Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата12.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
#14612
  1   2   3   4   5

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ 

Оқу бағдарламасы 

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 

Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар) 

Наурыз 2016 ж. 



 

 

_________Е.Н. Иманғалиев 

Қазақстан Республикасының 

Білім және ғылым вице-министрі 

 

 



___________К.Н. Шәмшидинова 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес 

білім беру ұйымының Басқарма төрайымы 

 

______________Ж.А. Жонтаева 

Қазақстан Республикасының 

Білім және ғылым министрлігі 

Мектепке 

дейінгі 


және 

орта 


білім, 

ақпараттық  технологиялар  Департаментінің 

директоры 

 

__________Ж.О. Жылбаев 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясының президенті 



 

__________ Ж.Н. Абдильдина 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 

Білім  беру  бағдарламалары  орталығының 

директоры 



 



Дене шынықтыру. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке 

(1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 50 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы  



Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен,  жоғарғы оқу орындарының 

ғалымдарымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп 

құрастырған 


 



Мазмұны  

 1.«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері............................................................7 

 2.Оқыту процесін ұйымдастырудаға педагогикалық әдіс-тәсілдер.........................................8 

 3.Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері......................................................................................11 

 4.«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру.........................................................12 

4.1. Оқу жүктемесінің бөлінуі…………………………………………………………………12 

4.2. «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны……………………………………………………15 

4.3. Оқу мақсаттарының жүйесі……………………………………………………………….17 

4.4 Ұзақ мерзімді жоспар………………………………………………………………………25 



 

4

 



Түсіндірме  

 

Оқу  бағдарламасы  оқушылардың  жас  ерекшеліктерінің  танымдық  мүмкіндіктеріне 

сәйкес  әр  оқу  пәнінің/сабақтың  мазмұны  мен  білім,  білік,  дағдыларының  көлемін 

анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады 

Оқу  бағдарламасы  оқыту  үдерісін  оқушылардың  пән  салалары  бойынша  білім  мен 

біліктерді  саналы  түрде  меңгеруі  үшін  әр  пәннің  әдістемелік  әлеуетін  қолдануға,  оқу, 

жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-

мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.   

Оқу  бағдарламасында  оқу-нормативтік  құжаттың  дәстүрлі  міндеттері  заманауи 

мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен үйлесімді 

сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа 

құрылымын  құруда  негізгі  бағдарлары  болып  табылады.  Құндылықтық-бағдарлық,  іс-

әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық 

негізі  ретінде  оқыту  мақсаттарының  жүйесі  мен  білім  беру  үдерісі  нәтижелерінің 

басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында 

көрініс тапты.   

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-

әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. 

Бұл  тәсілдеме  пәндік  білімді,  әлеуметтік  және  коммуникативтік  дағдыларды  ғана  емес, 

сонымен  бірге  өзінің  жеке  мүдделері  мен  болашағын  сезінуге,  сындарлы  шешімдер 

қабылдауына  мүмкіндік  беретін  тұлғалық  қасиеттерді  де  меңгеруге  ықпал  етеді. 

Мұғаліммен  бірлесіп  шығармашылықпен  айналысу  және  серіктес,  кеңесші  ретінде 

мұғалімнің  қолдауы  кезінде  оқушының  белсенді  танымдық  қабілеті  тұрақты  сипатқа  ие 

болады.  

Тұлғалық-бағдарлық  білім  беруді  осындай  сипатта  жақсарту  білім  беру  үдерісіне 

барлық  қатысушылардың  өзара  қарым-қатынасында  өктемшілікке  жол  бермей, 

ынтымақтастығы  үшін  алғышарттарды  құрайтын  оқытудың  алуан  түрлі  интерактивті 

әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану 

оқушылардың  жоба  және  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруымен  сабақтасады.  Оқу 

үдерісін  ұйымдастырудың  барлық  инновациялық  тәсілдемелері  оқытуды  білім,  идеялар 

және  іс-әрекет  тәсілдерімен  белсенді  түрде  алмасуды  көздейтін  оқушының  шынайы 

шығармашылық  үдерісіндегі  қарым-қатынас  моделіне  айналдырады.  Нақты  пәннің  оқу 

бағдарламасы  жергілікті  сипаттағы  материалдарды  (нысандар,  кәсіпорындар,  ақпарат 

көздері)  пайдалануға  бағытталған  оқу-жобалау  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы 



 

5

 



танымдық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  оқушының  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік 

береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба 

жұмысын  ата-аналармен,  жергілікті  қауымдастық  өкілдерімен  бірлесе  отырып, 

ұйымдастыруға болады.  

Әр  пәннің  оқу  бағдарламаларында  үш  тілде  білім  беруді  жүзеге  асыру 

қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан 

тыс  жұмыстарын  да  үш  (қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде)  тілде  ұйымдастыру 

қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру 

саясатын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Тіл  үйретудің  негізі  болып  табылатын 

коммуникативтік  тәсілдеме  әрбір  оқу  пәнінің  түрлі  оқу  жағдаяттарында  білім  және 

білікпен  алмасу,  тілдік  және  сөйлеу  нормалары  жүйесін  дұрыс  қолдану  сияқты  әдіс-

тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде 

қарастырылады.  

Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды,  атап  айтсақ:  қажетті  ақпаратты  іздеу, 

өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет 

ету,  жабдықтар  мен  қосымшаларды  кең  ауқымда  қолдану  арқылы  өз  жұмысын  бағалау 

және жетілдіру  сияқты қолдану дағдыларын  дамыту  үшін алғышарттар/жағдайлар жасау 

керек.  

Оқу  бағдарламасында  оқу  пәнінің  мазмұнын  анықтаудың  негізі  болып  табылатын 

оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. 

Мазмұны  тұрғысынан  оқу  бағдарламалары  оқушыны  өзін-өзі  оқыту  субьектісі  және 

тұлғааралық  қарым-қатынас  субьектісі  ретінде  тәрбиелеуде  нақты  оқу  пәнінің  қосатын 

үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы 

мен  өзара  шарттылығына  негізделген  тәрбиелеу  мен  оқытудың  біртұтастығы  қағидатын 

және  нақты  пәнді  оқыту  мақсаттарының  жүйесі  бар  мектепті  бітіргеннен  кейінгі

 

нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен 



білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны 

оның ерекше өзгешелігі  болып табылады. Оқыту мақсаттарының  құрастырылған  жүйесі: 

білімді  функционалдық  және  шығармашылық  қолдану,  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-

қатынас  жасаудың  түрлі  тәсілдерін  қолдану,  топпен  және  жеке  дара  жұмыс  істей  алу, 

мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға 

негіз  болады.  Кең  ауқымды  дағдылар  оқушының  мектептегі  білім  алу  тәжірибесінде  де, 

келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады   



 

6

 



 

 

Экономикадағы  заманауи  инновациялар,  еңбек  нарығындағы  өзгерістер 



оқушылардың  күрделі  міндеттерді  шешу  үшін  немесе  оларды  шешудің  жаңа  тәсілдерін 

табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі 

мен  тәжірибесін  жаңа  идея  мен  ақпаратты  жинақтау  үшін  шығармашылық  қолдануға 

мүмкіндік  беретін  дағдылар  жиынтығын  меңгеру  қажеттілігіне  себепші  болады. 

Жігерлілік,  алғырлық,  өзгерістерге  дайындығы,  байланысқа  бейімділігі  сияқты  тұлғалық 

қасиеттер өзекті болып отыр.  

  Нақты  пән  бойынша  күнделікті  білім  беру  үдерісінің  мазмұны  оқу  мақсаттарына 

бағынады  және  оқушылардың  меңгерген  білім,  білік  және  дағдыларын  кез  келген  оқу 

үдерісінде  және  өмір  жағдаяттарында  шығармашылықпен  пайдалану  даярлылығын 

қалыптастыруға,  жетістікке  қол  жеткізуде  қажырлылықты  дамытуға  бағытталған,  өмір 

бойы білім алуға ынталандырады.    

 

 



Кең  ауқымдағы  дағдылармен  бірлікте  жеке  қасиеттердің  дамуы:  «қазақстандық 

патриотизм  мен  азаматтық  жауапкершілік»,  «құрмет»,  «ынтымақтастық»,  «еңбек  пен 

шығармашылық»,  «ашықтық»,  «өмір  бойы  білім  алу»  сияқты  білім  берудің  басты 

құндылықтарына  оқушыларды  дағдыландырудың  негізі  болып  табылады.  Бұл 

құндылықтар  оқушының  тәртібі  мен  күнделікті  іс-әрекеттерін  ынталандыратын  тұрақты 

тұлғалық бағдары болуы тиіс.  

Оқу  бағдарламаларын  әзірлеудің  негізі  болып  табылатын  тұжырымдамалық 

ережелер  мен  идеялар  сурет  түрінде  визуалды  берілді  (1-қосымша).  Суреттің  ортасында 

құндылықтар  мектепте  берілетін  білімнің  мазмұндық  және  іс  жүргізу  аспектілерін 

анықтаудың  негізгі  бағыты  ретінде,  сонан  соң  кең  ауқымды  дағдылар  мектепті  бітірген 

кездегі  нәтижелер  ретінде  берілген.  Келесі  шеңберде  білім  салалары  білім  беру 

мазмұнының  функционалдық  толыққандылығының  көрсеткіші  ретінде  берілген.  Соңғы 

шеңберде оқу үдерісіне енгізілген барлық инновациялар ұсынылды.   

 

   



 

 

 



 

 

   



 

 


 

7

 



 

1. «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері 

 

«Дене  шынықтыру»  бағдарламаның  мақсаты  оқушыларды  дене  шынықтырудың 



негіздерімен  таныстыру  болып  табылады,  нақты  айтқанда,  олардың  спорттық-

спецификалық  қозғалу  дағдылары  мен  дене  шынықтыру  (физикалық)  қабілеттерін 

меңгеруімен  қатар,  салауатты  денені  шынықтырудың  дамуына  ықпал  етеді.  «Дене 

шынықтыру»  пәні  бойынша  бағдарлама  кезең-кезеңімен  жүзеге  асырылатын  оқу 

жоспарын  ұсынады,  бұл  жоспар  оқушылардың  физикалық  іс-әрекеттің  түрлері  бойынша 

білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке 

гигиена,  психикалық  денсаулық  және  салауатты  өмір  салтының  қағидалары  сияқты 

аспектілер тұрғысында жалпы дамуын жақсартады. 

 

Бұл  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  бастауыш  мектеп  оқушыларды  оқытуға  арналған 



оқу бағдарламасы келесі міндеттерді іске асыруы тиіс:   

дене  денсаулығының  және  рухани  денсаулықтың  негізін  қалайды,  бұл  әлеуметтік 



дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;  

оқушыларды  өздерінің  физикалық  және  психологиялық  денсаулықтарын  түсінуге 



және нығайтуға ынталандырады; 

дене  шынықтыру  және  спорт  саласындағы  теориялық  білімдері  мен  тәжірибелік 



дағдыларын дамытуға жағдай жасайды; 

оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, 



ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді; 

оқушылардың  Отанға  деген  патриоттық  сезімін  ұялатуға,  бір-бірін  құрметтеуге, 



командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелейді;  

оқушылардың  өз  өмірлерінде  салауатты  өмір  салтын  ұстануға  және  үйренген  дене 



қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады; 

оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пәні 



туралы  өз  көзқарастарын  қалыптастырып,  осы  саладағы  білімдерін  дамытуға 

мүмкіндік береді. 

 

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту оқушыларға:  



пән  туралы  білімдерін,  шеберліктері  мен  дағдыларын  күнделікті  өмірлерінде 

қолдануға;  

қимыл-қозғалыс  дағдыларын  жақсарту  және  оқушылардың  дене  дамуын  жетілдіру 



 

8

 



қажеттіліктерін бағалауға;  

адамгершілік  қасиетін  дамытудың  маңыздылығын  түсінуге  және  әділ  бәсекелестік 



пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге; 

жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; 



дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне әсерін білуге; 

өзінің және басқалардың дене жағдайын бағалауға;  



сыни  тұрғыдан,  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  және  коммуникативтік 

дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.  

 

2.



 

Оқыту процесін ұйымдастырудаға педагогикалық әдіс-тәсілдер 

 

Құндылықтарға бағытталған ұстаным 

Оқытудағы  құндылықтарға  бағытталған  ұстаным  –  ол  оқу  әрекетін  белгілі  бір 

құндылықтар  тұрғысынан  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру,  нәтижелерге  қол  жеткізу 

және  пайдаланудың  тәсілі.  Құндылыққа  бағытталған  ұстаным  оқушы  тұлғасының 

бойында  мақсатты  түрде  құндылықтар  жүйесін  қалыптастырады.  Құндылықтарға 



бағытталу–ол  тұлғаның  өз  әрекетінде  жетекшілікке  жекелеген  құндылықтарды  таңдап 

алу  (құндылықтарда  бағдарлану  қабілеттілігі)  қабілеттілігі  (қасиеті),  және  оларды  өзінің 

әлеуметтік 

маңызды 


құндылықтары 

ретінде 


сезіну 

және 


қабылдау 

қабілеттілігі.Құндылықтарды  жүзеге  асыру  дегеніміз  құндылықтардан  шығатын 

талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру.  Құндылықтардың 

мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-

тұрысты қалыптастыруда көрініс табады. 

Құндылықтар–қоғам қолдайтын  және  адамдардың  көпшілігі  мойындайтын  белгілі 

нысандардың  және  құбылыстардың,  адамдық  қасиеттер  мен  өзін  өзі  ұстау  ережелерінің 

тұлғалық  және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы.  Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың 

өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» 

ұлттық  идеясының  құндылықтары  орта  білім  беру  құндылықтарының  негізі  болып 

табылады.  Қазақстандық  патриотизм  және  азаматтық  жауапкершілік,  құрмет, 

ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта 

білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді. 



Тұлғаға бағытталған ұстаным 

Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде 

тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен 

жүріс-тұрыс  уәждерін, әлеуетті  қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді  қалыптастыру 



 

9

 



және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу. 

Іс-әрекеттік ұстаным 

Іс-әрекеттік  ұстанымның  негізгі  мазмұны  –оқушыбілімді  дайын  күйінде  алмай, 

оны  өзі  өндіреді,  өзінің  оқу  әрекетінің  мазмұны  мен  түрлерін  ұғынады,  оның  ережелер 

жүйесін  түсінеді  және  қабылдайды,  жетілдіруге  белсенді  қатысады.  Ол  өз 

кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді 

әрі  сәтті  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді.Оқушылардың  оқу  әрекеттері  келесі  басты 

санаттар  бойынша  топтастырылған:  «біледі»,  «түсінеді»,  «талдайды»,  «бағалайды», 

«синтездейді». 

Саралап оқыту ұстаны 

Саралап 

оқыту 

ұстанымы 

оқу 


үдерісін 

оқушылардың 

әртүрлі 

топтарынамамандандырылуын,оқушылардың  жеке  қабілеттіліктерін  ескеру  мақсатында 

әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту ұстанымы әртүрлі 

оқушылар  тобының  оқу  әрекетін  ұйымдастыру  үшінарнайы  оқыту  әдістерін  және  іс-

әрекеттерді 

саралау 


тәсілдерін 

кіріктіреді. 

Күрделілігімен, 

оқу-танымдық 

қызығушылықтарымен,  мұғалім  тарапынан  көмек  сипатымен  ерекшеленетін  сараланған 

тапсырмаларды  қолдану  -  сараланған  оқу  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың  шарты  болып 

табылады. 

Коммуникативтік ұстаным 

Білім  берудегі  коммуникативтік  ұстаным  дегеніміз  ақпаратты  тарату  мен 

жариялауда,  білім,  білік  және  дағдылармен  алмасуда  екіден  асатын  адамдардың  сөйлеу 

арқылы  атқарылатын  әрекеттесу  үдерісі.  Коммуникативтік  ұстанымның  нәтижесі  болып 

тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана 

және  қатынас  жағдайына  сай  тиімді  қатынас  жүріс-тұрысын  таңдай  отырып,  түрлі 

жағдайларда  қатынас  әрекетінің  басқа  қатысушыларымен  ой  бөлісу  және  алмасу 

қабілеттілігі  болып  табылады.  Коммуникативті  ұстанымға  сәйкес  ұйымдастырылған  оқу 

үдерісі  қатынасу  икемділікті  қалыптастыратын  тапсырмаларды  және  шынайы  қатынас 

жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек. 



Ортақ тақырыптар арқылы оқыту 

«Дене  шынықтыру»  оқу  пәнінің  «ортақ  тақырыптарының»  мазмұны  оқушының 

жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан 

басталады.  Алты-жеті  жастағы  балалар  өз  ойын  білдіруге,  оқу  мазмұны  бойынша  сұрақ 

қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. 

Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту 

Оқу  үдерісінде  білімді  меңгертуде  оқу  әдісі  ретінде  ойын  іс-әрекетін  қолдану 



 

10

 



оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Педагогикалық  ойын  технологияларың  басты  элементтері  –  ойын  алдында 

оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге 

қол  жеткізу  жоспарланады,  оқу  әрекеті  ойын  ережелеріне  бағынады,  оқу  материалы 

ойынның  құралы  болып  табылады.  Оқушылардың  сабақтағы  ұжымдық  іс-әрекетін 

ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің 

пікірін  сыйлауына,  әртүрлі  өнімді  іс-әрекет  негізінде  соңғы  нәтижені  алдын-ала  көре 

білуіне,  өзбетіндік  іс-әрекетін  жоспарлауына,  мақсатқа  жету  амалдарын  таңдауына 

мүмкіндік беріледі. 

Жобалық ұстаным 

Оқу  жобасы  –  оқушының  немесе  оқушылар  тобының  ғылыми-зерттеушілік, 

шығармашылық  немесе  практикалық  сипаттағы  проблемаларды  шешу  жөніндегі 

нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  бағытталған  оқу-танымдық  әрекеті.  Ортақ  мақсатымен, 

келісілген  әдістер  мен  іс-әрекеттердің  реттілігімен,  кеңейтілген  шешімдер  мен  белгілі 

тәсіл  бойынша  рәсімделген  нәтижелермен  сипатталынады.  Бұл  әдіс  білім  алушының  өз 

алдына  жеке  проблема  қойып,  оны  шешуде  өзбетіндік  іс-әрекетін  танытуымен 

сипатталады. Бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалау 

әдісі  толығымен  жүзеге  асырылмайды.  Бірақ,  жобалау  іс-әрекетінің  алгоритімі  (жоба  – 

мұғалімнің  көмегімен  білім  алушының  маңызды  проблеманы  шешудегі  өзбетіндік  іс-

әрекет  кешені)  толығымен  сақталады.  Бөлім  мазмұнымен  танысу  аясында  білім 

алушылардың  ұжымдық/топтық  жобалар  бойынша  жұмыстарын  ұйымдастыру 

ұсынылады.  Жобалық  жұмыстарды  ұйымдастыру  сабақпен  шектелмейді,  сондықтан  да 

сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады. 



Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 

Ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

қолдану 


құзыреттілігі 

оқушылардың жұмыс  барысында, бос  уақыттарында және коммуникацияда сенімді  және 

шығармашылықпен  қолдана  білуін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  құзыреттілік  АКТ-ның  негізгі 

дағдылары арқылы қалыптасады.  

Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын  барлық  пәндерге  арналған білім 

беру  бағдарламаларын  меңгеру  барысында  дамытады.  Яғни,  АКТ-ны  пайдалана  отырып 

ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-

жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды 

және жетілдіреді. 

Бұл «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы 

жүзеге асырылады:  


 

11

 



БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану; 

дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;  



сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның 

нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу

сандық,  мәтіндік  және  визуалдық  ақпаратпен  және  дерекқормен,  оның  ішінде 



гиперсілтемелерді,  электрондық кестелерді,  графикалық  және басқа қосымшаларды 

пайдаланып  жұмыс  істеу  арқылы  мәліметті  жүйелеу;  қолдану;  заңдылықтар  мен 

тенденцияларды  зерттеу;  модельдер  мен  модельдеуді  пайдалану  мүмкіндіктерін 

зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды 

және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру; 

басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық 



ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану; 

электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына 



қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы 

бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;  

интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында 



қолдану; 

аяқталған  жұмысты  мектеп  шеңберінде  және  өзге  орталарда  мультимедиялық 



таныстыру.  

 


жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет