсы хабарлады.

Бұл осыған дейінгі жасалған ғалымдар болжамын

растайды.  Расында  жыланның  бауырымен

жорғалаушы  болғанына  сену  қиын.  Дегенмен

ғалымдар  мұны  нақты  дәлелмен  көрсетіп  отыр.

Енді  ағылшын  зерттеушілері  тас  мүсіннің

көмегімен жыланның аяқтары қалай жоғалып 

кеткенін 

анықтайтын 

болады. 

Зерттеу


ж ұ м ы с ы н ы ң   н ә т и ж е с і   S c i e n c e   ғ ы л ы м и

журналында жарияланды.

«Жыландардың бауырымен жорғалаушыларға

туыстық  жақындығы  бар  деген  гипотеза  жоққа

шығарылған болатын. Енді бұл теорияны қайта

дамытуымызға тура келеді. Жыланның аяқтары

шамамен  бір  сантиметр  болады.  Ендігі  мәселе,

жыланның  неге  бауырымен  жорғалаушылардан

бөлінгені  мен  оның  нақты  қай  түрінен  келіп

шыққанын  дәлелдеу.  Сонымен  қатар,  оған  әсер

еткен әртүрлі табиғи факторларды анықтау керек.

Ал жыланның тас мүсінмен табылуы оның жерде

тіршілік еткенін көрсетеді. Сондықтан біз білетін

жылан 


суда 

өмір 


сүретін 

бауырымен

жорғалаушылардан келіп шықпағанына сенімді-

м і з » , - д е й д і   П о р т с м у т   у н и в е р с и т е т і н і ң 

профессоры Дэйв Мартилл.

Жыланның тас мүсіні Бразилиядан табылған.

Ғалымдардың  айтуынша,  ол  шамамен  110  миллион

жыл бұрын өмір сүрген. Бұл көрсеткіш оны өте 

ертеде өмір сүрген жыландар категориясына 

енгізеді.  Профессор  Мартилл  бұл  таңғажайып

полеонтологиялық жәдігерді Solnhofen (Германия)

музейінің  студентімен  тәжірибе  жұмыстарын

өткізіп жатқан кезде тауып алған.

Tetrapodophis amplectus атауына ие жыланның

ұзындығы небәрі 20 сантиметр. Оның басы қазіргі

жыландардың ең кішкентай тұқымдасымен сәйкес

келеді. Бір қызығы, жыланның ішінде соңғы жеген

азығының  қалдықтары  табылған.  Ғалымдар

қалдықтың саламандра екенін айтады. Демек бұл

жылан жыртқыштар тұқымдасына жатқан.

ЖЫЛАННЫҢ ТӨРТ АЯҒЫ 

БОЛҒАНЫНА СЕНЕСІЗ БЕ?

Мысық не итті құйрықсыз еле стету мүмкін емес. 

Жан-жануарға құйрық не үшін керек? Ойланып көрдіңіз бе? 

Кейбір  жануар  үшін  құйрық  шыбын  өлтіргіштің  қызметін

атқарады.  Сиыр  мен  жылқы  жазда  құйрығын  оңды-солды

лақтырып,  денесіне  қонған  шыбын-шіркейден  қорғанып

тұрады. 


Ит болса, құйрығы арқылы сөйлеседі екен. Қожайынын

көргенде кез келген ит құйрығын бұлғаңдатып, еркелейді. Ал

әлденеден қорқып тұрған ит құйрығын екі аяғының ортасына

қысып алады. 

Қасқыр мен түлкі құйрығын көрпе ретінде қолданады. Олар

қыстың суығында қарды қазып, құйрығымен денесін орап 

жатады.  Жүгірген  кезде  қасқыр  мен  түлкінің  құйрығы  рөл

қызметін атқарып, тез бұрылуға көмектеседі. Құйрықты рөл 

ретінде тиін де қолданады. 

Маймылға  құйрық  азық  тапқанда  ауадай  қажет.  Ол

құйрығымен талға ілініп, азығын алып жейді.

Бетті дайындаған: Ш.ҚҰРБАНТАЕВ



ЖАН-ЖАНУАРҒА ҚҰЙРЫҚ

НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?!

4


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал