Бағдарламасы негізінде жасалып, 050103-«Педагогика жəне психология»



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата29.03.2017
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзіндік бақылау сұрақтары 

1.  Қазіргі кезде  қандай оқыту технологиялары бар? 

2.  Модульдік оқыту дегеніміз қандай  технология? 

3.  Инновациялық технологияларды  сабақта қолданудың тиімділігі қандай? 

4.  Əлемнің білім беру бағытынан орын алу үшін қандай шаралар жүргізу керек? 

Ұсынылатын əдебиеттер 

  1. Бадмаев        Методика преподавания психологии. М.2001 

  2.   Смирнов С.Д  Педагогика и психология  высшего образования М.2003 

  3.     Ги  Лефрансуа  Психология для учителя  М; 2003 

  4. Ляудис В.Я  Методика преподавания психологии. М.2001 

   


№ 9 дəріс 

Тақырып:  Оқу іс -əрекетін қалыптастыру 

Дəріс мазмұны: 

Мақсаты:  П.Я.Гальпериннің      психологиясы  ойлау    əрекетінің    қалыптастыруының    тұжырымдамасының 

негізімен  жəне оқытудың  нəтижелілігінің  негізгі  көрсеткіштерімен таныстыру. 

1.  «Білімді    хабарлау»-  «білімді  есте  сақтау»  -  білім  қорын    оқыту    процесініңдəстүрлік    құрылымында   

күмəн  келтірген  П.Я.  Гальпериннің    талдау    логикасынан  шамамен    мынадай    қорытындыны    келтіруге 

болады: 


2.  Оқу  іс-  əрекетінің  өнімі    ғылыми  жəне  практиканың    түрлі  салаларды  қолдануды  қажет  ететін 

тапсырмаларды  шешудің    негізінде  жатқан    құрылымданған    жəне  талданған    білім  болып  табылады.  

Сонымен қатар  мотивациялық құндылық  психика  мен  ə-іс-əрекетінің  жаңа  құрылымы да өнімі  болып 

табылады.  Оқу ə-іс- əрекетінің  өнімі даралық   тəжирибеге  негізгі  органикалық  бөлік болып енеді. Оқу іс- 

əрекетінің    нəтижесі    субьектінің    мінез-  құлқы  болып  табылады.  Оқу  іс-  əрекеті    келесі    құрылымнан  

тұратын  сыртқы  құрылымға ие мотивация  кейбір салаларда  тапсырмалардың  түрлі формаларындағы  оқу 

міндеттері  оқу    іс-  əрекеттері    өз    -өзін  бақылауға  ауыфсатын  бақылау.  Оқу    əректттері  бұл  оқушылардың 

ғылыми  түсініктер  мен  əректтердің  жалпы  тəсілдерін  алуы  мен  табуы  жəне  де  оларды  өндіру  мен  нақты 

міндеттерді шешуде қолдану əрекеті.   

Өзіндік бақылау сұрақтары 

1.  Оқу іс- əректеті дегеніміз не? 



 

32 


2.  П.Я.  Гальпериннің    психологиясы  ойлау    əрекетінің    жүйелі    кезеңді    қалыптастыруының  

тұжырымдамасына сипаттама беріңіз 

3.  Оқытудың  нəтижелілігінің  негізгі  көрсеткіштері қандай болады? 

4.    Оқу іс- əрекетінің сыртқы құрылымына не енеді? 



Ұсынылатын əдебиеттер. 

  1. Бадмаев        Методика преподавания психологии. М.2001 

  2.   Смирнов С.Д  Педагогика и психология  высшего образования М.2003 

  3.     Ги  Лефрансуа  Психология для учителя  М; 2003 

  4. Ляудис В.Я  Методика преподавания психологии. М.2001 

 

№ 10 дəріс  



Тақырып: Білім беру жүйесіндегі психологияның орны  

Дəріс мазмұны: 

1.  Білім беру жүйесіндегі психологияның орны 

2.  Оқыту мен оқытушы модельдері 

Мақсаты: Қазіргі қоғамдағы психологияның орны мен  маңыздылығы, білім беру жүйесіндегі  оқыту мен  

оқытушы модельдерімен таныстыру.  

  Психология-психологиялық құбылыстардың пайда болу, даму жəне қалыптасу заңдылықтарын  зерттейтін 

ғылым. Психологияның негізгі зерттейтін обьектісі-психика. Психика- бұл миға тəн айнала қоршаған 

ортаны бейнелендіретін ерекше қасиет. Психологиялық құбылыстарға: түйсік, қабылдау, ойлау, мінез, 

темперамент т.б. жатады. 

Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Психология термині грек сөзінен алынған. 

Психика-жан, логос-ілім. Жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді.Психология ғылым ретінде 

психологияның əр түрлі құбылыстарын зерттеу, түсіндіру, олардың мəнін талдау жəне болашаққа көрініс 

беретіндігін болжауға болатын белгілі заңдылықтарды ашып анықтайды. 

Алғашқы психологтар, философтар олар идеялистер жəне материалистер болып бөлінді. 

Материалистер-адамның жаны бар, бірақ ол мəңгі емес. Бұған: Демокрит, Əл-Фараби. 

Идеалистер жан мəңгі, ол өлмейді деп тұжырымдады. Бұған Платон, Фома Аквинский т.б. 

    

 1879ж бастап психология эксперименталдық ғылымдарға айналды. Неміс психологы  В.Вундт 



Лейпциг қалыптастыруда өз лабораториясын ашты. Бұл психологияның дамуының 2-ші кезеңіне жатады. Ал 

1-ші кезеңі 2500жылға созылған Аристотель пікірлер тарихы. Психологияның даму тарихы т.б Гипократ, 

Гомен, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Дидро, Вольф ғалымдарының есімдерімен байланысты. 

 Психологиялық  құбылыстардың топтастырылуы бойынша бір-бірімен тығыз байланысты 3 топқа бөлінеді. 

Олардың 1-і психологиялық процестер деп аталса,2-шілері  психологиялық қалып, 3-шісі психологиялық 

қасиеттер деп аталады. 

    Психологиялық процестердің кейбір (түйсік, қабылдау,елес т.б.) сыртқы дүние заттары мен 

құбылыстарын тікелей танып білуде көрінетін болса, енді біреулері (ойлау,қиял т.б) бұлардың арасындағы 

күрделі байланыстарды, дəнекерлі қатынастарды, өзгелерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. 

Адамның сыртқы дүниемен үздіксіз жасалып отыратын белсенді  байланыстарды оның сезім, ерік 

процестері  шешуші рол атқарады. 

   Психологиялық кейіп немесе қалып –адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт,зерігу, 

абыржу,сергектік,белсенділік т.б) тұрақты компоненттері. 

  Психологиялық қасиеттер- бір адамдарды 2-ші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең 

тұрлаулы ерекшеліктері. Бұған əрбір адамның мінезімен темпераменті , қабілеті мен дүниетанымы, сенімі 

мен талғамы, қызығуы жатады. Психологиялық қасиеттердің қалыптасуына адамның өскен ортасымен 

қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас ерекшілік , мамандық ерекшеліктері. 

    Психолдогиялық процестер дегеніміз-сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мидағы түрлі 

бейнелері. 

    Психологияның салалары: 

   1.Жалпы психология-ересек адамның психологиялыққызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. 

Жалпы психология мазмұнына ғылымның принциптері, əдістері, ұғымдар жүйесіде кіреді. 

   2. Жас ерекшелік психологиясы-бұл адамның психологиялық даму заңдылықтарын əртүрлі 

психологиялық процестердің қалыптасуын зерттейді. Бұның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді:балалық шақ 

психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересек адам психологиясы жəне 

қарттық шақ психологиясы. Бұнда əр жасқа қатысты жастардың 1-ден 2-шіге өтудің заңдылықтары болып 

табылады. 

   3.Педагогикалық психология-жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысты. Білім берумен 

тəрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейтін 3 бағытқа бөлінеді : 1) оқыту психология. 2) тəрбиелік 

психология. 3) ұстаздық психология. 

4. Еңбек психологиясы – еңбек əрекетінің психологиялық негіздерін зерттейді. Жеке адамның белгілі бір 

мамандыққа сəйкес кəсіптік-техникалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мəселелерін жəне еңбек 

ұжымындағы қарым-қатынастың психологиялық негізін зерттейді. 

5. Инженерлік психология – адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық 

мəселелерді зерттейді.  


 

33 


6. Космостық психология – санасыздық жағдайындағы психикалық көріністерді зерттейді. Ұзақ мерзім жеке 

қалуда психикалық қызметтің ерекшеліктерін жəне космонавттардың жүйкелік-моралдық даярлығын 

қарастырады. 

7. Əскерипсихология – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі жəне жоғары əскери оқу мен 

тəрбиелеудің психолгиялық мəселелерін зерттейді. 

8. Спорт психологиясы – спорттық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді.  

9. Өнер психолгиясы – бұл өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін 

қарастырады  жəне адамдардың шығармаларды қабылдау заңдылықтарын ашады. 

10.  Əлеуметтік психология - əртүрлі топтардың психикалық көріністерін олардың көңіл-күйін , қоғамдық 

пікірге еліктеуін жəне сол топтағы адамдар арасындағы өзара қатынастар сипатын зерттейді. 

11. Этнопсихология - əлеуметтік психолгия негізінде пайда болған. (ұлттық – деген мағнаны білдіреді)  

12. Заң психология – бұл қылмысты , адамның психикалық ерекшеліктерін, қылмыстық коллонияларының 

тəрбиелік əсерінің тиімділігін зерттейді. 

13. Патопсихология - өзгеріске ұшыраған адамның психикасын зерттейді.  Патопсихология  3 бөлімге 

бөлінеді : олигофрено , тифло , сурдо. 

14. Салыстырмалы психология – бұл жануарлармен адамның психикалық айырмашылықтарын зерттейді. 

    2. Модель- бұл  жоба бұл  бір  нəрсенінің  болғандығы  немесе болатындығы   жөнінде  елестету. Олар  

көбіне  нақты теориядан алынады.  

       Психологиялық модельдер  бұлар нақты  нақты нəрсені сипаттамайды,  адамның мінез- құлқын 

негіздемейді.  

Оқыту-  ақпараттың көбеюіне   əкеп соғатын  ұзақ процесс. Ферстенмахер мен Солтис  мұғалімнің  3  

моделін бөліп қарастырады: 

1. Ұйымдастырушылық. Мұғалім- бұл оқыту шеберлігін игерген тұлға. Ол  оқушының ақпаратты игеруіне  

жауапты адам.  Бұл модельде  оқыту техникасы   жəне оқуға қажет мотериалды əзірлеу маңызды.  

2. Терапиялық . Мұғалім тек ұйымдастырушы емес  сонымен қатар  оқушының  денсаулығы мен  бақытты 

дамуы  үшін жауапты тұлға.  

3. Либеральды. Мұғалім оқыту үшін   қажет  құрал- жабдықтарды  көрсетіп  қана отырады. Бұнда оқытушы  

қалай оқу керек,  білімді қалай дамыту  екендігін  айтып отырады.  

    Оқытуды үш көзқарас бойынша түсіндіруге болады: 

1.  оқыту алды 

2.  оқыту 

3.   оқытудан кейін 

Бұнда  оқытудың  қысқа жəне ұзақ  мақсаттарын  айқындау қажет. Оқыту  материалын  бағалауды  

алдын-ала  жоспарлау аса маңызды.   



Өзіндік бақылау сұрақтары 

1.  Қазіргі қоғамдағы психолгияның орны? 

2.  Модель дегеніміз не? 

3.  Оқытушыныі қанша моделі бар сипаттама беріңіз ? 

4.  Оқытуды үш көзқарас бойынша түсіндіріңіз? 

 

Ұсынылатын əдебиеттер 

  1. Бадмаев        Методика преподавания психологии. М.2001 

  2.   Смирнов С.Д  Педагогика и психология  высшего образования М.2003 

  3.     Ги  Лефрансуа  Психология для учителя  М; 2003 

  4. Ляудис В.Я  Методика преподавания психологии. М.2001 

  5. Столеренко Л.Д. Педагогическая психолгия М;2006 

  6.  


№ 11  дəріс 

Тақырып: Психологияны қолданбалы жəне теориялық пəн ретінде оқыту 

Дəріс мазмұны: 

1.ЖОО-ы психологияны оқытудың мақсаты 

2.Психологияның салалары. Психология тарихы.  

Мақсаты: Жоғарғы оқу орнындағы  психологияны оқытудың  мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, оның 

салаларын  жеке дара қарастыру. 

   1.  


Жоғарғы оқу орынында психологияны беру мақсаты

Студентермен кез-келген  ғылымды оқу бір мақсатқа  бағынады- өмірлік  құбылыстарға, 

практикалық тапсырмаларға ғылыми  бағытта кірісуге үйрену. Психологияда қолдануда бұл студенттің адам  

психологиясын ғылыми  бағытта зерттеу мақсатында, олардың  əрекетте көрінуін түсіну жəне 

ерекшеліктерін түсіну, осының барысында күнделікті қатынаста дұрыс əрекеттесуді білдіреді. 

         Бұл  мақсат жалпы жəне кез-келген тəртіпті білуге жатсада, ол студентке қатысты əрекет.Ал егер 

мұғалімге келсек ол өзінің студенттіктен ерекше мақсатына ие.Студентердің мақсаты- ғылымды меңгеру, ал 

мұғалімде- соны түсіндіру.Аяғында бұл мақсаттар бірігеді.Бірақ олар қойылым кезінде олар əртүрлі 



 

34 


көрінеді: студент мұғалімнен «білім алуға» мақсатталған, ал екіншісі оған осы қажетті білімді «беруге» жəне 

оны қолдануға үйретеді. 

         Психологияны оқи отырып, əр студент болашақ мамандығына байланысты емес анализде, жəне адам 

əрекетін бағалауда жəне мінез ерекшклігін жəне қабілеььерді шығаруда, сонымен қатар темпераменті жəне 

басқа тұлғалық қасиеттерді ортада, ұжымда басқа адамдармен жеке қарым-қатынаста жəне т.б шығардан 

бағалауда психолгиялық тұрғыда оцлап үйренуі керек. 

       Осы мақсатта, студентпен психологияны  оқу мақсаты жəне оқыту мақсаты студентті оқыту нəтижесі 

аяғында ұқсайды. Сол жəне басқа тақырыптарды жəне бөлімдерді беруге өз алдына мақсат қоя отырып 

ғылымның əртүрлі салалар ерекшеліктерін ескерген жөн. 

       Тероялық( жалпы) психолгияны түсіндірмелі деп атау  қабылданған, ал қолданбалы психологияны- 

психологиялық құбылыстарға, фактілерге соның ішінде шынайы əрекеттердің барлық жағына жатқызылған 

практикалық теория.Бірақ қолданбалы психология да түсіндіреді, тек психологиялық өмірдің шынайы нақты 

фактілерін, əлеуметтік психология- қоршаған орта өмір құбылыстарын, топтық тəртіп фактілерін, 

инженерлік психология- адамның техникамен өзара əрекет ерекшеліктерін, педагогикалық психология- оқу 

жəне тəрбиелеудің  байланысу эфективтілігін, медацикалық психология- денсаулықтың нашарлануының 

немесе жақсаруының психологиялық себептерін əскери психология- қауіпті жағдайлардағы жəне т.с.с адам 

тəртіптер ерекшеліктерін. Қолданбалды психолгия мақсатыда түсіндірмелі бірақ өз қызығушылықтарын 

сферасы фактілері бойынша түсіндірмелі. 

         Ал психологиялық білімді практикалық қолдануға келсек, теориялық психология үшінде, солай 

қолданбалы психологияда да ол фактілерді түсіндіруге келеді, бір жағдай- психологияның жалпы теория 

көзқарасы бойынша, ал екінші жағдайда- қолданбалы психологияның нақты теориялары позицисында, тар 

білім ауданындағы көзқрпста. 

       Жалпы немесе қолданбалы психология теориясын практикада қолдану, теориялық зерттеу 

тапсырмаларында басқа, аралас жəне аралс емес, ғылымда екеуінің біреуі ерекшелік көрінеді, əртүрлі көз-

өараста.Біреуін- психологиялық құбылыстапды түсіндіру үшін қолданылатын деп атауға болады. Басқасын- 

психологиялық фактілерді өалыптастыру үшін қолдануға, оларды өзгерту үшін, коррекциялау, бұлар 

практикалық психология құпиясына жатады, ғылыми атауы психотехника. 

      Қолданбалы психология фактілерді позитивті өзгерту немесе қажетті жаңа бейнелерді қалыптастыру 

үшін қолданылса, онда оның мұндай қолданылуы болып табылады. Осындай  мақсатта қолданбалы 

психология екі практикалық қолданыс табады: нақты психологиялық құбылыстарды түсіндіру 

үшін(қолданбалы психологиялық теориялық бөлімі) жəне психаның сол жəне басқа жақтарын қайта 

қалыптастыру үшін ( қолданбалы психологияның практикалық бөлігі, немесе психотехника). 

     Егер жоғары оқу орнының психология мұғалімі студенттердің  шығармашылық дамуын қаласа жəне 

оларды қалай дамытудың  жаттығуларын қолдана білсе бұл тек оның теориялық психологияны емес- оның 

постулаттарын түсініп білеміз, сонымен қатар практикалық психлогияны, психотехниканы, меңгерген, ол өз 

қабілетін ойлау нышандарының дамуына жұмсайды, сонымен қатар теориялық практика материалдары 

барысына сүйене отырып. 

     Осы мақсатта психологияны оқудың(студенттерде) психологиялық ойлау білуді қалыптастыру, өзініп 

психологиялық білімін фактілерді ғылыми түсіндіруге қолдану. Сонымен қатар адам психикасын қайта 

қалыптастыру. 

     Берілген жалпы мақсат, біз жоғарыда көрсеткендей нақты мақсаттар қатарына бөлінуі 

керек.Психологияны оқытудың нақты мақсаттарын бөлуінің бір  принціпі.Осы көзқараста барлық 

студенттерді  екі үлкен топқа бөлуге болады: 

Бірінші көбі- бұл психологиялық емес мамандық студенттері жəне екіншісі шағын тобы- бұл психологиялық  

студентері.Екі топ үшінде психолгияны оқу нақты мақсаттары əртүрлі. 

    Егер жалпы мақсат біреу болса, психологиялық ойлау білуді қалыптаспайды.Енді психология 

мамандығында оқитын студенттерге психологияны оқутудың нақты мақсаттарына тоқталайық.Жалпы 

мақсат- психологиялық ойлауды үйрену, əрине оларға жоғары деңгейде кірістіріледі, психологеместерге 

қарағанда. 

    Психологиялық ойлаусыз психолог маман ретінде қалыптаспайды. 

    Бірақ психологияны оқутудың жалпы мақсатымен бірге əр түрлі бағыттағы студенттымен бірге əр түрлі 

бағыттағы студентерге арналған өз нақты мақсаттары да бар.( теориялық,практикалық, қолданбалы) . 

    Осы мақсатта психология мұғалімі өз жұмысын былай құруы мүмкін,, жалпы мақсаты- психологиялық 

ойлау қалыптасуы дəріс сабақтарында жəне семинар тапсырмаларда жүзеге асуы, практикалық білім- 

лабораториялық жəне практикалық сабақтарда, сонымен қатар мектептерде, балабақшаларда, медициналық 

клиникаларда жүзеге асуы. 

     Сонымен білім беру əдісінің нақтылығы ең бірінші білім берудің мақсаттының нақтылығы жəне 

əдістемелерді қолдануы. 

  Психологияның салалары: 

   1.Жалпы психология-ересек адамның психологиялыққызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жалпы 

психология мазмұнына ғылымның принциптері, əдістері, ұғымдар жүйесіде кіреді. 

   2. Жас ерекшелік психологиясы-бұл адамның психологиялық даму заңдылықтарын əртүрлі психологиялық 

процестердің қалыптасуын зерттейді. Бұның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді:балалық шақ психологиясы, 


 

35 


жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересек адам психологиясы жəне қарттық шақ 

психологиясы. Бұнда əр жасқа қатысты жастардың 1-ден 2-шіге өтудің заңдылықтары болып табылады. 

   3.Педагогикалық психология-жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысты. Білім берумен 

тəрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейтін 3 бағытқа бөлінеді : 1) оқыту психология. 2) тəрбиелік 

психология. 3) ұстаздық психология. 

4. Еңбек психологиясы – еңбек əрекетінің психологиялық негіздерін зерттейді. Жеке адамның белгілі бір 

мамандыққа сəйкес кəсіптік-техникалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мəселелерін жəне еңбек 

ұжымындағы қарым-қатынастың психологиялық негізін зерттейді. 

5. Инженерлік психология – адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық 

мəселелерді зерттейді.  

6. Космостық психология – санасыздық жағдайындағы психикалық көріністерді зерттейді. Ұзақ мерзім жеке 

қалуда психикалық қызметтің ерекшеліктерін жəне космонавттардың жүйкелік-моралдық даярлығын 

қарастырады. 

7. Əскерипсихология – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі жəне жоғары əскери оқу мен 

тəрбиелеудің психолгиялық мəселелерін зерттейді. 

8. Спорт психологиясы – спорттық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді.  

9. Өнер психолгиясы – бұл өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін 

қарастырады  жəне адамдардың шығармаларды қабылдау заңдылықтарын ашады. 

10.  Əлеуметтік психология - əртүрлі топтардың психикалық көріністерін олардың көңіл-күйін , қоғамдық 

пікірге еліктеуін жəне сол топтағы адамдар арасындағы өзара қатынастар сипатын зерттейді. 

11. Этнопсихология - əлеуметтік психолгия негізінде пайда болған. (ұлттық – деген мағнаны білдіреді)  

12. Заң психология – бұл қылмысты , адамның психикалық ерекшеліктерін, қылмыстық коллонияларының 

тəрбиелік əсерінің тиімділігін зерттейді. 

13. Патопсихология - өзгеріске ұшыраған адамның психикасын зерттейді.  Патопсихология  3 бөлімге 

бөлінеді : олигофрено , тифло , сурдо. 

14. Салыстырмалы психология – бұл жануарлармен адамның психикалық айырмашылықтарын зерттейді. 

2.Психология тарихы – университеттер мен академиялардың психологиялық факультеттерінде оқылатын 

психология ғылымының саласы. Бірақ бұл қолданбалы ғылым емес, бұл теориялық, түсіндіруші негізінде 

ретроспективті талдайтын психологияның қазіргі күйі. Психология тарихы психика туралы көне көзқарастар 

мен қазіргі ғылыми ұсыныстарды құрастырып, ғылымды оның динамикасы бойынша дамытады.  

     Психологиялық ғылымның тарихы көне заманнан біздің уақытқа дейінгі жүру жолдарын қадағалайды, 

түсіндіреді жəне қазіргі теориялар мен болжамдарды тереңірек түсінуге, оларға қалай тарихи тұрғыдан 

қарау керектігіне көмектеседі. 

     Ғылымның логикасын жəне тарихын ұғыну студенттерге белсенділік жəне ғылыми психологиялық 

білімді меңгеру мүмкіндіктеріне сенімді сезінуге, сонымен қатар, ғылыми психологиядағы немесе нақты 

практикалық психологияның аумағындағы қолданбалы облыстарда өзінің зерттеулерінде жаңа ғылыми 

немесе практикалық қорытындыларға келуге септігін тигізеді. 

     Сондықтанда, студенттерде «алыстағы өткен шақтың ұйымдары» деген сияқты көзқарас қалыптаспауы 

керек, керісінше бұл бүгінгі мəселелр мен теорияларды ұғынуға арналған. 

      Ресейдегі 1917-жылға дейінгі жəне одан кейінгі жылдардағы отандық психологияның дамуы жоғары 

зейін мен жайдары қатынасты қажетсінеді. 

Кеңестік кезең барлық оқулықтардағы отандық психологтардың есімдерімен байланысты. Революцияға 

дейінгі кезеңде  И.М.Сеченов, И.П.Павлов сияқты физиологтардың, А.Ф.Лазурский сияқты психологтың, 

Психоневрологиялық институтының психология лабораториясын басқарған В.М.Бехтеревтің көзқарастары 

толықтай зерттелінді. 

     Ал, қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының психологиялық факультеттерінің дəрістік курстары 

бойынша оқу бағдарламасына кіргізіліп отыр. Осы тақырыпта көптеген мақалалар басылып жатыр. 

      Осы ғылым бойынша сабақ беретін оқытушылар екі теорилық тəртіптің бір ізді жүргізуі керек – жалпы 

психология жəне психология тарихы. Кейде тарих ерте беріледі, кейде керісінше, ал кейде қатар беріледі. 

       Егер дəрісте психология тарихы бойынша талқыланған көзқарас қате болып шығып, студенттер оны 

солай қабылдап алса, онда содан соң ғылымның тарихи даму үрдісін түсінуде шынайы қиыншылықтар 

пайда болады. Олар қазіргі психологияның категориялы апппаратын игермеу, бүгінгі күнде ашылған 

психологиялық жəне тағы басқа механизмдердің функциялану заңдарын білмеу, ғылымның орны туралы 

тарихи ақпататтарды сыни қабылдау мүмкіндіктерінен айрылу психологияның өрлеуіне теріс əсерін 

тигізеді. Көне кезде маңызды орында тұрған теория, қазіргі уақытқа келгенде роль оймай қалған жағдай 

студенттерге түсініксіз болады. Мысалы: олар Декарт пен Сеченовтің рефлекс түсінігінің принциптік 

ерекшеліктерін байқамайды: ХVІІ-ғасырдағы Р.Декарттың «рефлекторлық доға» теорисымен 

салыстырғанда, И.М.Сеченовтың рефлекторлықтеориясынң қандай жаңалығы бар екенін білмеулері мүмкін.  

      Егер тарих жалпы психологиядан кейіннемесе қатарлас болса, онда бұл қиыншылық түсіріледі.  

      Басқа бір қиыншылық көне заманда ұмытылып қалған психологиялық ұсыныстарды еске сақтамаудан 

болады.Дұрыс тарихтың ролін түсінбеу жəне бағаламау, қазіргіге бағдарлануға жəне болашақты болжауға, 

ең бастысы, психологияның қоғамдық-тарихи даму үрдісінің заңдылығын обьективті, шығармашылық 

меңгеруге, студенттің іс-əрекеттік мотивациясының қалыптасуына, өз бетімен оқуға қызығушылығын 

арттыруға кедергі келтіреді. 



 

36 


        Студентке психология тарихы мен жалпы психологияның байланыстылығын, оның салаларын түсінуге 

көмектесетін əдістемелік құралдардың бірі түрі мəселелік оқу тапсырмаларын қолдануға болады. Студент 

психология тарихын оқи отырып, жалпы психология мен оның салаларының пайда болуы мен дамуын 

салыстырады. 

        Бұл студентке тек қазіргі психологияның өткір көкейкестілігін тануғакөмектесіп қоймай, сонымен қоса 

көне психологияның қоғамдық обьективті идеяларын түсінуге, психиканы түсінудегі адамзаттың алға келе 

жатырғандығын ұғынуға көмектеседі. 

        Жоғарыда айтылған психология тарихын оқуда жəне студенттердің меңгеруіне байланысты пайда 

болатын қиындықтарды көріп, мынадай қорытындыға келуге болады: студенттердің дəрісті тыңдауларынан 

бастап, өздік жұмыстарды орындаулары , оқу қызметін басқаруы оқытушы үшін арнайы əдістемелік 

тапсырманы ұсынады. Уақытындағы мəліметтердің жойылуы жəне оларды тікелей бақылаудың мүмкін емес 

күші танушы субьектіде «тек бір шансты» қалдырады – тарихты ойлаудың күшімен түсіну. Осыдан 

оқытушыға да «бір шығыс» қалады – сəйкесінше оқу тапсырмаларын өз бетімен орындауды ұсына отырып, 

студенттердің ойлау жұмыстарын басқару. Ал, өздік жұмыс пен семинар сабақтарын бағдарламалы оқыту 

əдісінің көмегімен басқарған жөн: студенттердің оқу материалдарының мазмұны мен логикасына, дəрістер 

мен берілген əдебиеттерде салынған мəселелік сұрақтар бөлімдерін құрастыру. Семинарда өздік жұмысқа 

берілген, осы сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырылуы мүмкін. 

        Осыдан психология тарихынан сабақ беру əдістемесі облысындағы негізгі қорғаныш мынадай формула 

бойынша көрінуі мүмкін: дəрістің мəселелік құрастырылуынан – студенттердің өз беттерімен 

бағдарламаланулары арқылы – семинарлық сабақта шығармашылық пікірталасқа. 

          Бір сөзбен айтқанда, психология тарихы бойынша дəріс оның өткен жолынан қазіргі күйге келтіруді 

ретроспективті талдау негізіндегі əңгімеге айналдыруға талаптануы керек. 

       Əрине, көптеген студенттер психология тарихы бойынша білім көздерін аша алмайды, бұл оқытушының 

жауапкершілік сапасының жоғары болуына əсерін тигізеді. Дəріске келесідей талаптар қойылады: 

      Біріншіден, дəріс мазмұнындағы психология тарихының ғасырлары мен кезеңдері қысылған жəне қатаң 

логикалық түрде болуы қажет. 

       Екіншіден, ғылыми ашылулармен байланысты тарихи жалғасушы жағдайлар ғылыми мəліметтердің 

базасын  көрсетуші жəне тарихи уақыттың обьективті көрінуін жүзеге асыратындай болып құрастырылуы 

керек. Ең маңыздысы, студент тек жылдармен байланысқан хронологияны көріп тұрмай, сонымен қоса 

қоғамдық практикаға бағынатын логика мен сұранысты, ғылыми ойдың қозғалысын байқауы қажет. 

       Үшіншіден, психология тарихын анықталған ақпарат ретінде талқылап, негізгі түсініктердің өзгеріп 

отыратындығын естен шығармауы керек, бірақ терминдер сақтала берулері мүмкін.  

        Төртіншіден, өте жақсы болар еді, егер де оқытушы бір кездері принциптік жаңа қорытындыға келу, 

берілген мəселеге қазіргі көзқарастармен қарау маңызды жағдай болады.      

          Өзіндік бақылау сұрақтары 

1.  ЖОО-ы психологияны оқытудың мақсаты қандай? 

     2. Психологияның салаларына сипаттама беріңіз? . 

3. Педагогкалық психолгия қанша бағыттан тұрады? 



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет