Бағдарламасын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асыруда. Бағдарламаның негізгі мақсаты Алматы облысындағы бақ



жүктеу 8.53 Kb.

бет1/7
Дата12.09.2017
өлшемі8.53 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

«ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ЖЕРГІЛІКТІ   
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ҚОРЫ» 
 
ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ 
НЕГІЗДЕРІ
ЕСIК
2016
ФМС

2
«Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» 
қоғамдық қоры «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-ның 
қолдауымен «Ауылдық аймақтарды дамыту» кешенді 
бағдарламасын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 
жүзеге асыруда. 
Бағдарламаның негізгі мақсаты Алматы облысындағы бақ 
шаруашылығын инновациялық технологияларды қолдана 
отырып, үздік әлемдік тәжірибелерді ауыл шаруашылығына 
ендіру, сонымен қатар фермерлердің кәсіпкерлік дағдыларын 
дамыту. 
«Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар 
қоры» қоғамдық қорының (ЖҚҚ) жұмыс тәжірибесі 
көрсеткендей фермерлерге олардың тұрып жатқан және 
жұмыс істейтін жерлерінде қолдау көрсету өте қажет. 
2013 жылы инфрақұрылымдық алаң құру мақсатында 
Шелек ауылында инновациялық Агробизнес орталығы 
ашылды. Орталық заманауи конференц залмен, компьютер 
сыныбымен, топырақтың сапасын анықтау үшін шағын 
зертхана, фермерлерді оқыту және білімін кеңейтуге 
арналған демонстрациялық учаскелерімен жабдықталған. 
Ауылдық жерде шағын зертхананың болуы топырақ 
құрамын талдау элементтерін жедел жүзеге асыруға, 
атап айтқанда топырақтағы суда еритін үлесін анықтауға 
мүмкіндік береді. Бұл талдау өсімдіктердің сіңіруіне қоректік 
заттардың болуын немесе болмауын анықтауға мүмкіндік 
береді. Шағын зертхана макро және микроэлементтерді, 
атап айтқанда екі нысанды азотқа (аммониялық және 
нитраттық), фосфорға, калийге, магний сульфатына, 
темірге, хлоридтерге, алюминийге, кальцийге, марганецке 
талдау жүргізеді. Сонымен қатар зертханада өсірілген өнім 
сапасының көрсеткіші болып табылатын топырақтың рН 
көрсеткішін, органикалық материалдардың жинақталуын, 
пенетрометрияның көмегімен жырту тереңдігін, 
рефрактометрдің көмегімен ұялы шырындардағы қант 
құрамын анықтайды. 
Агробизнес орталығында фермерлер ауыл шаруашылығын 
дамыту бойынша практикалық білім алады және келесі 
бағыттар бойынша дайындықтан өтеді: ауыл шаруашылық 
дақылдарын өсірудің озық технологиялары, еңбек өнімділігін 
арттыру, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, агромаркетинг 
және тағы басқа. Бұл орталықтың бірегейлігі фермерлерге 
консалтингтен бастап бизнес жобаларды дайындауға және 
оларды ары қарай қаржыландыруға көмек көрсетеді.

3
Өнім жинау кезінде фермерлер өз өнімдерін ірі сауда желісі 
«Арзанға» өткізеді. Нарықтық - бөлшек сауда желісімен 
серіктестік құру арқылы  фермерлер Қазақстандағы 
шаруашылық қожалығының ең басты мәселесі – сату 
нарығын шешті. Көкөністер тәжірибе алаңынан (делдалдарды 
айналып) Қазақстандағы ең ірі сауда желісіне түсіп отырды, 
ол сайып келгенде бағаға әсерін тигізіп маусымдық 
жабдықтау кезінде нарықтық бағадан 20-30%-ға төмен болды.
Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге 
асырудың тиімділігі мемлекет, ғылыми қауымдастық, 
үкіметтік емес ұйымдар және бизнес өкілдерінің 
бірлескен күш жігерінінің дұрыс құрылуында және ауыл 
шаруашылығын дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізуге 
көмектесетін және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын 
жақсартуға мүмкіндік береді.

4
Аталмыш құрал Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында 
2013 жылдан бастап «Ауыл аймақтарды дамыту» 
жобасының аясында жүзеге асырылып келеді. 
Құралдағы материалдар Флорида штаты Университетінің профессорлары  
мен «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті  қауымдастықтар қоры»
қоғамдық қорының (ЖБҚ) мамандарымен бірлесіп жасалған зерттемелері. 
Құрал екі негізгі - агрономия бойынша оқу құралы және экономика 
бойынша оқу құралдары бөлімдерінен тұрады. 
Агротехника оқу құралында Алматы облысында өсірілетін көкөністерді 
күтіп - баптау  мәселелері баяндалған. Бірінші бөлімі – көкөніс 
шаруашылығының негіздері, екіншісі мен үшінші бөлімдері қызанақ және 
бұрыш өсірумен айналысатын көкөніс өсіруші-ферма иелерінің тәжірибелік 
дағдыларын дамытуға арналған.  
Экономикаға арналған  оқу құралы  - ауылдағы еңбектің тиімділігін арттыру 
мәселелеріне жауап береді.  Бұл жерден сіз есеп-қисапты қалай дұрыс 
жүргізу, күрделі шығындарды қалай есептеу, фермалық кооперативтерді 
қалай тарту және ауылшаруашылық өнімдерін өткізудің қандай тиімді 
тәсілдері бар екенін баяндайтын ақпараттар таба алсыздар.     
Оқу құралының бөлек тарауы – тамшылап суару, тыңайтқыштарды, тағы 
басқаларын дұрыс пайдалана білу сияқты,  жаңа өндірістік технологияларды 
қолданудың қаншалықты пайдалы болатындығына арналған.    
Аталмыш құрал кең оқырмандарға, ферма иелеріне, әуесқой-көкөніс 
өсірушілерге арналған. Жаңа технологиялар мен жаңа көкөніс дақылдары 
қолданылған сайын, құралдың мәтіні де толықтырылып, қайта қаралатын 
болады.  Брошюрада жазылған ақпараттар, құралдың авторларының 
тәжірибелік және өндірістік, сондай-ақ, көкөністерді өсірудегі агротехника 
бойынша ғылыми әдебиеттен алынған ақпараттардан негізделген.
Авторлары аталмыш брошюраны жарыққа шығаруға қолдау 
көрсеткені үшін, Филипп Моррис Қазақстан компаниясына өз 
алғыстарын білдіреді. 
Авторлары: 
П. Кавунов, М. Жексембекова, А. Султанбек, Р. Молдобаева  –  сарапшылар, 
ЖБҚ кеңесші-қызметкерлері Б. Боман  Б., С. Суонсон , Т. Сприн- Флорида 
Университетінің профессорлары (АҚШ)   
АГРОТЕХНИКА

5
АГРОТЕХНИКА

6
8
11
13
15
16
21
29
31 
32
33
34
35
42
43 
46
46
47
48
51
58
59
КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МАЗМҰНЫ
1 БӨЛІМ - КӨКӨНІС НЕГІЗДЕРІ
1.1  Көкөністер тұқымдарының сапасы 
1.2  Көкөністер  көшеттерін өсіру технологиясы
1.3  Көкөністерді өсіру тәсілдері
1.4  Топырақты талдау
1.5  Минералдық тыңайтқыштар қолдану 
1.6  Суару түрлері 
1.7   Пестицидтермен жұмыс істеудегі 
қауіпсіздік шаралары 
2 БӨЛІМ - ҚЫЗАНАҚ
2.1  Қызанақ биологиясы 
2.2  Қызанақтың даму кезеңдері 
2.3  Қызанақты өсіру технологиясы 
2.4  Отырғызу сызбасы
2.5  Аурулары мен зиянкестер 
2.6  Арамшөптермен күрес
2.7  Өнімді жинап алу
3 БӨЛІМ - БҰРЫШ
3.1  Бұрыш биологиясы
3.2  Бұрыштың даму кезеңдері
3.3  Бұрышты өсіру технологиясы
3.4  Отырғызу сызбасы 
3.5  Аурулары мен зиянкестер 
3.6  Арамшөптермен күрес
3.7  Бұрышты жинап алу және сақтау

7
КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ

8
1.1. КӨКӨНІСТЕР 
ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ САПАСЫ
ТҰҚЫМДАР САПАСЫ
Сапалы тұқымдар сұрыптық тазалығы, 
жоғары шығымдылығы, аурулары 
мен ауыртатын ағзалардан адалығы,  
ылғалдылығы  мен салмағының талапқа 
сай  келуі  секілді негізгі сипаттармен 
ерекшеленеді. Сапалы тұқымдар 
жақсы шығымдылықты, тез көктеу мен 
қарқынды өсімді қамтамасыз етеді. 
Тұқымның сапасыз болуы – олардың  
біртегіс көктемеуіне, өскіннің әлсіз 
болуына, егін шығымдылығының 
төмендеуіне алып келеді. Көкөністердің 
шығымдылығы негізінен тұқымдардың 
көктеу белсенділігіне байланысты. 
Сондықтан  түрлі танаптардағы  көктеу 
үдерісін  жеделдету үшін барлық 
жағдайларда да өсіп-өну белсенділігі 
жоғары тұқымдарды пайдаланған абзал. 
 Ауа температурасы, ылғалдылық деңгейі 
секілді топырақ түзуге ықпал ететін 
ортадағы өзгерістер тұқымдардың ақырғы 
шығымдылығын анықтаудағы ең маңызды 
факторлар болып табылады. 
 Бір грамм ішіндегі бұрыш тұқымдарының 
саны әдетте 140-165 данадан, ал қызанақ 
тұқымдарының саны 350-400 данадан 
келеді. 
 Фермердің өзі өндірген тұқымдарды 
пайдаланған кезде, оларды міндетті түрде 
өңдеу керек. Ал сұрыптар мен будандар 
тұқымдарын өңдеуге болмайды, өйткені 
олар өңдеуден өткен және егуге дайын.  
ТҰҚЫМДЫ ӨЗ БЕТІМЕН ҚАЛАЙ 
АЛУҒА БОЛАДЫ
Егер де сіз тұқымдық материалды 
өз бетіңізбен дайындағыңыз келсе, 
алдымен сізге қажет тұқым беретін 
сапалы өсімдік сортын таңдаңыз. 
Тұқымға қажетті жемісті, өте мықты, 
жоғары өнімді түптен жинау міндетті, 
сонда тұқымның сапасы да жоғары 
болады. Будан-көкөністің (F1 деп 
таңбаланады) тұқымын дайындаудың 
қажеті жоқ – одан өнімділігі нашар 
өсімдік шығады, өйткені, буданда сортқа 
қарағанда, ата-аналық көрсеткіштер 
жоқ.  
Тұқым жинауға арналған өсімдікті 
таңдағанда, ескерілетін:
• 
өнімділігі 
• 
зиянкестер мен ауыруларға қарсы 
төзімділігі 
• 
пісіп-жетілетін мерзімі 
ҚЫЗАНАҚТЫҢ ТҰҚЫМЫН 
ДАЙЫНДАУ 
 
Тұқымға бірінші, екінші немесе үшінші 
шоқтағы ең тәуір және өнімді түптен 
алынғаны ғана келеді. Іріктелген 
қызанақтар, сырттай қарағанда ақаусыз, 
ауыру іздері жоқ, бүлінбеген,  аталмыш 
сорт түріне айрықша ұқсас болу керек.  
Тұқымға арналған қызанақтың аса пісіп 
кетпегені дұрыс, әйтпесе, ұрығы өсіп 
кетуі мүмкін. Аса ірі емес, піскен, жұмсақ 
қызанақ алынады. Әлі пісе қоймаған көк 
қызанақтың тұқымы қолданылмайды.
Тұқымдық қызанақтар толығымен 
биологиялық піспейінше, түптен үзілмейді. 
Одан соң, екіге бөліп, тұқымдық камерадан 
шәй қасықпен мәйегін қырып алады. 
Мәйекті тостағанға салып, бетін майлық 
немесе табақшамен жауып, жылы әрі 
қараңғы жерге 2-3 тәулікке ашытуға 
қояды. Мезгіл сайын тостағанды шайқап 
тұру керек. Тұқымдар мерзімінен бұрын 
өсіп кетеді деп қорқудың қажеті жоқ, 
мәйектегі арнайы ферменттер оған жол 
бермейді.   2-3 тәуліктен соң, қызанақтың 
тұқымдары түбіне тұнады. Тұқымдарды 
ағын сумен шайып, майлықта кептіріп 
алыңыз. Бүлінген және қара дақ түскен 
тұқымдарды алып тастау керек, ал бір-
біріне жабысқандарды ажырату қажет.  
БҰРЫШТЫҢ ТҰҚЫМЫН 
ДАЙЫНДАУ 
Бұрыштың тұқымын алуға тек дұрыс 
пішінді әрі аталмыш сорттың сипатты 
белгілері бар биологиялық пісіп-жетілген 
жеміс қана келеді. Жемісті үзіп алады 
да, үй-жайда бөлме температурасында 
бірнеше күнге қалдырады. Одан соң, 
бұрыштың жоғары жағын дөңгелетіп 
кесіп, тұқымымен бірге ішінен алып, 
кебу үшін жайып қояды. Жақсылап кепкен 
тұқымдар өздігінен түсіп қалады. Егер де 
дәнді бүккен кезде сынса, ол кепті деген сөз. 

9
ТҰҚЫМДАРДЫ СЕБУГЕ ДАЙЫНДАУ
Тұқымдарды ыстық сумен өңдеу 
үшін қажет құралдар: үлкен 
алюминий кәстрөл, тұқымды 
орауға қажет бір кесек мата және 
ағаш қасыққа бекітілген дәлдігі аса 
жоғары зертханалық термометр. 
Тұқымдармен пайдаланган кезде, 
оларды  зақымдап  алмас үшін аса 
сақ болған  және оларға талапқа сай 
сақтау шарттарын қамтамасыз еткен 
жөн. Пайдаланылмаған тұқымдарды 
герметикалық ыдыстарда сақтаған 
дұрыс. Дегенмен, тұқым салынған ашық 
қалталарды сыдырма құлпы бар қаптарға 
салып, 7 - 10 ° C температурасында 
сақтауға болады. Жоғары 
температура  мен ылғалдылық 
тұқымдар үшін өте зиян. Ылғал 
ауа тұқымдардың дымқылдығын 
арттырып, олардың жарамдылық 
мерзімінің қысқаруына алып келеді. 
Сақтау шарттарын дұрыс сақтаған 
жағдайда, қызанақ тұқымдары 4 
жыл, ал бұрыш тұқымдары 2 жыл 
бойына жарамдылығын сақтап 
қалады. 
ТҰҚЫМДАРДЫ САҚТАУ
Өсімдіктердің кейбір патогендері (ауру 
тудырушы ағзалар) тұқым құрамында, 
оны сыртынан өңдеген кезде өзгеріске 
ұшырамай, өздерінің зиянды 
қасиеттерін сақтап қалуға қабылетті. 
Олардың қатарына көкөністердің 
патогендік бактериялары, 
саңырауқұлақтар және вирустар 
жатады. Қызанақтар мен бұрыш  
тұқымдарын әдетте ыстық сумен 
өңдейді, өйткені осы дақылдарда  оңай  
алдын алуға болатын бактериялы 
және саңырауқұлақты аурулар жиі 
кездеседі. Тұқымдарды ыстық 
сумен өңдеу сондай-ақ тұқымдарды 
жібітіп қойғанда да жағымды 
нәтиже береді. Өйткені  жібітілген 
тұқымдар өңделмеген тұқымдармен 
салыстырғанда әлдеқайда  жылдам 
көктейді.  Тұқымдарды ыстық сумен 
өңдеу тұқымдар ауруларының алдын 
алу және олардың қайтадан пайда 
болуына жол бермеуге бағытталған аса 
құнды шара болып табылады. 
Тұқымдарды өңдеуге қажет судың 
температурасы дақылдардың 
түрлеріне байланысты  46-52°С  
аралығын құрайды, ал өңдеу уақыты 
- 10 минуттан 60 минутқа дейін. 
Бір жылдан астам уақыт сақталған 
тұқымдарды немесе зиянкестер  
тарапынан қатты бүлінген танаптардан 
жинап алған тұқымдарды өңдеу, 
олардың көктеу үдерісін бәсеңдетуі 
мүмкін. Әр маусымда тек осы 
маусым ішінде пайдаланылатын 
мөлшердегі тұқымдарды ғана өңдеңіз, 
өйткені ыстық сумен өңделген 
тұқымдар, өңделмеген тұқымдармен 
салыстырғанда өміршеңдігін ұзақ 
сақтап қала алмайды.

10
КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫ 
ТҰҚЫМДАРЫНДАҒЫ ПАТОГЕНДІК 
МИКРОБТАРДЫ  ЫСТЫҚ СУМЕН ӨҢДЕУ 
ДАҚЫЛ
КӨКӨНІСТЕР ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ 
БАҚЫЛАНБАЛЫ АУРУЛАРЫ 
Қызылша
Фомоз/ойық жара, мамық зең, жапырақтардың 
церкоспорасы
Сәбіз 
Жапырақтардың альтернариозы, жапырақтардың 
бактериалдық теңбілділігі, жапырақтардың церкоспорозы, 
кратерлік шірік жапырақты фитофтороз
Баялды 
Антракноз, ерте фитофтороз, фомопсис, вертициллездық 
солу
Салат 
Антракноз, жапырақтардың бактериялы теңбілдігі, 
салат теңбілінің вирусы, жапырақтардың  септориозы,  
вертициллезды солу
Пияз 
Күлгін теңбілдік, жапырақтардың стемфилиозы, базалды 
шірік, ботритис, вертициллезды солу, қара зең
Бұрыш
Антракноз, жапырақтардың бактериялы теңбілдігі, қияр 
теңбілінің вирусы, бұрыш теңбілінің жұмсақ вирусы,  темекі 
теңбілінің вирусы, қызанақ теңбілінің вирусы
Қызанақ
Жоңышқа теңбілінің вирусы, антракноз, бактериалы ойық 
жара, бактериалы дақ, бактериалы теңбілдік, қияр теңбілінің 
вирусы, ерте фитофтороз, бұршақты дақылдардың солуы,  
жапырақтың көгеріп кетуі, жапырақтың  септориозы, 
қызанақ теңбілінің  вирусы,  вертициллезды солу, осарлы 
вирусты жолақ.
Барлық қажетті шарттарды сақтау, тұқымдарды ыстық сумен өңдеудің жақсы нәтиже 
беруі үшін аса маңызды. Патогендерді жою мақсатында жүргізілген өңдеу кезінде 
температура мен әсер ету ұзақтығынан сәл ауытқу тұқымдардың өздеріне де залал 
келтіруі мүмкін екендігін ұмытпаған жөн. 
СОНДЫҚТАН ТЕМПЕРАТУРА МЕН ӨҢДЕУ УАҚЫТЫНЫҢ ТӨМЕНДЕ 
КӨРСЕТІЛГЕН СИПАТТАМАЛАРЫН  ПАЙДАЛАНУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ:
ҚЫЗАНАҚТАР:
 
50
o
С температурасында 25 минут  ішінде немесе 51.5
o
C-да  20 минут ішінде.
БҰРЫШ, ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖӘНЕ БРЮССЕЛЬ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ: 
50
o
С температурасында 25 минут ішінде.
ТҮСТІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖӘНЕ БРОККОЛИ:
 
50
o
С температурасында  20 минут ішінде.
СӘБІЗ

50
o
С  температурасында  20 минут ішінде.
БАЛДЫРКӨК

50
o
С температурасында 30 минут ішінде.
САЛАТ: 
47,8
o
С температурасында 30 минут ішінде.

11
1.2 КӨКӨНІС  КӨШЕТТЕРІН 
ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Көшеттерді өсірудің қазіргі заманғы 
ең озық тәсілі -таспалық тәсіл. Оны 
қолданғанда, көшеттер бір немесе 
көп мәрте пайдаланылатын иілгіш 
таспаларда өсіріледі.  Стандартты 
таспаның мөлшері  – 60 х 40 см. Біздің 
жағдайда олардың оңтайлы саны - 
105 тор. 
Жұқа полистиролдан жасалған иілгіш 
таспаға отырғызылған көшеттерді 
сан түрлі тәсілдермен тасымалдау 
өте ыңғайлы, сондай-ақ олар егіс 
алқабында алып жүріп, қолмен де, 
көшет отырғызатын мәшинелермен де 
отырғызу үшін аса қолайлы. Таспаға 
берік орналасқан көшеттер тасымалдау 
барысында түсіп қалмайды, алайда, 
оларды таспадан тамыр жүйесіне 
ешқандай зиян келтірмей, оп-оңай 
ажыратып алуға болады. Ал бұл 
өсімдіктің жүз пайыздық жерсіңуін, 
әрі қарай өсуін ширақ жалғастыруын, 
өсімдіктің жеміс беруі мерзімінің 
12-14 күнге ерте басталуын 
және шығымдылығының артуын 
қамтамасыз етеді. 
Таспаларды тегіс орнатып
құнарлы топырақпен толтырады да, 
дымқылдандыру мақсатында суарады. 
Тұқымдарды отырғызу мерзімін, 
көшетттерді ашық топыраққа 
ауыстырып отырғызу уақытына қарай, 
көшеттің қажетті жасы мен оны өсіру 
шарттарын (тұқымдардың көктеу 
кезеңі және т.б.) ескере отырып, 
белгілейді. Алдын ала дайындалған 
тұқымдарды 0,7 -1 см (әр торға бір 
данадан) тереңдікке отырғызады 
да,  үстіне әзір тұрған топырақ 
сеуіп, ылғалдандырады. Қылтиып 
шығу кезіндегі дымқылдықтың 
оңтайлы деңгейін сақтап тұру үшін 
таспаларды арнайы үлдірмен немесе  
агроталшықпен жауып қояды. 
Алғашқы өскіндер пайда болғаннан 
кейін, өсінділер шектен тыс ұзарып 
кетпес үшін, үлдірді алып тастайды 
да, топырақты қажет болған уақытта 
қосымша ылғалдандырып отырады. 
Тұқымдардың дұрыс көктеуі үшін 
қажетті ең оңтайлы температура 
22-270С .Осы шарт сақталған болса, 
өскіндер 5-10 күн ішінде пайда 
болады. Сондай-ақ, температураның 
күрт төмендеп, немесе жоғарылап 
кетуі болашақ шығымдылыққа 
жағымсыз ықпал етуі мүмкін екендігін 
естен шығармау керек. 

12
Ауыспалы егіс айналымында 
қызанақ пен бұрыш егілетін 
танапта оларға дейін егуге ең 
қолайлы және топырақтың 
құрылымын жақсы сақтайтын 
дақылдар –  көпжылдық 
және біржылдық шөптер, 
бұршақты, дәнді дақылдар 
мен тамыр-жемісті өсімдіктер. 
Бұрышты дара дақыл 
күйінде, немесе қызанақ, 
баялды, картоп егілген жерге, 
топырақта зиянкестер мен 
ауру қоздырғыштар жиналып 
қалатындықтан 3-4 жыл өтпей 
тұрып,  отырғызуға болмайды. 
Ауыспалы егіс айналымына 
балама ретінде қара пар 
пайдалану  техникасын 
қолдануға болады.
КӨКӨНІСТІҢ АУЫСПАЛЫ ЕГІС 
АЙНАЛЫМЫ
 Алты танапты 
көкөністік 
ауыспалы егіс 
айналымы
Ауыспалы егіс айналымын сақтау, алқа тұқымдастарды егіс 
айналымындағы бұрынғы орынына тек 4-5 жылдан кейін ғана  қайтару.
Егістікті санитарлық өңдеу - жақсылап  тазалау және өсімдік қалдықтарын 
тереңге көму. 
Тұқым себу және көшетті тұрақты орнына отырғызудың  оңтайлы 
мерзімін, өсімдіктердің орналасуына оңтайлы  тығыздығын сақтау. 
Сапалы тұқымдар пайдалану. 
Арам шөптер мен вирустық жұқпалы ауруларды таратушы сорғыш 
жәндіктерді жою. 
Көшеттерді 2 жапырақ пайда болғаннан кейін фитолавин-300 суспензиясы 
және превикурдың 0,2%- ерітіндісімен, Ридомил Голдтың 68% ерітіндісін 
10 литр суға араластырып, 15-20 мл көлемінде карбамид  қосып (10 литр 
суға 20-25 мг) өңдеу. 
Вирусты ауруларға ұшыраған өсімдіктерді жою.
АУРУЛАР МЕН ЗИЯНКЕСТЕРДІҢ АЛДЫН 
АЛУ
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Көпжылдық 
шөптер бар 
дәнді -
1 жыл
Көпжылдық 
шөптер -
3 жыл
Көпжылдық 
шөптер -
2 жыл
Қызанақ -
бұрыш
Қияр
Картоп-пияз

13
1.3 КӨКӨНІСТЕР ӨСІРУ 
ТӘСІЛДЕРІ
ТОПЫРАҚТЫ ДАЙЫНДАУ
Топырақты негізгі дайындау - 25—
28 см тереңдікке сүдігер( күздік) 
жырту. Алайда жаңадан игерілген 
танаптарда жыртуға жататын қабатты 
біртіндеп тереңдету қажет. Ашық сұр 
топырақты игердің ең басында  20—22 
см тереңдікте жыртады да, әрбір 
1—2 жылда жырту тереңдігін 2—3 
см-ге ұлғайта отырып, 26—28 см-ге 
жеткізеді. Топырақты көктемгі, егіс 
қарсаңындағы дайындау жүйесі, бір 
жағынан топырақтың көктемгі егістік 
маусымы алдындағы  жағдайына, 
екінші жағынан - көкөністерді себу 
мен отырғызу уақытына байланысты 
белгіленеді. Егіс ерте көктемде 
басталатын болса, егіс алдындағы 
өңдеу - екі ізді тырмалаудан тұрады. 
Ал егіс кеш басталса - ерте көктемдегі 
және егіс алдындағы тырмалау немесе 
20-22 см тереңдікке егіс алды жырту 
жұмыстары жүргізіледі. Ал егіс жаз 
мезгілінде басталса – ерте көктемдегі 
тырмалау және топырақ қабыршағы 
мен арам шөптерді жою үшін 1—2  
мәрте жаппай қопсыру жүзеге 
асырылады. Онан соң көкөністерді себу 
немесе отырғызу алдында тайыз (20—
22 см) жыртып, онан соң тырмалайды. 
Топырақ шектен тыс құрғап кеткен 
болса, оны жыртар алдында суарып 
алады.
 Топырақты дайындау тәсілі онда 
бұрын қандай дақыл өсірілгені мен 
танаптың қаншалықты ластанғанына 
байланысты. Бір жылдық арам 
шөптер қаптап кеткен алқаптарда 
, 6-8 см тереңдікте сыдыра жырту 
тәсілін қолданады.  
Ал егер алқап 
тамырлы-бұтақты 
арам шөптермен 
бүлінген болса,  онда 
сыдыры жыртудан кейін, 
өсімдік бұтақшалары топраық бетіне 
шыққанда,  оны түренді топырақ 
қопсытушылармен өңдейді немесе 
10-16 см тереңдікке шолақ түренсіз 
соқалармен жыртады. Тамырлы-
бұтақты арамшөптер өте көп болған 
жағдайда, 16-18 см тереңдікте тағы 
бір рет өңдеген тиімді. Тамырсабақты 
арамшөптермен ластану тамыр 
орналасқан тереңдікте түрлі бағыттар 
бойынша көп мәрте қопсытуды қажет 
етеді.
Топырақты көп мәрте өңдеу орынына 
жаппай жүйелі әрекет ететін 
гербицидтер пайдалануға да болды: 
Раундап 48% (қышқылдық баламасы 
36%)  с.е. -  4-6 л/га ; Глифосат 48% 
(қ.б.- 36%); Глифоган 48% (қ.б. – 30%) 
с.е. – 4-6 л/га, Торнадо 48% (қ.б. - 
36%) с.е. – 4-6 л/га  немесе  глифосат 
тобының басқа да гербицидтері.  
Гербицидтермен өңдеуді, биіктігі 
15-20 см арамшөптерге қарсы 
топырақты дайындауға бақытталған 
басқа шараларды бастамастан бұрын 
жүргізеді.  Гербицид енгізгеннен және 
арамшөптер толық жойылғаннан кейін 
15-20 күн өткенде 25-28 см тереңдікке 
немесе егіндік көкжиегінің тереңдігіне, 
топырақ бетінің  құрғап кетуіне жол 
бермеу үшін айналмалы соқамен 
жыртады. Қажет болған жағдайда 
тегістеу жұмыстарын жүргізеді. 
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
•  Ерте піскен және кешеуілдеп піскен 
өнім алу.
•  Қорғалған топырақ шыққан 
өнімдікөктемгі және күзгі 
суықтардансақтайды.
•  Аурулар санын азайтады.
•  Өнім беру мерзімін ұзартады.
•  Аурулар мен зиянкестерді азайту 
арқасында шығымдылығын арттырады.
КӨКӨНІСТЕРДІ ЖАБЫҚ ТОПЫРАҚТА ӨСІРУ 
Бұл көкөністерден мейлінше мол  өнім алуға қажет табиғи шарттардың түрленімі 
болып табылады.
КЕМШІЛІКТЕРІ: 
•  Бастапқы  капитал салу. 
•  Арнайы бақылауды қажет 
ететіні (температура, 
желдету). 
•  Тозаңдатуға байланысты 
проблемалар.

14
Егінді  қолайсыз ауа-райы жағдайынан қорғаудың бірнеше түрлі құрылымдары 
бар. 
•  Доғаны ұзындығы 2-2,5 метр шыбықтардан жасайды.
•  Доғалардың ара қашықтығы 2 метр.
•  Кендіржіптің бірінші қатарын  жерден  30-40 см биіктікке ,  екінші 
қатарын біріншіден  20-30 см қашықтыққа байлайды.
•  Көшетті отырғызған кезде  агроталшықты немесе  полиэтилен 
үлдірін керіп қояды. 
•  Ең үздік жабын - ені 1,8-2,2 м  болатын агроталшық болып 
табылады.


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал